Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Жылу энергетикасы

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технологиялар бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредиттеу: ASIIN (Германия)
Бағдарлама: «5В071700 – Жылуэнергетика»
Оқу деңгейі: бакалавриат
Емтихандар: (ҰБТ), физика
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
• Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, зауыттардың, фабрикалардың жылуэнергетикалық құрылғыларымен жұмыс істеу;
• Жылуэнергетикалық шаруашылықтың өндірістік процесіне сығылған ауа мен өзге энергия тасымалдауыштарды беру үшін турбокомпрессорларды жобалау және қызмет көрсету;
• Жылулық энергияны тасымалдау және тарату жүйелерін қамту (түрлі магистральдік және таратушы жылу желілері).
Профильдік пәндер:
• Өлшеу әдістемесі;
• Дәстүрлі емес және қалпына келетін энергия көздері;
• Жылуэнергетиканың теориялық негіздері;
• Жылуэнергетикадағы энергия үнемдеу және жылу технологиялары;
• Жылуэнергетикалық жүйелер мен энергия тұтыну;
• Отынды жағудың арнайы тәсілдері;
• Инженерлік экология.
Білім беру артықшылықтары:
• Ғылыми және оқу құрылғылары негізіндегі кафедраның ғылыми әлеуетінің болуы;
• Қызметкерлердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша жасалынған арнайы курстар;
• Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ғылыми бағыттары бойынша зерттеу тақырыбын таңдау мүмкіндігі
Халықаралық байланыстар:
• Каунас технологиялық университеті (Каунас, Литва);
• Метрология институты (Каунас, Литва);
• Ақпараттық технологиялар, механика және оптика университеті (Санкт-Петербург, Ресей);
• Жылуфизика және жылутехника институты (Брауншвайг, Германия);
• Чехия Техникалық университеті (Прага, Чехия);
• Политехникалық университет (Валенсия, Испания);
• Орталық Лион институты (Лион, Франция);
• Корольдік университеті (Мадрид, Испания);
• Физика-техникалық төменгі температуралар институты (Харьков, Украина);
• Одесса университеті (Одесса, Ресей Федерациясы)
• Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябинск, Ресей Федерациясы);
• Томск политехникалық университеті (Томск, Ресей Федерациясы) және т.б.
Практика өтетін және болжамды еңбекпен қамту орындары: «Инновациялық сапа орталығы» ЖШС; «Плазмотехника» ҒТБ» ЖШС, ЭТФҒЗИ ЕМК, Ашық типті Ұлттық нанотехнология зертханасы, «Жалын» ҒӨТО» ЖШС, «К2-СС» ЖШС, «АлЭС» АҚ ТЭО-2, «Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ Энергетика ҒЗИ» АҚ, «Атырау ЖЭО» АҚ, Атырау қаласы; «АЭМЗ» ЖШС, Алматы қаласы; «Қордай ауданы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары тұрғын-үй комммуналдық бөлімі» КММ; «Алматы жылу коммун энерго» ЖШС, Алматы қаласы; «Алматы жылу жүйелері» ЖШС, Алматы қаласы; «АлЭС» ЖШС, Алматы қаласы; «Теплокоммунэнерго» МКК, Алматы қаласы және т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Жылу энергетикасы
Мамандық шифры
5B071700
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Физика
Профильдік пәні
Физика
Өту балы
ҚАЗ
88
ОРЫС
87

пәндер

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Атомдық физика және ядролық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатыменміндеттері: ядролықбөлінулергеалыпкелетінфизикалыққұбылыстарды, табиғаттыңфундаменталдызаңдылықтарынбілу. Мазмұны: атомдардыңқұрылысы, РезерфордпенБордыңтәжірибелері, энергетикалықдеңгейлер, Борпостулаттары, Шредингертеңдеуі.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Бастырмалатқыштар және жылулық қозғаушылар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Бастырмалатқыштар мен жылулық қозғалтқыштардың есептеу әдісі мен, физикалық жұмыс істеу принципімен, жүйе ерекшеліктерімен танысу болып табылады. Мазмұны: Бастырмалатқыштар жайлы жалпы малғұматтар; центрлік және өстік сорғылар мен желдеткіштер; поршеньдікт және роторлық сорғылар; сығымдағыштар; жылулық қозғалтқыштар жайлы жалпы малғұматтар; бу турбинасы және бу турбиналық қондырғылар; газ турбиналары, газ турбиналық және бу турбиналық қондырғылар; ішкі жану қозғалтқыштары

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу негізгі әдістерін мазмұндау; Мазмұны: бірінші реттік теңдеулер; n-реттік теңдеулер және теңдеулер жүйесі; сызықты дифференциалдық және интегралдық теңдеулер; орнықтылық теориясы; дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шығару сандық әдісі; дифференциалдық және интегралдық теңдеулер үшін жуықтау әдістері туралы түсінік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек:дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін; Пайдалана білуі керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін қолдану; Дағдылану керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістері туралы түсінік.

