Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Аударма ісі

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Білім беру бағдарламасы «5В020700 – Аударма ісі»
Халықаралық аккредитация: AСQUIN, 2016
Бағдарлама: 5В020700 – Аударма ісі
Дәрежесі: бакалавриат.
Емтихандар: қазақ/орыс тілі, шет тілі
Оқу түрі: күндізгі.
Оқу мерзімі: 4 жыл.
Кәсіби қызмет түрі:
- Ауызша және жазбаша аудармашы қызметі;
- Аудармашы – гид қызметі;
- Аудармашы – референт қызметі;
- Халықаралыққұрылымдар мен ұйымдардақызметету;
- Мемлекеттікжәнежергіліктібасқарусаласындаұйымдастырушылыққызметі;
- Қоғамдықжәнегуманитарлықғылымдарсаласындағығылымиқызмет.

Негізгі пәндер:
- Базалық шет тілі;
- Аударма теориясы мен практикасы;
- Ауызша аударма практикасы;
- Жазбаша аударма практикасы;
- Ақпараттық аударма практикасы;
- Көркем аударма практикасы;
- Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы және т.б.

Бағдарламаның артықшылықтары:
- шет ел (шығыс) тілін жоғары деңгейде меңгеру;
- ағылшын тілін тереңдету мүмкіндігі;
- шетелде оқу мүмкіндігі;
- оқитын елдің мәдениеті мен дәстүрін терең игеруі;
- әр түрлі аударманы машықтау.

Халықаралық байланыстар: студенттероқитын тіл елдерінің (Египет, Кувейт, Иордания, Иран, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Түркия, ҚХР) университеттері жанындағы білім беру орталықтарында 1 жыл немесе 1оқу семестріне оқуға бара алады.
Практика өтетін және жұмысқа тұруы мүмкін орындар: елшілік/ ҚР шығыс елдерінің өкілдіктері; шетелдік компаниялар; аударма агенттіктер және т.б.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Аударма ісі
Мамандық шифры
5B020700
Факультеті
Шығыстану
Оқу деңгейлері
Оқу түрлері
Таңдау пәні
Шет тілі
Профильдік пәні
Шет тілі
Өту балы
ҚАЗ
94
ОРЫС
93

пәндер

Ақпараттық аударма практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты – қоғамдық, ғылыми, экономикалық, саяси, халықаралық салаларда әртүрлі мәдениет пен тілдер өкілдер арасындағы өзара түсінушілікті ақпараттық аударма аясында студенттерде лингвистикалық, аудармашылық, лингвомәдениеттік және әлеуметтік-мәдени құзіреттерді қалыптастыру. Негізгі мақсаттар: - тілдер жүйесі жайлы білімдерін тереңдету және аударма барысында тілдік құралдарды қолдану дағдылар жетілдіру; - аудармашылық дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру; - дәлме-дәл аударманың шарты болатын, лингвомәдениеттік әлеуметтік-мәдени сипаттағы білімдерді қалыптастыру. Студент курсты оқу нәтижесінде; - ақпараттық аударма түрлерін білу - ақпараттық мәтіндерді аударудың лингвистикалық және лингвистикалық емес факторларды; - лексикалық, грамматикалық және стилистикалық өзгерулердің типтерін білу керек; - жасалған аударманың сапалы көрсекіштерін - белгілі жанрдағы мәтіндердің лингвопрагматикалық ерекшеліктерін; - ана тілі мен шет тілдің қағидалары мен жүйесін білуі керек; - ақпараттың жұмыс көздерін (сөздік, интернет және анықтамалық мәліметтер) қолдана алу; - аударма кезеңінде мәтінді талдай алу - аударма техникасы мен дағдыларды меңгеру - аударма жөндеп редакциялау - функционалды-стилистикалық және мәндік өзгешеліктерін анықтап, аударған мәтінде барынша дұрыс жеткізу - аударма барысында сәйкессіздіктерді анықтау үшін салыстырмалы иалдау жасау - мәтіннің коммуникативті тапсырмаларын анықтау - лексикалық, грамматикалық және стилистикалық өзгертулерді қолдану,

Ақпараттық технология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Аударма мамандығы теориясына кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Студенттерде теориялық білім негіздерін қалыптастырып, мәдениетаралық қарым- қатынас актілерінде тілдік келістірушілікті жүзеге асыру Курс міндеттері: - Аударма теориясының негізгі жеке, арнайы және жалпылық ережелермен таныстыру - кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша аударма жасау үшін студенттерге қажетті теориялық білім беру - студенттерді аударма қызметінің стратегиясын анықтауға және осы стратегияға сәйкес аударма техникасын таңдауға үйрету; - аударма теориясындағы өзін дамыту әдістерінің негіздерімен, сонымен қатар, сөйле, тыңдау, оқу және жазу қабілеттерімен таныстыру; - Бір тілдік қызметтен басқа тілдік қызметке ауыстыру дағдыларын қалыптастыру Студент берілген курсты оқу нәтижесінде: - аударма түрлері мен аударма қызметінің басқа түлерін; - аудармалық өзгеру мен аударманың негізгі моделдерін; - аударма типтерін, аударма кезіндегі баламалар типі және аударманың негізгі әдістері мен амалдарын; - аударманың грамматикалық және стилистикалық аспектілерін; - аударманың сапасын бағалау әдістерін білу керек - аударма және оның прагматикалық мақсаттарын дұрыс түсіну - техника мен ғылымның арнайы және шектеулі салаларына сай келетін түп нұсқа мәтіннің мазмұнын анықтау -аударылатын мәтіннің жанрына тән қажетті стратегияны дұрыс таңдау; - мәтіндегі қажетті ақпаратты алып, қарым-қатынас мақсатына байланысты басқа тіл құралдарымен жеткізуге қабілетті болу; - қажетті стилистикалық амалдар мен лексикалық-синтаксистік түрлерді жүзеге асыру дағдыларын - ана тілдегі формулар, белгілер, аббревиатураларды анықтау дағдыларын - интернет, әртүрлі типтегі сөздіктерді, дерек көздері мен ақпарат көздерін пайдалану дағдыларын; - стилистикалық, семантикалық және лексикалық- грамматикалық қателерді жоя отырып, аударманы редакциялау дағдыларын меңгеру

Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Аудармашы кәсіби қыз метінің негіздері vost 4март2013

Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты, студенттерге аудармашының кәсіби қызметінің негізгі білімдерін қалыптастыру болыпта былады. Пәннің негізгі міндеттері: - студенттерге аудармашының кәсіби қызметінің ерекшелігі және саласы жайлы ұғымды беру - кәсіби аудармашының негізгі құзыреттіліктерін ашу - болашақ мамандығынығ аясында студенттердің өз бетімен ғылыми ізденіс жұмысын бағыт бағдар беру. Курсты өткеннен кейін: - Әртүрлі мәдениет және тәлдер арасында аудармашының делдал ретіндегі негізгі қасиеттерін білу; - Аудармашының құқығы мен міндеттерін білу - Аудармашылық қызметті ұйымдастырудың әдістерін - кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіншіліктері білу; - кәсіби практикалық міндеттерді шешу үшін курс қағидаларын шығармашылық тұрғыда қолдану; - болашақтағы кәсіби қызметте қолдану мақсатында бедерлі білімдерді жүйелеу, кеңейту және тереңдету; дағдыларды меңгеру: - кәсіби білім мен дағдыларды меңгеру барысында туған мәдени-тілдік тәжірибені қолдану ; - аудармалық қызмет мәселелерінде ғылыми ізденіс қызметін жүзеге асыру

Аудару теориясы мен практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бағдарламаның міндеті - оқып үйренетін тілдің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдениет, тарих салаларына байланысты лекасикалары мен ғылыми терминдерін еркін қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар: - екі жақты аударма дағдысын қалыптастыру; - диалог және монолог түрде сөйлесуді жетілдіру; - ілеспе аударма түрін игеру жолында жаттығу; - рефераттау және анотация жасай алуды білу; - шығарма, мазмұндама жазу арқылы хат дағдысын үйрену; аударманы практикалық тұрғыдан игеруге қажеттi оның теориялық негiзiн меңгеруге және оны мамандығы бойынша жазатын өздiк жұмыстары мен курс, диплом жұмыстарын жазуда пайдалана алуға; - аударма жөнi ндег i ғылымның қазiргi ахуалын, аударма iсiнiң негiзгi концепцияларын, аударманың әртүрл i формалары мен тектерi н, жалпы тiл бiлiмiндегi жәнеаудармадағы негiзгi терминдердi, аударманың нег iзг i лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық мәселелерi н бiлуге; - қарым-қатынас жасау психологиясын бiлуге; - теориялық қағидаларды, концепциялар мен ғылыми п iкiрлердi сыни тұрғыдан талдай бiлуi, нақты материалдарды талдап, соның негiзiнде тұжырым жасай бiлуге,лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиетпен жұмыс iстей алуға; - ана тiлiнде және шығыс тiлiнде ауызша және жазбаша түрде аннотация мен реферат құрастыра алуға; - жазбаша жасалған аудармаларды редакциялай алуға: - теориялық бiлiмiн практикалық қызметi нде өз бетiнше пайдалана алуға мi ндеттi. Игеруі керек: - оқып үйренетін тілдің коммуникативтік жағын ескере отырып оқыған, естіген мәтін мазмұндарын айтып жеткізу және баяндамалар жасау; - әртүрлі салада жазылған ақпараттық материалдарды қысқаша шолу жасап, түсіндіре алу; - оқып үйренетін тілде жазылған түпнұсқалық аудиомәтіндер, видео материалдарды тыңдап түсіну; - оқыған материалдарды қысқаша қортындылап, өз ой-пікірін жазбаша түрде жеткізу; - оқып үйренетін тілден қазақшаға, орысшаға және керісінше аударуды толық игеру;

Ауызша аударма практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың негізгі мақсаты: студенттерде Ауызша аударма аясында аудармалық, лингвистикалық және әлеуметтік- мәдени құзыреттіліктерді, халықаралық, саяси, экономикалық, ғылыми, қоғамдық өмірдегі әртүрлі тілдер мен салалардағы өкілдер арасындағы өзара түсінушілікті қалыптастыру Ауызша аударманың басты мақсаттардың бірі ауызша аударманы жасау барысында студенттердің білім, дағдылары мен құзыреттерді жүзеге асыру. Сонымен қатар, студенттерге ауызша аудармаға дайындық кезіндегі өзіндік жұмыс пен ауызша аудармашы дағдылары мен құзыреттерін дамыту. Курс оқу нәтижесінде: - ауызша аудармашыға қойылатын талаптарды; - сөйлесудің психологиялық негіздерін; - ана тілі мен шет тілдерінің теориясын; - қазіргі замандағы аудармашы қызметінің ерекшеліктерін; - аударманың негізгі сүлбілерін - ауызша аударма түрлерінің классификациясын; - ауызша аударма спецификациясы мен әдістерін білу керек - берілген мәтіннің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, аударған мәтінді түсіну - автоматтық жүйеде жиілік аударма сәйкестікті қолдану - аудармалық түрлендіруді қолдану - сөйлеушінің сөйлеу жылдамдығына сәйкес ілеспелі аударма жасау; - мәтінді қабылдау - мәтінді түсінуде бір тілден екінші тілге жылдам ауысу; - тілдік қағидаларға сәйкес айтқанды интонация тұрғысынан дұрыс рәсімдеу - Ілеспелі аударманы жүзеге асыруда аударма жазбаларының техникасын тиімді қолдану - синхронды аударма кезінде ықтимал болжауды жүзеге асыруға қабілетті болу - көпшілікпен жұмыс істеуде эмоционалды қысылуды жеңу - жеке компьютермен жұмыс істеуде электронды сөздіктер мен мәтінді рәсімдеу бағдарламаларды пайдалану

Ауызша сөйлеу практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: - студенттерде ауызша сөйлеудің ( сөйлеу және түсіну) дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру; - таңдаулы қарым-қатынас саласында белгілі сөйлесу; шеңберінің аясында әңгімелесуге қатыса алу дағдысын қалыптастыру; - тыңдау, оқу, жазу сынды оқу құралдарын қатыстыра отырып, студенттерде сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыру; Курс міндеттері: -негізгі интонация түрлерін қоса отырып оқитын тіл фонетикалық жүйесін меңгеру; - берік айту дағдысы мен шеберлігін дамыту; - сөздік қорды байыту; - сөйлеудің монолог және диалог түрлерін дамыту. Студент курсты оқу нәтижесінде: - оқитын шет тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және сөз жасамдық жүйелердің құбылысы мен қызмет ету заңдылықтарын білуі керек; - оқыған тақырып аясында оқиға, құбылыс және заттарды салыстыру және сипаттау, ақпаратты айту және сұрау, сөйлесу мен пікірталастарға қатыса отырып, өз ойынды айту,жағдайға баға беру, белгілі дәлелдеу, бағалау жүйесін қолдана отырып, этикетті диалог, пікір алмасу диалогын жүргізе алу.

Әлем әдебиеті
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты – ағартушылық, тәрбиелік, дамытушы ортақ мақсатты қалыптастырушы шетел әдебиеті тарихының негізгі үрдісін жүйелі түрде оқыту, студенттерге әлемдік әдебиеттің дамуы туралы толыққанды мәлімет беру. Ұсынылған курс бірқатар іргелес піндермен, негізінен оқитын елдің тарихы, елтану, философия, эстетика, әдебиеттану, лингвоэстетика, мәдениеттану және т.б. пәндермен бйланысты. Шығыс пен Батыстың ежелгі замандағы, ортағасырдағы және қазіргі кезеңдегі атақты жазушыларының шығармашылығын; авторларды және олардың шығармаларын топтастыруға қатысты мәселелерге сараптама жасай білуі тиіс, жанрларды, түрлерін, көркемдік ерекшеліктерін, шығарманың тілі мен стилін, әдебиеттанулық терминологияны дұрыс қолдану және еркін пайдалана білу; анықтамалық әдебиетпен, сыни зерттеулермен, әдебиеттанулық еңбектермен жұмыс жасау, әлем әдебиетінің даму тарихы туралы түсініктерді білуі тиіс; көркем мәтіндерге анализ жасау әдістері мен қағидаларын білу және олардан тарихи, адамгершілік, атропологиялық, этикалық, эстетикалық, мәдениеттанулық, елтанулық, лингвистік ақпараттарды алу; лекция материалдарын игеру мен семинардағы шығармаларды меңгеру нәтижесінде, студенттік өздік жұмысы барысында студенттер әлем әдебиетінің стадиялық үдерісіндегі шығармалар орнын анықтауы және шығармаларға мағыналық және эстетикалық анализ жасау дағдысын қалыптастыруы тиіс. Әрбір өнер нысанының ерекшеліктерін түсіну; қазіргі заманғы өнер және мәдениетті қабылдау; әдеби және көркем терминология негіздерін білу; тілдік құзыреттілікті жүзеге асыру үшін қажетті көлемде , қазақ тілінің грамматикалық жүйесін білімін пайдалана алу

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Базалық шетел тілі (А1,А2 деңгейі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Базалық шет (шығыс) тілі (А1, А2 деңгейі) vost

Базалық шетел тілі (A1, A2 деңгейі)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: тілдік дайындықтың әртүрлі деңгейлерінде шет тілін кәсіби, сондай-ақ өзінің білімін жетілдіру мақсатында қолдану үшін студенттерге коммуникативтік құзыреттілікті меңгерту. Міндеті: базалық шет тілін меңгерудегі функционалды сауаттылыққа жету және коммуникативті, грамматикалық тәсілдерді байланыстыру. Пәннің мазмұны: Оқу жылының бірінші жылдығы тілдік материалы нормативті дұрыстылығымен мінезделеді және B1 деңгейінде қарастырылған ситуациялар мен курс тақырыбы аясындағы жазбаша және ауызша сөйлеу негіздерін меңгеруге бағытталған фонетикалық, лексикалық, және грамматикалық құбылыстарды қамтиды. Білім нәтижелері. Модульдің нәтижесінде студент білуге тиісті: білуі тиіс: студент ағылшын тілінің айтылу ережелерін, сөздік қорын және грамматикалық жүйесін білуі тиіс; меңгеруі тиіс: үйретіліп отырған шет тілінің грамматикалық және фонологиялық құбылыстарына өздігінен талдауды іске асыра білуі керек; дағдылануы керек: оқудың, сөйлесудің және жазудың базалдық дағдыларын білуі тиіс.

Базалық шетел тілі (А1 деңгейі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс шет (шығыс) тіліндегі бастапқы практикалық және теориялық негіздерді меңгеруге бағытталған. Курсты оқудың мақсаты: шығыс тілінің практикалық грамматикасын, сөйлем құрамын фонетикалық құрылымын оқыту; студенттің тілдік құзыреттін қалыптастыру; коммуникативті құзыретті қалыптастырып, дамыту болып табылады. Берілген курс міндеттері: -оқитын тілдің практикалық фонетикасымен таныстыру; - оқитын тілдің грамматикалық жүйесімен таныстыру; -жазу қабілетін қалыптастыру; -сөйлеу қызметтінің барлық қабілеттерін қалыптастыру. Курс оқу нәтижесінде студент: - оқитын тілде шамамен 1000 бірліктен кем емес лексикалық бірлік - оқитын тілдің фонетикалық ерекшеліктерін ; -Практикалық грамматиканың негізгі ережелерін; - Оқитын тілде сөйлем құрылымы мен ретін білуі керек - сөздерді дұрыс айтуға; - практика жүзінде меңгерген лексикасын қолдану; - тіл өкілінің видео жазбалар мен үнтаспадағы қарапайым әңгімелесуін түсіну; Төмендегі қабілеттерді меңгеруі керек: - оқыған лексико-грамматикалық материал аясында мәтіндер оқу; - қысқа хабарлама мен қысқа сөйлемдер құрау

Базалық шетел тілі (А2 деңгейі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: Студенттердің кәсіби және мәдениетаралық коммуникативті құзыреттерін қалыптастырып, дамыту; оқитын тілде лексикалық және грамматикалық құбылыстарды және заңдылықтарды қолдана отырып, коммуникативті және кәсіби қызметте білім мен қабілеттерін пайдалануды үйрету; сонымен қатар, тіл өкілдерінің тәртібінің әлеуметтік көрсеткіштері мен ережелерін, дәстүрлерін, тарих, мәдениетін оқитын тіл елінің әлеуметтік жүйесін білу керек; Берілген курс міндеттері: - студенттердің практикалық грамматика мен ауыз-екі сөйлеудің негіздерімен таныстыруды жалғастыру; - сөйлеу қызметінің барлық қабілеттерін қалыптастырып, дамыту. Курсты оқу нәтижесінде студент : оқитын тілде шамамен 2000 бірліктен кем емес лексикалық бірлік - практикалық фонетиканың негізгі ережелерін; - өз ойын білдіру және сөйлеушінің ойын түсіну үшін грамматиканың негізгі ережелерін білу; - оқитын тіл орфографиясының негізгі ережелерін білу керек -әлеуметтік байланыстарды орнатып, қолдау; ақпаратты алу және тартуға қабілетті болу - белгілі тілдесу қарым-қатынас аясында қызық тақырыпқа қысқаша әңгімелесе алу керек - - практика жүзінде меңгерген лексикасын қолдануға қабілетті болу; - тіл өкілінің видео жазбалар мен үнтаспадағы қарапайым әңгімелесуін түсінуге қабілетті болу;

Базалық шетел тілі (В1 деңгейі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: Студенттердің кәсіби және мәдениетаралық коммуникативті құзыреттерін қалыптастырып, дамыту; оқитын тілде лексикалық және грамматикалық құбылыстарды және заңдылықтарды қолдана отырып, коммуникативті және кәсіби қызметте білім мен қабілеттерін пайдалануды үйрету; сонымен қатар, тіл өкілдерінің тәртібінің әлеуметтік көрсеткіштері мен ережелерін, дәстүрлерін, тарих, мәдениетін оқитын тіл елінің әлеуметтік жүйесін білу керек ; Берілген курс міндеттері: - студенттердің практикалық грамматика мен ауыз-екі сөйлеудің негіздерімен таныстыруды жалғастыру; - сөйлеу қызметінің барлық қабілеттерін қалыптастырып, дамыту. Курсты оқу нәтижесінде студент : оқитын тілде шамамен 2000 бірліктен кем емес лексикалық бірлік - практикалық фонетиканың негізгі ережелерін; - өз ойын білдіру және сөйлеушінің ойын түсіну үшін грамматиканың негізгі ережелерін білу; - оқитын тіл орфографиясының негізгі ережелерін білу керек -әлеуметтік байланыстарды орнатып, қолдау; ақпаратты алу және тартуға қабілетті болу - белгілі тілдесу қарым-қатынас аясында қызық тақырыпқа қысқаша әңгімелесе алу керек - - практика жүзінде меңгерген лексикасын қолдануға қабілетті болу; - тіл өкілінің видео жазбалар мен үнтаспадағы қарапайым әңгімелесуін түсінуге қабілетті болу;

Базалық шетел тілі (В2 деңгейі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Оқытудың ең басты мақсаты студенттерде шет тілде сөйлесуге қабілеттерін қалыптастыру Негізгі міндеті: Алдыңғы деңгейлерде алған қабілеттерін сапалы түрде жетілдіріп, әртүрлі тілдік қарым-қатынаста және коммуникативті ауызша және жазбаша сөйлеуде қабілеттерін қалыптастыру Курсты аяқтағаннан кейін студент - оқыған тақырыптар аясында лексика мен грамматикалық құрылымдарды білу керек - нормативтік және лексикологиялық құрылымдар, қолданыстағы лексика қорын қолданып, оқыған тақырыптар аясында практика жұзінде ауызша сөйлеу қабілеттерін қолдана білу; - ауызша сөйлеуді түсіну; - жазбаша тіл түсіну және оқу; - диалог тілін және жазу; -оқитын тілден қазақ/орыс тілдеріне жазбаша аудару және де жаңа лексика, тұрақты сөз тіркестерін және белсенді грамматиканы бекіту мақсатында керісінше аударма жасауға қабілетін меңгеру

БАҚ тілі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдарының тілін тіл біліміндегі жаңа бағыттар аясында зерттеу. Пәннің міндеті: - саяси қайраткерлер тілінің приоритетті әлеуметтік белгілерін анықтауды үйрету; - қазақ әдеби тіліне саяси қайраткерлер тілінің ықпалын көрсету; - сөйлеу мәдениеті туралы ұғымдарды қалыптастырып, теориялық негіздерін үйрету. БАҚ дискурсы, сөйлеу актілерінің теориясындағы теледидар тілі, оның прагмалингвистикалық, коммуникативтік, паралингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы туралы білетін болады.БАҚ тілінің қазіргі жай-күйін, оның даму үдерістерін толық тани алады.Қазақ қоғамындағы жалпы газет атаулының қоғамдық-әлеуметтік қызмет түрлерін анықтап, талдай алу дағдысына ие болады.

Батыс тілінің практикалық курсы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Жазбаша аударма практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты студенттерде тіларалық қарым-қатынас жағдайында балама жазбаша аударма жасауда лингвистикалық және аудармашылық құзіреттерді қалыптастыру. Курстың негізгі міндеттері: - жазбаша аударма түсінігін, технологиясы, кезеңдері, түрлері жайлы түсінік беру - мәтінді талдау қабілетін қалыптастыру, аударылған мәтінді редакциялау. Курс оқу нәтижесінде: - жазбаша аударма түрлерін классификациялауды; - жазбаша аударма кезеңдері, удерісі, техноло- гиясы мен әр кезеңдегі жұмыс амалдарын, жазбаша аударма барысының ерекшеліктерін; - жазбаша аударма саласындағы аудармашыға қойылатын талаптарды білуі керек Мәтінді талдап, стандарты және стандарты емес аударма мәселелерін анықтау, әртүрлі аудармалық өзгерулерді қолдана отырып, мәселелерді шешу әдістерін таңдауға; - мәтінді тілдік түрлендіру құралы ретінде лексикалық, грамматикалық, стилистикалық өзгерулер жүйесін қолдана алу - аударылып отырған мәтінді редакциялау - қиындықтықтың әртүрлі деңгейіне байланысты мәтінді аудару тәжірибесін жалпылау; - сөздік, анықтамалық оқулықтар және т.б. ақпарат көздерін кәсіби түрде қолдану - электронды сөздік, мәтін редакторы, компьютерлік бағдарламаларды қодану

Жазу практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: Жазу дағдыларын жетілдіру, студенттерде лингвистикалық, коммуникативті, әлеуметтік-мәдени дағдыларды қалыптастыру Курс міндеттері: - стилисткалық, грамматикалық, лексикалық тұрғыдан ойын дұрыс жеткізу дағдысын қалыптастыру; - әртүрліэмоционалды-экспресивті сипаттағы тіл бірліктерін орынды қолдану дағдысын дамыту - жазбаша сөйлеу жанрының кәсіби маңыздылығы жайлы түсінікті кеңейту. Нәтижесінде студент: - оқитын шет тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және сөзжасамдық жүйелердің құбылысы мен қызмет ету заңдылықтарын білуі керек; - логикалық тұрғыда шет (шығыс) тілінде өз ойын жазбаша түрде дұрыс жеткізе алу; - оқу және қызметте шет тілінде жазбаша қарым-қатынастың әртүрлі формаларын қолдану - оқитын тілдің жазбаша түрінде белгілі жағдайда коммуникативті мақсаттарға жету үшін тілдік құралдарды қолдану.

Жеке аудару теориясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты қызмет салаларында қазақ/орыс тілдерін кеңінен қолданатын әртүрлі мәдениет және ел өкілдерінің арасындағы әрқилы байланысты қамтамсыз етуде жоғарғы сапалы ауызша және жазбаша аударма жасауға қабілетті мамандар дайындау болып табылады Практикалық міндеттері: Аударма қызметінің және оған қосалқы кәсіби жұмыстарға қатысты дағды, білім және шеберлікті қалыптастыру Тәрбиелік және оқу мәндеттері жұмысқа деген жоғары кәсібилікті, өз жұмысына жауапкершілікті, берік этикалық дағдыларды, үнемі өз біліктілігін жоғартуға ұмтылудағдыларын қалыптастыру және өзінің жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту болып табылады Пәнді оқу нәтижесінде: Ауызша және жазбаша аударма ерекшеліктерін, аудармашының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын білу Әртүрлі тақырыптағы лексика, негізгі аударма амалдары, қазіргі аудармашы жұмысының ерекшеліктерін, негізгі аударма амалдарын қолдана алу, әртүрлі тақырыптарға андатпа мен қысқаша баяндама жаза білу керек. Екі жақты ауызша аударма жасау дағдыларын қалыптастыру Адам қызметтінің әртүрлі саласы жайлы білу керек

Заманауи жаратылыстанудың тұжырымдамалары (физика, биология негіздері)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Кәсіби педагогика мен психология негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: студенттерді ерте, орта, сонымен қатар, жаңа заман шығыс әдебиетінің кезеңдерімен таныстыру Курс мақсаты: - шығыс елдер әдебиетінің қалыптасу жолдарын анықтау -шығыс елдер әдебиетініңбелгілі жанрлық форма жүйесін беру Нәтижесінде - шығыс елдер әдебиетінің дамуының негізгі кезеңдерін білу; - шығыс елдер әдебитетінің негізгі жанрларын білу керек - көркем шығарманы жан-жақты талдай алу - көркемдік шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алу - көркем мәтінді талдау дағдыларын меңгерту;

Кәсіби шет тілі (С1 деңгейі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: Белсенді лексика қоры мен нормативтік және лексикологиялық құрылымдарды қолдана отырып, аудармашы –референт қызметтін орындау және оқыған тақырыптар аясында ауызша және жазбаша сөйлеуді еркін меңгеру; Шығыс тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуде келесі негізгі дағдыларды меңгеру; - ауызша – жазбаша аспектілер бойынша грамматикалық, лексикалық- фразеологиялық мәліметтерді жандандыру; - екі жақты аударма жасау, сұхбат және хабарламаларды аудару дағдылары дамытуды жалғастыру; - диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын дамытуды жалғастыру. курс оқу нәтижесінде студент: - шет (шығыс) тілінің грамматикалық құрылымының теориялық негіздерін білу керек; - оқитын тілдің тілдік формуларын, сөйлеудің тілдік әдепнамасынның ерекшеліктері мен белсенді және белсенді емес лексиканы білу керек; оқитын тіл грамматика ережелері мен тілдесудің ауызша және жазбаша сөйлеудің құрылымдық жасалуын қолдануға қабілетті болу; оқитын тілдегі екі тілде анықтамалық әдебиет пен түсіндірме сөздіктерді қолдану; - Шет тілдік мәдениетаралық қарым-қатынас үдерісінде туған елін, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен әдеп ғұрпын, мәдениетін таныстыруда келесі дағдылар болу керек : - оқыған мәтін мен тыңдаған мәтіндер жайлы негізгі ойларын қалыптастыру - тыңдалған және оқылған мәтіннің негізгі және қысқаша мазмұнын жеткізу, оның мазмұнына баға беру - көпшілік ортасында айтылғанның көп бөлігін түсінуге қабілетті болу дағдыларды меңгеру: - ауызша және жазбаша сөйлеуді түсіну - лексикалық-грамматикалық тапсырмалары бар мәтіндерді оқу және түсіну құзіреттіліктерге ие болу

Кәсіби шет тілі (С2 деңгейі)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ілгерінді деңгейдің негізгі мақсаты алдыңғы деңгейлердегі білімдерді сапалы жетілдіру және тілдесу мен коммуникациялық ақпарат алмасуда қолданылатын ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту Сонымен қатар, оқитын тілдің әлеуметтік-лингвистикалық аспектілеріне үлкен көңіл бөлінеді Негізгі оқулық материалдар бағдарламада қарастырылған тақырып бойынша жұмысты жүзеге асыру және шығыс тілінде ілгерінді деңгейге арналған мәтіндер болып табылады. Сонымен қатар, оқитын тіл елінің мерзілімдік басылымдарын қарастыра отырып, әлеуметтік, елтану тақырыптарына бейімделген мәтіндер жұмыс істелінеді Тілдік дағдылар мен коммуникативті қабілеттер жетілдіріліп, мәтінмен жұмыста, оқыған грамматикалық-лексикалық материал аясында жазбаша жұмыс жүзеге асырылып кәсіби құзіреттіліктер дамиды Курсты оқу нәтижесінде студент: - Шет (шығыс) тілінің грамматикалық құрлымының теориялық негізін білуі керек; - оқитын ел тілідінде белсенді және белсенді емес лексиканы, тілдік формуларды, оқитын ел тілінің тілдік әдепнамасының ерекшеліктерін білу керек; Дайындықсыз хабарлайды және сөйлесе алу Ресми немесе ресми емес сөйлесуде тілдесу стиль таңдай алу Оқыған мәтінді ашық талқылауда, пікірталасқа қатысу Өз-ойын түсіндіре білу Дәріс, баяндама, сөз сөйлеудің негізгі ережелерін түсіну Анықтамалық әдебиеттерді пайдалана отырп, өз бетімен мәтінді оқып, түсіну - Сөз құрамына, мәтіннің мазмұнына қарап, таныс емес сөздердің мағынасын анықтау - Кездесу, әңгіме , хабарламаларды екі жақты аудару

Көркем аударма практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: Көркем аударма бойынша болашақ мамандарды мәдени байыту және кәсіби қызметте қажет болатын аудармашылық, лингвистикалық және мәдениетаралық қарым-қатынасты құзіреттерді қалыптастыру; Курс міндеттері: - көркем аударма мәтінің заңдылықтары мен олардың негізгі қызметтерімен таныстыру - көркем аударманың теориялық негіздерімен таныстыру; - көркем аударма барысында тілдік бірліктерді өзгерту амалдары, заңдылықтары, әдістері және құралдары жайлы жүйелі түсінік жасау - көркем аударманың практикалық дағдыларын дамыту; - стилистикалық, грамматикалық және лексикалық қиындықтарды жеңу оқу әдістерін меңгеру - аудармашылық құзыреттілік үшін шеберлік пен дағдыларды кезең-кезеңмен қалыптастыру - қалыптасқан теориялық және практикалық шеберлік пен дағдыларға сүйене отырып, көркем аудармаға қабілеттілікті дамыту. Студент курсты оқу нәтижесінде: - мәдениетаралық қарым-қатынастағы көркем аударманың рөлін білу - көркем аудармадағы әлеуметтік-мәдени шарттылықты; - көркем аударманың құрылымының заңдылықтары мен олардың негізгі қызметтерін; - көркем аударма әдісі, амалдары мен қағидаларын; - аударма стратегиясының әртүрлі түрлерін; - көркем аудармадағы тіларалық қайта өзгертулер деңгейін - көркем аударманың лексикалық, стилистикалық және грамматикалық аспектілерін; - аударма, аудармалық өзгерулердің негігі моделдерін және көркем аударма талдауда қолдану әдістерінбілу керек; - көркем мәтінде аудармалық сәйкестік пен заңдылықтарын сақтау - түп нұсқаның типі мен мақсатын ескере отыра аударманың жалпы стратегиясын анықтау - мәтәннің түп нұсқас мен аудармасында орындалған мәдени және стилистикалық кодтарды анықтау - түп нұсқа мәтін мен аударманың комплекстік үлгі құрылымының тілдік деңгейін талдау; - аударманың комплекстік үлгісінде лексикалық, грамматикалық және стилистикалық амалдарын қолдану - көркем аудармада қателіктер мен сәйкессіздіктерді анықтау - көркем мәтіндердің аудармасын жанр ерекшелігі мен коммуникативті-прагматикалық мақсаттарды ескере отырып, жүзеге асыру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Лингвомәдениеттану
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: тіл – этникалық мәдениет формалары мен өз ойын білдірудің универсалды құралы ретінде таныстыру Курс мақсаты: - студенттерді лингвомәдениеттанудың пәні, міндеттері, әдістері және түсінігімен таныстыру; - мәдениеттің семантикалық бірліктерде мәдениетті білдіруі жайлы білімдерді қалыптастыру -қазақ/орыс және оқитын тіл лексикасын салыстырмалы лингвомәдениеттік талдау жасауға үйрету Нәтижесінде - студенттерді лингвомәдениеттанудың пәні, міндеттері, әдістері және түсінігі жайлы білуі керек; - мәдениеттің семантикалық бірліктерде мәдениетті білдіруі жайлы білімдерді қалыптастыра алу -қазақ/орыс және оқитын тіл лексикасын салыстырмалы лингвомәдениеттік талдау жасау дағдыларын дамыту

Мәдениетаралық қарым-қатынастың теориясы мен практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс студенттерге коммуникация, мәдениет және Мәдениетаралық қатынас түсініктерімен таныстырады. Студент Мәдениетаралық қатынасты халықаралық қатынастар, менеджмент, бизнес, ғылым мен білім салаларында қарастырады; мәдениетаралық қатынас үдерісін зерттеу әдісімен: лингвистикалық, эксперименттік, сауалнама жүргізу, салыстыру әдісімен танысады. Мәденионимдер. Мәдениетаралық құзыреттілік. Мәтіндердің жанрлық түрлерінің мәдени сипаттамасы, оларды аудару ерекшеліктері. Мәдениетаралық қатынастың теориялық негізін, негізгі түсініктер мен териминологияны, түрлі тілдік коммуниканттар менталитеті мен мінез-құлық ерекшеліктерін білуі тиіс; игерген тілдік білімдері мен дағдыларын кез келген жағдайда пайдалана білуі тиіс; өзге мәдениет пен олардың ұстанымдарына толеранттылық таныту қабылетін игеруі, негізгі аударма әдісін меңгеруі тиіс.

Оқитын тіл елінің әдебиеті және аударма мәселелері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Студенттерді оқитын тілдің әдебиетінің даму этаптарымен, бағытымен, әдістері мен мәселелерімен таныстыру. Курстың міндеттері: - оқитын тілдің әдебиетінің қалыптасу жолын анықтау; - оқитын тілдің әдебиетінің жанрлық формаларын жүйелеу. Курстың нәтижесінде студент білуге тиіс: - оқитын тілдің әдебиетінің дамуның негізгі этаптарын; - оқитын тілдің әдебиетінінің танымал жанрларын. Қабілеті: - әдеби шығармаға жан-жақты анализ жасауға; - көркем шығарманың мәтінінің жанрлық ерекшеліктерін анықтауға қабілетті болуы керек. Игеруі керек: - көркем шығарманың мәтініне анализ жасауды игеруі керек.

Оқитын шығыс тілінің лексикологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қазақстан Республикасынан және басқа да елдерден талантты білім алушыларды ынталандыруды және бәсекелестік білім ортасында ең жоғарғы академиялық стандартқа сәйкес аударма ісі мамандығы бойынша мамандарды дайындауды қамтамасыз ету. - Аударма ісі саласы бойынша кәсіби білімі жетілген, дағдысы мен құзіреттілігі қалыптасқан іскерлік міндеттерді орындай алатын маман дайындау. - «Оқылатын тілдің лексикологиясы» атты пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге шығыс тілінің лексикологиясы, тілдің өзгеру, баю жолдары мен тәсілдері, т. б. Туралы негізгі мағлұматтарды беру, сол арқылы білім мен дағдыны қалыптастыру. - Студенттерді оқылатын тілдің лексикологиясының қазіргі деңгейі және негізгі қағидаларымен таныстыру. Ғылым мен білімге байыпты бойлап, сын көзбен қарап ойлауға үйрету, пайымдай білуге дағдыландыру; сондай-ақ алған білімдері мен біліктіліктерін болашақ мамандығында кәсіби қолдана білуге үйрету. Жалпы құзірет: Құралдық: Оқитын шығыс тілінің лексикологиясының жеке және жалпы ерекшеліктеріне, олардың дыбыстық жамылғышы мен мазмұнына, мағыналық өзгерістері мен шығу төркініне, оқитын шығыс тілінің жалпы сөздік қорына, шетел тілдерінің тигізген әсеріне, ғылым мен техника тілінің игерілуіне, қалыптасқан сөз тұлғалары мен олардың түрлеріне назар аударту. Тұлғааралық: Өзін-өзі ұстау, этикет нормасын білу, өз ойы мен сезімін және басқалармен қарым-қатынасын көрсете отырып, жаңа тың ойларды ұсынуға қызығушылық таныту; көптілді және көпмәдениетті әлеуметтік ортада болатын әр алуан қарым-қатынастағы мәселелерді шешуде тілдік және лингвомәдени білімді құзіреттілікпен, әрі бейімділікпен қолдану; сын және өзіндік сын, кәсіби бағалау, қарым-қатынастың ресми және биресми жағдайларында топтағы түрлі адамдармен жұмыс жасай алу; өзара әрекеттестік қабілеттілігі, өз кәсіби іс-әрекетінің түрі мен сипатының өзгеруіне психологиялық дайын болу мен бәсекелестік және т.б. Жүйелілік: Отандық және тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетінің бірегейлігін және айырмашылығын түсіну, ел және шетел мәдениетін білу, әр түрлі мәдениетті қабылдай отырып, өз елінің және шетел мәдениеті өкілдері арасында дәнекер рөлін атқару және қалыптасқан стереотипті жеңе білу.

Оқитын шығыс тілінің теориялық грамматикасы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Көп ғасырлық дамудың нәтижесінде қалыптасқан оқитын тілдің қазіргі жүйесінің қызметін, шет тілінің даму этаптарын үйрете отырып, лингвистикалық, лингвомәдениеттік және теориялық-аудармалық құзіреттерін қалыптастыру. 1. әртүрлі ғылыми тәсілдер аспектісінде нақты тілдік материалға анализ жасау; 2. ең маңызды және әдеттегі тілдік құбылыстарды кәсіби бағытта түсіндіру; 3. тілдік құбылыстардың студенттің өзі түсіндіруіне мүмкіндік жасау; 4. оқитын тілдің фактілерін туған тілінің, басқа да шет тілдерінің фактілерімен салғастыру; 5.ғылыми-зерттеу және практикалық қызметте анализ жасау тәсілдері мен таныпбілу жолдарын қолдану; 6. кәсіби міндеттерді орындау үшін алған білімін қолдану.

Оқытылатын тілдің фонетикасы бойынша практикалық курсы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Оқитын тілдің фонетикасының практикалық курсының мақсаты: әріптерді дұрыс дыбыстаудың, интонацияны дұрыс қоюдың негізін қалыптастыру және практикада қолдануға мүмкіндік беру. Дыбыстарды дұрыс шығаруға қажетті фонетика және фонологияның негізгі түсінігін меңгеру. Білуі керек: оқитын тілдің фонетикалық құбылыстарының мәні мен жүйелілігін түсінуге мүмкіндік беретін оқитын тілдің фонетикалық құрылысының өзіне тән ерекшеліктерін (қазақ және орыс тілдерінің дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесімен салғастыра отырып, оқитын тілдің дауысты және дауыссыз дыбыстарының фонологиялық жүйесін; оқитын тілдің сөзжасамы мен буынға бөлінуін; акцент топтары, синтагмасы, екпіні) - келесі практикалық терминдерді меңгеруі керек: фонетика және фонология; артикуляция; аспирация; палатализация; сонанттар; шұғыл дауыссыз дыбыстар; буын жасаушы сонантар; монофтонгтер; дифтонгтер; интонация; ритм; темп; мелодика; тембр; синтагма; фразалық акценттеу; дауысты дыбыстардың позициялық ұзақтығы; ассимиляция; редукция; сөздер мен сөйлемдерге қойылатын екпін; ядролық тондар мен олардың әртүрлілігі; тонограмма. дұрыс дыбыстау мен дұрыс интонациясын қоя білуді меңгере отырып, базалық теориялық дағды қалыптастыру, сонымен қатар, қарым-қатынас құралы ретінде тілдің дыбыстық жағын жүйелеу.

Практикалық тыңдау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Текст мазмұны бойынша әңгімелесу, талқылау өткізу. Газетте жиі қолданылатын сөздерді, конструкцияларды түсіндіру. Көп мағаналы сөздердің сол нақты тексте қандай мағанада қолданылғанын анықтай білуге үйрету. Сонымен қатар: екі жақты аударма дағдысын қалыптастыру; - диалог және монолог түрде сөйлесуді жетілдіру; - ілеспе аударма түрін игеру жолында жаттығу; - рефераттау және анотация жасай алуды білу; - шығарма, мазмұндама жазу арқылы хат дағдысын үйрену; оқып үйренетін тілдің коммуникативтік жағын ескере отырып оқыған, естіген мәтін мазмұндарын айтып жеткізу және баяндамалар жасау`` - әртүрлі салада жазылған ақпараттық материалдарды қысқаша шолу жасап, түсіндіре алу;- оқып үйренетін тілде жазылған түпнұсқалық аудиомәтіндер, видео материалдарды тыңдап түсіну; - оқыған материалдарды қысқаша қортындылап, өз ой-пікірін жазбаша түрде жеткізу; - оқып үйренетін тілден қазақшаға, орысшаға және керісінше аударуды толық игеру; Қалыптасатын дағдылары: Баспасөз тілін оқып үйрену арқылы студент пресса қызметiнiң заңдылықтары мен ерекшел iктерiн терең бiлетiн болады. Сонымен қатар бұл курс лингвистикалық саладағы қажеттi бiлiмдi қамтамасыз ете алады. “Оқитын тілдің баспасөз тілі және шығыстанушыларды дайындау бағытындағы оқу жоспарында белг iленген тағы да басқа бiрқатар пәндермен тығыз байланыста жүрг iзi ледi.

Практикалық тыңдау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Текст мазмұны бойынша әңгімелесу, талқылау өткізу. Газетте жиі қолданылатын сөздерді, конструкцияларды түсіндіру. Көп мағаналы сөздердің сол нақты тексте қандай мағанада қолданылғанын анықтай білуге үйрету. Сонымен қатар: екі жақты аударма дағдысын қалыптастыру; - диалог және монолог түрде сөйлесуді жетілдіру; - ілеспе аударма түрін игеру жолында жаттығу; - рефераттау және анотация жасай алуды білу; - шығарма, мазмұндама жазу арқылы хат дағдысын үйрену; оқып үйренетін тілдің коммуникативтік жағын ескере отырып оқыған, естіген мәтін мазмұндарын айтып жеткізу және баяндамалар жасау`` - әртүрлі салада жазылған ақпараттық материалдарды қысқаша шолу жасап, түсіндіре алу;- оқып үйренетін тілде жазылған түпнұсқалық аудиомәтіндер, видео материалдарды тыңдап түсіну; - оқыған материалдарды қысқаша қортындылап, өз ой-пікірін жазбаша түрде жеткізу; - оқып үйренетін тілден қазақшаға, орысшаға және керісінше аударуды толық игеру; Қалыптасатын дағдылары: Баспасөз тілін оқып үйрену арқылы студент пресса қызметiнiң заңдылықтары мен ерекшел iктерiн терең бiлетiн болады. Сонымен қатар бұл курс лингвистикалық саладағы қажеттi бiлiмдi қамтамасыз ете алады. “Оқитын тілдің баспасөз тілі және шығыстанушыларды дайындау бағытындағы оқу жоспарында белг iленген тағы да басқа бiрқатар пәндермен тығыз байланыста жүрг iзi ледi.

Тілі оқылатын елдің әдебиеті
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен әдебиеті: танымал ағылшын жазушыларының шығармалары және бағыттарымен таныстыру, жаһандық әлеуметтік өзгерістермен байланысты әдебиеттегі қазіргі үрдістерді зерттеу. Мазмұны: педагогтың кәсіби, әдеби танымдық дағдыларын, басқа тілдік әдебиет проблематикасын талдау және түсіндірудегі тұлғаға бағдарланған қағидаттар бойынша дағды қалыптастыру. Атақты жазушылардың шығармашылығын, олардың туындысын, тілі оқытылатын ел әдебиетінің отандық және шетелдік әдебиеттанудағы қазіргі зерттелу жағдайын білу. Анықтамалық әдебиетпен, сыни және әдебиеттанушылық ғылыми еңбектермен жұмыс жасау, көркем шығармаларды әдебиеттанушылық тұрғыдан өз бетінше талдауға қажетті теориялық білімді қолдана алу. Шет тілі мен әдебиетінің болашақ маманы мен филолог-зерттеушінің кәсіби дағдыларын меңгеру.

Тілі оқытылатын елдің мәдениеті
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: оқитын тіл елінің мәдениетін толыққанды таныстыру; Курс міндеттері: Оқитын тілінің әлеуметтік және мәдени дамуын терең зерттеу болып табылады. Курста ұлттық тілдің қалыптасуындағы тарих, география, мәдениеттің әсер ету факторлары қарастырылады. Курсты оқу нәтижесінде: - мәдениет теориясының ұғымы, негізгі категориялары, қызметі мен құрлымы және зерттеу әдістерін; -оқитын тілінің мәдени ерекшеліктерін білу және оны материалды аудару және түрлендіру барысында қолдана білу - гуманитарлық, әлеуметтік-саяси мәтіндерді оқуда заманауи әдістерді қолдана алу; - оқитын пәннің теориялық, қолданбалы, құнды аcпектілерін бөліп, кәсіби сонымен қатар, күнделікті өмірде қолдана алу; - мәдени мәселерге байланысты өзінің көзқарасын қалыптастыру және дәлелдеу дағдыларын меңгеру

Тілі оқытылатын елдің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: Студенттерге оқитын тіл елінің ерте заман, ортағасыр, жаңа заман және қазіргі кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму жайлы толық ақпарат беру Курс міндеттері: - оқитын тіл ел тарихының хронологиясы мен кезеңденуін меңгеру - оқитын тіл елінің тарихы бойынша тарихнама және деректермен таныстыру - негізгі тарихи оқиғаларды зерттеу - тарихи терминдер мен ұғымдарды меңгеру. Нәтижесінде: - оқитын тіл елінің тарихындағы негізгі тарихи оқиғаларды; - оқитын тіл елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін; - оқитын тіл елінің негізгі даму заңдылықтарын; - оқитын тіл елінің қоғамдық-саяси ойларының әртүрлі саяси, діни, әлеуметтік-саяси факторларының ықпалын білу керек -оқитын тіл елінің қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік -саяси мәселерінен хабардар бола алу - Қазақстан мен оқитын тіл елінің тарихи даму үдерісінде параллель жүргізе алу - тарихи дереккөздермен жұмыс істей алу - тарихи құбылыстар мен үдерістерді талдау дағдыларын қалыптастыру

Шет тілін оқытудың қазіргі әдістемесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Шет тілін оқытудың қазіргі методикасы» курсы оқитын шет тілін оқытудың әдістемесін оқытып-үйретеді, оқитын шет тілінің оқыту әдістеме бойынша теориялық материалмен таныстырады, студенттердің тілдік нормативтерді меңгеруіне қарай жұмыстың қажетті көлемін орындауға мүмкіндік береді. - әдістемеге өзінің объектісі мен пәні, заңдары мен заңдылықтары бар жеке ғылым ретінде студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру. - әдістеме ғылымының дамуының негізгі тенденциясы мен қазіргі жағдайымен таныстыру. - болашақ оқытушыға өзінің кәсіби қызметінде қажетті қабілет пен білімнің біртұтас жүйесі ретінде шет тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесіне мінездеме беру. - болашақ кәсіби қызметте оқу-тәрбиелік міндеттерді орындаудың тиімділігін арттыру мақсатында практиканың нәтижелерін ғылыми-зерттеу барысында іздеу және жинақтау үшін әдістемелік негіз қалыптастыру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Шетел тілінде оқу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты – шығыс тілінде тексттерді оқып түсінуді үйрету. Курс міндеттері: Коммуникативті оқу, қажетті ақпаратты алу және оны түрлендіру шеберлігін қалыптастыру Студент осы оқығаннан кейін: - оқу түрлерінің (шолып оқу, танысып оқу, зерттеп оқу мен ізденіп оқу) еркшеліктерін білуі керек - оқып отырған мәтіннің (ғылыми-танымал, қоғамдық-саяси, көркем) сипаттарын анықтай алу керек - әртүрлі жанрдағы мәтіндерді оқу; - оқыған мәтінге тезис пен андатпа жазу - мәтіннен қажетті ақпаратты алуға дағдыларын меңгеру.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Scientific Writing
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Азия қауымдастығы
  • Бақылау түрі - Аудит
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты- азиялық қауымдастықта үйлесімдік пен ынтымақтастық маңыздылығын тану қажеттілігі негізінде Азияда болып жатқан үрдістерді оқып үйрену. Жалпы адамзаттық құндылықтартардың, мәдени релятивизм мен мәдени алуан түрліліктің, болымыс ұқсастығының негізгі аспектілерін білу; Орталықазиялық қауымдастыққа тән мәселелерді талқылау және талдау жасай білу; аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық контексінде аймақтық интеграция мәселелеріне талдау жасай білу.

Ақша, кредит, банк
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - вост7ноя2015

Аударма жазбаларының техникасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс аударма жазба техникасының ережелерімен танысуды қарастырып, амалдарды меңгеру Оқу нәтижесінде студент: Ілеспелі ауызша аударманың аудармалық жазбаларды қысқарту; жүйесінің негізін білу Ауызша аударманың өту барысына бағдарлама жаза алу; Мәтінді қабылдау барысында ақпаратты рационалды түрде бекітуді жүзеге асыру

Аударма жазбаларының техникасы1
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Аударма және когнитология негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс когнитологияның базалық мәселелерін аударма аспектісінде қарастыруға бағытталған. Салыстырмалы концептологияның әдістері қазіргі аударматанудың маңызды бағыты ретінде; туған тіл мен оқылатын тілдердегі әлем бейнесі когнитивті диссонанстың ӛрісі ретінде қарастырылады. - когнитивистиканың теориялық негіздерін аударма контексінде білу; - концептілерді сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін қолдану білу; - тілдік сәйкестіктерді талдай білу, түрлі тілдерде қолданылатын когнитивті механизмдердің ұқсастығын табу дағдысын меңгеру.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Батыс тілінің практикалық курсы (жалғастырушы деңгей 1)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс батыс тілін төрт тілдік қызмет: жазу, оқу, сөйлеу, тыңдауды меңгере отырып теориялық және практикалық дағдыларды жетілдіруді жалғастыруға бағытталған. Курс мақсаты: практика жүзінде сөйлеуде пайдалана отырып, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және лексикалық қағидаларды меңгеру. Осы пәнді оқунәтижесінде: Шет тілінің лексикасымен практикалық грамматикасын; Практика жүзінде алған білімін қолдана білу; Кәсіби, ғылыми, оқу және әлеуметтік-мәдени салаларда коммуникацияны жүзеге асыру үшін шет тілінің ауызша жазбаша сөйлеу формаларын меңгеру.

Батыс тілінің практикалық курсы (жалғастырушы деңгей 2)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс батыс тілін төрт тілдік қызмет: жазу, оқу, сөйлеу, тыңдауды меңгере отырып теориялық және практикалық дағдыларды жетілдіруді жалғастыруға бағытталған. Курс мақсаты: практика жүзінде сөйлеуде пайдалана отырып, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және лексикалық қағидаларды меңгеру Осы пәнді оқу нәтижесінде: Шет тілінің лексикасы мен практикалық грамматикасын; Практика жүзінде алған білімін қолдана білу; Кәсіби, ғылыми, оқу және әлеуметтік-мәдени салаларда коммуникацияны жүзеге асыру үшін шет тілінің ауызша жазбаша сөйлеу формаларын меңгеру

Батыс тілінің практикалық курсы (жоғарғы деңгей 2)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс батыс тілін төрт тілдік қызмет: жазу, оқу, сөйлеу, тыңдауды меңгере отырып теориялық және практикалық дағдыларды жетілдіруді жалғастыруға бағытталған. Курс мақсаты: практика жүзінде сөйлеуде пайдалана отырып, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және лексикалық қағидаларды меңгеру Осы пәнді оқу нәтижесінде: Шет тілінің лексикасы мен практикалық грамматикасын; Практика жүзінде алған білімін қолдана білу; Кәсіби, ғылыми, оқу және әлеуметтік-мәдени салаларда коммуникацияны жүзеге асыру үшін шет тілінің ауызша жазбаша сөйлеу формаларын меңгеру

Батыс тілінің практикалық курсы (жоғары деңгей 1)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс батыс тілін төрт тілдік қызмет: жазу, оқу, сөйлеу, тыңдауды меңгере отырып теориялық және практикалық дағдыларды жетілдіруді жалғастыруға бағытталған. Курс мақсаты: практика жүзінде сөйлеуде пайдалана отырып, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық және лексикалық қағидаларды меңгеру. Осы пәнді оқу нәтижесінде: Шет тілінің лексикасы мен практикалық грамматикасын; Практикажүзіндеалғанбілімінқолданабілу; Кәсіби, ғылыми, оқужәнеәлеуметтік-мәденисалалардакоммуникацияныжүзегеасыруүшіншеттілініңауызшажазбашасөйлеуформаларынмеңгеру

Бизнестің құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: кәсіптің концепциясын, заңнамалық негізін жене экономиканың осы саласындағы аударманы меңгеру. Курстың міндеттері: Студенттердің бизнестің құқықтық негізінде білімін, қабілетін және дағдысын қалыптастыру болып табылады: -кәсіпкерліктің мақсаттары мен принциптері; -қаржылық кәсіпкерлік; -кәсіпорын қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері; -салық заңнамасы; -монополияға қарсы реттеу; -кәсіпорынның күйреуі. Оқудың нәтижесінде студент білуге тиіс: кәсіптің негізгі тұжырымдарын, кәсіптің заңнамалық негіздерін; кәсіпкерліктің негізгі қағидаларын; кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық аспектілері; кәсіпкерлік қызметтің құқықтық аспектілерін оқылатын тілде құрастыру және аудара білу; кіріс пен табысқа бағытталғандербес экономикалық қызмет бастамасын ұйымдастыру, басқарудың түрлі нысандарын кәсіпорындар мен фирмаларды тіркеу.

Дипломатиялық аударма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Курс мақсаты шет тілін кәсіби мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілдік коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру; дипломатиялық сипаттағы мәтіндерді ауызша және жазбаша аудару; кәсіби мәселелерді шешу мақсатында шетелдік серіктестермен кездесу өткізу Оқу барысында келесі мақсаттар жүзеге асады: - студенттердің дипломатиялық терминдер бойынша лексикалық қорды кеңейту - дипломатиялық мәтіндерді қазақ/орыс тілдерінен шығыс тіліне, шығыс тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару дағдыларын дамыту - дипломатиялық мәтіндерді ауызша аудару дағдыларын дамыту - студенттерде екі жақты аударма дағдыларын меңгерту - студентердің экономика, іскерлік әдеп салалары бойынша білімдерін кеңейту "Оқу нәтижесінде студенттер: 1) дипломатиялық мәтіндерін аударудың негізгі қиындықтары 2) дипломатия аудармасындағы аудармалық сәйкестіктің негізгі түрлері; 3) дипломатиялық аудармадағы аударма өзгертулердің ерекшеліктерін білу керек 1) дипломатия мәтіндерін аударма алдында талдай алу 2) түпнұсқаның жанр және мәнмәтіннін ескере отырып, экономикалық мәтінің аударма стратегиясын таңдау 3) дипломатия мәтіндерді аудару барысында аударманың дұрыстығы мен баламалығын жүзеге асыру үшін әдістер мен амалдарды таңдап, талдау 4) ауызша аударма кезінде мәтінді қабылдаумен бірге оның мағыналық талдауын жасау 5) ауызша аударма кезінде мәтінді қабылдаумен бірге қысқа жазулар жүргізу керек 6) фондық білімдерді келтіру 7) жазбаша аударма кезінде мәтіннің ақпараттық мәнін құрайтын тірек-кілттік терминдерін бөліп қарастыру Қабілеттерді меңгеру: - терминологиялық сөздік құрастыру; - дипломатиялық мәтіндерді ауызша және жазбаша аударма жасау - дипломатиялық сөздіктері мен анықтамалық оқулықтарды қолдана отырып, дипломатиялық құжаттармен жұмыс істеу

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Заң саласындағы аударма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты заң аударма дағдылары мен шеберліктерін дамытып, жетілдіру болып табылады. Курс мақсаты жазбаша аударма дағдылары (көру-жазбаша аударма), жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы ( көру- ауызша аударма); естіп ауызша аудару Пәнді оқу нәтижесінде келесі аспектілер жайлы түсінік береді: 1) әртүрлі жанрдағы заң мәтіндерінің прагмастилистикалық ерекшеліктері 2) заң аудармаларының әлеуметтік – мәдени аспектілері 3) заң мәтіндерін тілдік рәсімдеу ерекшеліктері 4) салыстырмалы аспектіде заң терминологиясының ерекшеліктері 4) тілдік бірліктердің прагмастилистикалық мүмкіндігі Оқу нәтижесінде студенттер: 1) заң мәтіндерін аударудағы негізгі қиындықтар 2) заң аудармасындағы аудармалық сәйкестіктің негізгі түрлері; 3) заң аудармадағы аударма өзгертулердің ерекшеліктерін білу керек 1) заң мәтіндерін аударма алдында талдай алу 2) түпнұсқаның жанр және мәнмәтіннін ескере отырып, заң мәтінің аударма стратегиясын таңдау 3) заң мәтіндер аудару барысында аударманың дұрыстығы мен баламалығын жүзеге асыру үшін әдістер мен амалдарды таңдап, талдау 4) ауызша аударма кезінде мәтінді қабылдаумен бірге оның мағыналық талдауын жасау 5) ауызша аударма кезінде мәтінді қабылдаумен бірге қысқа жазулар жүргізу керек 6) фондық білімдерді келтіру 7) жазбаша аударма кезінде мәтіннің ақпараттық мәнін құрайтын тірек-кілттік терминдерін бөліп қарастыру Қабілеттерді меңгеру: - терминологиялық сөздік құрастыру; - заң мәтіндерін ауызша және жазбаша аударма жасау - заң сөздіктері мен анықтамалық оқулықтарды қолдана отырып, заң құжаттармен жұмыс істеу

Инновациалық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттердің бойында өндірістік саладағы кәсіпкерлік сферасында ұтымды сәтті қызмет атқару, нарық жағдайында инновациялық қызметпен айналысу, материалдық өндірістегі тәуекелді инвестицияларды басқару саласындағы қажетті құзіреттерді игеруді қамтамасыз ету болып табылады.Экономикалық өсудің заманауи нысандары мен үдерістері жайлы білуі тиіс; нарықтағы шаруашылық субъектісінің экономикалық ахуалын бағалай алуы керек, инновациялық тактиканы таңдай алуы тиіс, бәсекелестік артықшылықтарды иелену және сақтап қалу жолдарын игеруі тиіс.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Контрастивтік лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – ағылшын, қазақ, орыс тілдерін салғастырмалы зерттеу; генетикалық жақындықтарының деңгейіне қарамастан тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдау. - контрастивтік лингвистиканың нысаны мен пәнін, әдістемелік негіздерін білу, тіл білімінің осы бағытының даму кезеңдерін, метатілдік аппаратты , таксономиялық категорияларды және контрастивтік лингвистиканың қағидаларын білу; - туған тіл мен оқылатын тілді салғастырмалы және контрастивті талдау жасй білу, қоғам мен тілдің тепе-теңдігін қағидаларын жіктеу; - түрлі құрылымдық тілдерді салғастыру кезінде контрастивті анализ жасаудың тәсілдері мен дағдысын меңгеру.

Корей дәстүрлі музыкасы мен биі
  • Бақылау түрі - Аудит
  • Сипаттамасы -

Корпоративтік құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Корпоративтік құқықтың негіздері, заңды тұлғалардың құқықтық ережелерінің ерекшеліктері, заңды тұлғалардың түрлі мінездемелері, бір-бірінің қызметіне заңды тұлғалардың қатысу ерекшеліктері оқытылады. Негізгі теориялық ережелерді білуі керек. Корпоратиктік құқық саласындағы Қазақстан Республикасының заңын, заңды тұлғалар туралы заңнамасымен жұмыс істеуге дағдыланыу керек. Практикада тап болатын қиын жағдайларға бейімделе білуі керек. Алған білімін қолдануға дағдылануы керек.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қазақстанның туризм географиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қазақстанның туризм географиясы

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі қазақ/орыс тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - вост18март2014

Қаржы менеджменті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты "Қаржы менеджменті" болып табылады студенттерді оқыту негіздері орнықты сақтау және дамыту фирманың бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді перспективада арқылы тұжырымдамасы стратегиялық басқару, бағалау стратегиялық мүмкіндіктер мен стратегиялар жүргізу барысында қаржы-шаруашылық қызметі кәсіпорындар мен кәсіпкерлік. Пәннің міндеті тұрады қалыптастыру, теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын, қаржыны басқару, оның қажеттілігі туындайды зерделеу:- тұжырымдамалық көзқарастарды, ол мүмкіндік береді, студентке біріктіруге бұрын зерттелген мәселелер қаржыны басқару;- әдістемелерді талдау қаржы-шаруашылық қызметі, олар бөліп көрсетуге мүмкіндік дамуының басты мәселелері кәсіпорын және ұсынуға балама оларды шешу жолдары;- зерттеу салалық ерекшелігіне қаржылық менеджмент;- процестерді интеграция және әртараптандыру, қаржы-шаруашылық қызметін;- зерделеу стратегиялық шешімдер тұрғысынан қаржыны басқарудың кәсіпорынның және т. б. курсты зерделеу нәтижесінде студент білуге тиіс:- тұжырымдамасын және жұмыс істеу тетігі-қаржы менеджменті;- мәні мен әдістемесі, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;- құрылымын құрудың әдістемесін әзірлеу стратегиялары мен тактикасын басқару;- құралдар мен жүйелер азайту принциптері, оларды таңдау және т. б. үйренуі керек:- талдау көрсеткіштері, сипаттайтын қаржы-шаруашылық қызметі...

Қаржы сауаттылық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерде қаржылық саясатты жайлы білім жүйесін қалыптастыру,қҚаржылық саясатты әзірлеу және іске асыру дағдыларын қалыптастыру, атқарушы билік, жергілікті билік және кәсіпорынадырындағы қаржының мақсаттары мен міндеттерін, миссиясының өзектендіру. Білу: қаржы сферасынындағы саясаттын ипнтрументтері, тусінігі, әдістері. Нарық пен бизнестіәң жаһандану жағдайындағы қаржылық сауаттылық арттыру. Қаржылық саясаттың инструменттері. Қабілетті болуы – фискалдық және монетарлық саясаттың трансмиссиялық механизімін. Қаржы және несие аясында тәуекелдерді басқару. Қаржылық саясаты мақсатында жоспарлау. Біікті болуы- салықтың және қаржылық көрсеткіштерді есептеудің механизімі жайлы білікті болу.

Қоғамдық-саяси мәтіндерді аудару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: - қоғамдық-саяси мәтіндерді аудару негізінде студенттерге тілдің теориялық-әдіснамалық түсінігін беру; – мамандық бойынша қоғамдық-саяси лексикамен мәтінді оқу барысында студенттерде шығыс тілінің грамматикалық және тақырыптық лексиканы қолдану дағдыларын қалыптастыру; -ақпараттық мәтіндерді аударып өңдеуде ерекшеліктерін көрсету; – оқыған мәтінге талдау жасау және мақалаларға талдау жасау дағдыларын қалыптастыру; - пікірталастарды қолдана отырып және әртүрлі жаттығуларды бекіте отырып лексиканы тақырыпта қолдануға үйрету; – қоғамдық-саяси тақырыптарда тілдесу қабілеттерін қалыптастыру. Студент курсты оқу нәтижесінде: – қоғамдық- саяси лексикамен жұмыс істей алу керек; – бір тілден екінші тілге аударғанда аударманың ерекшеліктерін ескеру; – меңгерген материалмен лексикалық тақырыптың лексикалық практикалық маңызы жайлы түсінік болуы керек. Сонымен қатар, лексиканысаясиәдебиеттерді, газет мәтіндерін аударған кезде, іскерлік сөйлесу барысында және іскерлік құжаттарды рәсімдеуде қолдана білуі керек

Лингвистика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: тіл туралы ғылымның негіздерімен - негізгі лингвистикалық терминдерді, лингвистикалық танысу; тіл туралы ғылымның негіздерімен, негізгі лингвистикалық терминологиямен, тілдің ішкі қрылымы мен қыметінің негізгі ұғымдарымен таныс болу; Мазмұны: курс студенттерді тіл білімінің тарауларымен, кез келген тіл білімінің пәндерінде қолданылатын, келесі арнайы курстарды түсінуге қажетті ұғымдар мен терминдер жүйесімен таныстыруға бағытталған. бірліктерді және олардың қолдану заңдылықтарын; тілдердің шығу теориясының негізгі қағидаларын; әлем тілдері классификациясын білу; -лингвистикалық терминдерді дұрыс қолдануа білу; оқылған талдау әдістері арқылы нақты тілдік материалдарды талдау; түрлі тілдік материалдарды лингвистикалық әдістер арқылы талдау; - лингвистикалық ойлау дағдысын, лингвистикалық талдаудың түрлі әдістерін игеру.

Лингвоелтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән аясында елдің лингвистикалық сипаттамасы мен ұлттық социумның тіршілік әрекетінің түрлі аспектілерін: этнонимдер, қоғамдық-саяси лексика, ірі корпорациялар мен қоғамдық институттар атаулары, билік органдарының классификациясы мен олардың атаулары, оқитын ел тілінің әлеуметтік-тұрмыстық лексикасы мен лексикалық бірліктерді оқытуды көздейді.Негізгі тарихи даталар мен оқиғаларды; географиялық жағдай ымен табиғи ресурстарын; халықтың ұлттық және әлеуметтік құрылымын; мемлекеттік құрылысын; мәдени дәстүрін; сол тілде сөйлейтін халықтың мен әдет-ғұрпы мен дәстүрін білуі тиіс. Анықтамалық басылымдарды пайдалану; елтанулық мазмұндағы әдебиеттердің түпнұсқасын конспектілеу, реферат жазу және оларға қажетті түсініктемелер беру; түрлі дерек көздерінен алынған мәліметтерді жинақтау. Мәдениетаралық қатынасқа қатысуға қажетті шарт болып лингвоелтанулық құзыреттілік дағдысын қалыптастыру.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Медицина мәтіндерін аудару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: Филологиялық білімдерінің негіздерін меңгеру және олардың аудармашылық қызметте қолдану Жалпы оқулық және жалпы кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгеру. Курс міндеттері: Болашақ мамандыққа бейімделіп, оқу және білім спектрін кеңейтеді Студенттерді аударма пәнімен таныстыру Медициналық мәтіндіерді аудару, андатпа жазу дағдыларын қалыптастыру Курсты оқу нәтижесінде: Ғылыми-медициналық терминологияларын аударуда қажет стилистикалық, ғылыми және медициналық терминдерді білу керек Филологиялық білімдердің негізін меңгеруі керек

Оқитын тіл мәтіндерін мазмұндау және сипаттау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Риторика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың негізін мәдениетаралық коммуникация аспектісіндегі шешендік сөздің теориялық моделі құрайды. Курстың мақсаты – үйренушілердің санасында риторика теориясының негіздерін, мәдениетаралық коммуникация тәжірибесінде денотативті, экстенсивті және экспрессивті эквиваленттілікті анықтау дағдысы, білігін, білімін қалыптастыру - тілдік туындыны (риторикалық канон); жасау кезеңдерін білу; - қарым-қатынастың вербальды және вербальды және вербальды емес құралдарын меңгере алу; сөйлеу тәжірибесінде материалды жүйелеудің, жинаудың, тақырып таңдаудың негізгі тәсілдерін қолдана білу; - көпшілік алдында сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Синхронды аударма негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері: тілдік интерференцияны жеңу әдістері жайлы мәлімет алу, ауызша аударманы ұйымдастырудың техникасын меңгеру, ілеспелі аударманың түріне байланысты аудармашы стратегиясын меңгеру. Оқу нәтижесінде студент: Коммуникативті жағдайларды, конференцияны, келіссөздерді аудару ерекшеліктерін, ілеспелі аудармашының арнайы дайындықтар білуі керек Алған білімін кәсіби қызметте қолдана алу Ілеспелі аударма жағдайындағы тілдік сегментердің прагматикалық бейімделу техникасын меңгеру.

Солтүстік Кореяның қоғамы мен мәдениеті
  • Бақылау түрі - Аудит
  • Сипаттамасы -

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Стилистика және сөйлеу мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Стилистика және тіл мәдениеті

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Техникалық мәтіндерді аудару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Техникалық және арнайы құжаттарды аудару ерекше назарды талап ететін аудармалардың өте қиындарының бірі. Техникалық аударма ерекше. Техникалық аударманың әдістері мен себептері Техникалық аударма қиындықтарының себептері Курс мақсаты қазақ/орыс тілдерінен оқитын тілге және керісінше әртүрлі ғылым және техника салаларына қатысты аударма жасағанда кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру Пәннің міндеті: арнайы және ғылыми-техникалық терминологияны меңгеру негізінде аудармашылық дағды мен шеберлікті дамыту. Оқу нәтижесінде студент Техникалық құжаттар мәтінің құрылымын, ғылыми-техникалық стилдің баяндау тілін білу керек Арнайы және ғылыми-техникалық мәтіндерді аударуды жүзеге асыру Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдысын меңгеру

Туризм негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: туристік нарық, туристік қызмет, кешенді туризмнің дамуы, негізін қалаушы қағидалар, сипаты мен мазмұныны жайлы түсінік беру Курс міндеттері: - туризм тарихы, туризм экономикасын, негізгі қағидаларын ашу; - туристтік нарықтың дамуын, туристік маркетингтің ерекшеліктерін зерттеу Оқу нәтижесінде студент: знать: - туризм негізін, әлемдік, ұлттық және аймақтық ерекшеліктері мен заңдылықтарын, туризмнің философиясы мен технологиясын білуі керек - туристік нарық қозғалысында бейімделу владеть навыками: - транстур мен бизнес турлар аясында туризмнің болашағын талдау; - қазіргі заманғы туристік нарыққа талдау жүргізе алатын статистикалық талдау дағдыларын меңгеру

Туристік мәтіндерді аудару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Туристік мәтіндерді аударудың ерекшеліктерін; туристік мәтіндерді аударуда жеткізудің ерекшеліктерін түсіндіру. Қабілетті болуы керек: туристік мәтіндерді аудару барысында баламасын табу, нақты жеткізудің әдіс-тәсілдерін таңдап, анализ жасай білуге; ауызша аудармада мәтінді түсіне отырып, мағынасына анализ жасай білуге; ауызша аудармада мәтінді түсіне отырып, қысқаша түртіп алуға; алған білімін қолдануға; жазбаша аудармада мәтіннің ақпараттық мәнін беретін негізгі терминдерді белгілеуге; дағдылануы керек: терминологиялық сөздік жасауға; туристік мәтіндердің жазбаша және ауызша аудармасын жасауға; Білуі керек: туристік мәтіндерді аударудың ерекшеліктерін; туристік мәтіндерді аударуда жеткізудің ерекшеліктерін. Қабілетті болуы керек: туристік мәтіндерді аудару барысында баламасын табу, нақты жеткізудің әдіс-тәсілдерін таңдап, анализ жасай білуге; ауызша аудармада мәтінді түсіне отырып, мағынасына анализ жасай білуге; ауызша аудармада мәтінді түсіне отырып, қысқаша түртіп алуға; алған білімін қолдануға; жазбаша аудармада мәтіннің ақпараттық мәнін беретін негізгі терминдерді белгілеуге; дағдылануы керек: терминологиялық сөздік жасауға; туристік мәтіндердің жазбаша және ауызша аудармасын жасауға;

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Тіл біліміне кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - вост

Халықаралық құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Халықаралық құқық курсының мақсаты - студенттерге халықаралық азаматтық құқық қатынастарының саласында қажетті қағидалы және тәжірибелі білім беру. Бағдарламаның мазмұнының игеру нәтижесінде студент білуге тиіс: - халықаралық құқықтық қатынастар түсінігін; әртүрлі нормаларды, институттарды, және олардың Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі мазмұндамасын; қолданыстағы халықаралық құқықтық келісімдерін игеру; - халықаралық өмірдің оқиғасына және деректеріне дұрыс құқықтықтың сараптама жасай алу; - қолданыстағы заңнамалар туралы білімін тәжірибеде қолдану.

Шешендік өнер негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты: шешендік дағдыларын қалыптастыру. Шешендік өнер ұғымын, қазіргі әдеби тілге сүйене отырып, сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу Курс міндеттері шешендік өнердің қағидалары жайлы түсінік беру. Сөй леу кезіндегі шешендік өнер тәсілдерін қолдану ережелерімен таныстыру Оқу нәтижесінде студент: – риториканың пайда болу тарихы мен дамуын; – сөйлесудің түрлері мен олардың ерекшеліктерін; – риторикалық қызмет әдістерінің өзара байланысты жүйесін; – ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшеліктерін – ауызша және жазбаша мәтіннің жасалу кезеңдерін білуі керек – ауызша және жазбаша мәтіннің жасалу кезеңдерін дұрыс қолдана алу – түрлеріне байланысты ауызша және жазбаша сөйлеудің салыстырмалы талдау дағдыларын меңгеру

Іскерлік қатынас саласындағы аударма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Басты мақсат берілген курс аясында іскерлік құжаттар мен хат-хабарды екі жақты аударуда кәсіби дағды мен шеберлікті қалыптастыру Пәнді оқыту барысында жанр және ерекшеліктерді ескере отырып, аударма жасау Студенттер аударма сапасының көрсеткіштерін меңгеріп, бағалау , редакциялау және форматтау дағдыларын жетілдіру Осы курсты оқу нәтижесінде: Тілдік стилдерді, оның ерекшеліктерін, грамматикалық формалар мен құрылымдарды, мәтіндік жанрларды. Жазбаша аударманың әдістері мен амалдарын білу керек Түп нұсқа мәтінің типі мен прагматикалық бағыттын ескере отырып, аударма стратегиясын кәсіби сауатты таңдай алу керек Мәтінді аудармас бұрын талдау Кәсіби тұрғыдағы әртүрлі жанр мен стилдегі мәтіндерді жазбаша аудару Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, мәтінді аудармаалдында талдау жасау дағдыларын, лексикалық дұрыстық пен грамматикалық, стилистикалық және синтаксистік қағидаларды сақтай отыра ауызша және жазбаша аударма жасау дағдыларын қалыптастыру

Іскерлік шығыс тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: - бір типтік жағдайда шығыс тілінде ауызша және жазбаша түрде әскерлік сөйлесу негіздерін үйрету - ауызша және жазбаша формадағы әскерләк қарым-қатынас саласында коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру Міндеттері: - студенттерді шет тілдегі әскерлік қарым-қатынас негіздерімен таныстыру - студенттерді іскерлік хат пен факс формаларымен таныстыру - әскерлік хат түрлерімен таныстырып, қажетті сөз тіркестер беру; - телефон арқылы іскерлік сөйлесуді жүргізу дағдыларын дамыту; - шығыс елдердегі фирмалармен әскерлік хат алмасу дағдыларын қалыптастыру. Оқу нәтижесінде: - коммерциялық хат және түйіндеменің жалпыға мәлім формаларын білу керек - коммерсиялық хаттың құрлымын - қаржылық және банк терминологиясын - оқитын тіл еліндегі әскерлік сөйлесудегі мәдени дәстүрлер - іскерлік шығыс тілінің негізгі ұғымы, сөз бен сөз тіркесі жайлы білу керек; - іскерлік хаттарды дұрыс жаза алу; - іскерлік хат алмасуды сауатты және дұрыс жүргізе алу; - ақпарат көздерімен ( жарнама, жеделхат, хат) жұмыс істеу; - телефонмен сөйлесу - іскерлік кездесулер мен презентациялар өткізуді - бизнестің әртүрлі саласына қатысты негізгі тілдік клишелерді - тілдік қарым-қатынастың кәсіби негідерін; - коммерциялық хаттармен жұмыс істеу дағдысын меңгеру.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

Экономикалық мәтіндер аудармасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты шет тілін кәсіби мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін шеттілдік коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру; экономикалық сипаттағы мәтіндерді ауызша және жазбаша аудару; кәсіби мәселелерді шешу мақсатында шетелдік серіктестермен кездесу өткізу; Оқу барысында келесі мақсаттар жүзеге асады: - студенттердің экономикалық терминдер бойынша лексикалық қорды кеңейту; - экономикалық мәтіндерді қазақ/орыс тілдерінен шығыс тіліне, шығыс тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару дағдыларын дамыту; -экономикалық мәтіндерді ауызша аудару дағдыларын дамыту; - студенттерде екі жақты аударма дағдыларын меңгерту; - студентердің экономика, іскерлік әдеп салалары бойынша білімдерін кеңейту. Оқу нәтижесінде студенттер: 1) экономикалық мәтіндерін аударудың негізгі қиындықтары 2) экономика аудармасындағы аудармалық сәйкестіктің негізгі түрлері; 3) экономикалық аудармадағы аударма өзгертулердің ерекшеліктерін білу керек; 1) экономика мәтіндерін аударма алдында талдай алу; 2) түпнұсқаның жанр және мәнмәтінін ескере отырып, экономикалық мәтінің аударма стратегиясын таңдау 3) экономикалық мәтіндерді аудару барысында аударманың дұрыстығымен баламалығын жүзеге асыру үшін әдістер мен амалдарды таңдап, талдау 4) ауызша аударма кезінде мәтінді қабылдаумен бірге оның мағыналық талдауын жасау; 5) ауызша аударма кезінде мәтінді қабылдаумен бірге қысқа жазулар жүргізу керек; 6) фондық білімдерді келтіру; 7) жазбаша аударма кезінде мәтіннің ақпараттық мәнін құрайтын тірек-кілттік терминдерін бөліп қарастыру; Қабілеттерді меңгеру: - терминологиялық сөздік құрастыру; - экономикалық мәтіндерді ауызша және жазбаша аударма жасау; - экономикалық сөздіктері мен анықтамалық оқулықтарды қолдана отырып, заң құжатта рмен жұмыс істеу

Экскурсиятану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты- экскурсия өткізуде жаңалықтар мен технологияны қолдану, экскурсиялық істегі теориялық және тәжірибелік саласында негізгі білімнің студенттерде қалыптасуы. Қатысушылар экскурсияның классификациясын, экскурсоводтың кәсіби шеберлігін, экскурсияны жүргізудің тәсілі мен техникасын, оны көрсетіп, түсіндірілуі туралы біледі. - экскурсиялық істердің дамуына байланысты, тарихи оқиғалар мен негізгі түсініктерді білу; - жағдайы мемлекеттік стандартқа негізделген, жаңа экскурсия тәсілін қалыптастыра білу; - экскурсанттар тобының қалауын талдап, олармен ыңғайлы жұмыс түрін қолдана білу керек; - жеке экскурсияны және оған қатысты құжаттарды дайындай білу.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Диплом алды
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение