Жаңалықтар

Мәдени құндылықтардың жаңа түсініктері

18.01.2019

Корей Республикасы, Андонг қаласында орналасқан Андонг мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 17-18 қаңтар аралығында «Мәдени құндылықтардың жаңа түсінігі және оны қолдану» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Конференция барасында Жапония, Қытай, Монғолия және Қазақстаннан келген спикерлердің он екі баяндамасы тыңдалды. 

Баяндамалардың басты тақырыбы өз халқының немесе тұрғылықты жерінің мәдени мұрасына арналған. Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Пак «Қазақстан жастарының кәрістердің дәстүрлі салт-дәстүрлерінің әсері» атты баяндамасы қатысушылардың қызығушылық тудырды. Анонг ұлттық университетінің профессоры, мәдени зерттеу орталығының директоры Пе Ен Дон өз сөзінде бүгінгі күнге дейін педагогика тұрғысынан дәстүрлі салт-жоралар қаралған жоқ дегенді атап өтті. Профессор Пе Ен Дон мырзаның пікірінше бұл есеп мәдени құндылықтарды зерттеу жүйесіндегі жаңалық. Мәдениеттанушы, Андонг ұлттық университетінің профессоры Зон Ук, Сеул ұлттық университетінің профессоры Пя Зин Хи, Моңғол ұлттық университетінің профессоры Шултемсурен, Қытай мемлекеттік университетінің профессоры Енбен Пак Кым Хе баяндаманы талқылауға белсене қатысты.

www.kaznu.kz