Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылғанына - 27 жыл

08.12.2018

2018 жылдың 5 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылғанына 27 жыл толуына орай Алматы қ. Мемлекеттік кірістер департаменті және заң факультетінің командалары арасында футболдан достық кездесу өткізді. Кафедра жыл сайын студенттер және оқытушылардың жұмыс берушілермен осындай спорттық кездесулерін өткізіп отырады. Командалар жақсы дене дайындығын, спорттық рух пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Спорттық тартыста заң факультетінің футбол командасы жеңіске жетті. Алматы қ. Мемлекеттік кірістер Департаментінің командасына алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар тапсырылды.

1991 жылы 12 желтоқсанда ҚР Президентінің № 539 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кеден комитеті құрылды. Бұл күні 12 желтоқсан – ҚР Кеден органдары қызметкерлерінің кәсіби мереке күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасының аумағында кеден қызметінің дамуы мен құрылымы жолы қайшылықтар мен күрделі белестерден өтіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін айқын көрініс табады.

Бүгінгі таңда еліміздегі Кеден қызметінің алдында аса маңыздылыққа ие – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының Еуразиялық экономикалық одағына мүшелігі жағдайында экономикалық мүдделерді қамтамасыз ету және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу кеден қызметкерлерін дайындаудың халықаралық стандарттарына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы дайындайтын кәсіби кеден қызметкерлеріне жүктелген.

Еуразиялық экономикалық одақта кәсіби кеден қызметкерлерін дайындау ЕАЭО Кеден Одағының маңызды шарты ретінде есептеледі. Еуразия Желілік университеті аясында жоғары білім беру және ғылыми зерттеу ұйымдары, кеден органдары мен ЕАЭО мүше елдердің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылары, оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кіретін желілік кеден институтын құру жоспарлануда.

www.kaznu.kz