Жаңалықтар

Серіктес университеттің қабырғасында

20.12.2018

Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Наталья Ем Қазақстан корейлер Қауымдастығы Президиумының мүшесі ретінде «Korea – Central Asia Special Forum for Issue of Koryoin: Extensive Issue and Future Aspect» форумына   қатысып, Хангук шет тілдер университетінде Орталық Азия зерттеулері Институтының студенттері үшін дәріс оқыды.
Қазақстандағы корейтану  жөніндегі мағлұматтар тарих ғылымдарының докторы, профессор Ким Германның ғылыми мектебі арқылы таныстырылды. Бұл ғылыми мектептің жұмыстарының басым бөлігі Қазақстандағы корей диаспорасының зерттеулеріне арналып, сол арқылы танымал болды. Соңғы жылдары Корея Республикасына ТМД елдерінен келген корей халқының саны күн сайын артып, 80 мыңға дейін жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессорлары Қазақстан корейлер Қауымдастығының президенті Сергей Огаймен бірлесіп осы оқиғаларға баға берді. Аталмыш форум Хангук шет тілдер университетінің Орталық Азия зерттеу Институтының директоры Сон Енг Хун профессордың барқаруымен ұйымдастырылды. Сонымен қатар, форумға көптеген ғалымдар, дипломаттар мен қоғам қайреткерлері қатысты. Корея мен Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары да аталмыш форум туралы баяндады.
Hankuk University of Foreign Studies серіктес университеттегі екі сағаттық дәріс өте қызықты өтті. «Әлеуметтік саты механизмі ретіндегі қазақстандық корейлердің этникалық ынтымақтастығы» тақырыбында өткен дәріске 50-ден астам студент қатысып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратура мен докторантура бағдарламалары жөнінде де көп ақпаратпен таныс болды.

www.kaznu.kz