Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Кітапхана ісі

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - қызмет көрсету саласының бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Білім беру бағдарламасы «КІТАПХАНА ІСІ»
Халықаралық аккредитация : -
Программа: «5B0191000 - Кітапхана ісі»
Білім деңгейі: Бакалавриат
Оқуға түсуге арналған емтихан: оқыту тілі және әдебиет тарихы
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 4 жыл
«Кітапхана ісі» – мамандығы бойынша бакалавр келесідей кәсіби қызмет түріне дайындалады:
Кітапхана ісінің маркетологы;
Жан-жақты профильді кітапханашы;
Кітапханалардағы қызметкерлерді және құжаттауды басқарушы менеджер;
Библиограф;
Кітапханалардың ақпараттық қызметтер бөлімінің маманы;
Мәдениет нысандары, тарихи орындар мен ғимараттарды қорғау саласындағы қызмет;
Кітап палаталарының қызметі;
Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету;
Республикалық ұйымдарды басқару қызметі;
Іс жүргізуші – референт.
Профильді пәндер:
Кітапхана ісі тарихы;
Құжат пен кітаптың жалпы теориясы;
Кітапханатану;
Кітапханатануға кіріспе (ағылшын тіліндегі курс);
Кітапханалық-ақпараттық саладағы кітаптық коммуникациялар (ағылшын тіліндегі курс)
Классикалық тіл (араб, латын, парси)
Кітапханалық каталог
Әлемдік библиография (курстық жұмыс)
Қазақстан библиографиясы

Білімнің артықшылығы:
- Мамандықты меңгеруге септігін тигізетін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасымен біріккен дуалды білім беру жүйесінің болуы;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әл-Фараби кітапханасында оқу курстары мен тәжірибелердің ұйымдастырылуы;
- Ағылшын тіліндегі курстардың оқу жүйесінде кеңінен қолданылуы;
- Кітапхана ісіндегі ақпараттық технологияларды меңгеруге негізделген курстардың оқытылуы;
- инновациялық оқыту әдістерінің оқу жүйесінде кеңінен қолданылуы;
- тереңдетілген арнайы кәсіби дайындық;
- алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың авторлық курстары;
- отандық және шетелдік білім және ғылым бойынша жетекші мекемелермен тығыз қатынаста белсенді ғылыми жұмыс жасау мүмкіндігі.
Халықаралық байланыс:
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қазіргі таңда мамандар дайындауда әлемнің ең ірі 450 университеттерімен байланыс жасап келеді, университеттердің Халықаралық Еуропалық және Еуразиялық Ассоциациясының мүшесі және Еуропа, Солтүстік Америка мен Азияның 100-ден аса университеттерінің ғалымдары қатыстырылған.
Тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында тәжірибеден өтеді;
-Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бағынышты барлық кітапханалардан тәжірибеден өтеді;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әл-Фараби кітапханасынан тәжірибеден өтеді.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Кітапхана ісі
Мамандық шифры
5B091000
Факультеті
Тарих, археология және этнология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Әдебиет
Профильдік пәні
Әдебиет
Өту балы
ҚАЗ
82
ОРЫС
56

пәндер

Автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйелер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс барысында мәліметтер базасын құру жүйесіне қойылатын талаптар туралы көзқарас қалыптасады, МБ-на қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстандық автоматтандырылған ақпараттық мәліметтер базасының жүйесі мысалында МБ қолдану технологиясы қарастырылады. Курстың мақсаты мәліметтер базсын құруға қойылатын негізгі жұмыстарды және теориялық түсініктерді қалыптастыру болып табылады.гізгі Курсты оқыту барысында студенттер білуі және дағдысы болуы тиіс: кітапханалардағы ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері мен функцияларын; заманауи компьютерлік технологиялардың мәліметтер базасының мүмкіндіктерін ұғынуға; ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кітапханалық қызметті ұйымдастыруға.

Ақпараттық мәдениет
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ақпараттық ресурстар мен қажеттіліктер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттерге ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғаумен қамтамасыз ету бойынша негізгі білімдер беру. Курстың негізгі міндеттері: ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау негіздері бойынша мәліметтер беру; терминологиялық аппаратпен таныстыру;- ақпаратты шығу каналдарының пайда болу себептерін, оларды тоқтату әдістері мен тәсілдерін көрсету; ақпаратты кешенді қорғау жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері туралы білім алу. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - коммерциялық ақпаратты қорғаудың құқықтық және нормативті қамтамасыз етеуін, жүйелілік методологиясын; Істей білуі тиіс: коммерциялық ақпаратқа ақпараттық қауіпсіздіктің қауіпі төнуін; ақпаратты таратудың каналдарын; ақпараты тарату каналдарын тоқтату әдістері мен тәсілдерін; рұқсат берілмеген келсімнен коммерциялық ақпаратты қорғаудың ұсыныстарын жасау; ақпаратты қорғаудың қазіргі тәсілдерінің техникалық жабдықталуы.

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық этика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - ағылшын тілінің практикалық грамматикасы, сөйлем құрылымы, фонетикалық құрылымын үйрену; оқытушының тілдік хабардарлығын қалыптастыру; комуникациялық хабардарлықты қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Пәннің ерекшелігіне оқу барысында ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялар мамандықтарына қатысты этикалық мәселелерге көңіл бөлінумен ерекшеленеді. Ұйымдастырушылық кезіндегі қарым-қатынас орнату ерекшеліктеріне, осы саладағы стандарттар мен моларльдық кодекстерге негізделіп жасалады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Әлемдік библиография
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - дүниежүзілік библиография ісінің қалыптасуын, даму үрдістерін, құрылымын, ұйымдасытрылу үрдістерін, құрамдас бөліктерін оқып үйрену. Болашақ кітапханашыларды ақпараттық-технологиялық заманда өз салаларына байланысты әлемдік тәжіибені меңгере отырып, оны отандық кітапхан ісі саласын дамытуға үйрету болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер білуі тиіс: дүниежүзілік библиография ісінің қалыптасу кезеңдерін; оларға тән үрдістерді және құрылымдық ерекшеліктерді, ұйымдастырылу үрдістерін, құрамдас бөліктерін және олардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын. -

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Библиографиятану
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Библиографиятану барлық библиографиялық пәндер циклының теориялық негізі бола отырып, библиография ғылымының соңғы жетістіктеріне арқа сүйейді және библиографиялық пәндердің теориялық деңгейін көтере отырып, өзінің қоғамның барлық техника, технология, ақпараттандыру, білім беру салаларымен байланысын көрсетеді. Курсты оқытудың нәтижесiнде студенттер төмендегідей iлiмдердi игеру тиiс: - курсты игеруге қажетті ұғымдарды, негізгі нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды;- Библиография қызметінің экономикалық, саяси, шаруашылық және мәдени дамудың алдында тұрған мақсат, міндеттермен тікелей байланысын.Компетенциялар: библиографиялық тәжрибені теориялық, практикалық қызметтерді ұйымдастыру бағытында қолдану;- библиографиялық тәжрибенің қоғамдағы қызметінде компьютерлік технологияларды қолдануда.Курсты оқыту барысында студенттер білу тиіс: - библиография ғылымының, оның кітапханалар жүйесіндегі қызметін, пайда болу, даму заңдылықтарын;- библиография, библиографиятану ғылымдарының теориялық негіздерін, оның қолдану аясын.

Глобалды және локалды торабтар мен жүйелер
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқу барысында студенттер кітапханаларда мәліметтер базасын құру ерекшеліктерімен және оларды желіліерге ендіруге қойылатын талаптармен, мәліметтер базасымен жұмыс жасау ерекшеліктерімен танысады. Қазіргі кезде отандық кітапханаларда қолданыста жүрген желіліердің ерекшеліктері және мүмкіндіктерін меңгереді. Курсты оқу барысында студенттер кітапханалық қызмет көрсетуде пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмыс жасау ерекшеліктерін білуі тиіс.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Классикалық тілдер (латын, фраб, парсы)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Классикалық тіл пәні бакалавр мамандарды дайындау барысында шығыс тілінің бастапқы практикалық және теориялық негіздерін меңгеруге бағытталған.Курстың мақсаты - таңдалған шығыс тілінің практикалық грамматикасы, сөйлем құрылымы, фонетикалық құрылымын үйрену; оқытушының тілдік хабардарлығын қалыптастыру; комуникациялық хабардарлықты қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Студент мына дағдыларды меңгеруі керек Тыңдау(аудирование) – оқытушы-тіл иеленушінің сөйлегенін, сонымен қатар оқытушылар мен студенттердің сөйлегенін тыңдау мен түсінуге негізгі дайындық жасау. Сөйлеу - тәжірибелік жұмыс кезінде дұрыс дыбыстауға және ырғақты интонацияға дағдылану, оқып жатқан тілде дайындалған мәтіндерді айтуға бейімдеу; Оқу - аудару, мазмұндама, сұраққа жауап, студенттің шет тілдегі мәтінді оқу техникасын қалыптастырып, дамыту; сонымен қоса әртүрлі ақпарат көздерінен алған ақпараттарды жеткізу қабілетін арттыру; Жазу - графикалық, пунктуациялық және орфографиялық ережелерді сақтап, сауатты жазу, жаттығуларды жазбаша орындау.

Кітап тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кітапхана қоры
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері: кітапханалардың түрлі қорларында жұмыс жасау әдістері мен тәсілдерін меңгерген білікті маманды дайындауға септігін тигізу. Пәннің міндеті: кітапханалық қорлардың даму эволюциясына тән ерекшеліктерді меңгере отырып, "кітапхана" ұғымында алатын қордың маңызын ұғындыру; кітапханалық қорларды қалыптастырудың теориялық негіздерімен таныстыру; кітапханалық қорларды қалыптастыруда атқарылатын үрдістердің ретін меңгеру. Пәнді оқу нәтижесінде студент кітапханалық қорларды қалыптастыруда ұолданылатын терминдер жүйесін меңгеруі, Қазақстанның кітапханаларының қорларының қалыптасу тарихын білуі, кітапхана қорларын құруда қолданылатын нормативтік-әдістемелік талаптарды, қорларды құруға тән дәстүрлі және автоматтандырылған әдіс тәсілдерді білуі керек; сонымен қатар кітапханалық қорларды жинақтауға,түрлі саладағы кітапханалық қорларды ұйымдастыруға және басқаруға дағдылары болуы керек.

Кітапхана ісі тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері: бағдарлама студенттерді ежелгі дәуірден бастап, қазіргі күнге дейінгі араллықта әлемдік кітапхана ісінің қалыптасу, даму үрдісімен студенттерді таныстыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер кітапхана әсәнәі қалыптасу кезеңдеріне байланысты маңызды оқиғалармен және кезеңдерімен танысады. Курсты оқу барысында студент: - кітапхана ісінің қалыптасуы мен ұйымдастырылуының негізгі тарихи кезеңдерін; - кітапханалық ұйымдары мен кітапханалардың атқараттық бағыттағы атқаратын негізгі функцияларын; Отандық және шетелдік кітапхана ісіне тән ерекшеліктерді білу тиіс. Істей алуы тиіс:-іс жүзінде кітапхана саласына тән отандық және шетелдік тәжірибенің тиімді тұстарын анықтай отыврып, оны елімізде ендіру мүмкіндіктерін; тәжірибе жүзінде кітапха ісі саласынада қолданыста жүрген нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды пайдалануды;

Кітапханалар мен ақпараттық қызметтердің құжаттық қорлары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты кітапханалардың кітаптарды сақтау әдістерін, олардағы ақпаратты оқырманға жеткізу тәслдерімен таныстыру. Дағдысы болуы керек: кітапхана қорларын жинақтау тәсілдерін меңгеруге; қор құраушылармен байланыстар орнату тәсшлдерін меңгеруге; қорларды жинақтауға қойылатын талаптарды меңнеруге.

Кітапханалық ақпараттық қызметті стандарттау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің негізгі мақсаты стандарттау және сертификаттаудың мәнімен, осы саладағы қызметтің негізгі бағыттарымен, стандарттау бойынша нормативтік құжаттар түрлерімен, стандарттау принциптермен және әдістерімен таныстыру. Стандарттау және сапаны басқару саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу. Rbnfg[fy стандарттары, олардың мазмұны және қолдану саласы. БҚҚ стандарттау құжаттармен жұмыс процедураларын ұйымдастыруды құқықтық бекітудің формасы. Құжаттаманы басқарудың халықаралық және мемлекеттік стандарттары. Курсты оқыту барысында студенттер құжаттардың отандық стандарттаудың қалыптасу және қазіргі кезеңдегі процестерінің нақты-тарихи ерекшеліктерін, құжаттарды басқару саласындағы, соның ішінде мемлекеттік ақпараттық ресурстар жүйесінде мемлекеттік, халықаралық стандартардың рөлі мен тағайындалуын, БҚҚ стандарттау негіздерін білу тиіс. Құжаттарды басқаруда ресей және шет мемлекеттерінің тәжірибелерін қолдану, құжаттарды жасауда практикада стандарттаудың әдістерін, принциптерін пайдалана білу.

Кітапханалық каталог
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: кітапхананың негізгі маңызды функциялардың бірі – қоғам мұқтаждығын ретроспективті мәліметтермен қамтамасыз ету болғандықтан, кітапхананың каталогизацияландыру негіздерінің ерекшеліктерін анықтау. Курстың міндеттері: Каталогтардың құру ерекшеліктерін, принциптерін, белгілерін, олардың түрлерін, каталогтандырудың талаптарын және теориялық – методологиялық негізін көрсету. Курсты оқытудың нәтижесінде студенттер мынандай теориялық ілімдерді игеруі тиіс: кітапхана каталогтарын пайдалануда түрлі ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін, принциптерін меңгеру.Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі тиіс: каталогтармен жұмыс жасауды, оны құруды, сипаттауды, түрлерге бөлуді және автоматтандырылған жүйеге енгізуді.

Кітапханалық қызмет
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты кітапхана ісінің маңызды бөлігі болып табылатын - кітапханалық қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру болып табыылады. Осы мамандықты меңгеруді өздеріне мақсат еткен студенттер кітапханалық қызметтің ерекшеліктерін және маңызын білулері қажет. Пәнді меңгеру барысында студенттер білуі тиіс: кітапханалық қызметке тән тенденцияларды; қызмет көрсету түрлерін және оған тән ерекшеліктерді; кітапханалардың оқу залдарында оқырмандармен жұмыс жасау психологиясын. түрлі санаттардағы оқырмандармен жұмыс жасай алу үшін олармен қатынас жасау ерекшеліктерін меңгеруге және оларға талдау жасауға және түрлі кезеңдерде орын алған алдыңғы қатарлы тәжірибелерді аталған салаға ендіру үрдісіне дағдысы болуы керек.

Кітапханалық маркетинг
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың қажеттілігі төмендегі факторлардан туындайды: кітапханалық маркетинг қызметінің мәнін, оныцң әлеуметтік саладағы рөлін, сондай-ақ нарық заманындағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін терең игеруге баулу; маркетингтік қызметтің негізгі теориялық, тәжірибелік бағыттарын, оларды ұйымдастыру ерекшеліктерін оқытудан. Студент білуі тиіс: кітапхан қызметіне жаңаша көзқарасқа байланысты ойларды, қазіргі замандағы ақпараттық кітапханалық технологияларды дамыту талаптарын, маркетингілік жұмыстың теориясы мен тәжірибесін.Дағдыларды меңгеруі тиіс: кітапханалық маркетингіге байланысты білімдерді жан-жақты кәсіби игеруге.

Кітапханалық этика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты - ағылшын тілінің практикалық грамматикасы, сөйлем құрылымы, фонетикалық құрылымын үйрену; оқытушының тілдік хабардарлығын қалыптастыру; комуникациялық хабардарлықты қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Пәннің ерекшелігіне оқу барысында ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялар мамандықтарына қатысты этикалық мәселелерге көңіл бөлінумен ерекшеленеді. Ұйымдастырушылық кезіндегі қарым-қатынас орнату ерекшеліктеріне, осы саладағы стандарттар мен моларльдық кодекстерге негізделіп жасалады.

Кітапханалық-ақпараттық қызметтегі менеджмент
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың қажеттілігі төмендегі факторлардан туындайды: студенттерге кітапханалық менеджмент қызметінің мәні, әлеуметтік саладағы рөлі, сондай-ақ оны нарық заманында ұйымдастыру ерекшеліктерін білу қажеттілігіен. Курстың мақсаты: пәннің құрамдас бөлігі мен құрылымын жете зерттеу; кітапхана қызметін жаңаша ұйымдастыра алатын және басқаратын мамандар дайындау. Студент кітапханалық менеджмен саласына байланысты терминдерді, түсініктерді, функционалдық қызметке тән ерекшеліктерді білуі тиіс. Кітапханалық менеджментке байланысты білімдерін жан-жақты дамытуға және оларды тәжірибеде пайдалана алуға дағдысы болуы керек.

Кітапханалық-ақпараттық саладағы кітаптық коммуникациялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың негізгі мақсаты студенттердің тілдік құзыреттілігін тәжірибеде қалыптастыру, яғни біліктілік мен дағдылық деңгейлерімен қамтамасыз ету, олар кәсіби қызметтің әр түрлі салаларында, ғылыми және тәжірибелік жұмыстарда, шетел әріптестерімен байланыс орнатуда, басқа да мақсаттарда шет тілін қодануға мүмкіндік жасайды. Академиялық пәнді оқыту барысында ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейнігі кітап ісінің даму тарихы қарастырылады. Пән нысаны ретінде кітар тарихы, діндер тарихы, библиография, кітаптың сақталуын қамтамасыз ету және кітап тарату мәселелері қарастырылады.Курсты оқыту барысында алатын біліктілікпен дағдылары:- кәсіби бағытталған мәтіндердің негізгі мазмұның түсіне білу; - ағылшын тілінде әр түрлі жазба жұмыстарды жазуға дағдылау; - ағылшын тіліндегі мәтіндерді ауызша және жазбаша аударуға дағдылау; - семинар сабақтарының барысында студент ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын меңгеру қажет,- кәсіби салада дәріс, семинар, әңгімелесудің негізгі мазмұның түсіне білу.

Кітапхананың библиографиялық қызметі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курсты оқу барысында студенттер кітапхананың библиографиялық қызметінің негізгі түрлерімен, оларды ұйымдастыру әдістерімен, негізгі нормативтік-әдістемелік құжаттармен және талаптармен танысады. Курсты оқытудың нәтижесінде студенттер келесі ілімдерді игеруі тиіс: кітапхананың библиографиялық қызметінің негізгі теориялық, тәжірибелік бағыттарын, оларды ұйымдастыру ерекшеліктерін; библиографиялық қызметті кітапханаларда қазіргі технологиялық заманда ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; осы салаға байланысты жалпы ұғымдарды. Библиография салаларына қатысты білімді жан-жақты кәсіби игеруге дағдысы болуы керек.

Кітапханатану
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері студенттерге кітапхана қорларында сақтаулы ақпарат көздерін қоғамдық пайдалануды ұйымдастыру үрдісінің жалпы қағидаларымен және заңдылықтарымен таныстыру, осы жұмысты ұйымдастыруға байланысты жалпы теориялық білім беру. Студент білуі тиіс: кітапханатанудың ғылыми және оқу пәні ретінде пайда болуының, қалыптасуының, дамуының тарихын, кітапханатанудың методикасы мен әдістемесін, кітапханатанудың ғылымдар жүйесіндегі орнын. Студент кітапханалардың жеке типтерінің жұмыс жасау ерекшеліктеріне кітапханалық жүйелердің қалыптасу заңдылықтарын білуге дағдысы болуы тиіс

Кітапханатануға кіріспе
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың негізгі мақсаты студенттердің тілдік құзыреттілігін тәжірибеде қалыптастыру, яғни біліктілік мен дағдылық деңгейлерімен қамтамасыз ету, олар кәсіби қызметтің әр түрлі салаларында, ғылыми және тәжірибелік жұмыстарда, шетел әріптестерімен байланыс орнатуда, басқа да мақсаттарда шет тілін қодануға мүмкіндік жасайды. Курсты оқыту барысында алатын біліктілікпен дағдылары: - кәсіби бағытталған мәтіндердің негізгі мазмұның түсіне білу; - ағылшын тілінде әр түрлі жазба жұмыстарды жазуға дағдылау; - ағылшын тіліндегі мәтіндерді ауызша және жазбаша аударуға дағдылау; - семинар сабақтарының барысында студент ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын меңгеру қажет, - кәсіби салада дәріс, семинар, әңгімелесудің негізгі мазмұның түсіне білу.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан библиографиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс студенттерді Қазақстандық библиографияның жалпы теориялық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және тарихи аспектілерімен таныстыруға бағытталған. Курсты оқу барысында студент өзіндік бітімі мен болмысы, заңдылықтары бар отандық библиографияның пайда болуы мен даму бағыттарымен танысады. Студент Қазақстандағы библиографияның қалыптасу және даму кезеңдерін, отандық библиографияның халықаралық байланыстарын және олардың негіздерін, библиографияның қазіргі жағдайын және болашақта дамыту мүмкіндіктерін, еліміздің библиографиялық жүесін білуі тиіс. ұлттық библиографиялық ресурстарды қалыптастыруға байланысты мәселелердің шешімін табуға және библиографиялық қызметке дағдысы болуы керек

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі жаратылыстану концепциялары (биология)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Аталмыш курс өткен органикалық әлемді зерттеуге арналған, яғни биотаның жүйелілік құрамын, биосфера дамуының кезеңдері мен сатыларының заңдылықтарын анықтауды; организмдердің өмірсүру және әрекет жасау шарттарын қайта қалпына келтіруды зерттейді. Студенттер палеонтологияның негізгі мазмұнымен танысады, тарихи геология және эволюциялық теория мәселелерін шешуде палеонтологиялық мәліметтерді қолдануды үйренеді. өткен органикалық әлемнің эволюциясының негізгі биологиялық заңдылықтарын білу; – организмдерінің негізгі топтарын, олардың жалпы сипаттамасын, әрекет жасау және өмір сүру жағдайларын, тарихи дамуын және геологиялық маңызын білу; – органикалық әлемнің даму кезеңдерін білу; – негізгі организмдерді ажырата білу, олардың морфологиясын сипаттауға дағдылау.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Құжат пен кітаптың жалпы теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері: бағдарлама студенттерді ежелгі дәуірден бастап, қазіргі күнге дейінгі араллықта әлемдік кітапхана ісінің қалыптасу, даму үрдісімен студенттерді таныстыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер кітапхана әсәнәі қалыптасу кезеңдеріне байланысты маңызды оқиғалармен және кезеңдерімен танысады. Курсты оқу барысында студент: - кітапхана ісінің қалыптасуы мен ұйымдастырылуының негізгі тарихи кезеңдерін; - кітапханалық ұйымдары мен кітапханалардың атқараттық бағыттағы атқаратын негізгі функцияларын; Отандық және шетелдік кітапхана ісіне тән ерекшеліктерді білу тиіс. Істей алуы тиіс:-іс жүзінде кітапхана саласына тән отандық және шетелдік тәжірибенің тиімді тұстарын анықтай отыврып, оны елімізде ендіру мүмкіндіктерін; тәжірибе жүзінде кітапха ісі саласынада қолданыста жүрген нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды пайдалануды;

Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу технологиясы барлық ақпараттық мекемелерге мамандар дайындау курстарына енеді. Курстың мақсаты құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу және оған қойылатын талаптар жайында мәлімет беру Курсты оқыту нәтижесінде студент білуі тиіс: Құжаттарды құрастыру және безеңдіру тәсілдері мен ережелерін; іс номенклатурасын жасау және жіктеуші анықтамалықтарды құрастыру, құжатайналымын ұйымдастыру әдістемесін. Істей білуі тиіс: құжаттармен жұмыс жасаудың әдістемесі және технологиясы бойынша іс тәжірибесінде нормативтік-әдістемелік құжаттарды қолдануды. Дағдыларды меңгеруі тиіс: құжаттарды құрастыру және безеңдіруде тәсілдері мен ережелерін; құжаттамамен қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстардың түрлерін орындауға.

Мұрағаттану негіздері
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Осы пәнді оқытуда студенттер қазіргі кезеңдегі мұрағат ісінің ұйымдастыруымен танысады: мұрағат ісінің басқару органдары және олардың функцияларымен, ҚР Ұлттық мұрағат қорының қазіргі құрамымен және оның жіктелуімен, мемлекеттік мұрағаттар жүйесі және функцияларымен, біріккен мұрағат қорларының, коллекциялардағы құжаттардың ұйымдастыруымен. Курсты оқу барысында студент: - мұрағат қызметі қалыптасуы мен ұйымдастырылуының негізгі тарихи кезеңдерін; - мұрағат ұйымдары мен мұрағаттардың атқаратын негізгі функцияларын білу тиіс. Істей алуы тиіс:- тәжірибе жүзінде мұрағат ісі саласынада қолданыста жүрген нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды пайдалануды; Дағдысы болуы тиіс:- ретроспективті ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру үшін мұрағаттық құжаттарға талдау жасау ерекшелігін, олардың әдістері мен тәсілдерін анықтай білуге;- мұрағат ісінде іздестіру-анықтау құралдарын дайындауға; - мұрағат қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жасау әдістерін.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Электронды кітапханалар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Электронды кітапханалар" курсын ендіру заман талабынан туындап отыр. Бұл курсты оқу барысында студенттер басылымдарды дайындауда материалдарды жылдам табуды, ақпаратты жылдам өңдеуді үйренеді. Курста электронды кітапхана жүйесінің ерекшеліктері, құқықтық негіздері, функциялары, электронды құжаттаррды жасаудың негізгі кезеңдері қарастырылады Курста дәстүрлі құжаттардағы ақпаратты электронды тасымалдауыштарға өткізу мәселелері, оларды көпшілік аудиторияға пайдалану мүмкіншіліктері қарастырылады. Оқу үрдісінің барысында студенттер осы салада қолданылатын программалармен, олардың артықшылықтары және пайдалану мүмкіндіктерімен таныса алады.. Курсты оқыту барысында студенттер білу тиіс: кітапханалардың электронды ресурстардың негізгі түрлерін, ұғымдарын, түсініктерін, сақтаудың объектісі ретінде электронды құжаттардың ерекшеліктерін, электронды кітапхана саласына байланысты нормативті-әдістемелік негіздерді; электронды мәліметтерді сақтауда тасымалдауыштардың заманауи түрлері мен аппаратық-бағдарламалық құралдарын. .

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Scientific Writing
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Әлемдік өркениеттер тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қазіргі әлемге бағытталған тарихи қозғалыстың негізгі мәселелерін қарастырады, әр түрлі кезеңдердің бүгінгі күнмен қалай байланысқанын, Шығыс пен Батыстың тарихи мұрасының қазіргі күнде көрініс тауып отырғандығын түсіндіреді. Тарихтың «адами келбетін» көрсетеді. Негізгі «әлемнің картиналарын», әр түрлі кезеңдердегі менталдық түрлерін сипаттайды; адам мен қоғамның билік саласы, әлеуметтік-саяси үдерістер, экономика, күнделікті өмір т.б. сияқты әр түрлі аспектілер бойынша өзара әрекеттестігін көрсетеді; Әр түрлі халықтар мен өркениеттердің әлемдік мәдением қазынасына қосқан үлесін қарастырады. Оқудың нәтижесінде студент білуі тиіс: адамзат тарихындағы негізгі кезеңдер мен өркениеттердің мазмұнын; олардың әлем тарихы мен мәдениетінің қазынасына енген тарихи үдерістердегі рөліне баға бере алуы; тарихи құбылыстардың өзара байланысын, тарихи мен әлеуметтік детерминизмінің әртүрлі ерекшелігін, тарихи феномендер мен үдерістердің «әлемдік контекстісін» ескере отырып, тарихтағы адам факторының рөлін талдай алуы керек; тарихи үдерістердің қатысушыларының ұстанымдары мен әрекеттерінің себептерін анықтай алуы керек.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Баспа және полиграфиялық кәсіби термин сөздер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – баспа мен полиграфияда өндірістік үдерістерді жобалау терминологиясымен танысу, студенттерді технологиялық үдерістің тиімді нұсқаларымен таныстыру Студенттің біліктілігі: - баспа үдерістеріне талдау жасау; - терминдердің мәнін түсіну; -технологиялық жабдықтаудың жаңа әдістерін білу; Білу керекь: - баспа-полиграфия жобалау әдістерін; -техникалық құжаттау, әдістемелік және нормативтік материалдарды; - баспа-полиграфия өндірісінің кеңістікте, уақытта, ақпаратта жобалау әдісін.

Басылымдық қызметті жаңашаландыру әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс кітапхана моделінің технологиясын қарастырады, негізгі кітапхана жүйесін, кітапханадағы технологиялық қызымет көрсету, құжаттармен қамтамасыз етуді сипаттайды. Кітапхананың қалыптасу сипатына технологиялық жүйе ретінде тиімді екеніне баға беріледі. Студент білу керек: дамыған елдердегі кітапхананың даму тарихының бағытын, олардың тәжірибесін республика кітапханаларына енгізу біліктілігін игеру қажет.

Ғылым мен техника тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ғылым мен техниканың тарихы көне заманнан басталады. Көптеген ғалымдар қазіргі Қазақстанның аумағында ортағасырлық дүниеге келді. Олардың арасында, кейбір ғылым әлемдік тарихта ерекше орын болды. Жиырмасыншы ғасыр біздің елімізде ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңі болып табылады. Ғылым мен техниканың дамуындағы Қазақстан тәуелсіздігінің кезеңінде дамудың жаңа кезеңіне бастайды. Курсты оқу нәтижесінде студенттер ғылым мен олардың фондық түрлі салаларында ғылым мен техниканың даму тарихын білуі тиіс.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Инновациалық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттердің бойында өндірістік саладағы кәсіпкерлік сферасында ұтымды сәтті қызмет атқару, нарық жағдайында инновациялық қызметпен айналысу, материалдық өндірістегі тәуекелді инвестицияларды басқару саласындағы қажетті құзіреттерді игеруді қамтамасыз ету болып табылады.Экономикалық өсудің заманауи нысандары мен үдерістері жайлы білуі тиіс; нарықтағы шаруашылық субъектісінің экономикалық ахуалын бағалай алуы керек, инновациялық тактиканы таңдай алуы тиіс, бәсекелестік артықшылықтарды иелену және сақтап қалу жолдарын игеруі тиіс.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Конфиденциальды іс-жүргізу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің мақсаты студенттерді конфиденциалды іс-жүргізу әкімшілік іс-жүргізудің бөлігі ретінде ерекшеліктерімен таныстыру. Конфиденциалды іс-жүргізуге байланысты негізгі нормативті құқықтық актілерді талдау және олармен жұмыс жасау әдістерін үйрету. Құпия мәліметтері бар құжаттармен жұмыс жасау, құжаттарды құпиясыздандыру. Курсты оқыту барысында бакалавр білу тиіс: конфиденциалды іс –жүргізу саласында негізгі білімдерді; конфиденциалды ақпаратпен жұмыс жасауды ұйымдастыруды; конфиденциалды іс –жүргізу тәртібін жүргізуді. Істей білу тиіс: конфиденциалды мәліметтер бар құжаттармен жұмыс жасауды; конфиденциалды іс –жүргізу саласында нормативті құжаттарды талдауды; конфиденциалды құжаттар құрамын біріктіру принциптері мен әдістерін меңгеру; конфиденциалды құжаттарды ұйымдастырудың құқықтық негіздерін меңгеру.

Кітап ісінің стандартандыруы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттерге баспа ісі және басылымдарды техникалық редакциялауға қойылатын мемлекеттік және халықаралық стандарттарды үйрету. Студент білуі тиіс: стандарттаудың қоғамда алатын орнын; халықаралық стандарттаулар жүйесін және оның мәнін; станддарттарды жасауға және ендіруге қойылатын талаптарды; осы салаға байланысты нормативті-құқықтық құжаттамаларды; стандарттарды пайдалану және өндіріске ендіру ережелерін; стандарттарды басылындық өнімдерде пайдалануды.

Кітапхана ісіндегі іскерлік құжаттама
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модуль қолданбалық және тәжіриби-бағытталған және білім алушыларға іскерлік құжаттаманы жүргізу қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Баса назар іскерлік құжаттаманың түрлері мен құрамын талдауға бөлінген. Стандарттың талаптарына сай әр түрлі іскерлік құжаттаманың құрастыру және рәсімделуде студенттердің дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқыту барысында студент білу тиіс: іскерлік құжаттаманы құрастыру тәсілдерін және ережелерін; Істей білуі тиіс: іскерлік құжаттармен жұмыс жасаудың әдістемесі және технологиясы бойынша іс тәжірибесінде нормативтік-әдістемелік құжаттарды қолдануды. Дағдыларды меңгеруі тиіс: компьютерлік технологиялар тәсілдерін қолдану негізінде іскерлік құжаттарды өңдеу әдістерімен технологиясын меңгеру.

Кітапхана ісіне арналған еуропалық зерттеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты кітапхана ісіне арналған шетелдік зерттеушілердің еңбектерімен таныстыру және оларға салыстырмалы талдау жасай білуді меңгеру болып табылады. Біліктілігі: - аутентикалы кәсіби бағыттағы негізгі мәтіндердің мазмұнын түсіну, -ағылшын тілінде түрлі жазба жұмыстарын жазуды игеру; - ағылшын тіліндегі мәтінді ауызша және жазбаша аударуды игеру; - семинар сабағы барысында студент ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге машықтануы, -дәріс, семинар сабағының, жауаптардың, кәсіби ортадағы әңгіменің негізгі мазмұнын түсіну.

Кітапханаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модуль қолданбалық және тәжіриби-бағытталған және білім алушыларға ғылыми зерттеу жұмысын жазу қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Курста ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс жасау әдістемесі, ғылыми зерттеулердің әдістері және методологиясы, түрлері және жобалау қарастырылады. Курста ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі, оқу залымен жұмыс жасау ерекшеліктері, оқырмандардың кітапхана материалдарына келісім алу мәселелері қарастырылады. Бұл арнаулы курс ғылыми зерттеулерді жоспарлау мәселелеріне сараптама жасауды, ғылыми зерттеулердің құрылымы мен ғылыми билиографияны, зерттеудің терминологиялық аппаратын қарастырады. Курсты оқыту барысында студенттер ұйымдағы зерттеу процессінің негіздерін, ғылыми зерттеулердің методологиясының негіздерін білу тиіс. Алынған ілімдерін ғылыми зерттеулерді жүргізуде пайдалану, презентациямен аудитория алдына қорғауды білу, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талдай білу, кәсіби машықтарын іске асыруда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуде алынған білімдерін пайдалану.

Кітапханалардағы аудиовизуалды қызметтер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кітапханадамынадай жаңа қызымет көрсетудің пайда болуымен таныстыру:(CD-I и CD-ROM), сонымен қатар онлайнмен мультимедиялық қызымет көрсету түрлі аудиовизуалды құралдармен қолжетімді болған аудиовизуалды құжаттармен жұмыс істеудің дамуымен байланысты болды.Курстың мақсаты: аудиовизуалды қызымет көрсету саласындағы нормативті-методикалық құжаттармен студенттерді таныстыру; аудиовизуалды және мультимедиялы құжаттармен жұмыс істеу біліктілігін игеру. Курсты оқу нәтижесінде студент аудиовизуалды құжаттардың қалыптасы тарихын және кітапханадағы осындай құжаттармен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады. Біліктілігі: аудиовизуалды құжаттарды құқықтық реттеу мәселесін талдау; кітапханада аудиовизуалды қызымет көрсету шеберлігін игеру.

Кітапханалардағы жастарға арналған бағдарламалар мен қызмет түрлері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кітапханалық әкімшілік басқару кіріспе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән негізінен пәнаралық байланысқа негізделіп кітапхана ісін басқаруға негізделеді. Кітапханалық менеджмент кітапхана ісін ұйымдастыруға негізделген іс-шараларды ұйымдастыру мәселесіне бағытталады. Курстың мақсаты: студенттердің ағылшын тіліндегі аналитикалық талдауын дамыту; ауызша және жазбаша аудармалар негізінде ағылшын тілін жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту. Курсты оқыту барысында алатын біліктілікпен дағдылары: - кәсіби бағытталған мәтіндердің негізгі мазмұның түсіне білу; - ағылшын тілінде әр түрлі жазба жұмыстарды жазуға дағдылау; - ағылшын тіліндегі мәтіндерді ауызша және жазбаша аударуға дағдылау; - семинар сабақтарының барысында студент ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдысын меңгеру қажет, - кәсіби салада дәріс, семинар, әңгімелесудің негізгі мазмұның түсіне білу.

Кітапханалық дизайн
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттер жұмысты жоспарлауда дизайнның алатын орнымен және оның мазмұны, маңызымен танысады. Тарихи-мәдени мәліметтер негізінде және қаізіргі тәжірибені ескере отырып, курс барысында кітапханалық дизайнның табиғаты ашылады, нәтижесінде кітапхана ғимаратының құрылысынан бастап фирмаға тән стильдің ерекшеліктеріне тән талаптар жан-жақты қарастырылады. Курс барыснда алынған теориялық білім студенттерде түрлі кітапхана бөлімдерінде топпен жұмыс жасауға дағдылайды.

Кітапханалық жүйелер мен желілер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кітапхана жүйесін басқарудың түрлі қоғамдық, мәдени органдары бар. Осыған байланысты оларды басқарудың да түрлі бағыттары мен түрлері болады. Олардың негізі менеджменпен байланысты. Сондықтан осы саланы дұрыс басқаруды үйрену маңызды болып есептелінеді. Студенттер басқарудың корпоративтік этикасымен, корпоративтік кітапханалық жүйені құрудың негіздерімен, корпоративті каталогтау жүйесінің теориясымен танысады. Курсты оқыту барысында студенттер білу тиіс: - Қазақстан Республикасында қалыптасқан корпоративтік кітапханалар жүйесі жұмысының ерекшеліктерін; Оның атқаратын қызметін; АИБС "ИРБИС" желілеріне тән ерекшеліктерді; корпоративтік кітапханалар желісінде ақпарат алмасу ерекшеліктерін.

Кітапханалық құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты студенттерді кітапхана саласында қолданылатын заңдық актілермен, нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру болып табылады. кітапханалық құқық пен кітапханалық заң ұғымының салараралық сипаты қарастырылады. Кітапхана қорларымен жұмыс жасаудың заманауи тенденциялары талқыланады. Курсты оқу нәтижесінде студенттер кітапхана саласына қатысты нормативтік актілерді, кітапхана қорларымен жұмыс жасаудың заманауи құқықтыұқ ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасы кітапханаларында құжаттарды пайдаланудың нормативтік-құқықтық негіздерін білуі тиіс.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қазақстанның кітап баспаларының тарихы туралы тарихи ой мен, тұғырнамалық көзқарастардың, олардың қалыптасуы мен дамуын, зерттелуі барысында әлі де шешімін таппаған мәселелерін студенттерге оқытып-үйрету. Курстың міндеттері: - Қазақстанның кітап баспаларының тарихы оқып-үйренудің қажеттігі мен маңызын түсіндіру; - Қазақстанның кітап баспаларының тарихының теориялық-әдіснамалық негіздерін оқыту; - Хронологиялық жүйе негізінде даму кезеңдерін айқындай отырып, оқыту - Бүгінгі таңдағы қазақстандық кітап баспаларының ерекшеліктерін, даму деңгейін айқындау. Курсты оқыту барысында алатын біліктілікпен дағдылары: Қазақстандағы баспа ісіне тән ерекшеліктер мен олардың себептерін; Баспа ісінің қалыптасу тарихын және оған үлес қосқан тұлғаларды; Баспа ісінде қалыптасқан үрдістің қазіргі замандағы жағдайына ба бере алуы тиіс.

Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс барысында ХІХ екінші жартысы - ХХ ғасырдағы Қазақстанның қалалары мен ауылды жерлеріндегі кітапхана ісінің даму тарихы қарастырылады. Әрбір аймақтағы кітапхана ісінің даму ерекшеліктері және оның оған үлес қосқан жағдайлар мен тұлғалар қарастырылады. Кітапхана жұмыстарының нәтижелері талданады. Қазіргі кезде республикада орын алып отырған осы саладағы мәселелер қарастырылады. Қазақстан аймағындағы кітапхан ісінің тарихи дамудыныңң проблемалары мен бағыттарын, қазіргі кезеңдегі бұл саладағы саяси, экономикалық және мәдени жағдайдың қалыптасуының заңдылықтарын, тарихи процестің аймақтық ерекшеліктерін білу тиіс; фактілік және теориялық материалдарды игеру;ге дағдысы болуы керек.

Қазақстанның археографиялық қоры
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің мақсаты студенттерді Қазақстанның археографиялық қорымен таныстыру. Курста Орынбор Ғылыми Мұрағат Комиссиясының, Қазақстанның зерттеу қоғамының, партия тарихы институтының қалыптасу тарихы және олардың археографиялық қызметтері қарастырылады Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі тиіс:- Қазақстанның археографиялық қорының даму тарихын; Істей білуі тиіс:- материалдарды басылымға әзірлеуде іздестіру мен іріктеп алудың принциптері мен әдістерін іс жүзінде қолдануды; - мәтінді түрлі әдістермен берудің әдістемесін меңгеруді; - құжаттарға тақырыпша және баянды (легенда), сондай-ақ ғылыми-анықтамалық аппаратты құрастыруды; - басылымдағы дерек материалын жүйелеуді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Мультимәдени қағамның ақпараттық көздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мультимәдениетті қоғамдағы басылымдық және өзге де тасымалдаушылардағы ақпараттық ресуртардың түрлерін және қазіріг социумда пайдаланылатын өзге де құралдарды қарастырады. Курсты оқу барысында студенттер мультимедиялық қоғамдағы ақпарат легінің ерекшеліктерімен танысады. Осы ресурстарға тән ерекшеліктермен танысады. Заманауи ақпараттарды зерттеу ерекшеліктерін меңгереді.

Психология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар келесі құзіреттерді меңгереді: Кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға қажетті психологиялық ғылым мен практиканың негіздері арқылы қазіргі ғылыми ақпараттарды игеру; Ғылыми-педагогикалық және кәсіби іс-әрекетте туындайтын психологиялық заңдылықтар мен феномендерді түсіну; Психологиялық көзқарас бойынша өмірлік және кәсіби жағдаяттарды сыни талдау, даму мүмкіндіктері мен ресурстарының, тұлға және ұжым іс-әрекетінің нәтижесі мен мінез-құлқы арасындағы өзара байланысты көре білу; Жалпы білім беруде өзі және өзгелер туралы психологиялық ақпаратты біріктіру және негiзделген пікірлерді тұжырымдау; Тиімді шешім қабылдау үшін психологиялық білімдерді қолдану, кәсіби іс-әрекет пен жеке өмірде сәтті коммуникативті стратегияны жүзеге асыру; Ұжым мен өзінің потенциалын дамыту үшін психологиялық білімдерді тиімді қолдану.

Редакциялау. Жалпы курс
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты студенттерді редакторлық жұмыстың концептуалдық негіздерімен, түрлі типологиялық оқырман қауымына бағытталған басылымдарды дайындуға тәне ерекшеліктермен таныстыру. Курстың міндеттері: студенттері редакторлық жұмыстың түрлі кезеңіне тән ерекшеліктермен таныстыру; редакторлық талдауды редактордың кәсіби әдісі ретінде көрсеті; түрлі бағытқа тән типологиялық басылымдардың талаптарын үйрету; қткеннің тәжірибесін меңгере отырып басылымдарды жобалаудың принциптерін оқыту; басылыамнан шыққан еңбектерге сын пікір жазу ерекшеліктерін үйрету; рецензиялау нәтижесінде еңбектердің сапасын арттыру тәсілдерімен таныстыру; басылым тұжырымдамаларын негіздеу тәсілдерін үйрету. Студент білуі тиіс: редакторлық жұмыстың негіздерін; редакторлық жұмыстың даму кезеңдерін;редакторлық жұмыстың құрылымы мен талдау жүргізу әдістерін; түрлі жанрларға жататын шығармаларды редакциялауға тән ерекшеліктерді; түрлі типологиялық кезеңге жататын басылымдарға қойылатын талаптарды; басылымдарды жоспарлау принциптерін. Тарихи қалыптасқан редакторлық-басылымдық тәжірибені пайдалана алуға; авторлық түпнұсқаға оқырман көзқарасы тұрғысынан бағалауға; нәтижені ескере отырып шығарманы жетілдіре алуға дағдысы болуы тиіс.

Салалық кітапханалар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты студенттерді кітапхана жүйесінің маңызды салаларын құрайтын балалар кітапханасының, оқу мекемелері мен ғылыми-техникалық кітапханаларда жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады. Білуі тиіс: салалық кітапханалар қорларын құру ерекшеліктері мен құрамын, құрылымын; оларға ғылыми-анықтамалық аппарат құру ерекшеліктерін; оларға тән құжаттық ағымның ерекшеліктерін. Оқырмандардың сұраныстарын орындауға, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға, ақпараттық ағымды талдауға және оған баға бере алуға дағдысы болуы тиіс.

Сандық кітапханалар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Сандық кітапханалар» пәні бүгінгі күнде сұранысқа ие болып отырған ктапхана іс мамандығының бакалавриатын даярлауда бейіндік пән болып табылады. Пәннің мақсаты болашақ мамандарда қоғам қызметінің барлық салаларында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану саласында теориялық ілімдер негіздерін және практикалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру болса, автоматтандырылған ақпарттық жүйелерді құру және әрекет ету принциптері туралы салмақты мәліметтер беру, қазіргі компьютерлік техника мен бағдарламалық өнімдерді пайдаланып, қызметтің түрлі бағыттарын автоматтандыру мақсаты мен міндеттерін ашу және ақпараттық жүйелердің жайын және даму перспективасын талдау негізгі міндеттеріне кіреді. Пән бойынша бакалаврлар кітапхана ісін автоматтандырудың теориялық негіздері мен тарихы, автоматтандыру үдерістерін нормативтік құқықтық реттеу, құжаттаманы басқарудың автоматтандырылған жүйелерін салыстырмалы талдау, кітапханатануға ақпараттық тұрғының енуі, кітапхана ақпараттық технологиялары және қызметінің бағыттары және кітапханалық ақпараттық технологияларды талдаудың статистикалық әдістері мәселелері бойынша теориялық білім алып, практикалық дағдыларды қалыптастыруды үйренеді. Осының нәтижесінде мамандық бойынша оқыту үдерісінде инновациялық технологияны пайдалануда; білімді белсенді жолмен жаңартуда және жаңа ақпаратты пайдалануда, соның ішінде заманауи технологияларды пайдалануда және ақпараттық қызметте кәсіби білімді тұрақты жаңартуда білікті болып шығады.

Сирек кездесетін кітаптар және арнаулы кітапханалар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты студенттерді сирек қолжазбалар қорымен жұмыс істеу әдісімен таныстыру болып табылады. Сирек қолжазбалар қорының қалыптасу тарихына, оларды сақтау жолдарына, ғылыми-анықтамалық аппаратына, жүйелеу мен сыныптауға, сонымен қатар сирек қолжазбалар қорын ғылыми сипаттау мен каталогтау ісіне баса назар аударылады. Студент білу қажет: сирек қорлардың құрамы, құрылысы; кітапхана қорының ғылыми-анықтамалық аппаратының қалыптасуы; құжаттардың сипаты мен белгілері; Біліктілігі:оқырмандар сұранысына сай ақпараттық қорларды іздеуді жүзеге асыру, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. Игеру қажет: ақпараттық ресурстарды табу әдісі, талдау және баға беру; түрлі салада ақпараттану әдісін кәсіби қызыметте қолдануды.

Сирек кездесетін қолжазбалар қорымен жұмыс жасау әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің мақсаты студенттерді сирек кездесетін қолжазбалар қорымен жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Курста сирек кездесетін қолжазбалар қорымен жұмыс жасау әдістемесі, сирек кездесетін қолжазбалар қорының қалыптасу тарихы, олардың сақталуы, ғылыми – анықтамалық аппараты, жүйелеуі және сыныпталуы қарастырылады. Сирек кездесетін қолжазбалардың құрамын, құрылымын, ғылыми-анықтамалық аппаратының қалыптасуын, құжаттық ағымның қасиеттері мен нышандарын білу.Тұтынушылардың сұраныстарына сай ақпараттық ресурстарды замануи ақпараттық технологиялар негізінде іздеуды істей білу тиіс. Ақпараттық ресустарды анықтау, талдау және бағалау әдістерін, әр түрлі салада кәсіби қызметтің ақпараттық ілеспе әдістерін меңгеру.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Стилистикалық редакциялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Тарихи өлкетану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тарихи өлкетану туған өлке, оған деген махаббатқа тәрбиелеу, оқушылар тарапынан азаматтықты қалыптастырудың ең маңызды дерек көздерінің бірі болып табылады. Өлкетану – бұл белгілі бір территорияны ғылыми негізге сүйене отырып жан-жақты зерттеу болып табылады. Зерттеу объектілері болып ауыл, қала, аудан, өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы табылады. Мақсаты: Өлкетану қызмет арқылы тұлғаның танымдылық пен шығармашылыққа қажеттіліктерін дамыту. Өз өлкесінің патриоттарын тәрбиелеу. Тарихшы-өлкетанушылардың бірлескен сабақтардың білім беру міндеттері мынадай: Туған өлке тарихынан нақты фактілер негізінде білімдерін тереңдету және кеңейту; Алдыңғы буынның тарихи мұрасына құрмет жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу; Білім алушылардың экскурсия жүргізу, туризм негіздерімен таныстыру, оның өлкетанумен байланысы туралы түсініктерді қалыптастыру; Тарихи, мұрағаттық және әдеби деректермен ғылыми зерттеу жұмысын жасау дағдыларына баулу; Білім алушыларды тарихшы мен экскурсия жүргізуші мамандығына бағыттау. Өз ауылының, өлкесінің тарихы туралы білім алу. Жасай білу: тарих сабағында, аудандық, қалалық, облыстық және өлкетанулық конкурстарда және конференцияларды өз мағлұматтарын, баяндамаларын дайындау және шығу, өз ауылындағы, ауданындағы, облысындағы тарихи орындар бойынша экскурсия жүргізу. Білім алушылардың қорытынды аттестацияларын презентация, шығармашылық есеп, жобаны қорғау немесе шығармашылық жұмыс формасында жүргізу дағдылары.

Теория және әдеби сын
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: болашақ маманның кәсіби, әлеуметтік-мәдени қызметі барысында өзге қоғам мүшелерімен қазақ тілінде емін-еркін қарым-қатынасқа түсіуіне мүмкіндік беретін тілдік білік, әдеби дағдыларын шыңдау, қазіргі қазақ әдеби сынының негізінде олардың кәсіби, әдеби тілдік құзыретін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: Қазақ әдеби сыны туралы мақалалрды талдау, жүйелеу. • маманның тілдік құзіреттілігін қалыптастыру; Студент төмендегідей жалпы-мәдени және арнайы құзіреттіліктерді меңгереді: - білуі тиіс: әдебиетті қажетті деңгейде меңгеріп, ақпарат көздерін іздеп табуды және оларға талдау жасауды; - жасай алуы тиіс: қазақ әдеби тілінің жүйесі мен лекикасына қатысты ұсынылатын білімді қажетті деңгейде игере отырып, тілдік қалыпты әдеби және мәдениетаралық қарым-қатынас барысында еркін қолдана алуды. - игеруі тиіс: әдебиет теориясы мен сыны туралы зерттеу еңбектерді игеру.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

ТМД елдерінің кітап мәдениеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басында посткеңестік қоғамдардағы кітап баспа ісінің сапалық, сандық және құрылымдық көрсеткіштері, өзара әрекеттесу факторлары қарастырылады. Кеңестік және посткеңестік кезеңдегі кітап мәдениеті дамуының динамикасы талданады. Кітап алмасуда социомәдени тұрғыда өзара әрекеттесу тәжірибесі. Курсты оқыту барысында студенттер білуге тиіс: ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басында посткеңестік қоғамдардағы кітап баспа ісінің сапалық, сандық және құрылымдық көрсеткіштеріне тән ерекшеліктерді; осы кезеңге тән кітаптардың құырылымдық ерекшеліктерін және оның себептерін.Меңгеру тиіс: ХХ ғ. және ХХІ ғасырлардағы постекеңістік баспа және кітап ісіне тән ерекшеліктерді; осы кезеңге тән мәдениет дамуының динамикасын және оның себептерін.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Шетелдердің баспа орталықтары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Шетелдік басылымдармен жұмыс істей алады, әрине даярлау мамандарды мақсаты, оқу процесіне осы мақсаттар үшін, студенттер өз тарихы мен ерекшеліктерімен, шетелдік баспа орталықтарымен таныс болады. Пәннің бакалавр дамыту нәтижесінде білуі тиіс: шет елдер мен олардың vypuskemuyu өнімдерінің негізгі баспа орталықтарының. Жарияланған danymi түрлерімен жұмыс істей алады үшін. Осы өнім түрлерімен жұмыс істеуге дағдыларын меңгереді.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

Электронды басылымдарды дайындаудың әдістері мене тәсілдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - студенттерге электронды мерзімді басылымдар қызыметінің заманауи негізгі түсініктерін беру, электронды БАҚ ерекшеліктері туралы, ақпарат жинауда журналистер мен редакторлар жұмысы, журналистік шығармала Білу тиіс: - электронды ақпарат құралдары теориясын, олардың типологисын, дамуының негізгі кезеңін; - ақпараттың электронды құралдарының ерекшеліктері мен түрлерін.Студенттің біліктілігі: - электронды ақпаратты таратуда типологиялық және сыныптық сұлбаларды қолдану; авторлық түпнұсқаны редакциялау, жарнамалық материалдарды, цифрлық құжаттарды редакциялау; и электронды баспаның тұжырымдамасын жасау.

Энциклопедиялық басылымдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс барысында энциклопедялық басылымдардың пайда болу тарихы, түрлері, оларды құрастыру әдістемесіне қойылатын талаптар қарастырылады. Анықтамалықтар мен жолсілтерлерге қойылатын талаптармен таныстырады. Курсты оқыту нәтижесінде бакалавр негізгі энциклопедиялық басылымдарды және оларды пайдалану аясын білуі тиіс; энциклопедиялық басылымдармен жұмыс жасау ерекшеліктерін меңгеруі тиіс; аталған басылымдарға ғылыми-анықтамалық аппарат құру ерекшеліктерін білуі тиіс.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение