Оқуға түсушілерге 2018
KZ
RU
EN

Ядролық физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASIIN, 2015 ж.

Ұлттық аккредитация: АРТА, БСҚТҚА, 2017 ж.

Оқу деңгейі: бакалавр.
Емтихандар: ҰБТ.
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл

«ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА» бағыты бойынша дайындалатын бакалавр келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалады:
• ғылыми-зерттеулік;
• жобалық;
• өндірісті-технологиялық;
• ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Бакалавр кәсіби қызметтің негізгі түрлерін ғылыми-зерттеу институттарында, ядролық зерттеу реакторларында орындай алады, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қызмет атқара алады. Түлектер бекітілген тәртіппен білім беру мекемелерінде қызмет атқара алады.

Бейіндік пәндер:
• Элементар бөлшектер және атом ядросы физикасына кіріспе;
• Атомдық реакторлар және ядролық энергетика;
• Радиациялық биофизика және ядролық медицина;
• Ядролық нұрлар детекторы;
• Нұрдың затпен әсерлесуі;
• Ядролық реакция теориясы;
• Үдеткіштер физикасы;
• Шашырау теориясы.

Білім артықшылығы:
• Қос дипломдық білім алу;
• Зертханалық сабақтар үшін радиометриялық және радиоспектрометриялық заманауи жабдықталу;
• ЯФИ базасында күшейткіштерде және ядролық реакторларда бірегей өндірістік тәжірибеден өту;
• Оқу курсының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қамтамасыз етілуі;
• әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭТФҒЗИ лабораторияларында студенттерді бірінші курстан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру.

Халықаралық байланыстар: бакалаврлариат студенттері 5-курста Дубна қаласында (БЯЗИ, Ресей), Жапонияда, Кореяда білім алуға мүмкіндіктері бар.

Практикадан өту және жұмысқа орналасу орындары: мектептер, ЭТФҒЗИ, Курчатов қаласындағы ҚР ҰЯО, Ядролық физика институты, IT ұйымдар.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Ядролық физика
Мамандық шифры
5B060500
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Физика
Бейіндік пән
Физика
Өту балы
ҚАЗ
65
ОРЫС
75

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық геометрия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пән механика-математика факультетінің негізгі оқыту пәндерінің бірі болып саналады. Курста келесі тақырыптар қарастырылады: сызықтық кеңістік, базис және кеңістік өлшемі; скаляр көбейтіндінің кеңістігі; ортогонализация процесі. Евклид кеңістігіндегі метрикалық ұғымдар; сызықты өрістер; Гамильтона-Кэли теоремасы; сызықтық трансформацияның канондық негізі; Унитарлы және евклид кеңістіктеріндегі қалыпты операторлар және олардың канондық негіздері; алгебралық және геометриялық сипаты; түйіндес операторлардың тұрақты белгілері; операторлар мен матрицалардың полярлық жіктелуі; матрицаның сингулярлық декомпозициясы; канондық түрге келтірулер мен инерция заңы; Сызықты және евклидтік аксиоматиканы білу; базис және координата ұғымдарын білу; сызықтық кеңістікте сызықтық операторлар теориясы, евклидті және унитарлық кеңістіктегі операторларының жіктелуін білу. Векторлардың ортонормаланған жүйесін құруда базисты таба білу, сызықтық оператор матрицасында Жордан формаларын таба білу. Сызықтық түрлендіру матрицасы бойынша матрицаның меншікті мәндерін және векторды таба білу.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге басқа курстарды оқытуда қажетті алгебра мен геометрия әдістерін үйрету; студенттерге алгебра әдістерін қолдану арқылы зерттеу әдеттерін қалыптастыру; студенттерге дәлелдеулерді қатаң логикалық қалыптастыру әдістерін оқыту; математикалық идея мен әдістерді әр түрлі құбылыс процестерін моделдеуге, тиімді шешімдерді табу мен іске асырудың ең жақсы әдістерін таңдауда қолдануда керекті әдеттер мен қабілеттерді қалыптастыру. Мазмұны: Анықтауыштар мен матрицалар. Сызықты теңдеулер жүйесі. Векторлық алгебра. жазықтықтар мен сызықтардың теңдеулері. Жазықтық пен кеңістіктегі сызықтық көріністер. II-ші ретті сызықтар. Алгебралық құрылымдар. Сызықтық кеңістіктер. n-ретті кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтері. Евклид кеңістігі және унитарлық кеңістік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: матрица, анықтауыш және сызықтық теңдеулер жүйесінің теориясын; жазықтық пен кеңістіктің аналитикалық геометриясын; сызықтық, нүктелік-векторлық және унитарлы кеңістік теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық операторлар теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық емес және квадраттық формалардың теориясын. Пайдалана білуі керек: матрица, анықтауышты есептеумен және сызықты теңдеулер жүйесін шешумен байланысты есептерді шығару; жазықтық пен кеңістіктегі аналитикалық геометрия есептерін шығару; сызықтық операторларды зерттеу мен квадраттық формалармен байланысты есептерді шығару. Дағдылану керек: сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның математикалық аппаратын қолдана білу; нақты есептерді шығаруда сызықтық алгебра мен анлитикалық геометрия аппаратын қолдану әдеті.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге басқа курстарды оқытуда қажетті алгебра мен геометрия әдістерін үйрету; студенттерге алгебра әдістерін қолдану арқылы зерттеу әдеттерін қалыптастыру; студенттерге дәлелдеулерді қатаң логикалық қалыптастыру әдістерін оқыту; математикалық идея мен әдістерді әр түрлі құбылыс процестерін моделдеуге, тиімді шешімдерді табу мен іске асырудың ең жақсы әдістерін таңдауда қолдануда керекті әдеттер мен қабілеттерді қалыптастыру. Мазмұны: Анықтауыштар мен матрицалар. Сызықты теңдеулер жүйесі. Векторлық алгебра. жазықтықтар мен сызықтардың теңдеулері. Жазықтық пен кеңістіктегі сызықтық көріністер. II-ші ретті сызықтар. Алгебралық құрылымдар. Сызықтық кеңістіктер. n-ретті кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтері. Евклид кеңістігі және унитарлық кеңістік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: матрица, анықтауыш және сызықтық теңдеулер жүйесінің теориясын; жазықтық пен кеңістіктің аналитикалық геометриясын; сызықтық, нүктелік-векторлық және унитарлы кеңістік теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық операторлар теориясын; соңғы өлшемді кеңістіктегі сызықтық емес және квадраттық формалардың теориясын. Пайдалана білуі керек: матрица, анықтауышты есептеумен және сызықты теңдеулер жүйесін шешумен байланысты есептерді шығару; жазықтық пен кеңістіктегі аналитикалық геометрия есептерін шығару; сызықтық операторларды зерттеу мен квадраттық формалармен байланысты есептерді шығару. Дағдылану керек: сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның математикалық аппаратын қолдана білу; нақты есептерді шығаруда сызықтық алгебра мен анлитикалық геометрия аппаратын қолдану әдеті.

Атомдық физика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: атомдардың электрондық қабықшаларының құрылысы, қасиеттері (энергетикалық, магниттік және т.б.) және оларда өтетеін процестермен анықталатын іргелі квант-механикалық заңдылықтар дайында түйінін беру. Мазмұны: Электромагниттік сәуленің кванттық қасиеттері, зат бөлшектерінің толқындық қасиеттері. Атомдар мен молекулалардың құрылысы мен қасиеттері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: пәннің негізгі принциптері мен заңдарын, бұлардың матем өрнегін негізгі құбылыстарды, бұлардың ерекшеліктерін, бақылау және эксперим. Пайдалана білуі керек: зерттеу әдістерін атомдық құбылыстардың маңызды ғылыми – техникалық қолдануларын физиканың ижәне іргелес білім салаларының нақты есесптерін шешеу үшін атомдық физиканың зерттеу әдістерін тиімді қолдана білуі керек. Дағдылануы керек: атомдық құбылыстар, процестер, з қасиеттерін эксп. Зерттеу жүргізуге, компьютерлік бағдарламаларды жасай алуға дағдылануы керек.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Векторлық және тензорлық талдау негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу негізгі әдістерін мазмұндау; Мазмұны: бірінші реттік теңдеулер; n-реттік теңдеулер және теңдеулер жүйесі; сызықты дифференциалдық және интегралдық теңдеулер; орнықтылық теориясы; дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шығару сандық әдісі; дифференциалдық және интегралдық теңдеулер үшін жуықтау әдістері туралы түсінік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек:дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін; Пайдалана білуі керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін қолдану; Дағдылану керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістері туралы түсінік.

Дифференциалдық теңдеулер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дифференциалдық теңдеулер ұғымы, бағыттар өрісі, интегралдық қисықтар, векторлық өріс. Интегралдаудың қарапайым әдістері, айнымалылары бөлінетін теңдеулер, толық дифференциалды теңдеулер, сызықты теңдеулерб Бернулли теңдеуі, Лагранж және Клеро теңдеулері. Коши есебінің шешімі, оның жалғыздығы туралы теорема, Кез келген ретті сызықты теңдеулер жүйелері. Вронский анықтауышы, Лиувилль Остроградский формуласы, сызықты біртекті теңдеулер жйесінің фундаментальді және жалпы шешімдері, біртексіз сызықты теңдеулер шешімі. Тұрақты вариация әдістерін қолдана білуб біртекті сызықты теңдеулер жүелерін шешу жолдарын білу, Шешімнің бастапқы және шекті шарттарға байланысын білу, Ляпунов теоремасын білу, екі өлшемді сызықты теңдеулер жүйесінің фазалық траекториясын білу, айрықша нүктелерб фокус, орта нуктелері, бірінші интегралдар ұғымын білу, характеристикалардың шешімдермен байланысын білу коши теоремасын дәләлдей білу.

Интегралдық есептеулер
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: математикалық модельдерді құрастыруды үйрену және сол модельдерге қатысты есептеулер жүргіщу; объектілерге сандық және сапалық формулаларға математикалық белгілулер қолдану; Мазмұны: алғашқы функция және анықталмалмайтын интеграл туралы түсінік. Анықталмайтын интеграл қасиеттері. Интегралдар кестесі. Тікелей интегралдау. Анықталатын интеграл түсінігіне әкелетін есептер. Риман интегралдық суммасын анықтау. Анықталатын интеграл түсінігі, оның геометриялық және физикалық мағынасы. Интегралданатын функциялар классы. Анықталатын интегралдар қасиеттері. Екі еселі интегралды анықтау, геометриялық және физикалық мағынасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Анықталмайтын интегралды анықтауды; интегралдаудың негізгі әдістерін; анықталатын интегралды анықтауды, оның геометриялық және физикалық мәнін; анықталатын және анықталмайтын интегралдар арасындағы байланысты; Пайдалана білуі керек: Рационал, қарапайым иррационал функцияларды және дифференциалдық биномды интегралдауды; жазық фигураның ауданын, айналу денесінің көлемін, айналу бетінің ауданын табу барысында анықталатын интегралды қолдануды; Дағдылану керек: Анықталмайтын және анықталатын интегралдарды есептеу әдістеріне; еселі интегралдарды шешу әдісіне; қисықсызықты және беттік интегралдарды шешу әдісіне; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістеріне;

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Комплексті айнымалы функциялар теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерді комплексті айнымалылар функциясының теориясымен таныстыру; Мазмұны: студенттерді айнымалылар шамасын зерттеудің фундаменталды әдістерімен таныстыру және ьасқа математикалық пәндерді оқытуға дайындау. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Алгебралық теңдеулер жүйесінің теориясын; Пайдалана білуі керек: Берілген модуль бойынша есептердішешуді; Дағдылану керек: Қисықтар мен беттерді зерттеуге, доғаның қисығын және айналуын табуға, берілген қисықтарға жанама және нормальдар құрастыруға;

Конденсатталған күй физикасы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен есебі: Студенттердің негізгі теориялық білімін түзу және практикалық әдістерін, қатты дене физикасын ары қарай оқуға қажетті, физикалық құбылыстардың және процестердің анализі, конденсиялық жағдайына байланысты, жалпы механикалық құбылыстарды білу, конденциялық ортада пайда болатын. Мазмұны: Кристаллографикалық класс және жүйе. Кристалдардың рентгенографикалық зерттеу әдісі. Дененің майысқақтық қасиеті. Кристалдық тордың тербелісі. Қатты дененің үлкеюі. Қатты денендегі квазибөліктер. Дисперсия заңы. Жылу өткізгіштік. Металлдардың электрондық жылусыйымдылығы. Білу: Аморфтық және кристалдық заттардың құрылу ерекшеліктері; геометриялық және физикалық бет түсінігі; негізгі кристалдық құрылымдыр, тор ақаулары; қатты дененің электрлік құрылымы жайлы. Білуге міндетті: Қатты дененің кристалдық құрылымының типін анықтау; параметрлерін есептеу, құрылымын сипаттайтын, механикалық, жылуфизикалық, қатты дененің электрлік құрылымы. Қажетті:физикалық модуль туралы,конденсерленген жүйенің әртүрлі жағдайы;теориялық білім және практикалық біліктілік кристалдардың жүйесін анықтау және наноқұрылымдық заттар.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Мамандыққа кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: «Мамандыққа кіріспе» курсының теориялық материалдарын деректі физикалық құбылыстарды талдауға қолдануды үйрену. Қажетті ядролық физикадағы шамаларды өлшеуді үйрену, қазіргі физиканың жетістіктерімен танысу. Мазмұны: «Мамандыққа кіріспе» курсы жалпы физиканың қосымша бөлігі болғандықтан, физика курсында оқытылатын физикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге көмектесу, ядролық физикадағы тәжірибе жүргізудің қарапайым әдістерін үйрету. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Физикалық шамаларды өлшеудің негізгі әдістерін, тәжірибелік нәтижелерді статистикалық өңдеудің әдістерін; Пайдалана білуі керек: Өлшеу приборларын және тәжірибелік қондырғыларды; Дағдылану керек: Ядролық физикадағы шамаларды өлшеуге арналған приборларға, алынған нәтижелерді ұқыпты өңдеу, талдау және бағалауға;

Математикалық талдау 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты -студенттерді математикалық таладау пәнінің маңызды анықтамалары мен, теоремаларымен, есептерін шығару барысында тиімді қолдана отырып, меңгерген теорияларының нәтижелерін магистратурада таңдапалынған бағыт бойынша одан ары зерделеуге тиімді қолдана білуге үйрету және игерген білім дағдыларын болашақта пайдалана алатындай көлемде табысты меңгеруіне қол жеткізу. Пәнді оқытудың есептері анықтамаларды, теоремаларды және оларды дәлелдеу, олардың байланысы, есеп шығару әдістерін қоладуға үйрету. шешуге арналған математикалық аппаратты қолдануға үйрету. Берілген курста жиынтық теорияларының элементтерін; реттілікті; функциялар шегін; туынды, монотонды және үздіксіз функцияларды; дифференциалды есептеуді; дифференциалдау функцияларының негізгі теоремаларын; Тейлор формуласын; функция графиктерін тұрғызуды үйренеді.

Математикалық талдау 2
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Математикалық талдау – II пәні Математикалық талдау – I пәнінің жалғасы болып табылады. Пәннің міндеті: а) Риман интегралының анықтамасы және оның қасиеттерін зерттеу, әр түрлі механикалық және физикалық мағынасыні табу; б) қатарларға нақталатын тұжырымдамасын және қатарлар қосындысын қарастыру. Дәрежелік қатарларды және Фурье қатарларын оқыту. Интегралдаудың түрлі әдістерін қолдана білу. Геометрияда, механикада және физикада интегралды қолдану және анықталмаған интеграл қасиеттерін білу. Өздік емес интегралдардың I және ІІ типтерін білу. Дирихле және Абель белгілерін, интегралдың негізгі мәнін, қасиеттерін, сандық қатарлардың жинақталу теориясын білу. Функционалдық қатарлар мен функция қатарларының тұжырымдамасын, бірқалыпты жинақталуын білу. . Тригонометриялық жүйелердің жинақталу теориясын және олардың салдарын білу. Тригонометриялық Фурье қатарларын білу, олардың негізгі қасиеттерін білу.

Математикалық талдау 2
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Математикалық талдау – II пәні Математикалық талдау – I пәнінің жалғасы болып табылады. Пәннің міндеті: а) Риман интегралының анықтамасы және оның қасиеттерін зерттеу, әр түрлі механикалық және физикалық мағынасыні табу; б) қатарларға нақталатын тұжырымдамасын және қатарлар қосындысын қарастыру. Дәрежелік қатарларды және Фурье қатарларын оқыту. Интегралдаудың түрлі әдістерін қолдана білу. Геометрияда, механикада және физикада интегралды қолдану және анықталмаған интеграл қасиеттерін білу. Өздік емес интегралдардың I және ІІ типтерін білу. Дирихле және Абель белгілерін, интегралдың негізгі мәнін, қасиеттерін, сандық қатарлардың жинақталу теориясын білу. Функционалдық қатарлар мен функция қатарларының тұжырымдамасын, бірқалыпты жинақталуын білу. . Тригонометриялық жүйелердің жинақталу теориясын және олардың салдарын білу. Тригонометриялық Фурье қатарларын білу, олардың негізгі қасиеттерін білу.

Математикалық физика әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: мақсаты  дербес туынды теңдеулерге келтірілетін математикалық физиканың мәселелерін қарастыру; міндеттері  екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын нақты физикалық мәселелерді және процесстерді қарастыру. Мазмұны: екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулерді каноникалық түрге келтіру және классификациясы. Гиперболалық теңдеу, параболалық теңдеу, эллиптикалық теңдеу, мембрананың тербеліс теңдеуінің қорытындысы, өзектің көлденең тербеліс теңдеуінің қорытындысы, сызықты жылыөткізгіштік теңдеуінің қорытындысы, Даламбер формуласының физикалық интерпретациясы. Лежандр теңдеуі және полиномдары. Лежандрдың біріктірілген функциясы. Сфералық координаттардағы Лаплас теңдеуі.

Механика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Механикадан практикалық сабақтар
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Молекулалық физикадан практикалық сабақтар
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Оптика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерді геометриялық оптиканың негізгі құбылыстармен, сәулелендірудің электрмагниттік және кванттық заңдылықтармен, жарықтың таралуы және затпен әсерлесуімен таныстыру, оптика саласында қолданбалы проблемаларды шешу әдістерімен және негізгі тәсілдермен колдану дағдыларын қамтамасыздандыру; ғылыми зерттеулерді жүргізу даңғысын қалыптастыру. Мазмұны: геометриялық оптиканың элементтері. Оптиканың негізгі заңдары. Жұқа линзалар, Оптикалық жүйелердің абберациясы. Негізгі фотометриялық жүйелер және олардың бірліктері. Жарық табиғаты туралы түсініктерді дамыту. Жарықтың интреференциясы. Жарық толқындардың когеренттігі мен монохроматтылығы. Интерференцияның бақылау әдістері. Жұқа сүлбелерде жарықтың интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарық дисперсиясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: сəулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. пайдалана білуі керек: алынған білімді оптика есептерін шығаруын техникалық пәндерде қолдану. дағдылану керек: оптикада эксперименттік зерттеулерді өткізу үшін және оларды теориялық жүзінде түсіндіру.

Плазма физикасының негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Заттың плазмалық іргелі қасиеттерінің іргелі қасиеттерін ішкі логикамен сәйкестігі физикалық ғылымда бағыттаушы ретінде қолдануды үйрету. Мазмұны: курс аясында студенттер негізгі плазмалық ортаның физикалық модельдерді, математикалық әдістерді мен оларды нақты тапсырмаларды орындауда қолдану. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Негізгі физикалық модельдер мен олардың қолдану шекараын. Пайдалана білуі керек: Плазмалық ортаны түсіндіру үшін, негізгі физикалық үлгілерді дұрыс құрастыру. Дағдылану керек: Плазманың әр түрлі қасиеті сипаттаудың актуальдігі, ғылыми тәжірибелерде олардң қолданылуына.

Радиофизика және электроника негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Радиоэлектроника саласында білімнің жинақталуы, қабілеттің болуы және радиоэлектроникаға қатысты әдебиеттермен жұмыс істей алу. Мазмұны: Сигналдар, олардың түрлері, параметрлері. Сызықтық электрлік тізбектердің элементтері. Комплекстік суреттер арқылы сызықтық тізбектердің есептеулері. Бейсызық тізбектер, талдаудың графикалық әдісі, жүктемелік түзу, тұрақты ток жағдайындағы режим. Электрондық-кемтіктік ауысу, және олардың қасиеттері, жартылайөткізгіш диодтар, стабилитрондар, туннельдік диодтар. Биполярлық транзисторлар, транзисторларды қосудың схемалары. Өрістік транзисторлар, транзисторларды қосудың схемалары. Электрондық күшейткіштердің түрлері, негізгі сипаттамалары, параметрлері. Добротность усилительного каскада. Обратная связь в усилителях. Дифференциальный каскад усиления. Операционные усилители. Основные характеристики, параметры. Схемы включения ОУ: сумматор, интегратор, дифференциатор, преобразователь сопротивлений. Генераторы электрических сигналов. LC - генератор гармонических сигналов. Генераторы релаксационных сигналов. Мультивибратор в автоколебательном режиме. Мультивибратор в ждущем режиме. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Радиоэлементтер негізі, сандық және аналогтік құралдардың негізгі жұмыс істеу принципі; Пайдалана білуі керек: практикалық жұмыста радиоэлектронды аппараттарды қолдану, радиоэлектронды аппаратуралардың көмегімен электрлік шамаларды өлшеуді меңгеру, интегральдық микросхемалардың және дискретті элементтердің көмегімен қарапайым радиоэлектронды функциональдық тізбектрерді құрастыру; Дағдылану керек: радиоэлектронды есептеуіш құралдардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу.

Радияциялық биофизика және ядролық медицина
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: радиоактивті сәулеленулердің негізгі көздерімен және олардың адам ағзасына өту жолдарымен танысу. Бейтарап және зарядталған бөлшектердің биологиялық заттаремн әсерлесу мезанизмдерімен танысу. Радияциялық қауіпсіздік түрлері. Қауіпті аурулардың радиациялық терапиясы мен радиациялық диагностикасының негізгі әдістерін игеру. Мазмұны: радиациялық биофизика мен ядролық медицинадағы негізгі түсініктер. Ядролық сәулеленулердің биологиялық заттармен әсерлесуі. Аурулардың сәулелік және сәулелік емес терапиясы мен диагностикасының жаңа әдістері. Ядролық медицина мен медициналық биотехнологияның әдістемесі. Радионуклидтердің адам ағзасына ену мен адам ағзасынан шығу жолдары. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Радиоактивті сәулелердің негізгі көздерін, радионуклидтердің адам ағзасына түсу жолдарын. Пайдалана білуі керек: Спекрометрлердің, радиометрлердің және дозиметрлердің жұмыс істеу принциптерін. Дағдылану керек: Ағзаға және жеке мүшелерге фондың сәулелну мен медициналық процесс немесе технологиялық емдеу барысында алынған мөлшерлік жүктемелерді өлшеуге.

Теориялық механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәннің негізгі мақсаты қоршаған ортаның заңдарын зерттеуге бағытталған; қазіргі заманғы математика әдістерін және құралдарын пайдалана отырып, табиғат және инженерлік процестер мен оларды сипаттайтын математикалық модельдерді игеру; болашақ мамандардың ғылыми қорытындыларды жасай білу қабілеттерін дамыту. Осы пәннің зерттеу нысаны- табиғаттың физикалық заңдары, материалды денелердің математикалық модельдері, механика есептерін шешудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Теориялық механика пайдаланылатын математикалық модельдерін білу; теориялық механиканың негiзгi ұғымдары мен теориясын білу; теориялық механиканың есептерінің шешу әдістерін білу. Білу керек: механикалық процестерді сипаттау үшін тиісті математикалық модельдерді таңдай білу; теориялық механика саласындағы есептерді шешу үшін тиісті әдістерін қолдана білу; алынған нәтижелерін механика тұрғысынан талдай білу; Меңгеруі керек: Теориялық механика есептерін шешу және нәтижелерін талдау.

Теориялық физика әдістері. 1-бөлім.Векторлық және тензорлық анализ негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге қазіргі заманғы координатасыз әдіспен векторлық және тензорлық талдау жүргізу. Векторлық және тензорлық талдау жүргізу әдістерінің математикалық аппараты туралы түсінік беру. Мазмұны: векторлық талдау, координаттар жүйесі, тензорлық талдау. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: есептерді шешуде әртүрлі векторлық операцияларды қолдану, скалярлық функция градиенті, векторлық функцияның роторы мен дивергенциясы және олардың физикалық мағынасын; Пайдалана білуі керек: есептерді шешуде әртүрлі векторлық операцияларды қолдану, скалярлық функция градиентін таба алу, векторлық функцияның роторы мен дивергенциясы және олардың физикалық мағынасын қолдана алу; Дағдылану керек: векторлық және тензорлық, екінші ретті дифференциалды оператор, қисықсызықты координат, тензор, туралы түсініктің болуы;

Теориялық физика әдістері. Бөлім 2. Математикалық физика әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: мақсаты  дербес туынды теңдеулерге келтірілетін математикалық физиканың мәселелерін қарастыру; міндеттері  екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын нақты физикалық мәселелерді және процесстерді қарастыру. Мазмұны: екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулерді каноникалық түрге келтіру және классификациясы. Гиперболалық теңдеу, параболалық теңдеу, эллиптикалық теңдеу, мембрананың тербеліс теңдеуінің қорытындысы, өзектің көлденең тербеліс теңдеуінің қорытындысы, сызықты жылыөткізгіштік теңдеуінің қорытындысы, Даламбер формуласының физикалық интерпретациясы. Лежандр теңдеуі және полиномдары. Лежандрдың біріктірілген функциясы. Сфералық координаттардағы Лаплас теңдеуі. Мақсаты мен міндеті: студентті заманауи теориялық және математикалық физиканың әдістерінеүйрету , сызықты және бейсызық теңдеулерге келтірілетін математикалық физиканың күрделі теориялық және қолданбалы физикалық есептерін шешуге дағдыландыру. Мазмұны : математикалық физиканың есептерін шешу үшін жалпыланған функциялар аппаратының қолданылуы, дербес туындылы бейсызық дифференциялдық және интегралдық теңдеулерді шешу әдістері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: білу: математикалық физиканың негізгі дифференциалдық теңдеулері, математикалық физика әдістерінің математикалық аппараты, екінші реттік дербес туынды дифференциалдық теңдеулердің классификациясы, негізгі шекті мәселелердің қойылымы, жалпы шекті мәселенің редукциясы, арнайы функцияларының негізгі қасиеттерін оқу, әр-түрлі типтерге жататын математикалық физиканың негізгі мәселелерін шешу әдістері. пайдалана білуі: математикалық физиканың мәселелерін шешу әдістерін таңдау. дағдылану: дербес туынды дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын физикалық процесстер туралы түсінігі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: дербес туындылы бйсызық ифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу әдістері, математикалық физиканың сызықты және бейсызық теңдеулерін шешудегі заманауи әдістердің шынайы қолдану шегі. Пайдалана білу керек: жалпыланған функциялармен жұмыс істей алу ,берілген білімді нақты есептер шығару барысында қолдана білу, күрделі обьектілерді, процессерді және құбылыстарды модельдей алу. Дағдылану керек: математикалық физика саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерге және олардың қолданылуынан бағыт және бағдар ал білу қабілеті және түсінігі, жаңа математикалық ақпаратты игеріп алу мүмкіндігі.

Теориялық физика. 2 бөлім. Электродинамика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: мақсаты - электродинамиканың негізгі мәселелерін және әдістерін мазмұндау; мәселелер - студенттерге электродинамиканың негізгі мәселелері және әдістері туралы түсінігін беру. Мазмұны: электростатикалық өріс, арнайы салыстырмалы теория және электродинамика, қозғалған орта электродинамикасының негіздері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электродинамиканың математикалық аппараты, электродинамиканың мәселелерін шешу әдістері. пайдалана білуі керек: электродинамиканың мәселелерін шешу үшін математикалық аппаратты қолдану, мәселену қоя білу, мәселелерді шешу әдістерін таңдау, аналитикалық түрде, және компьютерлік технологияларды қолданып. Дағдылану керек: электродинамиканың мәселелерін шешу әдістері туралы түсінік.

Теориялық физика. Бөлім 1. Механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: мақсаты - теориялық механиканың негізгі мәселелерін және әдістерін мазмұндау; мәселелер - студенттерге теориялық механиканың негізгі мәселелері және әдістері туралы түсінігін беру. Мазмұны: Жалпыланған координаттарда қозғалыс теңдеулері және механикалық жүйелерге қолданулары, бос емес жүйелердің механикасы, абсолют қатты дене механикасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: теориялық механиканың математикалық аппараты, теориялық механиканың мәселелерін шешу әдістері. пайдалана білуі керек: теориялық механиканың мәселелерін шешу үшін математикалық аппаратты қолдану, мәселену қоя білу, мәселелерді шешу әдістерін таңдау, аналитикалық түрде, және компьютерлік технологияларды қолданып. Дағдылану керек: теориялық механиканың мәселелерін шешу әдістері туралы түсінік.

Теориялық физика. Бөлім 3. Кванттық механика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Студенттерге микродүние заңдылықтары жөнінде түбегейлі түсінік беру. Студент табиғаттағы кванттық заңдылықтарға бағынатын құбылыстар туралы нақты көрініс қалыптастыруы қажет, кванттық процесстерді түсіндіруге бағытталады. Түпкілікті және жуықтап шешу әдістерін және олардың қолданыс шегін үйрету, сонымен қатар студенттер оларды практикада тиімді түрде ұолдана білуге бағыттау. Мазмұны: Кванттық теорияның бастаулары. Кванттық механиканың негізгі қағидалары. Кванттық механиканың математикалық аппараты. Шредингер теңдеуі және оның қарапайым қолданылулары. Көріністер теориясы. Бұрыштық моменттің кванттық теориясы.Орталық симметриялық өрістегі қозғалыс. Кванттық механикадағы жуықтап есептеу әдістері. Тепе-тең бөлшектер жүйесінің кванттық теориясы. Релятивистік кванттық механиканың негіздері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: кванттық механиканың негізгі физикалық заңдылықтарын, олардан шығатын көріністер мен салдарды, кванттық механикада қолданылатын негізгі математикалық аппараттар мен математикалық әдістерді, негізгі кванттық механика есептерін шығаруға қолдану принциптерін, тепе-тең бөлшектер жүйесін кванттық сипаттаудың ерекшеліктерін; Пайдалана білуі керек: релятивистік емес кванттық механиканың түпкілікті түсініктерін дұрыс түсіндіре алу және олардың потенциалдық шұңқыр, гармониялық осциллятор, сутегі атомы, туннельдік эффект, қозғалыс мөлшері моментін қосу, бөлшектер статистикасы, бөлшектер спині мен Паули принципі жөнінде; Дағдылану керек: мәселенің қойылымын анықтау, есепті шешу әдістерін таңдай білу, есептерді аналитикалық түрде және компьютерлік технологияларды (заманауи ЭЕМ және сәйкес бағдарламалық өнімдерді) қолдана отырып.

Теориялық физика. Бөлім 4. Термодинамика және статистикалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: тепе-теңдік процесстер термодинамикасының негізгі заңдарын мазмұндау, макроскопиялық жүйелердің термодинамикалық қасиеттерін мазмұндау, термодинамика заңдарының негізінде жатқан негізгі эксперименттік заңдылықтары, классикалық және кванттық макроскопиялық жүйелерді сипаттаудың статистикалық әдісі, термодинамика заңдарының және сипаттаудың статистикалық әдістердің байланысы, сондай-ақ студенттерге термодинамикалық құбылыстарын модельдеу және сәйкесті физикалық шамаларды сандық есептеуге мүмкіндік беретін білім және икемділіктерді қалыптастыру; Мәселелері - студенттерге терең және мықты білімді және макроскопиялық жүйелер физикасының термодинамикалық және статистикалық іргелі заңдылықтары туралы айқын түсінік беру; студенттерге алынған білімді қазіргі замаңғы физиканың мәселелерін қою және шығару үшін қолдануға үйрету. Мазмұны: зерттеу объектісі ретінде статистикалық жүйе. Кванттық статистикада микроканондық үлестіру. Гиббстің кванттық үлкен канондық үлестіруінен тепе-теңдік процесстері үшін термодинамиканың бірінші және екінші бастамаларын қорыту. Ашық және жабық жүйелері үшін термодинамиканың негізгі теңдеулері. Термодинамиканың үшінші бастамасы. Жабық жүйелердің термодинамикасы. Максвелл қатынастары. Ашық жүйелер термодинамикасы. Классикалық статистикалық механика. Идеал газдардың Максвелл-Больцман статистикасы. Ферми-Дирак және Бозе-Эйнштейн үлестірулері. Фуктуация туралы түсінік және олардың сандық сипаттамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: термодинамиканың және статистикалық физиканың негізгі түсініктерін және іргелі заңдарын, термодинамикада және статистикалық физикада қолданылатын мәселерді қою және шығару әдістерін; пайдалана білуі керек: гаусс және халықаралық бірліктер жүйесінде нақты физикалық жүйелердің термодинамикалық параметрлерінің сандық есептеулерін өткізе білу; Дағдылану керек: термодинамиканың және статистикалық физиканың негізгі түсініктері және іргелі заңдылықтары туралы түсініктерін иелену және термодинамикада және статистикалық физикада есептерді қою және шығару әдістері туралы түсінігін иелену.

Физиканы үйретудің инновациялық технологиялары
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Орта және жоғарғы оқу орындарындағы физика курсының мазмұны мен ғылыми және психолого-педагогикалық құрылымын үйрену; Мазмұны: Оқытудың функциялары. Әдістеменің міндеттері. Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің интегративтік сиппаттамасы. Физика ғылымының білім берудегі рөлі. Күнтізбелік жоспар. Календарлық жоспар. Сабақ жоспары. Оқытудың дидактикалық принциптері. Педагогикалық басқарудың синергетикалық негізі. Жаңа оқытудың ақпараттық негізі. Физиканы оқытудың интенсификациялық әдістемесі. Бағаладың дәлдігі. Тест құрудың әдістемесі. Физика курсының негізгі тақырыптарын оқудың әдістемесі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: физика және астрономияны орта мектепте оқытудың негізгі түсініктерін; оқытудың функцияларын, әдістеменің міндеттерін, оқытудың дидактикалық принциптерін, тест жасаудың әдістерін және т.б. Пайдалана білуі керек: физика мен астрономия сабағын өткізудің әдіс тәсілін, дұрыс сабақ жоспарын және жылдық жоспарды, шынайы бағалау және тесттік жұмыстардың нәтижесін шығару білу. Дағдылану керек: физика мен астрономия сабағының кез-келген бөлімдерін бере алу, мектеп курсындағы есептерді шығара алу және дұрыс бағалай алу.

Философия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру; студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерді комплексті айнымалылар функциясының теориясымен таныстыру. Мазмұны: қазіргі заманның теориялық химиясының атом мен заттың құрылысының кванттық-механикалық принциптері, химиялық байланыс, химиялық термодинамика элементтері, химиялық процестердің энергетикасы, химиялық байланыстың қазіргі теориясы, химиялық байланыстардың кинетикасы, химиялық тепе-теңдік, гидролиз процестері, қышқылдандыру-қалыпқа келтіру секілді маңызды бөлімдерін қарастыру. Теориялық білім тұрғысында элементтер қасиеттері мен байланыстары қарастырылады, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі период пен топтардағы қасиеттерінің өзгеруі қарастырылады. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Заттардың қасиеттері мен реакциялардың химиялық механизмдерін; айнымалы шамаларды зерттеу әдістерін; Пайдалана білуі керек: Берілген модуль бойынша есептер шығару; Дағдылану керек: Химиялық және физикалық талдау әдістерін игеруге;

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Ықтымалдық теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Электромагнитизмді теория ретінде ұсыну, эксперименттік практикалық және лабораториялық сабақты жалпылама түрде өткізу. Мазмұны: вакуумдегі электростатикалық өріс және оның зарядқа әсері, ортаның диэлектрлік өтімділігі, әртүрлі ортадағы контакты құбылыстар мен электрөткізгіштік, электромагниттік өріс заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электромагнитизмдегі негізгі заңдылықтар және олардың математикалық өрнегі; курстың физикалық шамасы және негізгі түсініктері. Пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін түжырымдау. физикалық шамалардың ретін бағалау және физикалық есепті шешу; Дағдылану керек: электрмагнитизм дамуының басты этаптарын, оның философиялық және әдістемелік проблемалары.

Элементар бөлшектер және атом ядросы физикасына кіріспе
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерді атом физикасы және элементар бөлшектер физикасының негізгі түсініктерімен таныстыру. Субатомдық физиканың қарапайым есептерін шешуді үйрету. Мазмұны: Резерфорд пен Бор ұсынған атом моделдері. Атом құрылымы жөніндегі қазіргі түсініктер. Ядро құрылымы жөніндегі түсініктің дамуы. Ядроның негізгі қасиеттері. атом ядросының моделдері. «элементар бөлшектер» түсінігінің дамуы. Элементар бөлшектердің қазіргі заманда анықталуы.элементар бөлшектердің классификациясы, негізгі қасиеттері және құрылымы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Элементар бөлшектер мен ядроның қасиеттері мен құрылымын; субатомдық физика жөнінде түсінікті; Пайдалана білуі керек: Субатомдық физиканың қарапайм есептерін шешуді Дағдылану керек: Элементар бөлшектер мен ядро құрылымын білуге; субатомдық физика заңдылықтарын түсінуге;

Ядролық медицина физикасына кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: радиоактивті сәулеленулердің негізгі көздерімен және олардың адам ағзасына өту жолдарымен танысу. Бейтарап және зарядталған бөлшектердің биологиялық заттаремн әсерлесу мезанизмдерімен танысу. Радияциялық қауіпсіздік түрлері. Қауіпті аурулардың радиациялық терапиясы мен радиациялық диагностикасының негізгі әдістерін игеру. Мазмұны: радиациялық биофизика мен ядролық медицинадағы негізгі түсініктер. Ядролық сәулеленулердің биологиялық заттармен әсерлесуі. Аурулардың сәулелік және сәулелік емес терапиясы мен диагностикасының жаңа әдістері. Ядролық медицина мен медициналық биотехнологияның әдістемесі. Радионуклидтердің адам ағзасына ену мен адам ағзасынан шығу жолдары. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Радиоактивті сәулелердің негізгі көздерін, радионуклидтердің адам ағзасына түсу жолдарын. Пайдалана білуі керек: Спекрометрлердің, радиометрлердің және дозиметрлердің жұмыс істеу принциптерін. Дағдылану керек: Ағзаға және жеке мүшелерге фондың сәулелну мен медициналық процесс немесе технологиялық емдеу барысында алынған мөлшерлік жүктемелерді өлшеуге.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Арнайы салыстырмалы теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Негізгі болып табылатын, заманауи алдыңғы қатарлы физикалық теорияларды игеру үшін, төртөлшемді физикалық аппарат туралы түсінік беру, арнайы салыстырмалық теориясының әдістерін үйрету. Мазмұны: Арнайы салыстырмалық теориясының прициптері, Лоренц группасы, Төртөлшемді геометрия, Тензорлық талдау, Релятивтік механика Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Арнайы салыстырмалық теориясының математикалық аппараты, арнайы салыстырмалық теориясының прициптері. Пайдалана білуі керек: релятивті механиканың және кинематиканың және 4-өлшемді тензорлық талдаудың есептерін өз бетінше шығара және қоя алу, алынған нәтижелерді түсідіре алу . Дағдылану керек: : релятивті физиканың есептерін шығара алу дағдысының және теориялық физиканың 4-өлшемді аппараты туралы түсінігінің болуы.

Астрофизика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: астрономияда қолданылатын жабдықтар мен жаңа техниканы үйрену, ғарышты игеру мәселелері. : Астрономия мен астрофизика есептерін шығарудың тәсілдерімен танысу, аспан денелерінің қозғалысы мен дамуының баяндалуындағы космонавтиканың дамуыныңдағы астрофизиканың рөлін көрсету; практикалық тәжірибенің жинақталуы; астрофизикадағы әр түрлі есептерді шеше білу; Мазмұны: Астрофизиканың негізгі түсініктемелері. Әлем туралы ақпарат. Негізгі астрофизикалық құралдар. Телескоптың функциялары. Аберрация. Электромагниттік сәуле шығарудың тұтынушылары. Астрофизикалық бақылаулардың әдістемесі. Спектроскопиялық бақылаулардың әдістемесі. Күн. Жұлдызаралық орта Солнце. Космостық сәулелер. Синхроторнды радиосәулешығару. Потенциал теориясы мен аспан механикасының элементтері. Жұлдыздардың энергиясының көздері. Азғындалған жұлдыздар. Масса мен радиус арасындағы байланыс, шектік масса. Спектральдық талдау негіздері. Жұлдыздардың спектральдық классификациясы. Герцшпрунга-Рессел диаграммасы. Жұлдыздар дамуының теориясы.Қалыпты жұлдыздар, ақ ергежейлілер және нейтронды жұлдыздар. Қара құрдымдар. Нейтронды жұлдыздар. Пульсарлар. Асажаңалардың қалдықтары және бақылаулары. Галактикалардың дамуы. Галактикалардың белсенді ядролары. Квазарлар. Хаббл заңы. Фридман шешімі. Ритикалық тығыздық. Стандартты космологиялық сценарий. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Астрофизиканың негізгі түсініктемелерін; астрофизикадағы бақылаулардың заманауи құралдары мен әдістерін сонын ішінде космостық аппараттармен астрономиялық бақылау жүргізудегі құралдар мен әдістерді; космостық байланыстың теориялық және практикалық аспектілерін; Пайдалана білуі керек: өзінің зерттеуіндегі объектінің физикалық және математикалық үлгісін жасауда негізі физика заңдарын және математикалық аппараты астрономиялық және космофизикалық құбылыстарды баяндай алу үшін қолдана білу; Дағдылану керек: космостық объектілер және сәулелердің сиппатамаларын астрономиялық және космостық зерттеу жұмыстарын жүргізе алу қабілетінің болуы.

Әлеуметтік өзгеру және саяси модернизация
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің мақсаты студенттердің әлеуметтік өзгерістер мен дамуды және саяси жанғырту теориялық ұғыну, талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Берілген модульде теориялық пен эмпирикалық перспективалар нақты бағдарламалар/стратегия дайындаумен үйлестірілген. Модульде қазіргі заманғы қоғамның құрылымы, әлеуметтік тәжірибелері мен мәдениетіндегі әлеуметтік және саяси өзгерістердің түрлерін, мемлекеттердің жаһандық және жергілікті деңгейдегі социеталдық дамуының себептері мен үрдістерін ашып көрсетететін әлеуметтік трансформациялар мен саяси жанғырту теориялары қарастырылады. Әлеуметтік өзгеріс және даму. Әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтанулық перспективалары. Көші-қон мен еңбек көші-қоны. Жаһандық әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық белсенділік. Әлеуметтік құрылымның өзгеруі. Жаңа технологиялар мен медианың әлеуметтік өзгерістерге әсері. Өзгеруші Орталық Азия: үдерістер мен мәселелер. Cаяси жаңару түсінігі және түрлері. Cаяси жаңару теориясының, олардың эволюция және саяси тәжірибеде қарым-қатынасының негізгі бағыттары. Саяси жаңару институционалдық факторлар мен саяси дағдарыстар жүйесінің рөлі мен маңызы. Жаһандану және саяси жаңару ел дамуының қазақстандық үлгісі. Бәсекеге қабілетті жаңа деңгейге еліміздің шығыс жолы ретінде Үшінші жаңғыртудың негізгі басымдықтары: жедел технологиялық жаңғырту; бизнес-ортаны ырықтандыру; макро тұрақтылық; адам капиталының сапасын арттыру; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Газдық разряд физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Газдық разряд физикасын лекциялық және семинарлық дәріс аумағында практикалық және эксперименттік зерттеулер негізінде қалыптастыру. Оларда өтетін газдық разрядтың типтері және процестерін оқыту. Мазмұны: газдық разрядтың негізгі физикалық құбылыстары, оларды бақылаудың тәсілдері мен тәжірибелік зерттеулері оқытылады. Плазманы алу әдістері, Изучаются основные физические явления физики газового разряда, методы их наблюдений и экспериментального исследования. Методы получения плазмы, тлеющй разряд, дуговой разряд, фотоиоизационные процессы, стримерны пробой. Модульді аяқтағаннан кейін студент білуге тиісті компетенциялар: білу: -Газдық разряд физикасының негізгі заңдылықтары олардың математикалық түрлерін. -Газдық разряд физикасының негізгі физикалық құбылыстары және олардыэксперименталды зерттеу әдістерін - курстың негізгі түсініктері және физикалық шамалары Істей білу: Бөлімнің негізгі түсініктерін түйіндеу физикалық есептерді шығару және физикалық шамалар қатарын бағалау. Дағдылану керек: физикалық модель мен гипотезаларды қолдану аймағы туралы және газдық разряд физикасының дамуының маңызды кезеңдері туралы түсінік

Графикалық интерфейс және тәжірибені автоматтандыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерге өлшеу күйлерін талдау, бақылау және практикалық қызметтерде білікті қатысу үшін қажетті білім беру. Мазмұны: бұл пән сандық әдістерді және тәжірибе нәтижелерін өңдеу программаларын зерттейді, заманауи тілдік программалар көмегімен модельдеуді қарастырады. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: ЭЕМнің негізгі функцияларын және мүмкіндіктерін; Пайдалана білуі керек: Сандық әдіспен шешілетін математикалық немесе физикалық есптердің бөлігін, оларды қолайлы жолмен шешудің алгоритмін таңдауды; осы алгоритмді программалау тілінде жүзеге асыруды; алынған модель мен шешімді бағалауды; Дағдылану керек: Операциялық жүйемен, ақпаратты енгізу/шығару жабдығымен ЭЕМді байланыстырып қолдануға;

Дазиметрия және нұрлардан қорғану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат пен міндеттері: ядролық қауіпсіздік және сәулелену дозасы туралы мағлұмат беру. Мазмұны: модульде сәулелену дозасын анықтау және шекті рұқсат етілген мәндер нормасы берілген. Бұл курс ядролық реакторлардағы жұмыс кезіндегі радиациялық қауіпсіздік нормаларымен, АЭСтегі негізгі сәулелену көздерімен және олардың биосфераға әсерін, түрлі сәулелену түрлерінен қорғану әдістерімен таныстырады. Радиациялық қауіпсіздік бойынша нормативтік документтер зерттеледі. Санитарлы ережелер мен радиациялық қауіпсіздік нормалары. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Ионизайиялық сәулеленулердің түрлері мен табиғатын; әртүрлі сәулелену түрлерінен қорғану әдістерін; дозиметриялық аппараттың жұмыс істеу принципі мен құрылымын; радиациялық қорғанудың нормалары мен ионизацияланған сәулеленуден қоғанудың талаптарын; Пайдалана білуі керек: Тәжірибелік немесе есептеу жолымен анықтуды; сәулелену көздерінің сипаттамасын; сәулелену дозасын есептеуді; Дағдылану керек: Берілген тақырып бойынша есептер құрастыру және шығаруға; ғылыми-техникалық ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, талдауға және жалпылауға; ионизациялық сәулеленуден қорғану туралы білімді практикада қолдануға.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Жас адамдарда сыбайлас-жемқорлыққа қатысты азаматтық позицияны қалыптастыруға қажетті құндылық бағыттар мен қабілеттерді дамыту және тәрбиелеу. Курс оқушыларды сыбайлас-жемқорлық сынды жағымсыз әлеуметтік құбылыспен таныстырады; оның себептері мен салдарларын ашады; оқушыларда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына жәрдемдеседі; Сыбайлас-жемқорлық жағдайында жауапты тұлғалардың іс-әрекеттерінің мөлдір болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың мәнін ашады

Инновациялық кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – студенттердің бойында микродеңгейде және макродеңгейде инновациялар экономикасы саласындағы білім кешенін қалыптастыру. Инновациялық кәсіпкерлік курсында теориялық материалмен қатар белгілі бір саладағы инновациялық дамудың тәжірибелік проблемалары қарастырылады. Макродеңгейде студенттер инновациялық үдерістің теорияларымен, инновациялық дамудың концепцияларымен, инновациялардың жалпы сипаттамасымен танысады. Микродеңгейде курс құрамында инновацияларды жүзеге асырудың түйінді факторлары, инновациялық компанияны құру және дамыту, инновациялық стратегияны таңдау, инвестицияларды тарту сияқты сұрақтар қарастырылады.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Ионосфера және ғарыштық плазма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студентте ионосфералық және космостық плазмада сызықты емес процестер көрінісін бейнелейді және дәлелді математикалық есептер шешуге икемдейді. Мазмұны: модуль ионосфера мен космостық плазмадағы сызықтық емес құбылыстарды және соғын байланысты есептерді қарастырады. Ионосфералық және космостық плазманың принципі толық қарастырылады және оған талдау жасалынады. Курсты оқу барысында компьтерде лабораториялық жұмыстар жүргізіледі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: ионосфералық және космостық плазмадағы процестің дамуын және негізгі физикалық құбылыстарды, оларды есептеу әдістерін; пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін тұжырымдауды, нақты физикалық есептерді шешуді және физикалық шамалардың дәрежесін бағалауды дағдылану керек: жердің ионосферасындағы және жер айналасындағы ғарыштық процестер мен динамикалық процестерге

Кванттық механиканың жуықтау әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Студенттерге микродүние заңдылықтары жөнінде түбегейлі түсінік беру. Студент табиғаттағы кванттық заңдылықтарға бағынатын құбылыстар туралы нақты көрініс қалыптастыруы қажет, кванттық процесстерді түсіндіруге бағытталады. Түпкілікті және жуықтап шешу әдістерін және олардың қолданыс шегін үйрету, сонымен қатар студенттер оларды практикада тиімді түрде ұолдана білуге бағыттау. Мазмұны: Кванттық механикадағы жуықтап есептеу әдістері. Стационарлық күй үшін ұйытқу теориясы а) дискретті айнымаған спектр жағдайы; б) айныған спектр жағдайы. Ұйытқу теориясын атомдық физиканың кейбір есептеріне қолдану а) сутегі атомында релятивистік түзетулерді ескеру; б) атом деңгейлерінің магнит өрісінде жіктелуі (Зееман эффекті); в) атомның энергия деңгейлерінің тұрақты біртекті электр өрісінде жіктелуі (Штарк эффекті). Стационар емес күй үшін ұйытқу теориясы. Жуықтап есептеудің вариациалық әдісі. Тепе-тең бөлшектер жүйесінің кванттық теориясы. Тепе-тең бөлшектер жүйесі үшін Шредингер теңдеуі. Симметриялы және антисимметриялы тоқындық функциялар. Анықталған симметриялы толқындық функцияны құрастырған кезде бөлшектің спинін ескеру. Юнг схемалары. Гелий атомының теориясы. Гелий атомының қозған күйі. Орто- және парагелий. Атомдардың энергетикалық күйін жуықтап есептеу әдістері а) Хартри-Фоктың өзара үйлесімді өріс әдісі; б) Томас-Фермидің статистикалық әдісі. Элементтердің периодтық жүйесі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: кванттық механиканың негізгі физикалық заңдылықтарын, олардан шығатын көріністер мен салдарды, кванттық механикада қолданылатын негізгі математикалық аппараттар мен математикалық әдістерді, негізгі кванттық механика есептерін шығаруға қолдану принциптерін, тепе-тең бөлшектер жүйесін кванттық сипаттаудың ерекшеліктерін; Пайдалана білуі керек: кванттық механиканың түпкілікті түсініктерін дұрыс түсіндіре алу және жуықтап шешу әдістерін қолдана білу; Дағдылану керек: мәселенің қойылымын анықтау, есепті шешу әдістерін таңдай білу, есептерді аналитикалық түрде жуықтап шешу әдістерін қолдана отырып және компьютерлік технологияларды (заманауи ЭЕМ және сәйкес бағдарламалық өнімдерді) қолдана отырып.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қаржылық сауаттылықтың негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерде қаржылық саясатты жайлы білім жүйесін қалыптастыру,қҚаржылық саясатты әзірлеу және іске асыру дағдыларын қалыптастыру, атқарушы билік, жергілікті билік және кәсіпорынадырындағы қаржының мақсаттары мен міндеттерін, миссиясының өзектендіру. Білу: қаржы сферасынындағы саясаттын ипнтрументтері, тусінігі, әдістері. Нарық пен бизнестіәң жаһандану жағдайындағы қаржылық сауаттылық арттыру. Қаржылық саясаттың инструменттері. Қабілетті болуы – фискалдық және монетарлық саясаттың трансмиссиялық механизімін. Қаржы және несие аясында тәуекелдерді басқару. Қаржылық саясаты мақсатында жоспарлау. Біікті болуы- салықтың және қаржылық көрсеткіштерді есептеудің механизімі жайлы білікті болу.

Құқық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Педагогика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты магистранттардың бойында келесі құзіреттіліктерді қалыптастыру: - жоғары мектеп оқытушыларына негізгі кәсіби-педагогикалық мәдениетті меңгереді; - жоғары мектепің теориялық және әдіснамалық негіздерінің жалпы мәселелерін түсіндіреді; - қазіргі заманғы талдау, оқыту мен тәрбиелеуді жоспарлау, ұйымдастыру технологияларын сипаттайды; - жоо білім беру үдерісінде оқытушы мен студенттің өзара әрекетінің субъект-субъектілі, қарым-қатынас технологиясын бағалайды; - жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесін талдайды; - жоғары білім берудің мазмұнын анықтайды; - кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастырады; - оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері мен болашақ мамандарды даярлаудағы оқытудың белсенді әдістері мен түрлерін, жоғары мектептегі жаңа білім беру технологияларын қолданады.

Плазма физикасындағы сандық әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Идеал емес плазманың қасиеттерін сандық әдіспен зерттеу және экспениментті зерттеу арқылы идеал емес плазманың қасиеттерінің маңыздылығын көрсету. Мазмұны: Статистикалық физиканы экспериментті есептеу әдісі арқылы зерттеу, метрополистың сандық схемасы, канондық ансамбль үшін монте-карло әдісі, " Plasma-Surface " компьютерлік модельдеу Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Плазманың шынайы ортаға қатынас нәтижелерінің анализы Пайдалана білуі керек: Плазма физикасының іргелі мәселелері мен оның қолданылуын

Психология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар келесі құзіреттерді меңгереді: Кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға қажетті психологиялық ғылым мен практиканың негіздері арқылы қазіргі ғылыми ақпараттарды игеру; Ғылыми-педагогикалық және кәсіби іс-әрекетте туындайтын психологиялық заңдылықтар мен феномендерді түсіну; Психологиялық көзқарас бойынша өмірлік және кәсіби жағдаяттарды сыни талдау, даму мүмкіндіктері мен ресурстарының, тұлға және ұжым іс-әрекетінің нәтижесі мен мінез-құлқы арасындағы өзара байланысты көре білу; Жалпы білім беруде өзі және өзгелер туралы психологиялық ақпаратты біріктіру және негiзделген пікірлерді тұжырымдау; Тиімді шешім қабылдау үшін психологиялық білімдерді қолдану, кәсіби іс-әрекет пен жеке өмірде сәтті коммуникативті стратегияны жүзеге асыру; Ұжым мен өзінің потенциалын дамыту үшін психологиялық білімдерді тиімді қолдану.

Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: тарихи сана ұғымы мен өткен буындардың оның дамуына байланысты тәжірибелеріне, мәдени дәстүрдің өзегі мен рухани кодты сақтау, сол сияқты қоғамдық сананың жаңғыртуы мен ұлттық өз-өзін дамыту әлеуетіне қатысты білімдер жүйесін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - нақты-тарихи және теориялық деңгейде өз халқының өткені жөнінде білімдерді өзге қауымдастықтар тарихымен байланыстырып көрсете білу қабілетін меңгереді; - тарихи тағдыры, дәстүрі, мәдениеті, тілі мен ділі ортақ қаумыдастық ретінде халықтың тарихи санасының сақталуын әрі рухани жаңғырудың қажеттігін түсінеді; - елдің қоғамдық санасының жаңғыруында өткеннің инновациялық элементтерін қолданып жаңа шешімдер іздеуге дағдыланады; - адами қауымның дамуының рухани жағына жататын тарихи сананы пайымдаудағы жүйелілік тұрғыны игереді; - сананың модельдерін өзіндік жолмен көрсетіп беруге қабілет, санаға қатысты құбылыстарды ұғындырып, түсіндіре алу, оларды тарих контексінде қабылау және негіздеу, прогрессивтік тарихи уақиғаларды салыстыру әрі ерекшеліктерін анықтауды үйренеді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: - сана мен тарихи мұраның іргелі проблемалары - ұлттық метақұндылықтар, мәдени бірегейлену, киелі нысандар; - ұлттық бірегейліктің қалыптасуы мен жаңғыруына қатысты әртүрлі дәуірлердегі жергілікті және жаһандық тарихтың өзгеруі аясында мәдени-тарихи құбылыстарды салыстырмалы қарау әдістері.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тозаңды физика плазмасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Тозаңды плазманың қасиеттерін сипаттаудың математикалық әдістері мен физикалық модельдерін, фундаменталдық заманауи физикалық ғылым саласы ретінде меңгеру. Мазмұны: Оқу үрдісі барысында тәлімгерлер плазмалық күйдегі ортаның қасиеттерін сипаттайтын негізгі математикалық әдістер мен физикалық модельдермен танысады және оларды нақты есептер шығаруда қолдануды қарастырады. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: плазманың қасиеттерін сипаттаудағы негізгі математикалық әдістерді мен физикалық модельдерді меңгеру пайдалана білуі керек: плазмалық ортаның қасиеттерін сипаттайтын негізгі математикалық әдістерді сандық және сапалық түрде дұрыс тұжырымдай білу. дағдылану керек: плазманың қасиеттеріне сипаттама берудің негізгі жолдары жайлы және оларды ғылыми тәжірибеде қолданудаың актуалдылығын, маңыздылығын білу

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттерге дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігінің мәнін және оны есептеу әдістемелерін түсіндіру, оларды ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі заманда қалыптасқан тенденцияларымен таныстыру. Пән шеңберінде студенттер ұлттық экономикалардың бәсекелік артықшылықтарының жетекші теорияларын зерттейді, Қазақстанның дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оның негізгі бәсекелік артықшылықтарын анықтайды, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалайтын баламалы әдістерді талдайды, мысалы жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексі сияқты.

Фирманың экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты - қазіргі заманның жаһандық және әлемдік нарықта бәсекенің күшейген жағдайында фирмалардың қызмет ету және дамуының жалпы қағидалары жөнінде жүйеленген білім алу. Пәнді оқыту барысында фирма қызмет етуінің экономикалық және құқықтық негіздерін және материалдық-техникалық құрамын, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын зерттеумен байланысты, сонымен бірге еңбек ақының заманауи түрлері мен жүйелері жөнінде түсінік алумен, еңбек өнімділігінің және фирма қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін, өнімнің бағасы құрулуы және фирманың бәсекеге қабілеттігін бағалаудың негіздерін зерттеумен байланысты мәселелерді қарастырады.

Шашыраудың кванттық теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Шредингердің релятивистік емес теңдеуіне сүйене отырып, кванттық шашырау теориясының негіздері. Мазмұны: Шашырау теориясындағы негізгі шамалар туралы мəлімет – шашырау амплитудасы жəне дифференциалдық көлденең қимасы; осы шамалардың негізгі, практикалық мағынасы бар потенциалдары үшін Борндық жуықтаудағы есептеулерін көрсету – орталық-симметриялық потенциалдары – кулондық потенциал, экрандалған кулондық потенциал,сфералық шұңқыр, гаусс потенциалы, экспоненциалдық потенциал жəне дельта тəрізді потенциал; шашырау формфакторы, парциалдық толқындар әдісі, оптикалық теорема, Глаубердің көп-мәрте шашырау теориясы, әр-түрлі санақ жүйелері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: кванттық шашырау теориясының негізгі элементтері; шашырау амплитудасының және дифференциалдық және толық шашырау қимасымен байланысы; осы сипаттамаларды есемптеу әдістері, сол әдістерді қолдану аумағы; шашырау фазаларын есептеу әдістері; тепе-тең бөлшектер жүйесінде шашырау ерекшеліктері; релятивистік бөлшектердің шашырау ерекшеліктері. Пайдалана білуі керек: атомдық формфакторларды есептеу; практикаға маңызды потенциалдары үшін дифференциалдық қималарды есептеу; ядролық процесстердің табалдырықтарын есептеу; заманауи үдеткіштерде жаңа бөлшектердің пайда болуына қажетті энергияларды табу. Дағдылану керек: үлкен және кіші шашырау бұрыштарының шекті жағдайлары; физикада кездесетін интегралдар; конверсия тұрақтысын кванттық есептеулерде қолдану.

Шет тілі. Ғылыми-техникалық аударма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Студенттердің бойында шет тілдік мәліметтерді қабылдау мен шет тілдік байланыс құралдарын пайдалануды дамыту. Студенттерді шет тілін білімдерін кеңейте түсу үшін және кәсіптік біліктілігін арттыру үшін қолдана білуге бейімдеу. Мазмұны: Курста шет тілінің граматикасы мен лексикасы студенттердің ауыз екі сөйлеуі және жазбаша түрде қолдануы үшін қамтылған, сонымен қоса шет тілдік терминологияларды күнделікті өмірде және кәсіптк қарым қатынаста белсенді қолдануына да негізделген, Дәрежелері: (Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate и Upper-Intermediate).

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

Ядролық астрофизика мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ядролық астрофизиканың негізгі мәселелері және әдістері туралы негізгі түсініктерін беру. Мазмұны: жұлдыздардың энергетикасы туралы, нуклеосинтез және элементтердің кең таралуы туралы. Космологиялық модельдер. Бүгінгі кунгі Әлем туралы эксперименттік фактілер. Жұлдыздардың эволюциясы және нуклеосинтез. Күн физикасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: термоядролық реакциялар физикасын, жұлдыздардың ішінде болатын ядролық процесстер туралы түсінік, нуклеосинтез және элементтердің кең таралуы туралы түсінік, жұлдыздардың эволюциясы туралы түсінік және оның нуклеосинтезбен байланысы, Күн физикасын және космохронология туралы, нейтрондық астрономяи туралы түсінік; Пайдалана білуі керек: ядролық процесстердің табалдырықтарын табу; Дағдылану керек: төмен энергиялық жұлдызды процесстердің қималарын лабораториялық қималарды экстраполяция жолымен бағалау дағдыларын.

Ядролық қауіпсіздік және радиоактивті қалдықтарды сақтау технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: ядролық қауіпсіздік және ҚРдағы радициялық қорғаныстың нормативті-құқықтық базасымен танысу; бөлінетін материалдардың таратылмауының халықаралық талаптарын білу; радиоактивті қалдықтарды жақын және алыс арақашықтықта тасымалдаудың негізгі талаптарын игеру; Мазмұны: негізгі ядролық-физикалық түсініктер. ҚРның тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігінің нормативті-құқықтық базасы. Радиоактивті қалдықтарға арналған уақытша сақтау орын жабдықтары. Бөлінетін материалдарды тасымалдау ережелері және таратпау принциптері. Радиоактивті қалдықтарды халық шаруашылығы үшін қайта өңдеу. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: ядролық сәулеленудің затпен әсерлесу заңдылықтарын; ядролық қалдықтарға арналған уақытша сақтау орындары мен тұрақты обаларды ұйымдастыру принциптерін; Пайдалана білуі керек: Радиациялық қорғанысты ұйымдастыруды және дозаны қызметкер және халық үшін есептеуді; Дағдылану керек: Ядролық қауіпсіздік аумағын ретке келтіру жөнінде заңды және ережені білуге;

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение