Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Химия

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: бар
Бағдарлама: 5В060600-Химия
Оқу деңгейі :бакалавриат
Емтихандар : химия, математика, орыс/қазақ тілдері, Қазақстан тарихы (тесттер)
Оқу түрі: іштей
Оқу мерзімі: 4 жыл
«Химия» бағыты бойынша дайындалатын бакалавр келесідей кәсіптік қызметтерге даярланады:
• Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық өнеркәсіптердегі жұмыстар;
• Аналитикалық, экологиялық, санитарлық – эпидемиологиялық, сертификациялық қызмет көрсететін өндірістік лабораториялар;
• Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық бағдардағы ғылыми – зерттеу ұйымдарында (институттар, лабораториялар) инженер, бөлімшелер мен лабораториялар басқарушылары ретінде;
• Жалпы білім беретін орта мектептерде, колледждерде, лицейлер және гимназияларда, білім беру бөлімшелерінде химия пәнінің оқытушылары ретінде.

• Бағдарлық пәндер:
• Бейорганикалық химия
• Органикалық химия
• Аналитикалық химия
• Физикалық химия
Білім беру саласының артықшылықтары:
• Бұрынғы ғылыми мектеп дәстүрлерімен сабақтастық
• Факультетте жоғары білікті мамандар қызмет атқарады
• Ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында химия және химиялық технология факультететінің жанында 3 ғылыми – зерттеу институттары жұмыс жасайды
• Факультет ғалымдары мен мамандары өздерінің ғылым саласындағы жеткен жетістіктері бойынша әйгілі әрі әлемде мойындалған.
Халықаралық байланыстар: Факультет студенттері мен түлектері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады.

Практика өту және мүмкін болатын жұмысқа орналасатын орын: химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық өнеркәсіп орындары және т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Химия
Мамандық шифры
5B060600
Факультеті
Химия және химиялық технология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Химия
Профильдік пәні
Химия
Өту балы
ҚАЗ
91
ОРЫС
79

пәндер

Scientific Writing
  • Кредит саны - 1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – «Scientific Writing» пәнінің мақсаты – ғылыми-педагогикалық бағытта даярланған болашақ мамандар ретіндегі студенттерді ғылыми ойлауға және заманауи экономиканың өзекті мәселелері бойынша экономикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру негіздерін, әдістемесін, нысандарын және экономикалық теория категорияларының мәнін үйрету болып табылады. Ғылыми мақалалар жаза білу және қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде дискусcиялар жүргізе алу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық химия 2
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді қазіргі заманғы сандық талдаудың теориялық негіздерімен таныстыру, оларға элементтер мен олардың қосылыстарын сандық анықтау әдістері (химиялық және бірқатар физика-химиялық) жөнінде терең білімдер беру, студенттерді осы әдістермен өз бетімен жұмыс істеуге даярлау. Мазмұны: гравиметрлік талдау әдісі; титриметрлік талдау әдісі, әдістің жіктелуі, индикаторлар және титрлеу қисықтары; гравиметрия мен титриметриядағы есептеулер; химиялық талдаудың метрологиялық негіздері; физика-химиялық талдау әдістері, олардың жіктелуі және сандық талдауда қолданылуы Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: сандық талдауда қолданылатын химиялық және физика-химиялық әдістердің теориялық негіздері, аналитикалық реакциялардың жүру жағдайлары; игеруі керек: талдау мақсатына сәйкес сандық талдау әдісін таңдау; әр түрлі ерітінділер мен қатты үлгілердің химиялық құрамын (сандық) анықтау, талдау нәтижелерін метрологиялық өңдеу; ие болуы керек: сандық талдаудың әр түрлі аналитикалық операцияларын (өлшенді алу және оны еріту; тұнбаны тұндыру; тұнбаны сүзу, жуу, кептіру және термиялық өндеу; концентрациясы берілген ерітінділерді даярлау, құрамы әр түрлі ерітінділерді титрлеу, талдаудың физика-химиялық параметрлерін тіркеу және өлшеу) орындаудың тәжрибелік дағдылары.

Аналитикалық химия, 1
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге сапалық жартылай микроталдаудың теориялық негіздері, катиондар мен аниондардың аналитикалық реакциялары, олардың жүру жағдайлары жөнінде терең білімдер беру; оларды элементтер мен олардың қосылыстарын бөлу, концентрлеу және сапалық анықтау әдістерімен таныстыру. Мазмұны: катиондар мен аниондардың аналитикалық жіктелуі; аналитикалық реакциялардың сезгіштігі мен талғағыштығы; аналитикалық химиядағы негізгі иондық тепе-теңдіктер (қышқыл-негіздік, комплекстүзілу, тұнба-ерітінді, тотығу-тотықсыздану), олардың тепе-теңдік константалары мен көрсеткіштерін есептеу; иондарды бөлу және концентрлеу әдістері (экстракция, ионалмасу хроматография). Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: сапалық талдауда қолданылатын химиялық реакциялардың механизмі, олардың жүру жағдайлары; игеруі керек: талдау мақсатына сәйкес катиондар мен аниондарды талдау сызбанұсқасын таңдау; әр түрлі ерітінділер мен қатты үлгілердің химиялық құрамын (сапалық) анықтау; ие болуы керек: сапалық талдаудың әр түрлі аналитикалық операцияларын (иондарды тұндыру; тұнбаны ерітіндіден бөлу және еріту; микрокристаллоскопиялық және тамшылы сапалық талдау жүргізу; иондарды тұндыру және экстракция әдістерімен бөлу және концентрлеу) орындаудың практикалық дағдыларын иелену. -

Аналитикалық химия. 1 б
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -Мақсаты мен міндеттері: студенттерге сапалық жартылай микроталдаудың теориялық негіздері, катиондар мен аниондардың аналитикалық реакциялары, олардың жүру жағдайлары жөнінде терең білімдер беру; оларды элементтер мен олардың қосылыстарын бөлу, концентрлеу және сапалық анықтау әдістерімен таныстыру. Мазмұны: катиондар мен аниондардың аналитикалық жіктелуі; аналитикалық реакциялардың сезгіштігі мен талғағыштығы; аналитикалық химиядағы негізгі иондық тепе-теңдіктер (қышқыл-негіздік, комплекстүзілу, тұнба-ерітінді, тотығу-тотықсыздану), олардың тепе-теңдік константалары мен көрсеткіштерін есептеу; иондарды бөлу және концентрлеу әдістері (экстракция, ионалмасу хроматография). Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: сапалық талдауда қолданылатын химиялық реакциялардың механизмі, олардың жүру жағдайлары; игеруі керек: талдау мақсатына сәйкес катиондар мен аниондарды талдау сызбанұсқасын таңдау; әр түрлі ерітінділер мен қатты үлгілердің химиялық құрамын (сапалық) анықтау; ие болуы керек: сапалық талдаудың әр түрлі аналитикалық операцияларын (иондарды тұндыру; тұнбаны ерітіндіден бөлу және еріту; микрокристаллоскопиялық және тамшылы сапалық талдау жүргізу; иондарды тұндыру және экстракция әдістерімен бөлу және концентрлеу) орындаудың практикалық дағдыларын иелену.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Бейорганикалық химия. 1б
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: бейорганикалық химия теориясы мен практикасы бойынша білім жүйесі мен біліктілігін қалыптастыру; Мазмұны: атомды-молекулалық ілім, химияның стехиометриялық заңы, атом құрылысы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі, химиялық байланыс және зат құрылысы, химиялық реакцияның жүру заңдылығы, элементтер химиясы. Пәнді оқу нәтижесіндегі құзіреттер (білім, білік, құзіреттілік): студент білуі керек: замануи химияның негізгі түсініктері, атом мен химиялық байланыстың негізгі теориясы, химиялық реакцияның жүру заңдылығы, электролиттік диссоциация теориясы, химиялық байланыс теориясының негізгі заңдылықтары. біліктілік: нақты оқу және шынайы мәселелерді шешу үшін химияның заңдары мен негізгі түсініктерін қолдану, бейорганикалық химия бойынша эксперименттік және сандық есептерді шешу; дағды: оқу бағдарламасымен қарастырылған қалыптасқан эксперименттік дағдылар.

Бейорганикалық химия. 2 б
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: бейорганикалық химияның теориясы мен практикасы бойынша білімдер, біліктіліктер мен дағдылар жүйесін қалыптастыру; Мазмұны: 1-18 топ элементтерінің жалпы сипаттамалары, физикалық және химиялық қасиететтері, олар түзетін жай заттар мен ең маңызды қосылыстарының алынулары мен қолданылулары. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: 1-18 топ элементтерінің жалпы сипаттамаларын, физикалық және химиялық қасиеттерін, олар түзетін жай заттар мен ең маңызды қосылыстардың алынулары мен қолданылуларын біледі; игеруі керек: химияның негізгі түсініктері, теориялары мен заңдарын жай заттар мен қосылыстардың химиялық қасиеттерін, сонымен қатар олар қатысында жүретін химиялық реакциялардың заңдылықтарын түсіндіре алады; ие болуы керек: бейорганикалық заттарды синтездеу және қолдануға байланысты оқу бағдарламасында жоспарланған тәжірибелік дағдыларды өз бойында қалыптастыру қажет.

Биохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге биохимия саласында қажетті көлемде іргелі білім беру, табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі арасындағы өзара байланысты көрсету. Мазмұны: Амин қышқылдары, ақуыздар, ферменттер, көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдарының құрылысы, химиялық және биологиялық қасиеттері және метаболизмі. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі тиіс: табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттері, ақуыздар мен ферменттердің амин қышқылдық кезектесуін анықтау, көмірсулар мен липидтердің алмасуы, нуклеин қышқылдарының биосинтезі, сонымен бірге зерттеу нысандарынан биомолекулаларды бөлу методологиясы; жасай білуі тиіс: органикалық қосылыстардың әртүрлі кластарына жататын табиғи қосылыстардың негізгі топтарының құрылысы, химиялық және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, табиғи қосылыстардың зерттелетін топтарын әртүрлі әдістермен идентификациялау.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Жалпы химиялық технология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: химиялық-технологиялық процестердің жүру заңдылықтарын, дәстүрлі химиялық өндірістердің өнеркәсіптерін, қазіргі күйін және оның оңтайлы даму тенденцияларын оқыту, студенттерді химиялық-технологиялық процестерді жасауда экологиялық жағын қарастыруға, сонымен қатар энерготехнологиялық химиялық-технологиялық жүйелерді құру принциптерін қолдануға дағдылау. Пәннің мазмұны: Химиялық-технологиялық процестерді ұйымдастыру принциптері. Химиялық-технологиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасы. Химиялық-технологиялық процестердің материалдық және энергетикалық баланстары. Химиялық өндірістің шикізаттық ресурстары. Байыту принциптері және шикізатты кешенді пайдалану. Каталитикалық химиялық-технологиялық процестер. Электролиттік өндіру технологиясы. Өндірістік органикалық синтез технологиясы. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын, дәстүрлі химиялық процестерді және сәйкесінше химиялық аппараттарды; игеруі керек: практикада меңгерген білімді қолдана білуі, химиялық-технологиялық процестердің материалдық және энергетикалық баланстарын, өндірістің химиялық және принципиалдық сызба-нұсқаларын құра; дағдылануы керек: маңызды өндірістік химиялық процестер жүзеге асырылатын және өндірісті бақылаудың типтік әдістері және өнімдерді анализдеуде қамтылатын зертханалық типтегі дайын технологиялық қондырғыларда жұмыс жасай білуге дағдылану.

Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсының мақсаты мен міндеттері студенттерді полимерлер туралы ғылымның теориялық негіздерімен таныстыру, полимерлердің химиясы, физика-химиясы және физикасы жөнінде негізгі мағлұматтарды беру және полимерлерді қолданудың маңызды салаларымен таныстыру.. Пәннің мазмұны: Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Макромолекулалардың қасиеттері мен сипаттамалары. Заттың полимерлі күйінің ерекшеліктері. Макромолекуланың конформациялық изомериясы және конформациясы. Полимерлер ерітінділерінің табиғаты. Полимерлер ерітінділерінің физика-химиясы. Полимерлердің ерітінділерінің гидродинамикалық қасиеттері. Иондалатын макромолекулалар. Полиэлектролиттер. Полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары және физика-механикалық қасиеттері. Жоғары эластикалық деформация. Полимерлердің тұтқырсерпімді күйлері. Кристалды полимерлер.Макромолекула түзілуінің тізбекті процестері. Радикалды полимерлеу және сополимерлеу. Радикалды сополимерлеу. Иондық полимерлеу (катионды және анионды). Макромолекулалардың түзілуінің сатылы процестері. Полимерлердің химиялық реакциялары. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білулері қажет: полимерлердің негізгі химиялық, физика-химиялық және физикалық қасиеттерін, полимерлердің синтезі мен химиялық түрленуінің теориялық негіздерін, полимерлі материалдарды өңдеудің басты физика-механикалық принциптерін, полимерлерді практикалық қолдануларының негізгі аспектілерін игеруі қажет: әр түрлі кластардағы полимерлердің негізгі химиялық, физика-химиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеуді, полимерлерді әр түрлі әдістермен алуды және идентификациялауды дағдылануы қажет: талдау әдістерін (хроматография, гравиметрия, титрлеу, талдаудың спектроскопиялық және электрохимиялық әдістерін), қажетті талдау әдісін таңдау методологиясын және оны жүргізудің әдістемесіне; бейорганикалық және органикалоық заттарды, жоғары молекулалық қосылстарды синтездеу әдістері мен тәсілдеріне; технологиялық өндіріс кестелерін жасау әдістемесіне; физика-химиялық есептеулер жүргізу әдістемесіне компетентті болулары керек: бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық химия және ЖМҚ мен органикалық заттар химиясында

Зат құрылысы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: молекулалардың құрылыстық теориясы және химиялық байланыстың табиғаты туралы түсінік беру, студенттерді молекулярлы спектроскопия теориясының түсініктерімен және термодинамикалық, құрылымдық сипаттамаларды есептеуде осы теорияның қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру. Пән мазмұны: Курста молекулалардың құрылыстық теориясының негізгі идеялары баяндалады. Кванттық механика және кванттық химия түсініктері негізінде молекулярлы спектрлер теориясының негіздері беріледі. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: құрылымданған жүйелердің тәртібі және құрылысын басқаратын негізгі заңдарды; игеруі керек: Негізгі құрылымдарды және құрылымдық деңгейлерді, олардың өзгеру және өзара түрлендіру процестерін сандық және сапалық түрде сипаттауды; ие болуы керек: атомдар және молекулалардың кванттық күйлері туралы түсінікті, молекулааралық өзара әрекеттесудің негізгі түрлерін білу.

Зерттеудің физикалық әдістері
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты: студенттерді қазіргі заманғы физикалық әдістермен таныстыру, олардың нақты тәжірибелік мәселелерді (идентификациялау, заттың химиялық құрылысын анықтау және заттардың физикалық және химмиялық қасиеттерінің олардың химиялық құрылысымен байланыстылығын зерттеу) шешудегі мүмкіндіктері және шектеулерімен таныстыру көрсету. Мазмұны: зерттеудің және талдаудың физикалық әдістері: жалынды фотометрия, эмиссиялық спектроскопия, ИҚ-спектроскопия, ЖКШ-спектроскопия, УК-спектроскопия, ЭПР-спектроскопия, ЯМР-спектроскопия; магитті резонансты әдістер: ЭПР-спектроскопия, ЯМР-спектроскопия, газды хроматография, масс-спектрометрия. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу: масс-спектрометрия, ЭПР, ЯМР-спектроскопия, хроматография, оптикалық (ИҚ-, УК-, КШ-спектроскопиясы, сонымен бірге лазерлі техника, рентген анализ) әдістері негіздерін; айтылған әдістердің мүмкіндіктерін, кемшіліктерін, қолдану шектерін; игеру: нақты тәжірибелік есепті шешуде керекті физикалық әдісті, оны қолданатын тиімді шарттарды таңдап алу; дағдыға ие болу: қарапайым спектрлерді талдау.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Кванттық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: Пән бойынша білім, білік, дағды жүйесін және пәндік компетенцияны қалыптастыру Пәннің қысқаша мазмұны: зат құрылысы туралы ертедегі теориялар туралы, Шредингер теңдеуі, кванттық механиканың постулаттары, кванттық механиканың бірөлшемді есептері, гармоникалық осциллятор, қатаң ротатор, сутек атомы, сутектің молекулярлық ионы, гелий атомы, сутек молекуласы, Хартри-Фок әдісі, МО-АОСК және валенттік байланыстар әдісі, Хюккель әдісі. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: есептеу дағдылары, сызықты алгебраны қолдану әдістері, Хюккель бойынша Шредингер теңдеуін шешу әдістері. істей алуы тиіс: пәндер арасындағы байланыс пен пәннің жалпы құрылымы туралы түсінігін көрнекті түрде көрсете алуы дағдыға ие болуы керек: есептеулер жүргізу, практикада білімді қолдана білу қабілеттілігі, зерттеу қабілеттілігі, білім алуға қабілеттілігі, жаңа жағдайға бейімделу, жаңа (шығармашылық) идеяларды тудыруға қабілеттілігі, көшбасшылыққа қабілеттілігі, дербес жұмыс жасау қабілеттілігі, сапаға жауапкершілік, жетістікке ырықтығы.

Коллоидтық химия
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты мен тапсырмалары: студенттерге қажетті қазіргі заманғы коллоидтық химия және оның негізгі мәселелері мен халық шаруашылығының әр түрлі салаларында маңыздылығы жоғары фундаменталды білімдер жиынтығын беру, жаратылыстану және философиялық ғылымдар мағынасында коллоидтық химияның маңыздылығын көрсету және беттік құбылыстар және дисперстік жүйелер ғылымының қазіргі заманғы даму тенденциясымен таныстыру. Пәннің мазмұны: Коллоидтық жүйелердің спецификалық қасиеттері. Дисперстік жүйелердің молекулалық-кинетикалық қасиеттерінің ерекшеліктері; Коллоидтық жүйелердің оптикалық қасиеттері және оның негізінде зерттеу әдістері; Қос электрлік қабаттың құрылысының теориясы, электркинетикалық құбылыстарының механизмі, олардың практикалық қолданылуы; дисперстік жүйелердің тұрақтылығы тұрғысынан ҚЭҚ ролі; дисперстік жүйелердің тұрақтылығының негізгі мәселелері және оларды реттеу жолдары; Дисперстік жүйелердегі құрылымтүзілу үдерістері, дисперсті материалдардың құрылымдық және механикалық қасиеттерін реттеу. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: заттардың коллоидтық күйінің ерекшелігін; фазааралық шекте жүретін адсорбция процесстерінің заңдылықтарын; дисперстік жүйелердің қолдануының негізгі аспектілерін; орындай алу: коллоидтық жүйелердің химиялық, физика-химиялық қасиеттерін зерттей алу; дисперсті жүйелерді әр түрлі зольдерді ала білу, оларды тазалай білу, олардың бөлшектерінің шамасын анықтау мақсатында суспензияның седиментациялық анализін жүргізе білу; әр түрлі электролиттер қатысында зольдердің коагуляция табалдырығын анықтай алу және әр түрлі валентті иондардың коагуляциялау қабілетін анықтау,жоғары молекулалық қосылыстардың қорғаушы әсері; дағдыларға ие болу: дисперстік жүйелерді алу әдістері және жолдары бойынша; оптикалық әдістер (турбидиметрия, нефелометрия, ультрамикроскопия) бойынша дисперстік жүйелерді зерттеу әдістері бойынша, теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізу кезінде алынған мәліметтерді өңдеу және талдау бойынша дағдыларға ие болу.

Координациялық қосылыстар химиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері: кешенді қосылыстардың синтезі мен Д.И. Менделеевтің периодтық кестесіне негізделе отырып қасиеттерін, өзгеру заңдылықтарын зерттеу және зат құрлысын заманауи тұрғыдан түсіндіру, бейорганикалық химиядан білім базасын кеңейту, химиялық эксперименттен білім мен қабілетті қалыптастыру. Мазмұны. Кешенді қосылыстар. Заманауи координациялық теорияның маңызды ұғымдары. Кешенді қосылыстардың негізгі типтері мен номенклатурасы. Кешенді қосылыстардың кеңістіктегі құрылымы мен изомериясы. Кешендердің тұрақтылығы. Кешенді қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты. Валенттік байланыстар теориясы. Кристалдық өріс теориясы. d-орбиталдардың тетраэдрлік, октаэдрлік және квадрат-жазықтықтық өрісте жіктелуі. Тұрақтану энергиясы. Лигандтардың спектрохимиялық қатары. Лигандтардың өз-ара әсері. Чугаев ережесі. Кешендердің синтезі. Кешенді қосылыстардың практикалық маңыздылығы. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: координациялық қосылыстардың қасиеті мен құрылысын; қолдану салаларын; комплекстүзілу процесінің жүру жағдайының механизмі мен шартын; оларды химиялық және физика-химиялық әдістерде сандық және сапалық талдау кезінде қолдануын; игеруі керек: координациялық қосылыстардың құрылысы мен химиялық құрамын анықтау және синтездеу; сандық талдау нәтижелерін метрологиялық өңдеуді жүргізуді; ие болуы керек: әр түрлі әдістермен (спектрофотометрия, гравиметрия, хроматография) қолдана білу.

Кристаллохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттері: студенттерге кристалды заттардың құрылымдары туралы білім беру, сонымен қатар кристалл құрылысының өзара байланысын, олардың химиялық құрамын және әртүрлі физикалық, физика-химиялық, геометриялық қасиеттерін түсіндіру. Мазмұны: Кристалдар симметриясы. Кристалдық тор. Бравэ торының түрлері. Құрылымдық байланыс түрлері. Құрылым тұрақтылығының шектері. Таза металдардың қарапайым кристалдық құрылымдары. Алмас және графиттің құрылысы. Кристалдар химиясының категориялары. Рентгенқұрылымды анализдің негізгі формулалары. Кристалдар фазасының сапалық және сандық анализінің әдістері. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: кристаллографияның негізгі түсініктері, заңдары, жетістіктері мен құралдық әдістерін; геометриялық және құрылымдық кристаллографияның, кристалдар химиясының және кристалдар физикасының заңдары туралы түсініктерді; рентгенфазалы және рентгенқұрылымды анализдердің теориясы мен практикасы; игеруі керек: алынған білімдерді ғылыми және практикалық қызметте бір-бірімен байланысты пәндерді меңгеру үшін колдана білу; ие болуы керек: рентгенқұрылымды және рентгенфазалы анализ әдістерінің тәжірибелік дағдыларына.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Математика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: ГОСО талаптарына сәйкес мамандарды базалық математикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Мамандықпен кейінгі жұмысы үшін қажетті студенттерді жоғары математиканың терең бөлімдеріне, математикалық көзқарасты құруына, ғылыми, логикалық ойлау қабілетінің дамуына үйрету; бакалаврлардың математикалық әдістерді жеткілікті мөлшерде игеру, математикалық моделдерді және есептеулерді жүргізе алудағы нақты қабілеттерін шыңдау.Мазмұны: Математикалық талдауға кіріспе. Дифференциялдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалы функциялар. Дифференциялдық теңдеулер. Сандық және функционалдық қатарлар. Еселі интегралдар және өріс теориясы. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық:студент білуі керек: Инженерлік практикада қолданатын және практикада қолданылатын алгоритмдерді негіздеу үшін қызмет ететін, пәннің негізгі теориялық әдістерді.пайдалана білуі керек: Әдебиетте мазмұндалатын, РЭТ мамандығымен байланысты математикалық аппаратты өзіндік түсінуді.дағдылану керек: Практикалық тиімді нәтижеге жеткізумен математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулердің теориясының есептерін шешу қабілеттеріне.

Математика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студентті маңызды математикалық түсініктемелермен және пікірлермен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, атмосфералық процестерді сипаттау кезінде интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын пайдалану. Жоғарғы математиканың негізгі теоремаларын, ережелерін және түсініктемелерін, математикалық және қолданбалы-жаратылыстану есептерді шешу кезінде олардың практикалық қолдануын; математикалық зерттеулердің маңызды әдістерін білу. Атмосфералық процестерді зерттеу кезінде математикалық теоремаларды, ережелерді және зерттеу әдістерін істей білу; Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын меңгеру; -

Математика 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар пен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдық теңдеулер. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, осның негізінде ұсыныс жасау; дағды: химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Математика 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар пен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдық теңдеулер. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, осның негізінде ұсыныс жасау; дағды: химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Метрология және стандартизация
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат және міндеттер: практикалық метрологияға, қазіргі өлшеуіш техниканың эксплуатациясына, өлшеу күйін қадағалау мен талдауға квалификациялық түрде қатысу үшін қажетті білім мен біліктілікті қалыптастыру. Мазмұны: теориялық, заңды және қолданбалы метрология туралы тұжырымдар беріледі; өлшем бірлік жүйелері, өлшем нәтижелерінің қателіктері, өлшем өрнектеу мәселелері қарастырылады. құралдары және олардың метрологиялық сипаттамалары, өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу; өлшеу нәтижелерінің анықталмағандығын бағалау Білу: өлшеу әдістері мен тәсілдері, негізгі метрологиялық заңдылықтары; өлшеу дәлдігіне әсер ететін факторлар, өлшеу қателіктерін жою әдістері, өлшеу дәлдігі мен нақтылығын арттыру, өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістері. Жасай алу: өлшеу нәтижелерін өңдеген кезде қателіктер теориясын қолдану, өлшеу жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері мен әдістерін таңдай алу. Ие болу: нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істеу, тәжірибені өзі жоспарлай алу.

Наноматериалдар және нанотехнологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге нанобөлшектер түрлерінің дамуының және пайда болуының негізгі модельдері туралы, олардың алыну әдістері және синтезделген материалдарды анализдеудің заманауи әдістері туралы білім беру. Мазмұны: Нанотехнологияға кіріспе. Нанообъектердің негізгі түрлері және қасиеттері. Өлшемді әсер құбылыс жиыны түрінде. Химиялық және кванттық өлшемді әсер. Наноматериалдардың пайда болу механизмдері. Наноматериалдардың зерттеу әдістері. Наноматериалдардың қолданылу аймағы. Нанотехнологияның дамуымен байланысты қауіптер. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: меңгеруі қажет: наноматериалдар түрлерінің жалпы түсініктері, наноқұрылымды материалдардың алыну және зерттеу әдістері; наноматериалдар дамуының механизмдері туралы; ғылыми-зерттеу және қолданбалы есептерді шешу, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын айқындаудағы алған білімдерін қолдануы

Органикалық химия 1б
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге органикалық молекулалардың құрылыс теориясы, электрондық және кеңістік эффекттері, стереохимия туралы іргелі білімнің қажетті көлемін беру, органикалық қосылыстардың негізгі кластарының құрылысы мен реакцияға қабілеттілігі және химиялық қасиеттерінің арасындағы өзара байланысты көрсету, студенттерді органикалық қосылыстардың құрылымы бойынша олардың физикалық және химиялық қасиеттерін, органикалық заттардың мүмкін болатын өзгерістерін алдын ала болжай алуды үйрету, органикалық заттарды синтездеуге, бөліп алуға, тазалауға және идентификациялауға практикалық бейімделуін қалыптастыру. Мазмұны: Органикалық химияның теориялық негіздері (құрылысы, изомериясы, гибридтенуі, химиялық байланыстың түрлері, органикалық реакциялардағы аралық бөлшектер, электрондық және кеңістік эффекттері, реакцияға қабілеттілігі және стереохимия). Көмірсутектер (алкандар, алкендер, алкиндер, алкадиендер, циклоалкандар, арендер), құрылысы, алынуы және қасиеттері, циклдардың конформациялық және химиялық ерекшеліктері, ароматтылық және оның сипаттамалары, бензол ядросындағы бағдарлау ережесі, галогентуындылар: алынуы, химиялық қасиеттері және негізгі реакциялардың механизмдері. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі тиіс: органикалық қосылыстарды классификациялаудың негізін, органикалық химиядағы негізгі теориялық көзқарастарды, органикалық қосылыстардың негізгі кластарының құрылысын, алыну жолдарын, негізгі химиялық қасиеттерін және өзара ауысуларын, өзекті реакция түрлерінің жүру механизмдерін және заңдылықтарын. меңгеруі тиіс:: органикалық қосылыстардың құрылысы мен реакцияға қабілеттілігі және химиялық қасиеттерінің арасындағы логикалық байланысты көрсете алуы, синтез жүргізу үшін есептеулер жасай алу, органикалық заттарды бөліп алу, тазалау және олардың тазалық деңгейін анықтау, ұсынылған әдістеме бойынша органикалық қосылысты синтездеу. жасай білуі тиіс: органикалық заттардың синтезін жүргізу, бөліп алу, тазалау, физика-химиялық қасиеттерін зерттеу және идентификациялай алу.

Органикалық химия 2б
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге көмірсутектердің функционалды туындалары химиясы және гетероциклды қосылыстар химиясы бойынша іргелі білім беру, органикалық қосылыстардың құрылысы мен реакцияға қабілеттілігі және химиялық қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсете алуды үйрету. Мазмұны: Көмірсутектердің монофункционалды туындылары (спирттер, фенолдар, карбонилді қосылыстар, карбон қышқылдары және оның туындылары), азотты органикалық қосылыстар (нитроқосылыстар, аминдер, азо- және диазоқосылыстар, бояулар), аралас функциялы қосылыстар (окси- және аминқышқылдары, белоктар, көмірсулар), гетероциклды қосылыстар (бір гетероатомды бес- және алты мүшелі гетероциклдар, екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар), құрылысы, алыну жолдары, химиялық қасиеттері және өзекті реакциялардың механизмдері. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі тиіс: көмірсутектердің функционалды туындыларының құрылысын, алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, органикалық қосылыстардың құрылысы мен реакцияға қабілеттілігі және химиялық қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсете алу, органикалық қосылыстардың маңызды кластарын синтездеудің жолдарын, функционалды топтарды өзгерту жолдарын, органикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысты. меңгеруі тиіс: органикалық қосылыстардың құрылысы мен реакцияға қабілеттілігі және химиялық қасиеттерінің арасындағы логикалық байланысты көрсете алуы, синтез жүргізу үшін есептеулер жасай алу, органикалық қосылыстың құрылымы бойынша оның негізгі қасиеттерін және практикалық қолданылу аймағын болжай алу, алдын ала берілген құрылымы бар органикалық қосылыстарды синтездеуді жоспарлай алу.

Физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Физика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: физиканың негізгі бөлімдерін бақылаудың жалпыламасы, практикалық тәжірибе және эксперимент ретінде көрсету; бақылаудың, өлшеудің және эксперименттің негізгі әдістерімен таныстыру; курсты оқу жалпы физикалық пркатикум бойынша зертханалық жұмыстармен қамтылады. Студенттерге пән бойынша терең және сапалы білім беру, физикалық есептерді шешуде қолданылатын негізгі математикалық әдістерге нақты түсінік беру; студенттерді заманауи физиканың міндеттерін құру мен шешуде алған білімдерін пайдалана білуге үйрету. Мазмұны: Ньютон механикасы. Материалдық нүктенің динамикасы және материалдық нүктелер жүйесі. Механикалық энергия және жұмыс. Сақталу заңы. Галилеоның салыстырмалы принципі. Салыстырмалылықтың арнайы теориясы туралы түсінік. (Релятивисттік теория элементтері. Гидродинамика элементтері. Тербелістер мен толқындар. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Статистикалық таралу. Термодинамиканың екінші бастамасы. Тасымалдану құбылысы. Реалды газдар. Электростатистика. Тұрақты электрлік тоқ. Магниттік өріс. Электромагниттік индукция. Пәнді оқу нәтижесіндегі құзіреттер (білім, білік, құзіреттілік): студент білуі керек: физиканың негізгі түсініктері, заңдары мен заңдылықтарын білу; біліктілік: Мәселені түйіндеуді, физика бойынша есептерді шешуді, кәсіптік есептерді шешуде физикалық әдістерді қолдана білу; дағды: Әртүрлі заңдылықтарға бағынатын табиғи физикалық құбылыс туралы түсінік алу.

Физика 2
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: физиканың негізгі бөлімдерін байқаулардың, практикалық тәжрибе мен эксперименттің жалпы қорытындысы ретінде қарастыру; студенттерді байқаудың, өлшеудің және эксперименттеудің негізгі әдістерімен таныстыру, ол үшін оқылатын курстар жалпы физикалық практикумда зертханалық жұмыстармен жетектеледі. Міндеттері: Студенттерге пән бойынша терең және берік білімдер беру; физикалық мәселелерді шешуде пайдаланылатын математикалық әдістер жөнінде анық түсініктер қалыптастыру; студенттерді алынған білімдерін заманауи физиканың мәселелерін қою және шешу үшін қолдана білуге үйрету; Мазмұны: Максвелл теңдеулері. Электромагнитті тербелістер және толқындар. Толқынды оптика. Жарық интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарықтын поляризациясы. Электромагнитті толқындардың затпен әрекеттесуі Жарық дисперсиясы. Электромагнитті сәулененудің квантты қасиеттері. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Резерфорд атомы. Бор постулаттары. Бөлшектердің толқындық қасиеттері. Шредингер теңдеуі. Кванттық статистика элементтері. Конденсирленген күй. Атомндық ядро. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Ядролық реакциялар, ядролардың бөлінуі. Тізбектелген реакциялар. Элементарлы бөлшектер. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: физиканың негізгі ұғымдары, заңдары және заңдылықтары; игеруі керек: физикалық процестерді теория мен эксперименттің қазіргі заманғы жетістіктері тұрғысынан түсіндіру; ие болуы керек: заманауи физиканың математикалық аппараты мен формализмін иелену дағдылары.

Физикалық химия 1б
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат және міндеттер: химиялық термодинамиканың теориялық және қолданбалы сұрақтарын қарастыру, химиялық және фазалық тепе – теңдік, әр түрлі есептерді шығару барысында термодинамиканың негізгі заңдарын қолдану, физика – химиялық экспериментті жүргізу біліктілігін арттыру және эксперименттік нәтижелерді жүйелі түрде қолдана білу. Мазмұны: термодинамиканың негізгі заңдары, термохимия, химиялық фазалық тепе – теңдік мәселелері қарастырылады. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: химиялық термодинамиканың негзгі заңдарын, химиялық тепе – теңдік шарттары және оған әсер ететін факторлар, гомогенді және гетерогенді тепе –теңдік заңдары. істей білу: реалды жүйелерді зерттеген кезде термодинамиканың заңдарын қолдану, химиялық реакцияның термодинаикалық сипаттамаларын есептеу, физика – химиялық процеске әр түрлі сырттан әсер ететін факторларды анықтау, физика – химиялық процестердің сипаттамаларын анықтау бойынша физика – химиялық эксперимент жүргізу. дағдыға ие болу: физикалық химия бойынша практикалық есептерді шешімі, гомогенді және гетерогенді реакциялардың термодинамикалық параметрлердің есептеулері, физика – химиялық процестерді жүргізуде оптималды жағдай анықтау.

Физикалық химия, 2 б
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: химиялық кинетиканың және электрхимияның теориялық және қолданбалы сұрақтарын: формалды қарапайым және күрделі реакциялардың кинетикалық параметрлерін, электрхимиялық жүйелердің, электролиттердің қасиеттерін қарастыру болып келеді. реакциялардың кинетикалық талдауын теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, электрхимиялық процестің термодинамикалық және кинетикалық сипаттамаларын анықтауды қалыптастыру болып табылады. Мазмұны: қарапайым қайтымсыз реакция мен күрделі реакцияның: қайтымды, параллельді, тізбектелген, тізбекті, гетерогенді реакцияның химиялық кинетикасы бойынша негізгі сұрақтар қарастырылады. Гомогенді және гетерогенді катализ, электрхимия негізі: электролит ерітінділер теориясы, электролит ерітіндісінің электрөткізгіштігі, иондардың тасымалдау саны, электрхимиялық процестің термодинамикасы мен кинетикасы қарастырылады. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: қарапайым қайтымсыз реакция мен күрделі реакцияның: қайтымды, параллельді, тізбектелген, тізбекті, гетерогенді реакцияның кинетикасының теориялық негізін; катализдің теориялық негізін; әлсіз және күшті электролиттер қасиетінің негізін; электродтық процестердің термодинамикасы мен кинетикасының негізін білуі тиіс. жасай білу керек: әртүрлі химиялық реакциялардың кинетикалық сипаттамаларын есептей алуы тиіс; электрхимия бойынша практикалық есептерді шешуі тиіс.

Химиялық физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты: студенттерді химиялық физиканың негіздерімен, қазіргі кездегі түсініктерімен, нақты эксперименттік есептерді шешуде, бітіру жұмыстарын орындауда және практикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану үшін оның мүмкіндіктері және шектеулерімен таныстыру болып табылады. Мазмұны: химиядағы элементарлы процестер кинетикасы, жоғары энергиялар химиясы: фотохимия, хемилюминесценция, радиациялық химия, электроразрядтағы реакциялар, плазмохимия; тізбекті реакциялар; жану және жарылыс туралы ілімдер негізі; фуллерендердің түзілуі; қатты дененің химиялық физикасы; материалдар және олардың қасиеттері; қатты денелердегі электрлік және жылу процестері. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: игеруі керек: Химиядағы элементар процестер, элементар бөлшектер, фотохимия, радиациялық химия, плазмохимия, тізбекті реакциялар, жану және жарылыс процестері туралы жалпы түсініктері болу қажет; білуі керек: аталған құбылыстардың теориялық негіздерін, олардың мүмкіндіктерін, шектерін және қолданылу облыстарын білу қажет; ие болуы керек: Нақты эксперименттік есептерді шешу үшін адекватты физикалық құбылыстарды таңдай алу, экспериментті жүргізудің тиімді шарттарын таңдай білу дағдылары.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Іргелі және қолданбалы зерттеулердегі компьютерлік химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Электронды есептеу машиналарында химиялық технология процестерінің математикалық моделдерін орындау әдістерін меңгеру. Мазмұны: Моделдеудің қағидаттары және негiзгi ұғымдары. Физикалық және математикалық моделдеу, химиялық технология процестерін математикалық моделдеу әдiстерiнiң кемшiлiктерi және нәтижесі. химиялық технология процестерін математикалық модельдерге жiктеу. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: Электронды есептеу машиналарында химиялық технологиялар процестерінің математикалық модельдерiн өткiзудiң әдiстерi, химия-технологиялық процесстерді моделдеудiң негізі. игеруі керек: химиялық технология есептерін шешу үшiн бар қамтамасыз етілген программаны қолдану. ие болуы керек: химиялық технология процестерінің математикалық модельдерін құрастырудың дағдыларына, химиялық технология процесстерін моделдейтін программ құрастыру дағдыларына

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Аймақтық және қолданбалы гидрохимия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді табиғи сулардың аймақтық қолданбалы гидрохимиясымен таныстру, негізгі заңдылықтарын қалыптастурудың жолдарын игертіп, табиғи сулардың метаморфизациясы мен, химиялық құрамын, табиғи суларға әсер ететін факторларды және адам ағзасына әсерін зерттеу. Мазмұны: гидрохимияның теориялық негіздері, табиғи сулардың химиялық құрамы мен заңдылықтары, метаморфизация үрдісі, тепе-теңдік, атмосфера қалдықтарының гидрохимиясы, өзеен, су және Қазақстанның жасанды су көздерін, өіндік тазалау үрдісі мен өзендердің тұздануы мен қоршаған ортаны тазартудың ережелері. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білім: Өзен және көл сулары мен атмосфералық заттардың суға әсер ету үрдістерінің теориялық инегіздерін аналитикалық және физикалық химия негізінде қарастыру. білік: су қоймаларының физика-хмиялық құрамына сипаттама беру, өзен сулары мен су қоймаларына және табиғи суларға химиялық анализ жасау арқылы теориялық материалдарды қолдана отырып эксперименттік есептеулер шығару. дағды: әр түрлі су қоймаларындағы суларға химиялық анализ жасау, химиялық компоненттер мен басқа гидрохимиялық сипаттама жасап су бассеиндерін бақылуға алу жолдарын игерту.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Бейорганикалық полимерлі қосылыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: беорганикалық полимер саласы бойынша студенттерге қажетті фундаменталды білім беру және бейорнакалық полимерлі материалдар бойынша түсінігін дамыту. Мазмұны: бейорнакалық полимерлі материалдардың классификациясы, негізгі полимерлі қосылыстар; Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуге міндетті: полимерлердің негізгі химиялық, физико-химиялық және физикалық қасиеттерін, полимерлердің қайта өңдеу принципі мен олардың қолдану аясын; Дағдысы: полимерлердің физико-химиялық, физико-механикалық және химиялық қасеттерін зерттеу; Игеру: әртүрлі анализ әдістерін меңгеру (РФ, ДТА, ИК, суыққа төзімділік)

Беттік активті заттардың физика-химиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – студенттерге БАЗ-дардың физика-химиясы бойынша және оларды арнайы мақсатта қолдануға қажетті білім беру. Курста БАЗ-дардың классификациясы, алыну жолдары және негізгі физико-химиялық қасиеттері бойынша мәліметтер беріледі. Аниондық, катиондық, иондық емес және амфотерлік БАЗ-дардың сарапталу жолдары егжей-тегжейлі қарастырылады. БАЗ-дардың беттік активтілігі, адсорбциясы және биоыдырауы. Композициялық БАЗ-дар. БАЗ-дардың тұрмыста, тағам технологиясында; құрылыста қолданылуы. Қалдық суларды БАЗ-дардан тазалау. БАЗ-дарды қолданудың экологиялық салдары. Курсты оқу нәтижесінде студенттер келесі дағдыларға иеленеді: - БАЗ-дардың ерітінділерде, қалдық суларда, тағам өнімдері құрамында сапалық сараптамасын жүргізу бойынша; - БАЗ-дардың беттік қасиеттерін қажетті бағытта өзгертуге; - Жуғыш, бактерицидтік қоспалар алу үшін БАЗ-дардың композицияларын құрауға; БАЗ-дарды фазааралық шекаралардың қасиеттерін өзгерту үшін, эмульсиялар мен суспензияларды тұрақтандыру үшін қолдануға.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Заттардың химиялық және экологиялық сараптамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері: студенттерге бейорганикалық заттар мен материалдардың экспертизін заманауи тұрғыда қарауды, негізгі заңдылықтар мен өтілетін экспертизаның ретке келуін реттеуді үйрету. Курстың міндеттері: негізгі міндеттері бейорганикалық және аналитикалық химиядан студенттердің теориялық білімін ауқымды түрде байыту, әр түрлі салада идентификациялық және экспертизалық оқыту мен білімін қалыптастыру. Мазмұны: Эспертиза жайында түсінік. Химико-экологиялық экспертиза. Негігі түсініктер мен заңдылықтар. Бейорганикалық заттарды экспертиздік зерттеудегі физика-химиялық әдістер. Идентификациялық және эксперитизалық әр түрлі аймақтағы қаулылар мен шешімдер. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): оқу барысында студент дағдылануы қажет: білім: бейорганикалық заттар мен материалдардың заманауи экспертизалық жағдайын, экспертизаны жүргізудің заңдылықтары мен негізгі түсініктерін білу. білік: әр түрлі аймақтардағы экспертизалық және идентификациялық міндеттерді қалыптастыру, бейорганикалық заттардың мазмұнын, эксперименттік зерттеудің жоспары мен орындалуын қадағалау. дағды: эксперттік қорытында жасау негізіндегі тиісті құжаттарды жасау және эсперименттік дағдылар мен олардың эксперименттік зерттеулерін жүргізу.

Инновациалық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттердің бойында өндірістік саладағы кәсіпкерлік сферасында ұтымды сәтті қызмет атқару, нарық жағдайында инновациялық қызметпен айналысу, материалдық өндірістегі тәуекелді инвестицияларды басқару саласындағы қажетті құзіреттерді игеруді қамтамасыз ету болып табылады.Экономикалық өсудің заманауи нысандары мен үдерістері жайлы білуі тиіс; нарықтағы шаруашылық субъектісінің экономикалық ахуалын бағалай алуы керек, инновациялық тактиканы таңдай алуы тиіс, бәсекелестік артықшылықтарды иелену және сақтап қалу жолдарын игеруі тиіс.

Инновациялық кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – студенттердің бойында микродеңгейде және макродеңгейде инновациялар экономикасы саласындағы білім кешенін қалыптастыру. Инновациялық кәсіпкерлік курсында теориялық материалмен қатар белгілі бір саладағы инновациялық дамудың тәжірибелік проблемалары қарастырылады. Макродеңгейде студенттер инновациялық үдерістің теорияларымен, инновациялық дамудың концепцияларымен, инновациялардың жалпы сипаттамасымен танысады. Микродеңгейде курс құрамында инновацияларды жүзеге асырудың түйінді факторлары, инновациялық компанияны құру және дамыту, инновациялық стратегияны таңдау, инвестицияларды тарту сияқты сұрақтар қарастырылады.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қатты дене химиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Қатты дене химиясының негізгі теориялық жағдайларын қарастыру,қатты дененің шынайы құрылымын, оның құрамын және қасиетін байланыстырушылар, ілгері тапсырынды қасиеттерімен жаңа қаттыфазалық материалдарды кеңейту мүмкіндіктерді шешу. Мазмұны: Матералтанудың ғылыми және техникалық маңыздылығы. Қасиеті-құрылымы-құрамымен байланыс. Қатты денелердің химиясы. Қатты денелердің кристаллографиялық және кристаллохимиялық сипаттамасы. Қатты денелердің электронды и фононды құрылымы. Шынайы қатты денелердің ақауы. Беттік және қатты дененің көлеміндегі көріністері, оның реакциялық қабілеттілігі. Химиялық байланыс металлдық характерімен материалдар. Керамика, жартылайөткізгіштер және композитті материалдар. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: қатты денелердің құрылысы негіздерін: геометриялық құрылымын және симметрия элементін (шынайы криссталлдар); кристаллдардың өзара құрылысы мен құрылымының физикалық қасиетін, сонымен негізгі технологиялық әртүрлі материалдарды алу жолдарын; істей білу керек: әрқайсысына нақты қолдануға материалдарды, сонымен үйлесімді сынақ және зерттеу әдістерін таңдау тәжірибелік біліктілігі болу керек: кристаллохимиялық материалдардың негізгі физико-химиялық қасиетін зерттейтін, сонымен алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмысын шешуде қолдана білу

Қоршаған орта химиялық талдаудың құралдық әдістері.
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді әр түрлі қоршаған орта объектілерін ластайтын заттардың сандық және сапалық құрамы туралы нақты ақпаратты уақтылы алудың қазіргі заманғы әдістерімен таныстыру; Мазмұны: қоршаған орта нысандарының (литосфера, гидросфера, атмосфера) ластану көздері мен салдары, оларға аналитикалық бақылау жүргізу мәселелері; Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: Білу керек: кейбір кең таралған зиянды, уытты заттардың токсикологиялық және аналитикалық сипаттамалары; игеру: : ауаның, топырақтың және судың химиялық, физика-химиялық және физика-механикалық құрамын зерттеу; ие болу: кейбір зиянды заттарды әр түрлі химиялық және физика-химиялық әдістермен концентрлеу, оларды жартылай сандық және сандық анықтаудың практикалық дағдыларына ие болу.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Наноматериалдардың құрылымы және морфологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: тыңдаушыларды наноматериалдардың негізгі түрлері, көміртекқұрамды материалдардың түзілу және өсу жолдарымен және көміртекқұрамды наноматериалдардың түрлері, материалдардың қасиеттерін және морфологиясын заманауи анализдеу әдістерімен таныстыру. Мазмұны: Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Наноөлшемді және наноқұрылымды бөлшектердің түрлері. Нанобөлшектердің негізгі қасиеттері. Наноматериалдардың түзілу механизмдері. Наноматериалдардың физика-химиялық қасиеттері. Наноматериалдарды зерттеу әдістері. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: наноматериалдардың негізгі түрлері, құрылысы мен морфологиясын, негізгі қасиеттерін, түзілу механизмдерін және оларды зерттеу әдістерін білу керек; наноматериалдарды алу және оларды зерттеу жолдары, морфологиясын зерттей білу керек; әртүрлі зерттеу әдістерін наноматериалдарды синтездеуде және зерттеуде қолдануға әдеттену керек.

Нанотехнологиядағы биоинженерия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: бионаноматериалдар мен бионанотехнология туралы мағлұматтардың болуы, перспективті наноматериалдарды алу және қолдану, нанохимия және нанотехнология бағыттарында қолдану. Бионанотехнологияның негізгі түсініктеріне мағлұматтардың болуы және нанохимия мен нанотехнология бағыттарында нақты ғылыми-зерттеу және қолданбалы тапсырмаларды шешу. Мазмұны: Биологиялық түптұлғаларды қолдана отырып, атомды-молекулярлы деңгейдегі құрылымдар мен функционалдық жиынтықтарды құру механизмдері; курс 4 бөлімнен тұрады: бионанотехнологияға кіріспе, бионано-технологияның құрылымдық принциптері, бионанотехнологияның функционалды принциптері, бионанотехнологияны қолдану. Курстың негізі ретінде физика және биофизика, биохимия және биофизикалық химия, жалпы биотехнология және молекулярлы биология пәндері жатады. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: хабардар болу: бионаноқұрылымдар моделінің теориясы. жұмыс істей білу: нанотехнологиядағы биоинженерияның келешегі мен проблемаларын шешу үшін адекватты жағдайлармен. ескеру: нанотехнологиядағы биоинженерияның негізгі мағлұматтарын көрсету; биогенді макромолекула құрылымдарының айырмашылықтарын көрсету; бионаномашиналар ерекшеліктерін көрсету; бионанотехнологиядағы аналитикалық әдістерді көрсету.

Патент-және ғылымтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -Мақсат және міндеттер: бұрынғы, осы кездегі және болашақтағы ғылым туралы, әлемдегі және ҚР-дағы ғылыми қызметті ұйымдастыру және жобалау туралы түсінікті қалыптастыру, ғылыми зерттеулердің әдістемесімен, патенттану негіздерімен, ғылыми-техникалық ақпаратты іздеуді қамтамасыз ету үшін кітапхана-библиографиялық жіктелу жүйесімен таныстыру. Мазмұны: ғылымның әлемде және ҚР-да даму сатылары. Оның қазіргі күйі мен даму болашағының сипаттамасы. Ғылым құрылымы, теориясы және әдістемесі. Ғылыми ойлау. Ұйым, жобалау және ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру жолдары. Патенттану негіздері. Ғылыми ақпаратты іздеу. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: ғылымды анықтаудың негіздерін, оның дамуының сатыларын, құрылымын, ғылым теориясы мен әдістемесін; ғылыми қызметті ұйымдастыру мен жобалауды; патенттану негіздерін. істей білуі керек: барысында алынған білімді әр түрлі физикалық және химиялық процестердің өзара байланысының анализі үшін қолдана алу; өз бетімен жаңа білімді меңгере білуі; патенттік зерттеулер жүргізу; дағдылану керек: ғылыми қарым-қатынастың формальді элементтері мен ережелерінің; патенттік құжаттармен жұмыс істеудің дағдысы керек.

Радиациялық экология мен радиохимияның негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: радиацияның экологиялық фактор ретінде биосфераның барлық иерархиялық деңгейлеріне тигізетін әсерін зерттеу. Мазмұны: Радиоактивті ыдыраудың физикалық сипаты мен заңдылықтары. Зат немесе тірі ағзаға әсер ету кезіндегі орын алатын физика-химиялық процесстер. Радиациялық бақылау мен қорғаудың әдістері мен құралдары. Радиацияның техногенді және табиғи көздері. Радиациялық сәулеленуден қорғау және алдын алу. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі қажет: радиоактивті алмасулардың сұлбасын және радиоактивтіліктің өлшем бірліктерін; радиацияның табиғи және жасанды көздері мен сәулелердің құрамын; радиациялық қауіпсіздік нормаларын; ядролы отынды циклдың (ЯОЦ) негізгі экологиялық мәселелерін; радиоактивті қалдықтар мәселелерін шешу жолдарын; ауылшаруашылық өнімдердің құрамындағы радионуклидтердің мөлшерін азайту жолдарын; істей алуы қажет: радиациялық сәулеленудің тірі ағзаларға әсерін есептеу; радионуклидтердің химиялық, физика-химиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеу; қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтерді әр түрлі әдістерді пайдалана отырып алу және сәйкестендіру; дағдыға ие болуы қажет: анализдің әр түрлі әдістері мен біліктер (хроматография, гравиметрия, титриметрия, спектроскопия және анализдің электрохимиялық әдістері), қоршаған орта объектілеріндегі әр түрлі генезистегі радионуклидтерді анықтау әдістері мен жолдары; физика-химиялық есептеулер жүргізу әдістерін.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение