Жаңалықтар

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

07.09.2018

ҚазҰУ Релятивистикалық Астрофизика халықаралық орталығымен (ICRANet) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжат «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының» директоры Шыңғыс Омаров, Қазақ физика қоғамының президенті Т.А. Қожамқұлов және ICRANet директоры Р Руффини араларындағы келісім негізінде жасалған.

Қазақстан Республикасының бірқатар ғылыми орталықтары мен Халықаралық Релятивистік Астрофизика орталығы (ICRANet) арасындағы ынтымақтастық соңғы он жылда қарқынды дамып келеді. Халықаралық Релятивистік Астрофизика Орталығы желісіне ЮНЕСКО және ЕО-дан қаржылай көмек көрсетіледі. ICRANet орталығының көмегімен Қазақстан әлемдегі үздік ғалымдарды тарту арқылы Қазақстандағы Астрофизика саласындағы ғылыми кадрларды дайындауға мүмкіндік алады. Жас ғалымдар мен студенттер үшін Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ЖОО және ғылыми орталықтармен бірге елімізде ICRANet жазғы ғылыми мектептер, халықаралық конференциялар ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, Қазақстанның талантты студенттерін тағылымдамадан өтуге шақыру шаралары көзделген.

ҚР Білім және ғылым министрі Е.Қ. Сағадиевтің 2016 жылы 12 сәуірдегі ҚР ҰҒА-да жасаған баяндамасында Қазақстан жоғары оқу орындарында жас ғылыми-техникалық қызметкерлер мен бүкіл әлемде жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарды даярлауды жетілдіру, қазақстандық ғылым мен жоғары технологияларды құру маңыздылығын атап өткен. Осы ретте ертең 8 қыркүйек күні ҚР ҰҒА-да ICRANet директоры Р. Руфини мен Білім және ғылым министрі Е.Қ. Сағадиев арасында Қазақстанның осы халықаралық орталық пен ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын жиын өтетін болады.