Оқуға түсушілерге 2018
KZ
RU
EN

Физика және астрономия

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредиттеу: ASIIN.
Бағдарлама: 5B061100 - Физика және астрономия.
Оқу деңгейі: Бакалавриат.
Оқу түрі: күндізгі.
Оқу мерзімі: 4 жыл.
«Физика және Астрономия» бакалавры кәсіби қызметтің келесі түрлерінe дайындалуда:
- ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, инжинирингтік және жобалау кеңселер мен компаниялар;
- мемлекеттік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар, сондай-ақ білім беру үкіметтік емес ұйымдар;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бірлестіктер.
Бейінді пәндер:
• Астрометрия.
• Астрофизика.
• Астрофизикалық ақпаратты бейсызық талдау.
• Әлемнің кеңейу заңдары.
• Оптика.
• Атомдық физика.
• Кәсіби-бағытталған шетел тілі.
• Инновациялық кәсіпкерлік.
Білім артықшылықтары:
Бакалавриат студенттерінің практикада теориялық білімді бекіту мақсатында, сыныптан тыс, обсерваторияға экспедиция, тікелей астрономиялық бақылаулар жүргізіледі. Қабілетті студенттер зерттеу топтарына кіріп, соның арқасында олар студенттер мен жас ғалымдар арасында республикалық жарыстарға өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсына алады.
Халықаралық қатынастар: Кадрлар даярлау мақсатында Университет Тарас Шевченко атындағы ұлттық университетімен (Киев, Украина) жұмыс жасайды. Екі дипломды бағдарламалар, студенттердің халықаралық алмасу және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бар; Шыңжаң астрономиялық обсерваториясы (Үрімші, Қытай) біздің студенттерге ақылы тағылымдамалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық негіздер ұсынады.
Практика орындар: бакалавриат студенттері «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ ғылыми-зерттеу институттарының базасында практика өте алады. Сонымен қатар: В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтында, Ассы-Түрген шатқалының обсерваториясында, Камен үстірті обсерваториясында, Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы, Күннің тәжін бақылау станциясы. Ионосфера институтының эксперитменттік базасында, «Орбита» радиополигонында, «ғарыш станциясына» ғарыш сәулелері станцияларында, "Алматы" геомагниттік обсерваториясы. Сондай-ақ ғарыштық техника және технологиялар Институтында, ашық типтік ұлттық нанотехнологиялар зертханасында, тәжірибелік және техникалық физиканы зерттеу институтында.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Физика және астрономия
Мамандық шифры
5B061100
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Физика
Профильдік пәні
Физика
Өту балы
ҚАЗ
81
ОРЫС
60

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге басқа курстарды оқытуда қажетті алгебра мен геометрия әдістерін үйрету; студенттерге алгебра әдістерін қолдану арқылы зерттеу әдеттерін қалыптастыру; студенттерге дәлелдеулерді қатаң логикалық қалыптастыру әдістерін оқыту; математикалық идея мен әдістерді әр түрлі құбылыс процестерін моделдеуге, тиімді шешімдерді табу мен іске асырудың ең жақсы әдістерін таңдауда қолдануда керекті әдеттер мен қабілеттерді қалыптастыру. Мазмұны: Анықтауыштар мен матрицалар. Сызықты теңдеулер жүйесі. Векторлық алгебра. жазықтықтар мен сызықтардың теңдеулері. Жазықтық пен кеңістіктегі сызықтық көріністер. II-ші ретті сызықтар. Алгебралық құрылымдар. Сызықтық кеңістіктер. n-ретті кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтері. Евклид кеңістігі және унитарлық кеңістік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: матрица, анықтауыш және сызықтық теңдеулер жүйесінің теориясын; жазықтық пен кеңістіктің аналитикалық геометриясын; сызықтық, нүктелік-векторлық және унитарлы кеңістік теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық операторлар теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық емес және квадраттық формалардың теориясын. Пайдалана білуі керек: матрица, анықтауышты есептеумен және сызықты теңдеулер жүйесін шешумен байланысты есептерді шығару; жазықтық пен кеңістіктегі аналитикалық геометрия есептерін шығару; сызықтық операторларды зерттеу мен квадраттық формалармен байланысты есептерді шығару. Дағдылану керек: сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның математикалық аппаратын қолдана білу; нақты есептерді шығаруда сызықтық алгебра мен анлитикалық геометрия аппаратын қолдану әдеті.

Астрометрия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері : студенттерді астрометрияның міндеттерімен, бақылау мен есептеу әдістерімен таныстырып, оның ғарышты зерттеудегі және күнделікті өмірдегі маңызы мен орнын көрсету; студенттерді алған білімдерін өз бетімен іс жүзінде қолдануды үйрету. Мазмұны: Астрометрии классификациясы. Іргелі астрометрия. Практикалық астрометрия. Жер айналысын меңгерПәнді оқу нәтижесінде меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, меңгеруі): жұлдыздар мен өзге аспан денелерiнiң координаталарын бiр координаталар жүйесiнен басқа жүйелерге түрлендiрудi бiлуі тиіс ; астрометриялық каталогтарды, оның iшiнде электронды каталогтарды қолдана алуы тиіс. өлшенген координаталарды рефракция, аберрация, параллакс, прецессия мен нутацияға келтiру әдiстерiн игеруі тиіс; у.Астрометрия тарихы. Осы күнгі астрометрияның негізгі міндеттері. Астрометрия әдістері.

Астрофизика негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты мен міндеттері: студенттерді астрофизиканың негізгі ұғымдары, заңдылықтары, теориялық және эксперименттік әдістерімен, сондай-ақ астрометрияның міндеттері, бақылау мен есептеу әдістерімен таныстыру, алынған білімді іс жүзінде қолдануңа үйрету. Мазмұны: Астрофизика анықтамасы. Ғалам туралы мағлұматтар. Негізгі астрофизикалық құралдар. Рефлекторлардың негізгі түрлері. Күн телескоптары. ЭМ сәуле қабылдағыштары. Фотокатод. ФЭУ. Болометрлер. ПЗС-матрица конфигурациясы. Астрофизикалық бақылаулар әдістемесі. Күн. Жұлдыздық түзіліс. Қалыпты емес және қосжұлдыздар. Жаңа жұлдыздар. Жұлдыздық динамика элементтері. Галактикалар эволюциясы. Галактикалардың активті ядролары. Квазарлар. Космология элементтері. Хаббл заңы. "Пәнді оқу нәтижесінде меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, меңгеруі): • астрофизика ғылымының алдында тұрған негізгі мәселелердің мәнін білуі тиіс; • алған білімдерін нақты астрономиялық есепті шешуге қолдана білуі тиіс.. • астрофизиканың әртүрлі есептерін шешу дағдыларына ие болуы тиіс.

Астрофизикалақ процестерді компьютерде моделдеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты: астрофизикада қолданылатын компьютерлік технологияларды меңгеру. Мазмұны: Астрофизикалық құбылыстарды сандық моделдеудің негізгі принциптері. Астрофизика саласында эксперимент қою техникасы. "Пәнді оқу нәтижесінде меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, меңгеруі): білуі тиіс: астрофизикада қолданылатын компьютерлік технологияларды ; қолынан келуі тиіс : компьютерде астрофизикалық құбылыстарды сандық моделдеу; меңгеруі тиіс : Астрофизика саласында эксперимент қою техникасы дағдыларын.

Атомдық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: атомдардың электрондық қабықшаларының құрылысы, қасиеттері (энергетикалық, магниттік және т.б.) және оларда өтетеін процестермен анықталатын іргелі квант-механикалық заңдылықтар дайында түйінін беру. Мазмұны: Электромагниттік сәуленің кванттық қасиеттері, зат бөлшектерінің толқындық қасиеттері. Атомдар мен молекулалардың құрылысы мен қасиеттері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: пәннің негізгі принциптері мен заңдарын, бұлардың матем өрнегін негізгі құбылыстарды, бұлардың ерекшеліктерін, бақылау және эксперим. Пайдалана білуі керек: зерттеу әдістерін атомдық құбылыстардың маңызды ғылыми – техникалық қолдануларын физиканың ижәне іргелес білім салаларының нақты есесптерін шешеу үшін атомдық физиканың зерттеу әдістерін тиімді қолдана білуі керек. Дағдылануы керек: атомдық құбылыстар, процестер, з қасиеттерін эксп. Зерттеу жүргізуге, компьютерлік бағдарламаларды жасай алуға дағдылануы керек.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дифференциалдық теңдеулер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дифференциалдық теңдеулер ұғымы, бағыттар өрісі, интегралдық қисықтар, векторлық өріс. Интегралдаудың қарапайым әдістері, айнымалылары бөлінетін теңдеулер, толық дифференциалды теңдеулер, сызықты теңдеулерб Бернулли теңдеуі, Лагранж және Клеро теңдеулері. Коши есебінің шешімі, оның жалғыздығы туралы теорема, Кез келген ретті сызықты теңдеулер жүйелері. Вронский анықтауышы, Лиувилль Остроградский формуласы, сызықты біртекті теңдеулер жйесінің фундаментальді және жалпы шешімдері, біртексіз сызықты теңдеулер шешімі. Тұрақты вариация әдістерін қолдана білуб біртекті сызықты теңдеулер жүелерін шешу жолдарын білу, Шешімнің бастапқы және шекті шарттарға байланысын білу, Ляпунов теоремасын білу, екі өлшемді сызықты теңдеулер жүйесінің фазалық траекториясын білу, айрықша нүктелерб фокус, орта нуктелері, бірінші интегралдар ұғымын білу, характеристикалардың шешімдермен байланысын білу коши теоремасын дәләлдей білу.

Жалпы астрономия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты: Ғалам құрылымы, құрылысы мен дамуы жөнінде іргеді білім беру, астрономиялық және ғарыштық зерттеулер әдіснамасын меңгеру. Мазмұны: Ғаламның кеңістітік-уақыттық масштабтары. Шоқжұлдыздар. Аспан сферасы. Аспан координаттарының жүйелері. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Телескоптар. Радиоастрономия. Спектрлік классификация. Герцшпрунг – Рессел диаграммасы. Метагалактика. Квазарлар. " Пәнді оқу нәтижесінде меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, меңгеруі): жалпы және сфералық астрономияның негізгі ұғымдарын, астрофизика, аспан механикасы негіздерін, астрометрия, астрофизика және ғарышфизиканың қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін білуі тиіс; физиканың іргелі заңдары мен математикалық аппаратты зерттеу объектілерінің физикалық және математикалық моделдерін құру үшін, астрофизикалық және ғарышфизикалық процестер мен құбылыстарды сипаттау мен алдын-ала болжау үшін қолдана білуі тиіс; астрофизикалық және ғарышфизикалық процестер мен құбылыстарды, ғарыштық объекттер мен сәулеленулердің физикалық қасиетттері мен сипаттамаларын эксперимент жүзінде зерттеуді жүргізу дағдыларына ие болуы тиіс.

Жоғарғы математиканың қосымша тараулары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Математикалық талдау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ГОСО талаптарына сәйкес мамандарды базалық математикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандықпен кейінгі жұмысы үшін қажетті студенттерді жоғары математиканың терең бөлімдеріне, математикалық көзқарасты құруына, ғылыми, логикалық ойлау қабілетінің дамуына үйрету; бакалаврлардың математикалық әдістерді жеткілікті мөлшерде игеру, математикалық моделдерді және есептеулерді жүргізе алудағы нақты қабілеттерін шыңдау. Мазмұны: Математикалық талдауға кіріспе. Дифференциялдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалы функциялар. Дифференциялдық теңдеулер. Сандық және функционалдық қатарлар. Еселі интегралдар және өріс теориясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: Инженерлік практикада қолданатын және практикада қолданылатын алгоритмдерді негіздеу үшін қызмет ететін, пәннің негізгі теориялық әдістерді. пайдалана білуі керек: Әдебиетте мазмұндалатын, РЭТ мамандығымен байланысты математикалық аппаратты өзіндік түсінуді. дағдылану керек: Практикалық тиімді нәтижеге жеткізумен математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулердің теориясының есептерін шешу қабілеттеріне.

Математикалық талдау 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты -студенттерді математикалық таладау пәнінің маңызды анықтамалары мен, теоремаларымен, есептерін шығару барысында тиімді қолдана отырып, меңгерген теорияларының нәтижелерін магистратурада таңдапалынған бағыт бойынша одан ары зерделеуге тиімді қолдана білуге үйрету және игерген білім дағдыларын болашақта пайдалана алатындай көлемде табысты меңгеруіне қол жеткізу. Пәнді оқытудың есептері анықтамаларды, теоремаларды және оларды дәлелдеу, олардың байланысы, есеп шығару әдістерін қоладуға үйрету. шешуге арналған математикалық аппаратты қолдануға үйрету. Берілген курста жиынтық теорияларының элементтерін; реттілікті; функциялар шегін; туынды, монотонды және үздіксіз функцияларды; дифференциалды есептеуді; дифференциалдау функцияларының негізгі теоремаларын; Тейлор формуласын; функция графиктерін тұрғызуды үйренеді.

Механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Механика және молекулалық физика. Бөлім 1. Механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Механика және молекулалық физика. Бөлім 2. Молекулалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Оптика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерді геометриялық оптиканың негізгі құбылыстармен, сәулелендірудің электрмагниттік және кванттық заңдылықтармен, жарықтың таралуы және затпен әсерлесуімен таныстыру, оптика саласында қолданбалы проблемаларды шешу әдістерімен және негізгі тәсілдермен колдану дағдыларын қамтамасыздандыру; ғылыми зерттеулерді жүргізу даңғысын қалыптастыру. Мазмұны: геометриялық оптиканың элементтері. Оптиканың негізгі заңдары. Жұқа линзалар, Оптикалық жүйелердің абберациясы. Негізгі фотометриялық жүйелер және олардың бірліктері. Жарық табиғаты туралы түсініктерді дамыту. Жарықтың интреференциясы. Жарық толқындардың когеренттігі мен монохроматтылығы. Интерференцияның бақылау әдістері. Жұқа сүлбелерде жарықтың интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарық дисперсиясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: сəулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. пайдалана білуі керек: алынған білімді оптика есептерін шығаруын техникалық пәндерде қолдану. дағдылану керек: оптикада эксперименттік зерттеулерді өткізу үшін және оларды теориялық жүзінде түсіндіру.

Педагогика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттердің бойында педагогикалық білімнің қалыптасуы, олардың педагогиканың теориялық негіздерімен, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың қазіргі кездегі технологияларымен, мектептің білім беру үдерісінде оқытушы мен оқушылардың субъект-субъект өзараәрекетінің технологияларымен танысуы. Мазмұны: Педагогиканы оқыту үдерісінде студент педагогиканың негізгі категориялары мен түсініктерін, педагогиканың әдіснамалық негіздерін, тәрбиенің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары, заңдылықтары және ұстанымдарын, тәрбиенің мәні, мазмұны, формалары мен әдістерін, тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларын меңгеруі тиіс. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Педагогика ғылымының өзекті мәселелерін; Педагогикалық қызметтің мәнін. Пайдалана білуі керек: Педагогика бойынша алынған білімді тәжірибеде қолдануды; Мектепте педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыруды: Оқушылар тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауды. Дағдылану керек: Меткепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға.

