Жаңалықтар

Ынтымақтастықты орнатудағы алғашқы қадамдар

19.11.2018

Университеттің стратегиялық дамуы мен сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында шығыстану факультетінің қиыр шығыс кафедрасы 2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығында Сонмун Университетінің студенттерімен бірге қысқы мектепті ұйымдастырды.

2018 жылдың қараша айының 3-18 күндері аралығында Сонмун Университетінің SunmoonUniversity (Асан қаласы, Корея Республикасы) 13 студенті мен профессорлар Хо Джун және Юн Тэ Ён, жастардың өздері таңдаған университетке шақырылды. Студенттерге «Аймақтану» курсы мен  Қазақстан құрамдас бөлігі болып табылатын «Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті» және студенттік коллоквиум өткізу ұсынылды.

Халықаралық қатынастар, халықаралық сауда-экономика кафедрасының Корей студенттеріне Хо Джун және Юн ТэЁн профессорлармен бірге Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның саясат, экономика және мәдениет саласы таныстырылды. Сонымен қатар екі жақ ағылшын тілінде студенттік коллоквиум өткізіп, қиыр шығыс кафедрасының студент-қатысушылары ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсете білді. Практикалық сабақтар ғана емес, алыстан келген қонақтарымызға қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Оңтүстік Кореядан келген қонақтар Алатау тауларының сұлулығын көріп, тарихи орындарды аралады. Сонымен қатар Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдерімен де кездесті.

Және де  шығыстану факультеті шаңырағының астында қиыр шығыс кафедрасының студенттері мен Сонмун университетінің студенттері арасындағы кездесу өтіп, өзара қажетті ақпарат пен біліммен ғана емес, жалпы академиялық тәжірибелерімен бөлісіп, университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, достық қарым қатынас орнатуға септіктерін тигізді.

Корей студенттері өз еліне оралмас бұрын Орталық Азияның үздік университетінің кампусы, көркем қала, елдің бай тарихы, талғампаз қазақ тағамы және қазақ халқының қонақжайлығы ұмытылмас әсер қалдырғандығын  жетізді.