Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASSIN
Бағдарлама: 5В072000 – бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Оқу деңгейі :бакалавриат
Емтихандар : химия, физика, математика, орыс/қазақ тілдері, Қазақстан тарихы (тесттер)
Оқу түрі: іштей
Оқу мерзімі: 4 жыл
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» бағыты бойынша дайындалатын бакалавр келесідей кәсіптік қызметтерге даярланады:
• Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық өнеркәсіптердегі жұмыстар;
• Аналитикалық, экологиялық, санитарлық – эпидемиологиялық, сертификациялық қызмет көрсететін өндірістік лабораториялар;
• Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық бағдардағы ғылыми – зерттеу ұйымдарында (институттар, лабораториялар) инженер, бөлімшелер мен лабораториялар басқарушылары ретінде;
• Инженер-технолог, химик-технолог, химик-аналитик

• Бағдарлық пәндер:
• Бейорганикалық химия
• Химиялық технологиядағы негізгі процестер мен аппараттар
• Общая химическая технология
• Қазақстанның минералды шикізаты. Қалдықсыз технология
• Нанотехнология негіздері
Білім беру саласының артықшылықтары:
• Бұрынғы ғылыми мектеп дәстүрлерімен сабақтастық
• Факультетте жоғары білікті мамандар қызмет атқарады
• Ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында химия және химиялық технология факультететінің жанында 3 ғылыми – зерттеу институттары жұмыс жасайды
• Факультет ғалымдары мен мамандары өздерінің ғылым саласындағы жеткен жетістіктері бойынша әйгілі әрі әлемде мойындалған.
Халықаралық байланыстар: Факультет студенттері мен түлектері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады.
Серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға бакалаврлар мүмкіндігі бар: Новосибир мемлекеттік техникалық университеті (Ресей Федерациясы); Менделелеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық университеті (Ресей), Малайзияның ғылым университеті (Джорджтаун қ., Малайзия), Ла-Рошель университеті (Рошель қ., Франция), Кельн Университеті (Кольн қ., Германия).


Практика өту және мүмкін болатын жұмысқа орналасатын орын: химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық өнеркәсіп орындары, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы өндірістері және т.б.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Мамандық шифры
5B072000
Факультеті
Химия және химиялық технология
Оқу деңгейлері
Оқу түрлері
Таңдау пәні
Химия
Профильдік пәні
Химия
Өту балы
ҚАЗ
81
ОРЫС
67

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аналитикалық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Химиялық технология мамандығы бойынша оқудағы студенттерге аналитикалық химияның теориялық негіздері туралы білім беру және оны қара және түсті металлургия, химия және тағам өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді аналитикалық қадағалауда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде практика жүзінде қолдана алуына ықпал ету. Мазмұны: Гомогенді және гетерогенді тепе-теңдіктер: қышқылды-негіздік реакциялар, комплекстүзу рекциялары, тотығу-тотықсыздану процестері, аз еритін қосылыстардың түзілуі. Химиялық сапалық талдау. Сандық талдаудың гравиметриялық титрлеу әдістері (экстракция, ионалмасу хроматография). Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: гомогенді және гетерогенді тепе-теңдіктің теориялық негіздерін, сынақты сұрыптау және сынақты дайындау негіздерін, сандық анализдің химиялық әдістерінің теориялық негіздерін, анализді метрологиялық жабдықтау негіздерін. жасай білу керек: Элементтерді анықтаудың әр-түрлі әдістерінің мүмкіндіктерін критикалық бағалау және байқалатын құбылыстар негізінде теориялық қорытындылар жасау; анализ нысандарының құрамындағы компонеттерді анықтау және ашу; нысанды бөліп алудың тиімді әдістерін қолданып, сапалық және сандық анализ өткізу. меңгеру керек: Жасалған анализ туралы есеп беру. Сапалақ және сандық анализдерді өткізу операцияларын, зертханалық жабдықтарды қолдануды үйрену.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Бейорганикалық заттардың электрохимиялық технологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Электролиз арқылы бейорганикалық қосылыстар мен жай заттарды алудағы негізгі түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: бастапқы шикізатты құрамдас элементтерге электрохимиялық ыдырату арқылы өнім алу процесі, сонымен қатар бейорганикалық қосылыстарды электрохимиялық тотықтыру және электрохимиялық тотықсыздандыру арқылы электросинтез процесі туралы негізгі мәліметтерді қамтиды. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: соңғы өнімді, концентратты, бастапқы шікізатты анализдеу әдістерін, өндірісті бақылаудың әртүрлі деңгейдегі әдістерін, электрохимиялық өндірістің теориялық негізін білу. жасай білу керек: қайта өңдеу өнеркәсіптеріндегі технологиялық жүйелерге электрохимиялық әдістерді қолдана білу. меңгеру керек: электрохимиялық өндірістің маңызды факторларын білу және түсіну; электрохимиялық технологияның схемаларымен жұмыс жасап дағдылану; химия саласындағы интелектуалды тапсырмаларды шешу, маңызды фактілерді, концепцияларды, принциптерді түсіну.

Бейорганикалық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: бейорганикалық химияның теориясы мен практикасынан алынған білім,білік және дағды жүйесін қалыптастыру; Мазмұны: жалпы сипаттама, физикалық және химиялық қасиеттер, 1-18 топ элементтерінің физика-химиялық қасиеттері, жай және күрделі қосылыстарын алу әдістері Пәнді оқыту нәтижесінде игерілетін құзіреттіліктер (білім, білік, дағды): білу керек: жалпы сипаттама, физикалық және химиялық қасиеттер, 1-18 топ элементтерінің физика-химиялық қасиеттері, жай және күрделі қосылыстарын алу әдістері және қолданылуын; жасай білу керек: негізгі ілімдерді, теорияларды және негізгі заңдарды жай және күрделі қосылыстардың химиялық қасиетін түсіндіруге қолдануды, сондай-ақ химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын. игеру керек: оқу бағдарламасы бойынша қарастырылатын бейорганикалық заттарды синтездеу және оларды қолдануда қалыптасқан эксперименттік дағдыларды.

Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: студенттерге химиялық элементтердің қасиеттері мен әрекеттесулерін, Д.И.Менделеевтің негізгі периодтық заңын заттардың құрылысын заманауи тұрғыда жеткізу. Мазмұны: стехиометрияның негізгі заңдары, атом қрылысы, элементтердің жүйесі мен периодтық заңы, химиялық байланыстар және молекулалардың құрылысы, негізгі химиялық кинетика, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, ертініділер, кешенді қосылыстар. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: химияның негізгі стехиометриялық заңдары, атом құрылысы, Д.И. Менделеевтің периодтық заңы,ерітінділер теориясы, химиялық термодиамика, заттардың құрамы мен құрылысы. жасай білу керек: беорганикалық заттардың негізгі теориясы мен заңдылықтарын игеру, элементтердің қасиеттері мен байланыстарын қарастырып, периодтық жүйенің заңдылықтарының теориялық және практикалық мәнін білу. меңгеру керек: ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу, ертінділердің концентрацияларын дайындау, химиялық зертханада жұмыс жасай білу, химиялық эксперимент жасауды негізге ала отырып құралдарды құрастыра білу қажет.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Жалпы химиялық технология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: химиялық-технологиялық процестердің жүру заңдылықтарын, дәстүрлі химиялық өндірістердің өнеркәсіптерін, қазіргі күйін және оның оңтайлы даму тенденцияларын оқыту, студенттерді химиялық-технологиялық процестерді жасауда экологиялық жағын қарастыруға, сонымен қатар энерготехнологиялық химиялық-технологиялық жүйелерді құру принциптерін қолдануға дағдылау. Пәннің мазмұны: Химиялық-технологиялық процестерді ұйымдастыру принциптері. Химиялық-технологиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасы. Химиялық-технологиялық процестердің материалдық және энергетикалық баланстары. Химиялық өндірістің шикізаттық ресурстары. Байыту принциптері және шикізатты кешенді пайдалану. Каталитикалық химиялық-технологиялық процестер. Электролиттік өндіру технологиясы. Өндірістік органикалық синтез технологиясы. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын, дәстүрлі химиялық процестерді және сәйкесінше химиялық аппараттарды; игеруі керек: практикада меңгерген білімді қолдана білуі, химиялық-технологиялық процестердің материалдық және энергетикалық баланстарын, өндірістің химиялық және принципиалдық сызба-нұсқаларын құра; дағдылануы керек: маңызды өндірістік химиялық процестер жүзеге асырылатын және өндірісті бақылаудың типтік әдістері және өнімдерді анализдеуде қамтылатын зертханалық типтегі дайын технологиялық қондырғыларда жұмыс жасай білуге дағдылану.

Жобалау негіздері мен зауыттарды жабдықтау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Студенттерге химиялық кәсіпорын аппаратының жабдықтарына негізгі сипаттамалар және классификацияларды, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың кезеңдерін және ұйымдастыруын, өнекәсіптік аппараттарды есептеуді, өндірістің негізгі нормативті құжаттар мен технологиялық жұмыс тәртібі туралы мағлұматтарды беру. Химия-технологиялық өндірістерді құрудың теориялық білімдерді меңгеру. Мазмұны: Химия-технологиялық өндірістердің нормативті-технологиялық құжаттары.. Химиялық машина жасауда қолданылатын құрастырымдық материалдар. Өндіріс міндеттері, өндірісті жобалау, жобаға техникалық тапсырманың негізгі тараулары, өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрамы. Технологиялық жобалау және химиялық жабдықтар мен қондырғыларды есептеу. Негізгі үрдістердің классификациясы. Өндірістердің технологиялық жұмыс тәртібі. Тізімдегі қызметкерлер құрамының лауазымдық нұсқаулары. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: Өндірістің технологиялық жұмыс тәртібін құруды, өндірістің технологиялық картасын оқуды, өндірістің материалдық ағындарын есепке алып технологиялық циклдың матералдық балансын құруды, негізгі және қосымша аспаптарды технологиялық есептеуді білу. Өндірістің жұмыс тәртібін құрудың тәжірибелік дағдысына, ҚНжЕ-н есепке алып технологиялық жабдықтарды есептеу икемділігіне ие болу. Шикізат сапасын, өнекәсіптік өндірістермен шығарылатын материалдар мен өнім сапасын анықтаудың негізгі әдістерін меңгеру, қоршаған ортаны қорғаудың жоба құжаттарын білу. жасай білу керек: Бейорганикалық қосылыстар өндірісі саласында химик-технолог алдыңғы қатарлы идеяларды және теория мен тәжірибенің тұтастық ұғымдарын түсіну және қолдану қабілеттілігі. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамас ету үшін химиялық технология саласында жүйелі білімді қолдану қабілеттілігі. Химиялық өнімді алу технологиясында пән білушілігін және техникалық тәсілдерін қолдану. меңгеру керек: Металдар, қорытпалар, комозициялы материалдар және химиялық тоқ көздерін алу технологиясында электрохимиялық үрдістерді қолдану. Материалдар алу үшін химиялық технологияның теориялық принциптерін және тәжірибелік мүмкіндіктерін білу. Нормативті-технологиялық құжаттармен жұмыс.

Жоғары математика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсының мақсаты мен міндеттері студенттерді полимерлер туралы ғылымның теориялық негіздерімен таныстыру, полимерлердің химиясы, физика-химиясы және физикасы жөнінде негізгі мағлұматтарды беру және полимерлерді қолданудың маңызды салаларымен таныстыру.. Пәннің мазмұны: Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Макромолекулалардың қасиеттері мен сипаттамалары. Заттың полимерлі күйінің ерекшеліктері. Макромолекуланың конформациялық изомериясы және конформациясы. Полимерлер ерітінділерінің табиғаты. Полимерлер ерітінділерінің физика-химиясы. Полимерлердің ерітінділерінің гидродинамикалық қасиеттері. Иондалатын макромолекулалар. Полиэлектролиттер. Полимерлердің молекуладан жоғары құрылымдары және физика-механикалық қасиеттері. Жоғары эластикалық деформация. Полимерлердің тұтқырсерпімді күйлері. Кристалды полимерлер.Макромолекула түзілуінің тізбекті процестері. Радикалды полимерлеу және сополимерлеу. Радикалды сополимерлеу. Иондық полимерлеу (катионды және анионды). Макромолекулалардың түзілуінің сатылы процестері. Полимерлердің химиялық реакциялары. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білулері қажет: полимерлердің негізгі химиялық, физика-химиялық және физикалық қасиеттерін, полимерлердің синтезі мен химиялық түрленуінің теориялық негіздерін, полимерлі материалдарды өңдеудің басты физика-механикалық принциптерін, полимерлерді практикалық қолдануларының негізгі аспектілерін игеруі қажет: әр түрлі кластардағы полимерлердің негізгі химиялық, физика-химиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеуді, полимерлерді әр түрлі әдістермен алуды және идентификациялауды дағдылануы қажет: талдау әдістерін (хроматография, гравиметрия, титрлеу, талдаудың спектроскопиялық және электрохимиялық әдістерін), қажетті талдау әдісін таңдау методологиясын және оны жүргізудің әдістемесіне; бейорганикалық және органикалоық заттарды, жоғары молекулалық қосылстарды синтездеу әдістері мен тәсілдеріне; технологиялық өндіріс кестелерін жасау әдістемесіне; физика-химиялық есептеулер жүргізу әдістемесіне компетентті болулары керек: бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық химия және ЖМҚ мен органикалық заттар химиясында

Заттар мен материалдар казіргі заманғы физикалық әдістермен зерттеу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -

Инженерлі және компьютерлі графика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Заманауи білім және информациялық технологияларды сапалақ дәрежеде пайдалану арқылы жаңа білімдерді өз бетімен ұғыну. Мазмұны: Сызықтық геометрия. Инженерлік графика. Компьютерлік графика. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: пәнмен байланысты болған негізгі түсініктер мен анықтамаларды білу; теория бойынша техникалық сызбаларды тұрғызу, сызбадағы элементтердің өлшемі мен детелін салу ережесін; Стандарт бойынша құрылымдық сызбалардың құжжаттарын ресімдеу ережесін; Пайдалана білуі керек: алған білімдерін инженерлік қызметте қолдану; деталдың сызбасы мен эскизінің техникалық схемасын оқу және орындау; Дағдылану керек: сызбаларды алу тәсілдерін және сақталуын. Ақпараттық компьютермен басқарушы құрылғы ретінде жұмыс істеу; Ғылыми-техникалық қызметтік құжаттарды рәсімдеу.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Коллоидты химия және беттік құбылыстар
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: алынған білімдерін, дағдыларын және біліктерін кең көлемдегі шаруашылығында және қалаған бағытта қасиеттерін басқару мақсатында технологиялық процестерде қолданылатын дисперсті жүйелердің, бейорганикалық заттар мен материалдардың беттік құбылыстарын және коллоидтық-химиялық қасиеттерін зерттеуде қолдана алатын жоғары білікті маман-технологтарды дайындау. Мазмұны: Заттардың коллоидтық күйі. Дисперсті жүйелердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттері. Дисперсті жүйелердің электрлік қасиеттері. Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы. Фазалар шекарасындағы беттердің молекулалық әрекеттесулері және ерекше қасиеттері. Адсорбциялық қабаттар және олардың дисперсті жүйелердің қасиеттеріне әсері. Дисперсті жүйелердің түзілуі. Дисперсті жүйелер, қатты денелер мен бейорганикалық материалдардың физика-химиялық механикасы. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: коллоидтық химияның негізгі заңдылықтары; беттік құбылыстардың термодинамикасының негізгі ұғымдары мен қатынастары; беттік қабаттың түзілу процестерінің механизмі; беттегі электркинетикалық құбылыстар; дисперсті жүйелердің құрылымдық-механикалық қасиеттері мен реологиялық зертеу әдістері; дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттерінің ерекшеліктері; дисперсті жүйелердің тұрақтылығы мен коагуляциясы. жасай білу керек: әртүрлі әдістермен беттік керілуді, шеттік бұрышты, адсорбция мен меншікті бет шамаларын, тұтқырлықты, мицеллалар түзілуінің критикалық концентрациясын, электркинетикалық потенциалды есептеу, дисперстік талдау жүргізу әдістерін, дисперсті жүйелерді алу және оның агрегативтік тұрақтылығын бағалау. меңгеру керек: физика-химиялық приборлармен және құрылғылармен қауіпсіз жұмыс істей білуді, коллоидтық химиядағы міндетті физика-химиялық есептеулерді орындау әдістерін, сәйкес методикаларды пайдаланып эксперименттер жүргізуді, өлшеу құралдары мен зертханалық жабдықтарды пайдалану.

Кристаллография және кристалдар химиясының негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студентттерді қазіргі заманғы түсінік бойынша классикалық кристаллогафияның, кристаллохимияның, кристаллофизиканың негіздерімен таныстыру. Мазмұны: Кристалдың симметриясы, морфологиясы және құрылысы, физикалық қасиеттерімен кристал құрылысының байланысы, өсу ұғымы, реалды кристалдың ерешеліктері, кристалдарды зерттеу әдістері кристаллографияның инструменталды әдістерін және жетістіктерін, заңдарын, негізгі түсінігін, кристаллохимия, кристаллофизика және кристаллографияның геометриялық және құрылыстық заңдылықтары туралы білу керек, рентгенфазалық және рентген құрылыстық сараптамалардың теориясы мен практикамен танысу керек; ғылыми және тәжірибелік қызметте аралас пәндерді игеру үшін алған білімді қолдана білу керек; рентгенфазалық және рентген құрылыстық сараптамалар әдісін эксперименталды білу керек

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қалдықсыз технология. Қазақстан минерал шикізатты
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Қалдықсыз технологиялардың негізгі бағыттары мен шикізаттың өндірісте кешенді қолдануымен таныстырып, Қазақстанның минералдық шикізат базасын осы саладағы фундаменталдық аймағын студенттерге игерту. Мазмұны: Қазақстан базасындағы минаралдық шикізаттардың заманауи болашағы мен құрылысы. Табылған өңірі мен технологиялық өнімді қорыту,өңдеу, күйдіру. Қалдықты утилизациялау. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: Қазақстанның қиын жолмен өңделетін рудаларын, жеңіл флотациялар мен байыту, қалдықсыз технологиямен өңдеу. жасай білу керек: минералдық шикізаттардың химиялық, физика-химиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеу. Қоспалар мен минералдық шикізаттарды тазалау және анализдеу. меңгеру керек: таулы-химиялық рудалардың ауыр байытылатын жеңіл бейорганикалық заттардың табиғи жолмен алуы

Мамандыққа кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: «Мамандыққа кіріспе» курсының теориялық материалдарын деректі физикалық құбылыстарды талдауға қолдануды үйрену. Қажетті ядролық физикадағы шамаларды өлшеуді үйрену, қазіргі физиканың жетістіктерімен танысу. Мазмұны: «Мамандыққа кіріспе» курсы жалпы физиканың қосымша бөлігі болғандықтан, физика курсында оқытылатын физикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге көмектесу, ядролық физикадағы тәжірибе жүргізудің қарапайым әдістерін үйрету. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Физикалық шамаларды өлшеудің негізгі әдістерін, тәжірибелік нәтижелерді статистикалық өңдеудің әдістерін; Пайдалана білуі керек: Өлшеу приборларын және тәжірибелік қондырғыларды; Дағдылану керек: Ядролық физикадағы шамаларды өлшеуге арналған приборларға, алынған нәтижелерді ұқыпты өңдеу, талдау және бағалауға;

Математика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студентті маңызды математикалық түсініктемелермен және пікірлермен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, атмосфералық процестерді сипаттау кезінде интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын пайдалану. Жоғарғы математиканың негізгі теоремаларын, ережелерін және түсініктемелерін, математикалық және қолданбалы-жаратылыстану есептерді шешу кезінде олардың практикалық қолдануын; математикалық зерттеулердің маңызды әдістерін білу. Атмосфералық процестерді зерттеу кезінде математикалық теоремаларды, ережелерді және зерттеу әдістерін істей білу; Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын меңгеру; -

Математика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студентті маңызды математикалық түсініктемелермен және пікірлермен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, атмосфералық процестерді сипаттау кезінде интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын пайдалану. Жоғарғы математиканың негізгі теоремаларын, ережелерін және түсініктемелерін, математикалық және қолданбалы-жаратылыстану есептерді шешу кезінде олардың практикалық қолдануын; математикалық зерттеулердің маңызды әдістерін білу. Атмосфералық процестерді зерттеу кезінде математикалық теоремаларды, ережелерді және зерттеу әдістерін істей білу; Сызықтық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының, интегралды есептеу функциясының бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалыларының негізгі әдістерін және ұғымдарын меңгеру; -

Математика 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар пен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдық теңдеулер. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, осның негізінде ұсыныс жасау; дағды: химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Материалтану
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: студенттерді әр түрлі орталарда болатын атомдық және молекулалық үрдістер туралы заманауи көріністермен, түрлі функционалды материалдардың кең спектрімен және олардың эксплуатация кезіндегі күйімен, материалдарды зерттеу мен сынаудың тәжірибелік әдістерімен таныстыру. Мазмұны: Қатты заттардың электрондық және фонондық құрылысы. Қатты заттардағы ақаулар. Қатты заттардың бетінде және көлемінде болатын құбылыстар. Түрлі материалдардың құрылысы, қасиеттері және оларды алу. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: материалдардың қасиеттерін анықтайтын факторлар, түрлі материалдардың алыну және олардың мүмкін алыну жолдарының технологиясын. жасай білу керек: түрлі класстарға жататын материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу. меңгеру керек: белгілі жағдайлардың әрқайсысы үшін материал таңдау және оны қолдану, сонымен қатар қолайлы зерттеу мен сынау әдістерін таңдау дағдылары.

Минералды тыңайтқыштардың химиясы және технологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: ҚР талаптарына сәйкес альтернативті өнімдер технологиясын өңдеу және минералды тыңайтқыштар өндірісінің көптеген әдістерінің негіздерін меңгеру үшін алу жолдарын оқып үйрену. Мазмұны: Табиғи фосфаттарды тыңайтқыштарына айналдырудын негізгі әдістерін оқып үйрену, химиялық кинетика мен термодинамиканың негізгі заңдылықтарымен танысу және оны фосфор тыңайтқыштарын алудың практикалық шешіміне пайдалану. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: тыңайтқыштарды алу кезіндегі қауіпсіздік ережесін білу және сақтау; белгілі құрамымен синтездеп алынған затты тазалап бөліп алуды білу. жасай білу керек: жай, қос суперфосфатта және фосфор қышқылын, кальций полифосфатын алу әдістерін игеру. меңгеру керек: тәжірибеге қондырғыны жинап үйрену; тыңайтқыштар алу үшін материалдық баланс құру; ҚР талаптарын орындау үшін қолайлы технологияны таңдау.

Нанотехнология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: электрэнергетика және нанотехнология саласында кәсіптік дағдысы бар жоғарғы білікті мамандар даярлау. Мазмұны: пәнге нанобөлшектерге, нанокристаллдарға және ақаулары бар материалдарға, фуллерен түсінігі, дендримерлер және микро –, нано – жүйесіне негізделген нанотүтікшелерге арналған бөлімдер енгізілді. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық (білім, дағдылық, құзырлық): Студент білуі керек: ғылымның даму бағытына қолданбалы және негізгі зерттеулердің қазіргі күйі - нанотехника және технология индустриясы; мәселе электрэнергетикада қолданатын наножүйе мен материалдарды өндіруге негізделген; пайдалана білуі керек: өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру. дағдылану керек: өзін дамытуға және кәсіптік шеберлігін шыңдауға ұмтылу, өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін бағалау, жұмысының әр бөлігі бойынша қорытынды жасау.

Органикалық химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерді маңызды органикалық заттар, табиғи қослыстар, олардың классификациялары, құрамы, олардың құрамын методологиялық талдау, химиялық қасиеттері мен генетикалық өзара байланыстары жөніндегі фундаментальді оқыту. Органикалық молекулалардың негізгі класстарының құрылысына сәйкес химиялық қасиеттерінің өзгеруі заңдылықтары жөнінде түсініктеме беру және осы білімдерін технологиялық үдерістерді қарастыруда пайдалану. Мазмұны: органикалық химия жеке ғылым болып саналады, оның негізгі қарастыратын сұрақтары – алифатикалық, ароматикалық, гетероцикликалық қосылыстар, олардың номенклатурасы, изомерия, құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, олардың практикалық маңыздылығы. Соның ішінде, пәндердің құрамына мұнайхимия саласы, биоорганикалық және фармацевтикалық химия, химиялық технология, катализ, органикалық химия және жоғарымолеклалық қосылыстар кіреді. Білуі керек: органикалық қосылыстардың негізгі класстарының жіктелуінің және номенклатураның қағидаларын; -органикалық заттардың изомерия түрлерін; -органикалық қосылыстардың негізгі класстарының өкілдерінің реакцияға түсу қабілеттілігі және алу тәсілдері; -органикалық қосылыстарды сәйкестендірудің химиялық және физикалық әдістері; -органикалық заттармен жұмыс істеу ережелері. Істей алу: синтез, бөлу, тазарту әдістемелерін дәйекті таңдау және жеке органикалық қосылыстың белгілі бір қосылыс класына қатыстылығын сәйкестендіру, формула бойынша оған тән химиялық қасиеттерді және реакция механизмдерін болжау, кешенді есептерді шығару. Игере алу: синтездіөткізу дағдыларын, органикалық заттарды бөлу, органикалық қосылыстарды сәйкестендіру және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу.

Полимерлі материалдардың химиясы және химиялық технологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясына маманданатын студенттерді, полимерлер туралы ғылымның негіздерімен таныстыру, полимерлердің химиясы, физика-химиясы және физикасы жөнінде практикалық мағлұматтарды беру және полимерлер ғылымының дамуындағы халық шаруашылығының түрлі салаларында қолдану үшін мақсатты материалдар мен бұйымдарға өңдеу тиімділігіне негізделген басты тенденциялармен, полимерлердің физика-механикалық және физика-химиялық қасиеттерінің маңызды ерекшеліктерімен, оларды қолданудың маңызды салаларымен таныстыру. Мазмұны: Полимерлердің тірі табиғаттағы орны және өндірістік материалдар ретінде маңызы. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясындағы басты түсініктер мен анықтамалар. Полимерлердің номенклатурасы мен классификациясы. Заттың полимерлі күйінің ерекшеліктері. Полимерлер ерітінділерінің табиғаты. Ерітіндідегі макромолекулалардың гидродинамикалық қасиеттері Полимердің молекулалық массасы. Орташа сандық және орташамассалық молекулалық масса және оларды анықтау әдістері. Кристалды және аморфты полимерлердің құрылымдары және олардың молекуладан жоғары құрылымдары. Аморфты полимерлердің үш физикалық күйлері. Термомеханикалық қисықтар. Мәжбүрэластикалық күй. Жоғарыэластикалық деформация – релаксациялық үрдіс. Пластификация. Полимердің деформациялық қасиеттері. Полимерлердің синтезі. Радикалды полимерлеу. Иницирлеу әдістері. Басты элементар сатылар. Радикалды полимерлеу кинетикасы. Радикалды сополимерлеу және оның түрлері. Ионды полимерлеу: катионды және анионды. Анионды-координациялық полимерлеу. Циглер-Натта катализаторлары. Макромолекулалар түзілуінің сатылы үрдістері. Поликонденсациялау және оның түрлері. Полимерлерді химиялық түрлендіру, ерекшеліктері. Синтетикалық полимерлердің маңызды өкілдері мен қолданылу салалары. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: полимерлердің басты химиялық, физика-химиялық және физикалық қасиеттерін; полимерлердің синтезі мен химиялық түрлендірудің теориялық негіздерін; полимерлі материалдарды өңдеудің басты физика-механикалық принциптерін; полимерлердің практикалық қолданылуының негізгі аспектілерін; әр-түрлі полимерлердің химиялық, физика-химиялық және физикалық қасиеттерін зерттеуді; полимерлерді әртүрлі әдістермен алуды және идентификациялауды. жасай білу керек: полимерлерді синтездеу үрдісінің кинетикасы мен механизмін зерттеуге, сонымен қатар органикалық және бейорганикалық полимерлер мен полимерлі материалдардың қасиеттерін анықтауға практикада дағдыланулары керек. меңгеру керек: бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық химия және ЖМҚ мен органикалық заттар химиясында компетентті болулары керек.

Сирек және сирекжер металдарының технологиясы және анализі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Құрамында сирек және сирекжер металдары бар минералды шикізатты талдау мен технологиясы бойынша мамандарды дайындау. Студенттерге сирекметалды шикізаттың технологиясымен талдау әдістерінің физика-химиялық негіздерін беру. Сирекжер металды шикізатты зерттеу мен талдаудың классикалық және заманауи әдістерімен таныстыру. Мазмұны: Құрамында сирек және сирекжер металдары бар минералды шикізатты қайта өндеумен талдаудың физика-химиялық негіздері қарастырылады. Ыдырату, бөлу, концентрлеу, сирек және сирекжер металдарды бөліп алу әдістерінің теориялық негіздері, таза сирек және сирекжер металдармен олардың қосылыстарын алу технологиялары баяндалады. Пәнді оқыту сирек металды минералды шикізатты талдауға арналған кеңейтілген лабораториялық практикуммен қамтамасыз етіледі. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: Ғылыми жұмыстар мен кәсіпкерлік іс-әрекеттерді коммерцализациялауға талпыныс. Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, экономика объектілерiнде, тұрмыста, қоршаған ортада төтенше жағдайлардағы қауiпсiздiктi ұйымдастыру бойынша алған бiлiмдi пайдалана білу. жасай білу керек: химияның және химиялық технологияның барлық бөлімдерінің жалпы құрылымын және олардың бір-бірімен тығыз логикалық байланысын түсіну, зертханалық зерттеулердің технологиясын жетік меңгере білу. меңгеру керек: ғылыми ақпаратты түсіндіру және жүзеге асыру жинақтау қабілетін, ақпаратты, ойларды және проблемаларды шешуді әріптестерге баяндама, презентация және пікір-талас түрінде жеткізе алу.

Стандарттау, метрология және сертификаттау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Метрология, стандарттау және сертификаттау пәні – соңғы жылдары қолданылу аумағы кеңейіп, дамып келе жатқан ғылыми пән. Оның негізгі мақсаты студенттер үшін өлшем жүргізу, мемлекеттік стандарттау құжаттарымен танысу және химиялық талдау әдістерінің практикада қолдануда химия мен математиканың ғылымдарының ұштастырылуымен сипатталады. Мазмұны: Метрология туралы ұғым және анықталуы. Физикалық шамалардың халықаралық СИ жүйесі. Физикалық шамалардың өлшем эталондары. Өлшеудің әдістемелері және әдістері, принциптері. Химиялық тәжірибелердің және өлшеу нәтижелерінің мәндерін өңдеу әдістерін. Өлшем құралдарына қойылатын талаптар. Стандарттау мен сертификаттаудың нормативті-құқықтық негіздері Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: метрология, стандарттау және сертификаттау теориялық негіздерін, сынақты сұрыптау және талдаудың метрологиялық жабдықтау негіздерін, өнімнің сапасын арттыру мақсатындағы метрологиялық қамтамасыз етілу мәліметтерін критикалық бағалау және қатені анықтау әдістерін пайдалана отырып метрологиялық есептер жүргізе алу керек және химиялық экспериментті жоспарлай білу керек. жасай білу керек: Қауіпсіздік техника ережесіне сай және химия саласындағы әдістерді талдаудың математикалық әдістері және компьютерлік химия технологиясын толықтай меңгеру арқылы, алынған білімді практика жүзінде қолданып ұсыну. меңгеру керек: зертханалық зерттеулердің технологиясын жетік меңгере білу, ғылыми ақпаратты түсіндіру және жүзеге асыру жинақтау қабілетін, ақпаратты, ойларды және проблемаларды шешуді әріптестерге баяндама, презентация және пікір-талас түрінде жеткізе алу.

Стандарттау, метрология және сертификаттау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Метрология, стандарттау және сертификаттау пәні – соңғы жылдары қолданылу аумағы кеңейіп, дамып келе жатқан ғылыми пән. Оның негізгі мақсаты студенттер үшін өлшем жүргізу, мемлекеттік стандарттау құжаттарымен танысу және химиялық талдау әдістерінің практикада қолдануда химия мен математиканың ғылымдарының ұштастырылуымен сипатталады. Мазмұны: Метрология туралы ұғым және анықталуы. Физикалық шамалардың халықаралық СИ жүйесі. Физикалық шамалардың өлшем эталондары. Өлшеудің әдістемелері және әдістері, принциптері. Химиялық тәжірибелердің және өлшеу нәтижелерінің мәндерін өңдеу әдістерін. Өлшем құралдарына қойылатын талаптар. Стандарттау мен сертификаттаудың нормативті-құқықтық негіздері Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: метрология, стандарттау және сертификаттау теориялық негіздерін, сынақты сұрыптау және талдаудың метрологиялық жабдықтау негіздерін, өнімнің сапасын арттыру мақсатындағы метрологиялық қамтамасыз етілу мәліметтерін критикалық бағалау және қатені анықтау әдістерін пайдалана отырып метрологиялық есептер жүргізе алу керек және химиялық экспериментті жоспарлай білу керек. жасай білу керек: Қауіпсіздік техника ережесіне сай және химия саласындағы әдістерді талдаудың математикалық әдістері және компьютерлік химия технологиясын толықтай меңгеру арқылы, алынған білімді практика жүзінде қолданып ұсыну. меңгеру керек: зертханалық зерттеулердің технологиясын жетік меңгере білу, ғылыми ақпаратты түсіндіру және жүзеге асыру жинақтау қабілетін, ақпаратты, ойларды және проблемаларды шешуді әріптестерге баяндама, презентация және пікір-талас түрінде жеткізе алу.

Талдаудың физика-химиялық әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: негізгі қолданбалы анализ әдістерінің тәжірибелік және теориялық негіздерін игеретін мамандарды дайындау. Мазмұны: Физика-химиялық анализ әдістеріне сипаттама, олардың жіктелуі, артықшылықтары мен кемшіліктері. Потенциометрия. Потенциометрлік титрлеу. Вольтамперометрия. Полярография. Кондуктометрия. Кулонометрия. Спектрометрлік анализ әдісі. Негізгі принциптері мен түсініктері, әдістердің классификациясы. Молекулярлық және атомдық абсорбциялық спектроскопияның жарық жұтуының негізгі заңдылықтары. Хроматография. Физика-химиялық анализ әдісінің дамуы. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: негізгі заттардың физикалық және физика-химиялық анализ әдістерін, олардың мәнін, және қолданылу аймағын, анализ әдістерінің метрологиялық сипаттамасын білу керек. жасай білу керек: қорытындыларды тұжырымдау, қазіргі заманғы аналитикалық қондырғылармен жұмыс жасау қабілеттілігін игеру. меңгеру керек: химиялық тәжирбелерді жоспарлап жасауды игеру, алынған нәтижелерді анализдеу және интерпреттеуді меңгеру. параметрлерін тіркеу және өлшеу) орындаудың тәжрибелік дағдыларын.

Теориялық және қолданбалы механика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: химия және химиялық технология мамандығында оқитын студенттеріне химиялық процестерді зерттеу кезінде кездесетін маңызды теориялық және қолданбалы механиканы қажет ететін есептерді шығару үшін табиғат заңдарын үйрету және табиғат пен үдерістер техникасында жүзеге асырылатын табиғат заңдары мен математикалық модельдерді тұрғызу,механикалық құбылыстарды өз бетінше сызбанұсқа түрінде көрсете білуге үйрету және нақты тапсырмаларды шеше білу. Мазмұны: атмосфера мен денелер недраларындағы механикалық, физикалық және физика-химиялық үдерістердің қозғалыстарын зерттеу. Теориялық механикада зерттелінетін модельдер: материялық нүкте, абсолют қатты дене, материялық нүктелер жүйесі. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: математикалық талдау, дифференциялдық теңдеулер, жоғары алгебра, аналитикалық және дифференциялды геометрия пәндерінің негізгі мазмұнын,барлық негізгі ұғымдар, аксиомалар, гипотезалар, курста қабылданатын принциптер мен жорамалдар;курстың басқа да арнайы пәндер мен өзара байланысы. жасай білу керек: арнайы тапсырмалар – реферат, есеп, баяндама т.б. түрде беріледі. Графопроектор көмегімен дәріс кезінде көрсетілетін слайдтар мен презентациялық материалдар, сонымен қатар әртүрлі жаттығулар, есептер мен ситауциялықтапсырмалар,кинематикалық сипаттамаларды анықтау,зерттеу әдістерін таңдау,курсты оқу барысында алған білім мен дағдыны пайдалану. меңгеру керек: статика,динамика,кинематикада қолданбалы есептерді шешуде.

Физика
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Физика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: физиканың негізгі бөлімдерін бақылаудың жалпыламасы, практикалық тәжірибе және эксперимент ретінде көрсету; бақылаудың, өлшеудің және эксперименттің негізгі әдістерімен таныстыру; курсты оқу жалпы физикалық пркатикум бойынша зертханалық жұмыстармен қамтылады. Студенттерге пән бойынша терең және сапалы білім беру, физикалық есептерді шешуде қолданылатын негізгі математикалық әдістерге нақты түсінік беру; студенттерді заманауи физиканың міндеттерін құру мен шешуде алған білімдерін пайдалана білуге үйрету. Мазмұны: Ньютон механикасы. Материалдық нүктенің динамикасы және материалдық нүктелер жүйесі. Механикалық энергия және жұмыс. Сақталу заңы. Галилеоның салыстырмалы принципі. Салыстырмалылықтың арнайы теориясы туралы түсінік. (Релятивисттік теория элементтері. Гидродинамика элементтері. Тербелістер мен толқындар. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Статистикалық таралу. Термодинамиканың екінші бастамасы. Тасымалдану құбылысы. Реалды газдар. Электростатистика. Тұрақты электрлік тоқ. Магниттік өріс. Электромагниттік индукция. Пәнді оқу нәтижесіндегі құзіреттер (білім, білік, құзіреттілік): студент білуі керек: физиканың негізгі түсініктері, заңдары мен заңдылықтарын білу; біліктілік: Мәселені түйіндеуді, физика бойынша есептерді шешуді, кәсіптік есептерді шешуде физикалық әдістерді қолдана білу; дағды: Әртүрлі заңдылықтарға бағынатын табиғи физикалық құбылыс туралы түсінік алу.

Физика 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: физиканың негізгі бөлімдерін байқаулардың, практикалық тәжрибе мен эксперименттің жалпы қорытындысы ретінде қарастыру; студенттерді байқаудың, өлшеудің және эксперименттеудің негізгі әдістерімен таныстыру, ол үшін оқылатын курстар жалпы физикалық практикумда зертханалық жұмыстармен жетектеледі. Міндеттері: Студенттерге пән бойынша терең және берік білімдер беру; физикалық мәселелерді шешуде пайдаланылатын математикалық әдістер жөнінде анық түсініктер қалыптастыру; студенттерді алынған білімдерін заманауи физиканың мәселелерін қою және шешу үшін қолдана білуге үйрету; Мазмұны: Максвелл теңдеулері. Электромагнитті тербелістер және толқындар. Толқынды оптика. Жарық интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарықтын поляризациясы. Электромагнитті толқындардың затпен әрекеттесуі Жарық дисперсиясы. Электромагнитті сәулененудің квантты қасиеттері. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Резерфорд атомы. Бор постулаттары. Бөлшектердің толқындық қасиеттері. Шредингер теңдеуі. Кванттық статистика элементтері. Конденсирленген күй. Атомндық ядро. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Ядролық реакциялар, ядролардың бөлінуі. Тізбектелген реакциялар. Элементарлы бөлшектер. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: физиканың негізгі ұғымдары, заңдары және заңдылықтары; игеруі керек: физикалық процестерді теория мен эксперименттің қазіргі заманғы жетістіктері тұрғысынан түсіндіру; ие болуы керек: заманауи физиканың математикалық аппараты мен формализмін иелену дағдылары.

Физикалық химия 1б
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат және міндеттер: химиялық термодинамиканың теориялық және қолданбалы сұрақтарын қарастыру, химиялық және фазалық тепе – теңдік, әр түрлі есептерді шығару барысында термодинамиканың негізгі заңдарын қолдану, физика – химиялық экспериментті жүргізу біліктілігін арттыру және эксперименттік нәтижелерді жүйелі түрде қолдана білу. Мазмұны: термодинамиканың негізгі заңдары, термохимия, химиялық фазалық тепе – теңдік мәселелері қарастырылады. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: химиялық термодинамиканың негзгі заңдарын, химиялық тепе – теңдік шарттары және оған әсер ететін факторлар, гомогенді және гетерогенді тепе –теңдік заңдары. істей білу: реалды жүйелерді зерттеген кезде термодинамиканың заңдарын қолдану, химиялық реакцияның термодинаикалық сипаттамаларын есептеу, физика – химиялық процеске әр түрлі сырттан әсер ететін факторларды анықтау, физика – химиялық процестердің сипаттамаларын анықтау бойынша физика – химиялық эксперимент жүргізу. дағдыға ие болу: физикалық химия бойынша практикалық есептерді шешімі, гомогенді және гетерогенді реакциялардың термодинамикалық параметрлердің есептеулері, физика – химиялық процестерді жүргізуде оптималды жағдай анықтау.

Физикалық химия, 2 б
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: химиялық кинетиканың және электрхимияның теориялық және қолданбалы сұрақтарын: формалды қарапайым және күрделі реакциялардың кинетикалық параметрлерін, электрхимиялық жүйелердің, электролиттердің қасиеттерін қарастыру болып келеді. реакциялардың кинетикалық талдауын теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, электрхимиялық процестің термодинамикалық және кинетикалық сипаттамаларын анықтауды қалыптастыру болып табылады. Мазмұны: қарапайым қайтымсыз реакция мен күрделі реакцияның: қайтымды, параллельді, тізбектелген, тізбекті, гетерогенді реакцияның химиялық кинетикасы бойынша негізгі сұрақтар қарастырылады. Гомогенді және гетерогенді катализ, электрхимия негізі: электролит ерітінділер теориясы, электролит ерітіндісінің электрөткізгіштігі, иондардың тасымалдау саны, электрхимиялық процестің термодинамикасы мен кинетикасы қарастырылады. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білу керек: қарапайым қайтымсыз реакция мен күрделі реакцияның: қайтымды, параллельді, тізбектелген, тізбекті, гетерогенді реакцияның кинетикасының теориялық негізін; катализдің теориялық негізін; әлсіз және күшті электролиттер қасиетінің негізін; электродтық процестердің термодинамикасы мен кинетикасының негізін білуі тиіс. жасай білу керек: әртүрлі химиялық реакциялардың кинетикалық сипаттамаларын есептей алуы тиіс; электрхимия бойынша практикалық есептерді шешуі тиіс.

Химия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: студенттерді комплексті айнымалылар функциясының теориясымен таныстыру. Мазмұны: қазіргі заманның теориялық химиясының атом мен заттың құрылысының кванттық-механикалық принциптері, химиялық байланыс, химиялық термодинамика элементтері, химиялық процестердің энергетикасы, химиялық байланыстың қазіргі теориясы, химиялық байланыстардың кинетикасы, химиялық тепе-теңдік, гидролиз процестері, қышқылдандыру-қалыпқа келтіру секілді маңызды бөлімдерін қарастыру. Теориялық білім тұрғысында элементтер қасиеттері мен байланыстары қарастырылады, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі период пен топтардағы қасиеттерінің өзгеруі қарастырылады. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Заттардың қасиеттері мен реакциялардың химиялық механизмдерін; айнымалы шамаларды зерттеу әдістерін; Пайдалана білуі керек: Берілген модуль бойынша есептер шығару; Дағдылану керек: Химиялық және физикалық талдау әдістерін игеруге;

Химиялық кинетика және электрохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Химиялық кинетика және электрохимия» пәнді оқыту мақсаты қарапайым және күрделі реакциялардың химиялық кинетикасының теориялық және қолданбалы сұрақтарын, электрхимиялық жүйелердің, электролиттердің қасиеттерін қарастыру болып табылады. Пәннің міндеті – студенттерде гомогенді және гетерогенді реакциялардың кинетикалық талдауын теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, электролиттердің және электрхимиялық процестің физика-химиялық сипаттамаларын анықтауды қалыптастыру болып табылады. Пәннің мазмұны «Химиялық кинетика және электрохимия» курсында қарапайым және күрделі реакцияның: қайтымсыз, қайтымды, параллельді, тізбектелген, тізбекті, фотохимиялық, гетерогенді реакцияның химиялық кинетикасы бойынша негізгі сұрақтар қарастырылады. Гомогенді және гетерогенді катализ, электрхимия негізі: электролит ерітінділер теориясы, электролит ерітіндісінің электрөткізгіштігі, иондардың тасымалдау саны, электрхимиялық процестерді қарастырылады. Жалпы компетенция: білуі тиіс: - қарапайым және күрделі реакцияның: қайтымсыз, қайтымды, параллельді, тізбектелген, тізбекті, гетерогенді реакцияның кинетикасының теориялық негізін; - гомогенді және гетерогенді катализдің теориялық негізін; - әлсіз және күшті электролиттер қасиетінің негізін; - электродтық процестердің физика-химиялық сипаттамаларын негізін білуі тиіс. істей білуі: - әртүрлі химиялық реакциялардың кинетикалық сипаттамаларын есептей алуы тиіс; - электрхимия бойынша практикалық есептерді шешуі тиіс; химиялық реакцияның кинетикалық сипаттамаларын, электролит ерітінділерінің физика-химиялық қасиетін, тізбектің ЭҚК-н анықтау үшін физика-химиялық тәжірибе жасай алуы тиіс. дағды: химиялық кинетика және электрохимияның теориялық және қолданбалы аспектілері туралы түсінік.

Химиялық термодинамика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Химиялық термодинамика» пәнді оқыту мақсаты химиялық термодинамиканың теориялық және қолданбалы сұрақтарын қарастыру, әртүрлі жүйелердегі фазалық тепе-теңдіктерді зерттеу. Пәннің міндеті – студенттерде физика-химиялық процестердің, химиялық реакцияның термодинамикалық сипаттамаларын теориялық және практикалық анықтауды. Пәннің мазмұны «Химиялық термодинамика» курсында химиялық термодинамиканың негізгі сұрақтары: термодинамиканың 1, 2 заңы, химиялық тепе-теңдік, әртүрлі жүйелердің фазалық тепе-теңдігі. Жалпы компетенция: білуі тиіс: - химиялық термодинамиканың негізгі заңдарын; - әртүрлі жүйелердегі фазалық тепе-теңдік заңдылығын; істей білуі: - физика-химиялық процестердің, химиялық реакциялардың термодинамикалық сипаттамаларын есептей алуы тиіс; - әртүрлі жүйелердің фазалық диаграммасын талдай алуы тиіс; әртүрлі процестердің термодинамикалық сипаттамаларын анықтау үшін физика-химиялық тәжірибе жасай алуы тиіс. дағды: химиялық термодинамиканың теориялық және қолданбалы аспектілері туралы түсінік.

Химиялық технология үдерістерің оңтайландыру әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: талдауда математикалық моделдеуді қолдану, химия-технологиялық үрдістердің ресурс тиімділігін бағалау және оңтайландыру. Мазмұны: химиялық технология үрдістеріндегі математикалық модельдеу құрылымының негізгі әдісемесі. Масса алмасу үрдістерінің модельі. Жылу алмасу үрдістерінің модельі. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: Білуі керек: - заманауи химиялық-технологиялық үдерістер мен жүйелердің негіздерін; технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу режимі мен шарттарын; - бейорганикалық заттар мен материалдар синтезі параметрлерін оңтайландыру әдістері мен алгоритмдерін; - зерттеу міндеттерін оңтайландыру үшін қолданбалы бағдарламалар пакетін. Істей алуы керек: - технологиялық параметрлерді талдау және оңтайлы мәндерді таңдауды, берілген физика-химиялық қасиеттерге ие өнім алуды қамтамасыз ете отырып, химиялық өндірістің үдерістерін жоспарлау және ұйымдастыруды, технологиялық жабдықтың жұмыс істеу жағдайы мен режимін оңтайландыруды; - өндірістің технологиялық параметрлерін есептеу және аппараттар мен сызбанұсқаларды графикалық түрде кесіндеу үшін қолданбалы бағдарламалар пакетін қолдануды; Меңгеруі керек: - бейорганикалық заттар мен материалдар синтезі үшін оңтайлы және рационалды технологиялық режимдерді анықтау әдістерін

Химиялық технологиядағы негізгі процестер мен аппараттар I
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: химиялық технология процестерінің теориялық негіздерін, қолданбалы гидравлика негіздерін, біртексіз жүйелердің гидромеханикасын оқыту. Міндеті: студенттерді негізгі физикалық, химиялық процестердің мәнін терең түсінуге үйрету, химиялық технологияда қолданылатын гидравликалық машиналардың және химиялық аппараттардың кең тараған құрылымдарымен, оларда жүретін процестермен таныстыру, болашақ химик-технолог мамандарын қалыптастыру. Мазмұны: химиялық технология процестерінің теориялық негіздері, термодинамикалық тепе-теңдік заңдары, химиялық аппараттардағы қолданбалы гидравликаның жалпы сұрақтары, гидродинамикалық процестер мен аппараттар. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: химиялық өндірістің белгілі бір түріне тәуелсіз ортақ процестер мен аппараттар жайында түсініктері мен білімдері болады; химиялық технологияның әр алуан салалары үшін ортақ маңызды процестердің кинетикасы мен физика-химиялық заңдылықтары жайында түсініктері мен білімдері болады. жасай білу керек: химия-технологиялық процестерді модельдеу жайында түсініктері мен білімдері болады. меңгеру керек: химия-технологиялық қондырғылардың инженерлік есептеулерін жүргізу үшін химиялық технологияның процестері мен аппараттарын есептеу әдістерінің негізі жайында түсініктері мен білімдері болады.

Химиялық технологиядағы негізгі процестер мен аппараттар ІІ
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жылу алмасу процестерін, жылу өту негіздерін, жылу алмасу аппараттарын, масса өту негіздерін, масса алмасу процестері мен аппараттарын оқыту. Міндеті: студенттерді жылу және масса алмасу процестерінің мәнін терең түсінуге үйрету, жылу және масса алмасу процестерінде қолданылатын аппараттардың құрылымдарымен, оларды есептеу әдістерімен таныстыру, болашақ химик-технолог мамандарын қалыптастыру. Мазмұны: жылу алмасу процестері, химиялық аппараттарға жылуды жеткізудің өнеркәсіптік әдістері, буландыру процесі, масса алмасу негіздері, масса алмасу: абсорбция, адсорбция, экстракциялау, дистилляция мен ректификация, кристалдану мен кептіру процестері. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын, дәстүрлі химиялық процестерді және сәйкесінше химиялық аппараттарды білуі қажет. жасай білу керек: практикада меңгерген білімді қолдана білуі, химиялық-технологиялық процестердің материалдық және энергетикалық баланстарын, өндірістің химиялық және принципиалдық сызба-нұсқаларын құра білуі қажет. меңгеру керек: маңызды өндірістік химиялық процестер жүзеге асырылатын және өндірісті бақылаудың типтік әдістері және өнімдерді анализдеуде қамтылатын зертханалық типтегі дайын технологиялық қондырғыларда жұмыс жасай білуге дағдылану.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Байланыстырушы материалдардың химиялық технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: тұтыр материалдарды алуының және қатуының физика-химиялық негізін, әуелік, гидравликалық және арнайы тұтқыр материалдардың негізгі қасиеттерін, маңызды тұтқыр материалдардың технологиялық негізін қарастыру болып табылады. Мазмұны: Тұтқыр материалдардың түрлері. Минералды тұтқыр материалдардың негізгі қасиеттері. Тұқыр материалдар өндірісіне қолданылатын шикізаттар. Тұтқыр материалдар өндірісінің негізгі технологиялық сатылары. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: тұтқыр материалдардың негізгі түрлерін, олардың сипаттамаларын, минералды тұтқыр материалдар өндірісі үшін қолданылатын шикізаттар, әртүрлі тұтқыр материалдарды алудың тхнологиялық сызбасын білу керек. жасай білу керек: минералды тұтқыр материалдарды алудың технологиялық сызбасын талдай алу, тұтқыр материалдардың негізгі физика-химиялық сандық көрсеткіштерін тәжірибе жасау арқылы анықтай алу керек. меңгеру керек: минералды тұтқыр материалдардың қасиеті мен құрамын анықтау үшін әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана білу, маңызды минералды тұтқыр материалдардың сапасын бағалай алу керек.

Бейорганикалық қышқылдардың негіздердің және тұздардың химиялық технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты мен міндеті: Пән бойынша білім, білік, дағды жүйесін және пәндік компетенцияны қалыптастыру. Мазмұны: Қышқылдық-негіздік теория. HCl, H2SO4, HNO3, H3PO4, натрий тұздарын, каустикалық және кальцинирленген тұздарды, хлоридтерді, сульфаттарды, сульфидтерді, фосфаттарды және NaOH, KOH пен NH4OH алудың химиясы және технологиясы. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: синтездеуге және талдауға қабілеттілік, ұйымдастыруға және жобалауға қабілеттілік, негізгі жалпы білімі, негізгі кәсіби білімі, қарапайым компьютерлік дағдылар, ақпаратты меңгеру дағдылары, проблема шешу қабілеттілігі, шешім қабылдау қабілеттілігі. жасай білу керек: пәндер арасындағы байланыс пен пәннің жалпы құрылымы туралы түсінігін көрнекті түрде көрсете алуы. меңгеру керек: практикада білімді қолдана білу қабілеттілігі, зерттеу қабілеттілігі, білім алуға қабілеттілігі, жаңа жағдаятқа бейімделуі, жаңа (шығармашылық) идеяларды тудыруға қабілеттілігі, көшбасшылыққа қабілеттілігі, дербес жұмыс жасау қабілеттілігі, инициативтілікке қабілеттілігі, сапаға жауапкершілік, жетістікке ырықтығы.

Бейорганикалық материалдардың құрылым түзуі және реологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты мен міндеттері: студенттерге қажетті қазіргі заманғы Бейорганикалық материалдардың физика-химиялық механикасы аясындаәр түрлі технологиялық үдерістердегі құрылымтүзу мен қалыпқа салу құбылыстарының маңыздылығы мен негізгі мәселелері туралы фундаменталды білім беру; қазіргі заманға сай беттік құбылыстар мен дисперстік жүйелер және құрылымданған бейорганикалық жүйелердің реология заңдылықтары туралы ғылымның даму тенденцияларымен таныстыру. Мазмұны: Дисперстік жүйелердің тұрақтылығы; коагуляциялық және конденсациялық құрылымдар; құрылымданған жүйелерді алу әдістері және олардың реологиялық сипаттамалары. "Пәнді оқу нәтижесіндегі студенттің құзыреттері (білім, білік, құзіреттілік): Білу керек: заттардың коллоидтық күйінің ерекшеліктерін; физика-химиялық механиканың негіздерін; әр түрлі фазааралық шекте жүретін адсорбция процестерінің заңдылықтарын; дисперстік жүйелердің тұрақтылығын; дисперстік жүйелердің қолдануының негізгі аспектілерін; құрылымданған дисперсті жүйелерді алу әдістемелерін; құрылымданған дисперсті жүйелердің деформациялық қасиеттерін зерттеу әдістерін; белгілі бір қасиеттерге ие құрылымданған дисперсті жүйелердің қолдану аяларын білу. орындай алу: дисперсті бөлшектерді алу әдістерін, құрылымданған жүйелердің классификациясы мен негізгі қасиеттерін анықтай алу; деформациялық қисықтарды тұрғызу көмегімен құрылымдық-механикалық қасиеттері мен типін анықтау. дағдыларға ие болу: коллоидтық химия және физика-химиялық механика негізгі әдістерін қолдану бойынша; теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізу кезінде алынған мәліметтерді өңдеу және талдау бойынша, жаңа қасиеттерге ие жаңа әр түрлі материалдар алу мәселелерін шешу бойынша

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Кристаллохимия және кристаллофизика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: студентттерді қазіргі заманғы түсінік бойынша классикалық кристаллогафияның, кристаллохимияның, кристаллофизиканың негіздерімен таныстыру. Мазмұны: кристалдың симметриясы, морфологиясы және құрылысы, физикалық қасиеттерімен кристал құрылысының байланысы, өсу ұғымы, реалды кристалдың ерешеліктері, кристалдарды зерттеу әдістері. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: кристаллографияның инструменталды әдістерін және жетістіктерін, заңдарын, негізгі түсінігін, кристаллохимия, кристаллофизика және кристаллографияның геометриялық және құрылыстық заңдылықтары туралы білу керек, рентгенфазалық және рентген құрылыстық сараптамалардың теориясы мен практикамен танысу керек. жасай білу керек: ғылыми және тәжірибелік қызметте аралас пәндерді игеру үшін алған білімді қолдана білу керек. меңгеру керек: рентгенфазалық және рентген құрылыстық сараптамалар әдісін эксперименталды білу керек.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Минералды шикізатты және оның өнімдерін талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты мен міндеті: минералды шикізатпен оны қайта өңдеу өнімдерін талдаудың физика-химиялық негіздерін беру және студенттерді талдаудың заманауи әдістерімен таныстыру. Мазмұны: минералды шикізатты ыдырату және байыту әдістері, бағалы компоненттерді бөліп алу, бөлу, концентрлеу және анықтау әдістері. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: минералды шикізатты ыдырату, байыту әдістері, бағалы компоненттерді бөліп алу тәсілдері. жасай білу керек: минералды шикізатты ыдырату, бағалы компоненттерді бөліп алу және анықтау. меңгеру керек: талдаудың заманауи әдістері бойынша дағды (химиялық, физика-химиялық және физикалық).

Патенттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат және міндеттер: бұрынғы, осы кездегі және болашақтағы ғылым туралы, әлемдегі және ҚР-дағы ғылыми қызметті ұйымдастыру және жобалау туралы түсінікті қалыптастыру, ғылыми зерттеулердің әдістемесімен, патенттану негіздерімен, ғылыми-техникалық ақпаратты іздеуді қамтамасыз ету үшін кітапхана-библиографиялық жіктелу жүйесімен таныстыру. Мазмұны: ғылымның әлемде және ҚР-да даму сатылары. Оның қазіргі күйі мен даму болашағының сипаттамасы. Ғылым құрылымы, теориясы және әдістемесі. Ғылыми ойлау. Ұйым, жобалау және ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру жолдары. Патенттану негіздері. Ғылыми ақпаратты іздеу. Игерілетін оқу нәтижелері (құзыреттіліктер): пәнді өту нәтижесінде студент: білуі керек: ғылымды анықтаудың негіздерін, оның дамуының сатыларын, құрылымын, ғылым теориясы мен әдістемесін; ғылыми қызметті ұйымдастыру мен жобалауды; патенттану негіздерін. істей білуі керек: барысында алынған білімді әр түрлі физикалық және химиялық процестердің өзара байланысының анализі үшін қолдана алу; өз бетімен жаңа білімді меңгере білуі; патенттік зерттеулер жүргізу; дағдылану керек: ғылыми қарым-қатынастың формальді элементтері мен ережелерінің; патенттік құжаттармен жұмыс істеудің дағдысы керек.

Сирек металдарды бөлу және байыту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: сирекметалды шикізатты бөлу мен байытудың теориялық негіздерін беру және студенттерді бөлу мен байытудың заманауи әдістерімен таныстыру. Мазмұны: сирекметалды шикізатты бөлу және байыту әдістері, бағалы компоненттерді бөліп алу. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: сирекметалды шикізатты бөлу және байыту әдістері, бағалы компоненттерді бөліп алу. жасай білу керек: сирекметалды шикізатты қайта өңдеуде пайдалану, бағалы компоненттерді бөліп алу және анықтау. меңгеру керек: бөлу және байытудың заманауи әдістері бойынша дағды . "

Сирек металдардың электрохимиялық технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: электр тізбектердің негізгі теориалар туралы, өндіріс электроника, электр өлшеуіш туралы мағлұмат, электрлік машиналардың құрылысы мен қасиеттерін, электрлік аспаптар мен электрлік жылжытқыш туралы мағлұмат, радиотехникалық аспаптар мен олармен жұмыс істеу туралы мағлұмат болу қажет. Мазмұны: Тұрақты тоқтың сызықты электр тізбектері. Тізбектегі элементтерді параллельді және тізбекті жалғасуы. Ауыспалы тоқтың сызықты электр тізбектері. Электр өрісі мен электросиымдылық. Өрістің кернеулігі. Диэлектрлік өткізгіштік. Сыйымдылық. Конденсатор. Бірфазалы тізбектер. Үшфазалы тізбектер. Трансофрматорлар. Риадиотехникалық қондырғылар мен аспаптар. Генераторлар. Өлшеуіш аспаптар. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: электрлік тізбек туралы түсініктемерді, электр тізбегінің негізгі сиппаттамаларын (кернеу, электроқозғалтқыш күш, электр тоғы, өткізгіштік, кедергі, электр тоғының жұмысы мен қуаттылығы); магнит өрісінің, тоқтың негізгі сипаттамалары; үшфазалық трансформаторлардың ерекшеліктері; жартылай өткізгіш аспаптар, олардың сипаттамалары мен қолдануы; электронді және ионді аспаптар, электрлік өлшеудің тәсілдері мен әдістері; өлшеуіш аспаптардың типтері; өлшеу қателіктерін бағалау. жасай білу керек: әртүрлі тұрақты мен ауыспалы тоқ тізбегін есептеу, технологиялық үдерісті іске қосу үшін керекті аппаратураны қолдану. меңгеру керек: электр өткізгіштерді есептеу, тоқ қабылдағыштарды қосу, электр тізбектердің қарапайым ақаулықтарын табу мен оларды жөндеу, трансформаторлар, олардың негізгі сипаттамалары туралы негізгі білім болу қажет.

Сирек металды шикізатты талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: сирекметалды шикізатты талдаудың физика-химиялық негіздерін беру және студенттерді талдаудың заманауи әдістерімен таныстыру. Мазмұны: сирекметалды шикізатты ыдырату және байыту әдістері, бағалы компоненттерді бөліп алу, анықтау әдістері. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: сирекметалды шикізатты ыдырату, байыту әдістері, бағалы компоненттерді бөлу және анықтау тәсілдері. жасай білу керек: сирекметалды шикізатты ыдырату, бағалы компоненттерді бөлу және анықтау. меңгеру керек: талдаудың заманауи әдістері бойынша дағды (химиялық, физика-химиялық және физикалық).

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Химиялық өндірістерді жобалаудағы экономикалық есептеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: студенттерде химиялық өндірісті жобалау кезіндегі экономикалық есептеулер қағидаттарын қалыптастыру, сонымен қатар химиялық өндірістің экономикалық көрсеткіштерін есептеуге баулу. Мазмұны: Құралды жаңалау мен жобалаудың экономикалық негіздемесі. Өзіндік құнын есептеу. Капиталды шығындарды есептеу. Өндіріс саласындағы күрделі қаржы жұмсалымын есептеу. Өнім шығарылымының жылдық өзіндік құнын есептеу. Технико – экономикалық көрсеткіштердің тиімділігін есептеу. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: химиялық өндірісті ұйымдастыру кезіндегі экономикалық есептеулердің негізгі қағидаттарын. жасай білу керек: химиялық өндірістің өнімдерінің өзіндік құнын, күрделі қаржы жұмсалымын, өндірістің және өнімнің техника – экономикалық көрсеткіштерін есептей алу. меңгеру керек: технико – экономикалық көрсеткіштерді салыстыру негізінде өндірістің қолайлы сызбасын таңдай алу.

Химиялық технологиядағы тотығу-тотықсыздану процестері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: Химиялық технологиядағы тотығу-тотықсыздану процестерінің теориясы мен практикасы туралы білім және білік тіліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Мазмұны: Тотығу-тотықсыздану процестері теория – сының негізгі түсініктері, ТТР теңдеу – лерін теңестіру әдістері, ТТП сандық сипаттау, СТТП кестесі және одан шығатын практикалық қорытындылар, Нернст теңдеуі, Латимер және Фрост диаграммалары, Фарадей заңдары. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: ТТП теориясы негізін. жасай білу керек: СТТП кестесін пайдалана отырып, заттардың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін болжай алу. меңгеру керек: ТТР коэффициенттерін таңдау; ТТР константасын есептеу; Фарадей заңдарына есеп шығару; Латимер мен Фрост диаграммаларын қолдану.

Химиялық технологиялардағы электротехника
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: электр тізбектердің негізгі теориалар туралы, өндіріс электроника, электр өлшеуіш туралы мағлұмат, электрлік машиналардың құрылысы мен қасиеттерін, электрлік аспаптар мен электрлік жылжытқыш туралы мағлұмат, радиотехникалық аспаптар мен олармен жұмыс істеу туралы мағлұмат болу қажет. Мазмұны: Тұрақты тоқтың сызықты электр тізбектері. Тізбектегі элементтерді параллельді және тізбекті жалғасуы. Ауыспалы тоқтың сызықты электр тізбектері. Электр өрісі мен электросиымдылық. Өрістің кернеулігі. Диэлектрлік өткізгіштік. Сыйымдылық. Конденсатор. Бірфазалы тізбектер. Үшфазалы тізбектер. Трансофрматорлар. Риадиотехникалық қондырғылар мен аспаптар. Генераторлар. Өлшеуіш аспаптар. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: электрлік тізбек туралы түсініктемерді, электр тізбегінің негізгі сиппаттамаларын (кернеу, электроқозғалтқыш күш, электр тоғы, өткізгіштік, кедергі, электр тоғының жұмысы мен қуаттылығы); Кирхгофф заңдары; магнит өрісінің, тоқтың негізгі сипаттамалары; үшфазалық трансформаторлардың ерекшеліктері; жартылай өткізгіш аспаптар, олардың сипаттамалары мен қолдануы; электронді және ионді аспаптар, электрлік өлшеудің тәсілдері мен әдістері; өлшеуіш аспаптардың типтері; өлшеу қателіктерін бағалау. жасай білу керек: әртүрлі тұрақты мен ауыспалы тоқ тізбегін есептеу, технологиялық үдерісті іске қосу үшін керекті аппаратураны қолдану. меңгеру керек: электр өткізгіштерді есептеу, тоқ қабылдағыштарды қосу, электр тізбектердің қарапайым ақаулықтарын табу мен оларды жөндеу, трансформаторлар, олардың негізгі сипаттамалары туралы негізгі білім болу қажет.

Шынының химиясы және химиялық технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: студенттерге шынының құрамы туралы, физика-химиялық қасиеттері туралы қазіргі кездегі көзқарастарды, шыны бұйымдарының сапасына қойылатын негізгі талаптарды, маңызды шыны бұйымдарының технологиялық негіздерді оқу болып табылады. Мазмұны: Шынының құрамы, қасиеті. Шыны бұйымдарының түрлері. Шикізат материалдары. Маңызды шыны бұйымдарының негізгі технологиясы. Шыны бұйымдарының негізгі ақаулары. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент Білу керек: шынының негізгі физика-химиялық қасиеттерін, негізгі және қосымша шикізат материаларын, олардың сипаттамаларын, әртүрлі шыны бұйымдарды алудың технологиялық сызбасын білуі керек. жасай білу керек: құрамы әртүрлі шыныны алу үшін шихта құрамын есептей алу, шынының негізгі физика-химиялық сандық көрсеткіштерін тәжірибе арқылы анықтай алу керек. меңгеру керек: шынының құрамы мен қасиетін анықтау бойынша зерттеу әдістерін қолдана білу, әртүрлі шыны бұйымдарын алу үшін технологиялық сызбаны талдай білу қажет.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

Электротермиялық процестердің технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: студенттерге металлургия және химия өнеркәсібіндегі электротермия процестердің рөлі мен міндеттері түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар негізгі электротермиялық процестердің анализі мен есептеулерін меңгеру. Мазмұны: Электрлік пештер. Плазмалы реакторлар. Электр-металлургиялық процестері. Оксидтардың электрлік балқу. Бейметалдық материалдардың электрлік сублимациясы. Электрлік қызба. Электрлік разряд іште жүретін газдық реакциялар негізінде процестер. Болат, ферроболат және түсті металдар өндірісіндегі электротермиялық процестер. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: электротермиялық процес кезіндегі химиялық және электрохимиялық реакциялардың табиғатын; электротермия процестер үшін аппараттар. Өнімдер электротермиялық жолымен алу ушін шарттарды талдау. жасай білу керек: есептеулерді жүргізу үшін анықтамалық әдебиеттерді қолдану; бағалы өнімдерді электротермиялық әдістермен алудың сызба-нұсқасын таңдау. меңгеру керек: электротермиялық процестердің негізгі физика-химиялық есептеулерін; электротермия бойынша лабораториялық тәжірибелер жүргізуді.

Электрохимия негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеті: Электрохимияның қолданбалы мәселелерін шешуде негіз болатын теориялық электрохимия аймағында ғылыми база қалыптастыру. Мазмұны: Электролит ерітінділеріндегі тепе-теңдік және тепе-теңдіксіз құбылыстарға жалпы мәлімет беру, қос электрлік қабат моделі және оның электрохимиялық кинетикадағы рөлі туралы мағлұмат беру. Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: қазіргі заманғы электрохимияның негіздерін және оны химия және технология аймақтарында ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде қолдана білуі керек. жасай білу керек: электрохимиялық зерттеулерде түрлі жүйелер үшін мақсаттарды қоя білу, электрохимиялық зерттеулер нәтижелерін көрсету, соңғы әдебиеттерді жақсы білуі керек, электрохимия мәселелері жайлы ғылыми дискуссия жүргізуі қажет. меңгеру керек: электрохимияның фундаменталды бөлімдерінің теорияның негіздерін; электрохимиялық тәжірибеде алынған нәтижелерді алу және өңдеуді.

Электрохимиялық өндірістерді жабдықтау және коррозиядан қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: Электрохимиялық өндіріс конструкциялары және түйіндері жайлы, сонымен қатар құрал-жабдықтарды коррозиядан қорғау әдістері туралы негізгі түсінік беру. Мазмұны: Электролизерлер классификациясы Электролизерлердің негізгі түйіндері. Металқаптамалардың стационарлы және механизацияланған ванналары. Конструктивті модульдер және гальваническалық ванналардың технологиялық спутниктері. Колокольді және барабанды ванналар. Гальваникалық ванналар. Автооператорлар. Түрлі бейорганикалық және органикалық заттарды электрохимиялық жолмен алуға арналған құрылғылар. Электрохимиялық құрылғыларды жасауда қолданылатын металдар мен құймалар. Электрохимиялық құрылғылар коррозиясы және оларды коррозиядан қорғау әдістері. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: электрохимиялық өндірістің замануи құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін білу. жасай білу керек: электрохимиялық өндірістің негізгі сипаттамаларын анықтап, құрылғылардың коррозиялық бұзылуларын болжай алу керек. меңгеру керек: электрохимиялық өндірістің әртүрлі технологиялық линияларды оптимизациялау.

Электрохимиялық технологиядағы электрорадиотехника
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Мақсаты және міндеті: Студенттерге теориялық және эксперименталды зерттеу үшін қолданылатын құрылғылар мен аспаптар, заманауи өлшеугіш аспаптар мен құрылғыларда жұмыс істеу принциптері және оларда жұмыс істеуге машықтану туралы фундаменталды білім беру. Мазмұны: электр тізбегінің тұрақты және ауыспалы тогының негізгі заңдары, химиялық үдерістердегі заряд тасушылардың концентрациясы немесе химиялық қосылыстың құрылымының өзгерумен, фазалардың әрекеттесу шекарасындағы электрлік құбылыстары мен зерттелетін ортаға байланысты электр тізбегін теориялық есептеу және өлшеу әдістері. Электрохимиялық зерттеу әдістерінің негізгі принциптері: потенциометрия, кулонометрия, кондуктометрия, вольтамперометрия және диэлектрометрия. "Пәнді оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер: студент білу керек: электр тізбегінің тұрақты және ауыспалы тогының негізгі заңдарын, электр тізбегін теориялық есептеу және өлшеу әдістері, заманауи химиялық технологияны электрохимиялық құбылыстар ұғымдары; электрохимиялық үдерістерді бақылау мен жүргізу үшін қолданылатын радиоэлектрондық аспаптардың жұмыс істеу принциптері. жасай білу керек: химиялық үдерістегі электрлік құбылыстарды анализдеу және оларды электрохимиялық технологияда қолдана білу керек; белгілі бір электрохимиялық үдерістерді жасау үшін қажетті аспаптар мен құрылғыларды таңдай білу керек. меңгеру керек: технологиялық өндірісте қолданылатын заманауи аспаптар мен құрылғыларды бақылау және олармен жұмыс істей білу керек.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение