Оқуға түсушілерге 2018
KZ
RU
EN

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - ауылшаруашылық бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASIIN (2014)
Бағдарлама: «5В080400 – Балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау»
Оқыту деңгейі: бакалавр
Емтихандар: ҰБТ, мамандық бойынша кешенді тестілеу
Оқу түрі: күндізгі
Оқу уақыты: 4 жыл

Кәсіби қызметінің түрлері:
- экспериментальды-жобалық;
- басқарушылық;
- кәсіптік - технологиялық;
- жобалық;
- білімдік (педагогикалық).

Негізгі пәндер:
• Зоология
• Ихтиология
• Гидробиология
• Аквакультура
• Кәсіптік балық аулау негіздері

Білім берудегі артықшылығы:
• Кәсіби пәндер бойынша бірінші курсатан бастап практикадан өту;
• Лабораториялық және семинар сабақтарына бірегей демонстрациялық әлемдік мұхит су жануарларын пайдалану;
• Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институттарының ғылыми жобаларына қатысу.

Халықаралық байланыстар
1. Э.М. Арнд Грайфсальд атындағы университет (Германия),
2. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей),
3. Шыңжын балық шаруашылығы ҒЗИ (Қытай).

Практиканың өтетін орны және жұмысқа орналасуы
- Шелек тоған шаруашылығы,
- Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы,
- Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
Мамандық шифры
5B080400
Факультеті
Биология және биотехнология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Биология
Профильдік пәні
Биология
Өту балы
ҚАЗ
84
ОРЫС
80

пәндер

Аквакультура
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттердің аквакультура, балық шаруашылығының әртүрлі типтерінде өсірілетін, олардың негізгі даму бағыттары, объектілері жөніндегі көріністерін қалыптастыру. Курстың міндеттері: - студенттерді кәсіпорындарда балықөсіру жұмыстарын жүзеге асыруын үйрету; - студенттерді балықөсіру шаруа-шылықтарында қолданылатын технология-лармен үйрету; - студенттерді өндіруші балықтарға және жасанды жолмен алынған личинкаларға қарауын үйрету. - әртүрлі типтегі балықөсіру шаруашылығының құрылысын және ұйымдасуын, балықтар мен балық шаруашылықтарының негізгі қажеттіліктерін есептеу принциптерін (балық отырғызу материалдарының саны, тоғандардың ауданы, қорек) білу; - нақты балықөсіру шаруашылығының жобасының технологиясын құрастыруға дағдылану; - тоған-көл және индустриальдық шаруашылықтарда балықтарды жасанды өсіру технологиясын, балықөсіру есептерінің әдістерін меңгеру.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің қазіргі ақпараттық – коммуникациялық технологияларды болашақ кәсіби қызметтерінде қолдануының іс-тәжірибелік қабілеттерін қалыптастыру. ақпараттық технологиялардың, ақпарат жинақтау, жинау, өңдеу, жеткізу және тарату технологияларының мәні мен түрлерін білу; - қолданбалы бағдарлама дестесі құралдарын қолдана отырып, ақпаратты өңдей білу; - ақпараттық технологиялардың құрамын, құрылымын, оларды қолдану және қызмет ету ұстанымдарын зерттеу қабілеті.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Арнаулы гидробиология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Арнаулы гидробиология» курсының мақсаты студенттерге әртүрлі типтегі суқоймалар, теңіз және континентальды суқоймаларда мекендейтін омыртқасыздар жөніндегі сипаттарды береді. Курс гидробионттардың қазіргі систематикалық сипаттамаларын, олардың мекен ету ортасымен қарым-қатынасын жөніндегі сұрақтарды қарастырады. Акклиматизация объектілері жөніндегі ұсыныстарды, олардың биологиясын және таралуын береді. Омыртқасыз гидробионттардың географиялық таралуын және олардың суқоймада және адам өміріндегі маңызын көрсетіп береді. Міндеттері: - әртүрлі типтердегі суқоймалардың фаунасын, омыртқасыздардың қазіргі систематикасын, олардың шығу тегін, экологиясын және суқоймадағы, сонымен қатар адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызын көрсету; - гидробионттардың сыртқы ортамен қарым-қатынасы жөніндегі сипаттамаларды қалыптастыру; -гидробионттардың әртүрлілігін көрсету. - гидробиологияның даму этаптарын, төменгі сатыдағы гидробионт негізгі топтарының систематикасын, өкілдерінің әртүрлілігін, негізгі отрядтардың биологиялық ерекшеліктерін білу; - гидробионттардың систематикалық белгілерін анықтау, нақты отрядқа, тұқымдасқа, түрге жалпы көріністік құрылысына білімді қолдануға дағдылану; - гидробионттардың коллекциялық препараттарымен жұмыс істеу және анықтауыштармен жұмыс, оларды коллекциялардан тану, суреттерден гидробионттардың негізгі систематикалық топтарын тануды меңгеру.

Арнаулы ихтиология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс балықтәрізділер мен балықтардың систематикалық сұрақтарын қарастырады. - ихтиологияның даму этаптарын, балықтәрізділер мен балықтардың негізгі топтарының систематикасын, өкілдерінің алуантүрлілігін, балықтардың негізгі отрядтарының биологиялық ерекшеліктерін білу; - балықтәрізділер мен балықтардың систематикалық белгілеріне, алған білімдерін нақты отряд, тұқымдас, түрдің құрылысының жалпы көрінісіне білімін пайдалануға дағдылану; - балықтар мен балықтәрізділердің дымқыл коллекциялық препарттармен және анықтауыштармен, балықтардың негізгі систематикалық топтарын коллекциялардан, суреттерден тануды меңгеру.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Балық өсірудегі еңбекті қорғау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты- студенттерді балық өсіруде және балық шаруашылықтық зерттеулер әдістерінде еңбекті қорғау бойынша теориялық білімдерін қалыптастыру. Курстың міндеті: студенттерге қауіпті ұйым және кәсіпорындағы еңбекті қорғау бойынша негізгі түсініктерді беру; - балық өсіру кәсіпорындарында еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негізгі ұғымдарын, ҚР еңбекті қорғау заңы жөнінде, балық саласындағы жұмысшылардың құқығы мен міндеттерін, еңбек классификациясын білу. - кәсіпорында еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша инструкцияларды құрастыруға, еңбекті қорғауды ұйымдастырудың, балық өсірушілерді, балық инспекторлары, ихтиолог және гидробиологтардың еңбегін қорғауды ұйымдастырудың ғылыми негіздерін дұрыс пайдалануға дағдылану. - балық өсіру кәсіпорындарында еңбекті қорғау бойыша инструкцияларды құрастыру әдістемелерін меңгеру.

Балықшаруашылық зерттеу әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты студенттерге бекітілген әдістемелерге сәйкес ғылыми бөлімдер (сатылар, бөлімдер) бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ихтиофаунаның сапалық және сандық сипаттамасы бойынша материал жинау, бағалау және жүйелі талдаудың теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын беру. Курстың міндеттері: Эксперименттер жүргізуді үйрету, бақылаулар мен өлшеулер жүргізуді, эксперименттердің сипаттамаларын құрастыруды және қорытындылар шығаруды, су биоресурстары бойынша (творчестволық коллектив құрамында) зерттеу әдістемелерін, жоспар және бағдарлама құрастыруды үйрету; меңгереді: балықтардыңжәне омыртқасыз гдробионттардың биологиясын және экологиясын, оларды зерттеудің классикалық және қазіргі жаңа әдістемелерін; біледі: балықтардың негізгі морфометриялық сипаттамаларын жасап, өлшеуді, балықтардың жыныстық жетілу шкаласын анықтайды, балықтардың өсу және даму қарқынын есептейді, материалды биометриялық көрсетсіштерін есептеуді, статистикалық өңдеуді, графиктер құрастыруды. балықтар мен омыртқасыз гидробионттарды далалық және зертханалық зерттеу әдістерін жасауға дағдыланады.

Биохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге биохимия саласында қажетті көлемде іргелі білім беру, табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі арасындағы өзара байланысты көрсету. Мазмұны: Амин қышқылдары, ақуыздар, ферменттер, көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі тиіс: табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттері, ақуыздар мен ферменттердің амин қышқылдық кезектесуін анықтау, көмірсулар мен липидтердің алмасуы, нуклеин қышқылдарының биосинтезі, сонымен бірге зерттеу нысандарынан биомолекулаларды бөлу методологиясы; жасай білуі тиіс: органикалық қосылыстардың әртүрлі кластарына жататын табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, табиғи қосылыстардың зерттелетін топтарын әртүрлі әдістермен идентификациялау.

Биоэкология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Экология – тірі организмдер және олардың тіршілік ортасы арасындағы қарым-қатынастар жөніндегі ғылым. Міндеттері — тіршіліктің жалпы ұйымдасу заңдылықтарын ашу және осының негізінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану принциптерін жетілдіру. тірі организмдерді қоршаған ортасымен өзара әрекеттестігінің негізгі заңдылықтарын білу. табиғи және антропогенді экологиялық процестерді айқындау және талдауға дағдылану, сонымен қатар оларды реттеудегі оңтайлы жолдар. алынған білілмдерді экологиялық тапсырмаларды шешу үшін пайдалану, экологиялық процестерді талдау ептіліктерін меңгеру.

Генетика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курста әртүрлі ағза деңгейіндегі негізгі генетика заңдылықтарын қарастырады (Drosophila melanogaster–жеміс қара шыбыны, асбұршақ және бидай). Студенттер аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі генетикалық анализді, жыныс генетикасын және жыныстық тұқым қуалауды, гендердің ажырауын және кроссинговер, кроссинговердің генетикалық және цитологиялық механизмдерін, мутациялық өзгергіштікті, адам генетикасы мен популяцияның генетикалық процестерін меңгереді. Тұқым қуалаушылық белгілерінің молекулярлық механизмдері гендердің нәзік құрылымдарын талдау дәрежесінде, көбінесе аллелизмді анықтау және аллелизм критерийлері, мутацияның молекулалық механизмі және гендердің рекомбинация, генетикалық код, гендердің функциясы және гендердің өзара әрекеттесуінің молекулярлы негізімен оқытылады. - классикалық генетиканың негізгі заңдылықтарын және тұқым қуалаушылық белгілердің молекулалық механизмдерін, өздігінше генетикалық эксперименттерді жоспарлауды және генетикалық тапсырмаларды шешуді білу; - жеміс шыбынымен эксперимен жоспарлауға және қоюға; алынған зерттеулердің нәтижесін талдауға және негізгі генетикалық тұжырымдарды шағаруға дағдылану.

Гидроботаника
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Гидроботаника ботаника ғылымынан бөлініп шыққан бөлім, геоботаника, гидробиология және өсімдіктер экологиясы ғылымдары торапынан туындап, су өсімдіктерінің экологиясын, фитоценологиясы мен географиясын оқытады. Жағалау-су өсімдіктерінің негізгі классификациясын, биомассаны санау және өнімділікті анықтау әдістемесін қарастырады. Су өсімдіктерінің трофтылық және экологиялық рөлін, олардың суқоймаларға өзін өзі тазарту әсерін қарастырады Курстың мақсаты су және сумаңы өсімдіктерінің экологиясын, фитоценологиясын оқыту болып табылады. Курстың міндеттері: -су өсімдіктерінің классификациясын оқып білу; -суқоймалар типологиясын оқып білу; -жағалау-су өсімдіктерінің индикаторлық мәндерін оқып білу. -гидроботаника саласының қазіргі ілімдерін, ғылыми зерттеу жүргізулер бойынша әдістерін, әртүрлі систематикалық топтардағы ертеректегі және қазіргі кездегі өсімдіктердің толықтай морфо-анатомиялық сипаттамаларын құрастыруды және олардың органикалық әлем жүйесіндегі орнын білу; - өсімдіктерді жинау, этикеткалау және кептіру жұмыстарына дағдылану; - су өсімдіктері объектілерінің систематикалық жабдықтарын өздігінше анықтауға арналған салыстырмалы-морфологиялық ептілікті меңгеру.

Гидрохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – беттік сулардың химиясы, гидрохимияның теориялық негіздері және аймақтық және қолданбалы гидрохимия саласында мәселелерді қарастыру мен зерттеу. көрсету. Қысқаша мазмұны: кіріспе, су және оның қасиеттері, су ерітінділерінің маңызды қасиеттері, табиғи сулардағы химиялық үдерістер, табиғи сулардың құрамын зерттеу тәсілдері және көрсету әдістері, құрлық суларының химиялық құрамын қалыптастыру негізгі факторлар, биологиялық үдерістер гидрохимиялық фактор ретінде, атмосфералық жауын-шашындар, өзендер, көлдер мен бөгендер, жер асты суларының, теңіздер мен мұхиттар гидрохимиясы. Атмосфералық жауын-шашындардың химиялық құрамын және өзендер, көлдер, бөгендер мен жер асты суларының гидрохимиялық режимінің ерекшеліктерін білу. Су нысандарында гидрохимиялық зерттеулер мен табиғи сулардың химиялық талдау әдістерін меңгеру. Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау мақсатында су нысандарынағы гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық үдерістерді бірге зерттеудің тәжірибелік мүмкіндіктерін білу.

Гистология цитология негіздерімен
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – клеткалар мен ұлпалардың микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылыстарын зерттеудегі негізгі әдістері жөнінде толық мағлұмат; қазіргі гистохимиялық әдістердің теориялық негіздерін беру, студенттерді гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі әдістерімен үйрету. - микроскопиялық препараттарды дайындау техникасын; материалды дұрыс алу, оны фиксациялару, жуу, сусыздандыру және гистологиялық материалдарға құюды білу: - орындалатын жұмыстармен клеткалар және ұлпалардың ультрақұрылымдық ұйымдасулары бойынша мәліметтерді салыстыру, ұлпалар жүйесінің негізгі типтері мен әртүрлілігін салыстыруға; микротомдарда жұмыс істеуге дағдылану; - препараттарды гистологиялық бояудың негізгізгі әдістерін, гистологиялық препараттар мен электронограммдарды «оқу» ептіліктерін меңгеру.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Жалпы гидробиология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы гидробиология» пәнін оқыту студенттерді гидросферамен және оның организмдердің тіршілік ортасы ретіндегі сипаттамасын, сулы тіршілік ортаға гидробионттардың бейімделуін, әртүрлі суқоймалар типтері және олардың мекендеушілерінің сипаттамалары, әртүрлі биотоптағы гидробионттардің құрылыс ерекшеліктерін, әртүрлі биотоптардағы гидробионттардың таралуын және сандық дамуын, олардың гидросферадағы рөлін және практикалық маңызын ашып береді. Курсты оқуда кеңейтілген лабораториялық практикуммен бірге жүргізіледі. Курстың міндеттері: - су экожүйесінің, яғни ондағы зат алмасу мен энергия ағымдарын анықтайтын құрылымды функциональды ұйымдасқан жалпы ішкі заңдылықтарын қарастырады. - негізгі токсондар өкілдерінің морфологиялық, физиологиялық және көбею ерекшеліктерін, географиялық таралуын және экологиясын білу; - шаруашылық және медицина бағыттарында биоалуантүрлілікті қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шараларды жүзеге асыруға дағдылану; - гидробионттардың анатомиялық, морфологиялық және таксономикалық әдістер ептілігін меңгеру.

Жалпы ихтиология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты: әртүрлі таксономикалық топтардағы балықтардың сыртқы құрылысы және морфофизиологиялық ұйымдасуы жөніндегі сипаттамаларды береді, олардың биологиясы мен экологиясын, су ортасының әртүрлі жағдайларындағы бейімделулерін көрсетеді. Курстың міндеттері: - балықтәрізділер мен балықтардың морфофизиологиялық ұйымдасуларын оқыту; - ортаның абиотикалық және биотикалық факторларына балықтардың бейімдеушілік ерекшеліктерін оқыту; - балықтардың негізгі өмірлік циклдарының этаптарын оқыту. - балықтәрізділер мен балықтардың сыртқы және ішкі құрылыстарын білу. Әртүрлі суқоймалар типтеріндегі, тіршілік ету зоналарына сәйкес биологиялық және экологиялық топтардағы балықтардың өмірлік циклдары, миграция типтері, өсу, көбеюі мен даму, балықтардың су биоценоздарындағы және адам өміріндегі маңызын білу. - схемалар бойынша балықтар органдар жүйесінінің суретін салу және сипаттауға, алған білімдерін ғылыми және практикалық қызметке пайдалануға, балықтардың жасын анықтауға, жеке, жалпы, популяциялық тұқымдылығын анықтауға, қоңдылығын есептеуге, әртүрлі таксономикалық және экологиялық топтардағы балықтардың онтогенезінің заңдылықтарын айқындауға дағдылану. - ихтиологиялық зерттеулер әдістерін, морфологиялық және биологиялық анализді жасау, балықтардың жасын анықтауды, балықтардың абсолютті және популяциялық тұқымдылығын анықтауды, қоңдылығын есептеуді, әртүрлі таксономикалық және экологиялық топтардағы балықтардың онтогенезінің заңдылықтарын айқындауды меңгеру.

Зоология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ихтиотоксикология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: балықтар физиологиясы және су токсикологиясы негіздерімен теориялық білімді беру. Курстың міндеттері: - студенттерді индустриальды, тоған типтегі шаруашылықта өсірілетін балықтардың физиологиялық жағдайын анықтауды үйрету; - антропогенді факторлардың организмнің механизм реакциялары жөніндегі сипаттамаларды беру. - балықтардың сыртқы ортамен қарым-қатынасы, ортаға организмнің бейімделуінің негізгі жолдарын, балықтардың физиологиялық ерекшеліктері жөнінде білу; - экстерьерлі көрсеткіштері және мінез-құлқы бойынша балықтардың физиологиялық жағдайын анықтауға дағдылану. - «зат алмасу», «гомеостаз», «токсикология», «экологиялық мониторинг», «экологилық нормалау» үғымдарын меңгеру.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Латын тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Латын тілі» оқу пәнін оқыту мақсаты студенттердің грамматикалық білімдер жүйесін қалыптастыру, олардың мәтінді талдауда филологиялық дағдылануы, өзбетінше латын сөйлемдерін дұрыс құрастыра алуы, сонымен қатар пән бойынша оқытылған дағдысымен тест тапсыру, зат есім мен сын есімнің жіктелуі, сондай-ақ латын инфекті және бұйрық райларын дұрыс формаларын дұрыс меңгеру болып табылады. - латын тілі пәнін, зат есімнің негізгі категорияларын, етістіктерді, сын есімдерді, сонымен қатар олардың жіктелулерін (зат есім және сын есім) және жіктік жалғауларын (етістік) білу. - инфект жүйесіне бағдарлану, зат есімнің бес жіктеулеріне дағдылану, осы білімдерді кәсіби қызметке пайдалануға дағдылану; - өзінің кәсіби қызметі саласында әртүрлі типтегі мәтіндерді филологиялық талдауды, әртүрлі нақыл сөздермен мақалдарды пайдалануды меңгеру; биология ғылымдарындағы латын терминологияларын меңгеру.

Математика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ГОСО талаптарына сәйкес мамандарды базалық математикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандықпен кейінгі жұмысы үшін қажетті студенттерді жоғары математиканың терең бөлімдеріне, математикалық көзқарасты құруына, ғылыми, логикалық ойлау қабілетінің дамуына үйрету; бакалаврлардың математикалық әдістерді жеткілікті мөлшерде игеру, математикалық моделдерді және есептеулерді жүргізе алудағы нақты қабілеттерін шыңдау.Мазмұны: Математикалық талдауға кіріспе. Дифференциялдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалы функциялар. Дифференциялдық теңдеулер. Сандық және функционалдық қатарлар. Еселі интегралдар және өріс теориясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық:студент білуі керек: Инженерлік практикада қолданатын және практикада қолданылатын алгоритмдерді негіздеу үшін қызмет ететін, пәннің негізгі теориялық әдістерді.пайдалана білуі керек: Әдебиетте мазмұндалатын, РЭТ мамандығымен байланысты математикалық аппаратты өзіндік түсінуді.дағдылану керек: Практикалық тиімді нәтижеге жеткізумен математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулердің теориясының есептерін шешу қабілеттеріне.

Микробиология және вирусология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс тірі табиғаттың үшінші патшалық өкілдерімен – прокариоттармен, олардың қасиеттерімен, табиғат және адам өміріндегі маңызымен, классификация принциптерімен; олардың алуантүрлілігімен, прокариотты клеткалардың ультрақұрылымды ұйымдасуларымен, физикалық және химиялық факторларға байланысты олардың өсі және көбею ерекшеліктерімен, вирустардың негізгі қасиеттерімен, оларды бөліп алу әдістерімен, классификация принциптерімен және вирустардың көбеюімен таныстырады; - микробтар әлемі туралы, олардың табиғатта және адам өміріндегі рөлін; микроорганизм және вирустардың негізгі қасиеттері жөнінде, прокариотты клеткалардың құрылымдық ұйымдасуын; олардың классификациялану принциптерін білу. - микроорганизмдерді ғылыми зерттеулер мен практикалық мақсаттар объектісі ретінде; микробтық дақылдармен жұмыс істеуге, қоршаған орта объектілерінен бөліп алуға; микроорганизмдерді қарастыру кезінде микроскопиялық әдістерді пайдалануға дағдылану. - әртүрлі топтардағы микроорганизмдерді зерттеуде негізгі әдіс тәсілдерін; микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру әдістерімен меңгеру.

Омыртқалылар зоологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты хордалы жануарлардың жалпы көріністік құрылысын және оның филогенетикалық даму типі кезіндегі өзгерісін оқыту болып табылады. Міндеттері: Хордалылар типінің әртүрлі кластарының құрылыс ерекшеліктерін, систематикалық алуантүрлілігін, әртүрлі тіршілік орталарына бейімделулерін оқу; омыртқалалардың практикалық маңызын және олардың экожүйедегі орнын оқыту. -омыртқалылардың әртүрлі топтарының систематикасын, анатомо-морфологиялық ұйымдасуларын, биологиясы мен экологиясын, жануарлар көптүрлілігін, шығу тегі мен эволюциясын, орналасу және таралу заңдылықтарын, омыртқалылардың биоценоздағы және адамға маңызын білу; -алған мәліметтерді ғылыми және практикалық тапсырмаларды шешуде қолдануға дағдылану; -түрдің биологиялық ерекшеліктерін айқындау, әртүрлі биотоптардағы әртүрлі жануарлар топтарының рөлдерін бағалау. -омыртқалы жануарларды далалық зерттеулер дағдысын меңгеру.

Омыртқасыздар зоологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Өсімдіктер және жануарлар биоалуантүрлілігі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Философия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру; студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу (зоологиядан)
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Оқу практикасы (гидробиология және ихтиология)
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

2015-2018 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение