Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Дене шынықтыру және спорт

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - білім бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» Білім беру программасы

Халықаралық аккредиттеу: ACQUIN
Программа: 5В010800-Дене шынықтыру және спорт
Оқыту деңгейі: бакалавриат
Емтихандар:
• міндетті пәндер ұлттық бірыңғай тестілеуден немесе кешенді тестілеудің етіледі: Қазақ немесе орыс тілдері; Қазақстан тарихы.
• Арнайы (шығармашылық) емтихандар екі норматив түрінде өткізіледі: жалпы дене шынықтыру дайындық (ОФП); спорттық бойынша мамандандыру.
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 4, 3 и 2 жыл
Кәсіби қызметтің түрлері: мемлекеттік, қоғамдық, жеке білім беру мекемелерінде, дене шынықтыру мен спорттық саланың басқару фирмалары мен органдарында; дене шынықтыру мен спорттық және медико-биологиялық профильдегі дене шынықтыру және психикалық денсаулықты қарастыратын ғылыми-зерттеу мекемелерінде және т.б.
Профильді пәндер:
• Дене шынықтыру және спорт тарихы • Гимнастика • Анатомия, спорттық морфология негіздері
• Олимпиадалық қозғалыс және кәсіби спорт • Жеңіл атлетика
• Қозғалыс әрекетінің биомеханикасы
• Дене шынықтыру және спорт теориясы • Ұлттық спорт және жылжымалы ойындар • ДШ жәнеС биохимиясы
• ДШ және С педагогикасы • Туризм • Адам физиологиясы (жалпы және жас ерекшелігі)
• ДШ және С психологиясы • Спорттық ойындар • Спорттық медицина. Гигиена
• ДШжәне С инновациялық технологиялар
• Шаңғы спорты • Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
• Дене шынықтыру және спорттың әдістемесі • Жүзу • Биоырғақ және спорт
• Жаттықтырушылық және педагогикалық тәжірибенің әдістемелік негіздері • Футбол • Cалауатты өмір салтының негіздері
• Дене шынықтыру және спорт менеджменті • Спорттық құрылыстар


Білім беру артықшылықтары:
• Студенттерді ғылыми зерттеулерді өткізуге, жетілдіруге, құрастыруда дайындау және дене шынықтыру сабағы бойынша оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу;
• алынған білім мен нәтижелерді дене дайындық жүйесін, дене тәрбиесін, спорттық жаттықтыруда, рекреацияда, қалпына келуде іске асыру.
• возможность получить качественное образование и необходимые условия для повышения спортивного мастерства, добиваясь высоких спортивных достижений на Олимпийских Играх, Всемирных Универсиадах и Чемпионатах Мира и др.
• С целью стимулирования студентов в учебе и спорте в университете на основании положения «О присвоении именных стипендий» высококвалифицированным студентам-спортсменам присваиваются именные стипендии по 4-м категориям.

Халықаралық қатынастар: Кафедра Еуразиялық Университеттер Ассоциациясы (КҒӘО ЕУА Ломоносов атындағы ММУ) негізінде дене тәрбиесіндегі ғылыми-әдістемелік координациялық Орталықтың мүшесі болып табылады, көптеген шетелдің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста:
• М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
• Владимир мемлекеттік университеті
• Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті
• Новосібір мемлекеттік техникалық университеті
• Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университеті
• Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті
• П.Ф. Лесгафт атындағы дене шынықтыру, спорт және денсаулық ұлттық мемлекеттік университеті

Практика өткізілетің орындары мен жұмыспен қамту мүмкіндіктері: балалар-жасөспірімдер спорттық мектептер, республикалық жоғары спорт шеберлері мектептер, спорт клубтар, , спортқа бейімді арнайы интернаттар және колледждер, спорт түрлері бойынша ҚР Федерациялар, қалалық және аудандық жалпы білім беру мектептер

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Дене шынықтыру және спорт
Мамандық шифры
5B010800
Факультеті
Медициналық факультеті - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Творческий экзамен2
Профильдік пәні
Творческий экзамен2
Өту балы
ҚАЗ
87
ОРЫС
83

пәндер

Адам физиологиясы (жалпы және жас ерекшелігі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Курстың мақсаты – студенттерге адам организмінің өміртіршілік процесстерінің физиологиялық негіздерімен олардың қоршаған ортамен байланысын және біртұтастығын корсетіп түсіндіру. “Адам физиологиясы (жалпы және жас)” курсы студенттерді адам организмінің өміртіршілік заңдылықтарымен жасқа қарай ерекшеліктерімен таныстырып олардың физиологиялық реттелуін көрсетіп түсіндіру " "физиологияның теориялық және методологиялық негіздерін білу; организмнің вегетативтік функцияларының механизмдері мен заңдылықтарын білу; организм мүшелерінің арақатынасын және қоршаған ортамен байланысын көрсетіп түсіну; организмнің жас ерекшеліктерінің негіздерін білу; функционалды жағдайды бағалау әдістерін білу; игерген білімдерін организмнің функцияларын басқару әдістерін практикалық жұмысында қолдана білу"

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Анатомия, спорттық морфология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Биоырғақ және спорт
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Оқыту барысында студенттерге биологиялық ырғақтардың дұрыс қолдану арқылы спорттық жетістіктерін арттыру барысынды биопроцестердің ерекшеліктері мен оның объектілері, биологиялық процестеріне қатынастары жөнінде терең және жан-жақты білім беріледі. Студенттер биоырғақтылықтың уақытаралық құрылымының негізгі заңдарымен танысады. "спорт пен биоырғақтардың көрсеткіштерінің негізін білуі керек, биологиялық ырғықтыр құрылымын, десинхроноз қандай жағдайда пайда болатының білуі керек, осцилляторлар, пейсмекер және биологиялық ырғақтардың туу ерекшеліктерің білуі керек "

Биоырғақ және спорт
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Оқыту барысында студенттерге биологиялық ырғақтардың дұрыс қолдану арқылы спорттық жетістіктерін арттыру барысынды биопроцестердің ерекшеліктері мен оның объектілері, биологиялық процестеріне қатынастары жөнінде терең және жан-жақты білім беріледі. Студенттер биоырғақтылықтың уақытаралық құрылымының негізгі заңдарымен танысады. "спорт пен биоырғақтардың көрсеткіштерінің негізін білуі керек, биологиялық ырғықтыр құрылымын, десинхроноз қандай жағдайда пайда болатының білуі керек, осцилляторлар, пейсмекер және биологиялық ырғақтардың туу ерекшеліктерің білуі керек "

Гимнастика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене тәрбиесі және спорт менеджменті
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -«Дене шынықтыру және спорттық менеджмент» атты пән ЖОО-да кеңінен жүргізіліп жүрген пәндердің бірі. Ол әсіресе дене шынықтыру және спорт факультеттеріне арналып, болашақ спорт мамандарын мекемені басқару саласы бойынша жалпы ілімдік және тәжірибелік білім беру. "Ұжымды басқарудың негізгі ілімдері туралы біртұтас түсінік қалыптастырып, алған білімдерін дене шынықтыру және спорттық ұжымдардың жетекшісі жұмсысында қолдана білу; Нарықтық экономика жағдайында дене шынықтыру және спорт саласындағы басқару технологияларының принциптері мен заңдылықтарымен танысу; Студенттерді басқарудың жаңа әдістерімен, дене шынықтыру және спорт саласындағы мекемелерді басқарудың технологияларымен, басқару шешімдерін қабылдауға байланысты білімдермен қаруландыру; Спорттық мекемелерде психологиялық ортаны, қызметкерлер арасында қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған тәсілдерді үйрету мақсатымен басқарудың негізгі аспектілерімен таныстыру; Дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктер туралы мәліметтерді талдап пайдалану машықтарын қалыптастыру. "

Дене тәрбиесі және спорт тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Дене тәрбиесі және спорт теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -Оқыту барысында студенттерге дене шынықтыру және спорттың теориялық тұрғыдан қалыптасу, даму кезеңдерімен қатар, дене тәрбиесі және спортта қолданылатын қағидалар, әдістемелер, дене қуатын арттыру жолдарының теориялық мәселелері қаралады, сонымен қатар таңдаған спорт түрлерін ескере отырып оқыту, жаттықтыру бойынша теориялық білім беріледі. "Дене шынықтырудың негізгі қағидалары мен түсініктерін, терминдерін түсіндіреді; нақты тәжірибелік жағдайларда теорияларды, әдістерді, заңдарды қолданады; дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдері арасындағы өзара қарым қатынасын анықтайды; адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып дене тәрбиесі жүйесінің маңызы. "

Дене тәрбиесінің және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді дене шынықтыру және спорт түрлерімен айналысу барысындағы ағзаның қызметтерімен және олардың реттелу механизмдерімен таныстыру. Сонымен қатар келешек мамандарды өздерінің практикалық жұмысында қолданылатын әдістерді үйрету. "дене шынықтыру және спорт барысында балалармен жасөспірімдердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін білу; ағзаның қызметінің физиологиялық заңдылықтарының негіздерін білу; дене қимыл қажеттілігінің психолого-физиологиялық механизмдерінің қалыптасуын білу; спорт түрлеріндегі арнаулы жүктемелерге бейімделу физиологиялық заңдылықтарының негіздерін білу; дене шынықтыру және спортпен айналысу барысында ағзаның жағдайын білу мақсатымен медико- биологиялық бақылау әдістерін үйрену; дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелеріндегі әдістемелік және ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдана білу. "

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дене шынықтыру және спорт педогогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Салауаттты өмір сүру негідерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.Дене тәрбиесі жеткіншек ұрпаққа нысаналы тәрбие беру, адам денсаулығын сақтау және нығайту, дененің дұрыс дамып қалыптасуы "педагогикалық қағидаларды біледі; жаттықтыру, оқу және тәрбиелік үрдісте педагогикалық негіздердің теориясын, заңдарын қолданады; дене шынықтыру және спорттық тәрбиелеудің маңызын біледі; адамдардың қарым-қатынасын, сыйластық, адамгершілігін тәрбиелеуде педагогикалық пәндердің теориясын қолданады; өсіп келе жатқан ұрпаққа педагогикалық қағидалардың әсерін бағалайды."

Дене шынықтыру және спорт психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Пәнді оқыту мақсаты: Спорт психологиясының ғылыми-ілімдік және тәжірибелік негіздерін ашу. Бұл пәнді оқыту спорттық іс-әрекеттің заңдылықтырын,қайшылықтарын, өзәндәк сипатын оқып-үйренуде, жаттықтырушы мен спортшыға жаттығу, жарыс кездерінде көмек жасауға бағытталған. " "педагогикалық қағидаларды біледі; жаттықтыру, оқу және тәрбиелік үрдісте педагогикалық негіздердің теориясын, заңдарын қолданады; дене шынықтыру және спорттық тәрбиелеудің маңызын біледі; адамдардың қарым-қатынасын, сыйластық, адамгершілігін тәрбиелеуде педагогикалық пәндердің теориясын қолданады; өсіп келе жатқан ұрпаққа педагогикалық қағидалардың әсерін бағалайды."

Дене шынықтыру және спорт тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Дене шынықтыру және спорттың әдістемесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Студенттерге дене шынықтыру мен спорт мамандығын меңгерудегі терең әдістемелік инновациялық білім берумен қатар, дене тәрбиесі және спорт мамандарына осы пәндегі қолданылатын әдістемелерін тәжірибеде дұрыс қолдана білуін үйрету Жеке тұлғаның дене шынықтыру дағдыларын қалыптастыру әдістеріне, құралдарына, негізгі принциптерін, міндеттерін, мақсаттарын, оқытудағы жаңа тәсілдерге сабақтарын құруды, жоспарлауды, бақылауға, және есеп жүргізуді біледі.

ДТ және С инновациялық технологиялары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттерге дене шынықтыру мен спорт мамандығын меңгерудегі терең әдістемелік инновациялық білім берумен қатар, дене тәрбиесі және спорт мамандарына осы пәндегі қолданылатын әдістемелерін тәжірибеде дұрыс қолдана білуін үйрету "дене шынықтыру және спорттағы инновациялық технологияларды біледі, түрлі қозғалыс қабілеттері мен сапаларын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін стандартты емес шешімдерді қолданады; спорттық жаттықтыру үрдісіндегі физикалық сапаларды және техникалық іскерлік пен дағдыны жетілдіруді біріктіреді, жаттықтыру жүктемесінің маңызды параметрлерін нақты басқару мен бақылау үшін қажет жағдай құрады. "

ДШ және С биохимиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Студенттерді тірі организмдердің (өсімдік, жануар, бактерия) химиялық құрамы, олардың қасиеттері, клеткада атқаратын ролін, тірі организмдердің химиялық құрамының бірлігін, дене шынықтыру және спортпен айналысқан адамның ағзасында жүретін биохимиялық процестермен таныстыру. Биохимияның лабораториялық сабақтары студенттердің теориялық білімдерін тұрақтандыра отырып, ол өз кезегінде студенттердің өз бетінше ғылыми ізденістік жұмыстармен шұғылдануына бейімдейді " "биохимия пәні бойынша теориялық білім; биохимия саласындағы зерттеулердің негізгі принциптерін білу; биохимиялық реакциялардың нәтижелерін зерттеуге арналған приборларды жұмыс жағдайына келтіру және оларды пайдалану. спорттық жаттығулар кезіндегі биохимиялық процестерді түсіне білу "

Жаттықтырушылық және педагогикалық практика әдістемелік негізі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттерге білім беру, жаттықтыру және педагогикалық практика өту кезінде оқу-спорттық, дене-сауықтыру, тәрбиелік, ұйымдастыру түрлерін дағдыландыру. Пәннің міндеті: студенттерге жаттықтыру және педагогикалық практика жөнінде теориялық білім беру; студенттерге практика өтетін жалпы білім беру, мектептердегі басқармалық ісін игерту; студенттерге практика өтетін жалпы білім беру мектептеріндегі іс-қағаздар жүйесімен таныстыру. "Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны және жүйесі туралы толық ақпаратты білу; Мектептегі оқу-әдістемелік құжаттамаларды жасау мен жүргізуді меңгеру; Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық шараларды өткізе білу; Оқу-әдістемелік құжаттамаларды жасау мен жүргізуді меңгеру. "

Жеңіл атлетика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жүзу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттерге жүзудің спорттық тәсілдерін және оқыту әдістемесін, жүзудің кәсіптік педагогикалық, бапкерлік, дене шынықтыру және спорттың әр түрлі саласында ұйымдастыру жұмыстарында пайдалана білуді үйрету "физикалық жаттығулардың сауықтыру және қолданбалы маңызы бар спорттың түрлері ретінде жүзудің даму тарихын білу; жүзу әдісінің спорттық және қолданбалы техникасының негіздерін білу; жүзуді оқытудың қағидаларын, әдістері мен тәсілдерін білу ; жүзу сабағын қауіпсіз ұйымдастыру мен өткізудің ережелерін, нормасын және қауіп-қатер факторларын білу; әртүрлі бөлімдегі дене шынықтырудың жүйесіндегі жүзудің теориясы мен әдістемесін оқытудың негіздерін білу; Оқытудың дидактикалық қағидаларын түсіндіреді және оны оқыту мен жетілдіруде қолданады; оқытудың қимыл-қозғалыс реттілігінің теориялық негіздерін қолданады; оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін, тәжірибелік дағдыларды қолданады; жүзуде арнайы және жалпы дамыту жаттығуларының оқыту әдістемесін игереді. "

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс керамикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Қозғалыс әрекетінің биомеханикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттерді жаттығу барысында дәстүрлі әдістермен тәсілдерді пайдалануда дене шынықтыру мен спорттық жаттығуларда болжамды әсерлер болуындағы байланыстармен таныстыру; үйрету және жаттығу барысында адамның қозғалыс әрекеттерінің құрделілігімен бірге, олардың көптеген әсерлерінен тәуелділігімен қоса олардың құбылмалығы туралы түсініктер беру; қозғалыс әрекеттерінің биомеханикалық негіздерінің техникасымен таныстыру; жоғары спорттық нәтижеге жетуге бағытталған биомеханикалық технологияларды қалыптастыруда және қозғалыстарды әбден жетiлдiру туралы ұғымды студентке жеткізу. адамның қозғалыс әрекеттерінің құрделілігін бірге, олардың көптеген әсерлерінен тәуелділігімен қоса олардың құбылмалығы туралы білуі керек; қозғалыс әрекеттерінің биомеханикалық негіздерінің техникасын білуі керек; жоғары спорттық нәтижеге жетуге бағытталған биомеханикалық технологияларды қалыптастыруда және қозғалыстарды білуі керек.

Олимпиадиалық қозғалыс және кәсіби спорт
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Салауатты өмір салты негізі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бағдарлама мақсаты студенттердің денсаулыққа кең ауқымды іскерлік пен мотивациялық-құндылықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру және атақтылыққа бағытталған іскерлік, дағды және білімнің жүйелілігін және бір ізділігін қалыптастыру болып табылады. - әр түрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі денсаулықты сақтау саласындағы ұйымдастыру негізінің теориясы мен тәжірибесін; адамның денсаулығын қалыптастыру бойынша қазіргі ғылыми білім негіздері, денсаулықты сақтау саласындағы жаратылыстану пәнінің негізгі заңдары, теориялық және экспериментальдық зерттеудің әдістері білу; - ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін, жұмысқақабілеттілікті қалпына келтіру факторы ретінде дене шынықтыру әдістерін, табиғи күштерді және т.б. саналы түрде қолдана білуді қалыптастыра білу. - теориялық және экспериментальдық зерттеудің әдістері арқылы денсаулықты сақтау саласында жаратылыстану пәнінің заңдарын; адамның салауатты өмір салтын анықтайтын жағдайы мен анықталған бағалық критерияларын меңгерудегі әдістер мен тәсілдерді меңгеру.

Салауатты өмір салты негізі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бағдарлама мақсаты студенттердің денсаулыққа кең ауқымды іскерлік пен мотивациялық-құндылықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру және атақтылыққа бағытталған іскерлік, дағды және білімнің жүйелілігін және бір ізділігін қалыптастыру болып табылады. - әр түрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі денсаулықты сақтау саласындағы ұйымдастыру негізінің теориясы мен тәжірибесін; адамның денсаулығын қалыптастыру бойынша қазіргі ғылыми білім негіздері, денсаулықты сақтау саласындағы жаратылыстану пәнінің негізгі заңдары, теориялық және экспериментальдық зерттеудің әдістері білу; - ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін, жұмысқақабілеттілікті қалпына келтіру факторы ретінде дене шынықтыру әдістерін, табиғи күштерді және т.б. саналы түрде қолдана білуді қалыптастыра білу. - теориялық және экспериментальдық зерттеудің әдістері арқылы денсаулықты сақтау саласында жаратылыстану пәнінің заңдарын; адамның салауатты өмір салтын анықтайтын жағдайы мен анықталған бағалық критерияларын меңгерудегі әдістер мен тәсілдерді меңгеру.

Спорттық құрылымдар
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Спорттық құрылыстар» курсы міндеттерінің жүйесі спорттық-педагогикалық әрекет үшін ұтымды жағдайларды және дене шынықтыру мен айналысатын орындарда жабдықтау құралдарын ашу, түсіндіру мен негіздемелеу, оларды қолданудың оңтайлы әдістері мен олардың қызмет етуінің мақсатқа сай нысандарын табуға негізделген. "спорттық құрылыстар туралы қажетті теориялық білімдерді меңгеру және бұл білімдерді тәжірибелік қалып, дағдылар түрінде қолдану амалдарын меңгеру; спорттық құрылыстарды дамыту және қолдану мәселелерін шешу дайындығы кіретін шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру; Әрекет нәтижелері мен амалдарына, сонымен қатар қоғамдық еңбек құрған материалдық құндылықтарға тыңғылықты қатынасынан көрінетін еңбектің жоғары мәдениетін тәрбиелеу. "

Спорттық медицина. Гигиена
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -"Мақсаты: дене шынықтыру мен спорттың әр түрлі тәсілдерін, әдістерін дұрыс қолдану арқылы жаттығушының денсаулығын нығайтуына, келісті дамып-өсуіне, жұмыс қаблетінің артып, өмір-жасының ұзаруына қажетті білімдерін қалыптастыру. " "студент дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануда медциналық­педагогикалық жұмыстардың ұйымдастырылу қағидаларын меңгереді ағзаның фунционалдық жағдайларын тексерудегі фунционалдық санымаларды дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді меңгіреді, қажу мен шамадан тыс жаттығудың белгілері туралы түсінігі қалыптасады"

Спорттық ойындар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттерге ұлттық спорт түрлерін және қимыл-қозғалыс ойындарды педагогикалық және ұйымдастырушылық жолдарын үйрету. Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу және дене тәрбиесінің міндеттерін білім беруде, сауықтыруда, түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалармен дене тәрбиесі барысын ұйымдастыру; этнопедагогика, этнопсихология арқылы халықтық ұлттық ойындарының негіздерімен танысу және басқа халықтардың ойындарының жаттығуларымен танысуү. "Өз мамандығының жеке және әлеуметтік маңызын түсіну және тану; Жалпы білім беретін мектептердің жағдайында ұлттық спорт түрі және жылжымалы ойындар мектеп жастағы балаларды арнайы білім жүйелеріне үйрету; Келешек дене шынықтыру және жаттықтырушы жұмыстарына қажетті коммуникативті және кәсіби мүмкіншіліктеріне ие болу; Мектептердегі дене тәрбиесінің жоспарлауы, бақылауы және әдістемесін игеру; Оқу материалдарына жеке жұмыстар жасаумен дағдылану; «Ұлттық спорт түрі және жылжымалы ойындар» пәніне әдістемелікпен дайын болады; Кәсіби дайындық пен оқуда шығармашылық белсенділік таныту; "

Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туризм
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – туризм саласында спортты және белсенді саяхатты ұйымдастыруға, туризм оқыту әдістемесіне қажетті білім, ептілік және дағды беру. Оқытудың дидактикалық қағидаларын түсіндіреді және оқытуды, жетілдіруде қолданады; қимыл-қозғалыс әрекеттерін оқытудың теориялық негіздерінің реттілігін қолданады; оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін, тәжірибелік дағдыларды қолданады; туризмнің арнайы жаттығуларын оқытудың әдістерін игереді.

Ұлттық спорт және жылжымалы ойындар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттерге ұлттық спорт түрлерін және қимыл-қозғалыс ойындарды педагогикалық және ұйымдастырушылық жолдарын үйрету. Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу және дене тәрбиесінің міндеттерін білім беруде, сауықтыруда, түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалармен дене тәрбиесі барысын ұйымдастыру; этнопедагогика, этнопсихология арқылы халықтық ұлттық ойындарының негіздерімен танысу және басқа халықтардың ойындарының жаттығуларымен танысуү. "Өз мамандығының жеке және әлеуметтік маңызын түсіну және тану; Жалпы білім беретін мектептердің жағдайында ұлттық спорт түрі және жылжымалы ойындар мектеп жастағы балаларды арнайы білім жүйелеріне үйрету; Келешек дене шынықтыру және жаттықтырушы жұмыстарына қажетті коммуникативті және кәсіби мүмкіншіліктеріне ие болу; Мектептердегі дене тәрбиесінің жоспарлауы, бақылауы және әдістемесін игеру; Оқу материалдарына жеке жұмыстар жасаумен дағдылану; «Ұлттық спорт түрі және жылжымалы ойындар» пәніне әдістемелікпен дайын болады; Кәсіби дайындық пен оқуда шығармашылық белсенділік таныту; "

Философия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру; студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Футбол
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - студенттерге ойын ережелерін, техникаларын, тактикаларын оқыту бойынша білім беру, оларда мектеп тер мен коллеждерде футбол бойынша сабақ беруге мүмкіндік беретін кәсіби-педагогикалық іскерліктерді қалыптастыру, әр түрлі дене шынықтыру шараларында футбол бойынша бұқаралық әрі спорттық жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруды үйрету "Өз мамандығының жеке және әлеуметтік маңызын түсіну және тану; Жалпы білім беретін мектептердің жағдайында футбол спорт түрін мектеп жастағы балаларды арнайы білім жүйелеріне үйрету; Келешек дене шынықтыру және жаттықтырушы жұмыстарына қажетті коммуникативті және кәсіби мүмкіншіліктеріне ие болу; Мектептердегі дене тәрбиесінің жоспарлауы, бақылауы және әдістемесін игеру; Оқу материалдарына жеке жұмыстар жасаумен дағдылану; «Футбол» пәніне әдістемелікпен дайын болады; Кәсіби дайындық пен оқуда шығармашылық белсенділік таныту; "

Шаңғы спорты
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Осы оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша ел тұрғындары арасында сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білімдер мен біліктіліктерді игеруді қарастырады. Міндетті курс бойынша оқылатын «Шаңғы спорты» пәні мамандануы бойынша оқу материалды оқыту және жаттықтыру теориясы мен әдістемесінен шаңғы спорты түрлері бойынша жаттықтырушының кәсіптік-педагогикалық қызметі үшін аса маңызды тәсілдерді, тәжірбиелік біліктіліктер мен дағдыларды меңгерген жоғары білікті жаттықтырушы – мамандарды дайындауды қарастырады "шаңғы спорт түрлерін атап, сөзбен жеткізе білу, олардың шыққан туралы тарихи карталарды қолдану; дене шынықтыру және спорттық үйымынын сыртқы экономикалық әрекетін білу; өз бетімен және тиімді әрекетке дайын болу, дене шынықтыру және спорт саласындағы танымдық нәтиже; шаңғы спорттың тұрлерінің шыққан тарихын білу, шет елдердегі спорттык және оқу-әдістемеліқ, буқаралық сауықтыру үйымының таңдаулы тәжірибесі;"

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Scientific writing
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Адам организімін сауықтыру әдістемелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста жеке тұлғаның гармониялық дамуының, оның денсаулығын нығайтудың және физикалық жетілуінің қосымша бөлігі ретінде дене шынықтыру, спорттық дайындалу, қозғалыс рекреациялар және реабилитациялардағы жалпы және нақты мақсаттар мен міндеттер қарастырылады. физикалық реабилитацияның әр түрлі кезеңіндегі науқастың қалпына келудегі емделуінің сұрақтарын білу; дене шынықтыру, спорттық дайындалу, қозғалыс рекреациялар және реабилитациялардағы жалпы және нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтай алу; науқастың қалпына келудегі емделуінің әр түрлі кезеңдегі массаж бен емдік гимнастика процедурасын өткізе алу;

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Бейімдеу дене тәрбиесінің териясы мен ұйымдастырылуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің мақсаты болып студенттерді пәннің құрылымымен, әлеуметтік бейімделу формаларымен және мүгедектердің дене шынықтыру әдістерінің реабилитациясымен таныстыру болып табылады. Модульде экологиялық физиологияның заманауи концепциясы және организмде болып жатқан химиялық заңдылықтар, бейімделу, гомеостаз түсінігі беріледі. Модуль студенттерге дене шынықтыру және спорттың кәсіби саласына қажет жаратылыстану ғылымының негізі жайлы білім береді; мүгедектермен жұмыс және бейімдік дене шынықтыру бойынша дағдыны қолдана алу; дене шынықтыру және спорттың ғылыми-практикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін қосымша медико-биологиялық сұрақтарды меңгеру.

Емдік дене шынықтыру. Массаж
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульде емдік дене шынықтыру және массаж пәнінің әдіс, тәсілдерін функционалдық мүмкіндіктері шектелген науқастарға емдеу-сауықтыру, қайта қалпына келтіру орталықтарында дәрі-дәрмекті қолданбай емдік жаттығулар мен массаж арқылы емдеуді шыңдау, қажетті білімді қалыптастыру. дене шынықтыру және спорт бойынша кәсіби салада қажет жаратылыстану-ғылыми негіздерін білу; әр түрлі аурулары мен жарақаттары бар науқастарды емдеу үшін массаж әдістерін және ЕДШ әдістерін қолдана білу; дене шынықтыру және спорттың ғылыми-тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін қосымша медико-биологиялық сұрақтарды игеру.

Емдік дене шынықтыру. Массаж
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульде емдік дене шынықтыру және массаж пәнінің әдіс, тәсілдерін функционалдық мүмкіндіктері шектелген науқастарға емдеу-сауықтыру, қайта қалпына келтіру орталықтарында дәрі-дәрмекті қолданбай емдік жаттығулар мен массаж арқылы емдеуді шыңдау, қажетті білімді қалыптастыру. дене шынықтыру және спорт бойынша кәсіби салада қажет жаратылыстану-ғылыми негіздерін білу; әр түрлі аурулары мен жарақаттары бар науқастарды емдеу үшін массаж әдістерін және ЕДШ әдістерін қолдана білу; дене шынықтыру және спорттың ғылыми-тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін қосымша медико-биологиялық сұрақтарды игеру.

Емдік дене шынықтыруда қолданылатын дене жаттығулары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Емдік шөптер және БАД
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерге талдау мен бақылау саласындағы іскерлік пен дағдыға, сонымен қатар табиғи түрдегі емдік өндіріс үшін фармацептикалық өнеркәсіпте қолданылатын өсімдік шикізатының және өнімнің ресми түрлерін стандарттау болып табылады. Жануарлар түрінен алынатын және емдік өсімдік шикізатының ресми түрлеріне НҚ талаптарын білу; дәріханалар мен қоймалардағы шикізаттың сапасын тексеру үшін шикізаттың репрезентативтік пробасын іріктеу ережесі; емдік өсімдіктердің шикізат базасы мен емдік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастырудың сипаттамалары; емдік өсімдіктерді қорғау, рационалды және қолдану мемлекеттік шаралар жүйелері емдік өсімдік шикізат сапасын бақылау және талдаумен байланысты нормативтік құжаттар мен ғылыми, атақты ғылыми әдебиеттерді пайдалана білу; гербарий және тірі күйіндегі емдік шөптерді морфологиялық белгілері бойынша анықтау.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

ЖБТ 1Маманданған спорт түріндегі ғылыми зерттеу жұмыстары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Берілген курс жоғары дәрежедегі спортшылардың жаттығу процесіндегі инновациялық технологияларды, білім беру саласында инновациялық жобаларды және заманауи білім берудегі реформаларды құрайды. жоғары дәрежедегі спортшылардың жаттығу процесіндегі инновациялық технологияларын білу; электронды технологиялардың көмегімен оқу саласының басқару негізін білу; спортшының дайындық деңгейін бағалай білу; жаттығу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, жарысты өткізу, ҒЗЖ бар бақылау бойынша дағдылана білу;

ЖБТ 2 Педиатриядағы сауықтыру дене тәрбиесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста балалар емдік-профилактика мекемелеріндегі: стационарда, поликлиникада, мектепке дейінгі және мектептегі, балалар үйіндегі ЕДШ өткізуді ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады; Нормативтік құжаттар. Балалардың жасына және аурудың нозологиялық формасы т.б. қарай ЕДШ ұйымдастыру ерекшелігі.физикалық дамуды анықтау әдісін және оны бағалауды өткізе біледі; ересектер мен балалардың әр түрлі ауру кезіндегі емдік дене шынықтыру процедурасын өткізудегі конспектін құрудың жоспарын ұсынады; спорттық және емдік-профилактикалық мекемелерде сабақта физикалық жаттығуды қолдану арқылы дәрігерлік-педагогикалық бақылауды өткізуді бағалайды;

ЖБТ 2 Сауықтыру дене тәрбиесінің ғылыми негізі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Оқытудың мақсаты – емдік дене шынықтыру (ЕДШ) сұрақтары бойынша ғылыми және тәжірибелік дағдыларды, спортшылар мен дене шынықтырумен шұғылданатындардың функционалдық жағдайын бағалау мақсатында дәрігерлік бақылауды өткізуді ұйымдастыра алу. зерттеудің функционалдық әдісін және оны бағалауды білу; оқу процесі, кәсіби және спорттық салада функционалдық бұзылудың, аурудың және жарақаттың себептері мен факторларын талдау және жалпылай алу; функционалдық сынамалар мен физикалық даму көрсеткіштерін өлшеуді өткізе білу.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Жоғарғы таулы аймақ физиологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста экологиялық физиологияның заманауи концепциясы, организмде болып жатқан физикалық және химиялық заңдылықтар, бейімделу, гомеостаз түсінігі қарастырылады. организмдегі гомеостазды тұрақтандыруда қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдер жайлы сұрақтарды білу.

Инновациалық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттердің бойында өндірістік саладағы кәсіпкерлік сферасында ұтымды сәтті қызмет атқару, нарық жағдайында инновациялық қызметпен айналысу, материалдық өндірістегі тәуекелді инвестицияларды басқару саласындағы қажетті құзіреттерді игеруді қамтамасыз ету болып табылады.Экономикалық өсудің заманауи нысандары мен үдерістері жайлы білуі тиіс; нарықтағы шаруашылық субъектісінің экономикалық ахуалын бағалай алуы керек, инновациялық тактиканы таңдай алуы тиіс, бәсекелестік артықшылықтарды иелену және сақтап қалу жолдарын игеруі тиіс.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Массаж негізі (жалпы және физиологиялық)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Массаж» пәнін меңгерудегі мақсаты студенттерде спортта, рекреациалық тәжірибеде, сондай-ақ, споттық жарақатта массажды қолданудың жалпы принципі мен әдістемелік ережелері жайлы ой қалыптастыру.массаждың жеке мүшелер мен жүйелерге және толық организмге әсер ету механизмін; массаждың гигиеналық негіздері, оны орындаудағы көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерінің қағидаларын анықтайды; массаждың жіктелуі мен түрлерін қолданады; массаждың негізгі тәсілдері мен оның адам организміне әсерін білу бағалайды;

Массаждағы қолданылатын жеке әдістемелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста массаждың анатомо-физиологиялық және гигиеналық негіздемелері жайлы ақпараттар, оны өткізудегі көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, массаждың жіктелуі беріледі. Массаждың алдын ала және қалпынга келудегі жеке әдістемесі мен техникасы, сондай-ақ, спортпен байланысты аурулар мен жарақаттар кезіндегі массаж бойынша дағдылар үйретіледі. спорт пен туризмде, сондай-ақ, олармен байланысты аурулар мен жарақаттарды емдеудегі массаждың негізгі ерекшеліктерін қолдана білу; спорт пен туризммен байланысты кең таралған аурулар мен жарақаттар кезіндегі емдік массаж сеансын өткізе алу; спорттық және гигиеналық массажды өткізудің жеке әдістемесін өткізе алу;

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Сауықтыру гимнастикасының анатомдық-топографикалық негізі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Сауықтыру дене тәрбиесінде қолданылатын жеке әдістемеле
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста емдік дене шынықтырудың және асқазан, қан, зат алмасу, бүйрек және зәр шығару жолдарының, тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы мен ауру кезіндегі және т.б. аурулары бар науқастың реабилитациясының жеке әдістемелері қарастырлады. физикалық реабилитация әдістерінің әр түрлі кезеңіндегі науқастың қалпына келудегі емделуін өткізуді ұйымдастыруын білу; физикалық реабилитация әдістерінің әр түрлі кезеңіндегі науқастың қалпына келудегі емделуін өткізуді ұйымдастыруа білу; ауруды есепке ала отырып денсаулық тобын анықтай алу және дене шынықтыру сабақтары және белгілі спорт түрін тадау үшін ұсыныстар беру; ересектер мен балалардың әр түрлі ауру кезіндегі емдік дене шынықтыру процедурасын өткізудегі конспектісін құруға дағдылануы;

Сауықтыру дене тәрбиесінде қолданылатын жеке әдістемелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста емдік дене шынықтырудың және асқазан, қан, зат алмасу, бүйрек және зәр шығару жолдарының, тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы мен ауру кезіндегі және т.б. аурулары бар науқастың реабилитациясының жеке әдістемелері қарастырлады. физикалық реабилитация әдістерінің әр түрлі кезеңіндегі науқастың қалпына келудегі емделуін өткізуді ұйымдастыруын білу; физикалық реабилитация әдістерінің әр түрлі кезеңіндегі науқастың қалпына келудегі емделуін өткізуді ұйымдастыруа білу; ауруды есепке ала отырып денсаулық тобын анықтай алу және дене шынықтыру сабақтары және белгілі спорт түрін тадау үшін ұсыныстар беру; ересектер мен балалардың әр түрлі ауру кезіндегі емдік дене шынықтыру процедурасын өткізудегі конспектісін құруға дағдылануы;

Сауықтыру дене тәрбиесіндегі қолданылатын жаттығулар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Спорттық медицина мен сауықтыру дене тәрбиесінде қолданылатын функционалдық зерттеу әдістемелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың тексерілуін ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады. Спорттың жеке түрдегі сабақтарына байланысты дәрігерлік тексерілу: спорттық анамнез, денсаулықты бағалау және дене жүктемесі кезіндегі функционалдық жағдай қанайналу, тынысалу, жүйке-бұлшықет аппаратының әдісінің ерекшеліктері. спортпен шұғылданатын жеткіншектердің және балалардың дәрігерлік бақылау ерекшеліктерін білу. әйелдер организмінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін және дене жүктемесіне реакциясын, әйелдердің спорттық морфотипін білу. – тестілеудің нәтижелерін бағалау критерилерін білу. тестілеу әдістерін: велоэргометрия, степ-тест, тредмильдегі тестті қолдана білу. ЕДШ және спортта иммунологиялық бақылау мен биохимиялық әдістерді меңгеру.

Спортшы тамақтануының негізі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Нутрициология негіздері» пәнін меңгерудің мақсаты студенттерде адамның жоғары жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығын сақтаудағы, сонымен қатар спорттық салада толық балансталған тамақтанудың маңызы жайлы білімді қалыптастыру. негізгі тағамдық заттардың физиолого-гигиеналық маңызын, осы заттардың организмге қажеттілігін анықтайтын факторларды білу. Ұтымды тамақтанудың негізгі принциптері; әр түрлі маманданудағы спортшылардың тамақтану ерекшеліктері; алынған білімді адамның тиімді тамақтануын ұйымдастыру үшін, соның ішінде әр түрлі спорт сабақтарында пайдалана алу; әр түрлі жастағы, жныстағы адамдар үшін, оның ішінде әр түрлі мамандықтағы спортшылар үшін тамақтану рационын құрастыруға дағдылана білу;

Таңдаған спорт түріндегі спорттық жаттығу үрдісін басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста таңдап алынған спорт түріндегі спорттық жаттығу үрдісінің басқаруында теоретикалық және әдістемелік негіздемелер беріледі. Сонымен қатар, келесі сұрақтар қарастырылады: жоспарлау, нәтижелі дайындықтар дайындықтандырылған жағдайымен бақылау, дайындықтандырудың модельді сипаттамасы. таңдаған спорт түрінде жаттығудың медико-биологиялық ерекшеліктерін білу, организмнің бейімделу механизмдерінің бұзылуын болдырмай студенттердің физикалық, техникалық және тактикалық дайындығын ғылыми тұрғыдан басқаруды білу; дене шынықтыру әдістері мен тәсілдерін қолданудағы дағдыны меңгеру және жаттығу процесін жоспарлау, бақылау және түзету.

Таңдап алынған спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшелігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -Модульде жас спортшылардың көпжылдық дайындығының ұйымдастырылуы, функционалдық, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындықтың жастық ерекшеліктері мен оны жоспарлаудың ерекшеліктері, резервтерді дайындаудың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздық қарастырылады. адам организімінің спорттық жүктемелерге бейімделуін физиологиялық, дәрігерлік бақылау әдістемелерін, адам организімінің функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан басқаруды жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізуді меңгеру;

Таңдап алынған спорт түріндегі дене және функционалды дайындық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Осы курста таңдап алынған спорт түрінде дене, функционалды және психологиялық дайындаудың мақсаттары, міндеттері, сонымен қатар спортшының функционалдық дайындығының оптимизациясын және дене сапасының дамуының құралдары мен әдістерін қарастырады.таңдаған спорт түрінде физикалық және функционалдық дайындықтың, физикалық қабілеттердің физиологиялық негіздерін, дене дайындығын, спорт түрін және жасын ескере отырып физикалық қабілеттердің даму әдістемесінің негіздері мен заңдылықтарын біледі; жаттығудың технологиясын, медико-биологиялық және психологиялық негіздерді білу; спортшылардың функционалдық жағдайын және физикалық қабілеттерін бағалай білу; студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың денсаулық жағдайын түзету үшін қозғалыс қызметінің әдісі мен тәсілдерін адекватты таңдау. Әртүрлі жастағы және жыныстағы адамдардың денсаулық жағдайы мен спорттық дәрежесін ескере отырып физикалық және функционалдық дайындығын ғылыми және әдістемелік негіздемеде жоспарлай, басқара және бақылай алады.

Таңдап алынған спорт түріндегі кәсіби жаттықтырушылық қызметі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты – студенттерге жоспарлаудан, жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру, жарысты өткізу, ҒЗЖ-ны бақылай отырып, дайындықтың деңгейін бағалау туралы терең білім беру. дене тәрбиесі және спорт саласында маманға қойылатын негізгі талаптарды білу; жаттығуда қолданылған әдістер мен тәсілдерді тиімді бағалай білу; өзінің кәсіби саласын түзету және сыншыл баға беру; жаттығу процесін жоспарлау, түзету және бақылау, дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану дағдыларын игеру.

Таңдап алынған спорт түріндегі спорттық-педагогикалық шеберлік негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -Модульде педагог-жаттықтырушының еңбегін ғылыми ұйымдастыру дағдыларын, оқыту, дайындықтың әдістері мен құралдарын игеру дағдыландырып, педагог-жаттықтырушының спорттық мүмкіншіліктері мен педагогика білімдері беріледі. адам организімінің спорттық жүктемелерге бейімделуін физиологиялық, дәрігерлік бақылау әдістемелерін, адам организімінің функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан басқаруды жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізуді меңгеру;

Таңдап алынған спорт түріндегі техникалық-тактикалық дайындық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Осы курс студенттерге таңдап алынған спорт түрінде әр түрлі кезеңдердегі тактикалық дайындау білімін және дағдысын, спорттың басқа да дайындық түрлерімен байланысын, іс-әрекеттерін меңгеруін және бекітуін береді.аңдаған спорт түрінде техникалық және тактикалық дайындықтың негіздерін, ерекшеліктерін және заңдылықтарын біледі. Таңдаған спорт түрінің жаттығу үдерісін жоспарлау мен іске асыру үшін техникалық, тактикалық әдістері мен тәсілдерін қолдана алады. Оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін және оқытудың бір үлгідегі сызбасын біледі.Таңдаған спорт түрінің техникасы мен тактикасында қателіктерді бақылай, көре, анықтай және түзете алады.

Таңдап алынған спорт түрінің негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Таңдап алынған спорт түрінің оқыту әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Травматологиядағы сауықтыру дене тәрбиесі және массаж
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста спортшылардың жарақаттары мен аурулары жайлы сұрақтар қарастырылады. Спортшы ауруының және жарақатының профилактикасы және реабилитациясы. Спортшылардың кешенді реабилитация жүйесі. Жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келу әдісі: физикалық факторлар, гидро-бальнеотерапия, массаж және ЕДШ және т.б. массаж бен емдік дене шынықтыруды өткізудің әдістемесін; спорттық жаттығу мен емдік дене шынықтыру процедурасын өткізу барысында жапа шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмекті көрсету әдісін білу; әр түрлі емдік-профилактикалық, спорттық, және білім беру мекемелердегі емдік дене шынықтыру әдістері арқылы емдік процедураны орындай алу; спорттық жаттығу мен емдік дене шынықтыру процедурасын өткізу барысында жапа шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмекті көрсету әдісін білу.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Фитнес және аэробика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Адамның үйлесімді дамуына, сауықыту ден шынықтыру құралдарын, әдістерін қолдана отырып, студенттерге білімді, ептілікті дағдыландыру. Фитнес саласындағы әдіскерлер үшін қажет оқу тәжірибелік негіздерін біледі; еліміздегі және шет елдердегі сауықтыру дене тәрбиесі бойынша ғылыми деңгейге сәйкес озық білімдерді біледі; дене шынықтыру бойынша сабақты өткізу кезінде сауықтыру аэробикасының және фитнестің заманауи бағыттағы әдістерін қолдана алады; қатысушылардың жасы мен дайындық деңгейіне байланысты аэробика мен фитнестің әдістерін қолдану арқылы сауықтыру программасының құрастыру дағдысын біледі.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Диплом қорғау алдындағы практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Педагогикалық
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - a

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение