Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Аймақтану

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Білім беру бағдарламасы «5В050500 - Аймақтану»
Халықаралық аккредитация: FIIBA(2015-2020 жж.)
Бағдарлама: 5В050500 - Аймақтану
Дәрежесі: бакалавриат.
Емтихандар: шет тілі, дүниежүзі тарихы
Оқу түрі: күндізгі.
Оқу мерзімі: 4 жыл.
Кәсіби қызмет түрі:
Аймақтану бағыты бойынша бакалаврларды төмендегідей кәсіби қызмет түрлеріне дайындайды:
- Сараптамалық құрылымдарда, СІМ, ҚР шетелдердегі елшіліктерінде, ҰҚК, сыртқы саясат бойынша зерттеу орталықтарында қызмет ету;
- өндірістік құрылымдарда, шетелдік және отандық компанияларда, трансұлттық корпорацияларда қызмет ету;
- халықаралық және шығыс елдерінің мемлекеттік емес ұйымдарында қызмет ету;
- аударма бюроларында, ғылым және білім беру саласында, халықаралық қатынастар (шығыс елдері) саласы бойынша мамандар дайындау;
- шығыс елдеріндегі әлеуметтік –экономикалық, мәдени, саяси үдерістер мен олардың сыртқысаяси қызметіне сараптама жасаумен айналысатын сараптамалық, мемлекеттік және салалық құрылымдарда кәсіби қызмет ету.
Негізгі пәндер:
- Жаңажәне қазіргі кезеңдегіәлемхалықтарыжәнеаймақтарыныңтарихы
- Жаңажәне қазіргі кезеңдегіхалықаралыққатынастардыңжүйелітарихы
- АймақтыққатынастаржүйесіндегіҚазақстан
- Әлемдіксаясиүдеріс
- Халықаралыққатынастаржүйесіндегіаймақтардыңқазіргімәселелері
- Қазіргіәлемдегіғаламдықжәнеаймақтықүдерістер
- Дипломатиялық қызмет негіздері
- Мемлекеттік протокол және дипломатия
- Келіссөздер шеберлігі
- Аймақтық қауіпсіздік және аймақтық қақтығыстарды шешу мәселелері
- Ғаламдану әлеміндегі ақпараттық қауіпсіздік
- Аймақтық үдерістердің саяси талдауы мен болжамы
- Аймақтық дамудың экономикалықсараптамасы
- Шетелдік аймақтану
- Әлем аймақтарының геосаяси тұжырымдамалары
- Халықаралық қатынастар теорияларына кіріспе
- Халықаралық қызметтегі шетел тілі
- Мамандық бойынша мәтінді аудару тәжірибесі

Бағдарламаның артықшылықтары:
- көне ғылыми мектептер дәстүрін жалғастыру;
- бірегей авторлық курстар, білім берудегі жаңа әдістер мен техникалық жабдықтар ;
- аймақтану саласы мәселелерін зерттеу методологиясының кең жиынтығы:
- екі шығыс тілін меңгеру;
- екі шығыс тілінде аударма жасау дағдысын игеруі;
- жаһандық геосаяси, саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді терең зерттеу;
- ҚХР, Араб елдері, Иран, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Түркия сияқты шығыс елдерінің алдыңғы қатарлы ЖООда ғылыми - білім беру тағылымдамасынан өту мүмкіндігі.
Халықаралық байланыстар: студенттер ҚХР, Иран, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Түркия, Египет, Марокко, Иордания елдерінің ЖОО-на оқуға бара алады.
Практика өтетін және жұмысқа тұруы мүмкін орындар: сараптамалық орталықтар, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру орталықтары, шетелдік компаниялар, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Аймақтану
Мамандық шифры
5B050500
Факультеті
Шығыстану
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Шет тілі
Профильдік пәні
Шет тілі
Өту балы
ҚАЗ
92
ОРЫС
92

пәндер

Аймақтануға кіріспе
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - вост.,

Аймақтық дамудың экономикалық сараптамасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерді төмендегідей үлгілер мен тәсілдер топтарымен таныстыру: аймақтық дамуды есептеу жүйесі, аумақтық бөлу және аймақтық өнімді пайдалануды сараптау тәсілдері, аймақтағы салааралық байланыстарды саралау әдістерімен, аймақтар мүдделерінің түйісу тәсілдерімен таныстыру. Пәннің міндеттері: аймақтық дамудың мәселелерін шешу үшін әртүрлі түрдегі модельдер мен әдіс-тәсілдердің мүмкіндіктерін оқыту. Пәнді меңгеру барысында студент аймақтық дамудың негізгі үлгілері мен тәсілдерін білуі тиіс; алынған нәтижелерді талдай отырып үлгілер мен тәсілдерді саралай алуы тиіс; аймақтық даму үлгілерін тиімді пайдалана алуы тиіс.

Аймақтық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерге жалпы мәдени және мемлекеттік стандарттарға сәйкес Еуропа, Азия, Африка мемлекеттерінің жаңа замандағы тарихы туралы толық мәлімет беру болып табылады. жергілікті өркениеттердің негізгі элементтерін, Еуропа және Америка елдері дамуының басты бағыттарын, шетелдердегі капитализм дамуының ерекшеліктерін, түрлі елдердегі иодернизациялық үдерістердің ерекшеліктерін, Еуропа және Америка елдері тарихының басты оқиғаларын, саяси идеологияның нагізгі қағидаларын, халықаралық қатынастар дамуының негізгі кезеңдерін, тарихи терминдер мен түсініктерді білуі тиіс; тарихи ақпаратты кешенді іздеу, жүйелеу және интерпретациялауды жүзеге асыру, өзіндік жұмыс жасау, тарихи ақпаратты электронды өңдеу әдістерін қолдану дағдысы болуы тиіс.

Аймақтық үдерістердің саяси талауы мен болжамы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерді негізгі аймақтық үдерістермен және қазіргі халықаралық қатынастардың даму үдерістерімен таныстыра отырып, аймақтық үдерістердің ерекшеліктерін айқындау. Пәннің міндеті: студенттерде қазіргі халықаралық қатынастар және аймақтық үдерістер жөнінде жүйелі және кешенді түсінік қалыптастыру; студенттерді халықаралық қатынастардың аймақтық үдерістері мен мәселелерінің мәнін түсінуге дағдыландыру. Пәнді меңгеру барысында студент негізгі аймақтық үрдістерді талдай алуы тиіс. Қазіргі қоғамдағы жекелеген аймақтық үрдістердің маңыздылығын көрсете алуы және аймақтық мәселелерді алдын алу және шешу жолдарын сараптай алуы тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Әлем аймақтарының геосаяси тұжырымдамалары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән шеңберінде әлем аймақтардың геосаясат теориялар мен концепцияларды зерттеуге жобаланады. Пән зерттеу барысында студент геосаясаттың ұғымдар аппарат пен әдістемесін, ағылшын-саксон, неміс, италия, француз, орыс, жапон, қытай, үндә геосаясат мектептерін және халықаралық саяси, экономикалық пен мәдени процесстерді зерттеудегі геосаясаттың рөлі. Студент білуге тиіс: Геосаясаттың басты ұғымдары мен әдістемесі; Классикалық геосаясат мектептерінің тұжырымдамаларын; Заманауи геосаясат мектептерінің тұжырымдамаларын; Аймақтық геосаясат зерттеулерінің әдістемесін. Студент меңгеруге тиіс: Геосаясат оқуындағы әдістемелік анализдің дағдыларын; Түрлі геосаясат мектептерімен пайдаланылатын геосаясаттану зерттеулерінің басты тәсілдерін; Студент жасауға тиіс: Геосаясат процесстерін зерттеуге арналған саяси және статистикалық анализ әдістерін пайдалану; Геосаяси процесстерін классикалық және заманауи геосаясат мектептеріне бейімделе отырып, аймақтарда зерттеу.

Әлемдік саяси үрдіс
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мазмұны студенттерге Еуропа, Азия, Африка мемлекеттерінің қазіргі замандағы тарихы туралы толық мәлімет беруге бағытталған. Жалпы мәдени және мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес. аймақтың діни-өркениеттік ерекшеліктерін айыра білуін, тарихи үдерістің динамикасын талдауды, Еуропа және Америка елдері тарихындағы құбылыстар мен үдерістерді ғылыми тұрғыда сипаттауды, оқиғалар мен үдерістердің себептері мен салдарларын түсіндіруді, идеологиялық мәселеде бейімделе білуді меңгеруі керек;

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дипломатиялық қызмет негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты студенттердің Шығыстағы, сонымен қатар АТА –ғы интеграцияллық үдерістер ерекшеліктері мен заңдылықтары, олардың қалыптасу және даму кезеңдері, себептері туралы түсінігін қалыптастыру. Шығыстану факультеті студенттері үшін интеграция үдерістерін білу, ерекшелігін, интеграциялық институттар қызметінің практикалық механизмін білу міндетті. Аталған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу ұсынылып отыр: - түрлі интеграциялық ұйымдардың қалыптасу тарихы мен интеграция үдерісін оқу; - интеграция себептері мен факторларын айқындау; - интеграцияның пайдалы және тиімсіз жақтарын және оның болашағын көрсету. Шығыс елдеріндегі интеграция үрдісінің негізін, теориялық негізін, негізгі қозғаушы күші мен себебін, кезеңдерін, мәселелері мен нәтижелерін білу; Шығыстың экономикалық дамуының негізгі заңдылықтарын білуі тиіс. Тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді өз бетімен оқу және талдау жасау; оқыған материалдарынан пайдалы тәжірибе жинақтау; шынайы өмірде, іскерлік қатнаста қолдануға болатын жолдарды таңдай білу; түрлі ақпараттарды тиімді пайдалануы, бағалауы және сараптама жасау дағдысын қалыптастыруы тиіс. Основы дипломатической службы Основы дипломатической службы

Жаңа кезеңдегi әлем халықтары және аймақтарының тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - New F

Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастардың жүйелі тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнде жаңа ғасырдың XIX-1914 жылдар аралығындағы халықаралық қарым қатынастардың даму тарихы оқытылады . Пәнді оқу қазіргі саяси және әлеуметтік- экономикалық үрдісті талдауға және халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесінің құру мен даму үшін жаңа ғасырдағы халықаралық қатынастардың даму жүйесінің эволюциясын түсінуге септігін тигізеді. Ретроспективті тұрғыдағы мәмілегерлік пен мәмілегерлік қызметтің құрылу, даму спецификасы айқындалатын болады. Студент білу керек: Халықаралық қатынастағы Вестфальдық системаның құрылу мен даму тарихын; Халықаралық қатынастағы Вендік жүйесінің эволиялық тарихын; Батыс Еуропа мен Ресейдегі мәмілегерлік пен мәмілегерлік қызметінің құрылу мен даму тарихын; Отарлау ықпалы мен Шығыс елдерінің халықаралық қатынастар жүйесінің трансформация мен мәмілегерліктің ерекшеліктерін. Студент меңгеру керек: Жаңа ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесінің эволюциясының практикалық және теориялық талдауын; Жаңа ғасырдағы халықаралық қатынастардың тарихи мәліметтерін жаңарту, сақтау, алудың ерекше әдістері мен тәсілдерін; Тарихи талдау жүргізуге дағдылану Студент істей алу керек: Жаңа кезеңдегі xалықаралық қарым-қатынастар тариxындағы аналитикалық және зерттеудегі мәселелерді шешу үшін ақпараттық теxнологияларды колдануды; Жаңа кезеңдегі xалықаралық карым-қатынастардың эволюциялық құрылымының заңдылықтарындағы білімін пайдалануды;

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі-2 бөлім
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби-бағытталған шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - F

Келiссөздер шеберлегi
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі келіссөздерді жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, әлемдік тәжірибемен танысу. келіссөздер барысында орын алатын дипломатиялық протоколдың қыр-сырын игеру және оны тәжірибеде қолдана білуге дағдылану.

Қазiргi заман кезеңіндегі халықтар мен әлем аймақтарының тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заман кезеңіндегі халықаралық қатынастардың жүйелі тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты: Қазіргі заман кезіндегі халықаралық қатынастардың күрделі аспектілерін тануды тереңдету және кеңейту. Еуропа және Америка елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси үрдістерді жаңа позициялар тұрғысынан қарастырып, Германия, Англия, Франция, Италия және Америка сияқты мемлекеттер дамуындағы үрдістер мен тенденцияларға ерекше көңіл бөлу. Пәнді оқытудағы міндеттер: -қазіргі заман кезіндегі дипломатия мен халықаралық қатынастардағы өзіндік орны мен ерекшелігін айқындау; -халықаралық қатынастар мен дипломатия тарихының маңызды аспектілерін тануды тереңдету; -халықаралық қауымдастықтағы өзіндік орнын көрсету; -қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы өзгерістер туралы тұтас мағұлмат алу мүмкіндігін беру. Жинақтауға қажетті білім: Еуропа және Американың өзіндік дамуындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерін білу, осы аймақтағы елдердің дипломатиясы мен тарихындағы ерекшеліктерді түсіну, халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерге, олардың халықаралық қауымдастықта бекітілу жолдарын білуі қажет. Сонымен бірге Еуропа және Американың экономикалық интеграциясы, ұжымдық қауіпсіздік проблемасын түсінуі қажет. Біліктілігі мен дағдысы: Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың кеңістік шеңберлерін білу; биполярлы әлемдік тәртіптің шеңберін білу; жаңа әлемдік тәртіптің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысының қалыптасу жолдары мен түрлеріне сипаттама бере білу; Еуропа, Америка құрылығындағы өркениет аймақтарын білу және олардың маңызын ашып көрсете алу; Халықаралық қатынастардың дүниежүзілік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі екендігін ұғыну. Семинар сабақтарының барысында тәуелсіз зерттеу дағдысын меңгеру. Жаңа дипломатияның қалыптасу жолдарын түсіну, тарихы мен даму жолдарының, қоғамдық үдерістің ерекшеліктері мен ортақ ұстанымдарын игеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Мамандану аймағының тілі (екінші шет тілі) 1 бөлім
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – оқып жатқан екінші шет тілінің фонетикасы мен грамматикасына басты түсініктеме беру, әртүрлі жағдайларда тіл тасымалшымен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеу этикетінің басты нормаларын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Оқылатын екінші шет тілінің фонетикасы мен грамматикасы туралы негізгі түсініктемелерді білу және өтілген материалдар көлеміндегі сөздердің тақырыптық топтарын білу Нақты ақпарат пен сөйлеу этикетінің тілдік құралдарын қолдана алу, өтілген материалдар көлемінде монологты және диалогты сөйлеу түрлерін жасай алу. Сөйлеу этикетінің негізгі түрлері мен оқып жатқан тілдің елтанымдық лексикасын меңгеру

Мамандану аймағының тілі (екінші шетел тілі) 2 бөлім
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты –әртүрлі коммуникативті жағдайларда шет тілінде күрделі грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Шет тілін шетелдік дереккөздерден кәсіби мазмұндағы ақпараттар ала алатын деңгейде білу; мамандыққа қатысты мәтіндерді ана тіліне аудару және оларға талдау жасай білу. Мамандыққа қатысты мәтіндерге талдау жасау, арнайы терминдерді қолданып, қоғамдық-саяси сипаттағы мәселелерді талқылауға қатысу; арнайы мәтіндерді екі тілге аудара алу. Мамандыққа қатысты негізгі терминдерді білу және өз көзқарасын жазбаша түрде жеткізу дағдыларын меңгеру.

Мемлекеттiк протокол және дипломатия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді игерудің мақсаты: әлемдік және отандық этикалық ойлардың жетістігімен, этикет тарихымен танысу, тұлғааралық байланыс аясында этикет өлшемдерін пайдалана алу, - халықаралық қатынастар саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігіне қатысты ұстанымдар мен біліктілікке ие болу. халықаралық қатынастардағы (ресми және бейресми) саяси инабатты қарым-қатынас мәдениетін игеру, келіссөздер арқылы мәмілеге келуге дағдылану.

Халықаралық қатынастардың жүйелі тарихы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Халықаралық қызметтегі шетел тілі (1 бөлім)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің кәсіби салада шет тілінде ауызекі және жазба түрінде қарым-қатынас жасауында тілді тәжірибелік тұрғыда меңгеру дағдыларын қалыптастыру(қоғамдық-саяси сипаттағы мәтіндерден алынған ақпараттарды дұрыс қолдану), негізгі лексика мамандыққа қатысты терминдерді білу, шет тілінде коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту. Шет тілін шетелдік дереккөздерден кәсіби сипаттағы ақпараттарды алуға жетерлік деңгейде білу Коммуникативті қарым-қатынас жасау ережелерін сақтай отырып және нақты ақпараттар жеткізудің тиісті лексикалық құралдарын қолдана отырып, әңгімелер мен дәйекті талқылаулар жүргізе алу Шет тілінде мамандыққа қатысты негізгі терминдерді игеру және өз көзқарасын дәйекті түрде ауызша жеткізе алу дағдыларын меңгеру

Халықаралық қызметтегі шетел тілі (2 бөлім)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттердің кәсіби салада шет тілінде ауызекі және жазба түрінде қарым-қатынас жасауында тілді тәжірибелік тұрғыда меңгеру дағдыларын қалыптастыру(қоғамдық-саяси сипаттағы мәтіндерден алынған ақпараттарды дұрыс қолдану), негізгі лексика мен мамандыққа қатысты терминдерді білу, шет тілінде коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту. Шет тілін шетелдік дереккөздерден кәсіби сипаттағы ақпараттарды алуға жетерлік деңгейде білу, қоғамдық-саяси сипаттағы мәтіндерді аудару техникалары мен оларға талдау жасау дағдыларын білу; Мамандық бойынша берілген мәтіндерге талдау жасай алу; арнайы терминдерді қолдана отырып, қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты талқылауларға қатысу, мамандыққа қатысты мәтіндерді екіжақты аударма жасай алу. Шет тілінде мамандыққа қатысты негізгі терминдерді игеру және өз көзқарасын дәйекті түрде жазбаша жеткізе алу дағдыларын меңгеру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Шетелдік аймақтану
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерді «аймақтану» ұғымымен, "аймақтанудың үдерістері», «аймақтық саяси үдеріс», аймақтардың инфрақұрылымдарымен, аймақтық нтеграции үдерістері, оның себептері мен маңыздылығымен таныстыру; Пәнді игеру барысында студент әлем аймақтары, олардың дамуы және әлемдік саясаттағы орын мен рөлі жөнінде сараптама жасауға дағдылануы тиіс.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение