Жаңалықтар

Давид Лимен өткен кездесу

17.09.2018

Гонконг политехникалық университеті гуманитарлық ғылымдар факультеті қытай тілі және билингвизм департаментінің директоры Давид Ли Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы.М. және қытайтану кафедрасының ұжымымен кездесті. Сөз алған директор Давид Ли өз іссапары барысындағы негізгі үш міндетті атап айтты. Ол бірінші кезекте ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті оның ішінде қытайтану кафедрасының ұжымымен жақын танысу арқылы Орта Азия мен Қазақстандағы қытай тілінің оқытылу деңгейін білу. Екінші тілдік мәдени және коммуникациялық білім беру бағдарламасын (BDLCC) бакалавриат деңгейіндегі бағдарламалар арқылы (BACBS / BAESP) алға жылжыту және университетте оқитын дарынды студенттерге арнайы стипендия төленетін бағдарламаларды насихаттау қажет десе, үшінші 2019 жылдың көктеміне жоспарланған іссапарлардың алғы шарттарын дайындауды алға тартты.  

Кездесуде Гонконг политехникалық университеті ұсынып отырған бағдарламалар зерттеуші-ғалымдар мен магистрант, докторанттардың қызығушылығын тудырып, жиын соңында тараптар әртүрлі бағыттар бойынша екіжақты қарым-қатынасты жандандыру мәселелерін кеңінен талқыға салды.

Қытайтану кафедрасы