Оқуға түсушілерге 2018
KZ
RU
EN

Электр энергетикасы

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технологиялар бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: жоқ
Бағдарлама: 5В071800 – Электр энергетикасы
Емтихандар: Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Оқу түрлері: күндізгі.
Оқу мерзімі: 4 жыл.
«Электр энергетикасы» дайындық бағыты бойынша магистр келесі түрдегі кәсіптік қызметтерге дайындалады:
• Маман, инженер, инженер-энергетик, инженер КИПиА, инженер - электрик, бас энергетик, электрлік желілер диспетчері, энергетикалық жүйе диспетчері;
• энергия тұтыну режимін талдайтын және болжайтын диспетчер;
• жоғары вольтты электр желілер инженері, асқын кернеуден қорғау және оқшаулау арқылы инженері;
• энергетикалық жабдықтарды баптау және сынау жөніндегі инженері.
Бейіндік пәндер:
• Электр разрядтарының физикасы;
• Электр энергиясының дәстүрлі емес және жаңартылған көздері;
• Өнеркәсіптік электроника;
• Аналогты және сандық құрылғылар;
• Электр жүйелері мен желілері;
• Электрлік машиналар;
• Электр энергетикасындағы релелік қорғаныс.
Білім артықшылықтары:
• электр энергетикасы саласындағы өзекті мәселелері бойынша бірегей арнайы курстар;
• білім берудегі жаңа техникалық құралдар;
• қазіргі заманғы эксперименталды қондырғылар мен есептеуіш техника көмегімен физикалық мәселелерді есептерді зерттеу;
• электр энергетикасы саласындағы кең ауқымды мәселелер мен ғылыми-зерттеу әдістемелерін терең зерттеу.
Халықаралық байланыстар: студенттер серіктем ЖОО тағылымдамадан өтуге мүмкіндігіне ие: ТПУ (Ресей), МЭИ (Ресей), Валенсия Политехникалық Университеті (Испания), Киото Университеті (Жапония).
Тағылымдамалар өту мен ықтимал жұмыспен қамту орындары: «Корпорация Сайман» ЖШС, «KEGOС» АҚ, «ЭнергоПромКомпани» ЖШС, «XXI-Энергосервис» ЖШС, «Алатау Жарық Компанясы» АҚ, «Корпорация ENP» ЖШС сияқты электр энергиясын өндіру, энергия тарату және энергетика таратушы желілік компаниялар мен өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы, орнату және пайдалану ұйымдары, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдары.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Электр энергетикасы
Мамандық шифры
5B071800
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Физика
Профильдік пәні
Физика
Өту балы
ҚАЗ
91
ОРЫС
91

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге басқа курстарды оқытуда қажетті алгебра мен геометрия әдістерін үйрету; студенттерге алгебра әдістерін қолдану арқылы зерттеу әдеттерін қалыптастыру; студенттерге дәлелдеулерді қатаң логикалық қалыптастыру әдістерін оқыту; математикалық идея мен әдістерді әр түрлі құбылыс процестерін моделдеуге, тиімді шешімдерді табу мен іске асырудың ең жақсы әдістерін таңдауда қолдануда керекті әдеттер мен қабілеттерді қалыптастыру. Мазмұны: Анықтауыштар мен матрицалар. Сызықты теңдеулер жүйесі. Векторлық алгебра. жазықтықтар мен сызықтардың теңдеулері. Жазықтық пен кеңістіктегі сызықтық көріністер. II-ші ретті сызықтар. Алгебралық құрылымдар. Сызықтық кеңістіктер. n-ретті кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтері. Евклид кеңістігі және унитарлық кеңістік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: матрица, анықтауыш және сызықтық теңдеулер жүйесінің теориясын; жазықтық пен кеңістіктің аналитикалық геометриясын; сызықтық, нүктелік-векторлық және унитарлы кеңістік теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық операторлар теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық емес және квадраттық формалардың теориясын. Пайдалана білуі керек: матрица, анықтауышты есептеумен және сызықты теңдеулер жүйесін шешумен байланысты есептерді шығару; жазықтық пен кеңістіктегі аналитикалық геометрия есептерін шығару; сызықтық операторларды зерттеу мен квадраттық формалармен байланысты есептерді шығару. Дағдылану керек: сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның математикалық аппаратын қолдана білу; нақты есептерді шығаруда сызықтық алгебра мен анлитикалық геометрия аппаратын қолдану әдеті.

Атомдық және ядролық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: ядролық ыдырау, атом ядроларының бөлінуі мен синтезі реакциялары орын алатын іргелі табиғат заңдылықтары мен физикалық құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Атом құрылысы. Резерфорд пен Бор тәжірибелері, атом моделдері, атомның кванттық теориясы, энергетикалық деңгейлер, спектр сызықтары. Бор постулаттары, материяның толқындық табиғаты, Луи де-Бройль толқындық функциясы, Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатынасы. Кванттық механиканың негізгі түсініктері, Шредингер теңдеулері,тыйым салу принципі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: микроәлемнің қасиеттерін сипаттайтын физикалық моделдерді; негізгі кванттық-механикалық заңдарды, олардың математикалық өрнектелуін және қолданыс аясын; Пайдалана білуі керек: алынған теориялық білімді практикалық қолдану, физикалық есептерді шешуде теориялық және тәжірибелік әдістерді; Дағдылану керек: физикалық есептерді шешуге математикалық аппаратты қолдану қабілеті.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу негізгі әдістерін мазмұндау; Мазмұны: бірінші реттік теңдеулер; n-реттік теңдеулер және теңдеулер жүйесі; сызықты дифференциалдық және интегралдық теңдеулер; орнықтылық теориясы; дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шығару сандық әдісі; дифференциалдық және интегралдық теңдеулер үшін жуықтау әдістері туралы түсінік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек:дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін; Пайдалана білуі керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін қолдану; Дағдылану керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістері туралы түсінік.

Жартылайөткізгіш аспаптар
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: әрекеті металл - шалаөткізгіш, p-n өткізгіш, гетероөткізгіш контактісінің қасиеттеріне негізделген металл - диэлектрик шалаөткізгіш, күрделі (транзисторлық) құрылымның, заманауи жартылай өткізгіш аспаптардың физикалық негізі туралы толық мәлімет беру. Мазмұны: Интегралдық микросхемалар. Шалаөткізгішті диодтар (оның ішінде варикаптар, стабилитрондар, Шоттки диоды), Тиристорлар, фототиристорлар, Транзисторлар, зарядты байланысы бар аспаптар, шалаөткізгішті СВЧ аспаптар ( Ганна диодтары, ағын-ұшқын диодтар), Оптоэлектрондық аспаптар (фоторезисторлар, фотодиодтар, күн элементтері, ядролық сәулелену детекторлары, жарықдиодтары, шалаөткізгішті лазерлер, электролюминесцентті сәулелендіргіш), Терморезисторлар, Холл датчигі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: негізгі шалаөткізгішті аспаптардың жұмыс істеуінің физикалық негізін; шалаөткізгішті аспаптардың қасиеттері мен параметрлерін сараптау әдісін түсінуі керек; Пайдалана білуі керек: шалаөткізгіш аспаптармен зертханалық жұмыстар жүргізе білуі, полиграфиялық техника үшін жобаланған аспаптарды элементтік базада дұрыс таңдау жасау; Дағдылану керек: технологиялық үрдістерді және шалаөткізгішті аспаптар мен интегралдық сызбаларды дайындауды; шалаөткізгішті аспаптардың сипаттамаларын математикалық модельдеуді, электрондық сызбаларды заманауи әдістермен есептеуді.

Инженерлі және компьютерлі графика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Заманауи білім және информациялық технологияларды сапалақ дәрежеде пайдалану арқылы жаңа білімдерді өз бетімен ұғыну. Мазмұны: Сызықтық геометрия. Инженерлік графика. Компьютерлік графика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: пәнмен байланысты болған негізгі түсініктер мен анықтамаларды білу; теория бойынша техникалық сызбаларды тұрғызу, сызбадағы элементтердің өлшемі мен детелін салу ережесін; Стандарт бойынша құрылымдық сызбалардың құжжаттарын ресімдеу ережесін; Пайдалана білуі керек: алған білімдерін инженерлік қызметте қолдану; деталдың сызбасы мен эскизінің техникалық схемасын оқу және орындау; Дағдылану керек: сызбаларды алу тәсілдерін және сақталуын. Ақпараттық компьютермен басқарушы құрылғы ретінде жұмыс істеу; Ғылыми-техникалық қызметтік құжаттарды рәсімдеу.

Инженерлі және компьютерлі графика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Заманауи білім және информациялық технологияларды сапалақ дәрежеде пайдалану арқылы жаңа білімдерді өз бетімен ұғыну. Мазмұны: Сызықтық геометрия. Инженерлік графика. Компьютерлік графика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: пәнмен байланысты болған негізгі түсініктер мен анықтамаларды білу; теория бойынша техникалық сызбаларды тұрғызу, сызбадағы элементтердің өлшемі мен детелін салу ережесін; Стандарт бойынша құрылымдық сызбалардың құжжаттарын ресімдеу ережесін; Пайдалана білуі керек: алған білімдерін инженерлік қызметте қолдану; деталдың сызбасы мен эскизінің техникалық схемасын оқу және орындау; Дағдылану керек: сызбаларды алу тәсілдерін және сақталуын. Ақпараттық компьютермен басқарушы құрылғы ретінде жұмыс істеу; Ғылыми-техникалық қызметтік құжаттарды рәсімдеу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Комплексті айнымалы функциялардың теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: кәсіптік саладағы процестер мен проблемаларды ғылыми сараптау, практика жүзінде негізгі білімдерін, математика және жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдана алу; заманауи ағартушылық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңа математикалық және ғылыми жаратылыстық білімдерді меңгеру; сәйкес кәсіптік, әлеуметтік, ғылыми және этикалық проблемалар бойынша түсініктердің қалыптасуы үшін математикалық логиканы қолдану; Мазмұны: Комплексті сандар. Комплексті айнымалының функциясын дифференциалды есептеу. Қатар. Комплексті айнымалы бойынша интегралдау. Шегеру теориясы. Лаплас түрлендіруі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: комплексті айнымалы функцияларын және көпшелердің бейнеленуін, элементарлы функцияларды, комплексті айнымалы бойынша интеграл алу, Коши интегралы, аналитикалық функциялардың бірізділігі және қатары, бірліктік теоремасын және модульдің максимумдығының принципі, Лоран қатары, бірмәнді сипаттағы оқшауланған ерекше нүктелер, есептеулер, аргумент принципін, аналитикалық жалғасым, жазықтықтағы гармоникалық функцияларды білу қажет. Пайдалана білуі керек: Комплексті айнымалы функциясының үздіксіздігін, функциялардың аналитикалығын зерттей алуы, комплексті айнымалы функциясынан интегралды тікелей және шегеру арқылы есептей алуы, сонымен қатар, шын айнымалы функциялардан интегралдарды есептеу үшін шегеруді қолдана алуы қажет; Дағдылану керек: Комплексті айнымалылар функциясының негізгі түсініктері, идеялары мен әдістері бойынша және ол функцияларды типтік есептерді шешу барысында қолану бойынша дағдылары болуы керек.

Конструкциялық және электртехникалық материалтану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: Студенттердің бойында электртехникалық құрылғылар мен жүйелерді жасауда қолданылатын заттардың физикалық қасиеттерін, олардың қолданудағы және технологиялық сипаттамаларын, сыртқы әсерге сәйкес бойындағы өзгерістерінің сипаттамаларын зерттейтін білім туралы машық қалыптастыру. Мазмұны: материалтанудың физикалық негіздері; диэлектрлік заттарда жүретін физикалық процесстер; электроқшаулаушы сұйықтықтар, қатты органикалық және бейорганикалық заттар; өткізгіш, асқын өткізгіш, жартылай өткізгіш және магниттік заттар. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: материалдардың физика-техникалық қасиеттерін анықтау әдістерін; Пайдалана білуі керек: зерттеушінің алдына қойылған қолданбалы материалтанудың есептерін шешуде бұл курстан алынған білімін пайдалана білу; Дағдылану керек: әр түрлі материалдардың қасиеттерін және құрылымын зерттеуде пайдаланатын құралдар мен техникалардың жұмыс істеуін игеру; әр түрлі ақпарат көзінен алынған ақпараттарды түрлендіру, игеру, басқаларға түсінікті күйге жеткізу.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Математика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге математикадан фундаментальді білім беру, сызықтық алгебра аналитикалық геометрия және математикалық талдаудың химиялық есептердегі қолданысын көрсету; химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әр түрлі құбылыстар мен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Сызықтық алгебра. Аналитикалық геометрия. Бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдқы теңдеулер. Ықтималдықтар теғориясы және математикалық статистика. Пәнді оқу нәтижесіндегі құзіреттер (білім, білік, құзіреттілік): студент білуі керек: Сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия, бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізгі теоремалары мен формулаларын білу. Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, соның негізінде ұсыныс жасау. дағды: Химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Математика 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар пен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдық теңдеулер. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, осның негізінде ұсыныс жасау; дағды: химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Математикалық талдау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ГОСО талаптарына сәйкес мамандарды базалық математикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандықпен кейінгі жұмысы үшін қажетті студенттерді жоғары математиканың терең бөлімдеріне, математикалық көзқарасты құруына, ғылыми, логикалық ойлау қабілетінің дамуына үйрету; бакалаврлардың математикалық әдістерді жеткілікті мөлшерде игеру, математикалық моделдерді және есептеулерді жүргізе алудағы нақты қабілеттерін шыңдау. Мазмұны: Математикалық талдауға кіріспе. Дифференциялдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалы функциялар. Дифференциялдық теңдеулер. Сандық және функционалдық қатарлар. Еселі интегралдар және өріс теориясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: Инженерлік практикада қолданатын және практикада қолданылатын алгоритмдерді негіздеу үшін қызмет ететін, пәннің негізгі теориялық әдістерді. пайдалана білуі керек: Әдебиетте мазмұндалатын, РЭТ мамандығымен байланысты математикалық аппаратты өзіндік түсінуді. дағдылану керек: Практикалық тиімді нәтижеге жеткізумен математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулердің теориясының есептерін шешу қабілеттеріне.

Механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Нанотехнология негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: электрэнергетика және нанотехнология саласында кәсіптік дағдысы бар жоғарғы білікті мамандар даярлау. Мазмұны: пәнге нанобөлшектерге, нанокристаллдарға және ақаулары бар материалдарға, фуллерен түсінігі, дендримерлер және микро –, нано – жүйесіне негізделген нанотүтікшелерге арналған бөлімдер енгізілді. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): Студент білуі керек: ғылымның даму бағытына қолданбалы және негізгі зерттеулердің қазіргі күйі - нанотехника және технология индустриясы; мәселе электрэнергетикада қолданатын наножүйе мен материалдарды өндіруге негізделген; пайдалана білуі керек: өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру. дағдылану керек: өзін дамытуға және кәсіптік шеберлігін шыңдауға ұмтылу, өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін бағалау, жұмысының әр бөлігі бойынша қорытынды жасау.

Оптика және жарық техникасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: іргелі білім базасын қалыптастыру, оның негізінде әрі қарай физиканың барлық тарауларын тереңірек зерттеуге болады. Осыған сәйкес пәнге қойылатын негізгі талаптар мынадай: студенттердің бойында қоршаған орта туралы бірегей, кереғар емес бейнесін қалыптастыру, оларды барлық оптикалық құбылыстар мен процестермен таныстыру. Мазмұны: Табиғаттағы рефракция және сыну құбылыстары. Геометриялық оптиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері. Екісәулелік интерыерометрлер. Релей интерферометрі. Көпсәулелік интерференцияны қолдану. Дифракция құбылысы. Оптикадағы поляризация ұғымы. Анизотропты орталар оптикасы. Поляризациялық приборлар. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: оптиканың негізгі түсініктері мен заңдарын, зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында параметрлерді анықтаудың әдістері, оптикалық табиғи құбылыстар, математкиалық аппараты; Пайдалана білуі керек: зертханалық жағдайларда приборлармен жұмыс жасау, физикадағы теориялық және тәжірибелік есептерді шешу; өз бетінше тәжірибелік зерттеулер жүргізіп, нәтижелерді өңдеу; өлшеу аппаратурасымен жұмыс жасау; Дағдылану керек: алынған нәтижелерді білу жіне талдау және нәтижелердің қателіктерін табу.

Өндірістік электроника
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерде өндірістік электроника элементтері мен құрылғыларының жұмыс істеу принциптері, негізгі сипаттамалары және эксплуатация жасау шарттары туралы білім мен түсінік қалыптастырып, сонымен қатар олардың осыған икемділігі мен дағдылануын жетілдіру. Студенттерді өндірістік электроникалық аспаптар мен құрылғылар қызыметінің негізгі заңдылықтарымен теориялық және практикалық тұрғыдан таныстыру. Мазмұны: Электрондық құрылғылардың сипаттамалары. Жартылай өткізгішті аспаптар және олардың статикалық, динамикалық сипаттамалары. Күшейткіштер және түрлендіргіштер. Интегралдық операционды күшейткіштер және олардың қолданылу аймағы. Оптоэлектронды құрылғылар. Қорек көздері. Кернеу мен токты тұрақтандырғыш электр тізбектері. Жиілік түрлендіргіштер. Сандық құрылғылар мен логикалық элементтер. Микропроцессорлар. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): студент білуі керек: өндірістік электроника құрылғыларына қатысты негізгі жүйелік талдаулар жасау, электр энергиясын түрлендіргіштерді есептеудегі негізгі әдістерді және күшейткіштер мен электр сигналдарының генераторларының жұмыс істеу принциптерін білу керек. пайдалана білуі керек: пән материалдарын толық игеру студенттерді өндірістік электроника аспаптары мен құрылғыларын техникалық тұрғыдан сауатты қолдана алатын маман ретінде қалыптасуына әкеледі. дағдылану керек: жаңа элеткрондық құрылғыларды жасау және бар құрылғыларды жаңарту; электрондық құрылғылар мен өндірістік электроникаға арналған диагностикалау құрылғыларымен жұмыс істей білуді.

Теориялық физика әдістері. 1-бөлім.Векторлық және тензорлық анализ негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге қазіргі заманғы координатасыз әдіспен векторлық және тензорлық талдау жүргізу. Векторлық және тензорлық талдау жүргізу әдістерінің математикалық аппараты туралы түсінік беру. Мазмұны: векторлық талдау, координаттар жүйесі, тензорлық талдау. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: есептерді шешуде әртүрлі векторлық операцияларды қолдану, скалярлық функция градиенті, векторлық функцияның роторы мен дивергенциясы және олардың физикалық мағынасын; Пайдалана білуі керек: есептерді шешуде әртүрлі векторлық операцияларды қолдану, скалярлық функция градиентін таба алу, векторлық функцияның роторы мен дивергенциясы және олардың физикалық мағынасын қолдана алу; Дағдылану керек: векторлық және тензорлық, екінші ретті дифференциалды оператор, қисықсызықты координат, тензор, туралы түсініктің болуы;

Физика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге математикалық есептерді модельдеу мен сипаттауда қолданылатын ықтималдылық теориясы мен математикалық статистиканың негігі түсініктерін қарастыру; Мазмұны: Кездейсоқ оқиғалар мен олардың ықтималдылығы. Бірөлшемді кездейсоқ шамалар және олардың таралу ықтималдылығы. Таралу параметрлерін бағалау. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: математикалық статистика мен ықтималдылықтар теориясының негізгі түсінігі мен әдістері. Пайдалана білуі керек: Жеткілікті дәрежедегі қиын есептерді шешуге математикалық статистика мен ықтималдылықтар таралуының әдістерін қолданып шешу; курстың негізгі тараулары бойынша типтік есептерді шешуге дағдылану; Дағдылану керек: алынған нәтижелердің математикалық моделі мен ауқымды интерпретациясын құрастырудың әдістерін меңгеру.

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Электромагнитизмді теория ретінде ұсыну, эксперименттік практикалық және лабораториялық сабақты жалпылама түрде өткізу. Мазмұны: вакуумдегі электростатикалық өріс және оның зарядқа әсері, ортаның диэлектрлік өтімділігі, әртүрлі ортадағы контакты құбылыстар мен электрөткізгіштік, электромагниттік өріс заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электромагнитизмдегі негізгі заңдылықтар және олардың математикалық өрнегі; курстың физикалық шамасы және негізгі түсініктері. Пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін түжырымдау. физикалық шамалардың ретін бағалау және физикалық есепті шешу; Дағдылану керек: электрмагнитизм дамуының басты этаптарын, оның философиялық және әдістемелік проблемалары.

Электр разрядтарының физикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: Электрлік разрядтардағы процесстер физикасы мен техникасы бойынша негізгі түсініктемелер беріп, базалық біліммен қамтамасыздандыру, яғни иондалған газда болатын кинетикалық процестерді теория және эксперимент негізінде оқытып үйрету. Сонымен қатар студенттерді жүйелi түрде – электрлік разрядтар физикасы, плазмадағы динамикалық процесстер, плазмалық термоядролық реакторлар және басқа да плазмалы энергетикалық қондырғылар ғылымның жаңа табысы негiзделген элективтік бағыттары бойынша білімімен эксперименттік және теориялық түрде қамтамасыз ету. Мазмұны: Атомдық соқтығыстар физикасының негізі және газдардың кинетикалық теориясы. Электр өрісіндегі газдың иондалуы. Рекомбинация. Молекулық иондардың пайда болуы. Зарядтардың диффузиялық жоғалуы. Қатты денеден зарядтардың шығуы. Атомдар мен молекулалардың қозуы. Әлсіз иондалған газдағы электрондар дрейфі. Иондалған газдың өткізгіштігі. Электрондар диффузиясы. Зарядтардың магнит өрісіндегі қозғалысы. Тұрақты токтағы өздік разряд. Таунсенд теориясы. Пашен заңы. Орнықты солғын разряд. Доғалы разряд. Ұшқын разряд. Тәж разряд. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электрлік разрядта болатын негізгі үдерістер мен заңдылықтарды тани және талдай білу; электрлік разрядтар (солғын, доғалы, тәж, ұшқын) пайда болатын және оны алуға арналған құрылғылар мен қондырғылардың жеке бөліктері мен жұмыс істеу принципін білу. Пайдалана білуі керек: электрлік разрядта болатын негізгі үдерістерді теориялық және практикалық тұрғыда талдауды және анықтауды. Дағдылану керек: электр разрядтарының негізгі түрлерін және олардың қолданылу шеңбері жайлы нақты түсінікке ие болуы керек.

Электр тізбектерін талдау 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді электр және магниттік тізбектер, электр және магнит өрістері теорияларындағы негізгі заңдылықтармен таныстыру, студенттердің бойында сызықтық және бейсызық тізбектерге тұрақталынған және өтпелі реттегі электр және магнит өрістері тудыратын түрлі сигналдардың әсер етуін экспериметтік және есептеу акрқылы зеттей білу. Мазмұны: Электр тізбектері теориясының негізі. Сызықтық электр тізбектеріне тқрақты және синусоидальды сигналдар әсер еткендегі есептеу және сараптама жасау әдістері. Өзара индуктивті сызықтық электр тізбектері. Үш фазалық тізбектер. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): студент білуі керек: Электрмагниттік өріс заңдары мен электр, магнит тізбектерінің теориясы негіздерін; тұрақты және айнымалы ток тізбектерін сараптама жасай әдістерін; пайдалана білуі керек: электрлік, электрондық, магниттік тізбектерде және электрмагниттік өрістерде болатын физикалық процесстердің болмысын түсіну;қарастырылып отырған қарапайым құрылғылардың қолданылуын, негізгі қасиеттерін, жұмыс істеу сызбасын және мүмкіндіктерін білу; дағдылану керек: электр және магнит тізбектеріндегі электрмагниттік процесстердің жүруін белгілейтін заңдылықтар және электр, магнит өрістерінің сипаттамалары туралы негізгі мәліметтерді білу.

Электр тізбектерін талдау 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді электр және магниттік тізбектер, электр және магнит өрістері теорияларындағы негізгі заңдылықтармен таныстыру, студенттердің бойында сызықтық және бейсызық тізбектерге тұрақталынған және өтпелі реттегі электр және магнит өрістері тудыратын түрлі сигналдардың әсер етуін экспериметтік және есептеу акрқылы зеттей білу. Мазмұны: Электр тізбектері теориясының негізі. Сызықтық электр тізбектеріне тқрақты және синусоидальды сигналдар әсер еткендегі есептеу және сараптама жасау әдістері. Өзара индуктивті сызықтық электр тізбектері. Үш фазалық тізбектер. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): студент білуі керек: Электрмагниттік өріс заңдары мен электр, магнит тізбектерінің теориясы негіздерін; тұрақты және айнымалы ток тізбектерін сараптама жасай әдістерін; пайдалана білуі керек: электрлік, электрондық, магниттік тізбектерде және электрмагниттік өрістерде болатын физикалық процесстердің болмысын түсіну;қарастырылып отырған қарапайым құрылғылардың қолданылуын, негізгі қасиеттерін, жұмыс істеу сызбасын және мүмкіндіктерін білу; дағдылану керек: электр және магнит тізбектеріндегі электрмагниттік процесстердің жүруін белгілейтін заңдылықтар және электр, магнит өрістерінің сипаттамалары туралы негізгі мәліметтерді білу.

Электр энергетикасындағы математикалық есептер және компьютерлік модельдеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: электрэнергетикалық және технологиялық процестерді заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын қолданып моделдеу тәсілдерін үйрену, өндірістік электр энергетикасындағы жүйелер мен процестерді есептеу мен өңдеу тапсырмаларын жеке құра білу, сондай-ақ, берілген тапсырмаларды шешуге сандық әдістерді қолдана білу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Өндірістік электр энергетикасындағы жүйелер мен процестерді моделдеуге сандық әдістерді қолдану. Сандық моделдеу. Өндірістік электр энергетикасының қондырғылары мен процестерінің сандық моделін құру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электродинамика негізгі заңдарын, математикалық талдау мен моделдеу және теориялық, тәжірибелік зерттеу әдістерін, қондырғы элементтері мен қызмет нысандарын жалпылама нормативті құжаттар мен ақпаратты іздеу мен өңдеудің заманауи әдістерін қолданып, есептеу жүргізу мен жобалау әдістемесін; Пайдалана білуі керек: кәсіби қызмет барысында туындайтын мәселелердің ғылыми негізін анықтап, оны шешуге физика-математикалық апппаратты қолдана білу; арнайы курстарды оқуда кездесетін физикалық процестер мен заңдылықтарды зерттеуде компьютерді қолдана білуі, электроэнергетикадағы моделденетін физикалық есептерді түсіну және дәлдігін бағалай алуы, физикалық есептерді компьютерде шешу және моделдеу, компьютерлік физика бойынша жаңа білім игеруге оқу мен ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу алуы; Дағдылану керек: электроэнергетикадағы компьютерлік зерттеу әдістерін меңгеруі, моделдеумен, компьютерлік есептеумен байланысты есептерді шеше алу қабілетіне ие болуы керек.

Электрлік машиналар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Қозғалыстағы зарядтардың, электрлік және магинттік өрістердің энергиясы, яғни электр энергиясы тікелей адамның тұрғылықты өмірінде қолданылмайды. Бірақ бұл энергия оңай басқа энергия түрлеріне айнала алады – механикалыққа және жылулыққа, сол сияқты кері бағытта. Сонымен қатар электр энергиясын аз шығын арқылы алыс қашықтықтарға тасымалдауға болады. Осы қасиеттер механикалық және жылулық энергияны қашықтыққа тасымалдау процесіндегі аралық форма ретінде қолдануға мүмкіндік берді. Электрлік машиналар осы процесттерде қолданылатын басты құрылғылан болып табылады, өйткені олардың көмегімен механикалық және электрлік энергиялардың екі жақты түрлендіруі жүзеге асады. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат студенттерге электрлік машиналар мен трансформаторлардың негізгі теориялары мен жұмыс істеу сипаттамаларымен таныстыру, сонымен қатар электромеханикалық және статикалық энергия түрлендіру саласында, электрлік машиналар мен трансформаторлардың және олардың қолдану ерекшеліктері туралы орнықты теориялық базаны және білімді қалыптастырып практикада жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Мазмұны: трансформаторлар және олардың жұмыс істеу принциптері. Трансформаторларға диагностика жасау әдістері. Айнымалы ток машиналары және олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Асинхронды және синхронды машиналар. Генераторлар. Тұрақты ток машиналары және олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): студент білуі керек: техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму беталысын; негізгі физикалық құбылыстар мен механика, электротехника заңдарын және олардың математикалық сипаттамаларын; электрлік машиналардың түрлері мен олардың негізгі сипаттамалары; әр түрлі электрлік машиналарды қолдану талаптарын; өндіріс салаларында электрмен қастамасыздандырудағы электрлік машиналар мен трансформаторлардың орны мен рөлін; пайдалана білуі керек: Электрлік машиналар мен трансформаторлардың негізгі сипаттамаларын, жұмыс істеу ерекшеліктері мен іске қосу режимдерін. дағдылану керек: жаңа элетротехникалық құрылғыларды жасау және бар құрылғыларды жаңарту; электротехникалық құрылғылар мен электр машиналарына арналған диагностикалау құрылғыларымен жұмыс жасай білуді.

Электрлік машиналар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Қозғалыстағы зарядтардың, электрлік және магинттік өрістердің энергиясы, яғни электр энергиясы тікелей адамның тұрғылықты өмірінде қолданылмайды. Бірақ бұл энергия оңай басқа энергия түрлеріне айнала алады – механикалыққа және жылулыққа, сол сияқты кері бағытта. Сонымен қатар электр энергиясын аз шығын арқылы алыс қашықтықтарға тасымалдауға болады. Осы қасиеттер механикалық және жылулық энергияны қашықтыққа тасымалдау процесіндегі аралық форма ретінде қолдануға мүмкіндік берді. Электрлік машиналар осы процесттерде қолданылатын басты құрылғылан болып табылады, өйткені олардың көмегімен механикалық және электрлік энергиялардың екі жақты түрлендіруі жүзеге асады. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат студенттерге электрлік машиналар мен трансформаторлардың негізгі теориялары мен жұмыс істеу сипаттамаларымен таныстыру, сонымен қатар электромеханикалық және статикалық энергия түрлендіру саласында, электрлік машиналар мен трансформаторлардың және олардың қолдану ерекшеліктері туралы орнықты теориялық базаны және білімді қалыптастырып практикада жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Мазмұны: трансформаторлар және олардың жұмыс істеу принциптері. Трансформаторларға диагностика жасау әдістері. Айнымалы ток машиналары және олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Асинхронды және синхронды машиналар. Генераторлар. Тұрақты ток машиналары және олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): студент білуі керек: техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму беталысын; негізгі физикалық құбылыстар мен механика, электротехника заңдарын және олардың математикалық сипаттамаларын; электрлік машиналардың түрлері мен олардың негізгі сипаттамалары; әр түрлі электрлік машиналарды қолдану талаптарын; өндіріс салаларында электрмен қастамасыздандырудағы электрлік машиналар мен трансформаторлардың орны мен рөлін; пайдалана білуі керек: Электрлік машиналар мен трансформаторлардың негізгі сипаттамаларын, жұмыс істеу ерекшеліктері мен іске қосу режимдерін. дағдылану керек: жаңа элетротехникалық құрылғыларды жасау және бар құрылғыларды жаңарту; электротехникалық құрылғылар мен электр машиналарына арналған диагностикалау құрылғыларымен жұмыс жасай білуді.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение