Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Жерге орналастыру

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - қызмет көрсету саласының бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASIIN v.e. 2014-2019.
Бағдарлама: «5В090300 – Жерге орналастыру».
Оқу деңгейі: Бакалавриат.
Емтихандар: Ұлттық Бірыңғай Тест қорытындысы.
Оқыту түрі: Күндізгі және қашықтықтан оқыту.
Оқу мерзімі: 4 жыл (күндізгі), 2 жыл (қашықтықтан оқыту).
Бакалавр дайындау бағыты бойынша «Жерге орналастыру» кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындайды:
• жерге орналастыру саласының кәсіби қызметі, жер және қалалық кадастр;
• жер ресурстарын басқару және жер нарығы саласындағы мамандарды даярлау, жер және жылжымайтын мүлік бағалаушыларды дайындау;
• ҚР жер ресурстарын басқару Комитетінің «Жер ресурстары мен жерге орналастырудың мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы
• мемлекеттік жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында жерге орналастыру жөніндегі жұмыс және кәсіби қызметі, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарында экономикалық және құқықтық қызметпен айналысу.
Бейінді пәндер:
• геодезия және жерге орналастыру;
• қазіргі геодезиялық құралдар мен жабдықтар;
• фотограмметрия;
• АӨК инвестициялық жобалау,
• шаруашылықаралық жерге орналастыру;
• жерге орналастырудағы ГАЖ және сандық картография;
• жер мониторингі және агроэкология;
• жер ресурстарын пайдалануды болжау, кеңістіктік жоспарлау;
Білім беру артықшылықтары:
• Дәстүрлер сабақтастығы бар байырғы ғылыми мектеп пен жерге орналастырудың дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан ҚР жетекші профессорлары;
• жерге орналастыру саласында білім беру мен толық қызметтер көрсету;
• жер кадастры мен инженер-жерге орналастыру мамандарды даярлаудың ең жақсы базасы, жерге орналастыруды жобалау, экономика және ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру, топырақтану, мелиорация, геодезия, аэрофотогеодезии.
Халықаралық байланыстары:
Зальцбург университетінің ГАЖ және геоинформатика орталығы (Аустрия), Ноттингем, Бирмингем, Глазго, Суррей университеттері (Ұлыбритания), Ролланд (Калифорния, АҚШ), Оңтүстік Коннектикут (АҚШ), Лейбниц елтану институты (Германия), Шығыс Венгрия университеті Венгрия), Лодз университеті (Польша) және т.б.
Іс - тәжірибеден өту орны және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі:
«Казгипроград 1» жобалау институты, ЕМК шаруашылық жүргізу құқығындағы "Садпроект, О.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі Мемлекеттік ауылшаруашылық аэрофотогеодезиялық зерттеулер институты (ГИСХАГИ), Қазақстан қолданбалы экология агенттігі (КАПЭ), Ауыл шаруашылық министірлігі, Облыстық және аудандық әкімшіліктердегі жер бөлімдері.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Жерге орналастыру
Мамандық шифры
5B090300
Факультеті
География және табиғатты пайдалану
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
География
Профильдік пәні
География
Өту балы
ҚАЗ
88
ОРЫС
89

пәндер

Агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру түсінігі мен нысандарын қарастыру, ауыл шаруашылық өндіріс орындарының өндірістік бөлімдері мен негізгі шаруашылық орталықтарының түрлерін көрсету, егін егу алаптарын орналастыруға байланысты талаптарды айқындау. Міндеттері: агроқұрылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын, оның мазмұны мен тәртібін зерттеу; шаруашылық орталықтар мен өндіріс бөлімдерін орналастыруды жүзеге асыру тәртібін анықтау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ауыл шаруашылық өндіріс аумақтарында шаруашылық орталықтар мен өндіріс бөлімдерін орналастыруды білу; қазіргі технологияларды қолдану және техниканы өндірістік пайдалану үшін ұйымдастырушылық-аумақтаық жағдайларды білу; жерді иегру мәдениетін жоғарылатуды, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және ауыл-шаруашылық өндірісті басқаруды білу. Істей білу: әр жер теліміне тиісті қасиеттері: орналасуы, құнарлығы, өсімдігі, ылғалдануы, көлемі және пішініне және т.б. байланысты оларды қолдану бағыты, сипатын және режимін анықтай білу. Меңгеру: ішкі шарауашылық жерге орналастырудағы жобалық шешімдерді негіздеу әдістемелерін меңгеру; өндірістің негізгі элементтерін және жағдайын тепе-теңдікке келтіру және аумақты ұйымдастырудағы тиімді қатынастар амалдарын меңгеру.

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

АӨК-дегі инвестициялық жобалау
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: нарықтық экономика жағдайында жерге орналастырудың теориялық және әдістемелік негізін құру және экономикалық тиімділін бағалауды қарастыру Міндеттері: ұқсас зерттеулер нәтижесі бойынша жерге орналастырудың инвестициялық жобаларын құру; жерлерді инвестикалық тартымдылығы бойынша бағалау және территорияларға зоналау Пәнді оқу барысында студент: Білу: экономикалық ұтымдылықтың критерийлерін есептеу мен оңтайландыру принциптері; Істей білу: инвестикалық цикл үлгісін жасау және дамыту; Меңгеру: аналитическим инструментарием для построения модели жизненного цикла инвестиционного проекта;

Әскери дайындық
  • Кредит саны - 0
  • Бақылау түрі - АБ
  • Сипаттамасы - Әскери дайындық

Геоботаникалық ізденістер
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Геодезия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді топографиялық-геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлерін ұйымдастыру мен жасау бағытында теориялық және практикалық дайындау. Міндеттері: ізденіс, геодезиялық өлшеулер кезінде іске асырылатын геодезиялық жұмыстар кешені бойынша басты дағдылар қалыптастыру, топографиялық-геодезиялық жұмыстар өндірісі кезіндегі қажетті теориялық және практикалық білімдерді қалыптастыру Пәнді оқу барысында студент: Білу: геодезиядағы басты түсініктер мен ұғымдар, геоедезиялық координата жүйесі мен биіктік координатасы; Істей білу: геоедзиялық түсірістер мен топографиялық түсірістар нәтижесін өңдеу және топопландар мен географиялық жоспарлар, мекен кескінін құру. Меңгеру: геоедезиялық құралдарды рәсімдеу, журанлдар толтыруды, бақылау кестесін құруды игеру

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Егіншіліктің бейімделген-ландшафттық жүйесі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ауыл шаруашылығы экономикасының теориялық білімдерін, ауыл шаруашылық өндіріс дамуының маңызды экономикалық көрсеткіштерін есептеу әдістерін және оның тиімділігін арттыруды үйрету. Міндеттері: жүйелік нысан ретінде экономика салалары туралы түсінік қалыптастыру; АӨК салаларының экономикалық көрсеткіштерін есептеу мен бағалау әдістемелерін үйренуге дайындау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ауыл шаруашылық өндірістің техникалық-өндірістік ерекшеліктерін қолданудың әдістемелік амалдары мен ұстанымдарын білу; Істей білу: аграномияда инновациялық технологияларды қолданудың әдістемелері мен ұйымдастыру ұстанымдарын қолдануды игеру.

Елді мекендерді жоспарлау және жер-шаруашылық ұйымдастыру
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: елді мекендерді жер-шаруашылық жабдықтау мен жоспарлау ұстанымдарын айқындау. Міндеттері: елді мекендердің пайда болу ерекшеліктерін айқындау; жерге салық салу мен жалға алу төлемдерін салу үшін жердің орналасу орнына байланысты сандық және сапалық ақпаратын дайындау, қалалар аумақтарын инженерлік дайындау үшін ұсыныстар жасау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: құрылыс аймақтарының кадастрын жүргізу жүйесіне кіретін мекемелері мен ұйымдарының құрылымын білу; Істей білу: қала мен елді мекендер жерлерін пайдалануды жоспарлауды жүргізуді игеру;шаруашылық орталықтар мен өндіріс бөлімдерін дұрыс орналастыруды игеру Меңгеру: қала мен елді-мекендер кадастрын жүргізу әдістемелерін меңгеру.

Жер мелиорациясы және агрохимия негіздерімен
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жер мониторингі және агроэкология
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жерге орналастыру жұмыстарының менеджменті
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жерге орналастыру менеджментін құру мәселелері, және де шаруашылықты нарықтық жағдайда жүргізуде өндіріс пен ұйымдардың басқармашылық мүмкіндіктерін іске асыруды зерттеу. Міндеттері: жерге орналастыру мен кадастр жұмыстарының менеджментін басқарудың практикасы мен өнерінің ғылымы ретінде қарастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: нарықтық жағдайда жүргізілетін өндіріс пен ұйымдардың басқармашылық мүмкіндіктерін білу; Істей білу: басқару менеджментінің амалдары мен біліктер жиынтығын қодана білу; Меңгеру: ғылым мен практикада жерге орналастыру мен кадастр жұмыстарының менеджментін пайдалануды меңгеру.

Жерге орналастыру негізі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: түсініктерді меңгеру, теоретикалық жағдайлар, негізгі әдістер мен жерге орналастыруды жүргізу технологияларын орындау және олардың нәтижелерін кадастрды жүргізу барысында қолдану, студенттерді қазіргі тандағы аспаптар мен құрал – жабдықтармен таныстыру. Міндеттері: жерге орналастырудың негізгі бағыттарын зерттеу, жер қатарлары мен жер қатынастары туралы түсінік, жер ресурстарын үйлестірудің түрлері, жерді пайдаланудың рационалды, толық және эффективті түсініктері; қазіргі тандағы геодезиялық аспаптармен жұмыс жасау икемдігін ұластыру, тексерістерді жүргізе білу және геодезиялық аспаптарды іріктеу, құрал – жабдықтар мен аспаптарды түздік жұмыстарына, сақтауға және тасымалдауға дайындау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер қатынастары және олардың ҚР аймақтарының әртүрлі тарихи кезеңдегі дамуы; ҚР жер ресурстары, оларды алқаптар мен категориялары бойынша қоныстандыру; жердің құрылымы, табиғи ресурс, жылжымайтын мүліктер, жалпы өндіріс өнімдері мен басты ауыл шаруашылық өндірісі ретінде; меншік формалары мен жерге ауыл шаруашылықтану формалары; ҚР және басқа да елдердегі жерді пайдалану және жер иеленудің түрлері мен формалары; Істей білу: жерге орналастыру және жер кадастры пәнінің қолданбалы зерттеу барысында әдіснама, терминология, міндет және мақсаттар мен мазмұндар, жерге орналастыру мен жер кадастры принциптері білімдерін пайдалануды үйрену; Меңгеру: әртүрлі жер пайдаланушылықта, есептеуде, тіркеуде және жерді бағалауда сондай ақ олардың ішкі шаруашылықты ұйымдастыруында, белгілі бір әдісті қолдануда нұсқалық шешімдер қабылдай білуді меңгеру.

Жерге орналастырудағы ГАЖ және сандық картография
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: геоинформатиканың негізгі түсініктерін көрсету, геоақпараттық жүйелердің қызмет ету ұстанымдарын және оларды қолданудың нақты мысалдарын көрсету. Міндеттері: геоақпараттық жүйелердің жалпы сипаты, ГАЖ-ды қолданудың нақты мысалдары, ГАЖ-технологиялар, амалдар мен дағдылар арқылы талдамалық сұрақтарды шешу қарастырылады. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер-кадастрлық жобалаудағы ГАЖ және басқармашылық мүмкіндіктерді білу; Істей білу: ГАЖ базасында жерге аймақтық және жергілікті мониторингісін жүргізуді ұйымдастыру ұстанымдарын игеру; Меңгеру: геоақпараттық жүйелердің негізгі бағыттары мен амалдарын меңгеру.

Жерге орналастырудағы геоақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге қазіргі арақашықтықтан зерделеу мәліметтерінен картографиялау мақсатында жер беті нысандарының, табиғи үрдістердің және құбылыстардың сандық мағұлматтарын алудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын беру. Міндеттер: студенттерге түсірілетін нысандардың перспективті суреттерінің қасиеттерін зерттеуге, әуә суреттер мен жер беті фототеодолиттік түсірілістердің бағытталу элементерін табуды, фотограмметриялық құралдардың әні мен құрылысын, стереоқос әуесурттерін өңдеуді үйрету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: аэрофототүсіріс процессін; аэро фото аппарат пен аэрофотоқондырғы жайлы; түсіріс түрлері мен масштабтарын; түсіріс параметрлерін білу Істей білу: аэрофото түсіріс матераилының сапасың бағалай алу керек; монтаж жасай алу керек; түсіріс параметрлерін білу керек. Меңгеру: топографиялық аэротүсіріс тхниалық құралдарын; аэротүсірістерді монтаждау; фотоплан мен фотосхема жасау технологиясын меңгеру.

Жерге орналастырудағы геодезия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кадастрлық жұмыстарды орындауда пайдаланылатын геодезиялық әдістер туралы білім беру және студенттерді жер кадастрын, жерге орналастыруды және елді-мекендерді жоспарлау мен құруды жүргізу жұмыстарын жасауда қазіргі геодезиялық құралдарды қолдануды үйрету. Міндеттері: геодезияның тарихи этаптарын және басқа ғылыми байланыстарын көрсету, жер қорын ұтымды пайдалану міндеттерін шешуде геодезиялық рөлін ашу, жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық қызмет орны, топографиялық жоспарлар мен карталарды пайдалана алу, сондай-ақ, ғарыштық және әуә суреттер материалдарымен жұмыс жасау, далалық және камеральдық кезеңдегі геодезиялық жұмыстарды білу, ғылыми-зерттеу және геодезиялық ізденістік жұмыстарды атқару үшін ғылыми-техникалық ақпараттарды іздестіру және талдау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: топографиялық-геодезиялық ізденістердегі геодезиялық жұмыстар құрамы мен техникасын, жерлерді бөлу мен жобалық нүктелерді жергілікті жерге көшіре алуды білу; жерге орналастыру практикасында көп кездесетін типтік инженерлік-геодезиялық топсырмаларды, олардың геометриялық мәнін шешу негізгі талаптарын білу. Істей білу: топографиялық мәліметтерді қолдану, топографиялық картаны еркін оқи алу, топографиялық-геодезиялық ізденістерді жүргізумен байланысты геодезиялық есептеулерді өзінше атқара алу, топопланды жасау мен түзетулер енгізу, жерлерді бөлу мен жобалық нүктелерді жергілікті жерге көшіру және де басқада топографиялық ақпараттарды әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық міндеттерді шешу үшіндайын жоспарлық-картографиялық материалдарды қолдана білу. Меңгеру: жерге орналастырушылық жұмыстарды жасаудағы инженерлік-геодезиялық әдістерді меңгеру.

Жерге орналастырудағы және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әртүрлі амалдар арқылы жоғалған межелік белгілерді қайта қалпына келтіру үшін геодезиялық мәліметтерді дайындау жұмыстарын үйрету, сызықтық және бұрыштық өлшемдердің нақтылығын анықтау қажеттіліктерін анқытау. Міндеттері: жерлердің шекаралық нүктелері мен аудандарының орны туралы ақпарат сияқты мәліметтерге негізделетін жылжымайтын мүлік кадастры мен жерге орналастыру көптеген міндеттерін, жергілікті жерде және топографиялық карталарда сәйкесінше геодезиялық өлшеулер жүргізуді зерттеу. Жерге орналастыру және кадастр мақсаты үшін жасалынатын геодезиялық жұмыстар өлшеуді жүргізу мен оларды өңдеу әдістері өзгеруімен және айқындалған ерекшеліктерімен сипатталады. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жоспарлы-картографиялық деректердің сапасына қойылатын талапты; жерге орналастыру жұмыстарындағы зерттеу проектілерінің техникалық құралдарын, оның жұмыстың сапасына әсерін, әдістерін білуі керек, түсірілімнің ерекшелігіе және жердің қолданылған шекарасын қалпына келтіруді; жердің қолданылған аумақ санын есептей білу; жерге орналастыру проектілерінің мазмұнын білу; жинақылық және проектілерді өңдеу әдістерін және олардың ерекшеліктерін білу. Істей білу: әртүрлі мақсаттағы әдістерді орнатуды, жерге орналастыру жұмыстарының іздестіру проектілеріне қатысты геодезиялық әрекеттің орындалуының әдіс-айлаларын, жоспарлы-картографиялық деректердің сапасын, және геодезиялық жұмыстардың орындалуын есепке ала отырып, оның соңғы қорытындысына әсерін бағалай білуі керек; жергее орналастыру проектілерін дайындау; проектілік ұсынылған шешімдерді есепке алуы керек; керекті проектілік документтерді толтыра білуі керек; заманауи техникаларды білуі жен жерге орналастыру проектілеріндегі технологиялар мен проектілерді шешу әдістерін қолдана білу. Меңгеру: геодезиялық деректерді дайындауда әртүрлі әдістерді қолдана отырып, оларды проектілерді жасауда техникалық құралдарды қолдану дағдыларын меңгеру

Жерге орналастырудың теориялық негіздері (V)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жерге орналастырудағы өндірістік үрдістің басты және ең қиын бөлігі - жобалаудың әдістемесін үйретеді, теориялық және практикалық дағдылар қалыптастырады. Міндеттер: жерге орналастырудың әдістемелік негіздемелеріне сүйене қазіргі жер-құқықтық қатынастарды ескере Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи жағдайларына қолданыла алатын жер-кадастрлық құжаттар негізінде шаруааралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру әдістемелерін құруды және негіздеуді зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерге орналастыруды жобалау ұстанымдарын, жобалардың жіктемесін, жерге орналастыру жобаларының мазмұнын, жобалық шешімдердің экономикалық тиімділік түсініктерін, жерге орналастыру құжаттарының құрамын білу. Істей білу: жерге орналастыру жобаларын құру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу; аумақты ұйымдастыру бойынша жобалық шешімдерді құру және негіздеу; жерге орналастыру жобалары үшін текстік және графикалық құжаттарды жинақтау және рәсімдеуді игеру. Меңгеру: шаруааралық жерге орналастыру жобаларын құру әдістемесін, жерді пайдалану мен жерге иелік етуді қйымдастыру амалдарын, әртүрлі мақсаттағы жер пайдалануды жобалау ерекшеліктерін меңгеру; ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын құру әдістерін, жерлерді трансформациялау және жақсарту бағыттарын, ауыл шаруашылық жерлердің аумақтарын ұйымдастыру амалдарын меңгеру.

Кадастр негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге мемлекеттік жер кадасры туралы теориялық және практикалық білім беру, негізгі жер кадастрлық жұмыстарды жүргізу әдістемелерін үйрету, мемлкеттік жер кадастрының әртүрлі блоктары мен бөлімдерін жүргізу туралы практикалық дағдылар қалыптастыру. Міндеттер: жоспарлау, игеру, құрылыс жүргізу, қоршаған ортаны қорғау секілді зерттеу, ізденістік, қолданысқа кіргізу жұмыстарын жүргізу, жерге орналастыру мен жер кадастры ұстанымдарын практикалық міндеттерді шешу үшін білім беру міндеттерін көрсету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерге орналастыру мен табиғи ресурстар кадастрын жүргізудің қазіргі әдістеру мен әдістемелері, негізгі түсініктері мен ұғымдарын білу, сондай-ақ жер ресурстар кадастры мен жылжымайтын мүлік кадастрын білу; республиканың табиғи территориялық-кешендерін, аумақтары мен табиғи-шаруашылық аудандарын білу; карталар, кестелер мен сызбалар, кескіндер мен қималарды рәсімдеу әдістерін білу; Істей білу: жасаған жұмысты бағалай алу, оларды кесте, графика, диаграммалармен рәсімдеуді қолдану, жобалау дағдыоаны қолдана алу және кадастрлық тіркеу және жерлерді зерттеудің математикалық-статистикалық әдістерін игеру; адамның шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға деген әсері және республиканың жер ресурстарының бағалығы мен құнарлығын сақтау; Меңгеру: жер қатынастарын реттеудің ғылыми әдістерін, жер ресурстарын мемлкеттік тіркеу мен есепке алу әдістерін меңгеру.

Кадастрлық жұмыстарды жүргізудің автоматтандырылған технологиялары
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: аумақты ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді игеру, оның жерге орналастыру жүйесіндегі орны, аймақтық шаралар кешенін ескергендегі жерге орналастыру жобаларын құру мазмұны, әдістері мен ұстанымдары қарастырылады. Міндеттері: ақпараттық технологиялар арқылы шаруааралық жерге орналастыру жобаларын құрастыру қағидаларын игерту, шаруааралық жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін анықтау, жерді пайдалану мен жерге иелік етуді ұйымдастыру жоспарларын құру, әртүрлі мақсатты бағыттағы жерді пайдалануды жобалау ерекшеліктерін айқындау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: мемлекеттік кадастр міндеттерін, мәнін, мазмұны мен ұстанымдарын білу; жобалық шешімдердің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тиімділіктерін білу. Істей білу: кадастрды жүргізуде ұйымдастыру жұмыстарын қарастыра білуді игеру. Меңгеру: ауыл шаруашлық өндірістердің жерді пайдалану мен жерге иелік етуді жетілдіру әдістемелерін меңгеру.

Картография және топография негіздерімен
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге географиялық карта және басқа картографиялық щығармалар, оларды ғылыми және практикалық жұмыста құру, қолдану мен зерттеу жөнінде білім беру. Міндеттері: жалпы географиялық және тематикалық карталарды классикалық және заманауи әдістермен құруды, картометрикалық, морфометрикалық және басқа да географиялық объекттерді алу мақсатымен картографиялық шығармаларды тиімді қолдануды үйрету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: картографиялық туындылардың негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері, олардың жіктелуі; карталардың масштабына, тағайындалуына, тақырыбына, аймақты қамтуына және т.б. байланысты әртүрлі картографиялық жобалауларды пайдалана отырып, жазықтықтағы Жердің сфералық бетін сипаттау ерекшеліктері; масштабы, тағайындалуы, тақырыбы, картографияланатын аймақтың ерекщеліктері және т.б. бойынша карталарды салыстыру кезінде өткізілетін картографиялық жалпылау ерекшеліктері; маңызды картографиялық туындылар, библиографиялық туындылар. Істей білу: игерген білімді картографиялық жобалаулардың қажетті масштабтарды, құбылыстарды, жалпылау принциптерін сипаттау әдістерін таңдау және карталар мен атластарды құру кезінде жалпылау үшін қолдану; Меңгеру: географиялық карталардың өрістік және камералы құру әдістемесін меңгеру, алынған білімдерді картографияланатын обьектілер мен құбылыстардың арасындағы географиялық заңдылықтарды, өзара байланыстарын және өзара тәуелділіктерін енгізу үшін қолдану, дұрыс болжамдар жасау.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан Республикасындағы аймақтық жерге орналастыру
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге теоретикалық және тәжірибелік білім беруді, жерге орналастыру өндірісінің ең қиын процесі – ҚР аймақтарының ерекшеліктерін жобалауды үйрете біледі. Міндеттері: жерге орналастырудың негізгі әдістеріне жүгіне отырып, Республикадағы жер реформасы мен Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи жағдайларында қолданылатын жерге орналастырудың ішкі шаруашылықты жобалауды құрастырудың әдісін меңгеруі тиіс. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ҚР әртүрлі аймақтарында жерге орналастыру шараларын жүргізу ерекшеліктерін білу; жерге орналастыру агроформалау бойынша шаруашылық аралық және шаруашылық ішілік принциптер, жерге орналастыру агроформалау жобаларының мазмұнын классификациялау, жобалық шешім қабылдауда экономикалық тиімдігін анықтау, жерге орналастыру құжаттарын дайындау; Істей білу: жер ресурстарын тиімді пайдалану негіздері туралы білімдерді іс жүзінде пайдала алу; әртүрлі аудандар бойынша жерге орналастыру агроформаларының жобаларын құрастыруға дайындық жұмыстарын жүргізу; жобаның мәтіндік және графикалық құжаттарын құрастырып және рәсімдей білулері керек. Меңгеру: жерге орналастыру агроформалау жобасының азық-түліктік бөлімі мен шаруашылық орталықтары бойынша талаптарының әдістерін құрастыру, алқаптың жобалық құрамының қағидасын орнату, трансформацияның негізі бағыттары және алқаптардың жақсаруы, ауыл шаруашылық алқаптар территориясын ұйымдастыру әдістерін меңгеру.

Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат: Қазақстанның географиялық ортасы, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуын анықтайтын, табиғи-экономикалық берілістері мен тарихи шарттары көрсетіледі. Оның қазіргі заманғы экономикалық және социальды түрде, үлкен потенциалы, және де ары қарай дамудағы жағдайы мен жетістіктері, ТМД-дағы және әлемдік бірлестіктегі Қазақстанның орны мен еңбек бөлісіндегі оның халықаралық рөлі қарастырылған. Әрбір бес экономикалық ауданына мінездеме берілген, және оның ерекшеліктері көрсетілген. Міндеттер: ПТК мен ТПК тұратын күрделі құрылымдық кешен ретінде Қазақстан Республикасының экономикасы мен табиғатына түпкілікті анализ беру; ТПК және табиғи комплекстердің жүйелері мен мәндерін зерттеу, елдің жеке аумақтарының экономикалық географиялық негіздерін уйрену. Пәнді оқу барысында студент: Білу: Қазақстанның экономикалық географиясының негізгі мәні мен мағынасын, қазіргі заманғы әдісі мен әдістемелерін;Қазақстанның табиғи-аумақтық кешендерін; экономикалық-географиялық зерттеу әдісін; Қазақстан картасындағы экономикалық-географиялық нысандарды (номенклатурасын) білу; Істей білу: жұмыс нәтижесін бағалау, алған білім негізінде және статистикалық әдістер арқылы алынған кескіндер, диаграммалар, сызбалар, кестелер жасауды; қоршаған ортаның адамның шаруашылық жағдайы мен денсаулығына әсерін; аумақтардың экономикалық және әлеуметтік өзара байланысын аша білу. Меңгеру: статистикалық әдістер негізінде жұмыс нәтижесін құрастыру, диаграммаларды, графиктерді, профильдерді, таблицаларды жасау дағдыларын меңгеру.

Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат: Қазақстанның географиялық ортасы, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуын анықтайтын, табиғи-экономикалық берілістері мен тарихи шарттары көрсетіледі. Оның қазіргі заманғы экономикалық және социальды түрде, үлкен потенциалы, және де ары қарай дамудағы жағдайы мен жетістіктері, ТМД-дағы және әлемдік бірлестіктегі Қазақстанның орны мен еңбек бөлісіндегі оның халықаралық рөлі қарастырылған. Әрбір бес экономикалық ауданына мінездеме берілген, және оның ерекшеліктері көрсетілген. Міндеттер: ПТК мен ТПК тұратын күрделі құрылымдық кешен ретінде Қазақстан Республикасының экономикасы мен табиғатына түпкілікті анализ беру; ТПК және табиғи комплекстердің жүйелері мен мәндерін зерттеу, елдің жеке аумақтарының экономикалық географиялық негіздерін уйрену. Пәнді оқу барысында студент: Білу: Қазақстанның экономикалық географиясының негізгі мәні мен мағынасын, қазіргі заманғы әдісі мен әдістемелерін;Қазақстанның табиғи-аумақтық кешендерін; экономикалық-географиялық зерттеу әдісін; Қазақстан картасындағы экономикалық-географиялық нысандарды (номенклатурасын) білу; Істей білу: жұмыс нәтижесін бағалау, алған білім негізінде және статистикалық әдістер арқылы алынған кескіндер, диаграммалар, сызбалар, кестелер жасауды; қоршаған ортаның адамның шаруашылық жағдайы мен денсаулығына әсерін; аумақтардың экономикалық және әлеуметтік өзара байланысын аша білу. Меңгеру: статистикалық әдістер негізінде жұмыс нәтижесін құрастыру, диаграммаларды, графиктерді, профильдерді, таблицаларды жасау дағдыларын меңгеру.

