Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Филология

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Профильді пән: Әдебиет
Оқытудың нәтижесі және мақсаты: кәсіби компоненттік маман дайындау, арнайы филологиялық қызметтік негізі ретінде жалпы филологиялық білім негізін меңгеру;
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
- орыс филология аумағындағы кәсіби құзыреттілікте, кәсіби сапалы білім алуға жағдай жасау. «Филология» мамандығының түлектерінің бәсекеге қабілеттерін қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасының міндеті:
- тілдің жүйе, қызмет етуші механизм және ғылым ретіндегі білімдердің құрылымы жөніндегі түсінікті қалыптастыратын лингвистикалық пәндерді білу, сонымен қатар тіл теориясының қалыптасу мен даму қағидаларындағы ғылыми парадигманың ауысуын ескере отырып тіл білімінің теориясы мен әдістемесі туралы білімді игеру;
- әлем әдебиетінің жетістіктерін ескере отырып негізгі теориялық түсініктер жөнінде ақпарат бере отырып, көркем шығармашылықтың негізгі заңдылықтары жөнінде түсінік беретін, сөз өнерінің жазбаша түрі ретіндегі әдебиеттің эстетикалық ерекшелігін сараптауға қажетті әдебиеттану сабақтарын білу; студенттерді орыс, қазақ және әлем әдебиетінің тарихы турасындағы қажетті біліммен қаруландырады; әдістер мен бағыттардың, тек пен жанрлардың бағыттарымен таныстырады; отандық және әлемдік мәдениетке маңызды салым болған шығармалар авторларының шығармашылығымен таныстырады;
Бакалавр мамандықты меңгеру нәтижесәнде:
- Техника мен технологиядағы, ғылым жетістіктерін пайдалану және дамытумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелер, түр мен әдістер, ғылыми таным мен оның құрылымы, ғылымның ролі туралы;
- филологияның қазіргі жағдайы туралы түсінігі болуы міндетті;
Білуге қажетті:
- педагогикалық категория және әдістемелік негіз;
- жасөспірім психологиясы және оқушылар физиологиясы, типологиялық және индивидуалдық ерекшеліктері;
- оқытылатын пәннің негізгі теориясы, оның структурасы және профильді оқытудың жүйелік мазмұны;
- мектепте орыс тілі және әдебиетті оқыту әдістемесі ;
Істей алуы:
- қолданбалы мүмкіндіктер және философиялық-әдістемелік аппараттар мен категориалық таным арқылы филологиядағы жаңа жетістіктерді меңгеріп, сыни тұрғыдан бағалай білу;
- болашақ кәсіби әрекеттің мүмкін болатын жобаларын болжау үшін әлемдік және еуразиялық үрдіс контексіндегі табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі қағидалары мен тарихи білімдерді пайдалана білу;
игеруі:
-кәсіби қызметтің құбылыстары мен нақты дәйектерімен бірге пәннің лингвистикалық және әдебиеттанулық маңызының түсініктік аппаратын игеру;
-ақпаратты қарастыру, жинақтау, сақтау және өңдеудің заманауи ақпараттық технологияларын игеру.
Құзыретті :
- филологияның бүгінгі мәселелері;
менгеру:
- жұмыс берушілер мен серіктестерді қызықтыратын кәсіби құзыреттілік.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Филология
Мамандық шифры
5B020524
Факультеті
Филология және әлем тілдері
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Әдебиет
Профильдік пәні
Әдебиет
Өту балы
ҚАЗ
85
ОРЫС
84

пәндер

XIX ғасырдың I жартысындағы орыс әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің идеялы-көркемдік байлықтарын, әдеби үдерістің заңдылықтарын, түрлі бағыттағы стильдердің, көркемдік тұлғалардың, бағыттардың басымдықтары мен кұрестерін анықтап зерттеу отырып, білім алушыны ғылыми дүниетаным мен адамдық-эстетикалық мәдениетке пән арқылы тәрбиелеу. Қысқаша мазмұны: ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің Европа және Америка әдебиеттеріне қатысты негізгі даму заңдылықтары,орыс әдебиетінің әлем әдебиеттерінің көркемдік-эстетикалық тұрғысынанқарағанда әлдеқайда дамыған әдебиет деп танылуы. ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті тарихының кезеңдерге бөліну принициптері. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті мен мәдениетінің даму заңдылықтарын; романтизм және реализм әдеби жанрлар жүйесінде еркін бейімделу; сол кезеңдегі негізгі әдеби бағыттар мен мектептерді білу керек. Студент жасай алуға міндетті: әдебиеттану саласындағы заманауи бағыттар мен тұжырымдамаларды әділ бағалауға қажеттітеориялық білімін жинақтау; сол кезеңдегі көркем мәтіндерді талдап және бағалай білу керек. Студент ие болуға міндетті: әдебиеттану саласындағы тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеру керек;оқу-зерттеу жұмыстарының тақырыбы бойынша библиографияны жүйеге келтіру және жинақтауға дағдылану керек.

XI-XVII ғасырлардағы орыс әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - XI-XVII ғасырлардағы орыс әдебиетінің тарихы

XI-XVIII ғ. орыс әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - XI-XVIII ғ. орыс әдебиетінің тарихы History of Russian Literature of the XI-XVII Centuies

XVIII ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - XVIII ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы

XVII-XVIII ғасырлардағы шетел әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - XVII-XVIII ғғ.шетел әдебиетінің тарихы История зарубежной литературы XVII-XVIII вв. History of Foreign Literature of the XVII-XVIII Centuries

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Антикалық әдебиет тарихы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: философиялық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, әдеби аядағы тұтастық негізінде ежелгі (грек және рим) әдебиеттің дамуы жөнінде ақпарат беру, тұлғаныжалпыинтеллектуалдық және рухани тұрғыдан дамытудың негізі ретінде әлем әдебиетін оқытудың маңыздылығын түсіндіріп, қалыптастыру. Қысқаша мазмұны:Антикалық әдебиет курсы студент тер үшін, ең алдымен батыс еуропа әдебиетінің және әлемдік таритың есігін ашады. Курсты оқытудың негізгі мақсаттары: антикалық әдебиеттің көркемдік ерекшелігімен және оның қалыптасу мен даму шарттары жөнінде түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу:антикалық әдебиеттің жалпы даму заңдылықтарын (тектік және жанрлық формаларының қалыптасуын); Студент жасай алуға міндетті: алынған білімдерін тәжірибелік әрекетте пайдалана білу (көркем мәтінді сараптау), зерттеліп отырған тарихи-мәдени кеңістікке бейімделу; Студент ие болуға міндетті: теориялық (ішінара философиялық) әдебиеттанулық түсініктер жүйесіне және сол база негізінде көркем шығарманы өздігінен сараптауға.

Әдебиеттануға кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: көркем шығарманы оқып талдау, студенттерді өздерінің эстетикалық талғамына қарай ғылыми тұжырым жасауға машықтандыру. Пәннің міндеті: - шәкірттерді әдебиеттанудың теориялық тұжырымдарымен толық таныстыру; - оны практикалық деңгейде еркін қолдануға жаттықтыру; - әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін, оның қоғамдық мәні мен эстетикалық сипатын, сөз өнерінің адамзат баласы үшін баға жетпес рухани қазына екенін үйрету. Көркем шығарманы оқып талдау арқылы студенттер өздерінің эстетикалық талғамына қарай ғылыми тұжырым жасауға машықтанады. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігін, оның қоғамдық мәні мен эстетикалық сипатын меңгере отырып, сөз өнерінің адамзат баласы үшін баға жетпес рухани қазына екеніне көз жеткізеді.

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан орыс әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Қазақстанның орыс әдебиеті дамуының ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Қысқаша мазмұны: Қазақстан орыс әдебиетінің көркемдік ерекшеліктерін зерттеу; ондағы мәдениеттің дамуы мен эволюциялық үдерістің қайта қалыптасуы, әдеби үдерістің жалпы заңдылықтарын түсін, жекелеген жазушылардың шығармашылық тұлғаларын анықтау. Пәнді оқу барысында студент: Білу: үздік әдеби бағыттарды, Қазақстанның орыс әдебиетінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін білу керек. Студент жасай алуға міндетті: негізгі түсініктер мен терминдерді, талдаудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, шығарманың қалыптасуын, мазмұнын және формасын ашу. Студент ие болуға міндетті: көркем шығармаларды талдаудың әдістерін білу керек.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі орыс тілінің жай сөйлемі синтаксисі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қазіргі орыс тіліндегі жай сөйлем синтаксисі жөніндегі түсінікті қалыптастыру,аталған мәселе бойынша алынған теориялық білімдерді тереңдету. Қысқаша мазмұны: синтаксис тіл жүйесініңжоғарғы деңгейі ретінде, синтаксистік байланыстар, синтаксистік қатынастар, байланыс, бағындыру, синтаксема, сәйкестену, валенттік, сөз тіркесі, сөз тіркесінің парадигмасы, сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы, бағынышты байланыс, күшті және әлсіз байланыс,сөйлем предикативтік бірлік ретінде, сөйлеу әрекеті, предикативтілік,құрылымдық схема, сөйлемнің семантикалық мағынасы, сөйлемнің үлгісі мен типтік мағынасы, модальдік категориясы, синтаксистік уақыт,түр категориясы,сөйлемнің негізгі мүшелері, сөйлемнің қосымша мүшелері, сөйлемнің күрделенуі және таралуы. Пәнді оқу барысында студент: Білуі тиіс: синтаксистің жеке мәселелрін оқыту тарихын; дәстүрлі (сөз тіркесі мен сөйлем) және жаңа ғылыми жаңалықтар негізінде бөлініп шығатын синтаксистік бірліктерді, олардың түрлерін; синтаксистік байланыстар мен қатынастарды, олардың көріну әдістерін; синтаксистік бірліктерді оқытудың әр түрлі аяларын. Студент жасай алуға міндетті: барлық түрлердегі синтаксистік бірліктерді сараптау; теориялық жағдайларды дискуссиялық жағдайда көрсете білу, белгілі бір ғылыми мәселеге айтарлықтай ұтымды көзқарасты таңдау. Студент ие болуға міндетті: лингвистикалық және ғылыми фактілерді ғылымитұрғыдан сәйкестендіруқабілетіне, тілдік материалды топтастыру және жүйелеу.

Қазіргі орыс тілінің күрделі сөйлем синтаксисі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қазіргі орыс тілінің күрделі сөйлем синтаксисі

Қазіргі орыс тілінің лексикологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: қазіргі орыс әдеби тілінің лексикалық құрамын меңгеру; сөздердің мағынасы мен фразеологизмдерді,олардың типололгиялық сипаттамасы мен жүйелік қатынасын оқыту; сөздегі лексикалық бірліктердің қызмет ету ерекшеліктерін сараптау; орыс тілінің фразеологиясы мен лексикасының көнеруі мен жаңару әдістерін зерттеу. Қысқаша мазмұны: «Қазіргі орыс тілінің лексикологиясы» курсы тіл туралы ғылымның бөлімі ретіндегі лексикология жөнінде, оның пәні мен тараушалары жөнінде жалпы түсінік береді, экспрессиялық-стильдік сипаттағы көзқарас тұрғысынан пайдаланылған, пайда болған, қазіргі орыс әдеби тілін лексикалық тұрғыдан сипаттайды. «Қазіргі орыс тілінің лексикологиясы» тарауына дәстүрлі түрде орыс тілінің фразеологиялық жағын және орыс тілінің сөздіктерін қарастыратын кіші тарулар кірген, олар «Лексикография», «Фразеология». Пәнді оқу барысында студент: Білу: лексикологияның негізгі түсініктері мен терминдерін, ішкі стратификациясын, тарихын, орыс тілінің сөздік құрамының қазіргі жағдайын және даму болашағын, лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлерін. Студент жасай алуға міндетті: алынған білімдерді лексикологияның ғылыми-зерттеусаласында және басқа да салаларында пайдалану;түсініктік-терминологиялық аппаратты қолдана алу; лексикалық және фразеологиялық сараптаманы кәсіби деңгейде жүргізу. Студент ие болуға міндетті: филологиялық ғылымдар аясындағызерттеу және тәжірибелік жұмыстардағы негізгі әдістер мен тәсілдерді, сөздіктермен, ақпараттармен, жоғарғы оқу орнының оқулықтарымен, лингвистика жөніндегі ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау машықтарына, лингвистикалық сараптама машықтарына.

Қазіргі орыс тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қазіргі орыс тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

Қазіргі орыс тілінің морфологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: грамматикалық класстар мен формалардың типологиялық ерекшеліктерін, лингвистикалық ғылымның қазіргі жетістіктерін ескере отырып тілдің морфологиялық деңгейін сипаттау, грамматикалық құбылыстарды сараптау қабілеттері мен білімдерін қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: «Қазіргі орыс тілінің морфологиясы» лингвистикалық пәндер жүйесіндегі грамматиканы оқытатын алғашұы курс болып табылады. Ол студенттерді грамматиканың метатілімен және негізгі түсініктерімен таныстырады. Пәнді оқу барысында студент: Білу: сөздердің грамматикалық мағынасын. Студент жасай алуға міндетті: сөз таптары бойынша орыс тілінің сөздерін топтастыру, олардың грамматикалық деңгейлері мен формаларын сараптау; морфологиялық талдау жүргізу. Студент ие болуға міндетті: түсініктік және терминологиялық аппаратқа; тілдік бірліктердің сөзформаларын сараптау қабілетіне.

Қазіргі орыс тілінің сөзжасамы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді орыс сөзжасамының теориялық негіздерімен таныстыру және сөзді дұрыс құрастыру машықтарын қалыптастыруға көмектесу. Қысқаша мазмұны: Аталған пән қазіргі орыс тілінің сөзжасамдық жүйесін оқытуды ұсынып отыр.Сөзжасам сөз таптарын, сөздің грамматикалық құрылымын зерттейтін морфологиямен тығыз байланысты. Бұл мәселелелрді білу шынайы әрекеттің кез-келген аясында тіл иелерінің ірекеттері үшін аса маңызды. Пәнді оқу барысында студент: Білу: сөзжасамның негізгі амалдарын. Студент жасай алуға міндетті: сөздердің морфемалық және сөзжасамдық сараптамасын жүргізу. Студент ие болуға міндетті: ауызша және жазбаша сөйленісте негізгі және көмекші сөз таптарын қолдану қабілетіне;негізгі және көмекші сөз таптарының негізгі және факультативті сипаттамасы жөніндегі түсініктерге ие болу.

Қазіргі орыс тілінің фонетикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттердің бойында тіл мен сөздің дыбыстық құрылымы жөніндегі түсінікті қалыптастыру және «Қазіргі орыс тілі» курсының келесі деңгейлік бөлімдерін оқытуға алғышарттар жасау. Қысқаша мазмұны: Фонетика. Тілдің дыбыстық бірліктері мен олардың зерттеу аймақтары. Орыс тілінің фонемалар жүйесі. Дауыстылар мен дауыссыздардың аккустикалық және артикуляциялық сипаттамалары. Буынға бөлу теориясы. Сөз ағымындағы фонемалар модификациясы. Фонемалардың ұстанымдық және комбинаторлық нұсқалары. Екпін түрлері мен олардың қызметтері. Сөз ағымының ритмикалық-ұйымдасуын ұйымдастыру. Пәнді оқу барысында студент: Білу: қазіргі орыс әдеби тілінің фонетикалық заңдылықтарын; фонетикалық бірліктердің артикуляциалық және функционалдық бірліктерін; орыс графикасы мен орфографиясының қағидларын; даму мен мәселелердегі пәннің түсініктік аппаратын. Студент жасай алуға міндетті: мәтінді лингвистикалық сараптау мен өзіндік тәжірибе барысында теориялық білімдерін пайдалану; тілдік бірліктердің фонетикалық сараптамасын жүргізу. Студент ие болуға міндетті: русистика бойынша ақпараттық әдебиетке, сөздіктерге.

Орта ғасыр және Қайта өрлеу дәуірі шетел әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: философиялық, әлеуметтік-мәдени, тарихи және әдеби аямен тұтастық тұрғысында орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі әлем әдебиетінің дамуы жөнінде жалпы түсінік беру,тұлғаныжалпыинтеллектуалдық және рухани тұрғыдан дамытудың негізі ретінде әлем әдебиетін оқытудың маңыздылығын түсіндіріп, қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: Курстың ерекшелігі, студенттердің бойында орта ғасырлар және Қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиет пен мәдениетті жүйелі, діни- философиялық, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан қабылдауды қалыптастырады; әдеби даму схемасына бейімделу және аталған әдеби кезеңнің орнын әлем әдебиеті коонтексінде анықтай білу. Пәнді оқу барысында студент: Білу: айтарлықтай көп шығарманың мазмұнын, олардың пайда болу дәуірінің ерекшелігін, жанрлық ерекшелігін, сонымен қатар жазушылардың өмірбаянын, эстетикалық көзқарастар жөнінде хабардар болу. Студент жасай алуға міндетті: орта ғасырлар және Қайта өрлеу дәуірінің әдебиетін кехеңнің мәдени кеңістігінде қарастыру; негізгі оқытылып отырған әдебиеттердің ұлттық ерекшелігін түсіну. Студент ие болуға міндетті: шығарманың пайда болу тарихымен және ерекшелігімен байланысыты теориялық ұғымдарына, кезеңнің эстетикалық және әлемтану түсініктеріне, орта ғасырлар және Қайта өрлеу дәуірі әдебиетінің жанрлар жүйесіне.

Орыс фольклоры
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерге орыс фольклорының жанрлық және түр ерекшеліктерін, фольклорлық үрдіс заңдылықтарын, халықтың поэтикалық өнерінен туындаған шығармаларының көркем және мағыналы-эстетикалық табиғатынмеңгерту. Қысқаша мазмұны: Пәнді оқыту барысында тарихи-әдеби және көркемдік фактілерді, дәстүрлерді жарықтандыруға аса назар аударылады; халықтың рухани мәдениеті, өткені мен қазіргісі турасында, халық өмірінің әр түрлі аялары жөніндегібілімдерді тереңдетіледі. Пәнді оқу барысында студент: Білу:фольклордың жалпы даму үрдісін; фольклор мазмұны мен көркемдік ерекшелігін; негізгі фольклорлық шығармаларды. Студент жасай алуға міндетті: фольклордың көпварианттылық табиғатын түсіне білу және оның нақтылы шығармаларын сараптау; фольклорлық мәтіндерді дұрыс жазу. Студент ие болуға міндетті: фольклорлық мәтіндерді сараптау қабілетіне; халық ауыз әдебиетін оқытудың қағидалары мен тарихы жөніндегі білімдерге; фольклорлық жанрларды текстологиялық сараптау әдістеріне.

ТМД халықтарының әдебиеті
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ұлттық әдебиеттің негізгі даму кезеңдері жайлы кешенді білім беру, ұлттық әдебиеттер арасындағы байланыс заңдылықтарын оқыту. Қысқаша мазмұны: студенттердің гуманитарлық ғылымдарға деген қызығушылығын ояту; ұлттық шығарманы сараптау тәсілдерін үйрену;көпмәдениетті ТМД кеңістігіне деген қызығушылықты тәрбиелеу.Оқу пәні әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиелік, мәдени-ағартушылық іскерлікке бағыттайды. Оны оқыту келесідей профессионалды іскерлік мәселелеріне алып келеді:оқу пәнінің спецификасына байланысты студенттерді үйрету және тәрбиелеу; тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру; әр түрлі оқу құралдары мен әдістемелерін пайдалану. Пәнді оқу барысында студент: Білу: ТМД әдебиетінің көрнекі өкілдерін;ТМД елдерінің мәдениеті мен әдебиетінің өзара байланысы; Студент жасай алуға міндетті: шығарманың көркем идеялық мазмұнынан жалпыадамзаттық және ұлттықты ажырата білу; әдебиеттанушылық сараптамада қолданылатын негізі тәсілдерді үйрену; ғылыми, анықтамалық, методикалық әдебиетті пайдалану;ТМД халықтарының әдебиетінің бір өкілінің шығармашылық жолын не шығармасына өз бетінше сараптама жасау; Студент ие болуға міндетті: жалпы ТМД халықтарының әдебиетінің даму кезеңдерін.

Тіл біліміне кіріспе
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс мақсаты оқитын тіл елінінің әдебиетінің негізгі даму кезеңдерімен таныстыру Курс мақсаты: - оқитын тілелінің әдебиетінің қалыптасу жолын анықтау - оқитын тілелінің әдебиетінің жанрлық жүйесін беру Курсты оқу нәтижесінде студент: - Оқитын тіл елінің әдебиетінің негізгі даму кезеңдерін; - әдебиеттің негізгі жанрларын білу керек ; - көркемдік туындыға жан-жақты талдау жасай алу - көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтау; - көркем мәтінді талдай алу дағдысын меңгеру

ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - ХІХ ғ. шетел әдебиетінің тарихы История зарубежной литературы ХІХ в. History of Foreign Literature of XIX of Century

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Әлем әдебиетінің құндылықтары (Н.Назарбаев cтратегиясы бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттердің бойында әлем әдебиетін оның негізгі ағыстары шеңберінде, тұтас түрде қазіргі әлем әдебиетінің концепциялары жөнінде көзқарасты қалыптастыру. Студенттерді классикалық және қазіргі көркем шығармаларды сараптау қабілетіне бейімдеу. Қазіргі мәдениеттің ішкі ерекшелігін ертедегі мәдениеттің тарихи даму кезеңдерімен, сонымен қатар мәдениеттің даму динамикасымен салыстыра көрсету. Қысқаша мазмұны: сипаты бойынша белгілі бір гетерогендік шеңберге кіретін дереккөздерді меңгеруді қарастыратын, әлем әдебиетін зерттеумен байланысты мәселелер шеңберін белгілеу және қарастыру; ғылыми терминология мен мәтін сараптаудың негізгі қағидаларын меңгеру (семиотическалық, психоаналитикалық және т.б.); өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізу мәдениетін игеру. Студент білуге міндетті: сипаты бойынша белгілі бір гетерогендік шеңберге кіретін дереккөздерді меңгеруді қарастыратын, әлем әдебиетін зерттеумен байланысты мәселелер шеңберін белгілеу және қарастыру; ғылыми терминология мен мәтін сараптаудың негізгі қағидаларын меңгеру; өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізу мәдениетін игеру.

Әлеуметтік лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты мен міндеттері: Тілді адам болмысының формасы мен әлеуметтік таным шарты ретінде қарастыру. Мазмұны: Социолингвистика философия, тіл білім, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография пәндерінің тоғысуы арқылы пайда болған ғылыми пән ретінде сипатталады және тілдің әлеуметтік табиғатымен байланысты, көптеген мәселелерді, тілге әсер ететін әлеуметтік факторларды зерттейді Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер: - білуі керек: философия тарихындағы тіл мәселесін шешудегі негізгі тәсілдер, тіл білімі мен лингвистика мәселелерін шешудегі ғылыми және философиялық көзқарастардың ерекшелігі; тілдік тұлға ұғымының мәні, номинация теориясының негізгі даму кезеңдері; - игеруі керек: әлеуметтік-философиялық территорияландыру барысында туындайтын мәселелерді шешу және тұжырымдау; тіл білімінің әртүрлі мәселелерін зерттеу әдістерін қолдану, мән мен мағынаның әртүрлі аспектілері мен мәселелерін талдау және түсіну; - қабылетке ие болу: қазіргі философияның әртүрлі салаларында өз бетімен ғылыми-зерттеу және ғылыми-методологиялық жұмыс жүргізу, ғылыми жұмыста методологиялық білімді қолдану;

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Инновациалық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттердің бойында өндірістік саладағы кәсіпкерлік сферасында ұтымды сәтті қызмет атқару, нарық жағдайында инновациялық қызметпен айналысу, материалдық өндірістегі тәуекелді инвестицияларды басқару саласындағы қажетті құзіреттерді игеруді қамтамасыз ету болып табылады.Экономикалық өсудің заманауи нысандары мен үдерістері жайлы білуі тиіс; нарықтағы шаруашылық субъектісінің экономикалық ахуалын бағалай алуы керек, инновациялық тактиканы таңдай алуы тиіс, бәсекелестік артықшылықтарды иелену және сақтап қалу жолдарын игеруі тиіс.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Орыс әдебиетінің философиялық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістемелер негізінде жеке авторлық жүйелерді образды-мотивті құрылымы мен баяндау формаларының спецификалық деңгейінде зерттеудегі көркем әдеби және философиялық бастамалардың өзара байланыстарын тауып, зерттеу. Қысқаша мазмұны: Орыс романдарының үздік үлгілерінің философиялық бағытта құрылған алғышарттары мен дәстүрлерін анықтау; Көркем шығарманың келтірілген аспектіндегі проблематикасы мен дәуірінің философиялық, әдеби және мәдени аспектінде қарастырылатын заңдылықтарын айқындау. Студент білуге міндетті: философиялық және дін бағыттағы еуропалық және орыс әдебиетінің өкілдерінің (Гегель, Кант, Ницше, Фрейд, В.Соловьев, И.Ильин, Н. Бердяев) орыс романистеріне әсері; Студент жасай алуға міндетті: көркем және семантикалық жоспарлаудың роман структурасына, сипаттамасына деген қатыстық спецификасын айқындай түсу. Студент ие болуға міндетті: орыс жазушыларының қазіргі әдебиеттанушылардың белсенді меңгеріліп жатқан моральді-философиялық ізденістерімен тығыз байланыстағы орыс романының үздік үлгілеріндегі мазмұндық-композициялық тұтастығын анализдеуге.

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

ХХ – XXI ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: XX ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы әдеби мұралармен таныстыру; сол кезеңдегі қазақ қаламгерлерінің шығармаларының жанрларлық- көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, мәселелерін зерттеу. Қысқаша мазмұны. XX ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың қазақ әдебиетінің негізгі үрдістері мен бағыттарын, сол кезеңдегі үлкен жазушылар мен белгілі шығармаларды зерттеу. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеудің жаңа бағыттарын көркем шығармалар арқылы талдап, зерделей білу; ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне қатысты жаңаша көзқарастар, тақырыптық-идеялық және көркемдік ерекшеліктердің зерттелінуі жүйелей білу.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение