Жаңалықтар

Рухани жаңғырудағы жеңіс

10.12.2018

Түркістан қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Алаш үміті» ІІ республикалық рухани жаңғыру фестивалі өтті.

Шараны «El innovation «Замануи мәдениет, өнер және ғылымды дамыту» қоғамдық қоры, «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы, ҚР БжҒМ Ғылым комитетіне қарасты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттары ұйымдастырды. Фестивалге университет тарапынан қатысқан тарих, археология және этнология факультетінің «5В051500-мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығының 3-курс студенті Абеу Бағлан бас жүлдені иеленді. Ол өзінің ұшқыр ойлы, жоғары таланты мен ізденімпаздық қабілетін тағы бір мәрте дәлелдеп, Ш.Уәлиханов атындағы институтының жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған VІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Е.Бекмаханов атындағы республикалық байқаудың І орын жеңімпазы атанды.

Тарих, археология және этнология факультеті