Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - білім бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Физика
Мамандық шифры
5B011000
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Профильдік пәні
Өту балы
ҚАЗ
0
ОРЫС
0

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге басқа курстарды оқытуда қажетті алгебра мен геометрия әдістерін үйрету; студенттерге алгебра әдістерін қолдану арқылы зерттеу әдеттерін қалыптастыру; студенттерге дәлелдеулерді қатаң логикалық қалыптастыру әдістерін оқыту; математикалық идея мен әдістерді әр түрлі құбылыс процестерін моделдеуге, тиімді шешімдерді табу мен іске асырудың ең жақсы әдістерін таңдауда қолдануда керекті әдеттер мен қабілеттерді қалыптастыру. Мазмұны: Анықтауыштар мен матрицалар. Сызықты теңдеулер жүйесі. Векторлық алгебра. жазықтықтар мен сызықтардың теңдеулері. Жазықтық пен кеңістіктегі сызықтық көріністер. II-ші ретті сызықтар. Алгебралық құрылымдар. Сызықтық кеңістіктер. n-ретті кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтері. Евклид кеңістігі және унитарлық кеңістік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: матрица, анықтауыш және сызықтық теңдеулер жүйесінің теориясын; жазықтық пен кеңістіктің аналитикалық геометриясын; сызықтық, нүктелік-векторлық және унитарлы кеңістік теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық операторлар теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық емес және квадраттық формалардың теориясын. Пайдалана білуі керек: матрица, анықтауышты есептеумен және сызықты теңдеулер жүйесін шешумен байланысты есептерді шығару; жазықтық пен кеңістіктегі аналитикалық геометрия есептерін шығару; сызықтық операторларды зерттеу мен квадраттық формалармен байланысты есептерді шығару. Дағдылану керек: сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның математикалық аппаратын қолдана білу; нақты есептерді шығаруда сызықтық алгебра мен анлитикалық геометрия аппаратын қолдану әдеті.

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Инженерлі және компьютерлі графика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Заманауи білім және информациялық технологияларды сапалақ дәрежеде пайдалану арқылы жаңа білімдерді өз бетімен ұғыну. Мазмұны: Сызықтық геометрия. Инженерлік графика. Компьютерлік графика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: пәнмен байланысты болған негізгі түсініктер мен анықтамаларды білу; теория бойынша техникалық сызбаларды тұрғызу, сызбадағы элементтердің өлшемі мен детелін салу ережесін; Стандарт бойынша құрылымдық сызбалардың құжжаттарын ресімдеу ережесін; Пайдалана білуі керек: алған білімдерін инженерлік қызметте қолдану; деталдың сызбасы мен эскизінің техникалық схемасын оқу және орындау; Дағдылану керек: сызбаларды алу тәсілдерін және сақталуын. Ақпараттық компьютермен басқарушы құрылғы ретінде жұмыс істеу; Ғылыми-техникалық қызметтік құжаттарды рәсімдеу.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Математикалық талдау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ГОСО талаптарына сәйкес мамандарды базалық математикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандықпен кейінгі жұмысы үшін қажетті студенттерді жоғары математиканың терең бөлімдеріне, математикалық көзқарасты құруына, ғылыми, логикалық ойлау қабілетінің дамуына үйрету; бакалаврлардың математикалық әдістерді жеткілікті мөлшерде игеру, математикалық моделдерді және есептеулерді жүргізе алудағы нақты қабілеттерін шыңдау. Мазмұны: Математикалық талдауға кіріспе. Дифференциялдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалы функциялар. Дифференциялдық теңдеулер. Сандық және функционалдық қатарлар. Еселі интегралдар және өріс теориясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: Инженерлік практикада қолданатын және практикада қолданылатын алгоритмдерді негіздеу үшін қызмет ететін, пәннің негізгі теориялық әдістерді. пайдалана білуі керек: Әдебиетте мазмұндалатын, РЭТ мамандығымен байланысты математикалық аппаратты өзіндік түсінуді. дағдылану керек: Практикалық тиімді нәтижеге жеткізумен математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулердің теориясының есептерін шешу қабілеттеріне.

Механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Оқушылардың даму физиологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Векторлық және тензорлық талдау негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Механика бойынша есептерді шығару әдісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Молекулалық физика бойынша есептерді шығару әдісі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение