Жаңалықтар

Жапон үкіметінің білім гранттары

12.09.2018

Қиыр Шығыс кафедрасы жылдағыдай Жапон білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрлігінің бағдарламасы бойынша шәкіртақыларға ие болды.

Аталмыш шәкіртақы иегерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері, магистранттар мен докторанттары. Бұдан басқа, Халықаралық Жапон Қоры, Накаджима Хэйва қоры және Қазақстандағы Мицубиши Корпорациясымен жасалынған ынтымақтастық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жапонтану бөлімінде оқитын студенттерге бірнеше шәкіртақы ұтып алуға мүмкіндік берді. Шәкіртақылардың жалпы сомасы 83 миллион теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда Қиыр Шығыс кафедрасының шәкіртақы иегерлері анағұрлым көбейіп, жалпы саны екі есеге өсті.

Бұндай жетістікке жету себебіміз «Кампус в кампусе» жобасының аясында Жапония мен Орталық Азияны (Цукуба Университетінің кеңсесі) зерттеуге арналған ғылыми-білім беру орталығының жұмысы мен Цукуба Университетінен шақыртылған профессор Ниномия Такашидың еңбегінің арқасында үздіксіз жүргізуі. Сондай-ақ Халықаралық жапон қорының жетекші маманы Ониши Юмидың ерен еңбегінің арқасында. Осылайша, 2018-2019 оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне Цукуба университеті, Хоккайдо университеті, Токио шет тілдер университеті, Бункё Гакуин университеті, Васеда университеті, София университеті және Осака университеттері стипендиялық бағдарламалар берді.

17 шәкіртақы иегерлерінің арасында Қиыр Шығыстағы Жапонтану кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары, Халықаралық қатынастар факультеті мен Экономика және бизнес жоғары мектебі магистранттары бар.

Шәкіртақы иегелерін құттықтаймыз!

 Қиыр Шығыс кафедрасы