Оқуға түсушілерге 2018
KZ
RU
EN

Стандарттау және сертификаттау (Сала бойынша)

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технологиялар бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредиттеу: ASIIN (Германия), 2016
Ұлттық аккредиттеу: НААР, НКАОКО, 2017
Оқу деңгейі: бакалавриат
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
• Өнімнің сәйкестігін растау органдарында; тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарында; стандарттау органдарында жұмыс істеу мүмкіндігі;
• Нормативтік құжаттарды жасау;
• Кәсіпорындағы сапа қызметтері бөлімдерінде, сапа менеджменті жүйелері бөлімдерінде, патенттік бюроларда кәсіби қызмет ету мүмкіндігі.
Білім беру артықшылықтары:
Оқу процесі барысында қол жеткізілген білімдері мен практикалық қабілеттері мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, ғылыми-өндірістік бірлестіктерде, шетелдік компанияларда; Еуразия экономикалық одағының Кедендік одағының құрылымдарында; техникалық реттеу және метрология бойынша департаменттің аумақтық орталықтарында; өнім мен қызметтердің түрлі өндіріс салаларында; сертификаттау орталықтарында; аккредиттелген сынақ зертханаларында; аудиторлық және консалтингті фирмаларда сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.
Халықаралық байланыстар:
• Каунас технологиялық университеті (Каунас, Литва);
• Метрология институты (Каунас, Литва);
• Ақпараттық технологиялар, механика және оптика университеті (Санкт-Петербург, Ресей);
• Техникалық университет (Брауншвайг, Германия);
• Чехия Техникалық университеті (Прага, Чехия);
• Политехникалық университет (Валенсия, Испания);
• Орталық Лион институты (Лион, Франция);
• Корольдік университеті (Мадрид, Испания);
• Физика-техникалық төменгі температуралар институты (Харьков, Украина);
• Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябинск, Ресей Федерациясы);
• Томск политехникалық университеті (Томск, Ресей Федерациясы) және т.б.
Практика өтетін және болжамды еңбекпен қамту орындары:
Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология Департаменті; Ұлттық аккредиттеу орталығы; «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК; «ҚазМетрИн» РМК; «Каэкспоаудит» ЖШС, Алматы қаласы; Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы; «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС, Алматы қаласы; Мемлекеттік кірістер Департаменті; «QS Azia Sertik» ЖШС, Алматы қаласы; «Азия метрологиялық орталығы» ЖШС, «ҚТЖ ҰК» АҚ; «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС; «Сынама палатасы» ЖШС; «Ел-Стандарт» ЖШС; «Бюро Веритас Қазақстан» ЖШС, Алматы қаласы; «Innovative technology company» ЖШС, Алматы қаласы және т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Стандарттау және сертификаттау (Сала бойынша)
Мамандық шифры
5B073200
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Физика
Бейіндік пән
Физика
Өту балы
ҚАЗ
109
ОРЫС
101

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Деректер қоры мен сараптық жүйелер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу негізгі әдістерін мазмұндау; Мазмұны: бірінші реттік теңдеулер; n-реттік теңдеулер және теңдеулер жүйесі; сызықты дифференциалдық және интегралдық теңдеулер; орнықтылық теориясы; дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шығару сандық әдісі; дифференциалдық және интегралдық теңдеулер үшін жуықтау әдістері туралы түсінік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек:дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін; Пайдалана білуі керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін қолдану; Дағдылану керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістері туралы түсінік.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Құрылымдық материалдардың технологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Математика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ГОСО талаптарына сәйкес мамандарды базалық математикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандықпен кейінгі жұмысы үшін қажетті студенттерді жоғары математиканың терең бөлімдеріне, математикалық көзқарасты құруына, ғылыми, логикалық ойлау қабілетінің дамуына үйрету; бакалаврлардың математикалық әдістерді жеткілікті мөлшерде игеру, математикалық моделдерді және есептеулерді жүргізе алудағы нақты қабілеттерін шыңдау.Мазмұны: Математикалық талдауға кіріспе. Дифференциялдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалы функциялар. Дифференциялдық теңдеулер. Сандық және функционалдық қатарлар. Еселі интегралдар және өріс теориясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық:студент білуі керек: Инженерлік практикада қолданатын және практикада қолданылатын алгоритмдерді негіздеу үшін қызмет ететін, пәннің негізгі теориялық әдістерді.пайдалана білуі керек: Әдебиетте мазмұндалатын, РЭТ мамандығымен байланысты математикалық аппаратты өзіндік түсінуді.дағдылану керек: Практикалық тиімді нәтижеге жеткізумен математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулердің теориясының есептерін шешу қабілеттеріне.

Метрология саласында негіз қалаушы стандарттар
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Оптика және оптикалық өлшеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Өлшеудің жалпы теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Стандарттарды жасау технологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен шарттары: Модуль халықаралық, аймақтық, ұлттық стандаррттарын жасауды қарастырады, сонымен қатар өзге нормативтік құжаттарды қарастырады. Мазмұны: халықаралық, ұлттық, аймақтық, ұйымдардың стандарттарын, сонымен қатар өзге де нормативтікқұжаттарды жасаудың сатылары ашылады. Студенттер техникалық құжаттарды нормабақылау жүргізуді үйренеді, сонымен қатар конструкторлық-технологиялық құжаттарды, лауазымдық, жұмысшы, технологиялық нұсқаулықтарды жасауды үйренеді.

Стандарттау және сертификаттау
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тәжірибелік мәліметтерді өңдеу әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Техникалық реттеу негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Физика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Физика-химиялық талдау әдістері және бақылау
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Философия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру; студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Электромагнитизмді теория ретінде ұсыну, эксперименттік практикалық және лабораториялық сабақты жалпылама түрде өткізу. Мазмұны: вакуумдегі электростатикалық өріс және оның зарядқа әсері, ортаның диэлектрлік өтімділігі, әртүрлі ортадағы контакты құбылыстар мен электрөткізгіштік, электромагниттік өріс заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электромагнитизмдегі негізгі заңдылықтар және олардың математикалық өрнегі; курстың физикалық шамасы және негізгі түсініктері. Пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін түжырымдау. физикалық шамалардың ретін бағалау және физикалық есепті шешу; Дағдылану керек: электрмагнитизм дамуының басты этаптарын, оның философиялық және әдістемелік проблемалары.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Әлеуметтік өзгеру және саяси модернизация
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің мақсаты студенттердің әлеуметтік өзгерістер мен дамуды және саяси жанғырту теориялық ұғыну, талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Берілген модульде теориялық пен эмпирикалық перспективалар нақты бағдарламалар/стратегия дайындаумен үйлестірілген. Модульде қазіргі заманғы қоғамның құрылымы, әлеуметтік тәжірибелері мен мәдениетіндегі әлеуметтік және саяси өзгерістердің түрлерін, мемлекеттердің жаһандық және жергілікті деңгейдегі социеталдық дамуының себептері мен үрдістерін ашып көрсетететін әлеуметтік трансформациялар мен саяси жанғырту теориялары қарастырылады. Әлеуметтік өзгеріс және даму. Әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтанулық перспективалары. Көші-қон мен еңбек көші-қоны. Жаһандық әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық белсенділік. Әлеуметтік құрылымның өзгеруі. Жаңа технологиялар мен медианың әлеуметтік өзгерістерге әсері. Өзгеруші Орталық Азия: үдерістер мен мәселелер. Cаяси жаңару түсінігі және түрлері. Cаяси жаңару теориясының, олардың эволюция және саяси тәжірибеде қарым-қатынасының негізгі бағыттары. Саяси жаңару институционалдық факторлар мен саяси дағдарыстар жүйесінің рөлі мен маңызы. Жаһандану және саяси жаңару ел дамуының қазақстандық үлгісі. Бәсекеге қабілетті жаңа деңгейге еліміздің шығыс жолы ретінде Үшінші жаңғыртудың негізгі басымдықтары: жедел технологиялық жаңғырту; бизнес-ортаны ырықтандыру; макро тұрақтылық; адам капиталының сапасын арттыру; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Жас адамдарда сыбайлас-жемқорлыққа қатысты азаматтық позицияны қалыптастыруға қажетті құндылық бағыттар мен қабілеттерді дамыту және тәрбиелеу. Курс оқушыларды сыбайлас-жемқорлық сынды жағымсыз әлеуметтік құбылыспен таныстырады; оның себептері мен салдарларын ашады; оқушыларда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына жәрдемдеседі; Сыбайлас-жемқорлық жағдайында жауапты тұлғалардың іс-әрекеттерінің мөлдір болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың мәнін ашады

Инновациялық кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – студенттердің бойында микродеңгейде және макродеңгейде инновациялар экономикасы саласындағы білім кешенін қалыптастыру. Инновациялық кәсіпкерлік курсында теориялық материалмен қатар белгілі бір саладағы инновациялық дамудың тәжірибелік проблемалары қарастырылады. Макродеңгейде студенттер инновациялық үдерістің теорияларымен, инновациялық дамудың концепцияларымен, инновациялардың жалпы сипаттамасымен танысады. Микродеңгейде курс құрамында инновацияларды жүзеге асырудың түйінді факторлары, инновациялық компанияны құру және дамыту, инновациялық стратегияны таңдау, инвестицияларды тарту сияқты сұрақтар қарастырылады.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қаржылық сауаттылықтың негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерде қаржылық саясатты жайлы білім жүйесін қалыптастыру,қҚаржылық саясатты әзірлеу және іске асыру дағдыларын қалыптастыру, атқарушы билік, жергілікті билік және кәсіпорынадырындағы қаржының мақсаттары мен міндеттерін, миссиясының өзектендіру. Білу: қаржы сферасынындағы саясаттын ипнтрументтері, тусінігі, әдістері. Нарық пен бизнестіәң жаһандану жағдайындағы қаржылық сауаттылық арттыру. Қаржылық саясаттың инструменттері. Қабілетті болуы – фискалдық және монетарлық саясаттың трансмиссиялық механизімін. Қаржы және несие аясында тәуекелдерді басқару. Қаржылық саясаты мақсатында жоспарлау. Біікті болуы- салықтың және қаржылық көрсеткіштерді есептеудің механизімі жайлы білікті болу.

Құқық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: тарихи сана ұғымы мен өткен буындардың оның дамуына байланысты тәжірибелеріне, мәдени дәстүрдің өзегі мен рухани кодты сақтау, сол сияқты қоғамдық сананың жаңғыртуы мен ұлттық өз-өзін дамыту әлеуетіне қатысты білімдер жүйесін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - нақты-тарихи және теориялық деңгейде өз халқының өткені жөнінде білімдерді өзге қауымдастықтар тарихымен байланыстырып көрсете білу қабілетін меңгереді; - тарихи тағдыры, дәстүрі, мәдениеті, тілі мен ділі ортақ қаумыдастық ретінде халықтың тарихи санасының сақталуын әрі рухани жаңғырудың қажеттігін түсінеді; - елдің қоғамдық санасының жаңғыруында өткеннің инновациялық элементтерін қолданып жаңа шешімдер іздеуге дағдыланады; - адами қауымның дамуының рухани жағына жататын тарихи сананы пайымдаудағы жүйелілік тұрғыны игереді; - сананың модельдерін өзіндік жолмен көрсетіп беруге қабілет, санаға қатысты құбылыстарды ұғындырып, түсіндіре алу, оларды тарих контексінде қабылау және негіздеу, прогрессивтік тарихи уақиғаларды салыстыру әрі ерекшеліктерін анықтауды үйренеді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: - сана мен тарихи мұраның іргелі проблемалары - ұлттық метақұндылықтар, мәдени бірегейлену, киелі нысандар; - ұлттық бірегейліктің қалыптасуы мен жаңғыруына қатысты әртүрлі дәуірлердегі жергілікті және жаһандық тарихтың өзгеруі аясында мәдени-тарихи құбылыстарды салыстырмалы қарау әдістері.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттерге дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігінің мәнін және оны есептеу әдістемелерін түсіндіру, оларды ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі заманда қалыптасқан тенденцияларымен таныстыру. Пән шеңберінде студенттер ұлттық экономикалардың бәсекелік артықшылықтарының жетекші теорияларын зерттейді, Қазақстанның дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оның негізгі бәсекелік артықшылықтарын анықтайды, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалайтын баламалы әдістерді талдайды, мысалы жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексі сияқты.

Фирманың экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты - қазіргі заманның жаһандық және әлемдік нарықта бәсекенің күшейген жағдайында фирмалардың қызмет ету және дамуының жалпы қағидалары жөнінде жүйеленген білім алу. Пәнді оқыту барысында фирма қызмет етуінің экономикалық және құқықтық негіздерін және материалдық-техникалық құрамын, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын зерттеумен байланысты, сонымен бірге еңбек ақының заманауи түрлері мен жүйелері жөнінде түсінік алумен, еңбек өнімділігінің және фирма қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін, өнімнің бағасы құрулуы және фирманың бәсекеге қабілеттігін бағалаудың негіздерін зерттеумен байланысты мәселелерді қарастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение