Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Гидрология

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASIIN v.e. 2014-2019.
Бағдарлама: «5В061000 – Гидрология».
Оқу деңгейі: Бакалавриат.
Емтихандар: Ұлттық Бірыңғай Тест қорытындысы.
Оқыту түрі: Күндізгі.
Оқу мерзімі: 4 жыл (күндізгі)
Бакалавр дайындау бағыты бойынша «Гидрология» кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындайды:
• гидрология, су ресурстары, гидроэкология саласындағы кәсіби қызметке;
• РМК «Қазгидромет», гидрометеорологиялық кәсіби бағыт бойынша мемлекеттік жобалық және ғылыми-зерттеу институттарында, сонымен қатар мекемелерде және ұйымдарда, гидрологиялық және экологиялық қызметтермен айналысатын жергілікті атқарушы органдарда жұмыс және кәсіби қызмет атқаруға.

Бейінді пәндер:
• Гидрометрия
• Су теңдестік зерттеулер
• Гидрология
• Гидрологиялық есептеулер
• Гидравлика және гидротехника
• Гидрологиялық ақпараттың замануи өндеу әдістері
• Гидрологиядағы ГАЖ
• Ағын динамикасы және арналық процестер
• Гидрологиялық болжамдар

Білім беру артықшылықтары:
• Барлық дәрежедегі гидролог-маммандарды дайындау (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура). Маманданған оқытушылық-профессорлық құрамның болуы. Мамандарды дайындау дәстүрі (дайындау 45-дан жылдан аса жүргізіледі) және оқу-әдістемелік пен материалдық базаның болуы. Дайыдық 3 тілде жүргізіледі (қазақ, орыс және ағылшын).

Халықаралық байланыстары:
Ресейлік Гидрометеорологиялық Университет (Санкт-Петербург қ-сы, Ресей). Аберистуит Университетімен (Уэльс, Аберистуит қ-сы, (Ұлыбритания) және Марбург Университетімен (Германия) байланыста.

Іс - тәжірибеден өту орны және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі:
РМҚ «Казгидромет», Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, ҚР БжҒМ география институты, МБ «Қазселезащита», жергілікті атқарушы органдар

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Гидрология
Мамандық шифры
5B061000
Факультеті
География және табиғатты пайдалану
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
География
Профильдік пәні
География
Өту балы
ҚАЗ
86
ОРЫС
82

пәндер

Ағындар динамикасы және арналық процесстері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ гидрологты қазіргі гидромеханикалық теориямен таныстыру және арна процесінің гидроморфологиялық теориясының негізімен таныстыру Қысқаша мазмұны:Сұйықтың турбуленттік режимдегі қозғалысы, Арна процесінің гидромеханикалық теориясының негізі, Арна процесінің гидроморфологиялық теориясының негізі Пәнді оқу нәтижесінде студенттің: ашық арнадағы турбулентті қозғалыстағы судың физикалық заңдылығын, тасындының қозғалуын, көтерілуін және лайға айналуын; өзен аңғарының әр бөліктерінде жүріп жатқан процестерді және олардың өзен режимінің фазаларымен байланыстылығын; көрсеткен процестерді түсіндіретін әртүрлі теорияларды білулері тиіс және оларды таңдай білуі керек; гидротехникалық процестердің әсерінен болатын өзгерістерді; арналық турбуленттіктің негізгі көрсеткіштерін есептей білуі тиіс; тасындының тізбектеп қозғалуын еске ала отырып тасынды мен түптік шөгінділердің негізгі механикалық және гидравикалық сипаттамаларын есептей білуі қажет. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант істей білуі қажет: ашық турбуленті ағындарды сипатайтын теорияларды тануын; арна өзгерістерін сандық бағалауды; арнайы практикалық міндетер шешу үшін арналық процестер зерттеулер жүргізу.

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Геодезия және картография
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: - топографиялық карталармен танысу; - геодезиялық аспаптардың құрылғысы мен міндетімен танысу; - геодезиялық өлшеулердің әдісіне және оларды өңдеуге үйрету; Қысқаша мазмұны: жалпы мәліметтер, координаттар жүйесі, топографиялық карталар мен пландар, геодезиялық желілер және топографиялық түсірілімдер, сызықтық-бұрыштық өлшемдер, биіктіктерді өлшеу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білу керек:- геодезия және картография бойынша меңгерген білімдерін қолданудың негізгі салалары туралы; Жердің түрі мен өлшемедері туралы адамзат білімінің қалыптасу кезеңдерін; Түсінікке ие болу:- білімнің қазіргі заманғы деңгейі туралы; геодезиялық жұмыстардың негізгі үдерістерінің мазмұны туралы; геодезия мен карторгафия саласында негізгі түсініктер мен анықтамалар туралы; жасай алу: өндірістік міндеттерді шешу үшін қажетті геодезиялық аспаптарды таңдау.

Гидрогеология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – студенттерге теориялық дайындықты, жер асты суларының қалыптасу мен даму заңдылықтары, жер асты суларын пайдалану мен қорғаудың негізгі көзқарастарды қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: пәнге кіріспе, жер асты гидросферасының құрамы мен құрылымы, тау жыныстары мен жер асты суларының физикалық қасиеттері, гидрогеологиялық қиманың негізгі элементтері, жер асты суларының химиялық құрамы мен динамикасы, жер асты суларының гидродинамикалық режимі, гидрогеологиялық зерттеулер. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер гидрогеологияның негізгі түсініктерін, жер асты суларының қозғалу заңдылықтары, химиялық құрамының қалыптасуын туралы білімді меңгеру. Курс Жердің табиғи сулардың біртұтастығы, жер асты сулары мен атмосфера, жер беті сулары, ландшафттар және тау жыныстарынмен өзара әсері туралы көзқарасты дамыту мен тереңдетуге көмектеседі.

Гидрология негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: гидросферадағы үдерістердің жалпы заңдылықтары туралы көзқарас беру және гидросфера, атмосфера, литосфера және биосфераның өзара байланыс; студенттерді су нысандарының әртүрлі түрлері мұздықтар, жер асты сулары, көлдер, су қоймалар, батпақтар мен мұхит пен теңіздердің географиялық таралу заңдылықтарымен таныстыру; гидросферадағы және әртүрлі типті су нысандарында физиканың іргелі заңдары жағынан негізгі гидрологиялық үдерістердің толы мәнін көрсету; су нысандарын зерттеудің негізгі әдістері туралы; шаруашылық пен табиғатты қорғау міндеттерін шешу үшін су нысандары мен гидрологиялық үдерістерді географиялық-гидрологиялық зерттеудің тәжірибелік мәнін көрсету; Курсты оқу нәтижесінде студент білу керек: - гидросфераның құрамы мен құраушыларын; - гидрологиялық зерттеулердің жалпы әдістерін; - су нысандарының су және жылу теңдестігінің теңдеуі мен әдістерін; - гидросфераның компоненттері Әлемдік мұхит, мұздықтар, өзендер, көлдер, жер асты суларының гидрологиялық режимінің сипатын; - өзен жүйесі, алабы, аңғары мен өзен арнасы сипаттамалары түсініктері мен сандық сипаттамаларын; - өзендердің су режимінің фазалары мен қоректену көздерін; Студент жасай алу керек: - гидрологиялық ақпараттар туралы хабардар болу; - ағындының негізгі сипаттамаларын анықтау және ағындының басқа да бірліктеріне өту теңдеулерін пайдалану; - карта бойынша өзен жүйесінің сандық сипаттамаларын анықтау; - картада су айрық сызықтарын жүргізу және өзен алабы сандық сипаттамаларын анықтау.

Гидрологиялық ақпаратты статистикалық өңдеудің заманауи әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты:гидрометеорологиялық ақпараттардың ерекшелігін ескере отырып, эксперименттік мәліметтердің нақты міндеттеріне игерген әдістерді тәжірибелік қолданылуы, оқу барысы курстық және дипломдық жұмыс жазу кезінде және мамандық бойынша жұмыс істеген кезде статистикалық бағдарламаларды сауатты қолдану. Қысқаша мазмұны: Қателіктердің типі, Таңдамалы параметрлердің кездейсоқ және жүйелі қателіктер, Гидрологиялык есептерде бастапқы мәліметтерінің қателіктерін ескеру, Гидрологиялык сипатамаларды топтап талданғандағы гидрологиялық есептердің қателіктері, Байқалған мәліметтер жетіспегенде гидрологиялық есептердің дәлділігін бағалау Студент білу керек: - гидрологиялық мәліметтер мен ақпараттардың ерекшелігін; - гидрологиялық ақпараттарды өңдеудің негізгі статистикалық әдістерін; Студент жасай білу керек: - бағдарламалар пакетінің көмегімен мәліметтерді өңдеудің тәжірибелік дағдыларын қолдану; - нақты мәселелерді шешуде қолданбалы статистикалық талдау әдістерін қолдану; - мамандықтың іргелі курстары мен статистиканың негізгі түсінігін ескеру арқылы алынған нәтижелерді түсіндіре алу.

Гидрологиялық болжаулар I
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Гидрологиялық есептеулер I
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: – гидрологиялық зерттеулер тәжірибесінде қолданылатын өзен ағындысының сипаттамаларын есептеу әдістері мен тәсілдерін оқу мен қолдану. Қысқаша мазмұны: Өзен ағындысы сипаттамаларын талдау әдістері, Гидрологиялық сипаттамаларды жинақтап қорыту тәсілдері, Өзен ағындысы сипаттамаларын талдау әдістері, Жылдық ағынды үлестірімі Ең аз және ең көп ағынды, Өзендер мен көлдердің есептік су деңгейлерін анықтау, Қатты ағынды Пәнді оқу нәтижесінде студенттер өзен ағындысын есептеудің негізгі әдістерін білу және сенімді бақылау деректері бар және жоқ болған уақытта оларды қолдана алу керек. Студенттер ағынды сипаттамаларын есептеу әдет пен дағдыларын және есептеу жұмыстарын жасау, сонымен қатар, графикалық жұмыстары мен есептеу нәтижелерін аналитикалық бағалау дағдыларын меңгеру керек.

Гидрологиялық есептеулер ІІ
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Гидрологиялық есептеулердің дәлдігін бағалау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді өзен ағындысының гидрологиялық сипаттамалар мен параметрлердің дәлділігін бағалаудың әдістемелік тәсілдерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: гидрологиялық өлшеулер мен бақылаулардың дәлділігін бағалау бойынша тәжірибелік ұсыныстар беру. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер бастапқы мәліметтердің кездейсоқ және жүйелік қателіктерін, үлестірім параметрлерін, бақылау мәліметтерін топтық талдау кезінде гидрологиялық есептеулердің дәлдігін білу керек: Студенттер гидрометриялық бақылау мәліметтері жеткілікті, жеткіліксіз және болмаған жағдайда гидрологиялық есептеулердің қателігін бағалап және оларды тәжірибелік жобалауда ескеру керек.

Гидрометеорологиялық бақылауларды статистикалық тұрғыдан өңдеу және талдау әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді гидрологиялық ақпараттардың түрлері мен жинау көздерімен, оны автоматтық жинау, сақтау және тасымалдау тәсілдерімен таныстыру, гидрологиялық ақпараттарды дербес компьютерді қоладану арқылы автоматтық өңдеудің әртүрлі әдістерін үйрету, математикалық міндеттерді ДК көмегімен шешу құралдары, оны эксперименттік зерттеулерді автоматтандыру үшін қолдану. Қысқаша мазмұны: табиғи ортан мониторингінде гидрологиялық ақпараттардың рөлі; гидрологиялық ақпараттардың түрлері мен дерек көздерін сипаттау; студенттерді гидрологияда түрлі жылдары қолданылған есептеуіш техниканың негізгі түрлерімен таныстыру; дербес компьютердің (ДК) құрылғысын және оның негізгі бөліктерінің мақсатын сипаттау; студенттерді бағдарламалаудың негізгі принциптерімен таныстыру; гидрологиялық ақпараттарды жинау, жіберу және сақтаудың негізгі принициптері туралы көзқарас беру; студенттерді гидрологиялық ақпараттарды автоматтандырылған өңдеуге дайындауды үйрету;- студенттерді гидрологиялық ақпараттарды дербес компьютерді қолдану арқылы автоматтандырылған өңдеу әдістеріне үйрету Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білу керек:- гидрологиялық ақпараттарды автоматтандырылған жинау, жіберу және сақтау, өңдеу мен басқарудың негізгі түрлерін;- дербес компьютердің құрылғысы мен оның мүмкіндіктері;- гидрологиялық ақпараттарды дербес компьютердің көмегімен өңдеуге дайындау тәсілдерін;- дербес компьютерде гидрологиялық мәліметтерді өңдеу әдістері және бағдарламалық қамтамасыз ету. Жасай алу керек: гидрологиялық ақпараттарды жинау, әртүрлі мәліметтер қорын құру және олардың ДК өңдеу;- гидрологиялық ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу үшін дербес компьютердің бірқатар қолданбалы бағдарламаларында (Microsoft Excel электронды кестелер, Microsoft Access мәліметтер қоры, Statistica, Golden Surfer, MapInfo және т.б. ақпарттық жүйелер) жұмыс істей білу.

Гидрометрия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Гидрометрия

Гидрометрия II
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді негізгі далалық тұрақты және экспедициялық гидрометриялық зерттеулерді әдістемелік сауатты және заманауи ғылыми-өндірістік деңгейде ұйымдастыру және орындау, сонымен қатар, алынған мәліметтерді жалпылау және оларды су кадастр баспаға және ғылыми есепке дайындауды үйрету. Қысқаша мазмұны: Гидрометрия пәні және міндеттері, Су өтімін өлшеу, Түптік шөгінділер мен қатты ағындыны зерттеу, Су деңгейі мен су өтімінің арасындағы байланыс және судың орташа тәуліктік шығынын анықтау, Өзендердің гидрохимиялық режиміне, судың сапасына және химиялық құрамына бақылау жасау, Гидрологиялық желіні автоматтандыру. Бақылау нәтижелерін механикалық өңдеу, Гидрометрияда аэроәдістерді қолдану, Суды мемлекеттік есепке алу және су кадастры, Гидрологиялық бақылауларды метрологиялық қамтамасыз ету Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білу керек: - бақылаулар мен өлшеулерді ұйымдастыру әдісі мен негізгі аспаптардың құрылығысын; сұйық және қатты ағындыға, мұздық құбылыстар мен басқа да гидрометеорологиялық элементтерге байқау жүргізу әдістемесін; барлық гидрометеорологиялық байқау бекеттерінің аспаптарын; Жасай білу: қажетті аспаптарды дайындау; далалық гидрометриялық жұмыстардың барлық негізгі түрлерін жүргізу;бақылау мәліметтерін өңдеу және баспаға дайындау, меңгерген білімін басқа да пәндерді оқу кезінде пайдалану.

Гидрометрия І
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – гидрологиялық байқау желілерін туралы негізгі мәліметтерді беру, гидрологиялық элементтерді анықтау және зерттеу әдістері және гидрометриялық аспаптар, байқау нәтижелерін өңдеу тәсілдері туралы, жылдық Мемлекеттік су кадастрын дайындау және су шаруашылқ және гидротехникалық жобаларды гидрологяилық негіздеу үшін ақпараттар қорын құру. Қысқаша мазмұны: гидрометрия пәні, су деңгейі мен су өтімдерін бақылау, әртүрлі шарттарда өзен учаскесінде гидрологиялық бекеттің орнын таңдау, су бетінің бойлық еңістігін бақылау, су температурасын бақылау және оның дәлділігін анықау, стандартты және арнайы бақылаулардың құрамы, мұз құбылысын бақылау, тереңдікті өлшеу, су ағыстардың арналық түсірілімдер, арналық ағыстарда жылдамдықты өлшеу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер гидрологиялық байқау желілерін ұйымдастыру мен оңтайланыру туралы, су режимінің элементтерін сандық анықтау мен есептеу әдістері мен аспаптарды дайындау туралы, далалық гидрологиялық жұмыстардың нәтижелерін өңдеу тәсілдері, су кадастрын басқару әдістері туралы білімге ие болады. Гидрометрия курсын меңгеру нәтижелері бойынша студент су режимінің кез-келген элементіне далалық бақылау жасауға дайын болу керек, алғашқы ақпараттың сенімділігіне объективті бақылау жасауға қабілетті болу, мәліметтерді өңдеуді ұйымдастыру, және оларды баспаға дайындау және техникалық таратушыларды сақтау.

Гидротехника және мелиорация
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: су шаруашылығынада қолданылатын өзендегі әртүрлі мақсатты, конструкциялық және су тораптық гидротехникалық имараттардың негізгі түрлерін және табиғатты қорғау үшін гидроимараттардың көмегімен су ресурстарын қолдану принциптерін оқу. Қысқаша мазмұны: Су теңдестігінің теңдеуі мен оның практикалық қолданысы, Су теңдестігінің негізгі элементтерін зерттеу және есептеу Су теңдестігі және жер беті суларының қорлары Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек: су шаруашылығының жеке салаларында пайдалынатын гидротехникалық имараттардың мақсаты, типі мен құрылғысын; - су нысандары мен қоршаған ортаға гидрологиялық имараттар әсерінің ықтимал жағымсыз салдары туралы; - сулардың залалды әрекетімен күресу имараттары мен шаралары туралы; - имараттардың, жер бөгеттерінің денесі мен түбі арқылы судың фильтрациясы, тұрақтылығын негізгі есептеулерін және флютбеттің қалыңдығын анықтау бойынша есептеулер. Студент жасай алу керек: - су тораптарды жобалау мен пайдалану кезінде гидрологиялық негіздеу үшін меңгерген білімін пайдалану; - су нысандарының гидрологиялық режиміне гидроимараттардың әсерін бағалау.

Гидрофизика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты : студенттерге табиғи сулардың физикалық қасиеттері мен құрлықтың су нысандарында жүретін физикалық үдерістердің қасиеттері саласында білімді таныстыру.Курстың Қысқаша мазмұны: геофизикалық жүйе ретінде гидросфераның ерекшеліктері, физикалық дене ретінде судың құрылысы, су, мұз және қардың физикалық қасиеттері және олардың гидрологиялық құбылыстардағы рөлі, грунттардың су және физикалық қасиеттері, жылу алмасу үдерістері, су ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауда заманауи гидрофизикалық зерттеулердің рөлі. Гидролог маман гидрологиялық құбылыстар мен үдерістердің физикалық табиғатын түсіну керек, су нысандарында табиғи үдерістерді және олардың қоршаған ортамен өзара әсерін талдау кезінде физикалық заңдар мен математикалық әдістерді қолдану, гидрофизикалық сипаттамаларды есептеу кезінде әдістерді дұрыс таңдау, олардың дұрыстығын тексеру.

Гидрохимия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – беттік сулардың химиясы, гидрохимияның теориялық негіздері және аймақтық және қолданбалы гидрохимия саласында мәселелерді қарастыру мен зерттеу. көрсету. Қысқаша мазмұны: кіріспе, су және оның қасиеттері, су ерітінділерінің маңызды қасиеттері, табиғи сулардағы химиялық үдерістер, табиғи сулардың құрамын зерттеу тәсілдері және көрсету әдістері, құрлық суларының химиялық құрамын қалыптастыру негізгі факторлар, биологиялық үдерістер гидрохимиялық фактор ретінде, атмосфералық жауын-шашындар, өзендер, көлдер мен бөгендер, жер асты суларының, теңіздер мен мұхиттар гидрохимиясы. Атмосфералық жауын-шашындардың химиялық құрамын және өзендер, көлдер, бөгендер мен жер асты суларының гидрохимиялық режимінің ерекшеліктерін білу. Су нысандарында гидрохимиялық зерттеулер мен табиғи сулардың химиялық талдау әдістерін меңгеру. Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау мақсатында су нысандарынағы гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық үдерістерді бірге зерттеудің тәжірибелік мүмкіндіктерін білу.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Жалпы және өзен гидравликасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді гидротехникалық имараттардың параметрлерін бағалау және олардың гидромеханикалық қондырғылар көлемін жобалатын гидротораптар мен шаруашылық қондырғыларды гидрологиялық негіздеуге қажетті гидравликалық әдістерді оқыту. Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек: - гидравликалық құбылыстар физикасын; - каналдар, өзендер мен құбырларда су қозғалысының және тыныштық негізгі заңдары, ашық арналарда өтетін үдерістердің энергетикалық түсіндірілуін; Студент жасай білу керек: - өзендер мен каналдардың өткізу қабілетін анықтау; - гидрологиялық имараттар мен каналдар қимасының негізгі өлшемдерін анықтау; - қорытынды нәтижелерді таңдау мен негіздеу үшін есептеулер нәтижелерін талдау; - өзендер мен каналдарда әртүрлі қозғалыстар кезінде ағынның еркін бетінің қисығының орнын анықтау үшін гидраликалық есептеулерді жасау, бъефтердің түйіндесуін есептеу.

Жалпы метеорология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – студенттерді ауа райы мен климатты қалыптастырушы атмосферада өтетін физикалық және химиялық үдерістер туралы негізгі мағлұматтармен таныстыру. Қысқаша мазмұны: студенттерді атмосфераның құрылысымен таныстыру; студенттерді ауаның құрылымын жер бетінде қысымның, температура, ылғалдылықтың кеңістік таралуы, атмосферада күн радиациясының қалыптасу үдерістерімен таныстыру; жылу және су режимімен таныстыру; әртүрлі ендіктерде ауа-райы өзгерісін анықтайтын негізгі циркуляциялық жүйелердің қасиеттерімен таныстыру; аспаптар мен қарапайым метеорологиялық, градиенттік және актинометриялық бақылауларды ұйымдастыру дағдыларымен таныстыру; климаттық жүйе, жаһандық және жергілікті климаттың өзара қатынасы, климат қалыптастырушы үдерістер, климатты жіктеу жүйелері, климаттың ірі масштабты өзгерістері және климаттың қазіргі заманғы жылынуы туралы мағлұматтар беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер атмосфераның құрамы мен жалпы қасиеттерін, атмосфераның радиациялық режим, атмосфераның жылу жағдайы және төселме беттің өзара әсерін, атмосферадағы судың трансформациясы, атмосфераның шекті қабаттарында ауа қозғалысының ерекшеліктерін және жергілікті желдерді білу керек Студент атмосферада күн радиациясының қайта қалыптасудың негізгі үдерістердің мәнін, атмосфераның жылу режимі, атмосферадағы судың фазалық қайта қалыптасуын көрсете алу керек, заманауи ДК көмегімен инженерлік есептеулерді жасау, атмосферада өтетін негізгі физикалық үдерістерді талдау және жер беті мен жер маңындағы кеңістіктің өзара әсерін талдау дағдылары.

Жоғары математика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Кәсіби қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби-бағытталған шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - F

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Құрылық, ел, аймақ сияқты ірі таксономикалық рангтың табиғи геожүйелерінің шаруашылық қолдануы мен кеңістіктік дифференциациясының жұмыс істеуін, жалпы планеталық және аймақтық заңдылықтардың қалыптасуын тану; топырақ пен биотаның, ішкі сулардың, климаттың, рельефтің, геологиялық даму тарихының, яғни табиғаттың негізгі компонентерінің бір-бірімен байланысын және тәуелділігін ашу. Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясының ғылыми-теориялық және қолданбалы әдістерін зерттеу. Қысқаша мазмұны. Қазақстанның заманауи әлеуметтік және экономикалық, физикалық географиясы. Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік негіздеррін; құрылық ландшафтарының әртүрлілігін анықтайтын приоритетті ландшафт қалыптастыру факторларын: географиялық орналасу жағдайы, негізгі тектоникалық құрылымының даму тарихы, геологиялық және литологиялық құрылымы, олардың рельефтің вертикалды бөлінуімен, климатпен, өсімдік және топырақ жамылғысымен байланысын білу. Жерлердің антропогендік меңгерушілігін, қоршаған ортаны тиімді пайдаланумен, табиғатты пайдалануда қолайсыз жағдайлармен күресудің аймақтық мәселелермен байланысын зерттеу; құрылықтардың табиғи жүйелерінің аймақтық-белдеулік және секторлық құрылымын алдын ала анықтайтын табиғи орта компонентерініңөзара бағыныштылығын анықтау; Қазақстанның негізгі аймақтарының экономикалық географиялық спецификасын анықтай білу.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Қысқамерзімді гидрологиялық болжамдар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – гидрологиялық құбылыстардың пайда болу мен даму заңдылықтары мен гидрологиялық болжамдарды қысқамерзімді болжау әдістерін оқыту. Қысқаша мазмұны: физикалық-географиялық шарттарда ағындының қалыптасу ерекшеліктері, өзендер, көлдер мен бөгендерде су және мұздық режимді болжау, ақталуы мен әдісінің сапасын бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білу қажет: - гидрологиялық ақпараттардың құрамы мен мазмұнын; - гидрологиялық болжамдардың шығу түрлерін; - гидрологиялық болжамдар әдісінің сапасын бағалауды әдістерін. Жасай алу керек: - болжамды дайындау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді жинау мен өңдеу; - гидрологиялық хаттарды шифрлеу.

Математика 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеттері: студенттерге математикадан фундаментальді білім беру, сызықтық алгебра аналитикалық геометрия және математикалық талдаудың химиялық есептердегі қолданысын көрсету; химиялық, физика-химиялық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әр түрлі құбылыстар мен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу Мазмұны: Сызықтық алгебра. Аналитикалық геометрия. Бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Көп айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулері. Қатарлар теориясы. Дифференциалдқы теңдеулер. Ықтималдықтар теғориясы және математикалық статистика. Пәнді оқу нәтижесіндегі құзіреттер (білім, білік, құзіреттілік): студент білуі керек: Сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия, бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізгі теоремалары мен формулаларын білу. Математикалық талдау, қатарлар теориясының негізгі теоремалары мен формулаларын, дифференциалдық теңдеулер түрін және оны шығару жолдарын, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерінің шығарылу жолдарын; біліктер: есептің қойылуын айқындау, қойылған есепті шығару тәсілін таңдау, есепті шешу және алынған нәтижені түсіндіру, соның негізінде ұсыныс жасау. дағды: Химиялық мәселелерді өз бетімен зерттеу жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеу дағдысы қалыптасқан.

Материктер гидрографиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазақстан мен ТМД елдері аумағында әртүрлі физикалық-географиялық шарттардағы нақты су нысандарын және әлемнің ірі су ағындары мен су тоғандарды сипаттау. Қысқаша мазмұны: Қазақстан аумағының физикалық-географиялық ерекшеліктері, өзендер, көлдер мен тоғандар режимінің жалпы сипаты мен гидрографиясы, Ресейдің Европалық аумағының солтүстік аумағының гидрографиясы, Карел және Кол түбектері, Онега, Солтүстік Двина, Мезен және Печора өзен алаптары, ағынды қалыптасуының физикалық-географиялық шарттары, Ресейдің Европалық аумағының солтүстік-батыс аумағының гидрографиясы, Орта Азия және Батыс Сібір гидрографиясы, Кар теңізі алабының гидрографиясы, әлемнің ірі өзендері мен көлдері. Курсты оқу нәтижесінде студент білу керек: - әртүрлі физикалық-географиялық шарттардағы ағынды қалыптасу ерекшеліктерін; - Жердің әртүрлі аудандарында су нысандарының гидрологиялық режимін анықтайтын негізгі физикалық-географиялық факторларын; - Қазақстан мен ТМД негізгі су нысандары және әлемнің ірі өзендері мен көлдері мен олардың гидрологиялық сипаттамаларын; Курсты оқу соңында студент меңгереді: - Жердің әртүрлі аудандарында физикалық-географиялық факторларға байланысты, су нысандарының гидрологиялық режимінің ерекшеліктері туралы теориялық білімді - студент Әлем картасында маңызды су нысандарының географиялық орналасу орына және олардың негізгі гидрографиялық сипаттамалары туралы хабардар болу керек.

Өзен ағындысына адамның шаруашылық іс-әрекетінің әсерін бағалау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: студенттерді өзен ағындысына шаруашылық іс-әрекеттің әсерін сандық бағалаудың заманауи әдістерімен және ағынды сипаттамаларына шаруашылық әрекеттің әртүрлі факторларын бағалау әдістерімен таныстыру. Жердің су ресурстарың адамның шаруашылық әрекетінен өзгеруімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Өзен ағындысының адамның шаруашылық іс әрекеті әсерінен өзгеруін зерттеу мәселелері, Антропогендік факторлар жіктемесі, Өзен ағындысының антропогендік өзгерісін бағалаудың және болжаудың есептік әдістерінің жіктемесі Курсты оқу нәтижесінде студенттер білу керек: - өзен ағындысы өзгеруінің сандық бағалау негізін, ағындыға әртүрлі шаруашылық әрекет факторларының әсерін; - антропогендік факторлардың әсерінен жазық және таулы өзендер ағындысының өзгеруін бағалау әдістері мен принциптерін қолдана білу; - адамның шаруашылық әрекетіне байланысты гидрологиялық режимі дамуының замануи тенденцияларын білу керек. Курстың соңында студент өзен ағындысы сипаттамалары шаруашылық шаралар әсерін бағалау әдістері, су алмасудың өзгерісінің замануи тенденциялары және оның салдары туралы теориялық білімді меңгереді. Антропогендік жүктеменің әсерінен өзен ағындысы сипаттамаларын сандық есептеу дағдыларын игереді.

Өзендер гидрологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ гидрологтарға қазіргі гидрологияның негізгі жағдайлары туралы түсінік беру. Сонымен қатар барлық арнаулы пәндерді: гидрологиялық есептеулер, арналық ағындар динамикасы, су-теңдестік зерттеулері, су шарауашылық есептеулер, гидрологиялық болжау және т.б. игеру үшін негіз құру. Қысқаша мазмұны: Құрлық суы қалыптасуының метеорологиялық жағдайлары, Өзендердің гидрологиялық режимі, оның қалыптасу жағдайлары, Жер асты сулары, Өзендердің қатты ағындысы, Бөгендер мен көлдердің гидрологиясы Курсты оқу нәтижесінде студент білу керек: - гидрологияның міндеті мен су пайдалану тәжірибесіндегі рөлін; - судың барлық түріндегі негізгі физикалық қасиеттерін; - өзендердің гидрологиялық режимінің жалпы заңдылықтарын, су жинау алаптарының географиялық ерекшеліктерімен өзара байланысын; - су тоғандардың су теңдестігі табиғи-шығыс құраушыларының жалпы ара-қатынасын; Курстың соңында студент жасай алу керек: - өзен жүйесінің сандық сипаттамалары мен өзен ағындысының негізгі сипаттамалары мен су тоғандардың морфометриясын анықтау; - су тоғандар мен су қоймаларды гидрологиялық режиміне қарай айыру; - гидрологиялық үдерістердің физикалық мәнін түсіну; - гидрологиялық ақпараттарға хабардар болу.

Су теңдестігі зерттеулері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – студенттерді өзен алаптары, су тоғандар, мұздықтардың және т.б. табиғи нысандардың су теңдестігін кешенді зерттеу әдісі мен оны ұйымдастырумен таныстыру. Қысқаша мазмұны: су теңдестігі элементтерінің: жауын-шашын, ағынды, жиынтық булану және т.б. қалыптасу заңдылықтары және шарттары туралы білім беру; су теңдестігі жеке элементтерін есептеуді және әртүрлі су нысандары және аумақтар үшін су теңдестігі теңдеуін үйрету. Гидролог-маман далалық және экспедициялық су теңдестік байқауларды жасай және ұйымдастыра, далалық бақылауларды өңдеуді білу керек. Студент әртүрлі су нысандары мен аумақтар су теңдестігінің жеке элементтерін есептеу алу білу керек.

Су техникалық ізденістер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: – шаруашылық нысандарына әсер ететін су нысандарында (өзендер, көлдер, су қойма, батпақтар, мұздықтар, қар жамылғысы және бірқаатар гидрологиялық құбылыстар) ізденіс жұмыстарының замануи әдістерін оқыту. Қысқаша мазмұны: нормативтік құжаттармен біртіндеп танысу, ізденістерді ұйымдастыру мен қамту, қажетті дайындық жұмыстарының құрамын, далалық (тұрақты және экспедициялық) гидрологиялық зерттеулердің мазмұны мен әдістерін жасау, сонымен қатар, аэроғарыштық ақпараттар сияқты заманауи әдістер мен тәсілдерді пайдалануды құрайды. Курсты оқу нәтижесінде студенттер кез-келген ізденістер мен зерттеулердің, сонымен қатар, су-техникалық, инженерлік-геологиялық, геоморфологиялық, топырақты-ботаникалық, метеорологиялық және су техникалық ізденістермен бірге жасалатын және су нысандары мен гидрологиялық құбылыстар туралы қосымша ақпарат көздері болатын негізі ретінде топографиялық және геодезиялық жұмыстарды орындау тәсілдері туралы қажетті деңгейде білу керек.

Су шаруашылығы және сушаруашылық есептеулер
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты:Гидрология ғылым ретінде шаруашылық жобалау, гидротехникалық құрылыстың және су қорғау шараларының инженерлік шешімдерінің тәжірибелік қажеттіліктеріне жауап береді. Қысқаша мазмұны: су шаруашылығы, өзен ағындысын реттеу теориясының негізгі ережелері, күрделі су шаруашылықтың қызметі кезінде өзен ағындысын реттеу, өзен алабында су қорғау шараларын оңтайландыру. «Су шаруашылығы және су шаруашылық есептеулер» пәнін оқу нәтижесінде студенттер заманауи су шаруашылық жүйелері мен ағындысы реттелген су ағындардың сипаттамалары мен параметрлерін есептеу, су ресурстар көздерін қорғау мен олардың ащайы мен ластануын болдырмауды ескере отырып, су ресурстарын шаруашылық пайдаланудың потенциалдық мүмкіндіктерін бағалау.

Ұзақмерзімді гидрологиялық болжамдар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – гидрологиялық құбылыстардың пайда болу мен даму заңдылықтары мен гидрологиялық болжамдарды ұзақмерзімді болжау әдістерін оқыту. Қысқаша мазмұны:: физикалық-географиялық шарттарда ағындының қалыптасу ерекшеліктері, өзендер, көлдер мен бөгендерде су және мұздық режимді болжау, ақталуы мен әдісінің сапасын бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білу қажет: - гидрологиялық ақпараттардың құрамы мен мазмұнын; - гидрологиялық болжамдардың шығу түрлерін; - гидрологиялық болжамдар әдісінің сапасын бағалауды әдістерін. Жасай алу керек: - болжамды дайындау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді жинау мен өңдеу; - гидрологиялық хаттарды шифрлеу

Физика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. Студенттерде әлемнің заманауи физикалық суреті және ғылыми дүниетану туралы қөз қарасын қалыптастыру; классикалық және заманауи физиканың теорияларын және фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесінің негізінде физикалық зерттеу әдістерін қолдана білу. Қысқаша мазмұны. Физикалық заңдар мен түсініктемелердің, оларды нақты жағдайларда нәтижелі пайдалануға мүмкіндік беретін олардың қолданыс шекарасының иерархиясын игеру үшін классикалық және заманауи физиканың теорияларының, заңдарының негізгі көзқарасының, олардың ішкі қарымқатынасы мен тұтастығының маңыздылығын ашу. Классикалық және заманауи физиканың теорияларын, фундаментальды заңдарын, сонымен қатар кәсіби қызмет жүйесі ретінде физикалық зерттеу әдістерін білу. Физиканың әртүрлі салаларынан пәннің типтік есептерін шешуді, кәсіби есептерді шешуді; эксперименталды немесе теориялық зерттеу әдістері көмегімен алынған нәтижелердің дәлдік дәрежесін бағалауды істей білу; Компьютерді қолдана отырып, физикалық жағдайларды моделдеуді меңгеру.

Философия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру; студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Scientific Writing
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Scientific Writing.
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Арналық процестергетадамның шаруашылық іс-әрекетінің әсері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттердің өзендердегі тасындылардың қалыптасуы мен тасымалдануы, арна процесі, арна деформациясын есептеу және болжау әдістері бойынша негізгі білім алуын қамтамасыз ету. Қысқаша мазмұны: өзендерде гидротехникалық және басқа да инженерлі құрылыстарды жобалау кезіндегі арна процестерін ескеру принциптері, өзендерді әр түрлі экономика салаларында қолдану мен өзендерде жүретін процестерге антропогенді факторлардың әсері жайлы мәліметтер беріледі. Нәтижесінде студенттер тасынды ағысы мен арна деформациясын есептеу әдістерін меңгеру, өзеннің нақты бөлігінде өзер арнасының типін анықтай алуы және оның қайта қалыптасуын болжауды жүргізе алуы керек.

Әлемдік су теңдестігі және Жердегі су ресурстары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты :студенттерге табиғи сулар мен олардың қоры мен үлестірімі туралы білімді беру. Қысқаша мазмұны:: пәннің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті, гидросфера мен Жердің су ресурстары. Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс: - су ресуртарының аумақ және уақыт бойынша үлестірімін және олардың қораларын; - әлемдік су-теңдестік түсінігі, Қазақстан мен әлемнің статистикалық, қалпына келетін су ресурстары; - аумақтық сумен қамтылуы, су ресурсына әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар, табиғи-экологиялық ортаға сушаруашылық нсыандардың әсерін; - су ресурстарын басқару және ұтымды пайдалану принциптерін; - су шаруашылығының мақсаты мен міндетін, су ресурсын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, су кодексі мен ҚР су нысандарын мониторингінің негізгі ережелерін; Жасай білуі тиіс: - су және су шаруашылық теңдестікті құрастыру әдістерін, табиғи және шаруашылық факторларлың әсерінен су ресустарының өзгеруін бағалау; - су ресурстары мен су нысандары мемлекеттік су кадастрының жұмысымен туралы ақпараттарды алу және талдау тәсілдері мен әдістерін; Су шаруашылық жүйелер мен кешендер, халық шаруашылығының түрлі саласының су ресурстарына әсері, климаттың жаһандық өзгерістері, кіші және үлкен өзендердің, ішкі теңіздер мен көлдердің мәселелері, су шаруашылығының мәселелері туралы хабардар болу.

Әлеуметтік өзгеру және саяси модернизация
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Модульдің мақсаты студенттердің әлеуметтік өзгерістер мен дамуды және саяси жанғырту теориялық ұғыну, талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Берілген модульде теориялық пен эмпирикалық перспективалар нақты бағдарламалар/стратегия дайындаумен үйлестірілген. Модульде қазіргі заманғы қоғамның құрылымы, әлеуметтік тәжірибелері мен мәдениетіндегі әлеуметтік және саяси өзгерістердің түрлерін, мемлекеттердің жаһандық және жергілікті деңгейдегі социеталдық дамуының себептері мен үрдістерін ашып көрсетететін әлеуметтік трансформациялар мен саяси жанғырту теориялары қарастырылады. Әлеуметтік өзгеріс және даму. Әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтанулық перспективалары. Көші-қон мен еңбек көші-қоны. Жаһандық әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық белсенділік. Әлеуметтік құрылымның өзгеруі. Жаңа технологиялар мен медианың әлеуметтік өзгерістерге әсері. Өзгеруші Орталық Азия: үдерістер мен мәселелер. Cаяси жаңару түсінігі және түрлері. Cаяси жаңару теориясының, олардың эволюция және саяси тәжірибеде қарым-қатынасының негізгі бағыттары. Саяси жаңару институционалдық факторлар мен саяси дағдарыстар жүйесінің рөлі мен маңызы. Жаһандану және саяси жаңару ел дамуының қазақстандық үлгісі. Бәсекеге қабілетті жаңа деңгейге еліміздің шығыс жолы ретінде Үшінші жаңғыртудың негізгі басымдықтары: жедел технологиялық жаңғырту; бизнес-ортаны ырықтандыру; макро тұрақтылық; адам капиталының сапасын арттыру; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Гидрологиядағы геоақпараттық жүйелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Цель дисциплины - формирование представлений о возможности использования ГИС-технологий в гидрологических исследованиях, существующих исходных данных, средствах пространственного анализа гидрологической информации. Краткое содержание курса: определение геоинформационных систем, обработка гидрометеорологических данных, использование гидрологических модульных технологий, вывод и визуализация данных, средства доступа к гидрометеорологическим базам данных Знание: разработки и проектирования информационных систем, баз и банков данных цифровой картографической информации; выполнения геоинформационного картографирования, создания электронных карт и атласов и других картографических произведений; использования ГИС для обработки данных дистанционного зондирования и других геоизображений; эксплуатации и модернизации ГИС и их картографических подсистем. Умение: ориентироваться в круге задач, решаемых с помощью ГИС; эффективно использовать ГИС в процессе гидрологических исследований. Владение современными информационными средствами и технологиями для решения гидрометеорологических задач и умеет работать с информацией в глобальных компьютерных сетях

Гидрологиядағы табиғи қауіптерді бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қауіпті гидрологиялық құбылыстар бойынша, олардан тұрғындарды қорғау мен нысандардың қызмет ету тұрақтылығын арттыру бойынша ұйымдастыру және басқару міндеттерін шешу жайлы теориялық және практикалық дайындау. Қысқаша мазмұны: студенттерге қауіпті гидрологиялық құбылыстар, оларды болжау әдістері және олардың зардаптарын үлгілеу, алдын-ала қорғау шаралары мен қорғау әдістерін анықтау жайлы ілімді қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - жағымсыз және қауіпті гидрологиялық құбылыстар түрінің кешені; - табиғи апат процестерінің даму ерекшеліктері; - шығу-тегі, қайталануы, жағымсыз және қауіпті табиғи құбылыстардың жүру сипаты, оларды болжау мен алдын-алудың принциптері мен әдістері; - жағымсыз және қауіпті табиғи құбылыстардан экономикалық, әлеуметтік, экологиялық нұқсан келуді бағалау (болжау) принциптері мен әдістері. Жасай білуі керек: - табиғи қауіпті бағалауды ұйымдастыру; - нақты жағдайларда үлкен апаттан қорғануды тиімді жоспарлау және ұйымдастыру.

Гидрологиялық мониторинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: су және атмосфера ауасының сапасы жайлы бақылау, тексеру, жинақтау, сақтау, өңдеу мен басқару жүйесімен, сонымен қатар су нысандары мен ауа ортасының экологиялық жағдайы жайлы таныстыру. Кіріспе Қысқаша мазмұны: Бақылау жүйелері және табиғи сулардың сапасын бақылау Жер үсті сулардың сапасы туралы мәлеметтерді жинау, өңдеу және хабар талдап қорытуы Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - гидрометеорологиялық мониторинг мақсаты мен міндеттері, мемлекеттік экологиялық мониторинг құрылымы; - гидрометеорологиялық мониторингті ұйымдастырудың әдістемелік принциптері; - атмосфера мен су нысандарының спасын және олардың экологиялық жағдайын бақылау құрамы, кезеңі және мерзімдері; - гидрометеорологиялық бақылау мәліметтерін өңдеу және жалпылау әдістері; - гидрометеорологиялық мони-торингтің мәліметтік ағымы, мәліметтік жүйелерді ұйымдастыру мен қстап тұру заңдылықтары, ғылыми және қолданбалы міндетті шешуде оларды тиімді қолдану әдістері. Жасай алуы тиіс: - гидрометеорологиялық мониторинг жүйесін ұйымдастыру саласында басқару шешімін қабылдау, су мен ауа сапасын, сонымен қатар, олардың экологиялық жағдайын бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; - атмосфера мен гидросфераның ластануын бақылауды егжей-тегжейлі жүргізу және нәтижелерін кешенді талдау, атмосфера мен гидросфераның экологиялық жағдайын олардың сапасын бақылау мәліметтерін талдау мен жалпылау негізінде бағалау және болжау.

Гидрологиялық процесстерді модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – гидрологиялық режимінің ерекшеліктері, оларды меңгеру әдістерін, табиғи ортамен әсерлесу ерекшеліктерін зерттеу. Қысқаша мазмұны: гидрологиялық процестер үлгілеу нысаны ретінде, су нысандарының гидрологиялық режимі, үлгілеу міндеттерін шешу әдістері, гидрологиялық процестерді физикалық үлгілеу, гидрологиялық процестерді үлгілеудің практикалық жолдары мен ережелері. Берілген пәнді зерттеу нәтижесінде білім алуша білуі тиіс: - су нысандарының гидрологиялық сипаттаудың жобалық негізі және бақылаулар; - олардың гидрологиялық режимнің жалпы сипатын; - елдің су шаруашылық кешенінде су көздерін шаруашылықта пайдалануын есепке алу мақсатында көрсеткіштерін тарату заңдылығы; - ұқсатық теориясының негізі, гидрологиялық ұқсастық әдістері, ұқсастық критерилері және оларды пайдалануды шектейтін жағдайлар. Студент жасай алуы тиіс: - әр түрлі үлгілеу әдістерінің неізінде су нысандарының гидрологиялық сипаттамаларын есептеу мен талдауды; - бақылау мәліметтерін өңдеу; - су шаруашылығы жүйесін және су көздерін кешенді гидрологиялық пайдалану кезіндегі көрсеткіштерін есептеуде үлгілеу әдісін қолдану.

Гидросфераны қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді гидросфераны қорғау саласындағы негізгі ғылыми білім мен әдістер жүйесімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Су ресурстарын пайдалану, Су ресурстарын антропогендік әсерлер, Су ресурстарын үнемді пайдалану, Супайдаланудың құқықтық негіздері. Су заңдылықтары, . Жербеті суларының сапасын бақылау, Су сапасының мониторингі, Судың сапасын бақылау бағдарламасы және құрамы , Кіші өзендерді қорғау, Су сапасының интегралды көрсеткіштері. Берілген курсты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - гидросфераның атмосфера мен литосферамен байланыс ерекшеліктерін, табиғи ортадағы гидрологиялық процестердің орны мен рөльі - гидрологиялық процестердің климат пен атмосфера динамикасының (мысалы, мұхиттар немесе өзен бассейндері үшін), рельеф пен топырақ-өсімдік жабыны (өзен бассейндері үшін) және т.б. заңдылықтары мен байланысы; - су нысандарының жіктелуі, гидросфераның жеке нысандарының, мысалы мұздықтар мен өзендер, көлдер мен өзендер, өзендер мен суқоймалар, өзендер мен теңіздер байланысын ұғыну және білу; - әр түрлі гидрологиялық процестер мен құбылыстарды түсіндірудегі негізгі физикалық заңдылықтар; - судың физикалық және химиялық қасиеттері мен олардың жалпы гидрология және табиғи процестердегі рөльін білу; - физиканың негізгі заңдарын гидросфера нысандарына қолдану білу. Жасай алуы тиіс: - гидрологиялық сипаттамалардың негізгі кеңістікті-уақыттық өзгергіштіктің негізгі заңдарын түсіндіру, осы заңдылықтарды графиктер мен сызбалар сызып түсіндіре білу; - картадан кейбір гидрологиялық сипаттамалардың негізгі географиялық таралу қырын көрсету; - судың ландшафттар мен экологиялық жағдайлар қалыптастырудағы рөльін ұғыну; су экожүйелерінің мәні (құрылымы және қызмет етуінің негізгі заңдылықтары); су қорларының ерекшеліктері және оларды тиімді пайдалану мен сарқылу және ластанудан қорғаудың негізгі қағидалары.

Гляциология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Жас адамдарда сыбайлас-жемқорлыққа қатысты азаматтық позицияны қалыптастыруға қажетті құндылық бағыттар мен қабілеттерді дамыту және тәрбиелеу. Курс оқушыларды сыбайлас-жемқорлық сынды жағымсыз әлеуметтік құбылыспен таныстырады; оның себептері мен салдарларын ашады; оқушыларда сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына жәрдемдеседі; Сыбайлас-жемқорлық жағдайында жауапты тұлғалардың іс-әрекеттерінің мөлдір болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың мәнін ашады

Инновациялық кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – студенттердің бойында микродеңгейде және макродеңгейде инновациялар экономикасы саласындағы білім кешенін қалыптастыру. Инновациялық кәсіпкерлік курсында теориялық материалмен қатар белгілі бір саладағы инновациялық дамудың тәжірибелік проблемалары қарастырылады. Макродеңгейде студенттер инновациялық үдерістің теорияларымен, инновациялық дамудың концепцияларымен, инновациялардың жалпы сипаттамасымен танысады. Микродеңгейде курс құрамында инновацияларды жүзеге асырудың түйінді факторлары, инновациялық компанияны құру және дамыту, инновациялық стратегияны таңдау, инвестицияларды тарту сияқты сұрақтар қарастырылады.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Көлдер мен бөгендер гидрологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қазақстандағы су ресурстарын бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазақстан өзендері ағындысының сипаттамаларын шаруашылық әрекеттің және климаттың өзгерісін ескеріп анықтау Қысқаша мазмұны: Студенттерді Қазақстан су нысандарының сипаттамаларын есептеу әдістерімен және шаруашылық әрекеттермен таныстыру Қазіргі жағдайда су ресурстарын бағалаудың негізгі принциптері мен әдістерін білуі тиіс қазіргі кездегі гидрологияның есепетеу әдістерін істей білуі тиіс:

Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты. «Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы» курсының негізі Қазақстанның географиялық ортасы, оның экономика мен мәдениетінің дамуын анықтайтын табиғи-экономикалық алғышарттары мен тарихи шарттары сипатталады. Заманауи экономикалық әлпеті, үлкен потенциалы, сонымен қатар, әрі қарай дамуының келешегі мен мәселелері. Қазақстанның ТМД мен әлемдік қоғамдағы орны және халықаралық еңбек бөлінісінде рөлі көрсетілген. Бес экономикалық ауданы мен олардың сипаттық ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Қысқаша мазмұны: - күрделі құрылымдық кешен ретінде ҚР табиғаты мен экономикасына терең талдау беру; - табиғи кешендердегі құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын ашып көрсету, елдің жеке аудандарының экономикалық-географиялық ерекшеліктерін оқу. Студенттер білуі тиіс: - физикалық-географиялық атаулардың номенклатурасын; - Қазақстанның халық шаруашылығы кешенінің жалпы сипаттамаларын, елдің жеке аудандарының экономикалық-географиялық ерекшеліктерін оқу, табиғи кешендердегі құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын ашып көрсету.

Қаржы сауаттылық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: студенттерде қаржылық саясатты жайлы білім жүйесін қалыптастыру,қҚаржылық саясатты әзірлеу және іске асыру дағдыларын қалыптастыру, атқарушы билік, жергілікті билік және кәсіпорынадырындағы қаржының мақсаттары мен міндеттерін, миссиясының өзектендіру. Білу: қаржы сферасынындағы саясаттын ипнтрументтері, тусінігі, әдістері. Нарық пен бизнестіәң жаһандану жағдайындағы қаржылық сауаттылық арттыру. Қаржылық саясаттың инструменттері. Қабілетті болуы – фискалдық және монетарлық саясаттың трансмиссиялық механизімін. Қаржы және несие аясында тәуекелдерді басқару. Қаржылық саясаты мақсатында жоспарлау. Біікті болуы- салықтың және қаржылық көрсеткіштерді есептеудің механизімі жайлы білікті болу.

Қауіпті гидрологиялық құбылыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты студенттерді негізгі әдістермен таныстыру және оларды қауіпті гидрологиялық құбылыстармен байланысты гидрологиялық мәселелерді ұғындыру: олардың табиғаты, пайда болу сипаты, олардың пайда болу қаупі мен шығындары, болжай мәселелері мен су тасқынының сипаттамаларын есептеу. Қысқаша мазмұны: Кіріспе мәліметтер Қауіпті гдрологиялық құбылыстардың (ҚГҚ) сипаты мен табиғаты Қауіпті гидрологиялық құбылыстарды басқару, болжау және есептеу Берілген пәнді оқу нәтижесінде бакалаврлар білуі тиіс: су тасқынының түрлері мен қайталауы бойынша су тасуды жіктеу, су тасқынының себебі ретінде ұзын толқындар табиғаты; қауіп мен шығындары, су тасқынының тура және жанама шығындарын ажырату;- көктемгі су толуы және се буылу эәне мұз кептелу құбылыстар, жаңбырлық су тасқыны, селдік ағымдар мен сель түрлері, қар көшуі және олардың гидрологиялық рөлі, эндогенді факторлардың әсері (цунами, жел қума); қауіпті құбылыстың гидрологиялық мәліметі, есептеуі мен болжауын түсіндіру. Жасай алуы тиіс:- су тасқынының шығынын есептеу, ағыстың қозғалу жылдамдығын анықтау; қауіпті гидрологиялық процестерді басқару және гидрологиялық мәліметті түсіндіру сұрақтарын білу; - қауіпті гидрологиялық құбылыстарды есептеу және болжау.

Құқық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Құрлық суларын пайдалану және қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: су қорларын кешенді қолдану мен қорғаумен байланысты ұғым мен құбылыстардың белгілі бір өрісі жайлы білім алу. Қысқаша мазмұны: ҚР, ТМД және Әлемдегі су қорларының таралу ерекшеліктері мен қолдауын; шаруашылық қызметтің су қорларына әсері; су қорларының антропогенді өзгерісін бағалау әдістері; су нысандарындағы су сапасын бағалау әдістері; су нысандарындағы су қорларын мемлекеттік басқару мен су сапасын бақылау құрылымы; су қорларын кешенді және тиімді қолдану мәселелерін зерттеу болып табылады. Берілген курсты зерттеу нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - ҚР, ТМД және Әлемдегі су қорларын пайдаланудың заманауи деңгейі; - су қорларына антропогенді жүктемелердің түрі; - су қорларына шаруашылық қызметтің әсерін бағалау әдістері; - су қорларын қорғау бойынша шаралар тағайындалуы мен түрлері; - су қорларын тиімді қолдану мен қорғаудың нақты әдістері мен жолдары. Жасай алуы тиіс: - су нысандарының антропогенді әсеріне негізделген сандық және сапалық өзгерістерін бағалау; - су қорларын кешенді қолдану мен қорғау бойынша шараларды жобалау мен қамтамасыз ету.

Құрлықтағы жер беті суларын қорғау және мониторингілеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: су ортасының жағдайын жалпы гидрологиялық экожүйесіне антропогендік ықпалдың дәрежесін бақылау мен бағалауға лайықты мамандарды дайындау. Қысқаша мазмұны: студенттерге табиғи үдерістердің бірлігі мен өзара байланысы, олардың табиғи және антропогендік факторлардың әсерін негізінде экологиялық көзқарастарды тудыруға дағдылау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - сулардың ластану себептері мен көздері; - су сапасын бақылау жүйесі мен тәсілдерін; - су нысандарының өздігінен тазару мүмкіндіктерін анықтайтын параметрлерді есептеу әдістерін; - су қорғау зоналары мен жағалаулық қорғау тілемдерін бекіту әдістемесін.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Өзендердің қатты ағындысы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – студенттердің қатты ағындының қалыптасу мен режим ерекшеліктерімен, сонымен қатар, оның су нысандарындағы эрозиялық-аккумулятивті қызметі мен экологиялық жағдайындағы рөлімен байланысты белгілі-бір түсінікті білім мен ұғым кешенін алуды қамтамасыз ету. Қысқаша мазмұны: Кіріспе Қазақстан өзендерінің тасындылар ағындысы,Эрозиялық – аккумулятивті үрдістермен су объектілерінің экологиялық жағдайындағы тасындылар ағындысының рөлі Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттердің түсінігі болады:- қатты ағындының қалыптасу факторлары;- қатты ағындының тәртібі;- су мен тасындылар өтімін өлшеу және есептеу әдістері;- қатты ағындының жылдық көлемін есептеу әдістері (жүзбе, сүйретпе тасындылардың жылдық өтімі);- құрлық беті суларының жыл сайынғы тасындылар жайлы жарияланатын мәліметтері (АЖМ, АКМ және басқа да көздер).- гидрологиялық және су шаруашылығында тасындылар жайлы мәліметтерді қолдану (қолдану саласы, есептеу әдістері).

Өзендердің қыстық күйі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: тарихи сана ұғымы мен өткен буындардың оның дамуына байланысты тәжірибелеріне, мәдени дәстүрдің өзегі мен рухани кодты сақтау, сол сияқты қоғамдық сананың жаңғыртуы мен ұлттық өз-өзін дамыту әлеуетіне қатысты білімдер жүйесін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - нақты-тарихи және теориялық деңгейде өз халқының өткені жөнінде білімдерді өзге қауымдастықтар тарихымен байланыстырып көрсете білу қабілетін меңгереді; - тарихи тағдыры, дәстүрі, мәдениеті, тілі мен ділі ортақ қаумыдастық ретінде халықтың тарихи санасының сақталуын әрі рухани жаңғырудың қажеттігін түсінеді; - елдің қоғамдық санасының жаңғыруында өткеннің инновациялық элементтерін қолданып жаңа шешімдер іздеуге дағдыланады; - адами қауымның дамуының рухани жағына жататын тарихи сананы пайымдаудағы жүйелілік тұрғыны игереді; - сананың модельдерін өзіндік жолмен көрсетіп беруге қабілет, санаға қатысты құбылыстарды ұғындырып, түсіндіре алу, оларды тарих контексінде қабылау және негіздеу, прогрессивтік тарихи уақиғаларды салыстыру әрі ерекшеліктерін анықтауды үйренеді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: - сана мен тарихи мұраның іргелі проблемалары - ұлттық метақұндылықтар, мәдени бірегейлену, киелі нысандар; - ұлттық бірегейліктің қалыптасуы мен жаңғыруына қатысты әртүрлі дәуірлердегі жергілікті және жаһандық тарихтың өзгеруі аясында мәдени-тарихи құбылыстарды салыстырмалы қарау әдістері.

Селтану негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – студенттерді сель ағымдарының қалыптасу ерекшеліктерімен, оларды зерттеу әдістерімен, негізгі сель мәселелерімен және оларды шешу әдістерімен, сонымен бірге селді алдын-алу мен селден қорғау шаралары мен құрылыстармен таныстыру. Студенттерді заманауи сел терминологиясын ұғынуға, селге қарсы құрылыстарды жобалау үшін селдің кіші-гірім сипаттамаларын жүргізуге үйрету. Қысқаша мазмұны: Сел тасқыны жөнінде жалпы мәліметтер. Сел тасқынының қалыптасуы және режимі. Сел зерттеу бойынша жүргізілетін далалық жұмыстар мен зерттеулерді ұйымдастыру. Селдік станциялар мен партияларда жүргізілген бақылаулар мен зерттеулердің материалдарын жүйелеу Сел тасқынының гидравликалық элементтері. Сел қаупін және сел тасқындарын болжау, сел қаупін бағалау. Орталық Азия және Қазақстанның аумағындағы сел тасқындары Селден қорғану шаралары. Берілген пәнді оқу нәтижесінде бакалавриат студенттері білуі тиіс: - заманауи жалпы қабылданған сел теминологиясын; - сел мәселелері мен селден қорғаудың заманауи жағдайы; - сел бассейндері мен сел ағымдарын зерттеудің заманауи әдістері; - сел гидрометриясының жағдайы, сел сипаттамаларын анықтауға арналған негізгі құралдар мен әдістер; - сел бассейндерін бақылаудың стационарлы және далалық экспедициялық зерттеу әдістері; - сел көрсеткіштерінде қолданылатын әдістері және есептеу мен болжау мәселелері; - селге қарсы қолданылатын шаралардың құрамы, мазмұны мен тиімділігі. Жасай алуы тиіс: - қарастырылатын аумақтағы сел құбылыстары жайлы мәліметтерді жалпылау; - сел бассейндері мен селді зерттеуді ұйымдастыру қажеттілігін; - селден қорғайтын құрылыстар мен шаралардың негігіздемелері үшін ерептеулер жүргізу; - селге қауіпті жағдайды бағалау.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Су әкету және ақаба суларын тазарту
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: - ағын сулар, олардың пайда болуын, түрлерін, құрамы мен физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеу; - су әкету нормалары мен шығындарын зерттеу, ағын судың әсері және су нысандарының су сапасын нормалау; - шығу тегі әр түрлі ағын суларды (АС) тазалау әдістерін, оларды таңдауды, жауын-шашынды жою әдістерін зерттеу. Берілген пәнді меңгеру нәтижесінде мамандар білуі тиіс: - негізгі ластану көзінің физика-химиялық көрсеткіштері; - АС қажетті тазалау теңгейін анықтау; - АС тазалаудың практикада қолданылатын әдістердің жалпы теориялық негізі және әр әдісті қолдану жағдайлары; - АС ластану деңгейі мен құрамына байланысты АС тазалау әдістерін, жауын-шашынды жою әдістерін таңдау. Студент жасай алуы тиіс: - АС су нысандары суының сапасына әсерін бағалау; - алынған білімді АС тазалауда пайдалану және сапасы рұқсат етілген нормадан (ШРК) жоғары су нысандарына судың түсуіне жол бермеу; - алынған білімді жер үсті сулары жағдайының мониторингі кезінде қолдану; - ластаушы заттардың су нысандарына түсуін қысқарту бойынша шараларды енгізу; - суды қорғау шараларын жүргізу тиімділігін бақылау.

Су және экологиялық құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – бір уақытта қоршаған орта жағдайын жақсарта отырып, қоғамның табиғи шикізатқа қызығушылығын қанағаттандыратын қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа қол жеткізу үшін өзінің арнайы әдістерімен экологиялық қарым-қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын меңгеру. Берілген курс мәліметтерін меңгеру нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - экологиялық құқық қағидалары; - эклологияны пайдалану саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық акттар. Жасай алуы тиіс: - орындалатын жұмысқа қатысты нормативтік және жетекшілік материалдармен жұмыс істеу.

Су объектілерінің гидрохимиялық режимі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттердің гидрохимияның теориялық негізін, табиғи судың химиялық құрамының ерекшеліктерін, сонымен қатар олардың сапасын кешенді бағалау мәселелерін меңгеру және ұғынуын кешенді қамтамасыз ету. Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Қазақстанның су объектілері. Казахстанның табиғи суларының химиялық құрамының құрылымы. Гидрохимиялық ақпараттарды өңдеудің, іздеудің, сақтаудың және жинаудың жүйесі. Қазақстан өзендерінің гидрохимиялық режимі. Еріген заттар ағындысы. Қазақстан көлдер гидрохимиясы Қазақстан су қоймаларыныңың гидрохимиясы. Қазақстан теңіздерінің гидрохимиясы. Қазақстан өзен суларының химиялық құрамының құрылымы. Білу керек: - Қазақстан Республикасының табиғи суларының химиялық құрамының құрылымының жағдайы және кеңістік-уақыттық заңдылықтарын, Қазақстанның су объектілерінің аймақтылығы және гидрохимиялық режимінің ерекшеліктері, шаруашылық әрекет үшін Қазақстан Республикасының су объектілерінің қолданбалы гидрохимиясы және аумақтық актуальді мәселелерінің республикадағы су объектілерінің гидрохимиялық ерекшеліктері. Меңгеру керек: - ұлттық және аумақтық көлемінде табиғат қорғау шараларын дәйектеу үшін; Қазақстан Респуликасының су ресурстарын қорғау және су пайдалану проектісін құру үшін физикалық-географиялық комплекс сияқты, су объектілерін экологиялық және комплекстік бағалау үшін Қазақстан Республикасының су объектілерінің суының химиялық құрамы жөніндегі деректерді пайдалану және талдау. Меңгеру: - су объектілерінің гидрохимиялық және экологиялық сипаттамалары үшін теориялық және практикалық өңдеу, табиғи сулардың химиялық құрамы жөніндегі деректерді талдау және жалпылау

Су пайдаланудың экологиялық-экономикалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді негізгі әдістермен таныстыру және оларды қауіпті гидрологиялық құбылыстармен байланысты гидрологиялық мәселелерді ұғындыру: олардың табиғаты, пайда болу сипаты, олардың пайда болу қаупі мен шығындары, болжай мәселелері мен су тасқынының сипаттамаларын есептеу. Қысқаша мазмұны: қауіпті гидрологиялық құбылыс пен бақылаулар салдарын бағалау бойынша практикалық нұсқамалар беру. Берілген пәнді оқу нәтижесінде бакалаврлар білуі тиіс: - су тасқынының түрлері мен қайталауы бойынша су тасуды жіктеу, су тасқынының себебі ретінде ұзын толқындар табиғаты; - қауіп мен шығындары, су тасқынының тура және жанама шығындарын ажырату; - көктемгі су толуы және се буылу эәне мұз кептелу құбылыстар, жаңбырлық су тасқыны, селдік ағымдар мен сель түрлері, қар көшуі және олардың гидрологиялық рөльі, эндогенді факторлардың әсері (цунами, жел қума); қауіпті құбылыстың гидрологиялық мәліметі, есептеуі мен болжауын түсіндіру. Жасай алуы тиіс: - су тасқынының шығынын есептеу, ағыстың қозғалу жылдамдығын анықтау; - қауіпті гидрологиялық процестерді басқару және гидрологиялық мәліметті түсіндіру сұрақтарын білу; - қауіпті гидрологиялық құбылыстарды есептеу және болжау.

Су ресурстарын кешенді пайдалану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: теория мен тәжірибенің соңғы жетістіктері ескере отырып су-жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың негізін меңгеру. Қысқаша мазмұны: - ҚР су және жер ресурстарын пайдалану бойынша заңнамалар; - табиғатты пайдаланудың ғылыми негізін: В.И. Вернадскийдің биосфера туралы, А.М. Алпатьевтің табиғаттағы заттардың айналымы, А.А. Григорьевтің және М.И. Будыконың гидротермикалық аудандастыру туралы оқуларды және оларды табиғатты ұтымды пайдаланудың заманауи мәселелерді шешуде ұсыныстары; - су ресурстарын кешенді пайдалану. Студенттер білуі мен жасай алуы тиіс: - халық шаруашылығының әртүрлі салаларының су ресурсына қажеттілігін сандық бағалау; - халық шаруашылығында өзен ағындысын пайдаланудың жағымды және жағымсыз салдарын болжау; - табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласында реттеудің экономикалық әдістерін пайдалану; - өзен ағындысын салалар арасында олардың қажеттіліктері мен табиғатқа минималды зардабын ескере отырып, үлестіру.

Су шаруашылығының экономикалық-құқықтық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Су шаруашылығының құрылымы мен атқарымдарын зерттеу, Қазақстаннның ірі экономикалық аудандарының тәлімінде су шаруашылығының жергілікті ерешектері. Қысқаша мазмұны: Су шаруашылықтағы бассейндік және аймақтық басқару және бақылау.Су объектілерінің мемлекеттік мониторингы. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - өндіріс қызметінің негізгі құқықтық түсініктер мен көрсеткіштер; - табиғи ресурстарды экономикалық бағалау әдістері, табиғатты пайдалану және табиғатты қамдану саласындағы инвестицияларды экономикалық бағалау; - табиғатты қамдандырудың қаржылық ағымы; - табиғатты пайдалану саласында негізгі терминдер мен анықтамалар; - табиғатты пайдалану саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар; - нарықтық экономика жағдайына табиғатты пайдалану мен қамдану нысандарын экономикалық басқарудың түрі мен әдістерін; Студенттер жасай алу тиіс: - су шаруашылық жүйелерді құрылысын жобалауды экологиялық-экономикалық негіздемені жасау; - маркетингтік зерттеулерді өз бетімен жасау; - инженерлік ізденістердің, табиғатты қорғау іс-шараларын сметасын есептеу; - инновациялық жобаның жетістіктерін кешенді бағалау; - өндірістік, ауыл шаруашылық және коммуналдық өндірістердің, мекемелер мен табиғатты пайдалануды басқарудың мемлекеттік ұйымдарын біріктіру.

Су шаруашылық кешендерін басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты:Пәннің зерттеу нысаны құрлықтың табиғи және жасанды су тоғандарының экожүйесінің күрделі математикалық үлгілерін дайындау принциптері, олардың верификация тәсілдері және ғылыми, жобалау және басқарушы мақсаттарға оларды пайдалану. Қысқаша мазмұны: - су экожүйелерінің отандық және шетелдік математикалық үлгілердің әртүрлі құрылымын көрсету; - табиғи үдерістерді математикалық үлгілеудің артықшылықтарын мысалдар ретінде көрсету эксперименттік далалық және зертханалық зерттеулермен үлгілеумен байланыстыру қажеттілігі; - көлдер мен бөгендерде гидроэкологиялық үдерістерді, экологиялық мәселелерді шешімдерін оңтайландыруды үлгілеудің көмегімен терең зерттеу мүмкіндіктерін көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - су шаруашылық кешендерді басқару; - су ресурстарын қорғау мен пайдалану бойынша теориялық негіздеме немесе нақты инженерлік және басқарушы шешімдер; Студенттер су шаруашылық кешендерді басқару үшін басқарушы шешімдерді заманауи есептеуіш құралдары мен әдістерін қолдана алуы тиіс.

Су экожүйелерін басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: көлдерді табиғи және антропогенді эвтрофирлеу саласында белгілі бір маманданған, академиялық және әлеуметтік-жеке құзыретті қалыптастыруға негізделген. Курс гидролог мамандардың деградацияланып жатқан су экожүйелерін қайта қалпына келтіру мен басқару саласында түсінік қалыптастыруға бағытталған міндеттері ерекше өзектілікке ие. Қысқаша мазмұны: - студенттерге табиғи және антропогенді эвтрофирлеу мен оларды тудыру таиғаты жайлы қажетті білімді қалыптастыру; - адамның шаруашылық қызметінің ішкі суқойма (лиминиялық) процесіне әсерін бағалап үйрену; көлдердің экожүйесі жағдайын, олардың деградациялану себебін бағалаудың әдістемелік жолдарын меңгеру; су экожүйелерін қорғау мен қайта-қалпына келтіру жолдары мен әдістері жайлы ілім қалыптастыру; су экожүйелерінің дамуын қарқынды антропогенді процесс жағдайында болжау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс: - су экожүйелерінің негізгі антропогенді эвтрофирлеу факторлары; - табиғи су экожүйелерінің деградациялану процесінің мәні; - табиғи су экожүйелерін қалпына келтірудің негізгі әдістері. Жасай алуы тиіс: - Қазақстан мен шет ел көлдерінің жағдайы бойынша әдебиет, фондтық және статистикалық талдау жүргізу; - көл экожүйелерін қайта қалпына келтірудің оңтайлы нұсқалары мен әдістерін таңдау; - су экожүйелерінің сапалық жағдайы жайлы алған мәліметтерді талдау және сыни ұғыну негізінде дамуын болжау.

Теңіздер мен өзен сағаларының гидрологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: - гидролог студенттерді шеткі және ішкі теңіздерді зерттеу мен қорғаудағы негізгі мәселелермен таныстыру; - меңіздің гидрологиялық тәртібін қалыптастырудаға өзендердің қызметін көрсету; - өзен сағаларында жүретін гидрологиялық процестерге арнайы географиялық нысан ретінде сипаттама беру; - студенттерге өзен сағаларын зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу және теңіз тәртібіне өзеннің әсерін бағалау бойынша практикалық нұсқама беру. Қысқаша мазмұны: кіріспе, теңіздердің гидрологиясы, өзен сағаларының гидрологиясы. Пәнді оқу нәтижесінде маман білуі тиіс: - мұхит (теңіз) суларының физикалық-химиялық қасиеттері мен ерекшеліктері; - мұхиттар мен теңіздерде жүретін негізгі процестер; - теңіз және құрлық суларының әсерлесу аймағындағы жүретін процестердің ерекшеліктері; - мұхит пен теңіздің гидрологиялық тәртібі жайлы бастапқы мәліметті алу принципі; - негізгі теңіз нысандары, олардың жер шарындағы жағдайы (мылқау немесе кіші масштабты карталар бойынша). Студент жасай алуы тиіс: - алынған білімді қажет жағдайда гидрологиялық мәліметті дұрыс түсіндіру үшін қолдануы; - теңіздің гидрологиялық сипаттамалары мен сәйкес географиялық құрылымдарға қажетті есептеулер жүргізу.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Урбандалған аумақтың гидрологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: урбандалған және шектес аумақтардың, өзендер су ағындысы мен су теңдестігі сипаттамалары мен режиміне урбандалудың әсерін, урбандалудың әсерінен гидрологиялық циклдың өзгерістерін оқу. Қысқаша мазмұны: қоршаған орта, су ресурстар және ылғал айналымына урбандалудың әсерін анықтау мен бағалау және әсердің дәрежесі мен шектерін, беттік және грунттық сулардың гидрологиялық режимінің жеке элементтерін есептеу әдістерін қарастыру. Студенттер білуі тиіс: - табиғи үдерістерді құраушы жаһандық және аймақтық өзгерістерін, олардың уақыт пен кеңістікте өзгеру динамикасын, су нысандары режимінің трансформация дәрежесін, урбандалудың әсерінен өзгерістері мен салдарын; - урбандалған аумақтар шегінде су ресурстарын шаруашылық пайдалану; - урбандалған аумақтың су теңдестік элементтері; - су нысандары мен қоршаған ортаға урбандалудың әсерін бағалау әдістерін. Жасай алу тиіс: - урбандалған аумақтардың су теңдестігін құраушысын бағалау жасау; - урбандалған аумақ пен шектелген аудандардың гидроклиматтық сипаттамаларға урбандалудың әсерін бағалау; - урбандалған аумақ арқылы өтетін су нысандары режиміне мен өзен ағындысы сипаттамалары урбандалудың әсерін бағалау жасау; - су нысандарына урбандалудың әсерін төмендету бойынша ұсыныстар беру.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттерге дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігінің мәнін және оны есептеу әдістемелерін түсіндіру, оларды ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі заманда қалыптасқан тенденцияларымен таныстыру. Пән шеңберінде студенттер ұлттық экономикалардың бәсекелік артықшылықтарының жетекші теорияларын зерттейді, Қазақстанның дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оның негізгі бәсекелік артықшылықтарын анықтайды, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалайтын баламалы әдістерді талдайды, мысалы жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексі сияқты.

Фирманың экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты - қазіргі заманның жаһандық және әлемдік нарықта бәсекенің күшейген жағдайында фирмалардың қызмет ету және дамуының жалпы қағидалары жөнінде жүйеленген білім алу. Пәнді оқыту барысында фирма қызмет етуінің экономикалық және құқықтық негіздерін және материалдық-техникалық құрамын, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын зерттеумен байланысты, сонымен бірге еңбек ақының заманауи түрлері мен жүйелері жөнінде түсінік алумен, еңбек өнімділігінің және фирма қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін, өнімнің бағасы құрулуы және фирманың бәсекеге қабілеттігін бағалаудың негіздерін зерттеумен байланысты мәселелерді қарастырады.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экологиялық арнатану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашақ гидрологты қазіргі гидромеханикалық теориямен таныстыру және арна процесінің гидроморфологиялық теориясының негізімен таныстыру Қысқаша мазмұны: Сұйықтың турбуленттік режимдегі қозғалысы, Арна процесінің гидромеханикалық теориясының негізі, Арна процесінің гидроморфологиялық теориясының негізі Пәнді оқу нәтижесінде студенттің: ашық арнадағы турбулентті қозғалыстағы судың физикалық заңдылығын, тасындының қозғалуын, көтерілуін және лайға айналуын; өзен аңғарының әр бөліктерінде жүріп жатқан процестерді және олардың өзен режимінің фазаларымен байланыстылығын; көрсеткен процестерді түсіндіретін әртүрлі теорияларды білулері тиіс және оларды таңдай білуі керек; гидротехникалық процестердің әсерінен болатын өзгерістерді; арналық турбуленттіктің негізгі көрсеткіштерін есептей білуі тиіс; тасындының тізбектеп қозғалуын еске ала отырып тасынды мен түптік шөгінділердің негізгі механикалық және гидравикалық сипаттамаларын есептей білуі қажет. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант істей білуі қажет: ашық турбуленті ағындарды сипатайтын теорияларды тануын; арна өзгерістерін сандық бағалауды; арнайы практикалық міндетер шешу үшін арналық процестер зерттеулер жүргізу.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Гидрометрия пәні бойынша оқу практикасы (көшпелі, далалық)
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение