Жаңалықтар

Студенттер жаңа коммуникацияларды зерттейді

11.12.2018

Алматыда «Жаңа дәуірдегі жаңа медиа» атты студенттік жобалардың халықаралық байқауы өтті. Оған журналистика, қоғаммен байланыс, баспа қызметі мамандықтарының I-IV курс студенттері қатысты.

Студенттер өздерінің кәсібіне деген көзқарасын тек сыныпта жинақталған білім мен дағдылар арқылы ғана емес, сондай-ақ тәжірибе және тағылымдамалар барысында қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды. Қазылар алқасының пікірінше, көптеген жобалар біртума болып ғана қоймай, сонымен бірге кәсіби қызмет үшін де пайдалы болды. Жаңа дәуір кез-келген адам ақпарат жасай алатын бірегей құбылыс тудырды. Дегенмен де, фактілерді тексеру, интерактивтілік және кері байланыстың тұрақтылығы маңызды аспект болып қалуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Әнуар Мағзұмов сауда және ойын-сауық орталықтарының беделін түзету бойынша матрица әзірледі. «Тұран» университетінің студенті Полина Акулова өз зерттеуінде әртүрлі жастағы тұрғындардың дәстүрлі және жаңа медиаға бейімділігін көрсетті. Дана Амиренова болса материалдарды дайындауды жеңілдетіп, жеделдететін «JOUREK» атты жазбаларды ашып оқуға арналған қосымшаны жобалады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Мария Матрунина, Денис Брагин және Камила Карымсакова Қазақстанда блог жүргізудің түрлерін көрсетті. ГСГУ (Ресей) студенттері Татьяна Шарова, Дарья Овсянкина және Валерия Мелентьева БАҚ-та және күнделікті қарым-қатынастағы тілдік үрдістерді саралады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы Лариса Нода атап өткендей, қазір бәрі коммуникатор бола алады, алайда мұндай күрделі процесте барлығы дерлік мақсатқа жете бермейді.

«Студенттік жобалардың деңгейі айтарлықтай жоғары, жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Қорытындыны шығару барысында біз зерттеу тақырыбының мамандыққа сәйкестігін, тақырыпты ашудағы бірегейлік, логика мен мәселені түсіну және өзін-өзі таныстыру шеберліктерін ескердік», - деді қазылар алқасы мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Александр Рожков.

«Жаңа дәуірдегі жаңа медиа» атты халықаралық студенттік байқауы белсенді коммуникативтік алаңға айналды, ал қатысушылар оң қуатқа бөленіп жаңа достар тапты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Kaspi Bank» демеушісінен дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

 

www.kaznu.kz