Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Дінтану

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: АКУИН, 2017 (Австрия, Вена қ.)
Бағдарлама: 5В020600 – Дінтану
Оқу деңгейі: бакалавриат
Емтихандар: шығармашылық
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
• сарапшы, ҒЗО, мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктердің әлеуметтік талдаушысы;
• конфессияаралық пен дінаралық қатынастар, ұлтаралық және дінаралық қатынастар мәселелері бойынша ұйымдарға кеңес беруші дінтанушы;
• ғылыми-зерттеу және әлеуметтік қорлар маманы.
Кәсіби (бейіндік) пәндер:
• дүниежүзілік тарихы
• Зайырлық және дінтану негіздері
• Адам және қоғам

Білім беру артықшылықтары:
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бірегей оқытушылық ұжымы бар, діндер мен діни ұйымдарды зерттеу бойынша Қазақстандағы ең ірі және бұрыннан келе жатқан орталықтардың бірі.
• Өз бетінше дайындалған білім беру стандарттары және құзыреттілікке бағытталған оқу жоспарлары.
• Академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.
• Түлектер заманауи дінтанулық мәселелердің табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерін түйсінуге қабілетті.
• Түлектердің жұмыс іздеу кезінде мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар, оқу орындары мен ғылыми институттар, мемлекеттік билік, мұражай, БАҚ, туризм және жарнама сияқты қызметтің түрлі салаларында бәсекеге қабілеттілігі.
• Жеке білім беру траекториясымен оқыту.
• «Дінтану» оқу үдерісін өзгертетін, қоғамдық қажеттіліктерге жылдам жауап бере алатын және студенттер, магистранттар мен докторанттардың жеке қызығушылықтарын ескеретін білім беру бағдарламаларын жасаудың модулды принципін жүзеге асырады. Халықаралық байланыстар: бакалаврлар серіктес жоғары оқу орындарында Кастамону (Туркия) оқуға мүмкіндігі бар
Тәжірибеден өту орындары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі: ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында дін істері бойынша маман, мемлекеттік-құқықтық сұрақтар, дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша консультант, мемлекеттік, конфессионалдыы және қоғамдық ұйымдар, жоғары және арнайы орта оқу орындарында маман.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Дінтану
Мамандық шифры
5B020600
Факультеті
Философия және саясаттану
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Дүниежүзілік тарих
Профильдік пәні
Дүниежүзілік тарих
Өту балы
ҚАЗ
90
ОРЫС
83

пәндер

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Алғашқы қауымдық наным-сенімдер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: болашақ мамандардың бойында қоғам тарихындағы діннің шығу тегі мен даму жолы; мифологиялық сана, Көне заманның политеистік діндері туралы білім қалыптастыру.; Мазмұны: діни сенімдердің алғашқы формалары (фетишизм, тотемизм, магия, анимализм, анимизм) және олардың адам мен қоғамның қалыптасуындағы рөлі; тайпалық діндердің діни түсініктердің дамуы барысында ру тайпаға бөлінуі; Білуі тиіс: осы діндердің әртүрлі тарихи кезеңдердегі пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін; көне әлем діндерінің сенім негіздері мен ғұрыптарын; жасай алуы тиіс: зерттеліп отырған діндердің канондық мәтіндерін талдау арқылы негізгі мәселелерді айқындауды; көне діни ілімдердің аясында архаикалық діндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды; меңгеруі тиіс (көрсете алатын деңгейде болу): архаикалық діндердің ерекешеліктері мен мазмұнын нақты түсінікті формада жеткізе білу қабілетін, пікірталас жүргізуді, тарих мәселелері саласында дербес талдау жасауды, діндердің қызметі мен діни ілімінің ұйымдасуына талдау жасауды игеруі тиіс.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Буддизм тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: буддизм тарихын қоғам тарихы дамуының бір бөлігі ретінде қарастыру, оқытылып отырған курстың маңызын, оның басқа пәндерге қатысты рөлін көрсету. Мазмұны: Курс әлемдік діндердің бірі болып табылатын буддизмнің ерекшелігін, буддизмнің пайда болуын, буддизмнің діни ілімі және ғибадатын, Буддизмдегі бағыттарды қарастырады. Білу керек: – буддизмнің діни ілімінің негізін, пайда болу тарихы мен негізгі даму кезеңдерін; – буддизмнің негізгі мәдени дәстүрлері және олардың әр кезеңдегі қоғамның әлеуметтік өміріндегі рөлін, діни ғибадаттарын, олардың қауымдық ұйымдарын. Істей алуы керек: – буддизм дінін мәдени феномен ретінде қарастырудың негізгі бағыттарын көрсету; – мәлімет көздерімен жұмыс істеу; Дағдысы болуы керек: Дінтанулық мәселелерді өздігінен сараптама жасау; – діни және ғылыми дүниетанымдарға жалпы ғылыми тұрғыда түсінік бере алу, діннің өткен кезеңдегі және болашақтағы рөлін түсіну.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дін әлеуметтануы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді дін социологиясының маңызды құрамдас бөлігі ретінде түсініктердің дамуына ықпал етеді, дін социологиясының негізгі категориялары мен терминдерімен таныстыру. Мазмұны: дінді зерттеу әлеуметтану ғылымының негізін салушылардың еңбектерімен қарастырылады; дін әлеуметтануы дінтанудың бір саласы ретінде М. Вебер, Э. Дюркгейм, Г. Зиммель және басқалардың социологиясы, негізгі бағыттар және мектептер; зайырлы және конфессиональды социология қамтылады. Білу керек: XIX–XXғғ. Дін әлеуметтануындағы дін туралы негізгі концепциялар мен ұғымдарды; – дін социологиясындағы негізгі теориялық концепциялардың мазмұнын; – эмпирикалық зерттеулердегі ғылыми түсінікті жасауға қажетті дін социологиясындағы негізгі теориялық концепцияларды. жасай алуы керек – дін социологиясындағы негізгі ұғымдарды қолдануды; – діндарлықтың белгілерін және олардағы тоталитарлық көріністерді анықтау; Меңгеруі тиіс: – ойлау мәдениетін, мәліметтерді қабылдау, кеңейту сараптау, мақсат қою және оған жету жолын таңдауды; – өзін-өзі дамыту, өзінің кәсіби деңгейін және шеберлігін көтеру жолдарын; –зерттеу пәнінінің саласында сараптамалық ойлау дағдыларын; – әлеуметтік мәні бар мәселелер мен үрдістерді сараптауды.

Дін психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Курс студенттердің бойында дін психологиясына дінтанудың бір саласы ретінде қарайтын көзқарасты қалыптастырады. Мазмұны: В. Вундт, Т. Рибо, Т. Флурнуа, У. Джеймс, Е.Д. Сарбеков, Дж.А. Леуб еңбектеріндегі діннің сараптамасы, дін психологияынның негізгі бағыттары қарастырылады; зайырлы және конфессионалды дін психологиясы; дінді зерттеудің жалпыпсихологиялық және әлеуметтік-психологиялық бағыттары; дін психологиясындағы бихевиоризм, гештальтпсихологиясы, психоанализ туралы білім беріледі. Білу керек: Дін психологиясындағы дін туралы негізгі концепциялар мен ұғымдарды; – дін психологиясындағы негізгі теориялық концепциялардың мазмұнын; – эмпирикалық зерттеулердегі ғылыми түсінікті жасауға қажетті дін психологиясындағы негізгі теориялық концепцияларды. жасай алуы керек – дін психологиясындағы негізгі ұғымдарды қолдануды; – діндарлықтың белгілерін және олардағы тоталитарлық көріністердің психологиялық астарларын анықтау; Меңгеруі тиіс: – ойлау мәдениетін, мәліметтерді қабылдау, кеңейту сараптау, мақсат қою және оған жету жолын таңдауды; – өзін-өзі дамыту, өзінің кәсіби деңгейін және шеберлігін көтеру жолдарын; –зерттеу пәнінінің саласында сараптамалық ойлау дағдыларын; – психологиялық мәні бар мәселелер мен үрдістерді сараптауды.

Діни антропология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: адам, индивид, тұлға, индивидуалдылық онтогенезі мәселелерімен, құдай ілімі және философиялық түсініктегі тән, жан, адам рухы ұғымдарымен, теологиялық танатология, теология және философия. Мазмұны: діни антропологияның өзіндік ерекшелігін ашады, оның негізгі аспектілері, діни антропологияның эволюциясы діни-антропологиялық ілімдердің типтері, әлемдік діндердегі, аймақтық, этникалық діндердегі адам мәселелерін қарастырады. Православтық антропология. Исламдық антропология. Буддизм антропологиясы. Адам онтогенезі индивид, тұлға жекелік; тән, жан, рух діни ілімдегі және философиялық ұғымдағы адам; теологиялық танатология; теология және философия. Білу керек: – діни антропологияның категориялары және ұғымдары; – адамның пайда болуы, мәні мен тіршілік ету мәселелері философия мен теологияның сұхбатындағы оның орны, өлімі мен мәңгілігі; – діни антропологияның негізгі категориалдық аппараты; Істей алуы керек –діни антропологияның ерекшелігін, оның аспектілері мен деңгейлерін сараптау; –философиялық-антропологияның аргументтерінің жаңа идеяларын діни апологетикада креативті түрлендіру- Дағдысы болуы керек– түпнұсқалармен шығармашылық жұмысты дамыта отырып, өздігінен әдебиетпен жұмыс істеу

Діни коммуникация ерекшелігі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: дін саласындағы мәдениетаралық коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру. Мазмұны: Заманауи қоғамда дін саласындағы мәдениетаралық коммуникация жаһандық әлемдік қарым-қатынастың құрамдас бөлігі болып табылады. Болашақ дінтанушы үшін діни коммуникацияның көрнекі құралдарын қолдана білу аса маңызды. Курсты меңгеру барысында дін саласында шетел мәдени лексикасын қолдану ерекшелігіне талдау жасалады. Білуі тиіс: - коммуникативті актты талдау әдістерін; - коммуникация факторларын; - діни диалог жанрын; - позитивті диалог жағдайында коммуникативті барьерлерді жеңу әдістерін; Жасай алуы тиіс: - діни коммуникация ерекшелігін кәсіби қызметте қолдана білу, діни коммуникация саласында біліді тарату үдерісінде пайдалана алу; - коммуникация құрылымын талдау, бірегейлендіру және діни коммуникация түрлерін талдау. Меңгеруі тиіс: - коммуникация теориясының терминологиялық аппаратын; - түрлі конфессионалды топтардың өкілдерімен сұхбаттасу түрлерін.

Діни философия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді Құдай мен адамның қарым-қатынасының әр түрлі моделдерін қарастыратын философиялық әдебиеттердің негізімен таныстыру. Мазмұны: діни философиядағы онтологиялық, метафизикалық, гносеологиялық, аксиологиялық, этикалық және әлеуметтік-саяси мәселелердің қарастырылу ерекшеліктерін; буддизм философиясы, христиандық, исламдық философияның негізгі бағыттары және мектептерін зерттейді. Білу керек: – діни философияның категориялары және ұғымдары; – адамның пайда болуы, мәні мен тіршілік ету мәселелері философия мен теологияның сұхбатындағы оның орны, өлімі мен мәңгілігі; – діни философияның негізгі категориалдық аппараты; Істей алуы керек –діни философияның аспектілері мен деңгейлерін сараптау; Дағдыға иеленіуі керек– түпнұсқалармен шығармашылық жұмысты дамыта отырып, өздігінен әдебиетпен жұмыс істеу

Діни ілім әдебиеті (Әлем діндерінің қасиетті мәтіндері)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студентерді діни әдебиеттермен және теологияның негіздерімен әлемдік және отандық тарих контексінде таныстыру. Мазмұны: Діни мәтіндер мен қасиетті кітаптарды оқу: «Упанишад», «Авеста», «Махабхарата», «Інжіл», «Құран». Мәтіндер әдебиеттік, композициялық, мазмұндық формада зерттеледі. Әр түрлі діни ілімдердің ерекшеліктері мен діни қйымдардың мемлекеттік институттармен қарым–қатынасы туралы білімді меңгеру.Иудаизм теологиясы. Индуизм және буддизм теологиясы. Ежелгі христиандық , православтық және католиктік теология. Протестанттық, неопротестанттық және зайырлы теология. Ислам теологиясы Білу керек: – теология пәні, осы саланың даму тарихын; – классикалықдіни әдебиеттерді; – Шіркеудің шіркеулік-иерархиялық құрылымын, Шіркеудіңәлеуметтік концепциясының негіздерін; –апофатикалық және катафатикалық діни ілдердегі құдайды тану мәселелерін; Істей алуы керек: – өздігінен тұжырым жасау; – курс бойынша материалдарды сараптау; – теологияның ториялық негіздерінен білім көрсету; Дағдысы болуы керек: – сыни ойлау; – алған білімді практикада қолдану.

Діни эстетика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: тұлғаның адамгершілік және эстетикалық мәдениетінің теориялық негізін қалыптастыру - толыққанды маманның қалыптасуы және кәсіпқойлыққа жетудің маңызды шарты болып табылады. Мазмұны: эстетикалық жүйелердің философиямен, психологиямен байланысын ашады.. Білуі тиіс: діни эстетикалық конфессионалды қатынастардың түрлері мен олардың мазмұнын, эволюциясы мен діни маңызын, курстың пәндік саласын, Жасай білуі: түрлі діни дәстүрлердің эстетикалық терминологиясын меңгеру; Меңгеруі тиіс. діни эстетикалық мәселелерді талдау негізінде зерттелетін құбылыстар мен үдерістердің діни этикалық түсіндірмесін беруді;

Діни этика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттердің фундаменталды этикалық және эстетикалық білімдерге деген қызығушылықтарын дамыту, адамдар арасындағы, тарихи оқиғаларды адамгершілік құндылықтары тұрғысынан бағалау қажеттіліктерін қалыптасуына түрткі болады. Мазмұны: Діни этиканың пәні, мақсаты мен міндеттерін, діни ілімдердегі адамгершілік ұғымы, діндердегі парыз, Білуі тиіс: діни этикалық конфессионалды қатынастардың түрлері мен олардың мазмұнын, эволюциясы мен діни маңызын, курстың пәндік саласын, этика мен аксиологияның жүйелілік-категориалды аппаратын. Жасай білуі: діни дәстүрдегі адамгершілік ілімді теологиялық талдау;

Жаһандану жағдайындағы дін
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттердің бойында әлемдік діндердің көптүрлілігі туралы, олардың арасындағы байланыстар жайында көзқарастарды қалыптастыру; дін мен қоғам өзара ықпалын, адамзат өркениеті тарихындағы діннің рөлін зерттеу; дінтану саласында фундаменталды ұғымдарды меңгеру; заманауи конфессионалды жағдай ерекшеліктерін түсіну қабілетін дамыту. Мазмұны: қазіргі әлемдегі діни жағдай туралы, жаһанданудың діни аспектілері, жаһандану жағдайындағы діндердің таралі үрдістері, жаһандану агенттері болып табылатын діни ұйымдар туралы білімдерді қалыптастыру. Білуі тиіс: - дінтанудың негізгі теориялық қағидаларын, категориялары мен ұғымдарын; - діни феномендерді зерттеуді; ; - діннің құрылымдық элементтерін және оның негізгі қызметтерін; - дін типологиясын және оның даму тарихын; - діннің адамзаттың рухани тарихындағы рөлі мен орнын. Жасай алуы тиіс: - адам мен қоғам өміріндегі дін рөлін талдай алуы тиіс; - адамзаттың мәдени динамикасындағы діннің орнын талдай алуы тиіс; - адамзаттың өркениеттік даму жолдарын қалыптастырудағы әлемдік діндердің рөлін талдай алуы тиіс; - қазіргі қоғамдағы мемлекет пен шіркеу арасындағы өзара қарым-қатынас диалектикасын талдай алуы тиіс; - жаһандану жағдайындағы діннің рөлі мен орнын талдай алуы тиіс; Меңгеруі тиіс: - толеранттылықтың нормативті-құндылықтық, мәдени және гуманистік негіздерін.

Ислам тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәннің мақсаты - Исламның пайда болуы мен қалыптасуын жан жақты қарастыру. Бұл пәнді оқып үйрену арқылы студент Ислам туралы ғылыми дүниетанымы қалыптасады . Исламға дейінгі кезеңдегі араб жартыаралының тарихын білу; Мұхаммедтің пайғамбарлыққа дейінгі өмір жолын білу; Мұхаммедтің пайғамбардың пайғамбарлық қызметі: Меккеге қоныс аударуы Исламның таралуының жаңа кезеңі. Мухаджирлер мен ансарлар. Жаңа ислам мемлекетінің құрылуы.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалды қатынастар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым қатынастың заңнамалық негіздері туралы білім беру. Мазмұны: Діни бірлестіктерді құру, тіркеу, тарату және олардың қызметін реттеу мен қадағалаудың мемлекеттік ережелері жайлы түсінік қалыптастыру. Білуі тиіс: діни бірлестіктердің қызметін мемлекеттік құқықтық реттеуді; діни бірлестіктердің қызметін Қазақстанның тиісті заңнамасы негізінде қызмет етуін қадағалауды; Жасай алуы тиіс: қазіргі заманғы дінтану тұрғысынан діндердің қоғам мен мемлекет өміріндегі атқаратын нақты қызметтерін кешенді талдай алуы; Меңгеруі тиіс: зайырлы қоғамда діни бірлестіктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын зерделей білуі және діндердің реттеуші, біріктіруші және әлеуметтік институт ретіндегі рөлін нақты тәжірибеде қолдана білуді.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі әлемдегі дін эволюциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Студенттерге қазіргі әлемдегі дін туралы бірегей көзқарастарды үйрету. Міндеттері: - түрлі конфессиялардың (буддизм, христиандық, исламның) әлеуметтік-саяси доктриналарын оқыту; - қоғамдағы әлеуметтік-саяси үдерістерді талдағанда діни факторды ескеру, оның әлеуметтік және саяси аспектілері, қандай да бір конфессиялардың әлеуметтік және саяси бағдарларға ықпал етуін ескеру; ХХ ғасырдағы бұқаралық мәдениетке діни сана интеграциясының сипаты мен түрлерін анықтау. Мазмұны: Дін мен саясаттың қарым қатынасы, қоғам өміріндегі діннің саясилануы және діни саяси ағымдардың қызметі мен ұйымдасу формалары, құрылымдық ерекшеліктері туралы білім беру. Қазіргі әлемдегі және еліміздегі дінге қатысты мемлекеттік саясаттың қағидалары мен ерекшеліктерін түсіндіру. Білуі тиіс: дін мен саясаттың өзара байланысы мен өзара ықпалдасу ерекшеліктерін; Қазақстандағы және әлемдегі діннің қоғамдық өмірге ықпалын білуі; Жасай алуы: зайырлы және теократиялық мемлекеттердегі дін мен саясаттың өзара әрекеттестігін айыра білу; дін мен саясаттың әлеуметтік қарым қатынастарға тигізер ықпалын айқындауды; Меңгеруі тиіс: дін мен саясаттың қоғамдық сананың формалары ретінде атқаратын қызметін; дін мен саясаттың заманауи әлемдегі орны туралы концепцияларды іс жүзінде асыра білуі тиіс.

Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Білім алушыларда ғылыми дінтанушылық дүниетанымның қалыптасуына ықпал ететін негізгі теориялық тұжырын оқыту, қоғам дамуының нақтылы тарихи кезеңдерінде дін саласындағы мемлекет саясатымен байланысты процестер мен құбылыстарды зерттеу тәжірибесін меңгеру. Мазмұны: «Қазіргі діни қозғалыстар және ғибадаттар » пәні дәстүрден тыс діни ұйымдардың қазіргі Қазақстанның «Діни сенім және діни бірлестіктер» заңының шеңберінде оқылады. Білу керек: Адамзаттың бүкіл тарихының кезеңдеріндегі діннің қалыптасуы мен дамуын білу; – «Саясат», «дін», «еркіндік», «ар-ұждан», «діни сенім» ұғымдарының мәнінің әр түрлі контексте ашылуын ескеру және айыра білу меңгеру (білімін көрсете алу)дін туралы білімін қолдана отырып діни кешеннің мазмұнын, мемлекеттің дінге, өз әрекетін іштей адамгершілік тұрғыда бағалайтын ар-ұжданға қатысты саясатын түсінікті түрде ерекшеліктерін көрсету және талдау, діни қозғалыстардың тарихы, ілімдері, қызметтері, ұймдастырылуы мәселелерін сараптау саласында өздігінен жұмыс жасай алу және дағдылану, діни қызмет субъектілерімен қарым –қатынас орнатуды іске асыруға бейімделу және дағдылану.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Мамандыққа кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: «Мамандыққа кіріспе» курсының теориялық материалдарын деректі физикалық құбылыстарды талдауға қолдануды үйрену. Қажетті ядролық физикадағы шамаларды өлшеуді үйрену, қазіргі физиканың жетістіктерімен танысу. Мазмұны: «Мамандыққа кіріспе» курсы жалпы физиканың қосымша бөлігі болғандықтан, физика курсында оқытылатын физикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге көмектесу, ядролық физикадағы тәжірибе жүргізудің қарапайым әдістерін үйрету. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Физикалық шамаларды өлшеудің негізгі әдістерін, тәжірибелік нәтижелерді статистикалық өңдеудің әдістерін; Пайдалана білуі керек: Өлшеу приборларын және тәжірибелік қондырғыларды; Дағдылану керек: Ядролық физикадағы шамаларды өлшеуге арналған приборларға, алынған нәтижелерді ұқыпты өңдеу, талдау және бағалауға;

Миссионерлік әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Орталық Азиядағы суфизм
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді суфизмнің пайда болуының ерекшеліктері мен негізгі алғышарттарын, сыртқы ықпалдардың рөлін таныстырады. Мазмұны: VIII ғ. аскеттік-мистикалық бағыттардың қалыптасуы мен даму жолдары. Сопылықтың «классикалық» даму кезеңі. Сопылық дәстүрдің жүйеленуі. Сопылық ілімнің негізгі ережелері. XII-XIII ғғ. сопылықтың гүлденуі. Сопылық және оның институттарының гүлденуіне себеп болған идеялық және әлеуметтік саяси факторлар. XII-XIII ғғ сопылықтың философиялануы. Мұсылман әлемінің орталық бөліктерінде сопылық бауырластықтардың пайда болуы (XII-XIII ғғ.). Қожа Ахмет Яссауи ілімі. Суфизм және поэзия (XIII-XVI ғғ.). Орталық Азиядағы қазіргі сопылықтың дамуы. білуі тиіс: исламның пайда болуы мен даму тарихының ерекшелігін; - сопылықтың негізгі ұғымдары мен түсініктерін негізгі сопылық мектептерді жасай алуы тиіс: қазіргі мұсылман әлеміндегі сопылықтың орны мен рөлінің ара жігін ажырата алу. Меңгеруі тиіс: – ойлау мәдениетін, мәліметтерді қабылдау, кеңейту сараптау, мақсат қою және оған жету жолын таңдауды; – өзін-өзі дамыту, өзінің кәсіби деңгейін және шеберлігін көтеру жолдарын; –зерттеу пәнінің саласында сараптамалық ойлау дағдыларын;

Теологияға кіріспе
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді әлемдік және отандық тарих аясында теология негіздерімен таныстыру Мазмұны: Теологияның өзекті мәселелерін, ерекшеліктері мен даму тенденцияларын қарастырады. Бұл курстың мақсаты құдай туралы ілімнің мәселелерін зерттеу болып табылады. Теологияның догматтық және адамгершілік туралы тақырыптарымен таныстыру, ең бастысы теология мен философия арасындағы сұхбаттастықты көрсету. білуі тиіс: теологиялық ілімнің ерекшеліктерін; - теологияның негізгі ұғымдары мен түсініктерін, басты теологиялық мектептерді. жасай алуы тиіс: қазіргі теологиялық концепциялардың ара жігін ажырата алуы. меңгеруі тиіс: теологиялық мәтіндермен жұмыс жасауды және ондағы көтеріліп отырған мәселелерді сараптауды.

Ұлттық діндер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді түрлі халықтардың ұлттық діндерімен таныстыру. Мазмұны: Бұл курс Шығыстың діндерін қарастырады: Үнді діндері (ведалық культтер, брахманизм). Джайнизм; индуизм. Буддизм. Зороастризм. Даосизм және конфуциандық. Синтоизм. Иудаизм: пайда болуы; иудаизмнің негізгі тарихи кезеңдері; иудаизмнің қазіргі ағымдары. Зороастризм. Тәңіршілдік. Батыс халықтарының Көне Грецияның, Египеттің діндері. Білуі тиіс: осы діндердің әртүрлі тарихи кезеңдердегі пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін; ұлттық діндердің сенім негіздері мен ғұрыптарын; жасай алуы тиіс: зерттеліп отырған діндердің канондық мәтіндерін талдау арқылы негізгі мәселелерді айқындауды; ұлттық діндердің діни ілімдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды; игеруі тиіс (көрсете алатын деңгейде болу): ұлттық діндердің ерекешеліктері мен мазмұнын нақты түсінікті формада жеткізе білу қабілетін, пікірталас жүргізуді, тарих мәселелері саласында дербес талдау жасауды, діндердің қызметі мен діни ілімінің ұйымдасуына талдау жасауды игеруі тиіс.

Ханафи мазхабы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді суниттік исламдағы төрт құқықтық мектептердің бірі Ханафи мазхабының ілімімен таныстыру. Мазмұны: Курста ханафи мазхабының негізін салушы Абу Ханифа және оның шәкірттері Мухаммад аш-Шайбани, Абу Юсуф, Зуфар ибн аль-Хузайлдардың қалыптастырған ілімі қарастырылады. Абу Ханифа тәжірибесі. Ханафи мазһабының дереккөздері. Мазхабтың негізгі кітаптары: Масаилю'ль-усуль,Захиру'р-Риваййа, «Масаилю'н-навадир», «Гайри Захиру-р-риваййа», Аль-Вакиат және пәтуалар. Ханафи мазхабының терминдері. Ханафи мазхабының дүниетанымдық және философиялық негіздері. Абу Мансур аль-Матуриди. «Китабат-таухид». Білу керек: – курс бойынша деректік материалдарды; – ханафи мазхабының негіздері мен дәстүр және діннің сабақтастығын Істей алуы керек – Ханафи мазхабының теориялық негіздері және курс бойынша әдістемелік әдебиеттер туралы білімді көрсету; – Ханафи мазхабының діни –моралдық мәселелерін сыни тұрғыда қарастыру. Дағдысы болуы керек: – ғылыми пікірталасқа түсу дағдысы; – өзіндік дүниетанымын еркін көрсету; – курстан алған білімін практикада қолдану.

Христиандық тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге Христиандықтың пайда болуы және оның мәні, Христиандық діни ілім және ғибадат, негізгі бағыттары туралы білім беріледі. Мазмұны: христиандық тарихын діндер тарихының бөлігі ретінде қарастыру, оқытылып отырған курстың маңызын, оның басқа пәндерге қатысты ролін көрсету. Модуль әлемдік діндердің бірі болып табылатын христиан дінінің ерекшелігін қарастырады. Білу керек: – христиандықтың діни ілімінің негізін, пайда болу тарихы мен негізгі даму кезеңдерін; – христиандықтың қоғамның әлеуметтік өміріндегі рөлін, діни ғибадаттарын, олардың қауымдық ұйымдарын. Істей алуы керек: – хрситиан дінін мәдени феномен ретінде қарстырудың негізгі бағыттарын көрсету; – мәлімет көздерімен жұмыс істеу; Дағдысы болуыкерек: Дінтанулық мәселелерді өздігінен сараптама жасау; – діни және ғылыми дүниетанымдарға жалпы ғылыми тұрғыда түсінік бере алу, діннің өткен кезеңдегі және болашақтағы рөлін түсіну;

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Эзотерикалық және мистикалық ілімдер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Араб тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді араб тілінің құрылымы туралы теориялық біліммен таныстыру; Мазмұны: грамматикалық жүйе қызметінің ерекшеліктерін, диалекттердің түрлерін, араб мәдениетінің құндылықтарын түсіну; осы пәннің терминологиялық аппаратымен танысу. білуі тиіс: араб тілінің таралған аймағын, диалектілердің түрлерін, грамматикалық жүйесінің қызмет ету ерекшелігін, араб мәдениетінің құндылықтарын; жасай алуы тиіс: кұрделі емес тақырыптарға сұхбат жүргізу: кездесу, танысу, қала, отбасы және т.б..; күрделі емес араб тілді мәтіндерді талдау, грамматикалық талдау жасау; жеңіл мәтіннің мазмұнын ұғынықты тілде түсіндірмелеу; игеруі тиіс: пәннің терминологиялық аппаратын; араб тіліне тән дыбыстарды айта білу; жеңіл араб лексикасын құрастыра алу; жазу мен оқу дағдыларын.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Библеистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері:. Студенттерге алған білімдерін танымдық және кәсіби деңгейде пайдалануға көмектеседі. Мазмұны: Пән Көне Өсиет пен Жаңа Өсиеттің пайда болу тарихын, мерзімдерін мазмұнын және аудару мәселелерін оқытады. Інжілдік әдебиет ежелгі Шығыс және Антикалық мәдени дәстүр контексінде қарастырылады. Інжіл Қасиетті Жазбалар және мәдени мұра ретәнде. Жаңа Өсиеттік әдебиет. Жаңа Өсиеттік кітаптар канонының қалыптасуы мәселелерін зерттейді. Білу керек: Қасиетті Жазбалар атты ортақ ұғыммен біріккен кітаптар жиынтығын; сакральды мәтіндердің мазмұнын. Істей алуы керек Мәтіндерді түсіндіруді кәсіби қажеттілікте қолдану, оны танымдық және мамандық қызметте қолдану. Дағдысы болуы керек: Қасиетті Жазбалардығы мәнді ерекшеліктерді көрсете білуге; ойлау мәдениетіне; мәліметтерді қабылдау және сараптауға, мақсат қоюға және оған жетуге дағдылану.

Диалектикалық теология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: өскелең ұрпақпен жұмыс жасау кезіндегі ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық дағдыларды қалыптастыру. Пәнді оқуды маңызды міндеті теология тарихының маңызды бастауларын меңгеру болып табылады. Мазмұны: Диалектикалық теология. Негізгі өкілдері: Карл Барт, Пауль Тиллих, Эмиль Бруннер, Рудольф Бультман. Диалектикалық теологияның негізі иррационалды сенім және дін арасындағы, сонымен бірге мәңгі Ашылумен тарихи хабарлама арасындағы қайшылық болып табылады. «Шіркеулік догматика». «Керигма.» Білуі тиіс: Католиктік және протеcтанттық шіркеулердің негізгі ұғымдарының мазмұнын, құлшылық ету ерекшеліктерін сипаттау және басқару жүйелерін католик және протестант шіркеулерінің заманауи мәселелері мен мен міндеттерін: Жасай алуы тиіс: Шіркеулік-тарихи оқиғалардың маңызы мен мәнін, себептерін түсіндіру, тарихи фактілер мен құбылысты талдау, өзіндік баға беру. Меңгеруі тиіс: католиктік және протесттанттық конфессиялардың діни ерекшелігін және мазмұнын айқын түрде түсіндірме беру қабілетін.

Дін туралы ҚР заңнамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері дін мен құқықтың көпқырлы байланыстары туралы түсінік беру. Мазмұны: Құқық және дін: Салыстырмалы қыры, Дәстүрлі емес діни қозғалыстар құбылысы және оларды құқықтық реттеу тәсілдері ҚҰқықтың этно-мәдени элементтері тән мемлекеттік-құқықтық жүйелерді дайындаудың әлемдік тәжірибесі. Білуі. Діни бірлестіктерлің қызметін мемлекеттік- құқықтық реттеу және Қазақстандағы дүстүрлі конфессиялардың оған қатынасы. Жасауы: Заманауи дінтану тұрғысынан жаңа діндер құбылысының нақты көріну формалары мен мәнің кешенді талдау: Меңгеруі тиіс: жаңа діндердің ұғымдық аппаратын, діни іліміі мен ғұрыптық әлеуметтік- адамгершілік мазмұнын, жұбатушы, реттеуші және мативациялық және эмоционалды –еріктік тұстарын.

Ежелгі христиан шіркеуінің тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерде ойлау қабілеттерінің кеңеюін қоғамдық өмірдің әр түрлі ұстанымдарына және әр түрлі христиандық кофессиялық дүниетанымға сыйластық қарым-қатынастарының қалыптасуын қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың дедуктивтік әдістерді тарихты зерттеуде және қазіргі қоғамның шындығын түсінуде, жалпы әлемдік қауымдастық пен Қазақстан мемлекетінде қайшылықсыз қоғамның негізін құруда қолдану. Мазмұны: «Ежелгі христиандық шіркеу тарихы» келесі тараулардан тұрады: 1) «Христиандық шіркеудің пайда болуы және қалыптасуы; 2) «Әлемдік Собор кезеңіндегі христиандық діни ілім»; 3) «Шығыс пен Батыстағы зайырлы және діни билік қатынасы»; 4) «Христиандық шіркеудің православие мен католицизмге бөлінуі». Білу керек: - Ежелгі христиандық шіркеу тарихының негізгі кезеңдері ; - Ежелгі христиандық шіркеу тарихындағы негізгі жағдайлар мен процестердің себеп-салдар байланысы және жүйесі. Істей алуы керек ежелгі христиандық шіркеу тарихы бойынша негізгі тарихи кезеңдерді бір байланыста түсіндіру; - ежелгі христиандық шіркеу тарихындағы негізгі оқиғаларға ғылыми тұрғыда баға беру; Дағдысы болуы керек: - христиандық шіркеу оқиғаларына тарихи сараптама беруге дағдысын иелену; - Шіркеу болмысының Жаратушының әлеміндегі әрекетіментарихи байланысын түсіну.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Ислам құқығының тарихы. Фикх теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттердің дәстүрлі ислам құқығының негізгі концепцияларын, принциптерін және ұғымдарын меңгеру. Мазмұны: Шариат және фикх – ислам құқығының негізгі категориялары. Шариғат ұғымы және құрылымы. «Практикалық» нормалар – шариғаттың маңызды элементі. Шариғаттағы мінез-құлықтың ара-қатынасы. Білу керек: Мұсылман құқығының негізгі ұңымдары, принциптері, теориылары мен тарихын, махзхабтар туралы көзқарас қалыптастырады. Істей алуы керек: Ал-фикх бойынша құқықтық жағдайының ерекшеліктерін ажырата білу; Меңгеру: Тарихи зерттеу әдістемесі мен негізгі әдістерін;

Ислам тарихы және Мухаммед пайғамбардың өмірі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытуда студенттерге ислам тарихы туралы нақты білім беру мен қоса, деректі материалдардыжәне қоғамдық даму заңдылықтарын меңгерту мақсаты қойылады. Мазмұны: Мұсылман әлемінің тарихымен таныстыру, оның негізгі мәселелерімен, категориялары және ұғымдарымен, исламдық дәстүр және олардың уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін, бір ортақ құзыретті мәтінге сенумен қатар мұсылман мәдениетінің әр түрлілігімен таныстыру. Білу ислам тарихының негізгі кезеңдерін, уақытын және Мұхаммед пайғамбардың өмір тарихын Жасай алуы тиіс ислам сөзінің және ислами идеологиялық бағыттарының жанрлары мен түрлерін анықтау, тарихи зерттеулердегі, арнайы әдебиеттердегі қайнар көздерді әдістерін сыни талдау; Меңгеру Мамандық бойынша базаны меңгеру;

Ислам теологиясы және ислам ілімі: Акыда
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Негізгі догматикалық, адамгершілік-этикалық құдай ілімін, ислам теологиясының шииттік, сунниттік және басқа бағыттарының мазмұнын ерекшеліктерін оқуға көмектеседі. Мазмұны: ислам теологиясын қалыптасу және даму үдерісін зерттейді: калам рационалистік теология (аль-Хасан аль Басри, Амра ен Убейда, Васым ибн Ата, ан- Наззам, аль Джахид и др.); Мұсылман теологиясындағы рационалды ағымдар (ханбалиттер, ашариттер), суфийлік теология (Зу-и-Нун- аль- Мисри, Абу Хамид аль- Газали, ибн- Араби и др.), Мусылман теологиясының жүйесін (құдай ілімі); Білу керек: - исламның тарихы, мәдениетін, сенім принциптерін; -исламның пайда болу, қалыптасу және ары қарай даму еркшеліктерімен байланысты оқиғаларды; Істей алуы керек: -қазіргі әлемдегі исламның жағдайын талдау; - араб әлемі тарихындағы үдерістер мен құбылыстарды талдау үшін қолдану; Меңгеру: -тарихи зерттеудің әдістері мен әдістемелерін.

Ислам философиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Пәнді оқытуда студенттерге ислам тарихы және ислам философиясы туралы нақты білім беру мен қоса, деректі материалдарды және қоғамдық даму заңдылықтарын меңгерту мақсаты қойылады. Мазмұны: Мұсылман әлемінің тарихымен, философиялық ой тарихымен таныстыру, оның негізгі мәселелерімен, категориялары және ұғымдарымен, исламдық дәстүр және олардың уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін, бір ортақ құзыретті мәтінге сенумен қатар мұсылман мәдениетінің әр түрлілігімен таныстыру. білуі тиіс: Ислам философиясының негізгі категорияларын, принциптерін, заңдарын, құрылымы мен қызметтік. Ислам философиялық ойының дамуының негізгі кезеңдері мен олардың жалпы сипатталуымен, басты бағыттары мен ислам философиясының мектептерін жасай білуі: күнделікті қызметте философиялық білімінің негізгі ұстанымдарын қолдана білу; Әлеуметтік проценттерді талдау үшін философиялық білімді қолдау; меңгеруі тиіс: Кәсіби қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері мен әдістерін табу; Әлеуметтік –саяси жағдайға обьективті баға беру;

Ислам этикасы және өнегелік (Ахлақ)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студентерге адамгершілік –этикалық діни ілімнің негізгі, догматтары; исламтеологиясының шеиттік, суниттік және басқа бағыттардың діни ілімдерінің мазмұндық ерекшеліктерін таныстыру. Мазмұны: исламдық теология жабариттер мен кадариттердің түп негіздері, қалыптасуы және дамуы оқытылады; рационалдық теология қалам (аль-ХасанальБасри, Әмірен Убейда, Басым ибн Ата, ан-Наззам, аль Жахид және басқалар.); Мұсылмандық теология шеңберіндегі рационалдық ағымдар (ханбалиттер, ашариттер), сопылық теология (Зу-и-Нун- аль-Мысри, Абу Хамидаль-Қазали, ибн- Араби және басқаларлардың ілімінің мұсылмандық теологиядағы орны; Білу керек: - исламдық діни сенімнің принциптерін, тарихын, мәдениетін; - исламның пайда болуы, қалыптасуы дамуы және орнығу ерекшеліктерімен байланысты сюжеттерді; Істей алуы керек қазіргі кезеңдегі исламның әлемдегі орнына сараптама жасау; - оларды араб әлемінің тарихындағы құбылыстар мен процестерді сараптау практикасында қолдану; Дағдысы болуы керек тарихи зерттеудің негізгі әдістері және тәжірибелерін меңгеру.

Канондық құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты адамның шындықты қабылдауын қасиеттендеруі ретінде діни өнердің мазмұнын ашу, мистикалық тәжірибенің жетістіктерінің, вербалды психо-менталды және діни және мифологиялық хронотоптарды материалдық құрастырудың ерекшеліктерін меңгерту. Қысқаша мазмұны: Әлемдік діндердің ғұрыптық архитектурасы пәнаралық дінтанулық зерттеудің пәні ретінде. Діни өнердің архаикалық пласттары. Халықтық ұлттық діндердің сакралды өнері. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант төмендегі құзыреттерді меңгеруі т

Кореяның мәдени дипломатиясы
  • Бақылау түрі - Аудит
  • Сипаттамасы - Аудит - востоковедения

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қазіргі исламдық ағымдар мен бағыттар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттердің заманауи идеялық-саяси қозғалыстарын кәсіби түсіндіру. Мазмұны: Жаңа ғасырдың әлемдік тарихы аясында мұсылмандық қоғамдардың өркениеттік ерекшеліктері. Мұсылман дүниетанымының негіздері: Құдай идеясы, умма идеясы. Исламдағы еркіндік, теңдік, билік пен меншік идеялары. Шіркеу институтының жоқтығы. Исламдағы дәстүр және дәстүрлі руханилық.. Иджтихад және таклид. Джихад және оның концепциялары. Білу керек: - исламдық діни сенімнің принциптерін, тарихын, мәдениетін; - исламның пайда болуы, қалыптасуы дамуы және орнығу ерекшеліктерімен байланысты сюжеттерді; Істей алуы керек қазіргі кезеңдегі исламның әлемдегі орнына сараптама жасау; - оларды араб әлемінің тарихындағы құбылыстар мен процестерді сараптау практикасында қолдану; Дағдысы болуы керек тарихи зерттеудің негізгі методтары және тәжірибелерін меңгеру.

Қазіргі христиандық ағымдар және бағыттар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттердің заманауи идеялық-саяси қозғалыстарын кәсіби түсіндіру. Мазмұны: Жаңа ғасырдың әлемдік тарихы аясында христиандық қоғамдардың өркениеттік ерекшеліктері. Христиан дүниетанымының негіздері: Үштік Құдай идеясы Білуі тиіс: Заманауи христиандық ағымдар мен бағыттар, таралу себептері, тән сипаттары, жіктемесі; пәнді игеру барысында негізгі ұғымдар мен терминдердің нақты жиынтығын. Жасай алуы тиіс: Ар-ождан және сенім бостандығы туралы заңнама бағыттарын білу. Дұрыс сараптамалық материалдарды құру, игерілген білімдерді практикада қолдана білу; Меңгеруі тиіс: негізгі ұғымдық-категориялық аппарат пен әдіснаманы және дәстүрлі емес діндердің тарихи типтерін және жіктемесін айыра білу

Қазіргі шығыс ағымдары және бағыттары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: қазіргі идеялық-саяси радикалды қозғалыстарды кәсіби түсіну қабілетін қалыптастыру. Шығыстың өркениетттік рөлін талдау, түрлі діни-саяси қауымдастықтарға сипаттама беру. Мазмұны: Жаңа ғасырдағы әлемдік тарих аясындағы шыңыс қоғамдарын өркниеттік ерекшеліктері. Шығыс дүниетанымының негіздері: Құдай идеясы. Шығыс діндеріндегі еркіндік, теңдік, билік және меншік идеялары. Білуі тиіс: қазіргі шығыстық ағымдар мен бағыттарды, сипаттамасы мен жіктемесін, таралу себептерін; Жасай алу тиіс: ар ұждан бостандығы, діни сенім құқы туралы заңнама баптарын қолдана білуі. Меңгеруі тиіс: әдіснама және негізгі категориалды ұғымдық аппаратты, қазіргі шығыстық ағымдардың типтерін және оның жіктемесін.

Қисын және дәлелдеменің қағидасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Диалогты талдаудың заманауи логикалық құралы ретінде түсіндіру. Аргументацияның құрылымдық сұлбасымен, сөз және оның құрылымымен, тиімді рационалды карым-қатынастың ережесімен таныстырады. Мазмұны: қолданбалы және практикалық бағдарлы сипатқа ие. Классикалық логика тұрғысынан аргументация. Логикалық форма ақиқат өлшемі ретінде. Дәлелденудің түрлері. Терістеу және оның түрлері. Сәйкестік заңы және табиғи тіл көрегенділік және негіздеме, логика мен аргументациядағы пайымдаудың сәйкессіздігі. Консенсус бастапқы шарт және пікірталастың негізі ретінде. Ақиқат және тәрізділік. Аргументациядағы ақиқаттылық және ақылға сиымдылық. Аргументацияның заманауи концепциясы. Сөйлеудің коммуникативтык және пропозиционалды негіздері. Аргументация ережесі және кейбір қателіктері. Білуі: Дәлелдеу мен терістеу ұғымдары, негізгі түрлері, субьектілері, құрылымы мен аргументация тәсілдерін:Дәлелдеу мен терістеудің ереджелері мен қателіктері;аргументация ұғымы мен қайшылықтарды шешу жолдары, үйлестіру мәселесі. Жасай білуі: Ойлау және кәсіби қызметте аргументацияның логиякалық негіздері туралы теологиялық білімді қолдау: Меңгеруі: Ойлау және аппокенттердің пікіріндегі софизмдер мен айлалы пікірді дәлелді түрде терістей білу білімді практикалық мақсатта қолдау тәжірибесін саналы және мақсатты түрде жинау, жүйелеу, жинақтау.

Құранды оқу және түсіндірме жасау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді тарихи ретроспективада Құранның пайда болу және қалыптасу тарихымен таныстыру. Мазмұны: Құранды бүтін кітап ретінде құрастыру тарихы. Құран әдеби ескерткіш ретінде. Полемика, аңыздар, әңгімелер, эпикалық әңгімелер; сенім, догматика, культ негіздері; құқытық және этикалық-моралды ұстанымдар. Білуі. - Қасиетті Жазу жалпы ұғымымен біріктірілген кітаптар кешені құрамы; сакралды мәтіндер мазмұны. Жасауы: - мәтіндер талқысын кәсіби қызметте, танымдық және кәсіби қызметте қолданылады. Меңгеруі тиіс: - Қасиетті Жазу маңызды белгілерін бөлу; ақпаратты қабылдау, талдау, жалпылау қабілетін.

Латын тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты:латын тілі грамматикасының негіздерін үйрену болып табылады; осы тілдің құрылымы туралы жалпы түсінік; сондай-ақ тілдік құбылыстармен тікелей байланысты мәдени ұғымдармен таныстыру немесе латын тілінің фразеологиялық жағдайымен таныстыру . Білуі тиіс:латын тіліның әріптері мен әріп құрамдарының айтылу қағидалары,сондай-ақ екпінді қою ережесін білу; жатқа белгілі бір латына мақал-мәтелдер, қанатты сөздер мен өрнектер санын білу. Істей білуі: барлық типтегі оқылатын сөздердіңзат есімнің, етістіктің, сын есімнің, есімдіктің, есімшеның) грамматикалық категорияларын анықтау

Миссионерлік әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: бүгінгі таңдағы миссионерлік жұмыстың әдістері мен (әдіснамаларын) жалпылап зерттеу. Мазмұны: пән дәстүрлі діндердегі миссионерлік пен жаңа діни ағымдардағы миссионерліктердің миссионерлік қызметтерінің әдістерін қарастырады. Миссионерлік қызметтің типтері: жастармен жұмыс, әскери адамдармен жұмыс, оқу орындарындағы жұмыс, радиобағдарламаларын, теледәрістердің дайындалуы, түрмелердегі жұмыстар, әр түрлі іс-шаралардың өткізілуі және т.б. Білу: -миссионерлік қызметтің ерекшеліктерін; -әр конфессиялардың миссионерліктерінің түрлері мен ерекшеліктерін; Істей алу: - қазіргі заманғы дінтану тұрғысынан миссионерліктің нақты түрлерін кешенді түрде сараптай алу. Меңгеру: - миссионерлікті сыни бағалай алу және сараптай алу дағдыларын.

Сакралды мәтіндер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: сакральды мәтіндерден тұратын кітаптардағы ілімдер туралы біртұтас білім кешенін студенттердің меңгеруі. Осы пәнді оқу барысында студенттер келесідей дидактикалық бірліктерді меңгереді: конфессиялардың сакральды мәтіндері. Мазмұны: Сакральды мәтіндердің пайда болуы және конфессиядағы ревеляционизм мәселесі. Сакральды мәтіндерді құраушылардың қалыптасу кезеңдері. Сакральды мәтіннің тілі. Білу: - жалпы Сакральды мәтін ұғымымен біріктірілетін кітаптар кешенін білу; Істей алу: эксперттік іс-әрекет мақсатында сакралды мәтіндердің талқылауын қолдана алуды; Меңгеру: - кәсіби қызметте сакралды мәтіндердің мазмұнын қолдана алуды.

Салыстырмалы теология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерді түпнұсқалар негізінде батыс христиан дәстүріндегі құдай ілімінің даму ерекшеліктері таныстыру, Шыңыс шіркеуінің ілімі мен догматикалық және канандық айырмашылықтарын анықтау. Мазмұны: Рим кафедрасының жоғарылау себептері. Рим империясының бөлінуі және варварлардың шабуылы. Рим Шіркеуінің басақа Шіркеулермен қарым-қатынасы. Отношение Римской Церкви с другими Білуі тиіс: Шығыс пен Батыс шіркеулерінің діни ілімі;Шығыс пен Батыс шіркеулері іліміндегі догматикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы түсінікке ие болу. Жасай білуі: православтық, католиктік, протестанттық богословия ерекшеліктерін айырып көрсету, нақты шіркеудің богословиясының негізгі ерекше ұғымдарын анықтау. Меңгеруі тиіс: Батыс шіркеуінің шығыс шіркеуінен догматикалық және канондық ерекшеліктерін айқындау дағдысына.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Сөйлеу шешендігі: хутба – Гомилетика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: Тыңдаушыларды діни ілімнің сөйлеу өнерімен таныстыру. Мазмұны: пән көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерінің тарихи негіздерін қарастырады. Сөз сөйлеу өнерінің пайда болуы және даму кезеңдері.Риториканың жаңа саласы саласы діни сөйлеу өнері – гомилетиканың пайда болуы және дамуы. Сөйлеу өнерінің мұсылмандық дәстүрі. Мұхаммед Пайғамбардың хаттары, ойлары және шешендігі, оның уағыздары. Мұсылмандық діни қызметтегі уағыз түрлері. Білу керек: Сөз риторикасының ерекшеліктері: хутба, сендірудің әдістері, шешендік өнерінің психологиялық-педагогикалық негіздері мәліметтерді жеткізудің негізгі ережелері мен әдістері; Істей алуы керек тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру; қарым-қатынас жағдайын бағдарлап отыру, әр түрлі тақырыптардағы бір –бірімен байланысты қойылған риторикалық міндеттерге сай монологтық мәтіндерді ережелері, діни қарым-қатынастардағы сәттілік пен сәтсіздіктің себептерін анқтау. Дағдысы болуы керек риториканың методтары мен тәсілдері: хутба – гомилетиканы сұқбаттық қатынастарды еркін меңгеру.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Христиан этикасы және адамгершілік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: христиан этикасының негіздерін оқыту, бұл курстың негізгі бөлігі христиандықтың адамгершілік негіздеріне арналған. Мазмұны: Моралды негіздеу мәселесі. Мораль құырылымы. Моралды нормативтіліктің табиғаты. Діни этиканың тариха үлгілері. Білуі тиіс: діни этикалық конфессионалды түрлерімен олардың мазмұнын, эволюциясы мен діни маңызын, курстың пәндік саласын, этика мен аксиологияның жүйелі-категориалды аппаратын. Жасай алуы тиіс: христиандық дәстүріндегі адамгершілік ілімді теологиялық талдау; Меңгеруі тиіс: түрлі діни дәстүрлердің этикалық терминологиясын.

Эзотериялық ілім
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: эзотеризм, мен экзотеризм ұғымдарын түсіндіреді; эзотерикалық ілімдер пәнін, эзотерикалық білімнің формаларын және оның қалыптасу механизмін; эзотерикалық құбылыстардың топтамасын, құпия құбылыстардың моралдық және ғылыми жақтарын; эзотеризм мен дін, эзотеризм және философия; эзотерикалық ілімдер тарихы; Мазмұны: Шығыс және Батыс эзотерикалық дәстүрі; оккультизм және оның түрлері; эзотерикалық ілімдер жүйесіндегі астрология және алхимия дәстүрлерін қалыптасырады. Білу керек: - әлемді танудың эзотерикалық (оккульттік)формаларының пайда болу алғы шарттары; - эзотерикалықтаным сатылары; Істей алуы керек ежелгі және қазіргі эзотерикалық ілімдерді бөлу және сараптау; - эзотерикалық мәтіндерге текстік және герменевтикалық талдау жүргізу; Дағдысы болуы керек - эзотериканы дінтанулық зерттеудің негізгі методтары және тәжірибелерін меңгеру.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение