Жаңалықтар

Парсылық мәдени байланыс

28.09.2018

Таяу Шығыс Оңтүстік Азия кафедрасы парсы бөлімінің жетекшілігімен тарих факультетінде Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың жетекшісі Масуд Шейхзейнаддинмен кездесу өтті.

Кездесуде орталық жетекшісі Масуд Шейхзейнадди екі ел арасындағы тарихи және мәдени байланыстың маңыздылығын атап, «Тарихе Рашиди», «Меһманамейе Бохара» сынды еңбектерде қазақ халқы жайында құнды деректердің бар екендігіне арнайы шолу жасады. Тараптар қазақ халқының тарихи жәдігерлері парсы тілінде ұлы ғұлама ғалымдардың еңбектерінде жазылғандығы жайлы айтып, ел арасындағы достық қарым-қатынас пен болашақ әріптестік мәселелерін талқыға салынды. Шара соңында Иран Ислам Республикасының мәдени өкілі өкілдіктің атынан студенттерге факультеттің кітапхана қорына парсы тіліндегі оқулықтар мен тарихи кітаптарды сыйға тартты.

Таяу Шығыс Оңтүстік Азия кафедрасы