Еңбекті қорғау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Еңбек қорғау туралы замануи білім беру, қауіпсіз және жайлы тіршілік жағдайын құру үшін қажетті болашақ түлектерді теоретикалық және практикалық икемдермен қаруландыру. Мазмұны: Мекемедегі еңбек қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар; адамның функионалды қабілеттері және оның өндірістік ортамен сиымдылығы; еңбектің қауіпсіздігінің психологиясы; микроклимат. Шуыл және вибрация. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: еңбектiң жағдайының параметрлерiн басқару аспаптары және әдiстері, кәсiби белсендiлiк салада еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қаму ерекшелiктері; пайдалана білуі керек: кәсiпорында еңбектi қорғау бойынша нормативтiк құжаттаманы пайдалану; дағдылану керек: кәсiби белсендiлiктi салада жарақаттану қаупi бар және зиянды факторларды талдау өткiзу дағдылары.

Жылумассаалмасу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Жылутехнология мен жылуэнергетикасындағы энергияны үнемдеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері. Энергожинақтаудың құқықтық, техникалық, экономикалық, экологиялық мәселелерін білу. Мазмұны Энергожинақтаудың негізгі түсініктері. ҚР энергожинақтау саясатындағы заңдық базасы.

Жылуэнергетикасының қазіргі тандағы күйі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жылуэнергетикасының теориялық негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатыменміндеттері: ғылымижаратылыстанудағыпайдаболатынкәсібиқұндылықтармәселелерінанықтаужәнеолардысәйкесфизико-математикалықаппаратарқылышешумәселелері. Мазмұны. Техника мен құрылыста қолданылатын түрлі геометриялық модельдерді алу.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Комплекстi айнымалы теңдеу функциялардың теориясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Жоғары математикалық мәдениетті жеткілікті тәрбиелеу; комплекстік айнымалы функция теория әдістерін және түсініктерін қолдану қабілетін дамыту.Мазмұны: Комплексті сандар. Комплексті айнымалы функция түсінігі. Коши интегралы. Аналитикалық функция қатарлары. Дәрежелік қатарлар. Тейлор қатары. Комплексті айнымалы элементар функциялар. Лоран қатары. Туынды. Конформды бейнелеу. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық:студент білуі керек: комплексті сандардардың үстінен жұмыс жасау; функция аналитикалық болып табылатынын анықтау; комплексті айнымалы аналитикалық функцияларды дифференциялдау және интегралдауды.дағдылану керек: статистикалық гипотезаларды тексеру қабылетін; функционалды талдау, дифференциялдау және интегралдау түсінігіне ие болу

Комплексті айнымалы функциялардың теориясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: кәсіптік саладағы процестер мен проблемаларды ғылыми сараптау, практика жүзінде негізгі білімдерін, математика және жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдана алу; заманауи ағартушылық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңа математикалық және ғылыми жаратылыстық білімдерді меңгеру; сәйкес кәсіптік, әлеуметтік, ғылыми және этикалық проблемалар бойынша түсініктердің қалыптасуы үшін математикалық логиканы қолдану; Мазмұны: Комплексті сандар. Комплексті айнымалының функциясын дифференциалды есептеу. Қатар. Комплексті айнымалы бойынша интегралдау. Шегеру теориясы. Лаплас түрлендіруі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: комплексті айнымалы функцияларын және көпшелердің бейнеленуін, элементарлы функцияларды, комплексті айнымалы бойынша интеграл алу, Коши интегралы, аналитикалық функциялардың бірізділігі және қатары, бірліктік теоремасын және модульдің максимумдығының принципі, Лоран қатары, бірмәнді сипаттағы оқшауланған ерекше нүктелер, есептеулер, аргумент принципін, аналитикалық жалғасым, жазықтықтағы гармоникалық функцияларды білу қажет. Пайдалана білуі керек: Комплексті айнымалы функциясының үздіксіздігін, функциялардың аналитикалығын зерттей алуы, комплексті айнымалы функциясынан интегралды тікелей және шегеру арқылы есептей алуы, сонымен қатар, шын айнымалы функциялардан интегралдарды есептеу үшін шегеруді қолдана алуы қажет; Дағдылану керек: Комплексті айнымалылар функциясының негізгі түсініктері, идеялары мен әдістері бойынша және ол функцияларды типтік есептерді шешу барысында қолану бойынша дағдылары болуы керек.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазандық қондырғы және парогенераторлар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: АЭС бу генераторлары мен ЖЭС-тің энергетикалық қазандықтары жацлы қажетті білімді игеру, қазандық оттығындағы органикалық отынды жағу іш шарасы, газ ауалық және бу сулық жолдағы қазандық қондырғылардың жылу физикалық және гидрогазо динамикалық процестері, беттік қыздыру жұмыс істеу шарттары, қазандықтар жайлы мәліметтерді игеру. Мазмұны: Жылулық және атомдық электр станцияларындағы бу қазандығы мен бу генераторының технологиялық сұлбасының рөлі, органикалық отынның ерекшелігі, отынды жағуға дайындау, отынды дауындау және отынды беру жұйесінің технологиялық негізгі сұлбалары, органикалық отынның жану механизмі, жану өнімдері, қождан айырылу технологияларының элементтері, зиянды заттардан шығатын газдарды тазалау, қазандық агрегаттың жылулық балансы, беттік жылытудың газдық процестері, бу қазандықтарының негізгі түрлері, АЭС бу генераторларының жылулық ерекшеліктерімен принциптік сұлбалары, ішкі қазандық гидродинамика, жылыту бетінің температуралық режимі, қазандық агрегаттың сулық режимі, жылулық беттің жұмыс істеу шрттары, қазандық агрегаттың принциптері, қазандық агрегаттың гидравликалық, жылулық аэродинамикалық есептері, бу генераторлары мен қазандықтардағы стационар емес процестер, қазандықтың жұмыс істеп бастауы мен тоқтатылуы.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Математика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студентті маңызды математикалық түсініктемелермен және пікірлермен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, атмосфералық процестерді сипаттау кезінде интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын пайдалану. Жоғарғы математиканың негізгі теоремаларын, ережелерін және түсініктемелерін, математикалық және қолданбалы-жаратылыстану есептерді шешу кезінде олардың практикалық қолдануын; математикалық зерттеулердің маңызды әдістерін білу. Атмосфералық процестерді зерттеу кезінде математикалық теоремаларды, ережелерді және зерттеу әдістерін істей білу; Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын меңгеру;

Математика 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар пен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдық теңдеулер. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, осның негізінде ұсыныс жасау; дағды: химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Оптика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерді геометриялық оптиканың негізгі құбылыстармен, сәулелендірудің электрмагниттік және кванттық заңдылықтармен, жарықтың таралуы және затпен әсерлесуімен таныстыру, оптика саласында қолданбалы проблемаларды шешу әдістерімен және негізгі тәсілдермен колдану дағдыларын қамтамасыздандыру; ғылыми зерттеулерді жүргізу даңғысын қалыптастыру. Мазмұны: геометриялық оптиканың элементтері. Оптиканың негізгі заңдары. Жұқа линзалар, Оптикалық жүйелердің абберациясы. Негізгі фотометриялық жүйелер және олардың бірліктері. Жарық табиғаты туралы түсініктерді дамыту. Жарықтың интреференциясы. Жарық толқындардың когеренттігі мен монохроматтылығы. Интерференцияның бақылау әдістері. Жұқа сүлбелерде жарықтың интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарық дисперсиясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: сəулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. пайдалана білуі керек: алынған білімді оптика есептерін шығаруын техникалық пәндерде қолдану. дағдылану керек: оптикада эксперименттік зерттеулерді өткізу үшін және оларды теориялық жүзінде түсіндіру.

Отынды дайыдаудың физика-химиялық әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: отынды дайындау әдісін және жылудайындау жүйелерінің жобасымен танысу. Отынды дайындаудың негізгі физика-химиялық әдістерін білу. Мазмұны.Табиғи отынның сипаттамасы, отынның сапасының технологиялыұ көрсеткіштері.

Отынды жағудың арнайы мәселелері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттарыменміндеттері. Жанғышпайдалықазбалардыңнегізгігеохимиялықжәненегізгіқұрамыментанысужәнеонысипаттау. Мазмұны. Органикалықотынныңсипаттамасы. Отынныңжануғадейінгідайындығы. Агрегаттық қазандықтың жылулық балансы. Отынның экологиялық таза жануы

Өлшеу әдістемесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Өлшеу әдістемесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Өткізгіштер теориясының негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: қондырғылардың техникалық сипаттамалары, диэлектрлік өткізгіш орталар, әртүрлі ортадағы электрөткізгіштік пен контактілік құбылыстар, магниттік өрістің табиғаты мен заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулер жүйесі туралы айту. Электромагнетизм теориясына негізделген қондырғылар зерттеледі, студенттерге физикалық мағынасына қарамастан, тасымалдаудың параболалық теңдеуін шешудің аналитикалық әдістерін қолдану үйретіледі; алынған шешімдерді сарапқа салу және конструкторлық құжатына сәйкес нысанның жылулық режимін тиімді ету жолдарын ұсына білу. Әртүрлі текті және аралас шекті шартты кездегі алгоритмді қоюды және шешімін табуды меңгеру; нысанның жылулық режимін тиімді ету мақсатында алынған шешімдерді сараптау және оны жүзеге асыру жолдарын ұсыну; сонымен қатар, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, физика бойынша заманауи ақпараттық технологиялардан және басқа да ақпарат көздерінен білім алу кезінде дамыту. Мазмұны: қарапайым және күрделі электрлік және магниттік қондырғылардың сипаттамалары, олардың жұмысының физикалық принциптері, жылуөткізгіштің жылу беруінің физикалық негіздері. Заттың жылуфизикалық қасиеттері. Жылуөткізгіштік және температураөткізгіштік коэффициенттері. Шеттік шарттар. Жылуөткізгіштіктің параболалық теңдеуін шешу әдістері. Айнымалыларды бөлудің классикалық әдісі. Лаплас әдісі. Әртүрлі шекаралық шарттары бар жылуөткізгіштік теңдеуін шешу.

Техникалық термодинамика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: термодинамиканың негізгі заңдарын базалық жылутехникалық дайындықтарда, атомэлектрстанцияларында, сондай-ақ жылуэнергетикалық және жылутехникалық құрылғыларында қолдана білу, әртүрлі жылуэнергетикалық және төмен температуралық ұрылғылардың термодинамикалық процестерін есептеу. Мазмұны: Термодинамиканың негізгі заңдары және жалпы заңдылықтары. Идеал газ процестері. Нақты газдың процесі мен құрылысы. Бутурбиналық құрылғылардың термодинамикалық циклдері

Физика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерді комплексті айнымалылар функциясының теориясымен таныстыру. Мазмұны: қазіргі заманның теориялық химиясының атом мен заттың құрылысының кванттық-механикалық принциптері, химиялық байланыс, химиялық термодинамика элементтері, химиялық процестердің энергетикасы, химиялық байланыстың қазіргі теориясы, химиялық байланыстардың кинетикасы, химиялық тепе-теңдік, гидролиз процестері, қышқылдандыру-қалыпқа келтіру секілді маңызды бөлімдерін қарастыру. Теориялық білім тұрғысында элементтер қасиеттері мен байланыстары қарастырылады, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі период пен топтардағы қасиеттерінің өзгеруі қарастырылады. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Заттардың қасиеттері мен реакциялардың химиялық механизмдерін; айнымалы шамаларды зерттеу әдістерін; Пайдалана білуі керек: Берілген модуль бойынша есептер шығару; Дағдылану керек: Химиялық және физикалық талдау әдістерін игеруге;

