Жаңалықтар

Ынтымақтастықтың жаңа перспективалары

12.12.2018

ҚазҰУ проректоры Асқар Хикметов малайзиялық «Amanie Advisors» консалтингтік компаниясы мен Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Іс-шара АХҚО мен университет арасындағы исламдық қаржыландыруды, сондай-ақ исламдық қаржыландыру және қаржылық талдау жөніндегі бірлескен ғылыми-білім беру орталығының жұмысын дамыту бойынша ынтымақтастық аясында өтті.

Проректор университеттің халықаралық қызметі мен ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, еліміздің қаржы секторы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау университеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Кездесу барысында тараптар исламдық қаржыландыру және банкинг саласындағы жұмыс тәжірибесі мен перспективалары туралы ақпарат алмасты.

Малайзиядан келген қонақтар университеттің басшылығына жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, университетпен ынтымақтастықты кеңейтуге және ҚазҰУ негізінде Қазақстанның студенттері мен оқытушыларына ислам банкингі бойынша тренингтер өткізуге дайын екендіктерін білдірді. «Amanie Advisors» компаниясының бас операциялық директоры Айнул Азура ҚазҰУ-дың жоғары халықаралық беделіне тоқтала отырып, университетпен табысты өзара әрекеттесу малайзиялық және қазақстандық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп атап өтті.

www.kaznu.kz