Практикум-Механика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Практикум-Молекулалық физика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Радиофизика және электроника негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Радиоэлектроника саласында білімнің жинақталуы, қабілеттің болуы және радиоэлектроникаға қатысты әдебиеттермен жұмыс істей алу. Мазмұны: Сигналдар, олардың түрлері, параметрлері. Сызықтық электрлік тізбектердің элементтері. Комплекстік суреттер арқылы сызықтық тізбектердің есептеулері. Бейсызық тізбектер, талдаудың графикалық әдісі, жүктемелік түзу, тұрақты ток жағдайындағы режим. Электрондық-кемтіктік ауысу, және олардың қасиеттері, жартылайөткізгіш диодтар, стабилитрондар, туннельдік диодтар. Биполярлық транзисторлар, транзисторларды қосудың схемалары. Өрістік транзисторлар, транзисторларды қосудың схемалары. Электрондық күшейткіштердің түрлері, негізгі сипаттамалары, параметрлері. Добротность усилительного каскада. Обратная связь в усилителях. Дифференциальный каскад усиления. Операционные усилители. Основные характеристики, параметры. Схемы включения ОУ: сумматор, интегратор, дифференциатор, преобразователь сопротивлений. Генераторы электрических сигналов. LC - генератор гармонических сигналов. Генераторы релаксационных сигналов. Мультивибратор в автоколебательном режиме. Мультивибратор в ждущем режиме. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Радиоэлементтер негізі, сандық және аналогтік құралдардың негізгі жұмыс істеу принципі; Пайдалана білуі керек: практикалық жұмыста радиоэлектронды аппараттарды қолдану, радиоэлектронды аппаратуралардың көмегімен электрлік шамаларды өлшеуді меңгеру, интегральдық микросхемалардың және дискретті элементтердің көмегімен қарапайым радиоэлектронды функциональдық тізбектрерді құрастыру; Дағдылану керек: радиоэлектронды есептеуіш құралдардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу.

Сфералық астрономия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты мен міндеттері: негізгі аспан координаттары жүйелерімен таныстыру. Мазмұны: Горизонталды координаттар жүйесі. Экваторлық координаттар жүйесі. Эклиптикалық координаттар жүйесі. Галактикалық координаттар жүйесі. Жұлдыздық уақыт. Атомдық уақыт. Рефракция. Аберрация . Параллакс. " Пәнді оқу нәтижесінде меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, меңгеруі): • негізгі аспан координаттары жүйелерін білуі тиіс:; • алған білімдерін нақты астрономиялық есепті шешуге қолдана білуі тиіс. • Астрономиялық бақылаулар нәтижесін өңдей алу дағдыларына ие болуы тиіс.

Теориялық физика. 1 бөлім - Теориялық механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -"Мақсаты мен міндеті: теориялық механиканың негізгі мәселелерін және әдістерін мазмұндау; студенттерге теориялық механиканың негізгі мәселелері және әдістері туралы түсінігін беру. Мазмұны: Жалпыланған координаттарда қозғалыс теңдеулері және механикалық жүйелерге қолданулары, бос емес жүйелердің механикасы, абсолют қатты дене механикасы. " Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттердің меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, құзыреттері): студент білуі керек: теориялық механиканың математикалық аппараты, теориялық механиканың мәселелерін шешу әдістері. пайдалана білуі керек: теориялық механиканың мәселелерін шешу үшін математикалық аппаратты қолдану, мәселену қоя білу, мәселелерді шешу әдістерін таңдау, аналитикалық түрде, және компьютерлік технологияларды қолданып. дағдылану керек: теориялық механиканың мәселелерін шешу әдістері туралы түсінік

Теориялық физика. 2 бөлім – Математикалық физика әдістері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: математикалық физика есептерін қарастыру, дербес туындылы 2-ші ретті дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын нақты физикалық құбылыстар мен процестерді қарастыру. Мазмұны: екінші ретті дербес туындылы теңдеулердің классифкациясы мен канондық түрге келтіру, гиперболалық типті теңдеулер, параболалық типті теңдеулер, эллипстік теңдеулер, сызықты жылуөткізгіштік теңдеуін қорыту, Лежандр полиномлары мен теңдеулері, Сфералық координаталардағы Лаплас теңдеулері. Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттердің меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, құзыреттері): Білуі тиіс: математикалық физиканың негізгі дифференциалдық теңдеулерін, математикалық физиканың аппаратын, дифференциалдық теңдеулердің классифкациясын; Қолынан келуі тиіс: математикалық физиканың есептерін таңдау; Болуы тиіс: дербес туындылы дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын физикалық процестер туралы түсінігі.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Электромагнитизмді теория ретінде ұсыну, эксперименттік практикалық және лабораториялық сабақты жалпылама түрде өткізу. Мазмұны: вакуумдегі электростатикалық өріс және оның зарядқа әсері, ортаның диэлектрлік өтімділігі, әртүрлі ортадағы контакты құбылыстар мен электрөткізгіштік, электромагниттік өріс заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электромагнитизмдегі негізгі заңдылықтар және олардың математикалық өрнегі; курстың физикалық шамасы және негізгі түсініктері. Пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін түжырымдау. физикалық шамалардың ретін бағалау және физикалық есепті шешу; Дағдылану керек: электрмагнитизм дамуының басты этаптарын, оның философиялық және әдістемелік проблемалары.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Антигравитация моделдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері : Динамикалық хаос теориясына негізгі түсінік енгізу, астрономиялық көріністерде фрактальдық анализдерді қолдану артықшылығы мен мүмкіндігін көрсету, көбінесе, антигравитациялық галактиканың құрылымын зерттеу. Мазмұны: Ашық жүйелер, негізгі түсініктер. Жүйелердегі өзқауым процестер. Фазалық кеңістік, фазалық сурет. Динамикалық хаос теориясының негізгі түсініктері. Фракталдық модель, фракталдық өлшемділік, мультифракталдық талдау, мультифракталдық спектр. Әуей аттрактор.

Астрофизикалық мәліметті бейсызық талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: ғарышфизикалық сигналдарды бейсызық талдаудың қазіргі заманғы әдiстерiмен таныстырып, бұл әдiстердi MatLab жүйесi көмегiмен iс жүзiнде қолдануға үйрету Мазмұны: Сигналдарды талдаудың міндеттері. Сигналдар классификациясы. Динамикалық хаос теориясы туралы түсінік; хаостық динамика; аттракторлар; бифуркациялық диаграммалар; Ляпунов көрсеткіші, оны есептеу әдісі. Энтропиялық талдау. Фракталдар. Фракталдық өлшемділік. Сигналдардың фракталдық талдауы. Мультифракталдар.

Әлемнің ұлғаю заңдылықтары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді қазіргі заманғы астрономияда қолданылатын наноэлектрондық және оптикалық құралдардың физикалық негіздері, жұмыс істеу принциптері, қасиеттері мен сипаттамалрымен таныстыру Мазмұны: Нанометрлік өлшемді объекттердің физикалық қасиеттері. Сканергіш туннелдік микроскопия. Сканергіш туннелдік микроскопия көмегімен наноқұрылымдарды қалыптастыру. Атомдық деңгейдегі өзқауым процестер негізінде наноқұрылымдарды қалыптастыру. Фуллерены. Көміртегілік нанотүтікшелер.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Жалпы астрономия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Инновациялық кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – студенттердің бойында микродеңгейде және макродеңгейде инновациялар экономикасы саласындағы білім кешенін қалыптастыру. Инновациялық кәсіпкерлік курсында теориялық материалмен қатар белгілі бір саладағы инновациялық дамудың тәжірибелік проблемалары қарастырылады. Макродеңгейде студенттер инновациялық үдерістің теорияларымен, инновациялық дамудың концепцияларымен, инновациялардың жалпы сипаттамасымен танысады. Микродеңгейде курс құрамында инновацияларды жүзеге асырудың түйінді факторлары, инновациялық компанияны құру және дамыту, инновациялық стратегияны таңдау, инвестицияларды тарту сияқты сұрақтар қарастырылады.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение