Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері семсерлесуден қола алды

27.08.2018

ХVIII Жазғы Азия ойындарында өнер көрсетіп жатқан  ҚазҰУ студенттері ел қоржынын жүлделермен толтыруда.

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы Қазақстан қоржынына 14-ші жүлдені салды. Олардың арсында ҚазҰУ студенттері мен түлектері де бар. Атап айтар болсақ Тамара Почекутова мен Айбике Хабибуллина жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45. Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді. Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған семсерлесуші қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді.

Дүбірлі додада спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

 

 

Баспасөз қызметі