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Шетел тілі. Ғылыми-техникалық аударма
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен ғылыми-техниклық сферадағы мәтіндерді ауызша және жазбаша аудару дағдысын дамыту. Оқушының ғылыми-техникалық салада лингвистикалық, сөйлеу, коммуникативті және мамандық құзыретін дамыту; грамматикалық, лексикалық, стилистік өзгешіліктердегі қиындықтарды жеңуге дағдылау; Мазмұны: курстың бағытталған: негізгі грамматикалық ережелерді үйренуге, лексикалық қорды кеңейтуе, ауызекі сөйлеуді, жазуды тыңдау арқылы дамытуға және мамандық бойынша кәсіпқой терминологияларды үйретуге. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Баламалы аудармадаға жетудің негізгі әдістерін және ғылыми-техникалық текстердің ерекшеліктерін.. Пайдалана білуі керек: Аударудағы негізгі тәсілдерді қолдану, лексикалық, грамматикалық, синтаксистік және стилистік нормаларды сақтай отырып, интернет технологиларды қолдана отырып, аударма жасау. Дағдылану керек: Анықтамалардағы, арнайы әдебиеттердегі және ғаламтордағы ақпараттарды пайдалана отырып аударма жасауға арналған тәсілдерді дайындауға.

Шетел тілі. Кәсіби қарым-қатынас негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен шарттары: Студенттерді шетел тілін мамандық бойынша жүйелі білімін тереңдету және кеңейту мақсатында қолдануға және өзінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін баулу. Мазмұны: курс студенттерді негізгі грамматикалық ережелерге үйретуге, лексикалық қорын кеңейтуге, жазбаша, ауызша тілдесу мен кәсіби етрминологияны зерттеу үшін тыңдау қабілетін дамытуға бағытталған. Деңгейлері: (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate).

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге математикалық есептерді модельдеу мен сипаттауда қолданылатын ықтималдылық теориясы мен математикалық статистиканың негігі түсініктерін қарастыру; Мазмұны: Кездейсоқ оқиғалар мен олардың ықтималдылығы. Бірөлшемді кездейсоқ шамалар және олардың таралу ықтималдылығы. Таралу параметрлерін бағалау. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: математикалық статистика мен ықтималдылықтар теориясының негізгі түсінігі мен әдістері. Пайдалана білуі керек: Жеткілікті дәрежедегі қиын есептерді шешуге математикалық статистика мен ықтималдылықтар таралуының әдістерін қолданып шешу; курстың негізгі тараулары бойынша типтік есептерді шешуге дағдылану; Дағдылану керек: алынған нәтижелердің математикалық моделі мен ауқымды интерпретациясын құрастырудың әдістерін меңгеру.

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Электромагнитизмді теория ретінде ұсыну, эксперименттік практикалық және лабораториялық сабақты жалпылама түрде өткізу. Мазмұны: вакуумдегі электростатикалық өріс және оның зарядқа әсері, ортаның диэлектрлік өтімділігі, әртүрлі ортадағы контакты құбылыстар мен электрөткізгіштік, электромагниттік өріс заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электромагнитизмдегі негізгі заңдылықтар және олардың математикалық өрнегі; курстың физикалық шамасы және негізгі түсініктері. Пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін түжырымдау. физикалық шамалардың ретін бағалау және физикалық есепті шешу; Дағдылану керек: электрмагнитизм дамуының басты этаптарын, оның философиялық және әдістемелік проблемалары.

Электр энергиясының дәстүрлі емес және жаңартылған көздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: жылутехника өндірісінде энергияны қолдану мәселелерін шешуге қалпына келетін энергия көздерін қолдану. Дәстүрлі емес энергетика саласымен байланысты болатын теориялық және практикалық білімді жетілдіру. Мазмұны: Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері. Энергия қөздерінің ресурстары мен қоры. Энергоресурсты қолданудың динамикасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: қазіргі уақыттағы әлемде және Қазақстандағы дәстүрлі емес энергетика саласының мәселелерін, жай күйін; дәстүрлі емес энергетиканың мемлекеттегі саяси орнын; дәстүрлі емес энергетиканың жалпы түсінігі және қолданылу саласын; Пайдалана білуі керек: дәстүрлі емес энергетиканы қолданатын өндірістегі энергия балансын зерттеу; халық шаруашылығындағы дәстүрлі емес энергетиканың маңызы және қолданылуы; Дағдылану керек: дәстүрлі емес энергетиканың әдістерін өлшеуді меңгеру.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Арнайы мақсаттарға арналған шет тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат және міндеттер: студенттерде шет тілін оны өзіндік түсіндіру және басқа адамдардың түсінуін қалыптастыру үшін қолдану мақсатында ақпарат көзі және байланыстың шет тілдік құралы ретінде қабылдауын дамыту; студенттерді әр түрлі жалпы және оқу-кәсіби тақырыптарға байланыс машығын оқыту. Мазмұны: Негізгі грамматикалық ережелер, лексикалық қосымшаның кеңеюі, ауызша, жазбаша сөйлеуді игеру үшін аудирование машықтарын жетілдіру және мамандық бойынша кәсіби терминологияны оқу. Деңгейлер: (Pre-Intermediate, Intermediate, Advanced)

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Әсерлесетін жүйелер физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті. Студенттерге жылуфизикалық ортадағы түрлі жүйелер мен құбылыстарға аса назар аудару, олардың ішінде мысалы таза заттар мен қоспаларға. Оларға әсер ететін температура мен қысымның диапазонын тексеру Мазмұны. Әсер ету физикасының негізгі ұғымдары мен түсінігі. Газдардағы релаксационды процестер.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жану және жарылыс физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерді сұйықтар мен газдардың жану теориясы мен тәжірибелік әдістерімен таныстыру; тұтас орта механикасының негіздерімен, пластинаны бойылқ орай ағу кезіндегі ламианарлық шекаралық қабатты есептеу әдістерімен таныстыру; оның ұшақ құрылысы, зымырандық техника мен ғарыш техникасы, жылуэнергетикасы мен экология үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудағы маңыздылығы мен рөлі туралы айту. Мазмұны: химиялық кинетика негіздері. Стехиометрия коэффициенттері. Қайтымды реакциялар. Тепе-теңдік тұрақтысы. Реакция жылдамдығы. Реакция реті. Реакция жылдамдығының қысымға тәуелділігі. Аррениус заңын молекулалық-кинетикалық негіздеу. Жылулық жарылыс теориясы. Франк-Каменецкий бойынша жылулық жылулық жарылыстың стационар теориясы: экспонентаны қатарға жіктеу; жазық ыдыс үшін шешім; цилиндрлік және сфералық ыдыстар үшін теңдеулер түрі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: жану теориясының негіздерін, газдар мен сұйықтардың жану процестерін зерттеу барысында қолданылатын негізгі теориялық және тәжірибелік әдістерді; тұтқыр сұйық механикасы теориясының негіздері; Пайдалана білуі керек: жану теориясының әдістерін нақты құбылыстарды түсіндіруге қолдану; оның ұшақ құрылысы, зымырандық техника мен ғарыш техникасы, жылуэнергетикасы мен экология үшін маңыздылығы туралы түсінік беру; Дағдылану керек: конвективті жылумасса тасымалының автомодельді ағыстарының қарапайым түрлерін шешу үшін қажетті жану физикасының есептерін шешу қабілеттеріне ие болуы тиіс.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Жылуфизикадағы мәселелерді сандық зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті. Берілген техникамен және сандық әдістермен ие болу, бұл әдістер жылу физикалық аумақтағы сандық тәжірибемен жүреді. Студенттерді негізгі физикалық процесстердегі сандық есептеу әдістерімен таныстыру, техникалық физикадағы математикалық модельдеу бөлімдерді және сызбаларды, математикалық әдістерді үйрену. Мазмұны. Математикалық модельдеу теориясы. Шеткі біртексіздіктің негізгі әдістері мен мәселесі. Физика-математикалық модельдеу процесстері мен жүйелерінің негіздері мен мәселелеріне тоқталу. Есептеу модельдерінің негізгі әдістерінің түрлері. Физика-математикалық модельдерді жіктеу. Әр түрлі деңгейдегі теңдіктердің математикалық модельдеу әдісі. Әр түрлі типтегі теңдіктерді шешу әдістерінің әсерлі түрі. Техникалық физикадағы модельдерді түсіну және анықтау. Физикалық принципке негізделген әдістердің түрі. Физикалық процестегі негізгі есептеу модельдерінің әдістері. Техникалық физикадағы математикалық модель. Шынайы процесстер мен жүйелерді модельдеу. Компьютерлік модельдеу.

Жылуэнергетикадағы метрологиялық және техникалық өлшеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті. Метрологияның негізгі теориясымен танысу, қателіктермен жұмыс жасау жолдары. Мазмұны. Өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу. Жылутехникалық шамаларды өлшеу жолдары мен қателіктерін есептеу.

Жылуэнергетикадағы сандық әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті. Студенттерді заманауи сандық әдістермен таныстыру, қолданбалы есептерді сандық әдіспен шешу.практикалық есепті шешудегі сандық әдіс түсінігін зерттеу, оларды пайдалану облысымен оларды шектеу әдісін табу. Сандық әдіспен шешілетін негізгі есептерді қарау, сандық есеп шешудің базалық әдісін зерттеу. студенттерді физикалық процестерді есептеу кезіндегі сандық әдістің негізін таныстыру, энергетика және экология саласындағы сандық әдістің рөлі жайында түсінік қалыптастыру. Мазмұны. Математикалық моделдеуге кіріспе жасау.скаляр теңдеулерді шешу әдістер. Апроксимация. Полиномды интерполяция. сандық интегралдау.

Жылуэнергетикасындағы стандарттау және сертификаттау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: метрология және сертификация жайлы жалпы түсінік құрастыру, өлшеу әдістерін меңгеру және жылутехникалық параметрлі өлшеудің заманауи құрылғыларын меңгеру, жылуэнергетика және жылу процесстік автоматизациядағы технологиялық ортаның сапасы мен оның құрамын бақылау. Мазмұны. өлшеу нәтежиелерін статикалық өңдеу. Жылутехникалық өлшемдермен олардың қателіктерін өлшеу тәсілдері.Мемлекеттік стандарт талаптарын бақылайтын мемлекеттік стандартизация жүйесі.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Кәсіби қызметтегі шетел тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат және міндеттер: студенттерді ағылшын тілін мамандық және өзіндік кәсіби біліктілікті өзіндік жоғарылату құралы бойынша жүйелік білімді кеңейту және тереңдету құралы ретінде қолдануға үйрету. Мазмұны: Курс студенттерді негізгі грамматикалық ережелерге оқытуға, лексикалық қосымшаны кеңейтуге, ауызша, жазбаша сөйлей білу үшін тыңдау машығын дамытуға және мамандық бойынша кәсіби терминологияны оқытуға бағытталған. Деңгейлер: (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate).

Конвективті жылуалмасу теорисының негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерге жылуалмасудың негізгі түсінігімен, ларды есептеу жолдарымен, жылуалмасу процесінің сипаттамаларымен танысу. Мазмұны. Жылудың жылуөткізгіштік арқылы берілу тәсілдері. Заттың жылуфизикалық қасиеті. Жылуөткізгіштік коэффициенті.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Турбулентті ағыстардың физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті. Турбуленттіліктің заманауи түсініктерімен, әдістерімн, оны зерттеу жолдарымен танысу. Мазмұны. Сұйық динамикасының теңдеуі. Турбуленттіліктің пайда болуы мен гидродинамикалық тұрақсыздықтар.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Тұтқыр сұйық динамикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері. Тегіс ортаның механика негіздері жайлы түсінік қалыптастыру, аралық қабаттағы ағыстың есептелуінің тәсілдері, автомоделді ағысты есептеу әдісі, тұтқыр сұйықтың механикалық рөлі мен түсінігі жайлы анықтама беру, зымыранды техника мен космонавтика, энергетика және экология салаларындағы жылу алмасу процесінің көрінісі. Мазмұны: сұйықтар мен газдардың ерекшеліктері: тұтқырлыұ және сығылымдық, көлемдік және беттік күштер. Сұйық ортаның модельдері. Ньютон гипотезасы. Реологиялық және Ньютон сұйықтары.Тегістік теориясы жіне оны қолдану шекарасы. Белгіленген және белгіленбеген қозғалыс. Тегіс және тегіс емес ортадағы математикалық аппараттың сипаттамасы; сұйықтықта әсер ететін күштер.

Тұтқыр сұйықтың ағысы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Заманауи турбуленттік жайлы түсінік қалыптастыру, оны зерттеудің тәсілдері, турбулентті ағынның есептемелеріне тәжірибелік бағдарлама жүргізу. Мазмұны: сұйықтың динамика теңдеулері және олардың негізгі көрсетілімдері; пайда болатын турбуленттік пен тұрақты емес гидродинамиканың сұрақтары; турбуленттілікті белгілейтін математикалық әдістер және орташа мәндердің анықталуы; Рейнольдс теңдеуі және турбуленттіктің жарты эмпирикалық теориясы; температуралы страфикационды ортадағы турбуленттіліктің сұрақтары; турбулентті ағыстағы бөлшектер қозғалысының мәселелер

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение