Жаңалықтар

Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер

28.09.2018

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі міндеті ретінде қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау, ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша ұсыныстарға мониторинг жасау нәтижесін талқыға салынды.

Шараға қатысушылар қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы санасының қалыптасу ерекшеліктерін айтып, агроөнеркәсіп кешенінде сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайларды анықтап, олардың жою жолдарын атап айтты.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы өкілдері, агроөнеркәсіп кешені саласының субъектілері, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік органдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөнінде Ұлттық Бюро Департаменті, кәсіпкерлердің аймақтық палатасы, «Даму» кәсіпкерліктің дамыту қорының өкілдері және Қазақстанның жетекші ғалым-заңгерлері қатысты.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шараларды жетілдіруде арнайы ұсыныстар әзірленді.

Баспасөз қызметі