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы (V)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсат: Қазақстанның географиялық ортасы, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуын анықтайтын, табиғи-экономикалық берілістері мен тарихи шарттары көрсетіледі. Оның қазіргі заманғы экономикалық және социальды түрде, үлкен потенциалы, және де ары қарай дамудағы жағдайы мен жетістіктері, ТМД-дағы және әлемдік бірлестіктегі Қазақстанның орны мен еңбек бөлісіндегі оның халықаралық рөлі қарастырылған. Әрбір бес экономикалық ауданына мінездеме берілген, және оның ерекшеліктері көрсетілген. Міндеттер: ПТК мен ТПК тұратын күрделі құрылымдық кешен ретінде Қазақстан Республикасының экономикасы мен табиғатына түпкілікті анализ беру; ТПК және табиғи комплекстердің жүйелері мен мәндерін зерттеу, елдің жеке аумақтарының экономикалық географиялық негіздерін уйрену. Пәнді оқу барысында студент: Білу: Қазақстанның экономикалық географиясының негізгі мәні мен мағынасын, қазіргі заманғы әдісі мен әдістемелерін;Қазақстанның табиғи-аумақтық кешендерін; экономикалық-географиялық зерттеу әдісін; Қазақстан картасындағы экономикалық-географиялық нысандарды (номенклатурасын) білу; Істей білу: жұмыс нәтижесін бағалау, алған білім негізінде және статистикалық әдістер арқылы алынған кескіндер, диаграммалар, сызбалар, кестелер жасауды; қоршаған ортаның адамның шаруашылық жағдайы мен денсаулығына әсерін; аумақтардың экономикалық және әлеуметтік өзара байланысын аша білу. Меңгеру: статистикалық әдістер негізінде жұмыс нәтижесін құрастыру, диаграммаларды, графиктерді, профильдерді, таблицаларды жасау дағдыларын меңгеру.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі геодезиялық құралдар мен жабдықтар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Студент геодезиялық құралдарды қолдана алуы тиіс, әрі ол құралдар мен жабдықтарды сауатты қолдана алып, онымен жергеорналастыру және кадастр саласында әртүрлі мәселерді шеше алуы тиіс. Міндеттері: опкалық, оптика-электрондық системалар теориясын үйрету, заманауи геодезиялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу, құрал жабдықтарды зерттеу әдістерің үйрету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: геодезиялық құралдардың қолдану мақсатын; теодолит, нивелир, тахеометр, дальномер, GPS.т.б құралдардың құрылымын білу керек. Істей білу: құралдардың техникалық документациясын еркін игеріп, олармен жұмыс істей алу керек; құрал жабдықтардың схемасын білу керек, негізгі тексерулер мен зерттеулерді орындай алу керек; геодезиялық құралдарды жасақтаудың техникалық тапсырмаларын құру, қателіктерді жоюды игеру, құрал жабдықтарды тексеру және дәлдемліктерін келтіруді жасау. Меңгеру: электр тахеометрлер, GPS қабылдағыштар, иеженерлік комунникациялық ізденістер жасау құралдарын, инженерлік геодезиялық лицензиялық бағдарламалы компьютерлік техникалар сияқты жаңа құрал жабдықтарды қолдану арқылы топопграфиялық түсірілім және геодезиялық ізденістер жүргізу әдістерін меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Ландшафттық үлгілеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді ландашфттық сәулет нысандарын жобалауда ландашфттық композиция теориясын қолдануды үйрету; жазықтық және көлемдік кеңістіктік жобалауды көрсету, ландашфт және оның компоненттерін тиімді қолдана білу, экологиялық және эстетикалық қасиеттерін есепке алуды үйрету. Міндеттері: аумақтың экологиялық жағдайын талдау мен бағалаудың ландшафттық тәсілдерін зерттеу; нақты территориялардың табиғатын орналастыру мен қорғау жобаларын негіздеу; ауыл шаруашылығын экологиялық ұйымдастыруды игерту. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ландшафттар туралы дәстүрлі және қазіргі түсініктерді және ландашфттардың жүйе ретіндегі қасиеттерін білу; ландашфттардың зерттеу нысандарын, аумақтық дамуыдың табиғи, әлеуметтік және экономикалық факторларының өзарабайланысының жүйелік үлгідерін білу Істей білу: алған білімдерін жүйелеу; жоспардағы нысандардың ақпараттық базасын құру;жоспарлау негізі ретінде ГАЖ-технологияларын қолдану; ландашфттық жобалардың нысандарға байланысты әртүрлі үлгілерін құру. Меңгеру: қала құрылысы іс-әрекетін реттеу дағдыларын және қалаларды экологиялық жабдықтауды меңгеру; ландашфттық негізде орманщылық және орманды пайдалануды меңгеру; туризм және рекреация сферасында ландшафттық жоспарлау әдістерін меңгеру.

Мамандыққа кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: «Мамандыққа кіріспе» курсының теориялық материалдарын деректі физикалық құбылыстарды талдауға қолдануды үйрену. Қажетті ядролық физикадағы шамаларды өлшеуді үйрену, қазіргі физиканың жетістіктерімен танысу. Мазмұны: «Мамандыққа кіріспе» курсы жалпы физиканың қосымша бөлігі болғандықтан, физика курсында оқытылатын физикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуге көмектесу, ядролық физикадағы тәжірибе жүргізудің қарапайым әдістерін үйрету. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Физикалық шамаларды өлшеудің негізгі әдістерін, тәжірибелік нәтижелерді статистикалық өңдеудің әдістерін; Пайдалана білуі керек: Өлшеу приборларын және тәжірибелік қондырғыларды; Дағдылану керек: Ядролық физикадағы шамаларды өлшеуге арналған приборларға, алынған нәтижелерді ұқыпты өңдеу, талдау және бағалауға;

Топырақтану
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты – студенттерді қазіргі экологиялық топырақтану саласының негізгі теориялық түсініктермен таныстыру, топырақ жабынының генезисі мен эволюциясы туралы жалпы түсінікті, нақты тарихи кезеңдердегі табиғи-тарихи нысандар жайында ғылыми көзқарасты, педосфера ғылымының даму жолдарының мүмкіндіктері жөнінде білімді қалыптастыру. Курстың міндеттері: торпырақ жабынын зерттеудің ғылыми әдістерін үйрену; жаңа экологиялық топырақтанудың негізгі заңдарын меңгеру; студенттердің топырақ экологиясына қатысты жаратылыстану ғылымдарынан алған шашыраңқы білімін жүйелі біріктіру; жаратылыстанушылық дүниетаным мен табиғатты пайдалануда қорғаушылық көзқарасты қалыптастыру. Курстың мазмұны: Топырақтың экологиялық, биоценотикалық, биогесфералық функциялары. Топырақ пен өсімдіктің физикалық қасиеттері. Топырақтың гранулометриялық құрамы мен жылулық қасиеті, топырақтың ұйымдасу деңгейі, элементар топырақ бөлшектеріне сай қасиеттері; өсімдіктің шектеуші және өнімділігін реттеуші топырақтың сулы режимі; топырақтың тұздануы, карбонаттануы, саздануы, топырақтану процесіндегі өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар;топырақтағы тотығу-тотықсыздану процесі; геоэкожүйенің тұрақты тіршілігінің шарты; органикалық заттар мен элементтердің ең маңызды биогеохимиялық айналымдарының бұзылуына байланысты қазіргі топырақ жабынының күйі. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: - қазіргі экологиялық топырақтанудың іргелі негіздерін; қазіргі экологиялық топырақтанудың басты жетістіктері мен болашақтағы даму мүмкіндіктерін; экологиялық факторлар және олардың жіктелуі; сыртқы фактордың әсеріне топырақ және топырақ жабынының флорасы мен фаунасы рекциясының заңдылықтарын, топырақтың экологиялық ролі, қасиеті мен функциясын; топырақтың ластануы мен антропогенді деградациясын, сонымен қатар биосфераның маңызды компоненттері бірі ретінде топырақтың қорғауын, сақтауын және қалпына келтіруін білуі тиіс. - Адам өміріндегі экологиялық фактор өнімділікті топырақтың басты қасиеттері ретінде анықтап, қарастыруды қолдана алуы керек. Өсімдіктің және жануарлардың негізгі экологиялық үлгісін анықтауда және олардың топыраққа қатысты негізгі сипаттарына байланысты материалдармен жұмыс істей алуды, конспектілеу дағдысын, текстті жеке өзбетінше сараптауды және топтық пікіралмасуды меңгеруі тиіс.

Учаскелік жерге орналастыру
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студентке жерге орналастыру өндірісінің үрдісіндегі ең қиынжәне негізгі бөлігі – жобалау әдістемелрі туралы теориялық және практиалық білімдер беру. Міндеттері: телімдік жерге орналастыру ұстанымдарын үйрету, жобаларды жіктеу және мазмұнын қарастыру, жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін анықтау, телімдік жерге орналастыру құжаттарының құрамын зерттеу, жерді пайдалану мен жерді иеленуді ұйымдастыру амалдарын зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ауыл шаруашылық өндіріс орындарын экономикалық негіздеуді білу; өндіріс (ұйым, мекеме), елді мекен, аудан, облыс, республика, ел жер кадастрын жүргізу мазмұны мен кезегін білу; Істей білу: жер телімдері мен жылжымайтын мүліктер нысанын алғашқы есепке алу, жерлерді есепке алу үшін мәліметтерді жинай алуды игеру; Меңгеру: ауыл шаруашылық жерлерде өзгерістерді талдау әдістері мен ұстанымдарын және оны құру кезегін меңгеру.

Фотограмметрия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге қазіргі арақашықтықтан зерделеу мәліметтерінен картографиялау мақсатында жер беті нысандарының, табиғи үрдістердің және құбылыстардың сандық мағұлматтарын алудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын беру. Міндеттер: студенттерге түсірілетін нысандардың перспективті суреттерінің қасиеттерін зерттеуге, әуә суреттер мен жер беті фототеодолиттік түсірілістердің бағытталу элементерін табуды, фотограмметриялық құралдардың әні мен құрылысын, стереоқос әуесурттерін өңдеуді үйрету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: аэрофототүсіріс процессін; аэро фото аппарат пен аэрофотоқондырғы жайлы; түсіріс түрлері мен масштабтарын; түсіріс параметрлерін білу Істей білу: аэрофото түсіріс матераилының сапасың бағалай алу керек; монтаж жасай алу керек; түсіріс параметрлерін білу керек. Меңгеру: топографиялық аэротүсіріс тхниалық құралдарын; аэротүсірістерді монтаждау; фотоплан мен фотосхема жасау технологиясын меңгеру.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студентке жерге орналастыру өндірісінің үрдісіндегі ең қиынжәне негізгі бөлігі – жобалау әдістемелрі туралы теориялық және практиалық білімдер беру. Міндеттері: шаруааралық жерге орналастыру ұстанымдарын үйрету, шаруаарлық жерге орналастыру жобаларын жіктеу және мазмұнын қарастыру, жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін анықтау, шаруааралық жерге орналастыру құжаттарының құрамын зерттеу, шаруаарлық жерге орналастыру жобаларын құру әдістерін көрсету, әртүрлі мақсаттағы жерді пайдалануды жобалау ерекшеліктерін зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын құру әдістемесін, жерді пайдалану және жерді иелену аумақтарын ұйымдастыру амалдарын, әртүрлі мақсаттағы жер пайдалану жобаларын құрудағы ерекшеліктерді білу. Істей білу: жерге орналастыру жобаларын құру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу. Меңгеру: жер телімдерін бөлу үрдісін, оның жобасын құру әдістемесін меңгеру; шаруааралық жерге орналастыру негізгі ережелерін және жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру жұмыстарын меңгеру.

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Экономиканың аграрлық секторын дамытуды жоспарлау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ұлттық экономиканы аумақтық ұйымдастыру жүйесінде ауыл шаруашылық өндіріс негіздері мен түсініктер жүйесімен таныстыру. Міндеттері: ауыл шаруашылық өндірісті аумақтық ұйымдастыру негізгі формаларымен таныстыру, іс-әрекеттің алдыңғы қатарлы түрлерінің (ауыл шаруашылық салалар) қазіргі технологияларын көрсету; ғаламдану жағдайында қалыптасқан ғылыми мәселелермен таныстыру; өндіріс пен халықты орналастыру динамикасының техникалық-экономикалық және кеңістіктік-уақыттық ерекшеліктері арасындағы өзара байланыстарды зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: өндірісті жоспарлау мен орналастыру ұстанымдарын, тиімділікті арттыру факторларын білу; Істей білу: ауыл шаруашылық өнеркәсіптердің өндірістік әрекетінің нәтижесін талдауды игеру; Меңгеру: ауыл шаруашылық өндіріс орындарын ұйымдастырушылық-шаруашылық жоспарларының жобаларын жасауды меңгеру;

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Scientific Writing
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Scientific Writing.
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Аудан аумағының инженерлік инфрақұрылымы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инженерлік жабдықтау элементтерін орналастыру мен жобалау және аумақты инженерлік жабдықтау бойынша теориялық және практикалық білім беру. Міндеттері: жобалаудың негізгі түсініктерін, әдістерін, құрылыс негіздері мен техникалық регламенттерін және аумақты инженерлік жабдықтау нысандарын эксплуатациялауды зерттейді; инженерлік-транспорттық инфрақұрылым нысандарын жобалау, құрылыс жүргізу және эксплуатациялаумен байланысты міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологиялардың бағдарламалары мен техникалық құралдарын пайдалану. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ауданда жол торын тиімді орналастыру бағыттарын техникалық-экономикалық талдауды білу; құрылыс мақсатында аумақты инженерлік жабдықтау талаптарын білу; Істей білу: елді мекендер рекреациялық аумақтарын жобалауды игеру; елді мекендерде су және энергия тұтыну көлемдерін анықтауды игеру; Меңгеру: аумақты тік орналастыру ұстанымдары мен әдістерін меңгеру; сыртқы магистральды торларды орналастыру мен жолды тарту және олар үшін жер бөлу амалдары мен әдістерін меңгеру.

Аумақты жоспарлау, құру және елді мекендер кадастры
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Аумақты мемлекеттік басқару жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ауылшаруашылық және далалық топографиялық дешифрлеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ауылшаруашылық жерлер жағдайы мен өзгерістері туралы тақырыптық ақпараттар алуда аэроғарыштық суреттерді қолдану білімін, теориясын және технологиясын қалыптастыру Міндеттері: байжайлаудың бар әдістемелік амалдарын зерттеу және алынған нәтижелер нақтылығын бағалау Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер жағдайы туралы аэроғарыштық кеңістіктік ақпаратты өңдеу технологиясы мен әдістері Істеу білу: ғылыми-практикалық іс әрекетте танымның картографиялық әдістерін қолдану Меңгеру: автоматтандырылған байжайлау әдістерін игеру, автоматтандырылған классификация әдістерін игеру

Ауылшаруашылық жерлерді түгендеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді түгендеу мен есепке алуды жүргізудің практикалық дағдылары мен теориялық білімдерін қалыптастыру. Міндеттері: мемлекеттік кадастр мен жерлерді түгендеу жұмыстарының негізгі ережелерін зерттеу; түгендеу кезінде алынған нәтижелерді алу, өңдеу мен қолдану әдістерін қарастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: түгендеуді жүргізудің басты қағидалары мен әдістерін білу; Істей білу: әртүрлі әкімшілік-аумақтық деңгейдегі территорияларды жоспарлау жоба құжаттарын жасау; кадастрлық паспорт пен түгендеу құжаттарын толтыру. Меңгеру: жылжымайтын мүлік нысандарын түгендеу бойынша жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру қабілеттерін меңгеру.

Аэротүсіріс және сандық картография негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жер-кадастрлық және арнайы тақырыптық картографиялық ақпараттарды кодтаудың негізгі қағидалары туралы жалпы және арнайы білім беру, ғарыштық суреттерді және аэрофототүсірістерді камералдық өңдеу әдістемелік және практикалық дағдыларын қалыптастыру. Міндетері: сандық карталарды құрудың техникалық амалдарын үйрету, картографиялық ақпаратты сандыққа ауыстыру әдістерін негіздеу және таңдауды үйрету; топографиялық және тақырыптық карталарды жаңалауда аэроғарыштық түсірістерді қолдануды үйрету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: аэроғарыштық суреттердің қасиеті мен факторлары, оларды анықтауыш байжайлау нысан белгілері, байжайлаудың және нәтиже нақтылығын бағалаудың әдістемелік амалдары; Істей білу: сандық топографиялық карталарда берілген ақпараттарды орындылықпен түсіндіру; Меңгеру: арақашықтықтан зерделеу және стереофотограмметриялық өлшеулер мәліметтерін өңдеу дағдысын игеру

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Әртүрлі категориялы жерлерді территориялық жоспарлау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: аумақты тиімді басқару мен пайдалану мақсатында аумақтық болжау және жоспарлау теориялық және әдістемелік негіздерін игеру. Міндеттер: жалпы мемлекеттік жоспарлаудың пәні, нысаны, мақсаты мен міндеттері қарастырылып, жоспарлау әдістемелері, әдістері мен үлгілері зерттеледі, болжау және оның жоспарлаумен байланысы, табиғатты пайдалану, табиғатты пайдалануды жоспарлау түсініктері қалыптасады. Пәнді оқу барысында студент: Білу: елді мекендердің құрама бөліктері мен элементтерін (экономикалық, санитарлық-гигиеналық, құрылыс-техникалық, сәулет-жоспарлау) білу; жер ресурстарын басқарудағы әкімшілік-аумақтық құрылымдарды территориялық жоспарлау және жерге орналастырудағы орнын, рөлін, маңызын білу; Істей білу: жерді пайдалану мүмкіндіктерін анықтау және талдау жүргізуді игеру (құрылыс территориялары, жерді бөліп беру); Меңгеру: елді-мекендерді зоналау ұсытанымдарын қолдануды меңгеру.

ГАЖ талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кеңістіктік талдау үшін ГАЖ аппаттық-бағдарламалық құралында теориялық және практикалық негіздерді, дағдылар мен іскерлікті дамыту. Міндеттері: есептеу ортасында мәліметерді өңдеу мен беру формасының әдістемесі мен әдіснамасын, түсінктік-терминологиялық аппаратты үйрену Пәнді оқу барысында студент: Білу: растрлық және векторлық ГАЖ-талдаудың негізгі түрлері мен операциялары; Істеу білу: ГАЖ үш өлшемдік үлгісін жасау. Меңгеру: ГАЖ-да жер-кадастрлық ақпараттарды кеңістігкте визуализациялау дағдыларын игеру

ГАЖ технологиясын қолдана жер мониторингін жүргізу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жер мониторингісі аясында басқару шешімдерін қабылдау үшін үздіксіз өзекті ақпараттарды жинау, жер үшін төлемдер немесе мемлекеттік жер инпекциясы көмегімен немесе аумақтық жер комитетінің мекемелері арқылы қайта байланыс орнату арқылы ықпал жүргізу жұмыстары қарастырылады. Міндеттер: жер қорының жағдайының өзгерісін жүйелі түрде анықтау және жер кадастрының мәліметтер базасын жаңартып отыру; жерді пайдаланудың кері үрдістерін зерттеу мен бағалау, жерді пайдалану мен қорғау бойынша бақылау мәліметтерін қолдану және талдау; жерді кадастрлық бағалауды ақпараттық қамтамассыз ету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер ресурстарын қарқынды пайдаланумен байланысты өзгерістердің қысқа және ұзақ мерзімді болжам жасауды білу; Істей білу: табиғатты қорғау мен өндірістік инфрақұрылымдарды орналастыруды игеру, Меңгеру: мониторингті мәліметтер базасын жүргізудің ГАЖ технологиялары мен амалдарын меңгеру.

Ғарыштық навигациялық жүйе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Әртүрлі тақырыптардағы карталар құрастыруда әуеғарыштық түсірістердің әдістерін пайдалануды қарастыруды зерттеу. Қазіргі уақытта ғарыштық түсірістер бойынша әрқилы тақырыптық карталар құрастыру әдістерімен таныстыру. Әуеғарыштық түсірістер арқылы көптеген тақырыптық карталар өңдеу, жаңарту, сонымен қатар геологиялық ландшафттық және басқа да жаңа типті карталар құрастыру әдістерін зерттеуді үйрету. Міндеті: Тақырыптық карталар құрастыруда әртүрлі спектрлер зонасында алынған түс

Ғарыштық суреттерді өңдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жаңа түсіріс жүйелерімен және арнайы жүйелермен алынатын жаңа типтегі ғарыштық суреттерді өңдеу теориясы мен практикасын қалыптастыру Міндеттері: Жерді ғарыштан түсіру саласындағы жаңа жетістіктер туралы түсінік қалыптастыру,жаңа ғарыштық суреттер типін ажырата алу, берілген сурет типінің компьтерлік өңдеу үшін оңтайлы әдістер мен бағдарламалар пакетін таңдай алу Пәнді оқу барысында студент: Білу: аэроғарыштық суреттерді жіктеу принципі, ENVI бағдарламасында аэротүсіріс суреттерін өңдеу. Істеу білу: аэрофототүсіріс материалы сапасын бағалай алу; аэрофототүсіріс параметрлерін есептей білу. Меңгеру: аэроғарыштық суреттерді байжайлау әдістерін игеру, жаңа түсірістерді алу, практикалық жағдайда алынған білімдерді қолдану дағдыларын игеру.

Елді мекен аумағын топографиялық дешифрлеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: аэроғарыштық суреттермен жұмыс жасау дағдалыран қалыптастыру, жер бетіннің нысандарын ажырату дағдалырын дамыту. Міндеттері: Жерді ғарыштан түсіру саласындағы жаңа жетістіктер туралы түсінік қалыптастыру,жаңа ғарыштық суреттер типін ажырата алу, берілген сурет типінің компьтерлік өңдеу үшін оңтайлы әдістер мен бағдарламалар пакетін таңдай алу Пәнді оқу барысында студент: Білу: аэроғарыштық суреттерді жіктеу принципі, ENVI бағдарламасында аэротүсіріс суреттерін өңдеу. Істеу білу: аэрофототүсіріс материалы сапасын бағалай алу; аэрофототүсіріс параметрлерін есептей білу. Меңгеру: аэроғарыштық суреттерді байжайлау әдістерін игеру, жаңа түсірістерді алу, практикалық жағдайда алынған білімдерді қолдану дағдыларын игеру.

Елді мекендер жерін кадастрлық бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану жерлерін бағалауды анықтау әдістемелер негізін, жер телімдерін кадастрлық құны негізінде жер салығын есептеуді, заңдамада бекітілген жер салығын салу және т.б. мақсатта қолдану үшін мемлекеттік кадастрлық бағалау шекарасындағы ауыл шаруашылық жерлердің құнын анықтауды қарастырылады. Міндеттер: кадастрлық бағалау нысандары болып әкімшілік аудандар, заңды және жеке тұлғалы жер иеленушіліктердің шекарасындағы ауыл шаруашылық жерлерді зерттеу, мемлекеттік кадастрлық бағалау нысандарының кадастрлық құнының мәнін анықтау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер ресурстарын пайдалану мен оларды бағалау режимдерін және теориялық ережелерін білу; отандық және шетелдік жерді бағалау жұмыстарынның даму бағытын және оларды салық салу мақсатында пайдалану ерекшеліктерін білу. Істей білу: ауыл шаруашылық жерлерді кадастрлық бағалау ұстанымдарын тұжырымдауды игеру; құндылықтың классикалық және неоклассикалық теориясының синтезіне сүйене жерлерді бағалаудың теориялық амалдарын негіздеуді игеру; Меңгеру: жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау мен реттеуді ұйымдастыру әдістері мен амалдарын меңгеру.

Елді мекендер жерін кадастрлық бағалу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Жер және жылжымайтын мүліктерді бағалаудың экономикалық тетігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті экономикалық бағалау мәні мен мазмұны туралы түсінік беру, бағалау әрекеттерінің міндеттері, әртүрлі категориялы жерлерді бағалау әдістемелері және ұйымдастырылуын қарастыру, жерді бағалау нормативтік құжаттарымен танысу. Міндеттері: әртүрлі категориялы бағалау жұмыстарының әдістемелерін, телімдерді экономикалық бағалау бойынша басқарудың нормативтік және әдістемелік материалдарын зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті экономикалық тиімділігін бағалауды білу; Істей білу: экономикалық дамуды оңтайландыру мақсатында жер ресурстарын пайдалануды реттеу мен жоспарлауды игеру; жылжымайтын мүлік нысаны мен экономикалық даму ресурсы ретінде жердің ерекшелігін анықтау. Меңгеру: кадастрлық бағалау техникасын және есеп беру дағдыларын меңгеру.

Жер құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жер мониторингі және агроэкология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ҚР жер қорының сапалық жағдайына кері әсер ететін үрдістерді анықтау мен тарату бойынша теориялық білімдер, әдістемелік амалдар мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Міндеттері: жер қорының құрылымынның өзгеруі мен жердің жағдайын дер кезінде анықтау жұмыстарын жүргізу әдістерін анықтау, жерді бағалау, болжау және кері әсерлердін алдын алу мен қалпына келтіру бойынша нұсқаулар жасау; мемлекеттік жер кадастрын ақпараттық қамтамассыз ету, жерді тиімді пайдалану, бақылау және қорғау мәселелерін қарастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жүйелік көрсеткіштерін білу; Істей білу: жер қорының сапалық жағдайын талдауды игеру; жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау сұрақтары бойынша қажетті дағдыларды қолдана білу; Меңгеру: жер қорының сапалық жағдайына кері әсерлерді анықтау мен болдырмаудың қажетті әдістемелік амалдары мен практикалық дағдыларын және болған өзгерістерді бағалауды меңгеру.

Жер ресурстарын басқару әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жер ресурстарын басқару жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерде жер ресурстары мен жылжымайтын мүлікті басқару жүйелері туралы түсінік қалыптастыру, басқарушылық шешімдерін қабылдау амалдарын таңдау дағдыларын қалыптастыру мен жер ресурстары мен жылжымайтын мүлікті басқару бойынша экономикалық, саяси және әлеуметтік тиімділік туралы анықтама беру. Міндеттер: Жер қатынасының қазіргі даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттеу, жерге деген құқықтық меншік түрлері мен басқада құқықтарды қарастыру; әртүрлі санаттағы жерлер үшін құқықтық режим ерекшеліктерін анықтау Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер ресурстары мен нысандарын басқарудың түсінігі, ұстанымы, мақсаты, міндеттері, қызметі, әдістерін білу; жер ресурстарын басқаруға деген қазіргі заманғы көзқарастар жүйесін білу; кадастрлық іс-әрекет барысында басқарушылық шешімдерді қабылдау ерекшеліктерін білу; жер ресурстарын және жылжымайтын мүлікті басқарудың ақпараттық қамтамассыз етілу негіздерін білу. Істей білу: мониторингтің қажетті әртүрлі түлері мен типтерін ұйымдастыруды және экологиялық ақпарат негізінде шешуді қажетсінетін міндеттер аясында бағдырлануды игеру, ақпараттардың бастапқы және математикалық-картографиялық өңдеу режимін, мәліметтерді енгізуді ұйымдастыруды игеру . Меңгеру: режимдік мониторингтік бақылау экологиялық ақпарат мәліметтерінің базасын енгізу мен ұйымдастыру дағдыларын меңгеру; геожүйелер жағдайын бағалауды меңгеру; станционарлық мониторинг бақылау бойынша табиғи құбылыстар динамикасынның болжамын жасау дағдыларын меңгеру.

Жер ресурстарын және жылжымайтын мүлік нысандарын басқару
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жер ресурстарын басқарудың теориялық ұғымдарын және практикалық дағдыларын үйрету болып табылады, жер және жылжымайтын мүлікті басқару облысындағы қазіргі әдістермен танысу, жер ресурстары мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы және оларды есепке алу туралы ақпарат көзі жайында білім беру. Міндеттері: басқару жүйесінің негізгі теориялық ережелерін анықтау, жер ресурстарын басқару түрлерін, міндеттерін, мақсаттарын, қызметтерін және әдістерін зерттеу; жылжымайтын мүлікті басқару негізгі әдістерін ерекшелеу: жылжымайтын мүлік кадастры, жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу және келісім жасау, жерге орналастыру, жер мониторингі, жерді бақылау, техникалық есепке алу және инвентаризациялау, кадастрлық іс-әрекет; жер-жылжымайтын мүлік кешенін басқарудың тиімді жүйесін анықтау әдістерін қарастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерге орналастыруды, жер мониторингісін, жерді бақылауды, жылжымайтын мүліктерді техникалық есепке алу және инвентарлауды, кадастрлық іс-әрекеттерді білу. Істей білу: жер ресурстары мен жылжымайтын мүлікті басқарудың бірінші кезектегі міндеттер аясын анықтауды және оларды бақылауды игеру; жылжымайтын мүлік нысандарын басқару әдістерін іс жүзінде қолдана білу. Меңгеру: жылжымайтын мүлік нысандарын экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық басқаруды жүзеге асыруды меңгеру; жер ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмін меңгеру

Жер ресурстарын пайдалануды кеңістіктік жоспарлау, болжау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: «Жер ресурстарын пайдалануды кеңістіктік жоспарлау, болжау» курсының негізгі міндеттері мемлекеттік және мемлекет аралық деңгейде жер ресурстарын есепке алу үшін арналған үдеріс ретінде жер кадастрын жүргізудің құқықтық және әдістемелік негіздерін зерттеу, жерлерді есепке алу мен кадастрлық бағалауды өз бетінше жүргізе алу үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру. Міндеттері: жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік негіздерін зерттеу, мемлекеттік және мемлекет аралық деңгейде жер ресурстарының есебін ескеру, жерді есепке алу мен кадастрлық бағалау үшін қажетті білімдерді қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерлерді пайдалануды жоспарлау мен болжау мақсаты мен міндеттерін білу; Істей білу: шаруашылық әрекетті талдау мен ауыл шаруашылық өндіріс қорларын анықтауда жерді бағалау мәліметтерін қолдану; жер қорының жағдайының өзгеруін талдау мен дұрыс шешім қабылдауды игеру. Меңгеру: әртүрлі мақсаттағы жерлерді есепке алу мен бағалауда қолданылатын әдістемелік амалдарды, ақпараттық және техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдану дағдыларын меңгеру;

Жер телімдерінің нарығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: экономикалық ресурс ретінде жердің ерекшелігі, жерді және т.б. ресурстарды пайдалану үшін төлемдер қарастырылады, жер қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері, жер нарығының құралдарының өзарабайланыстары: сұраныс, ұсыныс, баға зерттеледі, ренталық қатынастар жүйесі түсіндіріледі. Міндеттері: қазіргі жер нарығының жағдайын зерттеу; жер қатынастарының даму ерекшеліктерін анықтау; жер салық салу жүйесін игеру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: Республика мен шетелдердегі жер телімдерінің нарығын білу; Істей білу: жер телімдерінің нарығы дамуына әсер ететін факторларды анықтай алу қабілетін игеру; жерді пайдалануды болжау жүргізуді игеру. Меңгеру: кәсіби іс-әрекетте жер нарығын талдауды қолдануды меңгеру;

Жерге орналастырудағы автоматтандырылған жүйелер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерде басқарудың автоматтандырылған жүйелері туралы теориялық және практикалық білімдер кешенін қалыптастыру, кадастрдың автоматтандырылған жүйесін құру мен жүргізу амалдары мен әдістерін зерттеу, жер нысандарының мәліметтер базасын құруды және мәліметтер базасын басқаруды үйрету. Міндеттері: басқарудың негізгі құрамы ретінде ақпарат туралы теориялық ережелерді зерттеу; басқарудың автоматтандырылған жүйелері туралы теориялық ережелерді қарастыру; жылжымайтын мүлік кадастрының автоматтандырылған жүйесін құру мен жүргізу әдістерін, қазіргі заманғы амалдарын зерттеу; мәліметтер базасын құру амалдары мен әдістерін, мәліметтер базасын басқару жүйесін зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: басқару жүйесінің негізі ретінде автоматтандырылған жүйелерді қателіктерден кодтау мен ақапаратты қорғау құрылымын, әдістерін және амалдарын білу; Істей білу: автоматтандырылған жүйелерді бейімдеуді игеру; мәліметтер базасын құруда алынған ақпараттарды дайындауды игеру; Меңгеру: кадастр мен жерге орналастырудың автоматтандырылған жүйелерін құру мен жүргізудің қазіргі әдістерін меңгеру; Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры, аумақтық жоспарлау, жерге орналастыру, жерді бөлу сияқты жұмыстармен байланысты жобаларды автоматтандырудың қазіргі технологияларын қолдануды меңгеру.

Жерге салық салу жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жерді падалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жерді падалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау пәнінің негізгі түсініктері, мақсаты мен міндеттері қарастырылады, жерді падалануды және қорғауды мемлекеттік бақылаушы органдар құзыреттілігі, жер зағын бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктер көрсетіледі. Міндеттері: мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың ҚР жер заңдамасын сақтау мәселелері, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, жер тедлімдерін пайдалану, жер кадастры мен жерге орналастыруды жүргізу тәртіптері және жерді тиімді пайдалану мен қорғау бойынша шаралар өткізу сұрақтарын зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жылжымайтын мүлік мемлекеттік кадастрын, жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеуді және олармен келісім жасауды білу; Істей білу: жерді бақылау, техникалық есепке алу және жылжымайтын мүлік нысандарын инвентаризациялауды, кадастрлық іс-әрекетті жүргізуді игеру; Меңгеру: кәсіби әрекетте мемлекеттік бақылауды ақпараттық қамтамассыз ету әдістерін меңгеру.

Жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жерді пайдалануды болжау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: зерттелетін аудан мәліметтерін зерттеу мен пайдалануды үйреті: нысанның орналасу орнының сипаты, табиғи-климаттық жағдайлар, экомикалық сипаты, ал халық санын білу болашақта халық санын есепке алуды болжау үшін, нысанда селитебті және өндірістік зоналардың дамуына болжамдар жасау үшін қажет. Міндеттер: зерттелетін аудан аумағында табиғатты қорғау шараларын болжау қарастырылған. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерді пайдалану мен жерді иелену зоналық жүйесін қалыптастырудың экономикалық эффектісін білу; Істей білу: басқару мен шаруашылық дамудың салааралық және аймақаралық деңгейінде пайдаланылатын жерлерді азара бөлу міндеттерін шешуді игеру; Меңгеру: қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана жер жағдайын анықтау дағдысын және жер қорларының сандық және сапалық жағдайын талдау дағдысын меңгеру.

Жерді пайдаланудың экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: болашық маманды адам қоғамы мен табиғат өзарақатынасы облысында инженерлік-экономикалық білімдердің бастапқы нақты ілімдерін беру, шаруашылық пен өндірістің нарықтық жүйесінде өндірісті ұйымдастыру мен басқару, жоспарлауды үйрету. Міндеттер: жерді пайдалану экономикасының негіздерін зерттеу және қоғам мен табиғат қатынасы аясында оларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру; студенттерде жерді тиімді пайдалану мен экологиялық-экономикалық жүйедегі болып жатқан үрдістердің себеп-салдарлық байланыстарының экономикалық ұстанымдарының тұрақты білімдері қалыптастыру; Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерге орналастыру шешімдерінің тиімділігін бағалауды білу; экономикалық тиімділікті ескере табиғи ресурстарды қорғау мен жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыруды білу; Істей білу: жерге орналастыру, жобалау және экономикалық негіздеу әдістерін қолдануды игеру; Меңгеру: жер қатынастарын реттеудің экономикалық механизмін меңгеру.

Жерді экономикалық-географиялық бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жер телімдерін бағалау туралы теориялық, әдістемелік және практикалық амалдар білімдер жүйесін қалыптастыру, жер телімдерін сараптау бағасының мәні мен мазмұнын сипаттайтын үғымдық-терминдік аппарат түсініктерін беру. Міндеттері: студентке жер телімдерін пайдаланудан алуды бағалау теориясын бойынша бастапқы білімдерді беру; аграрлық игеру үшін жерлердің қолайлылық экономикалық-географиялық бағалау ұстанымдарын зерттеу; аумақты аграрлық игеруде туындайтын кері экономикалық-географиялық үрдістерді анықтау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер телімдерінің бағалық құнының түрі мен бағалау үсыныстары арасындағы байланысты білу. Істей білу: жерлердің кешенді инвентаризациясын игеру; аумақтың экологиялық-экономикалық даму сызбалары мен жобаларын құруды білу; жерлерді экономикалық және экономикалық сараптамасының әдістері мен амалдарын игеру; Меңгеру: жер қоры құрылымының өзгеруі мен жер жағдайын анықтау, бағалау мен болжау бойынша жүргізілетін жұмыстар әдістемесін және кері әсерлерден қорғау мен оларды жою бойынша ұсыныстарды жасай алуды меңгеру.

Жер-кадастрлық және табиғи мәліметерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерде басқарудың автоматтандырылған жүйелері туралы теориялық және практикалық білімдер кешенін қалыптастыру, кадастрдың автоматтандырылған жүйесін құру мен жүргізу амалдары мен әдістерін зерттеу, жер нысандарының мәліметтер базасын құруды және мәліметтер базасын басқаруды үйрету. Міндеттері: басқарудың негізгі құрамы ретінде ақпарат туралы теориялық ережелерді зерттеу; басқарудың автоматтандырылған жүйелері туралы теориялық ережелерді қарастыру; жылжымайтын мүлік кадастрының автоматтандырылған жүйесін құру мен жүргізу әдістерін, қазіргі заманғы амалдарын зерттеу; мәліметтер базасын құру амалдары мен әдістерін, мәліметтер базасын басқару жүйесін зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: басқару жүйесінің негізі ретінде автоматтандырылған жүйелерді қателіктерден кодтау мен ақапаратты қорғау құрылымын, әдістерін және амалдарын білу; Істей білу: автоматтандырылған жүйелерді бейімдеуді игеру; мәліметтер базасын құруда алынған ақпараттарды дайындауды игеру; Меңгеру: кадастр мен жерге орналастырудың автоматтандырылған жүйелерін құру мен жүргізудің қазіргі әдістерін меңгеру; Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры, аумақтық жоспарлау, жерге орналастыру, жерді бөлу сияқты жұмыстармен байланысты жобаларды автоматтандырудың қазіргі технологияларын қолдануды меңгеру.

Жер-кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: құрылыс аймақтарында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу технологиясы мен оны ұйымдастыру сұрақтары қарастырылған, жер-кадастрлық жұмыстар жүргізу ерекшелігі, қала жер телімдерін кешенді кадастрлық бағалау сұрақтары зерттелген. Міндеттер: жер-кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару негіздерін зерттеу, жерге орналастыру бойынша жерге орналастыру қызметі мен ғылыми-зерттеу және жобалық-ізденістік ұйымдастардың функциялары мен құрылымын анықтау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: шаруашылықтарда жер жұмыстары мен бағалау шараларын жүргізу кезеңдерін білу; Істей білу: жерге орналастырушылық зерттеулер мен ізденістер материалдарын өңдеу үшін жерге орналастыру өндірісінде қазіргі технологияларды қолдану. Меңгеру: жұмыстардың тепе-теңдгі мен үзіксіздігін, жұмыс уақыт тиімді пайдалану мен жоғарғы еңбек өндірісін қамтамассыз ету әдістерін меңгеру.

Жобалар мен карталарды компьютерлік графиялық безендіру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдері): сызу құралдары, материалдар, жабдықтар, шрифт және оны құру әдістемесі, әріп және сан сызу, шартты белгілер сызу, сызу жұмыстарын карталар мен сызбаларда орындау. Графикалық құжаттарды безендіру талаптары. Оқу нәтижесі: жерге орналастырудың өндірістік құжаттарын штрихтық, шрифттік және түстік графикалық безендірудің әдістемелері мен амалдарын меңгеру.кадастрлық және жерге орналастырушылық жұмыстарды, жобалар мен басқада картографиялық өнімдерді құру мен безендіру амалдарын қолдана білу; картада географиялық және тік бұрышты координаталарды анықтауды меңгеру.

Жобалық-ізденістік және картографиялық-геодезиялық жұмыстардың технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инженерлік жобаларды жүргізудің теориялық және қолданбалы дағдыларын қалыптастыру, ақпарат алу, аэро ізденіс әдістерін қолдану, картографиялық-геодезиялық жабдықтарды қолдану Міндеттері: жобалық және ізденістік зерттеулер жүргізудің әртүрлі технологияларын зерттеу, геодещиялық және картографиялық материалдарды қолдана әртүрлі жағдайларды үлгілеу Пәнді оқу барысында студент: Білу: жобалық жұмыстарды жүргізудің экономикалық және зерттеушілік ерекшеліктері; Істеу білу: қазіргі техникалық құралдарды қолдану арқылы жобалық-ізденістік жұмыстардың экономикалық тиімділігін есептеу. Меңгеру: жобалаушы нысандардың техникалық-экономикалық деңгейін анықтау дағыдысын игеру, еңбек өнімділігін өсіру мен материалдық ресурстар шығынын азайтуды игеру

Жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық инвентаризациялау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: пәнді игеруде техникалық инвентаризациялау мен елді мекендер құрылыс нысандарын есепке алу жұмыстарын жүргізу бойынша дағдыларды қалыптастыру көзделген. Міндеттері: құрылыс нысандарының мемлекеттік кадастрының ережесін зерттеу; жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық инвентаризациялау нәтижесінде алынған мәліметтерді алу, өңдеу және қолдану әдістерін қарастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерді техникалық инвентаризациялау ұстанымдарын білу; Істей білу: әртүрлі әкімшілік-аумақтық деңгейдегі аумақтарды жоспарлауда жобалық құжаттарды дайындауды игеру; инвентарлық құжаттарды жасау, соның ішінде кадастрлық паспорт құра алуды игеру. Меңгеру: жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық инвентаризациялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын меңгеру;

Инновациалық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттердің бойында өндірістік саладағы кәсіпкерлік сферасында ұтымды сәтті қызмет атқару, нарық жағдайында инновациялық қызметпен айналысу, материалдық өндірістегі тәуекелді инвестицияларды басқару саласындағы қажетті құзіреттерді игеруді қамтамасыз ету болып табылады.Экономикалық өсудің заманауи нысандары мен үдерістері жайлы білуі тиіс; нарықтағы шаруашылық субъектісінің экономикалық ахуалын бағалай алуы керек, инновациялық тактиканы таңдай алуы тиіс, бәсекелестік артықшылықтарды иелену және сақтап қалу жолдарын игеруі тиіс.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Кадастрдағы экономикалық-математикалық үлгілеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: халық шаруашылығы салаларында және жерге орналастыруда жер ресурстарын қолданудың экономикалық үрдістерін математикалық үлгілеу әдістерін қолдануды үйрету. Міндеттері: жерге орналастыру мен кадастр практикасында экономикалық-математикалық үлгілеу мен әдістерді кеңінен қолданумен сипатталатын математикалық аппаратты қолдануды негіздеу; жерге орналастыру, жер кадастры мен жер мониторингі мақсаттында математикалық статистикалық әдістерді пайдалану дағдыларын беру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жерге орналастыру мен кадастрда практикасында қолданылатын негізгі экономикалық-математикалық әдістер; жерге орналастыруда пайдаланылатын математикалық үлгілер типтері, түрлері және классы; Істей білу: жерге орналастыру міндеттерін математикалық негіздеу; экономикалық үрдістің экономикалық-математикалық үлгілерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін критерийлер мен жағдайларды (шектеулер) тұжырымдау. Меңгеру: жерге орналастыру мақсатында математикалық статистика әдістерін игеру; ішкі шаруашылық және шаруашылық аралық жерге орналастыру шешімдерін қабылдауда экономикалық-математикалық үлгілерді қолдану.

Картографиялық сызу және компьютерлік графика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Компьютерлік графика және есептеуіш геометрия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Компьютерлік графика және есептеуіш геометрия» пәнінің мақсаты мен міндеттері болып бірімен тығыз байланысты екі облыстардың – компьютер және графика, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі принциптері мен әдістерін игеру болып табылады. Оның негізгі элементтері математикалық, алгоритмдік, бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық және әдістемелік, бағдарламалық қамтамасыз ету. Компьютерлік геометрия мен графиканың негіздерін білу қажет. Өз мамандығна байланысты компьютерлік бағдарламаларды қолданудың негіздерімен танусы, сонымен қатар дипломдық жұмыс және жобаларды құрастыруды еркін қолдану керек. Қазіргі заманғы растрлық және векторлық графика пакеттерімен жұмыс істей білу, жергілікті елді-мекеннің цифрлық моделдерін құрастырып және түзетулер енгізуді білу қажет. Өнеркәсіптік құтқару аумақтардың жоспарлары мен өнеркәсіптік нысандарды жүргізу нысандарын, азаматтық құрылыс және транспорттық, макет, олардың жан-жақты талдау картасын құру үшін жобалау, сызбаларды және есептіліктің түрінде жұмыс алаңы жүйелерді қорытынды нәтижелерін құру және басып шығару үшін шеберлік жоспарларын жобалау дағдыларын меңгеру.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Құрылыс аумақтарының жер ресурстарын қолдануды болжау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді жер-кадастрлық мәліметтер мазмұнымен таныстару; қала құрылысының негізгі ережелерін, селитебті және өндіріс зоналар, аудандар мен ықшам аудандар, өндірістік түйіндер құрылымын жоспарлауды және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет ету торын жасауды, тұрғын және өндірістік аумақтарды орналастыру, құру және сәулет-кеңістіктік ұйымдастыру, елді мекендерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын үйрету. Міндеттері: жерге орналастыру жобаларын (сызбаларын) құрастыру ұстанымдарын өз кезегімен игеру, жерлерді қала құрылысы және басқада жобалар үшін қолдануды зерттеу, сондай-ақ елді мекендер мен қалалардың дамуын көрсету. Пәнді оқу барысында студент: Білу: әртүрлі санаттағы жерлердің әкімшілік-аумақтық құрылымдарын жерге орналастыру және аумақтық жоспарлауды білу, елді мекендерді шаруашылық орналстыру теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын алу; Істей білу: ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес мақсатта жер ресурстарын тарату және қайта таратуды игеру; Меңгеру: елді мекендер жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылау әдістері мен ұстанымдарын меңгеру; елді мекендерді әлеуметтік-функциональдық, экологиялық экономикалық-қала құрлыстық, табиғи-ресурстық бағалау жұмыстарын жүргізе алу.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Мемлекеттік жер мониторингі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ҚР жер қорының сапалық жағдайына кері әсер ететін үрдістерді анықтау мен тарату бойынша теориялық білімдер, әдістемелік амалдар мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Міндеттері: жер қорының құрылымынның өзгеруі мен жердің жағдайын дер кезінде анықтау жұмыстарын жүргізу әдістерін анықтау, жерді бағалау, болжау және кері әсерлердін алдын алу мен қалпына келтіру бойынша нұсқаулар жасау; мемлекеттік жер кадастрын ақпараттық қамтамассыз ету, жерді тиімді пайдалану, бақылау және қорғау мәселелерін қарастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жүйелік көрсеткіштерін білу; Істей білу: жер қорының сапалық жағдайын талдауды игеру; жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау сұрақтары бойынша қажетті дағдыларды қолдана білу; Меңгеру: жер қорының сапалық жағдайына кері әсерлерді анықтау мен болдырмаудың қажетті әдістемелік амалдары мен практикалық дағдыларын және болған өзгерістерді бағалауды меңгеру.

Мемлекеттік жер ресурстарын басқару жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Территорияны инженерлік жабдықтау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инженерлік жабдықтау элементтерін орналастыру мен жобалау және аумақты инженерлік жабдықтау бойынша теориялық және практикалық білім беру. Міндеттері: жобалаудың негізгі түсініктерін, әдістерін, құрылыс негіздері мен техникалық регламенттерін және аумақты инженерлік жабдықтау нысандарын эксплуатациялауды зерттейді; инженерлік-транспорттық инфрақұрылым нысандарын жобалау, құрылыс жүргізу және эксплуатациялаумен байланысты міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологиялардың бағдарламалары мен техникалық құралдарын пайдалану. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ауданда жол торын тиімді орналастыру бағыттарын техникалық-экономикалық талдауды білу; құрылыс мақсатында аумақты инженерлік жабдықтау талаптарын білу; Істей білу: елді мекендер рекреациялық аумақтарын жобалауды игеру; елді мекендерде су және энергия тұтыну көлемдерін анықтауды игеру; Меңгеру: аумақты тік орналастыру ұстанымдары мен әдістерін меңгеру; сыртқы магистральды торларды орналастыру мен жолды тарту және олар үшін жер бөлу амалдары мен әдістерін меңгеру.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Шаруа (фермер) қожалықтарын жерге орналастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қазіргі әлемде және ҚР шаруа қожалықтарының тарихы мен даму бағыттары қарастырылады, шаруа қожалықтарын шаруааралық ұйымдастыру әдістемелері зерттеледі, сонымен қатар фермерлік өндіріс аумақтарын жүргізу және ұйымдастыру, табиғи-климаттық сипаттамасын зерттеу бойынша шетелдік тәжірибелер анықталады, жоспарлық-картографиялық материалдарды дайындау, шекараларды бекіту, куәліктер дайындай алу, аумақты шаруааралық ұйымдастыру жобалық жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Міндеттер: шаруа (фермерлік) қожалықтарындағы қазіргі жерге орналастыру ерекшеліктерін және оның даму заңдылықтарын зерттеу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ауыл шаруашылық пайдалану жерлерін ерекшелеу әдістерін білу, аумақты ұйымдастыру элементтері - жайылымдары, шабындықтарды және т.б. орналастыру жерлерінің сапасын анықтауды білу; Істей білу: шаруа (фермерлік) қожалықтарының жоспарының қызметтік құрылымын анықтауды білу; Меңгеру: шаруашылықты ұйымдастыруда қажетті табиғатты пайдалану шараларын іске асыру түрлері мен амалдарын меңгеру.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение