Жаңалықтар

ҚазҰУ халықаралық ТНЕ рейтингінде Орталық Азия ЖОО-лары арасындағы ең үздігі

28.09.2018

         
     

Британдық "Times Higher Education" (THE) агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "THE World University Rankings-2019" әлемнің үздік ЖОО-лары 801-1000 тобына енген Орталық Азия университеттері арасындағы бірінші әрі жалғыз білім ордасы. Бұл рейтинг тізімінде 86 елден барлығы 1250 университет бар.

ТНЕ рейтингі 2010 жылы "Global Institutional Profiles Project" жаһандық жобасы асында "Times Higher Education" мен "Thomson Reuters" бірлесе жасаған, университеттердің барынша ықпалды ғаламдық рейтингі саналады.

Бағалау критерилері басым үлесінің университеттегі ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерге арналуы ТНЕ рейтингінің айырықша ерекшелігі. Барынша толық әрі үйлесімді салыстырумен қамту үшін: зерттеу және білім беру қызметі, білім трансферті және инновацияға үлес, интернационалдандыру, ғалымдар ғылыми мақалаларының жариялануы, халықаралық қарым-қатынас сияқты бес бағыт бойынша 13 индикатор қолданылады.

АҚШ және Ұлыбритания университеттері ТНЕ рейтингінде дәстүрлі түрде көш бастап келеді. ҚазҰУ халықаралық рейтингілерде серпінді жылжуда, бұл білім ордасын әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыруға мүмкіндік береді. Еліміздегі жетекші университеттің жаңа жетістігі жоғары оқу орнының және жаһандық ғылым-білім беру кеңістігіндегі Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін аңғартады. Айта кету керек, 2019 жылдың қыркүйек айында ҚазҰУ базасында "QS Worldwide" дүниежүзілік форумы өтпек. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "QS World University Ranking" халықаралық рейтингінде 220-шы орынды бағындырғанын, «Great Value Colleges» халықаралық ұйымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік технологиялық дамыған университеттердің 50-топ және «UI Green Metric Ranking of World Universities» рейтингінде әлемдегі «жасыл» университеттердің 200-топ қатарына енгенін айта кету керек.