Оқуға түсушілерге 2018
KZ
RU
EN

Биотехнология

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технологиялар бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASIIN - 2020
Бағдарлама: 5В070100-Биотехнология
Оқу деңгейі: Бакалавр
Емтихан: ҰБТ, Мамандық бойынша қабылдау емтиханы (тест)
Оқу түрі: Күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
«Биотехнология» бағыты бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызметке дайындалады:
• Ғылыми-зерттеу;
• Жобалық.
Бакаларлардың міндеттері:
- тағам өнімдерінің негізгі құрамдас бөлшектеріне талдау жасау,
- шикізат және дайын өнімнің компоненттерін анықтау;
- орта білім беру мекемелерінде биология және биотехнология негіздерінен сабақ беру.
Профильді пәндер
• Биотехнология негіздері
• Тағамдық биотехнология
• Өндірістік биотехнология
• Өсімдіктер биотехнологиясы
• Жасушалық биотехнология
• Экологиялық биотехнология
Білім берудің артықшылықтары:
• Аахен университеті (Германия); Витаутас Магнус университеті (Литва); ҒЗУ Белгород Мемлекеттік университетімен (Ресей) бірлескен халықаралық білім беру бағарламалары;
• Халықаралық білім беру бағдарламалар, білім беруде жаңа әдістер мен техникалық құралдар;
• Жаңа қондырғылармен жабдықталған зертханалар;
Халықаралық байланыстар:
• Белгород Мемлекеттік университеті (Ресей),
• Витаутас Магнус университеті (Литва);
• Аахен қолданбалы ғылымдар университеті (Германия),
• Остиндегі Техас университеті (АҚШ);
• Пьер және Мария Кюри университеті (Франция)
• Иеусалимдегі Еврей университеті (Израиль)
• Ракуно Гакуэн университеті (Жапония)
• Вена университеті (Австрия)
Практиканы өту және жұмысқа орналасу орындары:
• Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы ҒЗИ ҚР БҒМ ҒК,
• Микробиология және вирусология ҒЗИ ҚР БҒМ ҒК,
• Инфекцияға қарсы препараттар ҒЗИ,
• ЖОО маман,
• Өндірістік орындарда маман,
• Орта мектеп, колледж, лицей оқытушылары,
• СЭО аға лаборант.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Биотехнология
Мамандық шифры
5B070100
Факультеті
Биология және биотехнология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Биология
Профильдік пәні
Биология
Өту балы
ҚАЗ
91
ОРЫС
79

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Химиялық технология мамандығы бойынша оқудағы студенттерге аналитикалық химияның теориялық негіздері туралы білім беру және оны қара және түсті металлургия, химия және тағам өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді аналитикалық қадағалауда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде практика жүзінде қолдана алуына ықпал ету. Мазмұны: Гомогенді және гетерогенді тепе-теңдіктер: қышқылды-негіздік реакциялар, комплекстүзу рекциялары, тотығу-тотықсыздану процестері, аз еритін қосылыстардың түзілуі. Химиялық сапалық талдау. Сандық талдаудың гравиметриялық титрлеу әдістері (экстракция, ионалмасу хроматография). Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: гомогенді және гетерогенді тепе-теңдіктің теориялық негіздерін, сынақты сұрыптау және сынақты дайындау негіздерін, сандық анализдің химиялық әдістерінің теориялық негіздерін, анализді метрологиялық жабдықтау негіздерін. жасай білу керек: Элементтерді анықтаудың әр-түрлі әдістерінің мүмкіндіктерін критикалық бағалау және байқалатын құбылыстар негізінде теориялық қорытындылар жасау; анализ нысандарының құрамындағы компонеттерді анықтау және ашу; нысанды бөліп алудың тиімді әдістерін қолданып, сапалық және сандық анализ өткізу. меңгеру керек: Жасалған анализ туралы есеп беру. Сапалақ және сандық анализдерді өткізу операцияларын, зертханалық жабдықтарды қолдануды үйрену.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Бейорганикалық и аналитикалық химия
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Бейорганикалық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: бейорганикалық химияның теориясы мен практикасынан алынған білім,білік және дағды жүйесін қалыптастыру; Мазмұны: жалпы сипаттама, физикалық және химиялық қасиеттер, 1-18 топ элементтерінің физика-химиялық қасиеттері, жай және күрделі қосылыстарын алу әдістері Пәнді оқыту нәтижесінде игерілетін құзіреттіліктер (білім, білік, дағды): білу керек: жалпы сипаттама, физикалық және химиялық қасиеттер, 1-18 топ элементтерінің физика-химиялық қасиеттері, жай және күрделі қосылыстарын алу әдістері және қолданылуын; жасай білу керек: негізгі ілімдерді, теорияларды және негізгі заңдарды жай және күрделі қосылыстардың химиялық қасиетін түсіндіруге қолдануды, сондай-ақ химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын. игеру керек: оқу бағдарламасы бойынша қарастырылатын бейорганикалық заттарды синтездеу және оларды қолдануда қалыптасқан эксперименттік дағдыларды.

Биотехнология нысандары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Биотехнология нысандары-жануарлар биоалуантүрлілігі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың даму ерекшелігін қарастыру. Қысқаша мазмұны: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың классификациясын, топтастыруды, шығу тегін қарастырылады. Экологиялық жүйесінде жануарлардың ерекше рөлі туралы білу керек. Омыртқалы және омыртқасыз жануралардың даму ерекшелігін білуі тиіс; курс барысында алынған теориялық білімдерін практикада, зертханада қолдану және дала зерттеулерінде меңгеруі тиіс;

Биотехнология нысандары-микроорганизмдер және вирустар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Тірі табиғаттың үшінші патшалығының өкілдерінің прокариоттармен, олардың қасиетерімен, табиғаттағы және адам өміріндегі орнымен, жіктеу принциптерімен, олардың алуантүрлілігімен, прокариот клеткасының ультрақұрлымдық ұйымдастыруларымен, физикалық және химиялық факторларға байланысты олардың өсу және көбею ерекшеліктерімен, вирустардың негізгі қасиеттерімен, оларды бөліп алу тәсілдерімен, вирустарды жіктеу принциптерімен және олардың көбеюімен танысады. Курсты өту кезінде игереді: Микробтар әлемін, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі орнын; прокариот клеткасының ультрақұрлымдық ұйымдастырылуын және вирустар; оларды жіктеу принциптерін білу тиіс; Білуге тиіс : Микроорганизмдерді ғылыми зерттеу нысаны және практикалық мақсаттар үшін қолдану; Микробты дақылдармен жұмыс жасау және оларды қоршаған орта нысандарынан бөліп алу; Микроорганизмдерді зерттеуде микроскоптау тәсілдерін қолдану. Меңгеруге тиіс : түрлі топтардағы микроорганизмдерді зерттеуде қолданылатын негізгі тәсілдерді; микроорганизмді дақылдау және бөліп алу тәсілдерін.

Биотехнология нысандары-өсімдіктер биоалуантүрлілігі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Өсімдіктердің кғлассификациясын, систематикасын, өсімдік номенклатурасын қарастыру. Студенттер биологияның төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді зерттейді; Бастапқы таксономиялық топтардың су өсімдіктері, саңырауқұлақтар, лишайниктары, тамырлы өсімдіктер (архегониальды, гүлді өсімдіктер); Олардың классификациясы мен систематикасының негізгі принциптерін қарастырады. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің құрылымдық ерекшеліктерін білуі тиіс; систематикалық өсімдіктер мен теоретикалық шешім бойынша, практикалық сұрақтар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану, меңгеру тиіс.

Биотехнологиядағы процестер мен аппараттар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Биотехнологиялық өндірістерде қолдантылатын үдерістермен және аппараттармен таныстыру. Биотехнологиялық үдерістер үшін реакторлардың негізгі механизмдерімен таныстыру. Биотехнологиялық өндірістердегі аппараттар мен үдерістерімен басқару жүргізу; микроорганизмдерді дақылдау параметрлерінің оптимальды көрсеткіштерін анықтау әдістерін меңгеру қажет

Биохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге биохимия саласында қажетті көлемде іргелі білім беру, табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі арасындағы өзара байланысты көрсету. Мазмұны: Амин қышқылдары, ақуыздар, ферменттер, көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі тиіс: табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттері, ақуыздар мен ферменттердің амин қышқылдық кезектесуін анықтау, көмірсулар мен липидтердің алмасуы, нуклеин қышқылдарының биосинтезі, сонымен бірге зерттеу нысандарынан биомолекулаларды бөлу методологиясы; жасай білуі тиіс: органикалық қосылыстардың әртүрлі кластарына жататын табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, табиғи қосылыстардың зерттелетін топтарын әртүрлі әдістермен идентификациялау.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Жалпы және молекулалық генетика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Генетиканың негізгі заңдылықтарымен танысу. Қысқаша мазмұны: Генетиканың негізгі заңдылықтары әртүрлі организмдер деңгейінде (Drosophila melanogaster - жеміс шыбыны және бұршақ пен жұмсақ бидай ) қарастырылып, аллельді және аллельді емес гендердің, жыныспен тіркескен гендердің генетикалық анализі және кроссинговердің пайда болу механизімі мен мутациялық өзгергіштік, адам генетикасы мен популяциядағы генетикалық процестер талқыланса, ал тұқымқуалаушылықтың молекулалық механизімі, геннің жіңішке құрылымы деңгейінде талқыланады. Атап айтқанда аллелизм шегі, мутация мен рекомбинация үрдісінің молекулалық деңгейдегі үрдісі, генетикалық код, геннің функциясы және гендер әсерлесуінің молекулалық механизімі талқыланады. Білу керек: Студент классикалық генетиканың негізгі заңдылықтарын меңгеріп, қарастырып отырған белгілердің тұқымқуалауының молекулалық механизімін түсінуі керек. Сонымен қатар, өз бетінше генетикалық экспериментке бағдарлама жасап, оны қоя білу қажет. Игеру керек: алған білімдерін ғылыми және практикалық жұмыстарда пайдаланып, логикалық есептер шығарып, генетикалық анализдің қортындысын шығару қажет.

Жануарлар биотехнология негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: зерттеу нысандары мен биотехнологияны дамыту тарихы, сонымен бірге жануарлар биотехнологиясының жалпы ұғымдары мен оның әдістерінің мал шаруашылығында қолданылуын оқыту. Міндеттері: жануарлар биотехнологиялық резервтерін білу; жануарлар биотехнологиясын қолданудың жалпы әдістерін білу; алынған білімдерін тұрақты және жоғары өнімді жануарлар жасауға қолдану. Студенттерге курсты меңгеруде: жануарлар биотехнологиясының биотехнологиялық резервінің жалпы биологиялық негіздерін, және экспериментальдық жануарлар биотехнология әдістерін білулері керек; теориялық білімдерін ғылым мен жануарлар практикасына қолдана білу керек; зертханалық жануарлармен және микроскоптармен; зертханалық құрал-жабдықтармен, және хирургиялық инструменттермен жұмыс істеуді игерулері керек.

Жануарлар биотехнология негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: зерттеу нысандары мен биотехнологияны дамыту тарихы, сонымен бірге жануарлар биотехнологиясының жалпы ұғымдары мен оның әдістерінің мал шаруашылығында қолданылуын оқыту. Міндеттері: жануарлар биотехнологиялық резервтерін білу; жануарлар биотехнологиясын қолданудың жалпы әдістерін білу; алынған білімдерін тұрақты және жоғары өнімді жануарлар жасауға қолдану. Студенттерге курсты меңгеруде: жануарлар биотехнологиясының биотехнологиялық резервінің жалпы биологиялық негіздерін, және экспериментальдық жануарлар биотехнология әдістерін білулері керек; теориялық білімдерін ғылым мен жануарлар практикасына қолдана білу керек; зертханалық жануарлармен және микроскоптармен; зертханалық құрал-жабдықтармен, және хирургиялық инструменттермен жұмыс істеуді игерулері керек.

Жануарлар физиология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Жануар ағзасының үдерістерін, олардың бір бірімен және сыртқы ортамен байланыстылығын көрсетеді. пәндік құзырет: тірі ағзалардың тіршілік ету және дамуының негіздерін білу; биологиялық жүйелерді және процестерді өнеркәсіптік өндірісте пайдаланудың негіздерін білу; физиологиялық, биохимиялық процестердің арасындағы өзара байланыстылығын түсіну және анықтай алуға қабілетті болу; физиологиялық процестердің генетикалық тұрғыдан шартталған екенін, биофизикалық заңдардың физиологиялық процестерге әсерін түсіну, осы қабілеттерін практикада қолдану. Меңгеру қажет: адам және жануарлар ағзалардың функционалды күйін бағалау әдістерін.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Клеткалар мен ұлпалар биологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ұлпа мен клеткалар ультрамикроскопиялық және микроскопиялық құрылысын негізгі зерттеу әдістерін , білімдерін, ақпаратты игеру. Курста заманауи гистохимиялық әдістері туралы негізгі теориялық білімдерін береді; гистологиялық препараттарды әзірлеу және оларға биологиялық сипаттамасын беру. микроскопиялық препараттарды әзірлеу техникасын білу тиіс; гистологиялық препараттарды әзірлеу үшін материалды өндеу туралы білімі болу керек; микротоммен жұмыс жасау әдістемелерін игеру, препараттарды гистологиялық бояуларымен бояуды игеру; электронограммаларды және гистологиялық препараттарды «оқу» тәсілдерін меңгеру

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Математика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ГОСО талаптарына сәйкес мамандарды базалық математикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандықпен кейінгі жұмысы үшін қажетті студенттерді жоғары математиканың терең бөлімдеріне, математикалық көзқарасты құруына, ғылыми, логикалық ойлау қабілетінің дамуына үйрету; бакалаврлардың математикалық әдістерді жеткілікті мөлшерде игеру, математикалық моделдерді және есептеулерді жүргізе алудағы нақты қабілеттерін шыңдау.Мазмұны: Математикалық талдауға кіріспе. Дифференциялдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалы функциялар. Дифференциялдық теңдеулер. Сандық және функционалдық қатарлар. Еселі интегралдар және өріс теориясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық:студент білуі керек: Инженерлік практикада қолданатын және практикада қолданылатын алгоритмдерді негіздеу үшін қызмет ететін, пәннің негізгі теориялық әдістерді.пайдалана білуі керек: Әдебиетте мазмұндалатын, РЭТ мамандығымен байланысты математикалық аппаратты өзіндік түсінуді.дағдылану керек: Практикалық тиімді нәтижеге жеткізумен математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулердің теориясының есептерін шешу қабілеттеріне.

Микроорганизмдер биотехнология негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Ғылыми тәжірибелерді жүргізуді жоспарлауға және нәтижелерін әртүрлі статистикалық өңдеу әдістерінің көмегімен, алған нәтижелердің сенімділік ықтималдығын талқылауға мүмкіндік береді. Қысқаша мазмұны: курста биологиялық зерттеулерде қолданылатын математикалық әдістер қарастырылады. Студенттерге статистикалық анализдің биологиялық құбылыстарды зерттеуде қажеттігін көрсетіп, статистикалық ой қабілеттерін жетілдіруге, алынған нәтижелердің сенімділігін анықтауға, статистикалық өңдеудің адекватты тәсілдерін үйренуге баулу. Білу керек: зерттеу нәтижелерінің сенімділігін анықтау үшін, қолайлы статистикалық тәсілдерді және нәтижелі зерттеуге әсер ететін факторларды таңдай білу. Игеру керек: есептің берілгенін талдап, қойылған мәселені шеше білу және дұрыс қорытынды шығару.

Микроорганизмдер физиология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді микроорганизмдерді дақылдаудың ғылыми негіздерімен және нақты метаболиттер алу үшін олардың метаболизмдерінің негізгі процестерімен таныстыру. Студент игереді: коректік заттың клеткаға ену жолдары; микроорганизмдердің коректену типтері; микроорганизмдері дақылдау тәсілдері. Игереді: Түрлі культиверлеу жағдайларында микроорганизмдердің өсіп – даму заңдылықтарын және заттарға қажеттіліктерімен таныстыру. Меңгереді: биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдердің таза дақылдарымен жұмыс жасай білу.

Молекулалық биология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Клеткадағы негізгі молекулалық-генетикалық үрдістерді оқыту. Про- және эукариот жүйелеріндегі генетикалық материалдың құрылымдық ұйымдасуымен физика-химиялық негіздерін қарастырады. Қазіргі заманғы көзқарастарға және молекулалық механизмдердің жүзеге асуын зерттеу әдістеріне, сонымен қатар, ДНҚ репарациясы, рекомбинация, гендер экспрессиясы, репликацияның реттелу механизмдеріне ерекше назар аударылады. Білу керек: про- және эукариот жүйелеріндегі генетикалық ақпараттың ұйымдасуының әртүрлі деңгейін және физика-химиялық қасиеттерін; молекулалық-биологиялық зерттеулердің негізгі жолдарын. Істей білу керек: зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажет материалдармен құрал-жабдықтарды қолдана білуі, сонымен қатар молекулалық-генетикалық үрдістерді зерттеу әдістерінің әртүрлі жолдарына молекулалық деңгейде түсіндіре білуі қажет. Дағдысы болуы керек: Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді; зертханалық тәжірибелерге есеп жаза білу.

Өсімдіктер биотехнология негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты студенттерді бүгінгі таңдағы ХХI технологиясы деп аталатын, биотехнологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген экономикалық жағынан тиімді, маңызды өнімдер шығаратын жəне өндіріс процестерін дамытатын ғылым мен өндірістің жаңа саласы – биотехнология негіздерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: өсімдік клеткалары мен ұлпа культураларын in vitro жағдайында өсірудің теориялық негіздері мен əдістері қамтылған. In vitro жағдайында өсірілетін өсімдік клеткаларынан экономикалық маңызды өнімдерді шығару технологиялары қарастырылады. Жалпы құзырет: студент өсімдіктерден бөліп алынған клеткалар мен ұлпаларды in vitro жағдайында өсіру əдістерін игеруге міндетті; студент өсімдіктердің клеткалары мен ұлпа культураларынан екінші реттік метаболиттерді алудың жаңа эксперименталдық жолдары мен технологияларын меңгеруге міндетті; осы курстан алған теориялық білімін практикамен ұштастырып, өз алдына тəжірибелерді жоспарлау, орындау жəне тиісті қорытындылар мен тұжырымдар жасау жəне көпшілік талқысына сала білуге машықтану қажет.

Өсімдіктер және жануарлар биоалуантүрлілігі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Өсімдіктер физиология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Өсімдік ағзасының үдерістерін, олардың бір бірімен және сыртқы ортамен байланыстылығын көрсетеді. Өсімдіктер физиологиясы негіздері пәннің бөлімдері: өсімдік клеткасының жеке компоненттерінің құрылысы мен қызметі, фотосинтездің жарық және қараңғы сатысының механизмдері мен маңызы, тыныс алу субстратының тотығу жолдары, судың өсімдікке енуі мен тасымалдануының механизмі, өсімдіктердегі минералды заттарды және олардың метаболизмі, өсімдіктердің өсуі мен дамуының заңдылықтары, өсімдіктердің төзімділігінің физиологиялық негіздері. пәндік құзырет: тірі ағзалардың тіршілік ету және дамуының негіздерін білу; биологиялық жүйелерді және процестерді өнеркәсіптік өндірісте пайдаланудың негіздерін білу;физиологиялық, биохимиялық процестердің арасындағы өзара байланыстылығын түсіну және анықтай алуға қабілетті болу; физиологиялық процестердің генетикалық тұрғыдан шартталған екенін, биофизикалық, фотохимиялық заңдардың физиологиялық процестерге әсерін түсіну, осы қабілеттерін практикада қолдану. Меңгеру қажет: өсімдіктер, ағзалардың функционалды күйін бағалау әдістерін.

Төмен молекулалық биологиялық заттар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты − табиғи төмен молекулалық заттардың құрылымы, қасиеттері және тірі ағзаларда атқаратын қызметі түралы теориялық негіздерін терең түсіну және биологиялық материалдармен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқып алынған білім тірі ағзалардың қызметінің негізінде жататын биохимиялық процестердің механизмдерінің түсіну үшін қажет және медицина мен ауылшаруашылық үшін бағалы биологиялық белсенді заттарды алу үшін пайдаланатын әдістердің теоретикалық негізі болады. Курстың міндеттері: студенттерге табиғи молекулалық салмағы төмен қосылыстардың құрылысымен, қасиеттерімен, қызметтерімен таныстыру, құрылымы мен қызметінің өзара байланысы түралы білім беру студенттер органикалық қосылыстардың құрылымын, қасиеттері мен қызметтің зерттеу үшін тәжірибелік практикалық дағды алу керек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, өндірісте және биотехнологияның мәселерін шешу үшін пайдалану жолдарын түсіну керек. Алынған теоретикалық және практикалық білім биотехнология мамандығы бойынша оқитын студентерге кейінгі пәндерді игеріп алу үшін қажет.

Физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Философия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру; студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Оқу практикасы (дала)
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение