Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Химия

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - білім бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химия
Мамандық шифры
5B011200
Факультеті
Химия және химиялық технология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Химия
Профильдік пәні
Химия
Өту балы
ҚАЗ
82
ОРЫС
69

пәндер

Scientific Writing
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – «Scientific Writing» пәнінің мақсаты – ғылыми-педагогикалық бағытта даярланған болашақ мамандар ретіндегі студенттерді ғылыми ойлауға және заманауи экономиканың өзекті мәселелері бойынша экономикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру негіздерін, әдістемесін, нысандарын және экономикалық теория категорияларының мәнін үйрету болып табылады. Ғылыми мақалалар жаза білу және қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде дискусcиялар жүргізе алу.

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Жалпы және бейорганикалық химия
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жалпы химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пән педагогикалық мамандықтарға арналған және кәсіби бағытқа ие болып табылады. Ол онтогенездің әр түрлі кезеңіндегі ағзаның өмір сүруінің ерекшеліктері, дене мүшелерінің қызметі, дене мүшелері мен жалпы ағзаның оның өсуі мен дамуына байланысты жүйесін, сонымен қатар мектеп гигиенасы жайлы қазіргі мәліметтер мәселелерін қамтиды. Жастық физиология мен мектеп гигиенасының рөлі мен маңыздылығы қазіргі замандық жағдайларда бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрлер дайындауда арта түсті. Бұл көбіне мектеп оқушыларының білім көлемі мен сапасының артуымен, компьютерлік техниканы кең пайдалану, психо-эмоционалдық және интеллектуалды шиеленістің жоғары деңгейіндегі инновациялық білім беру жүктемелерінің ықпалының өсуімен түсіндіріледі. Осы жағдайда тәрбиелеу және оқытудағы педагогикалық нәтижелілік оқушылардың денсаулығын қорғау мен бекітуге бағытталған балалар мен жас өспірімдердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, гигиеналық талаптары мен нормаларын қаншалықты есепке алғандығына тікелей тәуелді болып келеді. Мақсаты: болашақ педагог маманғабалалар мен жасөспірімдердің ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен байланысы туралы заманауи мәліметтер беру, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту негізінде жатқан білім мен заңдылықтарды игеру, олардың әр түрлі оқу қызметінің түрлерінде жоғары еңбек қабілеттілігін ұстануына үйрету. Міндеттер: - Болашақ педагог студенттерді бала ағзасының құлысы мен қызметінің ерекшеліктері туралы, балалар мен жас өспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары жайлы біліммен қамтамасыз ету; - Адам дене мүшелерінің құрылымы мен қызметінің тұтастығы, олардың филогенез бен онтогенез үрдісіндегі өзгергіштігі, жалпы өзгеріске ұшыраға қоршаған орта, еңбек жағдайы, әлеуметтік жағдай мен физикалық жаттығулардың ағзаның құрылымы мен дамуына ықпалы жайлы студенттерде ғылыми түсінік қалыптастыру; - Сезіну, қабылдау, назар, есте сақтау, физиологиялық сөйлеу негіздері мен эмоционалдық реакциялар сияқты күрделі психикалық үрдістердің физиологиялық механизмін зерттеу; - Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға арналған гигиеналық нормалар мен талаптармен студенттерді таныстыру; - Педагогикалық және физиологиялық ғылымдар шегінде қалыптасқан проблемаларға студенттердің белсенді қызығушылықтарын ояту. Пән аяқталған соң стідент білуі қажет: - Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын; - Жүйке жүйесінің физиологиясы мен гигиенасын, жоғарғы жүйке қызметін және оның баланың даму үрдісіндегі қалыптасуын, жастық ерекшеліктерін; - Заманауи жағдайда балалар мен жасөспірімдердің жыныстық даму мен тәрбиелеудің жастық ерекшеліктерін; - Тірек-қозғаушы аппараттың жастық ерекшеліктері мен гигиенасын; - Ас қорыту мүшелерінің, зат алмасу, энергия алмасу, тамақтану гигиенасының жастық ерекшеліктерін; - Ғимараттарға, сыныптарға, қоршаған орта ауасына, оқу бөлмелерінің жарығына және мектеп жабдығына гигиеналық талаптарды; - Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудың негіздерін. Студент жасай білуі тиіс: - Бала ағзасының күрделі құрылымы жайлы жақсы хабардар болу, оның құрамы болып табылатын бөлшектер мен мүшелердің орналасуын еркін анықтай алу; - Биологиялық жастың интегралды және жеке көрсеткіштерін, физикалық денсаулығының морфологиялық критерийлерн анықтай алу; - Білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен оқыту үрдістерінде санитарлық-гигиеналық жағдайларды бағалау әдісін қолдана алу. Пәнді игеру процесінде студент келесі компетенцияларды қалыптастырады және көрсетеді: - Білім алу және кәсіби қызметте заманауи әлемнің жаратылыстанулық- ғылыми көрінісі туралы білімін қолдануға қабілетті; - Өз интеллектуалды дамуы, мәдени деңгейінің, кәсіби компетенциясының жоғарлауы, өз денсаулығының сақталуы, адамгершілік және физикалық жағынан өзін кемелдендіру үшін таным әдістері мен құралдарын, оқу мен өзін бақылау әдістерін қолдана алады; - Оқу-тәрбие үрдісінде және оқудан тыс уақыттағы қызметінде оқушыларының өмірі мен денсаулығын сақтауға дайын.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Кванттық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Пән бойынша білім, білік, дағды жүйесін және пәндік компетенцияны қалыптастыру Пәннің қысқаша мазмұны: зат құрылысы туралы ертедегі теориялар туралы, Шредингер теңдеуі, кванттық механиканың постулаттары, кванттық механиканың бірөлшемді есептері, гармоникалық осциллятор, қатаң ротатор, сутек атомы, сутектің молекулярлық ионы, гелий атомы, сутек молекуласы, Хартри-Фок әдісі, МО-АОСК және валенттік байланыстар әдісі, Хюккель әдісі. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: есептеу дағдылары, сызықты алгебраны қолдану әдістері, Хюккель бойынша Шредингер теңдеуін шешу әдістері. істей алуы тиіс: пәндер арасындағы байланыс пен пәннің жалпы құрылымы туралы түсінігін көрнекті түрде көрсете алуы дағдыға ие болуы керек: есептеулер жүргізу, практикада білімді қолдана білу қабілеттілігі, зерттеу қабілеттілігі, білім алуға қабілеттілігі, жаңа жағдайға бейімделу, жаңа (шығармашылық) идеяларды тудыруға қабілеттілігі, көшбасшылыққа қабілеттілігі, дербес жұмыс жасау қабілеттілігі, сапаға жауапкершілік, жетістікке ырықтығы.

Компьютерлік химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Оқушылардың даму физиологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Органикалық молекулалардың функционалды туыныларының химиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Органикалық химияның теориялық негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Өзін-өзі тану
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – өзін-өзі тану негіздері бойынша білімдерді қалыптастыру. Модуль педагогикалық үдерістің ғылыми мәселелерін әртүрлі ұлттардың тәрбие үдерісіндегі этникалық специфика арқылы қарастыруға бағытталған. Сондай-ақ модульдің мақсаты - адамның ішкі және сыртқы әлемінің өзара байланысын түсіну қабілетін, оның Отан және табиғатпен бірлігін дамыту; өзін-өзі тануға деген; өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудағы қажеттілікті, дербестікті, жауапкершілікті, белсенділікті, шығармашылық ынтасын дамыту. адамның ішкі және сыртқы әлемінің өзара байланысын түсіну қабілетін, оның Отан және табиғатпен бірлігін түсіне алу; өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудағы қажеттілікті, дербестіктігін, жауапкершілігін, белсенділігін, шығармашылық ынтасын дамыту; - тәрбиелік тәжірибеде ұлттық білімдердің мәнін қолдану және негіздеу дағдылары; - заманауи тәрбие түрлерімен дәстүрлі этникалық әлеуметтендіру әдіс, тәсілдерін сәйкестендіру дағдылары; - оқушылардың өзін-өзі тануын ұйымдастыру шеңберінде олардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін айқындау бойынша негізгі психодиагностикалық әдістемелерді жүргізу және түсіндіру; тиімді өзін-өзі тануға арналған сауалнамалар, сұрақтар құрастыру; өзін-өзі танудың жеке және топтық бағдарламаларын өңдеу дағдылары.

Педагогика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттердің бойында педагогикалық білімнің қалыптасуы, олардың педагогиканың теориялық негіздерімен, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың қазіргі кездегі технологияларымен, мектептің білім беру үдерісінде оқытушы мен оқушылардың субъект-субъект өзараәрекетінің технологияларымен танысуы. Мазмұны: Педагогиканы оқыту үдерісінде студент педагогиканың негізгі категориялары мен түсініктерін, педагогиканың әдіснамалық негіздерін, тәрбиенің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары, заңдылықтары және ұстанымдарын, тәрбиенің мәні, мазмұны, формалары мен әдістерін, тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларын меңгеруі тиіс. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Педагогика ғылымының өзекті мәселелерін; Педагогикалық қызметтің мәнін. Пайдалана білуі керек: Педагогика бойынша алынған білімді тәжірибеде қолдануды; Мектепте педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыруды: Оқушылар тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауды. Дағдылану керек: Меткепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға.

Педагогикалық мамандыққа кіріспе
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Берілген курстың студенттерді кәсіби дайындаудағы маңыздылығы оның педагогикалық мамандыққа «енгендегі» ең алғашқысы болуда. Курс болашақ ұстаздардың кәсіби таңдау жасаудағы саналылығының нығайтуына, педагогикалық мамандық туралы тұтас түсініктің қалыптасуына, педагогикалық қызметке бағытталған. Курстың мақсаты: боашақ педагогтарда педагогикалық мамандық туралы және өзінің педагогикалық еңбек субъектісі жайлы білім жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар қоғам алдында балаларды оқыту мен тәрбиелеу жауаптылығын түсіндіру, баланы, тәрбиеленушіні білім беру үрдісінің субъектісі, өзіндік құндылық ретінде қабылдауға дайындық. Курстың міндеттері: - Болашақ тарих пәнінің мұғалімдерін кәсіби білім беру аясындағы бағалы бағыттарын саналы түрде қалыптастыру процесіне ендіру; - Студенттердің педагогикалық мамандықтың негіздеріне ие болуындағы нәтижелі тұлғалық алға қарай жүруі үшін алғышарттар қалыптастыру; - Бірінші курс студенттерінің педагогикалық кәсіпке бет алауының тереңдетілуі, олардың кәсіби қажеттілігін кемелдендіру, кәсіпті таңдау мотивтерінің және өзіндік кәсіби айқындалу қажеттіліктерінің дамуы. - Білім беру жүйесі мен құрылымы, үздіксіз білім беру кешені, заманауи жалпы білім беру мектептерінің негізгі типтері туралы білу; - Ұлттық білім беру жүйесінің аясындағы заманауи жетістіктермен танысуын көрсете білу; - Педагогтың өзіндік білім алуының кәсіби дағдыларына, тарих пәнінің мұғалімінің өзіндік білім деңгейі мен педагогикалық кәсібилік жетістіктерін арттыру мақсатында өзімен жұмыс жасау әдістері мен тәсілдерін игеру.

Сандық талдау
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Сапалық талдау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: жоғары мектептегі тәрбиенің заманауи үрдістерін оқу, сонымен қатар студенттерде олардың тәрбие мәселесіне арналған әртүрлі тәсілдер бойынша бағыт алуға және тәрбие үдерісін бағалауға мүмкіндік беретін білім мен шеберлік қалыптастыру. Негізгі міндеттері: жоғары мектептегі тәрбие жүйесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерімен танысу; студенттерді тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері туралы теориялық білімнің қолданыс аясын орнату. ЖОО тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін білу. Студенттермен тәрбиелеу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырудағы және өткізудегі танымал технологиялар мен әдістемені игеру.

Физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Физикалық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Химиялық термодинамика, химиялық кинетика және электрлік химия бөлімдері бойынша химиялық процестерді теориялық және практикалық тұрғыдан анализдеу үшін қажет базалық білімді игеру, студенттердің өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, сонымен қатар химиялық әрекеттесуге әр түрлі факторлар әсерін түсіну үшін қажет білімді игеру. Мазмұны: Химиялық термодинамика негіздері: химиялық және фазалық тепе-теңдік, химиялық кинетика негіздері: реакция жылдамдығы және оған түрлі факторлар әсері, қарапайым және күрделі реакциялардың кинетикасы, катализ негіздері, электрохимия негіздері: электролит ерітінділері теориялары, электролит ерітінділері электрһткізгіштігі, электрохимиялық тізбектер және оларда өтетін процестер термодинамикасы. Студенттер білуі қажет: -химиялық термодинамика заңдарын; - әртүрлі жүйелердегі фазалар тепе-теңдігінің заңдылықтарын; -- қарапайым қайтымсыз реакциялар кинетикасы негіздерін; - күрделі реакциялар кинетикасы негіздерін; -электролит ерітінділері теорияларын; - электрохимия негіздерін. Жасай білуі тиіс: -физика-химиялық процестер, түрлі химиялық реакциялардың термодинамикалық сипаттамаларын есептеуді; -химиялық реакциялардың кинетикалық сипаттамаларын есептеуді; -түрлі жүйелердің фазалық диаграммаларын талдауды; -әртүрлі қондырғыларды қолдана отырып, физика-химиялық тәжірибені жүргізуді.

Химиядағы математика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Химиялық технология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Химиялық экология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Элементтер химиясы
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Этнопедагогика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаттары: - Ойлау мәдениетін, жалпыландыру, ақпаратты талдау, қабылдау қабілеттіліктерін, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдауды қалыптастыру; - Әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарын толеранттылықпен қабылдауға, тарихи мұра мен мәдени дәстүрлерге құрпетпен және ұқыптылықпен қарауға дайындықты қалыптастыру. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара ықпалдастығын және өзара тәуелділігін білу, педагогикалық ғылымның, қазақстандық азаматтықтың, патриотизмнің дамуы үшін тәрбиелеудегі ұлттық идеялардың маңыздылығын сезіну. Мәдениеттің маңыздылығын адами өмір сүру формасы ретінде қабылдау және өз қызметінде заманауи толеранттылық, диалог және ынтымақтастық қағидаларын жетекшілікке ала білу.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Атом құрылысы және периодтық жүйе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Химия мамандығына кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Химия тарихы және әдіснамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Химиялық байланыс және молекула құрылымы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Педагогикалық (үздіксіз) практикасы
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение