Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технологиялар бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: жоқ
Бағдарлама: 5В071000 - материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Оқу дәрежесі: бакалавр
Емтихандар: ҰБТ (тест)
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
5В071000 – материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығының студенттері келесідей кәсіби қызмет түрлерін орындайды:
- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастыру-басқармалық;
- есептік-жобалық;
- құрастыру-жобалау;
- эксперименттік-зертеу.
Кәсіби қызмет функцияларына жатады: өндірісті ұйымдастыру және басқару, технологиялық процестерді орындауды басқару, материалдардың сапасын басқару, өндіріс орындардың экологиялық және экономикалық көрсеткешін талдау. Технологиялық процестерді алу және материалдарды өңдеуді жетілдіру.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:
- химиялық және фазалық құрамды, құрылымын және материалдардың қасиеттерін зерттеу;
- жаңа материалдарды алу, олардың термиялық және химия-термиялық өңделуін технологиялық жобалау, қысыммен өңдеу және оларды өндіріске енгізу;
- құрылғыларды және технологиялық құрылғылардың жұмысын және қондырғыларды зерттеу;
- материалдарды алудың және өңдеудің жаңа негізгі технологиялық процестерін жасау, өндіріске енгізу.
Кәсіби қызметтің бағыттары:
- ұйымдастыру-басқармалық жұмыс;
- өндірістік-технологиялық жұмыс;
- эксперименттік-зерттеу жұмыс;
- есептік-жобалық жұмыс.
Профилдік сабақтар:
• Жаңа материалдар;
• Материалдарды өндірудің технологиялық процестері;
• Материалдарды өндірудің технологиялық қондырғылары;
• ¬Өндірісті жоьалау;
• Материалдарды таңдаудың ғылыми негіздері.
Оқудың артықшылықтары:
• жаңа технология аумағында зертеу;
• нанотехнология аумағында зерттеу;
• заманауи жоғары дәлдікті қондырғыларда жұмыс жасау және үйрену;
• жоғары физика технологиясын негіздеу.
Халықаралық байланыстар:
Бакалавр студенттері БелГУ, НИ ТПУ, РУДН, Манчестер Университеті, Дублин Тринити Колледжі, Карлов Университеті, Ватерлоо Университеті, МГУ секілді серіктес ЖОО-да оқуға мүмкіндіктері бар.
Практиканы өту орны және мүмкін болатын жұмыс орны: АТҰНЗ, ЛИП, ЭжТФ ҒЗИ, заводтар, өндіріс орындары.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Мамандық шифры
5B071000
Факультеті
Физика-техникалық
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Физика
Профильдік пәні
Физика
Өту балы
ҚАЗ
81
ОРЫС
67

пәндер

Autocad құрастыру редакторы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнде әр түрлі машина және аппараттар бөлшектерінің әр түрлі байланыстары; біліктер, өстер, олардың тірегі мен бйланыстары, подшипниктер, муфталар, қозғалғыш және жетектегіш бұру берілістері, типтік құрастырмалармен күшейткіш есебінің математикалық әдістері, кернеулері мен негізгі өлшеулері қарастырылады. Пән машина инженер моделін қалыптастырушы ретінде жеке мәнге ие, машина жасау өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, сонымен қатар осы саладағы материалтануға машинамен және өндіріс механизмімен және тазарту құрылыстарымен танысуға көмек көрсетеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Биофизика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Тірі ағзаларда жүріп жатқан үрдістерді физика тұрғысынан түсіндіру, биологиялық жүйелердегі құрылымдар мен қызметтер арасындағы байланыстарды көрсету, биологиялық жүйелерді зерттеуде физика заңдары мен физика-химиялық әдістерді қарастыру. Курстың міндеті – студенттерді биофизикалық зерттеулердің заманауи әдістеріне үйрету, биологиялық жүйелердің биофизикалық заңдылықтарымен таныстыру. Мазмұны: Сәйкес физика бөлімдері бойынша биологиялық жүйелердің тіршілк ету заңдылықтары: термодинамика, макромолекулалар биофизикасы, биологиялық моделдер, кинетика, физикалық өрістер әсері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): студент білуі керек: биофизиканың негізгі принциптері мен қағидаларын білуі тиіс. пайдалана білуі керек: биофизиканың іргелі және қолданбалы есептерін қарастыруда алған білімдерін еркін қолдана алуы, биофизика есептерін дұрыс қойып, шеше білуі тиіс. дағдылану керек: биологиялық объекттермен жұмыс істеудің заманауи эксперименттік әдістерін дала және лаборатория жағдайларында қолдана білуде икемі болуы тиіс.

Биохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге биохимия саласында қажетті көлемде іргелі білім беру, табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі арасындағы өзара байланысты көрсету. Мазмұны: Амин қышқылдары, ақуыздар, ферменттер, көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі тиіс: табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттері, ақуыздар мен ферменттердің амин қышқылдық кезектесуін анықтау, көмірсулар мен липидтердің алмасуы, нуклеин қышқылдарының биосинтезі, сонымен бірге зерттеу нысандарынан биомолекулаларды бөлу методологиясы; жасай білуі тиіс: органикалық қосылыстардың әртүрлі кластарына жататын табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, табиғи қосылыстардың зерттелетін топтарын әртүрлі әдістермен идентификациялау.

Векторлық және расторлық графика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешу негізгі әдістерін мазмұндау; Мазмұны: бірінші реттік теңдеулер; n-реттік теңдеулер және теңдеулер жүйесі; сызықты дифференциалдық және интегралдық теңдеулер; орнықтылық теориясы; дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шығару сандық әдісі; дифференциалдық және интегралдық теңдеулер үшін жуықтау әдістері туралы түсінік. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек:дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін; Пайдалана білуі керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістерін қолдану; Дағдылану керек: дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешу негізгі әдістері туралы түсінік.

Жалпы химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Интегралыдық және диференциалдық теңдеулер
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Кванттық механиканың негіздері және атомды физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Кванттық және атомдық физика атомдық молекулалық деңгейде заттардағы құбылыстарды және қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды түсіндіретін негізгі пән болып табылады.

Комлекс айнымалы функциялар
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Комплексті айнымалы функциялардың теориясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: кәсіптік саладағы процестер мен проблемаларды ғылыми сараптау, практика жүзінде негізгі білімдерін, математика және жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдана алу; заманауи ағартушылық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңа математикалық және ғылыми жаратылыстық білімдерді меңгеру; сәйкес кәсіптік, әлеуметтік, ғылыми және этикалық проблемалар бойынша түсініктердің қалыптасуы үшін математикалық логиканы қолдану; Мазмұны: Комплексті сандар. Комплексті айнымалының функциясын дифференциалды есептеу. Қатар. Комплексті айнымалы бойынша интегралдау. Шегеру теориясы. Лаплас түрлендіруі. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: комплексті айнымалы функцияларын және көпшелердің бейнеленуін, элементарлы функцияларды, комплексті айнымалы бойынша интеграл алу, Коши интегралы, аналитикалық функциялардың бірізділігі және қатары, бірліктік теоремасын және модульдің максимумдығының принципі, Лоран қатары, бірмәнді сипаттағы оқшауланған ерекше нүктелер, есептеулер, аргумент принципін, аналитикалық жалғасым, жазықтықтағы гармоникалық функцияларды білу қажет. Пайдалана білуі керек: Комплексті айнымалы функциясының үздіксіздігін, функциялардың аналитикалығын зерттей алуы, комплексті айнымалы функциясынан интегралды тікелей және шегеру арқылы есептей алуы, сонымен қатар, шын айнымалы функциялардан интегралдарды есептеу үшін шегеруді қолдана алуы қажет; Дағдылану керек: Комплексті айнымалылар функциясының негізгі түсініктері, идеялары мен әдістері бойынша және ол функцияларды типтік есептерді шешу барысында қолану бойынша дағдылары болуы керек.

Конструкциялық материалдардың материалтануы және технологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Математика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге математикадан фундаментальді білім беру, сызықтық алгебра аналитикалық геометрия және математикалық талдаудың химиялық есептердегі қолданысын көрсету; химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әр түрлі құбылыстар мен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Сызықтық алгебра. Аналитикалық геометрия. Бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдқы теңдеулер. Ықтималдықтар теғориясы және математикалық статистика. Пәнді оқу нәтижесіндегі құзіреттер (білім, білік, құзіреттілік): студент білуі керек: Сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия, бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізгі теоремалары мен формулаларын білу. Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, соның негізінде ұсыныс жасау. дағды: Химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Математика 2
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар пен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдық теңдеулер. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, осның негізінде ұсыныс жасау; дағды: химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Материалдарды термиялық өңдеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерге қондырғылардың берік жұмыс істеуін қамтамасыз ететін металдардың термиялық өңдеу әдістері жайында қажетті теоретикалық және практикалық мәліметпен беру.”Материалдарды термиялық өңдеу” пәне дипломдық проектілеу мен басқа да пәндерді меңгеруге қажетті техникалық база болып табылады. Пәннің міндеттері: студенттерді әр түрлі материалдарды термиялық өңдеу кезінде дұрыс режимді таңдауын, оның сортына байланысты сапасын және материал түрін дұрыс анықтауын үйрету.

Материалдардың механикалық қасиеттері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кристалдардың дефекттерінің теориялық көрсетілімдер негізінде металдың механикалық қасиетіндеформацияның фазалық ауысуының атомдық механизмімен байланыстыру, беріктілік және бұзылу. Деформациялық процестердің бұзылуға және құйманың механикалық қасиетіне, олардың микроқұрылмына, фазалық күйге және құрамына байланысын сараптауды және болжауды үйрену.

Материалдардың таңдау методологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің оқыту мақсаты студенттерге ғылыми тұрғыдан қажетті белгілі мақсаттар үшін материалды таңдауын үйрету. Пәннің міндеттері: машина жасау өнеркісібі мен металлургияның қазіргі кездегі ғылыми техникалық күйін зерттеу; физика механикалық күйін анықтайтын техникалық материалдардың құрылымның қалыптасуының заңдылықтарын зерттеу; қолданыста қажетті қасиеттері белгілі материалдарды өңдеудің ғылыми тұрғыда дәлелденген әдістермен студенттерді таныстыру; аналитикалық және эксперименталдық әдістерді пайдалана отырып, ғылыми практикалық тәжірибе беру; техникада қолданылатын құймалар мен материалдардың теориясын терең түсінік беру;

Материалдардың физикалық қасиеттері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульде келесі негізгі тақырыптар қарастырылады: Диэлектриктердің негізгі қасиеттерін және оларды алу әдістері. Диэлектрлік Техникалық термодинамиканың және жылумассаалмасудың принциптері. Сәулеленудің детекторлары, күшейткіштердің түрлері,аналогты информацияны өңдеу әдістері, тіркеуіштер, ядролық физикадағы нәтижелерді өңдеу әдістері.

Материалтанудың негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Машина құралдары және құрастырудың негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Машина бөлшектері»- техникалық механиканың қосымша бөлігі, оның басқа да қосымша бөліктерін үйренгеннен кейін оқытылатын пән. Бұл пәнде әр түрлі машина және аппараттар бөлшектерінің әр түрлі байланыстары; біліктер, өстер, олардың тірегі мен бйланыстары, подшипниктер, муфталар, қозғалғыш және жетектегіш бұру берілістері, типтік құрастырмалармен күшейткіш есебінің математикалық әдістері, кернеулері мен негізгі өлшеулері қарастырылады. Пән машина инженер моделін қалыптастырушы ретінде жеке мәнге ие, машина жасау өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, сонымен қатар осы саладағы материалтануға машинамен және өндіріс механизмімен және тазарту құрылыстарымен танысуға көмек көрсетеді.

Механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытудағы мақсат механикадағы заңдылықтар мен құбылыстарды семинарлық және зертханалық сабақтар аясында практикалық тәжірибелер жүргізе отырып игеруге бейімдеу. Мазмұны: Әлемнің заманауи бейнесінің негізгі көрініін көрсету. Кинематика. Ньютон заңдары. Материальды нүктелер жүйесі. Күш жұмысы. Энергия. Соқтығысу. Гравитациялық өрістегі қозғалыс. Гироскоп. Гармоникалық тербелістер. Тербелітер. Толқындар. Жалпы салыстырмалы теория (ЖСТ). Релятивистскалық динамика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Механиканың негізгі заңдары және олардың математикалық жазылуы; механика табиғатының физикалық құбылыстарын бақылау және оларды экспериментте зерттеу; оқытылатын пән аясындағы негізгі түсініктер мен физикалық шамалар. Пайдалана білуі керек: бөлім бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыруды, физикалық есептерді шешуді және эксперименттер кезіндегі қателіктерді табуды− қандай да бір физикалық құбылысты қайталау арқылы түсініп талқылау үшін эксперимент құруды− экспериментте алынған нәтижелерді талқылап математикалық өңдеулер жасау үшін стандартқа сай компьютерлік бағдарламаларды қолдануды; Дағдылану керек: әртүрлі деңгейдегі қиыншылығы бар ғылыми жүйелік мәселелерді, қазіргі заманғы ғылыми аппаратпен жұмыс жасай алу және физикалық эксперимент жүргізе алу.

Механика бойынша физикалық практикум
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Молекулалық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: курстың осы бөлімін физикалық теория ретінде ұсыну, негізгі және жалпыланған бақылау мен эксперименттік және практикалық тәжірибе арқылы жүргізу. Пәннің спецификалық ерекшелігі көптеген бөлшектерден тұратын физикалық жүйені зерттеу. Молекулалық физика заңдылықтарының статистикалық сипаттамасын ашу. Эко жүйені зерттеу үшін молекулалық дененің маңыздылығын ескеру; Мазмұны: макропараметрлердің тепе-теңдігі, қысым және температура. Статистикалық әдіс. Молекулалардың жылдамдығы бойынша максвелдік таралуы. Газдардағы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Барометрлік формула. Броундық қозғалыс. Жылу өткізгіштік. Идеалды газдардағы процестер. Циклды процестер. Термодинамиканың екінші бастамасы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: молекулалық физиканың негізгі заңдары, термодинамиканың негізгі тепе-теңдігі, әртүрлі процестердегі басқалай өлшеулердегі бір физикалық процестердің параметрлерінің өзгеру заңдылығы. Пайдалана білуі керек: молекулалық физика заңдарын табиғаттағы әртүрлі деңгейдегі объектілердің құрылымын зерттеуде қолдана алу; Дағдылану керек: молекулалық физика және термодинамика бойынша типтік есептерді шеше алу. Мәліметтерді өңдеп жинауда және сақтауда компьютерлік әдісті қолдану.

Молекулалық физика бойынша физикалық практикум
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Молекулалық физикадан физикалық практикум
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: «Молекулалық физика» курсынан жинақтаған материалдарды нақты физикалық құбылыстарды зерттеуге қолдануды үйрету; маңызды жылуфизикалық шамаларды өлшеуді үйрену; замануи физиканың соңғы жетістіктерімен таныстыру; Мамзұны: курс жалпы физика курсының бір бөлігі бола отырып, студенттерге физикалық заңдылықтарды түсінуге, жылуфизикалық тұрақтыларды өлшеу әдістерімен және қарапайым тәжірибені қою қабілетін меңгеруге бағытталған.

Оптика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерді геометриялық оптиканың негізгі құбылыстармен, сәулелендірудің электрмагниттік және кванттық заңдылықтармен, жарықтың таралуы және затпен әсерлесуімен таныстыру, оптика саласында қолданбалы проблемаларды шешу әдістерімен және негізгі тәсілдермен колдану дағдыларын қамтамасыздандыру; ғылыми зерттеулерді жүргізу даңғысын қалыптастыру. Мазмұны: геометриялық оптиканың элементтері. Оптиканың негізгі заңдары. Жұқа линзалар, Оптикалық жүйелердің абберациясы. Негізгі фотометриялық жүйелер және олардың бірліктері. Жарық табиғаты туралы түсініктерді дамыту. Жарықтың интреференциясы. Жарық толқындардың когеренттігі мен монохроматтылығы. Интерференцияның бақылау әдістері. Жұқа сүлбелерде жарықтың интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарық дисперсиясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: студент білуі керек: сəулелік (геометриялық) оптика туралы түсінік. Жарық толқындардың қасиеттері. Интерференция, дифракция. Заттағы электрмагниттік толқындар, жарықтың дисперсиясы, поляризациясы. пайдалана білуі керек: алынған білімді оптика есептерін шығаруын техникалық пәндерде қолдану. дағдылану керек: оптикада эксперименттік зерттеулерді өткізу үшін және оларды теориялық жүзінде түсіндіру.

Оптика бойынша физикалық практикум
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: курстың басты мақсаты теориялық физика физиканың жәнеде басқада мамандандырылған циклдын арқасында физиканың басқа да салаларын түбегейлі оқытатын фундаментальды база құрастыру. Сол мақсатта пәнге қойылатын негізгі талаптар анықталады: студенттердің бойына табиғи процестерге қайшы келмейтін логикалық түсінік қалыптастыру. физикалық бүкіл құбылыстарға біріңғай қарау аясынды табиғатта және техникада болатын оптикалық құбылыстармен таныстыру. Мазмұны. Табиғаттағысыну және рефракция құбылыстары. Геометриялық оптиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары. Манохромат жарықтың интерференциясы. Қос жарықты интерферометрлер. Релей интерферометрі. Көпжарықты интержеренцияның қолданылуы. Дифракция құбылысы. Оптикадағы поляризация құбылысы.Анизотропты ортаның оптикасы.Поляризациялық құралдар.

Органикалық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерді маңызды органикалық заттар, табиғи қослыстар, олардың классификациялары, құрамы, олардың құрамын методологиялық талдау, химиялық қасиеттері мен генетикалық өзара байланыстары жөніндегі фундаментальді оқыту. Органикалық молекулалардың негізгі класстарының құрылысына сәйкес химиялық қасиеттерінің өзгеруі заңдылықтары жөнінде түсініктеме беру және осы білімдерін технологиялық үдерістерді қарастыруда пайдалану. Мазмұны: органикалық химия жеке ғылым болып саналады, оның негізгі қарастыратын сұрақтары – алифатикалық, ароматикалық, гетероцикликалық қосылыстар, олардың номенклатурасы, изомерия, құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, олардың практикалық маңыздылығы. Соның ішінде, пәндердің құрамына мұнайхимия саласы, биоорганикалық және фармацевтикалық химия, химиялық технология, катализ, органикалық химия және жоғарымолеклалық қосылыстар кіреді. Білуі керек: органикалық қосылыстардың негізгі класстарының жіктелуінің және номенклатураның қағидаларын; -органикалық заттардың изомерия түрлерін; -органикалық қосылыстардың негізгі класстарының өкілдерінің реакцияға түсу қабілеттілігі және алу тәсілдері; -органикалық қосылыстарды сәйкестендірудің химиялық және физикалық әдістері; -органикалық заттармен жұмыс істеу ережелері. Істей алу: синтез, бөлу, тазарту әдістемелерін дәйекті таңдау және жеке органикалық қосылыстың белгілі бір қосылыс класына қатыстылығын сәйкестендіру, формула бойынша оған тән химиялық қасиеттерді және реакция механизмдерін болжау, кешенді есептерді шығару. Игере алу: синтездіөткізу дағдыларын, органикалық заттарды бөлу, органикалық қосылыстарды сәйкестендіру және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу.

Стандартизация және метрология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен шарттары: Модуль халықаралық, аймақтық, ұлттық стандаррттарын жасауды қарастырады, сонымен қатар өзге нормативтік құжаттарды қарастырады. Мазмұны: халықаралық, ұлттық, аймақтық, ұйымдардың стандарттарын, сонымен қатар өзге де нормативтікқұжаттарды жасаудың сатылары ашылады. Студенттер техникалық құжаттарды нормабақылау жүргізуді үйренеді, сонымен қатар конструкторлық-технологиялық құжаттарды, лауазымдық, жұмысшы, технологиялық нұсқаулықтарды жасауды үйренеді.

Сызықтық геометрия және инженерлік графика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Физика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: физиканың негізгі бөлімдерін бақылаудың жалпыламасы, практикалық тәжірибе және эксперимент ретінде көрсету; бақылаудың, өлшеудің және эксперименттің негізгі әдістерімен таныстыру; курсты оқу жалпы физикалық пркатикум бойынша зертханалық жұмыстармен қамтылады. Студенттерге пән бойынша терең және сапалы білім беру, физикалық есептерді шешуде қолданылатын негізгі математикалық әдістерге нақты түсінік беру; студенттерді заманауи физиканың міндеттерін құру мен шешуде алған білімдерін пайдалана білуге үйрету. Мазмұны: Ньютон механикасы. Материалдық нүктенің динамикасы және материалдық нүктелер жүйесі. Механикалық энергия және жұмыс. Сақталу заңы. Галилеоның салыстырмалы принципі. Салыстырмалылықтың арнайы теориясы туралы түсінік. (Релятивисттік теория элементтері. Гидродинамика элементтері. Тербелістер мен толқындар. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Статистикалық таралу. Термодинамиканың екінші бастамасы. Тасымалдану құбылысы. Реалды газдар. Электростатистика. Тұрақты электрлік тоқ. Магниттік өріс. Электромагниттік индукция. Пәнді оқу нәтижесіндегі құзіреттер (білім, білік, құзіреттілік): студент білуі керек: физиканың негізгі түсініктері, заңдары мен заңдылықтарын білу; біліктілік: Мәселені түйіндеуді, физика бойынша есептерді шешуді, кәсіптік есептерді шешуде физикалық әдістерді қолдана білу; дағды: Әртүрлі заңдылықтарға бағынатын табиғи физикалық құбылыс туралы түсінік алу.

Физикалық материалтану
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттердің материалдардың әр түрлі классатарының құрылымдары мен құрылуы туралы сонымен қатар ғарыш технологияларды пайдалану процессінде инженерлік есептерді шешу үшін әр түрлі сыртқы әсерлерге сәйкес олардың қасиеттерін өзгерту заңдылықтары туралы базалық білім алу болып табылады. Пәнді оқытудың есептері қатты денелердің құрылымының физикалық негіздерін, әр түрлі сыртықы әсерлер бойынша материалдардың қасиеттерін және құрылымның өзгеру заңдылықтарын меңгеру болып табылады. Берілген курста қатты дене құрылымының негізгі түсініктері, кристализация кезінде қорыту және металдардың құрылымын қалыптастыру, қорытпалар құрамының диаграммасы туралы қарастырады. Курсты оқу барысында студент: - электровакумды материалдардың негізгі сипаттамаларын, - таза материалдарды алуда негізгі өңдеу әдістерін алуды, - элктровакумды металдардың қолданылуы және қасиеттері, - электровакумды шығаруда бөлшектердің байланысу технологиясының негіздері білуі керек. - электрондық құрылғыда материалдың қажеттілігін бағалауды жасай алуы керек. - техника және технологиялар, қазіргі заманғы өнім шарттарымен өз бетімен жұмыса жасау дағдысына ие болуы керек.

Физикалық –химиялық механика және коллоидтық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты химиялық үрдістерді және тепе теңдік күйдің сипаттамасымен таныстыру. Термодинамиканың негіздерін және химиялық фазалық системаларды сипаттау.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Электр және магнетизм
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Электромагнитизмді теория ретінде ұсыну, эксперименттік практикалық және лабораториялық сабақты жалпылама түрде өткізу. Мазмұны: вакуумдегі электростатикалық өріс және оның зарядқа әсері, ортаның диэлектрлік өтімділігі, әртүрлі ортадағы контакты құбылыстар мен электрөткізгіштік, электромагниттік өріс заңдары, электромагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеулері. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: электромагнитизмдегі негізгі заңдылықтар және олардың математикалық өрнегі; курстың физикалық шамасы және негізгі түсініктері. Пайдалана білуі керек: бөлімнің негізгі түсініктерін түжырымдау. физикалық шамалардың ретін бағалау және физикалық есепті шешу; Дағдылану керек: электрмагнитизм дамуының басты этаптарын, оның философиялық және әдістемелік проблемалары.

Электротехника
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Цель и задачи: изучения дисциплины является освоение законов и явлений электромагнетизма на основе практического опыта в рамках семинарских и лабораторных занятий, что будет способствовать развитию физического мышления студентов, освоению ими современной физической картины мира. Содержание: В содержание курса «Физпрактикум по электричеству и магнетизму»входит комплекс семинарских и лабораторных занятий.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Бионанотехнология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: ары қарай наномедицинада және де медициналық нанороботтарды жасау технологиясы мен медициналық нанороботтарде қолдану үшін биологиялық объектілерге нано объектілердің әсерін зерттеумен айналысатын нанотехнологияның бір бөлігі ретіндегі бионанотехнология туралы білімнің қалыптасуы. Мазмұны: курс аясында нанодиапазондағы биологиялық объектілердің құрылымын, нанобөлшектердің наномедицинаның дамуы ушін осы объектілерге және дәрі-дәрмек жасауға, нанобөлшек негізіндегі диагностикалық жүйелерге әсерінің түрлерін студенттің оқып білуі.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жартылайөткізгіштік материалдар мен қондырғылар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен тапсырмалары: Модуль дискретті және интегралды орындаудағы әртүрлі жартылай өткізгіш қондырғылардың, оптоэлектронды қондырғылар мен құрылғыларды қосқанда, әсерлесу принципін, қасиетін, сипаттамалары мен параметрлерін анықтайтын физикалық процестерге; интегралдық микросхемалардың орналасуының технологиялық принциптерін, олардың дайындалуының технологиялық әдістерін, сондай-ақ олардың сапалары мен сенімділігін бағалауға бағытталған. Мазмұны: Жартылайөткізгішті материалдарды және құралдарды алудың әр түрлі технологиялық операциялары. Жартылайөткізгішті материалдар физикасы

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Инновациялық кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – студенттердің бойында микродеңгейде және макродеңгейде инновациялар экономикасы саласындағы білім кешенін қалыптастыру. Инновациялық кәсіпкерлік курсында теориялық материалмен қатар белгілі бір саладағы инновациялық дамудың тәжірибелік проблемалары қарастырылады. Макродеңгейде студенттер инновациялық үдерістің теорияларымен, инновациялық дамудың концепцияларымен, инновациялардың жалпы сипаттамасымен танысады. Микродеңгейде курс құрамында инновацияларды жүзеге асырудың түйінді факторлары, инновациялық компанияны құру және дамыту, инновациялық стратегияны таңдау, инвестицияларды тарту сияқты сұрақтар қарастырылады.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Кәсіби коммуникация үшін шет тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модуль мақсаты: Кәсіби қарым-қатынасқа арналған шет тілі курсы орташа және жоғары деңгейде тілді меңгерген студенттерге арналады. Қысқаша мазмұны. Кәсіби терминдер мен қалыпты үлгілерді (клише) қоса отыра, шет тіліндегі сөздік қорды молайту, тыңдау (аудирование) дағдыларын дамыту, студенттердің қабілеттерін түпнұсқалық кәсіби көздерден алынған әрі ұсынылған тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында жетілдіру және серіктестерімен кәсіби тақырыпта іскерлік хат алмасу дағдыларын дамыту болып табылады. Шет тілінде ауызша және жазбаша логикалық дұрыс, дәлелденген және нақты сөйлеу қабілеттілігін меңгереді.

Конденсацияланған күйлер физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен есебі: Студенттердің негізгі теориялық білімін түзу және практикалық әдістерін, қатты дене физикасын ары қарай оқуға қажетті, физикалық құбылыстардың және процестердің анализі, конденсиялық жағдайына байланысты, жалпы механикалық құбылыстарды білу, конденциялық ортада пайда болатын. Мазмұны: Кристаллографикалық класс және жүйе. Кристалдардың рентгенографикалық зерттеу әдісі. Дененің майысқақтық қасиеті. Кристалдық тордың тербелісі. Қатты дененің үлкеюі. Қатты денендегі квазибөліктер. Дисперсия заңы. Жылу өткізгіштік. Металлдардың электрондық жылусыйымдылығы.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қайта қалпына келтірілген энергия көздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты бакалаврда жаңғыратын энергия көздерімен жұмыс жасайтын жүйелер мен қондырғылар, меншікті және сандық энергетикалық сипаттамалары, экономикалық сипаттамалары, оларды қолданудың артықшылығы мен кемшілігі және де адам өмірі мен мемлекеттің қызметіндегі жаңғыратын энергия көздерінің ролі туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқытудың міндеттері студенттерді жаңғыратын энергия қорларын және де дәстүрлі емес энергетиканы қолданудың қазіргі күйімен, энергетиканың осы бағытының даму келешегі мен мәселелерімен; энергияны қайта түзу құрылғысы негізгі элементтерінің конструкциялық орындалуымен және жұмыс істеу қағидасымен; жаңғыратын және дәстүрлі емес энергия көздерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен, олардың экологиялық қауіпсіздігімен таныстыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер: – пәннің негізгі түсінігіне қатысты терминологияны, дәстүрлі емес және жаңғыратын энергия көздерін туындау жағдайын, әрбір дәстүрлі емес және жаңғыратын энергия көздерінің сандық және сапалық сипаттамасын, әлемде дәстүрлі емес және жаңғыратын энергия көздерінің энергетикалық потенциалын білуі керек; – дәстүрлі емес және жаңғыратын энрегия көздерінің түрін жіктеуді, дәстүрлі әдістермен салыстыру бойынша энергияны дәстүрлі емес және жаңғыратын әдістермен алудың артықшылығын бағалауды, дәчтүрлі емес және жаңғыратын энергия көздерінің әрқайсысынан жылулық және электрлік энергияға қайта түзілуі кезінде алынатын энергия мөлшерін анықтауды істей алуы керек; – зерттеу, жобалық-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, арнайы әдебиетпен жұмыс істеу технологиясын игеруі керек.

Қалпына келетін энергия көздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қатты дене физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен есебі: Студенттердің негізгі теориялық білімін түзу және практикалық әдістерін, қатты дене физикасын ары қарай оқуға қажетті, физикалық құбылыстардың және процестердің анализі, конденсиялық жағдайына байланысты, жалпы механикалық құбылыстарды білу, конденциялық ортада пайда болатын. Мазмұны: Кристаллографикалық класс және жүйе. Кристалдардың рентгенографикалық зерттеу әдісі. Дененің майысқақтық қасиеті. Кристалдық тордың тербелісі. Қатты дененің үлкеюі. Қатты денендегі квазибөліктер. Дисперсия заңы. Жылу өткізгіштік. Металлдардың электрондық жылусыйымдылығы.

Қатты дене физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Материалдардың бұзылмайтын бақылау әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттардың жалпы техникалық дайындығы іске асырылады, биполярлы транзистор және метал оксид жартылайөткізгіштер негізіндегі микросхемалар негізгі түрлерімен танысу, технологиялық ортаны тазартауға арналған ортаны тазарту, металдардың физикалық және химилық қасиеттерін зерттеу оқытылады. Сонымен қатар металдар физикасы және оларды зерттеу әдістері. «Материалдардың бұзылмайтын бақылау әдісі» пәнінің негізі мтелқұрылғы, экспулатациялану барысында бөлшектердің жағдайын ба

Материалдың сапасын бұзбай бақылау әдістемелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Материалтанудағы нанотехнология Nanotechnology in Materials
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модул нәтижелері: Білу керек: бионанотехнологияның даму бағыттары және негізгі ұғымдарын білу; Пайдалана білу керек: Наноқұрылымды материалдарың қолдану аясын көрсете білу; Бионанотехнологияның медицинада, қоршаған ортаны қорғау, биологияда, электроникада қолдануын; Дағдылану керек: Бионанотехнологияның даму тарихын білетін болады.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

Ядролық материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Ядролық физика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді субатомды микроәлемде өтетін негізгі ядролық-физикалық құбылыстармен, оларды теориялық және тәжірибелік бақылаудың әдістерімен таныстыру. Мазмұны: заманауи ядролық физиканың негізгі тараулары қарастырылады. Ядролық физика ғылым ретінде қоршаған орта мен оның заңдылықтарының арасында жатыр. Пәнді оқу нәтижесінде меңгеретін құзыреттері (білімі, қабілеті, меңгеруі): Білуі тиіс: микроәлемдегі физикалық процестердің нақты заңдарын, ядролық физика мен элементар бөлшектер физикасындағы замануи мәселелер жөнінде; Қолынан келуі тиіс: тараудың негізгі түсініктерін өрнектеу, физикалық есептер мен физикалық шамаларды бағалау; Болуы тиіс: табиғи ортаның радиоактивтілік заңдылықтарын; оларды өлшеудің тәсілдері мен құралдарын.

Ядроның физикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен тапсырмалары: Ядролық физиканың негізгі мақсаттарымен және ұғымдарымен танысу. Ядродағы болып жатқан құбылыстармен танысып, заңдылықтарын зерттеу.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение