Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Дизайн

БIЛIКТIЛIГІ

  • Бiрiншi жоғары бiлiм - өнер бакалавры

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

«Дизайн» даярлау бағыты бойынша
магистратура кәсіптік қызметтің төмендегі түрлері бойынша дайындалады:

Халықаралық аккредитация: жоқ
Бағдарлама: 5В042100 – Дизайн
Оқыту деңгейі: бакалавриат
Емтихандар: мамандық бойынша түсу емтиханы (шығармашылық)
Оқыту түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 5 жыл

«Дизайн» даярлау бағыты бойынша бакалавриат кәсіптік қызметтің төмендегі түрлері бойынша дайындалады:
• Көркемдік-редакторлық қызмет;
• Болашақ кітаптың дизайнымен жұмыс;
• Кітапты дизайнерлік безендіру бойынша нақты ұсыныстар жасау;
• баспа тауарын жеткізуді ұйымдастыру;
• басылымды безендіру мен орындауға бақылау жасау;
• жарнама науқандарын ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу;
• баспа өнімімен жұмыс істейтін кітап дүкені мен өзге кәсіпорынның түр-түрін қалыптастыру;
• баспа және автор арасындағы делдал функциясы;
• оқырмандар көзқарасы саласындағы зерттеулер;
• баспа саясатын қалыптастыру.

• Профильді пәндер:
• Өнер тарихы
• Живопись
• Сурет 1
• Дизайн негіздері
• Пропедевтика (Композиция негіздері)
• Типографика және каллиграфия
• Арнайы кескіндеме
• Түстану және колористика
• Арнайы сурет
• Живопись
• Сурет 2
• Басылым композициясы
• Компьютерлік графика
• Дизайн және макеттеу
• Фотографиялық материалдарды өңдеу
• Басудың арнайы түрлері
• Өндірістік дизайн
• Түрлі түсті графика
• Қолданбалы графика
• Дизайндағы маркетинг және менеджмент
• Заманауи газет, журнал, жарнама дизайны
• Зияткерлік меншікті қорғау
• Мультимедиялық басылымдардағы композициялық дизайн
• Мультимедиялық форматтар
• Кітап графикасы
• Принтмедиа басылымдарын электронды беттеу технологиясы
• Медиадизайн және web –дизайн
• Балаларға арналған ойыншық кітаптар дизайны
• Дизайн және коммуникация
• Дизайн және бренд СМИ
• Графикалық дизайнды жобалау
• Фотографика

Білім беру артықшылықтары:
• Бұрынғы ғылыми мектептердің сабақтастығы;
• Бакалавриатта оқу тәжірибемен тығыз байланысты, мұның өзі түлектің ықтимал жұмыс беруші алдындағы мәртебесін көтереді.
• Практикалық сабақтар кезінде өзіне лайықты жұмыс орындарын табады.

Халықаралық байланыстар:
А.Мицкевич атындағы Познань университеті (Польша), ГАЗИ университеті (Түркия), И.Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университеті (Россия) , Вятка мемлекеттік гуманитарлық университеті, М.В.Ломоносов атындағы ММУ

Тәжірибеден өту және жұмысқа тұратын орны: баспа үйлері, теледидар, компьютерлік орталықтар, типографиялар, газеттер, журналдар

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Бiрiншi жоғары бiлiм

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Дизайн
Мамандық шифры
5B042100
Факультеті
Журналистика
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
күндізгі
Таңдау пәні
Творческий экзамен2
Профильдік пәні
Творческий экзамен2
Өту балы
ҚАЗ
95
ОРЫС
97

пәндер

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты кәсіптік облыс саласында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады. Курс – ақпараттық технологиялар шеңберінде студенттердің кәсіби білімдерін жүйелі құрылымдау және жетілдіру. Курстың негізгі мақсаты – дүниежүзілік нарықта ақпараттық технологиялардың орны мен рөлінбілдіру; Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдылану және гигиеналық талаптарды жұмыс барысында сақтау; әдіс-тәсілдер жинағын көрсету; жаңа сапада ақпараттыөңдеу мен жіберу; заманауи бағдарламалық жұмыс істеуге баулу; сервистік қызметпен ақпараттық ресуртардың кәсіби қажеттігін және қазіргі ақпараттық коммуникацияда қолдануды басқару. Электронды коммуникацияның кәсіби мақсаттағы рөлін білу тиіс;автоматтандыру жүйесінде ақпараттарды өңдеудің тәртібін енгізуді білуі тиіс. Кәсіби деңгейдегі тапсырмалардың бағдарламалық қолданысын қамтамасыз ету; сервистік қызметті және ақпараттық реурстарды интернет жүйесінде кәсіби қолдану;заманауи әдіс –тәсілдер арқылы қайта өңдеуді қолданады. Әдіс – тәсілдер арқылы мәтіндік,кестелік,графикалық мәліметтерді дайындауды игереді;осы әдістер арқылы сурет-сипатты жабдықтау;визуалды әдістер негізінде демонстрациялық жұмыс нәтижесін игереді.

Арнайы кескіндеме
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Арнайы живопись арқылы көркемдік ойлау қабілетін дамытып, жетілдіру, көркемдеп жазудың өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, арнайы живописьтің техникалық әдістерін орындаудың негізі туралы түсінігін қалыптастыру қажет. Живопись өнері тілінің маңызды заңдылықтары мен танысып, живопись технологиясы бойынша практикалық білім алудың қыр-сырын менгерту. Қысқаша мазмұны. Арнайы живописьті жазудың техникалық жақтарын игеру, живописьте қолданылатын заңдылықтарымен танысу. Живописьтен көрінетін сезімдік-маңызды аспектілер туралы практикалық білімді менгерту. Арнайы живописьте шығармашылық туралы ұғымын қалыптастыру. арнайы живопись пәні сабағында студенттердің көркемөнер материалдарымен жұмыс істеудегі білімін практикада қолданып, түсінігін тәжірибеге бейімдеп іске асыру;; – арнайы живопистік бейнелеудің заңдылықтарына суйене отырып кезең-кезеңімен күрделі сатыларын меңгертуге алып келетін жүйе жасау қабілетін жетілдіру; – арнайы живопись пәнінің сабақ барысында көркемдік материалдармен жұмыс істеудің қажетті дағдыларын игеріп, кәсіпқой суретшілер шығармашылығының қыр-сырына қанығып көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.

Арнайы сурет
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Арнайы сурет пәні арқылы кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындап, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, затты бейнелеудің теориялық және практикалық тәсілдерін меңгерту, композициялық шығармашылық қызметтерін дамыту. Арнайы сурет техникасы мен технологиясын және заңдылықтарын еркін меңгерту. Қысқаша мазмұны. Академиялық сурет – реалистік бейнелеу өнерінің (фундаменті) түп қазығы-негізі, студенттердің көркемдік таным, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды роль атқару мен қатар бұл пән графиктер, мүсіншілер, архитекторлар, безендірушілер және қолданбалы өнер шеберлері үшін – ең басты пәннің бірі болып саналады. Арнайы сурет өнерін үйрету қарапайым заттарды суретін контурлы штрихты сызықтармен, өзара салыстырмалы әр түрлі айырым қатыстылықтары арқылы жазықтыққа (көбінесе қағазға) қарындашпен, қаламұшпен, қылқаламмен, көмірмен, бормен т.б. салуға дағдыландыру. Арнайы сурет пәні студенттерге эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда, бейнелеудің теориялық және практикалық тәсілдерін меңгертуге, композициялық шығармашылық қызметтерін дамытуға білімін практикада қолдана білуіне көмектеседі; дағдыландыру. – сурет өнерінің алғашқы қадамдары – қарапайым геометриялық денелер арқылы арнайы сурет заңдылықтары бойынша форматқа композициялық шешімде орналастыру, құрылысын, жарық пен көлеңкесін, бейненің көлемі (объем), көрініс тереңдігін ( ауа перспективасы), заттың аралық қатысын (планновость) орындау қабілетін жетілдіру; жекелей және жалпылай алғандағы реңдік қатысы, (тональность) және заттың материалдығын айқындап, бір жүйеге түсіріп, жалпы тұтастықпен көркемдеп салуға дағдыландыру.

Балаларға арналған ойыншық кітаптар дизайны
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Басудың арнайы түрлері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Басудың арнайы түрлері"пәні баспа жоспарының объектлерін дайындалу және шығару кезеңдеріне жататын басылымдар, сонымен қатар материалдық және қаржылық ресурстарынан септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптерін, арнайы баспа түрлеріндегі жұмысты жоспарлаудағы маңызды қадамдардан білім алуы; Қысқаша мазмұны. Арнайы баспа түрлерінен шығарылып отырған басылым жоспары- белгілеген уақытқа сай, бспадан шығарылатын басылымдардың тізімі мен әр басылымның өзіне тән ерекшеліктері, баспа түрі, шығарылатын мерзімі, басылатын типографиясы, жоспар жасаған кездегі басылымның дайындық кезеңдеріне талдау жасап дағдыланады. баспа жоспарының объектлерін дайындау және шығару кезеңдеріне жататын басылымдардан, материалдық және қаржылық ресурстарына септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптерін, арнайы баспа түрлеріндегі жұмысты жоспарлаудағы маңызды қадамдардан білім беру; - арнайы баспа түрлерінен шығарылып отырған басылымдарды белгілеген уақытқа сай, бспадан шығарылатын басылымдардың тізімі мен әр басылымның өзіне тән ерекшеліктері білуге қабілетті болуы; - баспа түрі, шығарылатын мерзімді, басылым типографиясы, жоспар жасаған кездегі басылымның дайындық кезеңдеріне талдау жасап дағдылануы.

Басылым композициясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Басылым композициясы" пәнінің негізгі түйіні суретпен мәтіннің үйлесімдігін әсерлі етіп белгілі бір заңдылықтармен ретпен ыңғайластырып орналастыру. Бастыру композициясында қаріптерді көркемдеп бейнелеудің негізгі және өте керекті компоненттерімен танысып технологиясы мен техникасы бойынша практикалық білім алады. Қысқаша мазмұны. Сонымен қатар композицияның орындалу түрлері мен қаріптің формасын қалыптастыратын факторлар туралы (каллиграфияда қолданатын құралдар, компоновка, композиция, «структура», «конструкция» т.б. да, композиция перспектива заңдылықтарына сүйене отырып өрбиді. Бастыру композициясында негізі көркем құрастырулар туралы, композициялық-шығармашылық жұмысты баспа және полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптеріне дағдыланадыру. суретпен мәтіннің үйлесімдігін әсерлі етіп белгілі бір заңдылықтармен ретпен ыңғайластырып орналастыру жайлы технологиясы мен техникасы бойынша практикалық білім алады. - композицияның орындалу түрлері мен қаріптің формасын қалыптастыратын факторлар туралы (каллиграфияда қолданатын құралдар, компоновка, композиция, «структура», «конструкция» т.б. да, композиция перспектива заңдылықтарына сүйене отырып қабілетін жетілдіру; бастыру композициясында негізі көркем құрастырулар туралы, композициялық-шығармашылық жұмысты баспа және полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптеріне дағдыланадыру.

Графикалық дизайнды жобалау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ғылыми таным философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты және міндеттері: студенттердің әдіснамалық және зерттеу мәдениеті, философия ғылымы саласында іргелі білімдерге сүйене отырып, ғылыми ізденіс алгоритмі мен ғылыми мәселелерді өзбетінше тұжырымдай білу, сонымен қатар пәнаралық әдіснама мүмкіндіктерінің болуы. Ғылым мен техника, инженерлік-техникалық білімдер мен шығармашылық мәселелеріне, қоғамдық ілгерілеуде ғылымның рөліне, сонымен қатар генезиске және қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге барынша көңіл бөлінеді. Мазмұны: Қазіргі заманның түйінді идеялары мен категорияларын, танымдық әрекеттің негізгі қағидалары мен заңдарын, механизмдерін білу. Ғылым мен техника дамуының этикалық мәселелерін, олардың кәсіби қызметтегі маңызын қарастыру. Студенттердің ғылымның эвристикалық және әдіснамалық саласында қазіргі философияның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін меңгеру арқылы кеңейту және жетілдіру. Социумның, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және тұлғаның даму мен өмір сүру заңдылықтары, қазіргі жаһандық қоғамның өмір сүру шарты ретіндегі төзімділік қағидалары мен мәдениаралық диалог туралы түсініктерін қалыптастыру. Cтуденттерде сыни ойлау мәдениеті мен өзбетінше әдіснамалық мәселелерді шешуде өзіндік рефлексия дағдыларын қалыптастыру. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: дүниетаным мен ғылыми білім негіздері ретінде философияның рөлін, әлемнің философиялық және жалпы ғылыми бейнесінің болмысы мен өзарабайланысын білу; танымдық қызметтің негізгі қағидаларын, заңдарын және механизмдерін білу; Пайдалана білуі керек: кәсіби ғылыми мәселелерді шешуде философияның қағидаларын, заңдарын және категорияларын қолдана білу; шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын меңгеру, сыни ойлау инструментарийлерін ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси құбылыстар мен үдерістерді талдауда қолдана білу. Дағдылану керек: қазіргі заманның өзекті этикалық мәселелерін және оның кәсіби қызметтегі маңызын білу; сыни ойлау әдіснамасы тұрғысынан қазіргі әдеуметтік-мәдени жағдаяттардың шынайылығын дұрыс қабылдай білу;

Дене шынықтыру
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - РК(с оценкой)
  • Сипаттамасы -

Дизайн және бренд СМИ
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ұсынылған үлгілер бойынша петроглифтерді терудің графикалық орындалуы. Белгілі шебер- лердің баспалық графикалық шығармаларының көшірмесін орындау. Қазіргі дайын үлгілерде сөзбен берілген тауар белгілерін орындау. Әріп- тік тауар белгілерін адам бейнесінде, жануар- лар, өсімдік әлемінен алынған бейнелерде тауар белгілерін дайындау.Бүгінгі күні журналдардың түрлері. Ғылыми журналда және көпшілікке арналған өндірістік журналдар. Ғылыми журналдар мазмұны мен ақпараттық қажеттілігне қарай үшке бөлінеді. Аз таралыммен шығатын ғылыми журналдар белгілі бір мамандықтарға ғана арналып дайындалады. Академиялық ғылыми журналдардың мұқабасының дизайны қарапайым классикалық мәнерде жасалады.

Дизайн және коммуникация
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - 1) дизайнер жұмысының мәселелерін түсіну; 2) өндірістің және технологиялардың мүмкіндігін есепке алу; 3) Қоғамның тұтастай дамуы және тұтыну мәдениетін түйсіну.Пәнді оқып білім алған студенттер жарнамаға арналған графикалық және медиа дизайндарымен жұмыс істеу, анимациялық және 3D-модельдеу, интерактивті дизайнды жасау тәсілдерін үйреніп шығуы керек. Алған білімдерін жарнамалау ісінде қолдана білуі керек.

Дизайн және макеттеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дизайн және макеттеу пәні тұрғысында студенттерді қазіргі талаптар жиынтығына сәйкес келетін шығармашылық әрекеттің технологиялық білімі мен түсінігін тәжірибеге бейімдеп іске асыруда қабілетті болуы үшін дизайнан және макеттеудің теориялық, практикалық тәжірибелерінен тыңғылықты білім беру. Қысқаша мазмұны. Студенттерді дизайн және макетті көркем жобалау әдістеріне және принциптеріне шығармашылық процес кезінде құрылымы мен эстетикалық мәнінен қабілетті болуына және дизайн және макеттеу өнерінің көркем тілінің заңдылықтарын тәжірибелік әрекеттеріне дағдылануы. жалпы тұрғыда студенттерді қазіргі талаптар жиынтығына сәйкес келетін шығармашылық әрекетпен затты4 дизайнын және макеттеудің теориялық, практикалық тәжірибелерінен тыңғылықты білім беру; - студенттерге заттың дизайнын және макетті көркем жобалау әдістеріне байланысты шығармашылық процесінің құрылымы және эстетикалық түсіну қабілетті болуы; - дизайн және макеттеу өнерінің көркем тілінің заңдылықтарын тәжірибелік әрекеттеріне дағдылануы.

Дизайн негіздері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дизайнердің негізі өнердің көркемдік тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін, қоғамдық өмірдегі саяси-әлеуметтік және мәдени-әлеуметтік тәрбие роліндегі функциялардың мағаналы сұрақтарының қазіргі талаптар жиынтығына сәйкес келетін шығармашылық әрекетпен көркем жобалау әдістері мен принциптеріне оқыту. Қысқаша мазмұны. Дизайнердің шығармашылық процесінің құрылымы және эстетикалық мәні туралы түсінікті және графиканың көркем тілінің заңдылықтарын тәжірибелік әрекеттерде студенттерде қалыптастыру. дизайн негіздеріндегі принциптерді және білімі мен түсінігін тәжірибеге бейімдеп іске асыру ; - озық компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардың негізінде өнімдерінің қажетті дизайнын әзірлеуге қабілеті; - дизайнерлік қызметінде компьютерлік және коммуникациялық технологияларды игеруі .

Дизайндағы маркетинг және менеджмент
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Дизайндағы маркетинг және менеджмент"пәні арқылы маркетинг және менеджмент деген сөздің қолданылу тарихынан, білім беруді қарастыру мен қатар менеджмент деген атаудың ұғымы – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы «Жоспарлау», «Ұйымдастыру», «Мотивация (ынталандыру)», «Бақылау» және нәтижелері арқылы тексеретіндігінен және маркетинг атауының тауарларды сауда орталығындағы қажеттіліктен, өнімді өндіретін және өткізетін өндірістік орталықтағы дизайн саласына байланысты болатындығынан білім беру. Қысқаша мазмұны. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп менеджментінің негізгі элементтері ақпарат, мақсат пен міндет, басқарушылық шешім, ұйымдастыру құрылымы мен қызметі, маман, тұлға – адамдар, ресурстар, уақыт, кері байланыс – есеп, өнімді өндіретін және өткізетін өндірістік орталықтағы дизайн саласын бақылай білу қабілетінің болуы. дизайн маркетинг және менеджмент пәні арқылы маркетинг және менеджмент деген сөздерде өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқара білуі;- «Жоспарлау», «Ұйымдастыру», «Мотивация (ынталандыру)», «Бақылау» нәтижелері арқылы басқара білуге қабілетті болуы; - әлемдік тәжірибеге сүйеніп дизайн, маркетинг, менеджменттің негізгі элементтері, өнім өндіретін және өткізетін өндірістік орталықтағы дизайн саласын бақылай білуге дағдылануы.

Живопись
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Живопись -1 (студиялық) пәні сабағында студенттердің көркемөнер материалдарымен жұмыс істеуге білік пен білімін қалыптастыруына, шыншыл живопистік бейнелеудің заңдылықтарын кезең-кезеңімен меңгеруге; сөйтіп бейнелеу өнерінің күрделі сатыларын меңгеруге алып келетін жүйе жасауға, оны живописьтің төрт жылдық курсынан жалпы білім беру негізінде игеру көзделген. Сабақ барысында студент акварельдік живописьтің техникасы мен технологиясын игереді. Оқу тапсырмалары жедел және ұзақ жүретін жұмыс түрінде орындалып, семестр көрсетіліміне қойылады. Сабақ курстарында студент көркемдік материалдармен жұмыс істеудің қажетті дағдыларын игеріп, әңгімелесу барысында кәсіпқой суретшілер шығармашылығының қыр-сырына қанығады, жанр ерекшелігімен танысады. Оқу тапсырмалары практиаклық шығармашылық деңгейде орындалып, семестрлік емтихан кезінде көрме түрінде қойылып бағаланады. адамдардың практикалық әрекетінде және өмірдегі живопистің орны және рөлі туралы білім; мәдениеттің дамуы және живопистің, өнеркәсіп және өнердегі рөлі туралы; живопись дамуының негізгі тарихи кезеңдері туралы; форма қалыптастыру заңдылықтары туралы; композиция түрлері; форма қалыптастыратын факторлар туралы (живописте қолданатын құралдар, композиция); композициялау әрекетіндегі арнайы ерекшелік, негізгі көркем құрастырулар туралы; живописьтегі композициялық-шығармашылық жұмыс туралы ұғымын жетілдіру туралы; портрет, пейзаж, сюжетті-тақырыптық картина жазуын дамыту туралы;

Живопись 1
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Живопись 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Заманауи газет, журнал, жарнама дизайны
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Зияткерлік меншікті қорғау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зияткерлік меншікті қорғау, кәсіпкерлік қызметте құқық нормаларымен жұмыс істеп, заң талаптарын сақтау қабілетін қалыптастыру . Міндеті: Дизайн саласында кәсіпкерлік қызметте қолданылатын құқық жүйелері, салық төлеу, заманауи құқық талаптары жайлы білім беру. Білімі: Пәнді оқып үйрену нәтижесінде негізгі заңнамалық және нормативтік актілерді, дизайн ісіндегі мемлекеттік стандарттарды, қаржы-шаруашылық жұмыстарындағы құқықтық реттеу жұмыстарын білуі керек. Үйренуі: Алған білімін нақты істе қолдана білуі, заңнамалық-нормативтік құжаттарды анықтамалық-ақпараттық база мәліметтерін қолданып құқық талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.

Инженерлік графика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - -Пәннің мақсаты мен міндеттері: Оқу орны шеңберінде инженерлік графика студенттерге конструкторлық құжаттаманы орындау мен ресімдеу ережелері бойынша бастапқы білім беру сатысы болып табылады. Сызбаның көмегімен техникалық ойларды беру тәсілдері; геометриялық конструкциялау аппаратының негіздері; нүктелердің, сызықтардың, жазықтықтардың, беттердің кескіндерін салудың теориялық негіздері туралы түсінігі болуы керек; Жазықтыққа кеңістіктегі кескіндеудің негізгі проекциялық модельдерін, Г.Монждың екі, үш қырлы кешенді сызбасының аппаратын, жазық және кеңістіктік пішіндердің құрылу заңдарын, олардың кескіндерін салу тәсілдерін, ҚҚБЖ негізгі талаптарын білуі керек; Геометриялық фигуралардың өзара тиесілігіне және өзара қиылысуына арналған есептерді оқуды, шешуді; олардың бейнелері бойынша қарапайым тетіктердің геометриялық пішіндерін анықтауды және осы кескіндерді құрама бірліктің өзінен де, сызбасы бойынша да орындауды; құрама бірліктер сызбаларын оқуды; сәулеттік-құрылыс сызбаларын және құрылыс конструкциялары түйіндерін оқуды жасай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді қазақ (орыс) тілінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету. Қысқаша мазмұны. Қазақ (орыс) тілінде тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру; Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық-құқықтық негіздерімен қазақ (орыс) тілінің қызмет ету мен даму үдерістерінің қатынасы. Оқыту нәтижесі: - қазақ (орыс) тілінің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу; - қосымша ғылыми мәтіндерді – аннотация мен рефераттық сипаттамаларды құрастыра білу; мәселелерді тезис түріндегі ғылыми ақпаратты қорытындылай білу.

Кәсіби бағдарлы қазақ тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, қазақ тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер қазақ тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер қазақ тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер қазақ тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада қазақ тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы орыс тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – өзекті мәселелерді, орыс тілінің даму ерекшеліктері мен қарқынын қарастыру. Осы курстың мақсаты іскер орыс тілін меңгеру болып табылады. Сонымен қатар курс бағдарламасы іскер орыс тіліндегі құжаттардың үлгісімен танысуды ұсынады. ресми-іскер орыс тілінің ерекшеліктерін білу; - ресми-іскер құжаттама құрастыру шеберлігі; - іскерлік салада орыс тілінде сөйлей білу қабілеті.

Кәсіби бағдарлы шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді шетел тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Қысқаша сипаттамасы. Шет тілінің сөздік қорын толықтыра және кәсіби терминдер мен клишелерді енгізе отырып, тыңдап жауап беру дағдыларын дамыта отырып байыту, студенттердің қабілеттерін жетілдіру, түпнұсқадағы кәсіби дереккөздерінен берілген тақырыптар бойынша жарияланымдарды оқу барысында және кәсіби тақырыптарда серіктестермен іскери қарым-қатынас жүргізу дағдыларын дамыту. курс тілдің орташа және жоғары деңгейін (Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate, Advanced) меңгерген студенттерге арналған. шет тілін тыңдай отырып қабылдай білу; шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдысының және кең сөздік қорының болуы; оқи білу дағдысы мен оқыған материалды талдай білу дағдысын меңгеру.

Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: программалау тілінің синтаксисі мен семантикасы, негізгі модельдер, программалау жолдары мен тәсілдері; программалаудың тілінің негізгі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдары; жобалар және бағдарламалар зерттемесінің технологияларын; Мазмұны: лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы; бірнеше қатарлас есептеуші қалыптың және аспаптың игерушіліктері; Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: программалаудың парадигмасын, программалау тілінің синтаксисы және семантикасын, негізгі модельдерді, программалаудың әдіс-айлаларын; Пайдалана білуі керек: программалау тілінің негізі конструкциялары үшін жазбаның алгоритмін, үлгілердің және деректердің құрылымдарын; Дағдылану керек: тиімді алгоритмдарды және оларды программалаудың түрлі тілдерінде іске асыру; лексикалық талдау, синтаксистік талдау, бағдарламалық қамсыздандыруды тиімді жүзеге асуы;

Кәсіби-бағытталған шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - F

Компьютерлік графика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Компьютерлік графика пәні арқылы озық компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардан білімі мен түсінігін тәжірибеге бейімдеп іске асыруда қабілетті болуын және баспа, полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптерін білім алуы. Қысқаша мазмұны. Баспа және полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптерін білу мен қатар баспа қызметін пайдалану үшін компьютерлік графиканың маркетингтік зерттеулер нәтижелерін жүйелеп игеру қабілетін сондай-ақ кітап принциптеріне сәйкес ойластырылған композицияны компьютерлік графикада әзірлеу компьютерлік графика арқылы озық компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардан білімі мен түсінігін тәжірибеге бейімдеп іске асыруда қабілетті болуын және баспа, полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптерінен білім алуы; - баспа және полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптерінен қабілеті болуы; - компьютерлік графиканың маркетингтік зерттеулер нәтижелерін жүйелеп игеру қабілетін сондай-ақ кітап принциптеріне сәйкес ойластырылған композицияны компьютерлік графикада әзірлеуге дағдылануы;.

Кітап графикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Кітап графикасы - графикалық өнердің бір түрі. Кітап иллюстрациялары, виньеткалар, заставкалар, әріптер, мұқабалар, супер мұқабалар т.б. Ертедегі және орта ғасырлардағы қолжазба кітаптар тарихымен сурет тарихы байланысты, ал баспа кітап тарихымен гравюра және литографияның дамуы байланысты. кітапты безендіру және иллюстрациялау негіздерін білу; шрифті жазу және кітапты кең көлемде иллюстрациялауды үйрену; әртүрлі материалдарды меңгеру.

Қазақ (орыс) тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін жетілдіру. Мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Курс оқып бітірген соң студент: -қазақ / орыс тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилистикалық нормаларын білу; -кәсіби ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну; -кәсіби жазбаша ғылыми тілдің ерекшеліктерін анықтау; - кәсіби қарым қатынас аясындағы сөйлеу қарым қатынасының стратегиялары мен тактикаларын негіздеу; - ауызша баяндаумен көпшілік алдына шаға білу; - әр түрлі қарым қатынастық жағдайларда ауызша және жазбаша сөйленісті ұйымдастыру; - ғылыми мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан ұйымдастыруды түсіну және сараптау; - мәтінмен әр түрлі операциялар орындау: суреттеу, ақпаратты жинақтау; - мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің сараптау мен интерпретациалау технологияларына ие болу.

Қазақстан тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: білімалушылардытарихнегіздеріментәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріменнақтыдеректерментарихиайғақтардыоқытуарқылыжаңатеориялықжәнеәдіснамалықкөзқарастартұрғысынантаныстыру. Қысқашамазмұны. ТарихнегіздеріжәнеҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдері. ӘртүрліөткентарихикезеңдеріменқалыптасқанҚазақстанмемлекетініңқазіргіжетістіктерінетарихи-салыстырмалыталдаужасау. БүкіләлемдікжәнееуразиялықтарихиүдерісконтексіндетәуелсізҚазақстанмемлекетініңқалыптасукезеңдеріментарихинегіздерінбілу; қазақстандықдамумоделініңимманенттікбасымдылықтарын, ерекшеліктеріменмаңызыншынайыжәнежан-жақтыбілу; күрделітарихиүдерістерді, құбылыстарменқазіргіҚазақстанныңтарихитұлғаларыноқытубарысындааналитикалықжәнеаксиологиялықталдаужасаудағдысынмеңгеру;

Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
  • Сипаттамасы - «Қазақстаннның қазіргі заманғы тарихы» пәні Қазақстан Республикасындағы қазақ және басқа да халықтардың тарихы және оның көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, «Мәңгілік Ел» құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады жэне барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» мақсаты: Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру. Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау. Студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу. Тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: • Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін, стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; • Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін айқындау; • Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; • Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; • Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми білім мазмұнымен толықтыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді: - өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану; - әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; - қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру; - күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл курс органикалық дүниенің ежелгі заманда болуын зерттейді, биоталардың, систематикалық құрамын, эволюциялық процестер мен зерттеулермен оның әдістерімен геологиялық тарихи ж/е эволюциялық теорияның сұрақтарына жауап іздеуді үйретеді. – негізгі биологиялық заңдылықтар негізінде эволюциялық процестердің жүруін қазба негізінде зерттелмейтін организмдерді олардың жалпы ерекшеліктерін, олардың өмір сүру ортасын тарихи дамуын геологиялық мағлұматтарды білуді үйретеді

Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қолданбалы графика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Медиадизайн және web –дизайн
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты Медиадизайн және web –дизайн, векторлық және растрлық бейнематериалдарды өңдеу, өзгерту тәсілдері жайлы білім беру. Маңызы: Медиадизайн және web –дизайн графикалық элементтердің концепциялары, қағидалары мен әдіс-тәсілдері жайлы жүйеленген түсінік қалыптастыру. Web-дизайн және жарнама. Негізгі принцип- тері, Web-сайттың құрылымы. Негізгі сипатта- масы, қолдануы. Медиадизайн және web –дизайн негіздерін, бағдарламалық құралдарды, түс беру негіздерін, графикалық форматтар мен олардың құрылымдары жайлы білуі керек. Графикалық суреттерді, әріптерді, растрлық және векторлық материалдарды қалыптастыру, оларға талдау жасап, бағалай білулері керек. Компьютерлік дизайн жасалатын ақпараттар мен өңделетін графикалық материалдармен жұмыс істеу қабілетін игеруі керек. Web-сайттың дизайн-бағдар- ламасын жасау, виртологиялық технологиялар.

Мультимедиялық басылымдардағы композициялық дизайн
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ертеде өнердің бір түрі ретінде есептелген композициялық дизайн элитарлықтар үшін ғана пайдаланылса, қазіргі кезде бұл өнер түрі өзінің жеке меншік қайталанбас кеңістігін құру үшін әрбір адамға қажет. Бұл өнертүрін насихаттау заманауи стильдік жаңа өнер құбылыстарының пайда болуына зор мүмкіндіктер ашуда. Неоклассика, Loft, High-Tech, Fusion және т.б. бағыттар күн өткен сайын жаңа бір өзіндік сипаттарымен халық арасына кеңінен таралуда. өзін-өзі ұйымдастырудың және өз бетінше білімін жетілдірудің әдістері мен құралдарын; абстрактілі ойлаудың, ақпаратты талдау мен жүйелеудің әдістерін білуі тиіс. өзінің қызметін өзі ұйымдастыру үшін: абстрактілі ойлау, түскен ақпартты талдау және қорытындылау. өзін-өзі ұйымдастыру қабылетін;өзін-өзі жетілдіру, абстрактілі ойлау, талдау және қорытындылау қабылетін меңгеру.

Мультимедиялық форматтар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудағы мақсат білімгерлерге теориялық біліммен қатар мультимедиа элементтері және мультимедиа қосымшаларды жасау технологияларының негіздері бойынша дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер: мультимедиа қосымшаларын пайдалану салаларын зерттеу; оқыту барысында мультимедиа өнімдерін зерттеу; мультимедиа технологияларының аппараттық құралдарын таңдау және талдау; файлдардың : мәтіндік файлдардың, растрлық және векторлық графиканың, дыбыстық файлдардың негізгі түрлері мен көлемдерін таңдау; мультимедиа технологиясының негізгі элементтерін: анимация, дыбыс, видео, виртуалды нақтылық. дыбыспен, гипермәтінмен, анимациямен жұмыс істейтін жүйелерді жүйелі түрде үйрену; гипермәтінді, дыбыстық, бейне мәліметтерді және анимацияны редакциялау мақсатында бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету. мультимедиа мәліметтерді құрастыру, редакциялау және конвертациялау сияқты негізгі әдістерді; мультимедиа ақпараттың бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіру дағдыларын меңгеру.

Өндірістік дизайн
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Өндірістік дизайн" пәні бұл тұрмыстық заттарды, приборларды, мебельдерді, ыдыстарды, станоктарды т.б. заттардың сыртқы көрнісі мен пішінін қоғамға ыңғайлы жағын дизайнер қарастырып жасайтындығы туралы түсінігін және орындалу техникасы мен технологиясынан және заңдылықтарынан білім алуын қарастыру. Қысқаша мазмұны Өнеркәсіп дизайны заттардың адамдар қолданысында қаншалықты ыңғайлы әсем көрінетінін қарастыратындығын және завод, фабрика өнеркәсібінде заттың пішіні мен сапасы, әдемілігі бір-біріне сайлылығы қарастырылып шығарылатындығын, әртүрлі материалдың эстетикалық құрамының сапасы да қарастырылатындығына талдау жасалады. заттың дизайынында қаралатын нәрсе құрлысымен технологиясын сараптауы мен теориялық, практикалық тәсілдерін орындау үшін үлкен кеңістік масштабында жұмысты атқара білуі; - ол заттың барлық бөлшектерінің механизмін жоғары денгейде дәлме-дәл даярлап және тұтас заттың көрнісінің сызбасын көрсетуге қабілетті болуы; - заттың жобасын орындау үшін, жасап құрастырып отырған заттың инженерлік, дизайнерлік және жалпы мәдени эстетикалық жағын толықтай қарастыру, ұсыну немесе ұсынылған заттың жобасына өз шешімін айта алауына дағдылануы.

Өнер тарихы
  • Кредит саны - 4
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Өнер тарихы әлемді тануға көмектеседі, адамның рухани образын, сезімі мен ойын қалыптастырады, адамды тәрбиелейді, дүниетанымды кеңейтеді, шығармашылық қабілеттілікті оятады. Өнер тарихын оқытудағы негізгі мақсаттар: - Өнер туралы тұтас түсінік, оның мәні мен ерекшеліктері, түрлері, жанрлары, адам өмірі мен қоғамындағы орны мен рөлі, оның тарихи эволюциядағы бағыттары мен эволюциясы жайында түсінік беру; теориялық материал, очерктер, естеліктер және т.б. жүйелеу және жалпыландыру, әлем тарихы мен өнердің дамуы арасындағы себеп-салдарлы байланысты айқындау; - Орыс мәдениетінің діни-адамгершілік және рухани негіздерін, оның әлемдік сурет мәдениетімен байланысын, дәстүрлі және заманауи бейнелеу үрдісімен байланысын айқындау; - Бейнелеу өнерінің әлемдік көркем мәдениетпен – дінмен, философиямен, әдебиетпен, психологиямен, театрмен өзара байланысын анықтау; - Студенттерді өнер жетістіктерін бағалауға, көркем мәдениеттің негізгі ескерткіштерін талдауға үйрету. Әлемдік өнердің мәдени және көркем-рухани дамуының негізгі кезеңдерін, стильдердің эстетикалық спецификасын, ағымдарын, өнертанулық атауларын, терминдерін білу; - Өнертанушылық деректерден ақпарат ала білу, оны танымдық міндеттерді шешу үшін қолдана білу; суретшілердің шығармашылығын, өнер стильдері мен бағыттарын сипаттау әдістерін игеру, өнердің даму заңдылықтарын, белгілі бір өнердің түрі мен жанрының қалыптасуының себптері мен салдарларын түсіндіру, олардағы ортақтық пен рекшеліктерді айқындау, өнердің этногеографиялық ерекшеліктерін айыру;

Өнер тарихы 1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Принтмедиа басылымдарын электронды беттеу технологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән электронды басылымдарды даярлау, безендірудің заманауи тәсілдері жайлы ақпараттар береді. Пәнді оқытудың мақсаты электронды басылымдарды жобалауда қолданылатын арнайы бағдарламалық пакеттерді қолдану Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент электронды басылымдарды даярлаудың әртүрлі технологиялары мен әдіс-тәсілдерін үйреніп шығуы керек. Гипермәтінді және гиперграфикалық электронды басылымдарды даярлаудың әдіс-тәсілдерін үйрету және олардың мүмкіншіліктермен таныстыру.

Пропедевтика (Композиция негіздері)
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пропедевтика (Композиция негіздері) пәнінің негізгі түйіні салынған заттардың картинадағы үйлесімдігін табуда қолданылатын «композиция», «структура», «конструкция», «компоновка» заңдылықтары мен тәсілдерін үйретіп, қалыптастыру болып табылады. Студент композицияны көркемдеп үйлестірудің негізгі және өте керекті компоненттерімен танысып, композицияны орындаудың технологиясы мен техникасы бойынша практикалық білім алады. Қысқаша мазмұны. Сонымен қатар композицияның орындалу түрлері мен қаріптің формасын қалыптастыратын факторлар туралы (каллиграфияда қолданатын құралдар, композиция), композициялау әрекетіндегі арнайы ерекшелік, негізгі көркем құрастырулар туралы, композициялық-шығармашылық жұмысты баспа ұғымымен жетілдіріп қабілетін қалыптастыру. өнімнің дизайнын жақсарту үшін білім теориясын практикада қолданып, түсінігін тәжірибеге бейімдеп іске асыру; баспа қызметін пайдаланып нарықтык өнімді жылжыту үшін маркетингтік зерттеулер нәтижелерін жүйелеп игеру қабілеті; қоғамдық пікірді зерттеп түрлі нысандардың теориялық және практикалық тәсілдерін және композициялық шығармашылық тұрғысында орындауға дағдылану;

Сурет 2
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Сурет 2» пәнінің мақсаты - графика өнерінің негізгі заңдыдлықтары мен тәсілдерін және түрлерін үйретіп, қалыптастыру болып табылады. Заттың бейнесін графитті қарындашты қолданып көркемдеп бейнелеудің негізгі техникасымен және өте керекті компоненттерімен танысады, графика технологиясы мен техникасы бойынша практикалық жұмысты орындаумен қатар графиканың эмоциональдық – мазмұндық аспектерінің ерекше түрлері жайлы білім алады. Қысқаша мазмұны. «Сурет 2» пәнінің негізгі болып ссаналатын графика өнері арқылы көркемдеп ойлау мен көркемдеп сурет салудың манерасын, тәсілін қалыптастыру, қарындаш, тушь, акварель, гуашь, пастель, сангина т.б. да құралдардың техникасы мен технологиясын меңгеруін, қажетті деңгейде білім беру. Графика өнері саласында жұмыс істейтін маман суретшілер шығармасындағы әртүрлі графика техникасында орындалған ерекшеліктерді үйреніп, графикалық суретті орындауда дұрыс жұмыс орындай білуге дағдыланады. графика өнерінің негізгі заңдыдлықтары мен тәсілдерін қолдану мен көркемдеп бейнелеудің негізгі техникасын және өте керекті компоненттерін орындаумен қатар графиканың эмоциональдық – мазмұндық аспектерінің ерекше түрлері жайлы білім алады. - графика өнері арқылы көркемдеп ойлау мен көркемдеп сурет салудың манерасын, тәсілін, техникасы мен технологиясын меңгеру қабілетін жетілдіру; - графика өнері шығармасында орындалатын әртүрлі графика техникасын орындап дағдыланады.

Сурет1
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пән эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, сызба суретпен бейнелеудің теориялық және практикалық тәсілдерін, композициялық шығармашылық қызметтерін академиялық талап заңдылықтарын оқыту арқылы жаңа теориялық және әдіснамалық көзқарастар тұрғысынан таныстырып білім меңгерту. Қысқаша мазмұны. Суреттің техникасы мен технологиясын және заңдылықтарын еркін меңгерту. Академиялық суретте – реалистік бейнелеу өнерінің (фундаменті) түп қазығы-негізінде, студенттердің көркемдік таным, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды роль қарастырылады. Білім алушыларға графика өнерінің өзіндік ерекше көркемдік қолтаңбасы таныстырылады. практикалық әрекетте суреттің қоғамдағы, мәдениеттегі, өнеркәсіп және өнердегі орны және рөлі туралы білуі; суреттен композициялық-шығармашылық жұмыста сюжетті-тақырыптық картина жазу қабілеті; эстетикалық талғамын қалыптастыру, бейнелеудің теориялық және практикалық тәсілдерін және композициялық шығармашылық тұрғысында орындауға дағдылану;

Типографика және каллиграфия
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Типографика және каллиграфия техникасы мен технологиясын игерумен қатар шығармашылық шеберлігін шыңдай отырып, көркемдік материалдармен жұмыс орындай білуге және желіде пайда болған мәтінді типографикалық безендірудің үш негізгі бағытымен практикалық жұмыс орындау барысында кәсіби шеберлігін шыңдап, каллиграфия шығармашылығының қыр-сырын менгерту. Қысқаша мазмұны. Ттипографика және каллиграфия тарихын, қалыптасуы мен дамуына қатысты теориялық және практикалық білімді менгерту. Типографика және каллиграфияға арналған пәндердің өзара байланысы туралы және практикалық тұрғыда көркемдеп жазу, шығармашылық қабілетін, эстетикалық, тәрбиелiк көзқарасын қалыптастыру қарастырылады. типографика және каллиграфия тарихын, қалыптасуы мен дамуына қатысты теориялық білім беру; - арнайы пәндердің өзара байланысын түсінуін және каллиграфия пәні арқылы қаріпті көркемдеп жазу шығармашылық қабілетін жетілдіру;- типографика және каллиграфия пәні арқылы қаріпті көркемдеп жазуды және эстетикалық, тәрбиелiк көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.

Түрлі түсті графика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Түстану және колористика
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Түстанут және колористика пәні арқылы «рең», «түс», «өң», «суық түс», «жылы түс», «бейтарап түс», «ахроматикалық, хроматикалық түстер» және түстердің реңдік қатынастары мен қарама-қарсылықтағы үйлесімін зерттеп колористика ғылымынан практикалық білім алудың қыр-сырын менгерту. Қысқаша мазмұны. Бір мезгілдегі түстер қарама-қарсылығын және табиғаттағы түстер қарама-қарсылығын қадағалап-байқауға және оларды жалпы түстер шешімінің тұтастығына бағындыруға баса назар аудара отырып көркемдік ойлау қабілетін дамытып, практикалық жұмыс орындаудың қыр-сырын меңгеруге дағдыландыру. Түстану және колористика пәні арқылы «рең», «түс», «өң», «суық түс», «жылы түс», «бейтарап түс», «ахроматикалық, хроматикалық түстер» және түстердің реңдік қатынастарынан білімі болуы; - түстану және колористика арқылы түстердің үйлесімін зерттеп колористика ғылымынан практикалық білім алудың қыр-сырын менгерту. - бір мезгілдегі түстер қарама-қарсылығын және табиғаттағы түстер қарама-қарсылығын қадағалап-байқауға және оларды жалпы түстер шешімінің тұтастығына бағындыруға баса назар аудара отырып көркемдік ойлау қабілетін дамытып, практикалық жұмыс орындаудың қыр-сырын меңгеруге дағдыландыру.

Фотографиялық материалдарды өңдеу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Фотография материалдарын өңдеумен жұмыс жасау, кітапты беттеудің ерекшеліктері, OpenType форматындағы қаріпті қолдану мүмкіндігі, Photoshop және Illustrator форматындағы графикалық обьектілерді қою жолдары, ақпараттық құралдардың сыртқы бетін жасау және түрін келтіру тәсілдері. Қысқаша мазмұны. Бағдарламаның жұмыс аймағы және құрал саймандар тақтасы. Көп беттік құжат құру. Графика және мәтінмен жұмыс. Форматтау. Обьектілердің трансформациялануы және олармен жұмыс жасау. Кестелермен жұмыс жасау. Стильмен жұмыс жасау: стильді жүктеу, стильді енгізу. Түстермен жұмыс жасау. Градиент, үлгілермен жұмыс жасау. Баспаға жіберу, алдын ала тексеру, типографияға тасымалдауды жинастыру. «Басып шығару» терезесі. Экспорт, әртүрлі форматта жұмыс жасау. жалпы тұрғыда фотография материалдарын өңдеумен жұмыс жасау, кітапты беттеудің ерекшеліктері, OpenType форматындағы қаріпті қолдану мүмкіндігі, Photoshop және Illustrator форматындағы графикалық обьектілерді қою жолдары, ақпараттық құралдардың сыртқы бетін жасау және түрін келтіру тәсілдерінен білімі болу; - көп беттік құжат құру. Графика және мәтінмен жұмыс. Форматтау. Обьектілердің трансформациялануы және кестелермен жұмыс жасау қабілеті болуы; - стильмен жұмыс жасау: стильді жүктеу, стильді енгізу. Түстермен жұмыс жасау. Градиент, үлгілермен жұмыс жасау. Баспаға жіберу, алдын ала тексеру, типографияға тасымалдауды жинастыру. «Басып шығару» терезесі. Экспорт, әртүрлі форматта жұмыс жасауға дағдылану;

Шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Нақты күнделікті тұрмыста ауыз-екі сөйлесу мен күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді қолданатын мамандық саласында тілді практикалық меңгеруге үйрету. «Ағылшын тілі” курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі. Бұл курс коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

3-өлшемді компьютерлік жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты үш өлшемді компьютерлік жобалаудың әдіс-тәсілдерін, видео және аудио ақпараттарды жайлы, оларды сандық өңдеу арқылы кеңістікте жобалауда қолданылатын ақпараттық бағдарламалар жайлы білім беру. Видео және аудио ақпараттарды сандық өңдеу жайлы жалпы үдеріс технологияларына да көптеген өзгерістер енді. Білім алушылар пәнді оқу нәтижесінде осы әдіс-тәсілдерді үйреніп шығуы керек. Цифрлық басу әдістерінің заманауи жетістіктері жайлы білім беру.

Scientific Writing
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жұмыстың басты мақсаты болып ғылыми әдебиеттерді пайдалануды үйрену, зерттеу жұмысын жетілдіру негізінде жинақтауды қорытындылау табылады 1) қозғалған мәселелерді терең талдау. 2) қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше шығармашылық тәсіл қолдану. 3) жаңа дәлелдемелік және статистикалық материалдарды пайдалану. 4) баяндама материалдарының нақтылығы, қисындылығы. Модульді оқыту нәтижесінде студент: Білуі тиіс: шетелдердегі жергілікті басқару және мемлекеттік механизмі элементтерінің негіздерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздерін, конституциялық құрылыстың негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды. Үйрене алады: ҚР мемлекеттік және құқықтық даму бағытына әсер ететін факторларды анықтауды. Меңгере алады: БАҚ қызметін, сонымен қатар, ақпаратты қорғауды, интернеттегі ақпараттық алмасу процесін.

Web-дизайндағы ақпараттық технология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымша-ларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар.Баспа саласындағы міндеттерді тұжырымдау және практика жүзінде шешу, кәсіптік қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдалану, оқу орындарында оқыту, зерттеу және өндірістік қызметті сәтті жүзеге асыру ептілігі болуы; күнделікті кәсіби қызмет және магистратурада білімін жалғастыру үшін жаңа білім алу дағдыларын меңгеруі тиіс.

Web-дизайнер шығармашылығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Web-парақ негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты web –дизайн, векторлық және растрлық бейнематериалдарды өңдеу, өзгерту тәсілдері жайлы білім беру. Маңызы: Медиадизайн және web –дизайн графикалық элементтердің концепциялары, қағидалары мен әдіс-тәсілдері жайлы жүйеленген түсінік қалыптастыру. Web-дизайн және жарнама. Негізгі принцип- тері, Web-сайттың құрылымы. Негізгі сипатта- масы, қолдануы. Медиадизайн және web –дизайн негіздерін, бағдарламалық құралдарды, түс беру негіздерін, графикалық форматтар мен олардың құрылымдары жайлы білуі керек. Графикалық суреттерді, әріптерді, растрлық және векторлық материалдарды қалыптастыру, оларға талдау жасап, бағалай білулері керек. Компьютерлік дизайн жасалатын ақпараттар мен өңделетін графикалық материалдармен жұмыс істеу қабілетін игеруі керек.

Абайдың шығармашылық мұрасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Абай Құнанбаев орыс мәдениет тарихында тамаша құбылыс , және ол Қазақстандағы әдебиеттану ғылымының салаларының бірін құрды, ол - абайтану. Пәннің мақсаты студенттерге Абай мен зерттеушілердің назарына лайық мәселелерді зерттеу нәтижелерін кейбір болжамды осы саладағы жұмыстарды зерттеу. ірі ұлттық дәстүрлер мен кеден , мәдениеті, қазақ халқының адами құндылықтарын қалыптасуына ықпал ететуін зерттеу; мәтіндік материалының негізгі мәнін бөлектеу; ассоциативті ойлау дағдылары.

Адам тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты студенттерде келесі қабілеттілікті қалыптастыру: - адам тіршілігіне қоршаған ортаның барлық зиянды, қауіпті факторларын атау; -олардан қорғанудың қолайлы әдістері мен жолдарын таңдау; төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипатын анықтау; өмірге қауіп төндіретін қауіпті анықтау; -адамға қоршаған ортаның жағымсыз факторларын айқындау, олардың әсер ету салдарын түсіндіру; қорғану жолдарын сипаттау; тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі заңдылықтарды қарастыру; -әр түрлі заттардың қорғаныш құрылымын , жеке және ұжымды түрде қорғануды салыстыру; -аса қауіпті инфекциялар түрлерін және таралу жолдарын ажырату; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысу; -ауа, топырақ және суды ластағыш заттардың әсер ету дәрежесін талдау; -оңтайлы әдістерін таңдауда шешім қабылдау; -жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және олардың іс-әрекетінің салдарын бағалау; -әр түрлі төтенше жағдай кезінде жапа -шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру; -төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау әрекетін басқару; -адам тіршілігіндегі барлық қауіптерді анықтау, бағалау және сыни талдау жүргізу. «Адам тіршілігі қауіпсіздігі» пәнінде мекен ету ортасындағы негативті факторлары және қазіргі күйі; мекен ету ортасымен адамның қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін принціптер, өндірістік ортаның арақаттайтын,зиянды және зақымдайтын факторларының адамға әсерінің салдары, оларды идентификациялау принциптері; қауіпсіздікті арттыру әдістері мен құралдары, төтенше жағдайларында экономикалық нысандардың қызмет етуінің тұрақтылығы; әскери іс-әрекетін енгізу кезіндегі, сонымен қатар техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері мен негізгі принциптері; табиғи апаттардан, өндірістік нысандарда (радиациялық, химиялық) авариялар, жарылыстар, өрттер болған кезде тұрғындарды қорғау; апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың (АҚ) міндеттері; тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін нормативті-техникалық, құқықтық ұйымдастыру.

Аймақтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - аймақтық дамудың негізгі кезеңдері, бағыттары, және ерекшеліктері туралы және аймақтық ұйымдар туралы жүйелі білім беру. - аймақтанудың ғылым ретіндегі қалыптасуы тарихын және оның теориялық негіздерін; -кеңістікте құрылымды қалыптастыру және шектесетін халықаралық аймақтардың ерекшеліктерін білу; - аймақтану жөніндегі деректі құжаттарды жүйелеу және талдауды үйрену.

Акциденттік өнімдердің дизайны
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – акциденттік өнімдерді безендіру барысында туындайтын түрлі мүмкіндіктер мен мәселелерді зерттеу. Оларды безндіріп, дизайнын жасауда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен заңдылықтарды іс-жүзінде зерттеп-үйрету. Акциденттік өнімдерге сәйкес келетін дизайн негіздерін оқып үйрету. Студенттер акциденттік өнімдерді безендіруге қажетті ақпараттарды - әріптану, графика, дизайн, фирмалық стильдерді меңгеріп шығуы керек. Білуі керек:- акциденттік өнімдердің дизайнына қойылатын талаптарды; - акциденттік өнімдерге тән дизайн негіздерін;- әріптерді қолдану мәдениетін. Жұмыс істей білуі керек:- сараптама жасап өз бетімен шығармашылық жұмыс жасай білуді;- акциденттік өнімдерге қойылатын технологиялық талаптар мен дайындау мүмкіншіліктерін ескеріп жұмысты кәсіби біліктілікпен атқара білуді.- компо¬зициялармен жұмыс істеуді.Құзіреттілігі: - заманауи графикалық редакторда жұмыс істеп, акциденттік өнімдерге тән дизайн қағидаларын меңгеруі керек.

Анимациялық графика /Flash-технология/
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Анимациялық графика /Flash-технология/» пәнін оқытудың мақсаты видео және аудио ақпараттарды сандық өңдеу жайлы жалпы ақпараттар беру. Цифрлық басу әдістерінің заманауи жетістіктері жайлы білім беру. Web-сайттың дизайн-ағдар- ламасын жасау, виртологиялық технологиялар- да визуалдық мәдениетін қалыптастыру. Компьютерлік техниканың дамуы - мәтін-бейне материалдарды әртүрлі әдістермен қалыптастыратын жаңа технологиялармен жұмыс істейтін - сандық машиналар, түрлі-түсті көшірме және шығару құрылғылары сияқты көптеген сандық аппараттардың пайда болуына себеп болды. Видео және аудио ақпараттарды сандық өңдеу жайлы жалпы үдеріс технологияларына да көптеген өзгерістер енді.

Аудио және видеокітап-тарды дайындау технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты видео және аудио ақпараттарды сандық өңдеу жайлы жалпы ақпараттар беру. Цифрлық басу әдістерінің заманауи жетістіктері жайлы білім беру Видео және аудио ақпараттарды сандық өңдеу жайлы жалпы үдеріс технологияларына да көптеген өзгерістер енді. Білім алушылар пәнді оқу нәтижесінде осы әдіс-тәсілдерді үйреніп шығуы керек.

Әлем әдебиеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты нысаны осы күнге дейін ежелгі өнердің дамуының негізгі дәуірін студенттердің ғылыми түсінуі;олардың дәуірді қабылдауды және көркем ойлауды нақты ұлттық ерекшеліктерін түсінуге көмектесуі , әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын студенттерге таныстыру және әлемдік мәдениет контексінде қалыптастыру. әлемдік өнердің дамуының негізгі кезеңдері; Әрбір өнер нысанының ерекшеліктерін түсіну; қазіргі заманғы өнер және мәдениетті қабылдау; әдеби және көркем терминология негіздерін білу; тілдік құзыреттілікті жүзеге асыру үшін қажетті көлемде , қазақ тілінің грамматикалық жүйесін білімін пайдалана алу

Әл-Фараби және қазіргі заман
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cтуденттердің бойында түркі әлемінің ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы туралы білімді қазіргі заманмен байланыстыра қалыптастыру. «Әл-Фараби және қазіргі заман» курсы Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі философиялық және ғылыми көзқарастарын сипаттауға бағытталған. Оқыту барысында әл-Фараби философиясының ерекшеліктері, оның қазіргі замандағы маңызы мен «Аl Farabi university smart city» ғылыми – инновациялық жобаның мәні, оның Қазақстанда смарт-қоғамды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады.

БАҚ-тағы компьютерлік технология
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - мамандық бойынша білім алып жатқан студенттерге нақты кәсіби жұмыстарын орындау барысында ақпараттарды қалыптастыратын БАҚ- құралдары мен компьютерлік технологиялардың даму барысымен таныстыру. Компьютер мен Интернетте жұмыс істеу құзыреттілігін қалыптастыру. Жаңа ақпараттық технологиялардың қоғам санасын қалыптастырудағы ролін зерттеу. информатика негіздерін, ақпаратты қабылдаудың әдіс-тәсілдерін біліп шығуы керек. кәсіби жұмыс барысында техника мен ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істеуді; қажетті мәліметтер базасын дайындауды; Интернет ресурстарын қолдана білуді үйреніп шығуы керек; нақты жағдайда компьютерлік графика құрылғыларымен (енгізу, шығару, көрсету, қайта өңдеу және редакциялау құзыреттілігін игеріп шығуы керек.

БАҚ-тағы фотография және фоторепортаж
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: «Баспа-полиграфия өнімдерін қорғау технологиялары» пәнін оқытудың мақсаты тұтынушылардың құқығын және мемлекеттік мүддені қорғау, жеке кәсіпкерлік істің дамуын іске асыруда жағдай туғызу үшін, контрафактілік өнімдерінен қорғану мәселелерін шешу керек. «Баспа-полиграфия өнімдерін қорғау технологиялары» пәнін оқып білім алған студенттер, жасанды жалған өнімдерден қорғану мақсатында қолданылатын тәсілдерді арнайы дизайн жасауда, беттеу үрдістерінде ерекше тәсілдерді, бейнелік материалдарды өңдеуде арнайы бағдарламаларды қолдана білуі керек. Арнайы басу әдістердің технологиясын, арнайы ерекше негіздегі қағаздарды, арнайы бояулардың қасиеттері мен қосалқы өңдеу әдістерін үйренуі керек.

Балаларға арналған ойыншық-кітаптар дизайны
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - студенттердің көркем мәдениетін қалыптастыру, көркем мәдениет рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Өнер арқылы сусындап отыратын адамзат өркениетінің ең жоғары құндылықтары ретінде жастардың бойына адамгершілік пен эстетикалық әдеміліктің нәрін себуді, өнерде де, өмірде де рухани байлыққа ұмтылуды бірінші кезекке қояды. әртүрлі материалдарды өңдеудің /саз, пластилин/ әдістері мен тәсілдерін білуі тиіс; әйгілі суретшілер мен халық шеберлерінің жеке туындыларын; кескіндеудің негізгі көркемдеуіш құралдарын; құралдармен жұмыс істеу кезінде /қайшы, ине, біз / техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай білуі тиіс. алдын ала суретсіз жанды табиғат өрнектерінің элементтерін.. сала білу; адамды қоршаған тұрмыстық заттардың моделін жасай білуі және сурет негіздерін білуі тиіс;

Баспа ісінің ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Басу үрдісіндегі қазіргі технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: «Басу үрдістердің технологиясы» пәнін оқытудың мақсаты полиграфия саласында қолданылатын дәстүрлі және арнайы басу әдістері жайлы ақпараттар беру. Маңызы: Полиграфиялық өндірістерде қолданылатын басу әдістерімен таныстыру. Студент әртүрлі баспа-полиграфиялық өнімдерді полиграфиялық басу әдістерімен дайындау тәсілдерін біліп шығуы керек. Студент басу үрдістері технологияларының негіздерін, басу сапасына әсерін тигізетін факторларды игеріп шығуы керек. Басылған өнімдердің сапалық көрсеткіштерін көзбен де, арнайы құрал-жабдықтармен де анықтай білуі керек.

Басудан кейінгі дизайн
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Басудан кейінгі үрдістердің технологиясы» пәнін оқытудың мақсаты полиграфия саласында басу үрдісінен кейін орындалатын кітапшалау –түптеу үдерістері жайлы ақпараттар беру. Басылған өнімді есептеу, екшелеу Басудан кейінгі үрдістердің технологиясы» пәнін оқып үйренудің нәтижесінде студент: басу цехынан келіп түскен жартылай шикізаттарды екшелеу, кесу, бүктемелеу, жинақтау, кітап бумаларын өңдеу тәсілдері мен қолданылатын жабдықтар жайлы біліп, оларды дайындау технологияларын үйреніп шығуы керек.

Басылым композициясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - "Басылым композициясы" пәнінің негізгі түйіні суретпен мәтіннің үйлесімдігін әсерлі етіп белгілі бір заңдылықтармен ретпен ыңғайластырып орналастыру. Бастыру композициясында қаріптерді көркемдеп бейнелеудің негізгі және өте керекті компоненттерімен танысып технологиясы мен техникасы бойынша практикалық білім алады. Қысқаша мазмұны. Сонымен қатар композицияның орындалу түрлері мен қаріптің формасын қалыптастыратын факторлар туралы (каллиграфияда қолданатын құралдар, компоновка, композиция, «структура», «конструкция» т.б. да, композиция перспектива заңдылықтарына сүйене отырып өрбиді. Бастыру композициясында негізі көркем құрастырулар туралы, композициялық-шығармашылық жұмысты баспа және полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптеріне дағдыланадыру. суретпен мәтіннің үйлесімдігін әсерлі етіп белгілі бір заңдылықтармен ретпен ыңғайластырып орналастыру жайлы технологиясы мен техникасы бойынша практикалық білім алады. - композицияның орындалу түрлері мен қаріптің формасын қалыптастыратын факторлар туралы (каллиграфияда қолданатын құралдар, компоновка, композиция, «структура», «конструкция» т.б. да, композиция перспектива заңдылықтарына сүйене отырып қабілетін жетілдіру; бастыру композициясында негізі көркем құрастырулар туралы, композициялық-шығармашылық жұмысты баспа және полиграфияның шарттарын түсіністік пен саналы пайдалануға септігін тигізетін баспа технологиясының негізгі принциптеріне дағдыланадыру.

Газет пен журналдың көркемдік құрылымы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге газет - журналдарды көркемдеп безендіру тәсілдері жайлы теориялық және тәжірибелік білім беру. Газет-журнал өнімдерінің ішкі және сыртқы безендірілуінің ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар жайлы ақпарат беру. Студенттер өнімдерді жарыққа шығаруда орындалатын газет-журнал өнімдерінің көркемдік құрылымы мен жалпы өндірістік үдерістердегі редактор мен дизайнердің ролін анықтап шығуы керек. Пәнді оқып-үйренудің нәтижесінде студент газет-журнал өнімдерінің көркемдеу-безендіру тәсілдерін жете меңгеріп шығуы керек. студент оқу барысында орындалатын технологиялық үрдістерді - қолжазбаны өңдеу, газет-журнал өнімдерінің құрылымын көркемдеу барысында сәйкес келетін стандартты пішімдер мен терілген беттің өлшемдерін таңдауды, макет жасауды, көркемдеу-безендірудің әдіс-тәсілдерін үйреніп шығуы керек. баспа-редакциялық үдерістердің сипаттамаларын, баспа өнімдерін жарыққа шығаруда оларды көркемдеу-безендіру тәсілдерін біліп шығуы керек құзыреттіліктері: газет-журналдарды жарыққа дайындап шығару барысында орындалатын жұмыстардың қыр-сырын, жалпы редакциялық әдіс-тәсілдерді нақты жұмыста қолдана білуді игеруі керек.

Дизайнда қолданылатын полиграфиялық материалдар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты өндірістегі технологиялық үдерістердің ерекшеліктеріне қарай полиграфиялық материалдарды ұтымды таңдай білудің теориялық негіздерін қалыптастыру. Полиграфияда қолданылатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерінің негізгі заңдылықтарын ескере отырып нақты өнімге сәйкес келетін түрлерін таңдау жолдарын зерттеу. Білуі керек: дизайнда қолданылатын полиграфиялық материалдардың ассортиментін, олардың даму барысы мен заманауи жетістіктерін; полиграфиялық материалдардың стандарт талаптарына сәйкестіліктері мен басты сипаттамаларын; Үйренуі: полиграфиялық материалдардың нақты технологиялық үдеріске сәйкес келетін ұтымды түрлерін таңдауды; полиграфиялық материалдардың қасиеттерін бағалап, қажетті жағдайда керектісін таңдауды. Құзыреттілігі: - пән тақырыбына сай арнайы кәсіби терминологияны; -дизайнға қажетті полиграфиялық материалдарды таңдаудың басты тәсілдерін игеруі керек.

Дизайндағы ұлттық нақыштар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: егеменді еліміздің болашақ баспагерлері мен журналистерінің редакторлық білімін жетілдіру, сондай ақ баспа қызметінің сауатты мамандарын даярлау, дизайнда пайдаланатын ұлттық нақыштарды насихаттау, олардың көркемдік қасиетін көрсету. суретшілерді кәсіби шығармашылық қызметке дайындауда ұлттық нақыштарды пайдалану. Классикалық графикалық өнері, кітап өнері, баспа полиграфиялық өнімдерді безендіру, анимация және компьютерлік графика, фирмалық белгілерді, жүйелерді және логотиптерді істеу, календарлар, плакаттар, проспектілер дизайны, сонымен бірге өндірістік бұйымдардың сыртқы түрлерін жобалау мен эстетикалық және қайталанбайтын өнер туындысына айналдыру.

Жалпы және қолданбалы әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Жалпы және қолданбалы әлеуметтану» пәнінің мақсаты студенттерде әлеуметтануды ғылым ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, әлеуметтанулық теория мен салалық әлеуметтануларды дамыту, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және мәліметтерді талдау кәсіби және күнделікті өмірде ақпараттарды талдауға үйрету. Курстың міндеттері: - Студентті әлеуметтік қарым-қатынастар, құбылыстар мен процесстер, әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді макро- және микроәлеуметтанулық теориялар негізінде түсіндіру; - әлеуметтік процесстерді зерттеу мақсатындағы негізгі әлеуметтанулық ұғымдар мен теорияларды интерпретациялау; - әлеуметтік ақпараттың қолжетімді көздерін тауып, оларды біріктіріп, талдай алу дағдысын көрсету; - әлеуметтанулық зерттеудің қолданбалы әдістерін игеру, студенттік жобалар бойынша кішігірім зерттеулер жүргізіп, жоспарлап, ұйымдастыра алулың қолданбалы әлістерін игеру; - мәтінді талдау, эссе жазу, талқылаулар, топта тиімді жұмыс істеу, зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихындағы жалпы мәселелер ұсынылған, әлеуметтанулық зерттеудің әдісі мен әдістемесі, арнайы әлеметтанулық теориялар қарастырылады. Бұл курс әлеуметтік зерттеу әдісі және пәні, әлеуметтанудағы өзекті мәселелер мен салалар туралы негізгі түсініктердің студенттерде әлеуметтанулық танымының қалыптасуына бағытталған. Студенттердің назарына әлеуметтанулық теорияның негізгі концептілері мен заманауи қоғамның түрлі салаларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынылады.

Жарнамадағы қазіргі дизайн технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - « Жарнамадағы қазіргі дизайн технологиялар» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті, заманауи жарнаманың ерекшелігін, жарнаманың негізгі функциялары мен принциптерін ескере отырып жарнамаға арналған графикалық және медиа дизайндары туралы студенттерге бағыт-бағдар беру. Пәнді оқып білім алған студенттер жарнамаға арналған графикалық және медиа дизайндарымен жұмыс істеу, анимациялық және 3D-модельдеу, интерактивті дизайнды жасау тәсілдерін үйреніп шығуы керек. Студенттер алған білімдерін жарнамалау ісінде қолдана білуі керек.

Жарнамалық өнімдердің безендіру ерекшелігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жарнама саласында қолданылатын дизайн-технологиялар жайлы теориялық түсінік қалыптастыру. Дизайн саласы мен заманауи жарнамалық технологиялар жайлы кешенді білім беру. Студенттердің тәжірибелік біліктілігін қалыптастыру. Жарнама , жарнамалық технологиялар, дизайн жайлы ақпарат беру. Жарнама мазмұнын, жарнаманың психологиялық әсерін, жарнамалық өнімдерге дизайн жасайтын өндірістік үдерістер жайлы мәліметтер беру. Студент білуі керек: - заманауи дизайн-технологияларды; Үйренуі керек: -берілген түпнұсқаға сай дизайн жасауды; - дизайн-технологиялардың қағидалары мен ережелерін; - жарнама саласында қолданылатын заманауи дизайн-технологияларды негізге ала отырып макет дизайнының нұсқаларын дайындауды; Құзіреттілігі: - заманауи дизайн-технологияларды негізге ала отырып жұмыс істей білу.

Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: студенттерді адамның әлеуметтік іс-әрекетіндегі этика нормала¬рымен, адамгершілік қағидаларымен және құндылықтарымен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Кәсіби қызметтің әр түрлі саласында этика нормаларының қалыптасу мен жетілдіру жолдары туралы түсінігін жүйелеу. Болашақ мамандарда негізгі этика нормалары, тұлғаның әлеуметтенуі үдерісінде этика нормаларының қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Этика дамуының негізгі кезеңдері мен беталысы¬мен таныстыру, тұлғаның адамгершілік көзқарасын қалыптастыратын іргелі этикалық бағдарлардың мазмұнын ашу. негізгі этикалық ұғымдар мен категорияларды білу; - этикалық жетілудің жеткілікті деңгейі туралы социумдағы адамгершілік жағынан өзбетінше бағдарлау дағдыларын меңгеру; - күнделікті өмірдің қиын жағдаяттарында ең қолайлы этикалық шешімдерді іздеудің қағидалары мен әдістемесін білу; - өз қылықтары мен қоршаған орта адамдарының қылықтарын этикет және мораль нормалары тұрғысынан бағалау.

Жобалау графикасының негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді игерудің мақсаты Дизайнның кез келген саласында қызмет істей алатындай етіп, кәсіби машықтандыру. 4 семестрден тұратын 2 курстағы жобалау композициялық негіздерге сүйенеді. Графикалық жобалауды кәсіби тұрғыдан жетілдіру. Осы пәннің нәтижесінде студент берілген кез келген тапсырманы шығармашылық тұрғыдан орындай білуі қажет. білуі тиіс: - жобалау графиасын технологиялық әдістермен орындай білу основные средства графического решения проектов - композиция негіздері мен заңдылықтарын үйренуі қажет: - сапалы графикалық композицияда өз ойын еркін жеткізе білу - сапалы әрі сауатты түрде эскизді жобалай білу меңгеруі тиіс: - алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете білу

Инновациалық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – студенттердің бойында өндірістік саладағы кәсіпкерлік сферасында ұтымды сәтті қызмет атқару, нарық жағдайында инновациялық қызметпен айналысу, материалдық өндірістегі тәуекелді инвестицияларды басқару саласындағы қажетті құзіреттерді игеруді қамтамасыз ету болып табылады.Экономикалық өсудің заманауи нысандары мен үдерістері жайлы білуі тиіс; нарықтағы шаруашылық субъектісінің экономикалық ахуалын бағалай алуы керек, инновациялық тактиканы таңдай алуы тиіс, бәсекелестік артықшылықтарды иелену және сақтап қалу жолдарын игеруі тиіс.

Инновациялық кәсіпкерлік (сала бойынша)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Зерттеу мақсаты: студенттің экономика сферасында кәсіпкерлікпен табысты жұмыс атқаруы үшін қажет дағдыларды және құзіретін қалыптастыру, нарық шарттары негізінде инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру, тәуекелді инвестицияларды басқару. Пәнді зерттеу міндеттері: инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін студенттерге түсіндіру. Пәнді игеру нәтижесінде студент инновациялық кәсіпкерліктің мәнін, ғылыми-техникалық өнім нарығының негізгі элементтерін және құрылымын, инновациялық қызметтің дамуын қаржыландыру жүйесін, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және басқару құралдарын білуі тиіс және өнімнің инновациялық дәрежесін анықтауды, нақты кәсіпорын шартында инновациялық процесстің моделін құруды, берілген шарттар негізінде инновациялық кәсіпорынның ұйымдық түрін таңдауды, инновациялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу тәсілдерін және инновациялық кәсіпорынның капиталының құрылу тәсілдерін білуі керек.

Интеллектуалды құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсатты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын, жұмыстарын және қызметін дараландыру құралдарына қатысты пайда болатын қатынастардың құқықтық реттелуін оқыту. Модульды оқыту нәтижесінде меңгерілетін құзіреттер Білуі тиіс – интеллекталдық меншік құқығының теоретикалық қағидалары және әдістері, түсінігі, мазмұны және тарихы, интеллектуалдық меншік құқығының мақсатты мен міндеттері, объектілері, интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдерін. Меңгеруі тиіс - алынған білімді саралау және тәжірибеде қолдана білу. Творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін нормативтік базамен жұмыс жасау, алынған білімді тәжірибеде қолдану; творчестволық интеллектуалдық қызмет нәтижесін қорғау және қоолдауға байланысты мемлекеттік саясатты меңгеру. Машықтануы тиіс творчестволық интеллектуалдық меншік нәтижелерін құқықтық реттеу аясындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шеше білуге. Бітірушілер интеллектуалдық меншік құқығы аясындағы коммуникациялар, алғашқы деректерді сындық бағалаумен байланысты мәселелерді шешуге жүйелік дағдылануды қалыптастыру, қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер жағдайларын саралауға қатысты терең блілім ала алады. Практикалық дағдылануға ие болады.

Интерактивті дизайн және жаңа медиа
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Интерактивті дизайн және жаңа медиа кәсіпорынын (ұйы- мын) дайындау. Жарнаманың барлық тарату құралдарын біріктіретін кәсіпорын немесе фир- маның жарнама кампаниясының дизайн бағд- арламасын дайындау. Бағдарламада біртіндеп күрделене түсетін тапсырмалары қарастырылған: жазықтықтан орта нысаналарына және пр- оцестеріне көшу жұмысы жеке нысаналардан бір-бірімен өзара байланысқан нысаналарға көшу.Жарнамалық теледидар жарнамасы. Теледидар бағдарламасының жобасы. Жарнамалық фильм. Жарнама фильмінің жобасы. Сахналық жүйе- мен кадр жоспарын құру. Пилотты бағдарлама- ның сахналық жоспары. Телеондіріс ерекшілігі. Анимация. Арнаулы эффект. Теледидар артық- шылығы мен кемшіліктері.

Интернет-құқық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің негізгі мақсаты студенттердің санасына ақпараттық құқықтық байланыстарды сіңдіру, олардың түрі мен қолданылу аясын түсіндіру нормативтік актілер мен басқа да құқықтық құжаттармен сауатты жұмыс істей алуы; оларды қабылдау, сақтау, ақпаратты өңдей білуі керек. Internet-бағдарламаларын қолдана отырып, өз Web-сайттарын жобалай білу, және тәжірибеде қолдана білуі керек. Internet-бағдарламалармен жұмыс істеуде авторлық құқықты қолдана отырып, тәжірибе жинақтауды меңгеруі тиіс:

Компьютерлік графика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: «Компьютерлік графика» пәнін оқыту мақсаты студенттерді компьютерлік графиканың теориялық негіздерімен таныстыру және графикалық пакеттермен практикалық жұмыс жасауға дағдыландыру. Міндеті: - студентке ойын графикалық программалар арқылы жеткізуді үйрету; - студентке күрделі емес графикалық бейнелерді құруды үйрету; - студентке алған білімдерін кәсіби қызметінде қолдана білуді үйрету. Қысқаша мазмұны: Компьютерлік графика түсінігі, оның негізгі түрлері, компьютерлік графикадағы түстік модельдер, графикалық файлдар форматы, графикалық бейнелерді өңдеу әдістері мен тәсілдері, автоматтандырылған жобалау жүйелерін ұйымдастыру принциптері мен тәсілдері, жобалаудың нитерактивтік режимі, ақпараттық қамтама.

Кітап иллюстрациясының теориясы мен тәжірибесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстан құқығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: «Құқық негіздері» пәнінің мақсаты – қоғамның дамуы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің күшеюіне құқықтың қосатын үлесі көп. Қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінен, құқықтық талаптарды орындамағаны үшін нормативтік құқықтық актілерде қандай шаралар бекітілгендігінен, тұтастай алғанда қоғамның дамуы дәрежесі тәуелді, елдің экономикалық дамуның жаңа бағытқа көшуі, қарым-қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамсының негізгі теориялық ережелері бойынша студенттердің білім алуы, заңнаманы қолдау қабілеттеріне ие болуы, тәжірибеде туындайтын күрделі жағдайлардан жол табу, алған заңи білімдерін қолдану қабілетіне ие болуы тәуелді.

Қазіргі Креатив-дизайн
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - курс бағдарламасының мақсаты мен міндеті: креатив-дизайнның теориялық және әдіснамалық негіздерін, менеджменттің мәні мен қағидаттарын, креатив-дизайнның қалыптасуы мен дамуының саяси және экономикалық алғы шарттарын түсіндіредікурсын оқып білім алған студенттер басқару стилі, дизайнер имиджі, ұйымның дизайндық қ саясатын білуі керек. Басқарушылық қызметтің этикасы мен мәдениетін, еңбек өнімділігі мен ұйым тиімділігін қамтамасыз етуді, өнімділік мәселелерін шешу тәсілдерін үйреніп шығуы керек. дизайн этикасы, корпоративті мәдениет пен менеджмент тиімділігін бағалаудағы әдістемелік тәсілдерді игеруі керек..

Макеттеу және қалыптау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың мақсаты – басылымдарды жарыққа шығару барысында қолжазбаны өңдеп-беттеудің техникалық әдіс-тәсілдерін қолдана білуді, арнайы бағдарламаларды қолданып қолжазбадағы терілген беттерді беттеу-өңдеу тәсілдерін, басылымға сәйкес келетін пішімдер мен терілген беттің өлшемдерін таңдай білуді, түпнұсқа макетін жасаудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Пәнді оқып-үйренудің нәтижесінде студент басуға дейінгі баспада орындалатын технологиялық үдерістерді жете меңгеріп шығуы керек. Студент: баспа-редакциялық үрдістерді, беттеу және макет жасау тәсілдерін біліп шығуы керек. қолжазбаны өңдеу, басылымға сәйкес пішімдер мен терілген беттің өлшемдерін таңдай білу, түпнұсқа макетіне сай басылым беттерін беттей білуді үйреніп шығуы керек. құзыреттіліктері: басылымды жарыққа дайындап шығару барысында орындалатын жұмыстардың қыр-сырын, қолжазбаның кітап болып қалыптасуын қамтамасыз ету барысында орындалатын редакциялық әдіс-тәсілдерді нақты жұмыста қолдана білуі керек

Мәдениет және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Дін мен мәдениеттің негізгі тұжырымдары мен ұғымдармен таныстыру. Креативтi ойлану және оларға қажетті эко-өркениетті сонымен бірге адамгершілік әлемді қалыптастыру болашақ жас мамандарды үйрету. Cондай-ақ әр түрлі дәуірлердегі мәдени өмірінің әртүрлі және күрделі құбылыстарды бағалау тәуелсіз талдау жүргізу. Теориялық материалды, көп мөлшері бар және жалпы таныстырылу жүргізіледі. Оқулық жинау барысында әр пән бойынша міндеттерін шешу үшін дайындық барысында тапсырмаларды орындау рөлін көрсетеді.

Мәтіндік ақпараттарды өңдеу бағдарламалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Мәтіндік ақпараттарды өңдеу бағдарламалары»- пәнін оқытудың мақсаты, студенттерге жалпы ақпараттық технологиялар, арнайы мәтіндік ақпараттық технологиялар жайлы, мәтіндік ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғылар жайлы білім беріп, нақты түсінік қалыптастыру. Студенттерге компьютерде мәтіндік ақпараттармен жұмыс істеуді, теру, өңдеу жұмыстарының ұтымды тәсілдерін үйрету. Арнайы бағдарламалық информатикалық тілдер жайлы білім беру. Студент: ақпараттық, мәтіндік, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру жайлы ақпараттарды біліп біліп шығуы керек. мәтіндік ақпараттарды өңдеу барысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді үйреніп біліп шығуы керек. мәтіндік ақпараттарды өңдеу барысында қажетті ақпараттық құрылғыларды іске қосып, мәтіндік ақпараттарды өңдеудің әдіс-тәсілдерін толық игеріп шығады.

Медиа дизайн тарихы мен теориясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - « Медиа дизайн тарихы мен теориясы » курсы бағдарламасының мақсаты мен міндеті: Медиа дизайн тарихы мен теориясы стратегиялық мүмкіндіктері шеңберінде баспа ісіне инновациялық технологияларды енгізу үдерісін меңгерту;Студенттер баспа ісіндегі инновациялық стратегиялар ерекшелігін, өндірістік –техникалық дамуын, бағыты мен көлемін, жаңашыл инновациялық циклдарды білу. - баспа өнімін дамыту мен нарықта жылжыту дың инновациялық технологияларын пайдалана білу; -инновациялық идеялар мен ұсыныстарды дамыту жолдарын үйреніп шығады.

Мерзімді басылым безендірудегі кәсіби ерекшеліктер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Орама өнімдері және промграфика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - орап-қаптау өнімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың графикалық дизайнын жасау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердерді үйрету. Орап-қаптау өнімдерінің дизайнын жасауға қойылатын талаптар мен оның көркемдік ұтымдылығын арттыру жолдарын зерттеу. Орап-қаптау өнімдерінің сыртқы безендірілуі тауардың бәсекелестік қабілетін арттырып, оларды жарнамалауға кететін шығын көлемін азайтатындықтан өнімнің дизайнын барынша ұтымды безендіру жолдарын зерттеу. Пән орама өнімдерінің графикалық безендіру тәсілдерін, көлемді және графикалық кешен қалыптастыратын немесе құрастыратын құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдер жайлы ақпараттар береді Студент: орап-қаптау өнімдерін безендіру негіздері мен орап-қаптау өнімдерінің графикалық дизайнының басты қағидаларын біліп шығуы керек; орап-қаптау өнімдерінің дизайнын жасай білуді үйреніп шығуы керек. орап-қаптау өнімдерінің құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкес дизайнын өндіріске дайындау құзіреттілігін игеріп шығуы керек.

Орап-қаптау өнімдерінің дизайны
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - орап-қаптау өнімдерінің ерекшеліктерін ескер отырып, олардың дизайнын жасау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердерді үйрету. Орап-қаптау өнімдерінің дизайнын жасауға қойылатын талаптар мен оның көркемдік ұтымдылығын арттыру жолдарын зерттеу. Орап-қаптау өнімдерінің сыртқы безендірілуі тауардың бәсекелестік қабілетін арттырып, оларды жарнамалауға кететін шығын көлемін азайтатындықтан өнімнің дизайнын барынша ұтымды безендіру жолдарын зерттеу. Студент білуі керек: - орап-қаптау өнімдерін безендіру негіздерін; орап-қаптау өнімдерінің графикалық дизайнының басты қағидаларын біліп шығуы керек; Жұмыс жасай білуі: - орап-қаптау өнімдерінің дизайнын жасай білуі керек. Құзіреттілігі: Орап-қаптау өнімдерінің құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкес дизайнын өндіріске дайындай білуі керек.

Сандық және офсеттік басуға дейінгі макет дайындау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Сандық және офсеттік басуға дейінгі макет дайындау» пәнін оқытудың мақсаты мен міндетіне студенттерге баспа ісін ұйымдастыру барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын, жоспарлау тәсілдерін, қаражат пен шығындарды есептеуді, қолданылатын нормалық талаптар мен нормативтерді үйрету. Студент баспа жүйесінің жоспарын құрастыру барысында қойылатын талаптарға сәйкес ұйымдастырылатын баспада сапалы өнімдерді дайындауды қамтамасыз ете білуі керек. Баспа ісі мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер нақты мақсаттар мен міндеттерді атқаратын: редакциялық, өндірістік, маркетингілік, қаржы-экономикалық, кадрлық сияқты бөлімдерден ұйымдастырылған баспа мекемесін экономикалық тұрғыдан ұтымды ұйымдастыру,

Саяси лингвистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Саяси лингвистика» курсы магистранттарға тіл білімінің жаңа салалары – тіл саясаты, саяси лингвистиканың методологиялық статусы және онтологиялық сипаттарын ғылыми бағыттағы теорретикалық пән ретінде оқытуды мақасат етеді. Курс бөліміне саяси лингвистиканың әдістерін сипаттау және Қазақстан саяси лингвистикасының пайда болуы, құрылу этаптары тарих пен саясаттану ғылымдарының озық үлгілері тұрғысынан оқыту; республикадағы көптілділік жағдайындағы саяси коммуникацияның ерекшеліктері туралы мәліме

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курс қоғамдағы әр түрлі сөйлеу жағдайында өзара әрекетке түсудің тиімді дағдылары мен тәсілдерін әлеуметтік мәдени әрі кәсіби салада дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Курс сөйлеу, байланыс деңгейінің құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Басты назар орыс тіліндегі ауызекі тілдің (монолог және диалог) және жазбаша тілдің мәдениетіне бөлінеді. Көпшіліктің алдында сәтті сөз сөйлеуге және әртүрлі жағдайда тиімді сөйлеу дағдыларына мән беріледі. Студенттер орыс тілінің тілдік нормасын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Теория және әдеби сын
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: болашақ маманның кәсіби, әлеуметтік-мәдени қызметі барысында өзге қоғам мүшелерімен қазақ тілінде емін-еркін қарым-қатынасқа түсіуіне мүмкіндік беретін тілдік білік, әдеби дағдыларын шыңдау, қазіргі қазақ әдеби сынының негізінде олардың кәсіби, әдеби тілдік құзыретін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: Қазақ әдеби сыны туралы мақалалрды талдау, жүйелеу. • маманның тілдік құзіреттілігін қалыптастыру; Студент төмендегідей жалпы-мәдени және арнайы құзіреттіліктерді меңгереді: - білуі тиіс: әдебиетті қажетті деңгейде меңгеріп, ақпарат көздерін іздеп табуды және оларға талдау жасауды; - жасай алуы тиіс: қазақ әдеби тілінің жүйесі мен лекикасына қатысты ұсынылатын білімді қажетті деңгейде игере отырып, тілдік қалыпты әдеби және мәдениетаралық қарым-қатынас барысында еркін қолдана алуды. - игеруі тиіс: әдебиет теориясы мен сыны туралы зерттеу еңбектерді игеру.

Теориялық және қолданбалы саясаттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Саясат пен оның функцияларын, билік және биліктік қатынастарды, саяси жүйелер мен режимдерді, әлемдік саясаттағы тенденцияларды зерттеу; Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси процестерді талдау қазіргі заманғы әдістерде пайдалану; Студенттердің саяси санасымен саяси мәдениетін қалыптастыру; Тәртіп әлеуметтік-саяси процестерді, саясат саласында ғылыми-практикалық іс-шараларды әдістерін мәні туралы тиісті білім береді; саяси ғылымдардың негізгі аспектілерін қамтиды Тәртіп студенттерге әлеуметтік-саяси жұмыс барысында өзекті білім береді, оларды танымал әдістері мен ғылыми-практикалық іс-шара әдістерін үйретеді,саяси білім құрылымын, үкіметтің түрлі деңгейдегі саяси барыстың жиынтығы, саяси барыстың субъектісі, саяси шешімнің барысын қабылдау сонымен қатар ғылыми зерттеу саясаты құрылымын енгізеді. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар. Саяси даму мен модернизация. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

Тұлға арасындағы коммуникациясының психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пәнді оқу барысында студенттер нәтижелі коммуникация түсініктерін, қағидаларын, процедураларын біледі. Нәтижелі коммуникация көрсеткіштерін және кедергілерін біледі. Әр түрлі адамадармен қарым-қатынас орната біледі. Конфликттердің алдын алу жолдарын, оларды шешу жолдарын түсініп үйренеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетте қажетті іскерлік қарым-қатынас іскерліктері мен дағдаларын меңгереді. (келіссөздер жүргізу, іскерлік пікір-таластар, көпшіліктің алдында шығып сөйлеу жүргізу дағдылары). Нәтижелі коммуникацияға әр түрлі әдіснамалық және теориялық амалдарды салыстырып талдайды. Өзінің қарым-қатынасатрын ұйымдастрып, басқаруғаа үйренеді, әр түрлі адамдармен қажетті коммуникация формаларын таңдай біледі. Курс тұлғааралық коммуникацияның әдіснамалық негіздерін, теориялық және қолданбалы концепцияларын қамтиды. Студенттер бұл пәнде алған тұлғаралық коммуникация туралы білімдерін және дағдыларын өздерінің болшақ кәсіби іс-әрекетінде және өзін-өзі дамытуда қолдана алады. Пән нәтижелі тұлғааралық коммуникация негізінде жататын психологиялық және әдіснамалық механизмдермен таныстырады. Коммуникация туралы классикалық және қәзіргі заманға тән бағыттар беріледі. Бұл пәнді оқыту студенттердің теориялық білімдері мен дағдыларын ұштастырады.

Тіл және мәдениаралық қарым-қатынас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мәдениетаралық коммуникация саласындағы нақты құзыреттіліктерді қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.Түрлі салалардағы ( басқару , саясат саласы , бизнес, ғылым ) кәсіби қарым-қатынас негіздерінмен танысу .Шет тілі мәтін нақты лингвистикалық дискурс талдау әдістемесін меңгеру , ұлттық-мәдени, прагматикалық , коммуникативті орындау жеткілікті деңгейде тілді , сондай-ақ ақпарат көздерін іздеу және талдай білу;тіл құзыретін жүзеге асыру үшін қажетті шамада , мәдениетаралық коммуникация өзара іс-қимыл әлеуметтік-мәдени параметрлеріне сәйкес тілдік нысандарын пайдалану мүмкіндігін қазақ тілінің грамматикалық жүйесі туралы білімін пайдалана алуды үйрену;әлеуметтік және кәсіби өзара іс-қимыл ерекшеліктеріне қарай нақты функционалдық мақсаттарда тілді пайдалануды білу : ахуал, сұхбаттасушы мәртебесі , адресаттың , және сөйлеу байланыс прагматикасына қатысты басқа да факторларды білу.

Фирмалық стиль графикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты компьютерлік дизайн мен графика, векторлық және растрлық бейнематериалдарды өңдеу, өзгерту тәсілдері жайлы білім беру Компьютерлік дизайн мен графика негіздерін, бағдарламалық құралдарды, түс беру негіздерін, графикалық форматтар мен олардың құрылымдары жайлы білуі керек. Графикалық суреттерді, әріптерді, растрлық және векторлық материалдарды қалыптастыру, оларға талдау жасап, бағалай білулері керек.

ХХ – XXI ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: XX ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы әдеби мұралармен таныстыру; сол кезеңдегі қазақ қаламгерлерінің шығармаларының жанрларлық- көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, мәселелерін зерттеу. Қысқаша мазмұны. XX ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың қазақ әдебиетінің негізгі үрдістері мен бағыттарын, сол кезеңдегі үлкен жазушылар мен белгілі шығармаларды зерттеу. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеудің жаңа бағыттарын көркем шығармалар арқылы талдап, зерделей білу; ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне қатысты жаңаша көзқарастар, тақырыптық-идеялық және көркемдік ерекшеліктердің зерттелінуі жүйелей білу.

Цифрлық медиа-дизайн
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – қазіргі баспа ісі мен жарнама ісінде пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу принциптерін үйрету.Пәнді оқытудың негізігі міндеті- баспа және жарнама ісіндегі негізгі принциптер мен қағидаларды үйрету. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер білуге міндетті: Adobe Illustrator, Corel Draw графикалық векторлық бағдарламаларында бейне макеттерін жасау және редакторлау. Adobe Photosop растрлық графикалық бағдарламасында бейнені құру және өңдеу. Adobe In Design бағдарламасында жұмыс істеу қағидаларын игеру

Шетелдік басылымдар дизайны
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты мен міндеті: шетелдік басылымдарды жарыққа шығаруға дайындау, кітапты басып шығару барысында қолданылатын дизайн ерекшеліктері жайлы жүйелі білім беру. - шетелдік басылымдар дизайндық ерекшеліктерін зерттеу, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау. Біліктілігі: Кітап ісінің даму тарихындағы шетелдік дизайн жайлы тарихи ақпараттар мен зерттеулерді негізге ала отырып өз бетімен жұмыс істей білуі.

Шрифт өнері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты Дыбыс - семантикалық белгілі символы ретінде хат * Қаріп стилі ерекшеліктері * Қаріп және мәтіндік мазмұны қарым-қатынасы Қысқа мәтінді жазып кейін орнатылған түрлі кейіпкерлердің құрамын жасау дағдылары *Бастапқы қалыптастыру. шрифтілік қалыптардың жіктелуін; шрифтің анатомиясын, морфологиясын және эстетикасын білуі; шрифтілік қалыптардың түрлерін ажыратуды; қолданылу мақсатына қарай шрифтілерді дұрыс қолдануды үйрену.

Экология және тұрақты даму
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты : - экологияның негізгі шарттарын анықтау; - қазіргі заманда экологияның маңыздылығын түсіндіру; - тірі ағзаларға қоршаған ортаның жалпы әсер ету заңдылықтарын, негізгі экологиялық факторларды сипаттау; - қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау. Курсты оқу барысында келесідей аспектілер қарастырылады: - қоршаған орта мен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары; Биосфера мен экожүйенің әрекеті, тұрақтылық механизмдері; Заманауи экономикалық және саяси мәселелерді шешуде экологияның алатын орны мен ролі, ғаламдық экологиялық мәселелер, олардың деңгейлері мен туындау себеп-салдары; Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, қоршаған ортаны қорғау аумағында халықаралық ынтымақтастық.

Экономика негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқыту мақсаты – экономиканың негізгі категориялары, түсініктері мен заңдылықтары жөнінде жүйелеп ашып көрсету. Экономика негіздері – негізгі экономикалық түсініктер және заңдылықтармен таныстыратын кіріспе курсы. Студенттер микро- және макроэкономика саласынан бастапқы білімдер алады. Бұл курс студенттің экономикалық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді; қоғамдағы экономикалық өзгерістердің мәнін, қоғамның тұрмысындағы құбылыстар мен үдерістердің логикасын және өзара байланысын түсінуге, алған білімін тәжірибелік қызметте қолдана білуді дағдылануға және игеруге көмектеседі.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оқу практика
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы -

Өндірістік
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Терең зерттеу жекелеген пәндер кәсіпорындарда өндірістік-дық және қаржы - банк салаларында, мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. Сатып алу студенттер қажетті тәжірибе кәсіпорындарда, сондай-ақ, компаниялар мен фирмаларда, түрлі меншік нысандары. әзірлеу студенттерде дағды мен мамандықтың пәндері бойынша, меңгеру, қазіргі заманғы кәсіби әдістері мен тәсілдерін ұйымдастыру. Кәсіби деңгейдегі қаржылық есеп,Басқару есебі,Қаржылық талдау

Учебная
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - ФМО

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение