Оқуға түсушілерге 2018
KZ
RU
EN

Физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредиттеу: ASIIN;
Бағдарлама: 5В060400 – Физика;
Оқу деңгейі: Бакалавриат;
Емтихандар: ҰБТ;
Оқыту түрі: Күндізгі;
Оқу мерзімі: 4 жыл;

"5В060400 – Физика" бағыты бойынша бакалаврларды дайындауда кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындалады:
• білім беру саласында жұмыс істеуге;
• ғылыми-зерттеу саласында жұмыс істеуге;
• индустриялық-өндірістік саласында жұмыс істеуге;
• ұлттық орталықтар мен компанияларда, ғылыми-техникалық саласында жұмыс істеуге.

Профильдік пәндер:
• Механика;
• Молекулалық физика;
• Электр және магнетизм;
• Оптика;
• Кванттық механика;
• Атомдық физика;
• Ядролық физика;
• Векторлық және тензорлық анализ негіздері;
• Теориялық механика;
• Электродинамика;
• Термодинамика және статистикалық физика.

Білім артықшылықтары: Мамандық өз түлектеріне сапалы және тұтас пәнаралық білім береді, сондықтан бакалавр түлектері білім беру және ғылыми-зерттеу саласында, сонымен қатар өндірістік саласында да жұмыс істей алады.

Халықаралық байланыстар: Бакалаврлар серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері бар, мысалы Осака университетінде (Жапония), Рим Ла-Сапиенса университетінде, Брауншвейг университетінің теплотехника және жану заттары институтында (Германия) және тағы басқа шетел жоғары оқу орындарында және ғылыми орталықтарында.

Практика өту және жұмысқа тұру орындары: Студенттер педагогикалық практиканы КеАҚ РФММ-да, өндірістік, сондай-ақ ғылыми-зерттеу практика түрлерін ШЖҚ ЕМК ЭТФҒЗИ зертханаларында, сонымен қатар басқа да оқу орындарында өте алады.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Физика
Мамандық шифры
5B060400
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Физика
Профильдік пәні
Физика
Өту балы
ҚАЗ
82
ОРЫС
74

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге басқа курстарды оқытуда қажетті алгебра мен геометрия әдістерін үйрету; студенттерге алгебра әдістерін қолдану арқылы зерттеу әдеттерін қалыптастыру; студенттерге дәлелдеулерді қатаң логикалық қалыптастыру әдістерін оқыту; математикалық идея мен әдістерді әр түрлі құбылыс процестерін моделдеуге, тиімді шешімдерді табу мен іске асырудың ең жақсы әдістерін таңдауда қолдануда керекті әдеттер мен қабілеттерді қалыптастыру. Мазмұны: Анықтауыштар мен матрицалар. Сызықты теңдеулер жүйесі. Векторлық алгебра. жазықтықтар мен сызықтардың теңдеулері. Жазықтық пен кеңістіктегі сызықтық көріністер. II-ші ретті сызықтар. Алгебралық құрылымдар. Сызықтық кеңістіктер. n-ретті кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтері. Евклид кеңістігі және унитарлық кеңістік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: матрица, анықтауыш және сызықтық теңдеулер жүйесінің теориясын; жазықтық пен кеңістіктің аналитикалық геометриясын; сызықтық, нүктелік-векторлық және унитарлы кеңістік теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық операторлар теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық емес және квадраттық формалардың теориясын. Пайдалана білуі керек: матрица, анықтауышты есептеумен және сызықты теңдеулер жүйесін шешумен байланысты есептерді шығару; жазықтық пен кеңістіктегі аналитикалық геометрия есептерін шығару; сызықтық операторларды зерттеу мен квадраттық формалармен байланысты есептерді шығару. Дағдылану керек: сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның математикалық аппаратын қолдана білу; нақты есептерді шығаруда сызықтық алгебра мен анлитикалық геометрия аппаратын қолдану әдеті.

Астрофизика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Астрономия мен астрофизика есептерін шығарудың тәсілдерімен танысу, аспан денелерінің қозғалысы мен дамуының баяндалуындағы космонавтиканың дамуыныңдағы астрофизиканың рөлін көрсету; практикалық тәжірибенің жинақталуы; астрофизикадағы әр түрлі есептерді шеше білу; Мазмұны: Астрофизиканың негізгі түсініктемелері. Әлем туралы ақпарат. Негізгі астрофизикалық құралдар. Телескоптың функциялары. Аберрация. Электромагниттік сәуле шығарудың тұтынушылары. Астрофизикалық бақылаулардың әдістемесі. Спектроскопиялық бақылаулардың әдістемесі. Күн. Жұлдызаралық орта Солнце. Космостық сәулелер. Синхроторнды радиосәулешығару. Потенциал теориясы мен аспан механикасының элементтері. Жұлдыздардың энергиясының көздері. Азғындалған жұлдыздар. Масса мен радиус арасындағы байланыс, шектік масса. Спектральдық талдау негіздері. Жұлдыздардың спектральдық классификациясы. Герцшпрунга-Рессел диаграммасы. Жұлдыздар дамуының теориясы.Қалыпты жұлдыздар, ақ ергежейлілер және нейтронды жұлдыздар. Қара құрдымдар. Нейтронды жұлдыздар. Пульсарлар. Асажаңалардың қалдықтары және бақылаулары. Галактикалардың дамуы. Галактикалардың белсенді ядролары. Квазарлар. Хаббл заңы. Фридман шешімі. Ритикалық тығыздық. Стандартты космологиялық сценарий. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Астрофизиканың негізгі түсініктемелерін; астрофизикадағы бақылаулардың заманауи құралдары мен әдістерін сонын ішінде космостық аппараттармен астрономиялық бақылау жүргізудегі құралдар мен әдістерді; космостық байланыстың теориялық және практикалық аспектілерін; Пайдалана білуі керек: өзінің зерттеуіндегі объектінің физикалық және математикалық үлгісін жасауда негізі физика заңдарын және математикалық аппараты астрономиялық және космофизикалық құбылыстарды баяндай алу үшін қолдана білу; Дағдылану керек: космостық объектілер және сәулелердің сиппатамаларын астрономиялық және космостық зерттеу жұмыстарын жүргізе алу қабілетінің болуы.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу негізгі әдістерін мазмұндау; Мазмұны: бірінші реттік теңдеулер; n-реттік теңдеулер және теңдеулер жүйесі; сызықты дифференциалдық және интегралдық теңдеулер; орнықтылық теориясы; дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шығару сандық әдісі; дифференциалдық және интегралдық теңдеулер үшін жуықтау әдістері туралы түсінік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек:дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін; Пайдалана білуі керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін қолдану; Дағдылану керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістері туралы түсінік.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Комплексті айнымалы функциялар теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерді комплексті айнымалылар функциясының теориясымен таныстыру; Мазмұны: студенттерді айнымалылар шамасын зерттеудің фундаменталды әдістерімен таныстыру және ьасқа математикалық пәндерді оқытуға дайындау. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Алгебралық теңдеулер жүйесінің теориясын; Пайдалана білуі керек: Берілген модуль бойынша есептердішешуді; Дағдылану керек: Қисықтар мен беттерді зерттеуге, доғаның қисығын және айналуын табуға, берілген қисықтарға жанама және нормальдар құрастыруға;

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Мамандыққа кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: «Мамандыққа кіріспе» курсының теориялық материалдарын деректі физикалық құбылыстарды талдауға қолдануды үйрену. Қажетті ядролық физикадағы шамаларды өлшеуді үйрену, қазіргі физиканың жетістіктерімен танысу. Мазмұны: «Мамандыққа кіріспе» курсы жалпы физиканың қосымша бөлігі болғандықтан, физика курсында оқытылатын физикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге көмектесу, ядролық физикадағы тәжірибе жүргізудің қарапайым әдістерін үйрету. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Физикалық шамаларды өлшеудің негізгі әдістерін, тәжірибелік нәтижелерді статистикалық өңдеудің әдістерін; Пайдалана білуі керек: Өлшеу приборларын және тәжірибелік қондырғыларды; Дағдылану керек: Ядролық физикадағы шамаларды өлшеуге арналған приборларға, алынған нәтижелерді ұқыпты өңдеу, талдау және бағалауға;

Математикалық талдау 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты -студенттерді математикалық таладау пәнінің маңызды анықтамалары мен, теоремаларымен, есептерін шығару барысында тиімді қолдана отырып, меңгерген теорияларының нәтижелерін магистратурада таңдапалынған бағыт бойынша одан ары зерделеуге тиімді қолдана білуге үйрету және игерген білім дағдыларын болашақта пайдалана алатындай көлемде табысты меңгеруіне қол жеткізу. Пәнді оқытудың есептері анықтамаларды, теоремаларды және оларды дәлелдеу, олардың байланысы, есеп шығару әдістерін қоладуға үйрету. шешуге арналған математикалық аппаратты қолдануға үйрету. Берілген курста жиынтық теорияларының элементтерін; реттілікті; функциялар шегін; туынды, монотонды және үздіксіз функцияларды; дифференциалды есептеуді; дифференциалдау функцияларының негізгі теоремаларын; Тейлор формуласын; функция графиктерін тұрғызуды үйренеді.

Математикалық талдау 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Математикалық талдау – II пәні Математикалық талдау – I пәнінің жалғасы болып табылады. Пәннің міндеті: а) Риман интегралының анықтамасы және оның қасиеттерін зерттеу, әр түрлі механикалық және физикалық мағынасыні табу; б) қатарларға нақталатын тұжырымдамасын және қатарлар қосындысын қарастыру. Дәрежелік қатарларды және Фурье қатарларын оқыту. Интегралдаудың түрлі әдістерін қолдана білу. Геометрияда, механикада және физикада интегралды қолдану және анықталмаған интеграл қасиеттерін білу. Өздік емес интегралдардың I және ІІ типтерін білу. Дирихле және Абель белгілерін, интегралдың негізгі мәнін, қасиеттерін, сандық қатарлардың жинақталу теориясын білу. Функционалдық қатарлар мен функция қатарларының тұжырымдамасын, бірқалыпты жинақталуын білу. . Тригонометриялық жүйелердің жинақталу теориясын және олардың салдарын білу. Тригонометриялық Фурье қатарларын білу, олардың негізгі қасиеттерін білу.

Механика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Механика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Оптика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерді геометриялық оптиканың негізгі құбылыстармен, сәулелендірудің электрмагниттік және кванттық заңдылықтармен, жарықтың таралуы және затпен әсерлесуімен таныстыру, оптика саласында қолданбалы проблемаларды шешу әдістерімен және негізгі тәсілдермен колдану дағдыларын қамтамасыздандыру; ғылыми зерттеулерді жүргізу даңғысын қалыптастыру. Мазмұны: геометриялық оптиканың элементтері. Оптиканың негізгі заңдары. Жұқа линзалар, Оптикалық жүйелердің абберациясы. Негізгі фотометриялық жүйелер және олардың бірліктері. Жарық табиғаты туралы түсініктерді дамыту. Жарықтың интреференциясы. Жарық толқындардың когеренттігі мен монохроматтылығы. Интерференцияның бақылау әдістері. Жұқа сүлбелерде жарықтың интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарық дисперсиясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: сəулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. пайдалана білуі керек: алынған білімді оптика есептерін шығаруын техникалық пәндерде қолдану. дағдылану керек: оптикада эксперименттік зерттеулерді өткізу үшін және оларды теориялық жүзінде түсіндіру.

Педагогика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттердің бойында педагогикалық білімнің қалыптасуы, олардың педагогиканың теориялық негіздерімен, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың қазіргі кездегі технологияларымен, мектептің білім беру үдерісінде оқытушы мен оқушылардың субъект-субъект өзараәрекетінің технологияларымен танысуы. Мазмұны: Педагогиканы оқыту үдерісінде студент педагогиканың негізгі категориялары мен түсініктерін, педагогиканың әдіснамалық негіздерін, тәрбиенің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары, заңдылықтары және ұстанымдарын, тәрбиенің мәні, мазмұны, формалары мен әдістерін, тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларын меңгеруі тиіс. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Педагогика ғылымының өзекті мәселелерін; Педагогикалық қызметтің мәнін. Пайдалана білуі керек: Педагогика бойынша алынған білімді тәжірибеде қолдануды; Мектепте педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыруды: Оқушылар тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауды. Дағдылану керек: Меткепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға.

Психология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Студенттер психикалық процесстердің, психикалық күйдің және психикалық қасиеттердің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы заңдылықтары туралы түсінік алады. Мазмұны: Психология пәні мен маңызы. Психолгогия әдістері. Психикалық білімінің даму тарихы мен психологияның негізгі даму этаптары. Танымдық процесстердің психологиясы. Ойлау ең жоғары психикалық процесс ретінде. Тұлға типологиясы. Мінездің түрі мен тұлғасы. Топты басқару мен лидер болу. Педагогикалық процестегі тәрбие. Жанұя. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Теориялық негіздер, мазмұны және өмір сүру әдістері. Пайдалана білуі керек: денсаулық психиологиясының түсіністік-категориальдық аппаратын қолдану, денсаулық психиологиясы маңайындағы негізгі заманауи зерттеулердің методологиясын талдау және осы аталған зерттеулерді практика жүзінде қолдана білу. Дағдылану керек: өмір сүру салтының психиологиялық құрылымдарын құрастыру.

Теориялық физика әдістері. 1-бөлім.Векторлық және тензорлық анализ негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге қазіргі заманғы координатасыз әдіспен векторлық және тензорлық талдау жүргізу. Векторлық және тензорлық талдау жүргізу әдістерінің математикалық аппараты туралы түсінік беру. Мазмұны: векторлық талдау, координаттар жүйесі, тензорлық талдау. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: есептерді шешуде әртүрлі векторлық операцияларды қолдану, скалярлық функция градиенті, векторлық функцияның роторы мен дивергенциясы және олардың физикалық мағынасын; Пайдалана білуі керек: есептерді шешуде әртүрлі векторлық операцияларды қолдану, скалярлық функция градиентін таба алу, векторлық функцияның роторы мен дивергенциясы және олардың физикалық мағынасын қолдана алу; Дағдылану керек: векторлық және тензорлық, екінші ретті дифференциалды оператор, қисықсызықты координат, тензор, туралы түсініктің болуы;

Теориялық физика әдістері. Бөлім 2. Математикалық физика әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: мақсаты  дербес туынды теңдеулерге келтірілетін математикалық физиканың мәселелерін қарастыру; міндеттері  екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын нақты физикалық мәселелерді және процесстерді қарастыру. Мазмұны: екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулерді каноникалық түрге келтіру және классификациясы. Гиперболалық теңдеу, параболалық теңдеу, эллиптикалық теңдеу, мембрананың тербеліс теңдеуінің қорытындысы, өзектің көлденең тербеліс теңдеуінің қорытындысы, сызықты жылыөткізгіштік теңдеуінің қорытындысы, Даламбер формуласының физикалық интерпретациясы. Лежандр теңдеуі және полиномдары. Лежандрдың біріктірілген функциясы. Сфералық координаттардағы Лаплас теңдеуі. Мақсаты мен міндеті: студентті заманауи теориялық және математикалық физиканың әдістерінеүйрету , сызықты және бейсызық теңдеулерге келтірілетін математикалық физиканың күрделі теориялық және қолданбалы физикалық есептерін шешуге дағдыландыру. Мазмұны : математикалық физиканың есептерін шешу үшін жалпыланған функциялар аппаратының қолданылуы, дербес туындылы бейсызық дифференциялдық және интегралдық теңдеулерді шешу әдістері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: білу: математикалық физиканың негізгі дифференциалдық теңдеулері, математикалық физика әдістерінің математикалық аппараты, екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулердің классификациясы, негізгі шекті мәселелердің қойылымы, жалпы шекті мәселенің редукциясы, арнайы функцияларының негізгі қасиеттерін оқу, әр-түрлі типтерге жататын математикалық физиканың негізгі мәселелерін шешу әдістері. пайдалана білуі: математикалық физиканың мәселелерін шешу әдістерін таңдау. дағдылану: дербес туынды дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын физикалық процесстер туралы түсінігі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: дербес туындылы бйсызық ифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу әдістері, математикалық физиканың сызықты және бейсызық теңдеулерін шешудегі заманауи әдістердің шынайы қолдану шегі. Пайдалана білу керек: жалпыланған функциялармен жұмыс істей алу ,берілген білімді нақты есептер шығару барысында қолдана білу, күрделі обьектілерді, процессерді және құбылыстарды модельдей алу. Дағдылану керек: математикалық физика саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерге және олардың қолданылуынан бағыт және бағдар ал білу қабілеті және түсінігі, жаңа математикалық ақпаратты игеріп алу мүмкіндігі.

Теориялық физика. Бөлім 1. Механика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: мақсаты - теориялық механиканың негізгі мәселелерін және әдістерін мазмұндау; мәселелер - студенттерге теориялық механиканың негізгі мәселелері және әдістері туралы түсінігін беру. Мазмұны: Жалпыланған координаттарда қозғалыс теңдеулері және механикалық жүйелерге қолданулары, бос емес жүйелердің механикасы, абсолют қатты дене механикасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: теориялық механиканың математикалық аппараты, теориялық механиканың мәселелерін шешу әдістері. пайдалана білуі керек: теориялық механиканың мәселелерін шешу үшін математикалық аппаратты қолдану, мәселену қоя білу, мәселелерді шешу әдістерін таңдау, аналитикалық түрде, және компьютерлік технологияларды қолданып. Дағдылану керек: теориялық механиканың мәселелерін шешу әдістері туралы түсінік.

Теориялық физиканың қосымша тараулары
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен тапсырмалары: құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің теориялық әдістерін меңгеру болып табылады. Мазмұны: Жалпылама координаттардағы қозғалыс теңдеулері, еркін емес жүйелердің механикасы, канондық теңдеулер, Гамильтонның канондық теңдеулерін шешіудің әдістері, Пуассон әдісі, Якоби теоремасы. Айнымалыларды ажырату әдісі. Қатты дененің еркіндік дәрежелерінің айқындау, Эйлер бұрыштары, эллипсоидты инерция. Қозғалмайтын нүктесі бар қатты дененің үшін Эйлердің қозғалыс теңдеулері. Компетенциялары: оқыту нәтижесінде студенттер: механиканың негізгі заңдылықтары туралы жалпы түсінікке ие болуы керек. Физиканың негізгі заңдылықтары және олардың математикалық қорытуларын білу керек. Алған білімді нақты физикалық мәселелерді шешуге пайдалануды игеруі керек.

Физикалық процестерді компьютерде модельдеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: бұл пән студенттердің физикалық процесстердің математикалық және компьютерлік моделін үйренуде керекті білім мен дағдыларды жинақтауға арналған. Мазмұны: күрделі физикалық процесстердің математикалық моделін құрастыру. Математикалық физиканың күрделі есептерін шешудің әдісі мен қолданулары. Физикалық процесстер үшін әр түрлі сандық әдістерді пайдалану. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Дифференциальдық теңдеулер, математикалық физиканың теңдеулері, сандық әдітер, программалау тілдері C / C + + немесе Fortran, математикалық талдау , матматикалық моделдеудің әдістері. Пайдалана білуі керек: Қолданбалы есептерді шешуде ақпараттық технологияларды қолдану, компьютермен жұмыс істеу қабілеті мен программалау тілін білу Дағдылану керек: физикалық процестердің математикалық моделін құратыра алу, математикалық физикадағы дифференциальдық есептердің дикретизациясы, графиктер құрастыру және алынған нәтижелердің анимациясын құру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Электромагнитизмді теория ретінде ұсыну, эксперименттік практикалық және лабораториялық сабақты жалпылама түрде өткізу. Мазмұны: вакуумдегі электростатикалық өріс және оның зарядқа әсері, ортаның диэлектрлік өтімділігі, әртүрлі ортадағы контакты құбылыстар мен электрөткізгіштік, электромагниттік өріс заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электромагнитизмдегі негізгі заңдылықтар және олардың математикалық өрнегі; курстың физикалық шамасы және негізгі түсініктері. Пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін түжырымдау. физикалық шамалардың ретін бағалау және физикалық есепті шешу; Дағдылану керек: электрмагнитизм дамуының басты этаптарын, оның философиялық және әдістемелік проблемалары.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение