Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Туризм

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация:
The Foundation for International Business Administration Accreditation (FIBAA).
Бағдарлама: 6D090200 – Туризм.
Оқу деңгейі: PhD докторантурасы.
Емтихандар: тест түрінде шетел тілі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім мен тестілеу мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының технологиялары бойынша), мамандық бойынша қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
Дайындықтың «Туризм» бағытының PhD докторы кәсіби қызметтің келесі түрлері бойынша дайындалады:
1) ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі, оның ішінде:
• қонақжайлылық және туризм саласындағы жеке және кешенді ғылыми зерттеулерді жүргізу;
• туристік қызмет көрсетулер нарығын жүйелі түрде талдау және оның дамуын қонақжайлылық және туризм индустриясы тиімді жұмыс атқаруы үшін, сондай-ақ, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында болжау;
• қонақжайлылық және туризмдегі қызмет көрсету үдерістерінде инновациялық технологияларды әзірлеу және іске қосу, сонымен қатар, туристік қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
• қонақжайлылық және туризм саласында инновацияларды әзірлеу және іске қосу;
• қонақжайлылық және туризм индустриясы үшін мамандарға білім беру, мамандарды даярлау және қайта даярлау саласындағы жұмыс;
2) жобалау және сараптау қызметі, оның ішінде:
• туристік жобаны әзірлеу және туристік қызметті жобалау;
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулер саласындағы қызметті ұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейлерде оперативтік, тактикалық және стратегиялық болжау, жобалау және жоспарлау;
• қонақжайлылық және туризм индустриясы кәсіпорындарының қызметін оперативтік, тактикалық және стратегиялық жоспарлау және жобалау;
• туристік-рекреациялық зоналар мен кешендердің қызметін жобалау және жоспарлау;
• қонақжайлылық және туризм саласын талдау жұмысымен айналысатын сарапшылық, салалық және мемлекеттік ұйымдардағы кәсіби қызмет;
3) ұйымдастыру-басқару қызметі, оның ішінде:
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулерді қалыптастыру және сату үдерістерін тұтынушылардың талаптарына және қонақжайлылық және туризм индустриясы кәсіпорындарының жұмысына сай ұйымдастыру және басқару;
• туристік өнімдер мен қызмет көрсетулерді тұтынушылар талаптарына сай әзірлеу және сату істерін ұйымдастыру және басқару;
• туристік қызметтің әртүрлі (ұлттық, аймақтық, жергілікті) деңгейлердегі мониторингі және бағалануы;
• туристік-рекреациялық зоналар мен кешендерді ұйымдастыру және басқару.
Бейіндік пәндер:
• Қазақстан туризмінің кешенді дамуы мен кеңістіктегі ұйымдастырылуының қазіргі мәселелері.
Білім алудың артықшылықтары:
• ең тәжірибелі ғылыми-білім беру мектебінің дәстүрлерімен бірге туризмдегі ең жаңа инновациялық үрдістерді зерттеу;
• элективтік модульдердің бірегей авторлық курстары, оқытудың ең жаңа әдістемеліктері, технологиялары және техникалық құралдары;
• туризм саласындағы өзекті мәселелер мен зерттеу тәжірибесінің кең ауқымы;
• академиялық мобильділік пен кәсіби білімдерін тәжірибе жағдайында бекіту үшін көптеген мүмкіндіктер мен оған қажетті серіктестердің болуы.
Халықаралық байланыстар: PhD докторанттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың отандық және шетелдік ЖОО-дағы бейіндік кафедраларда академиялық мобильділік ретінде оқу мүмкіндігіне ие.
Практикаларды өту және ықтимал жұмысқа орналасу орындары: қонақжайлылық және туризм саласының кәсіпорындары (туристік фирмалар, орналастыру, тамақтандыру кәсіпорындары, ақпараттық-туристік орталықтар, экскурсиялық бюро, спорттық-сауықтыру орталықтары, мұражайлар, демалыс пен мәдениет саябақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) т.б.); бейіндік білім беру және зерттеу ұйымдары; бейіндік мемлекеттік мекемелер; туризм дамуына ат салысатын қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар; қонақжайлылық және туризм саласының басқа органдары, мекемелері мен ұйымдары.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Туризм
Мамандық шифры
6D090200
Факультеті
География және табиғатты пайдалану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
174
ОРЫС
174

пәндер

Қазақстан туризмін кеңістікте ұйымдастыру мен комплексті дамуының қазіргі мәселелері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туризмдегі ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен теориясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ауылшаруашылық туризмін басқару негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты ауылшаруашылық туризмі, оның халықшаруашылығындағы ролі және қазіргі туризмдегі орны туралы қазіргі түсінікті білім алушылармен таныстыру. Міндеттері: ауылшаруашылық туризмі, олардың ролі мен ауыл шаруашылық территориясын дамытудағы мәні туралы ғылым саласыдағы жаңаша түсініктермен студенттерді таныстыру. Қысқаша мазмұны: Қазақстанның, Ресейдің, Шығыс Еуропаның, Азияның әртүрлі аймақтарындағы ауыл шаруашылық туризмінің негізгі формаларын қарастырады, инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері жаықтандырылады, ауыл шаруашылығын дамытуда басқарудың аймақтық ұйымдарының ролін талдайды. Пәнді зерттеу кезінде докторант келесі құзіреттіліктерге ие болуы керек: түсініктің болуы: экологиялық таза аудандарға демалыс немесе ойын-сауықты ұйымдастыру мақсатымен ауылдық территорияларға баруды қосатын, өз кезегінде ауылдық территорияларды белсендіруге әкелетін, көпфункциялы белгілерге ие болатын және әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейін көтеретін, туризмнің түрі ретінде ауылшаруашылық туризмі туралы білу керек. білу: ауылшаруашылық туризмі туралы ғылым саласында жаңаша түсініктер мен жетістіктердің жағдайы, ауыл шаруашылық территориялардың дамуында олардың ролі мен мәні. жасай білу: ауылшаруашылығы мен агротуризм саласында әс-ірекетпен айналыса отырып, алған білімдерді тәжірибеде қолдану; алынған білімдерге келісілген, ғылыми негізделген қорытындылармен басқара отырып, әрекет ету, ауыл шаруашылық және агротуризм саласында туристік зерттеулердің міндеттері мен мақсаттарын өңдеу. дағдыға ие болу: ауылшаруашылық туризмі саласында қазіргі түсініктерді тәжірибелік қабылдау мен мағынасын ұғыну және олардың әртүрлілігі; осы салада өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу.

Білім мен ғылымдағы инновациялық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: халық шаруашылығы саласында, сонымен бірге қазіргі ғылыми сыйымдылық технологияларымен, ғылыми-техникалық прогресс дамуының негізгі бағыттарымен танысу; Міндеттері: қазіргі технологияның жаратылыстану ғылымының негізі туралы негізгі түсінікті қалыптастыру; қазіргі технология мен инновацияларды басқару аясында, соынмен бірге өндірістік процесте кәсіби құзырлықты қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: курс туристік білім саласында инновациялық технологияның теориялық негізі туралы мәселелерді а

Ғылыми жобаларды басқару және жобаларды ұйымдастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Зияткерлік меншікті қорғау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Патенті ізденістегі интеллектуалды құқықтың қорғанысындағы тәжірибелік мүмкіндіктерді білу және студенттердің білімін аңғару. Міндеттері: Интеллектуалдық меншіктің келесі сипатталарымен жұмыс істеу білу, яғни патент иесі, патенті пайдалануға құқығы бар иесі; тауарға патенті бар кәсіпкер; патенті қорғау Қысқаша мазмұны: Бұл курс интеллектуалдық құқықтың қорғау формаларының түрлілігін ашып, болашақта қолданудың жолдарымен таныстырады. Докторанттардың теориялық білімді білуімен қатар тәжірибелік мүмкіндіктерін интеллектуалдық әрекеттерінің нәтижесін қорғай отырып өзінің алған білімін барлық ақпараттық ортада қолдана білуі.

Қаржы сақтау нарығын зерттеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді игеру мақсаты докторантта корпоративті қаржы теориясы мен тәжірибесін дамытудың қазіргі бағыттары, қаржылық шешімдерді талдау моделдері, туризмнің дамушы нарықтары мен толысқан жағдайдағы нәтижелермен және аспаптар олардың эмперикалық тексерістері туралы кешендік білім қалыптастыру. Міндеттері: капитал нарығының ерекшелігін қарастыру; инвестиция тарту мен корпоративті бақылауды қайта бөлу, жекеменшік (акционерлік) фирма мен корпорация капиталын қалыптастырумен қамтамасыз ететін, ұзақ мер

Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қонақ үй шаруашылығындағы инновациялық менеджмент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қонақжайлық саласындағы аутсорсинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Аутсорсинг – іс-әрекеттің әсерлілігін жетілдіруге ықпалын тигізетін ең ұтымды және алдыңғы қатарлы бизнес үлгі анықтама-терминді талдау. Міндеттері: өткізу нысаны бойынша аутсоринг классификациясының функцияларды, үрдісті және ресурсты аутсорингті қарастыру. Қысқаша мазмұня: курс негізінде еңбек ресурстарының қонақжай шаруашылығындағы түсінігін; қонақжай кәсіпкерлігінде еңбек ресурстарын бағалауды; еңбек ақысының қорының құрылымың; құрылу көздерін; еңбек ақы қорын пайдалану әсерлілігі

Педагогикалық білім берудің заманауи мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туризм жайлы заманауи ғылыми көз-қарас
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туризм саласын мемлекеттік басқару:шетелдік және отандық тәжірибе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: туризм сферасында мемлекеттік жобаларды оңтайландыруға мүмкіндік беретін, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайындағы туризм сферасында мемлекеттік жобалардың тиімділігін бағалау бойынша теориялық және әдістемелік жағдайын қалыптастыру. Міндеттері: - туризм сферасында мемлекеттік жобалардың тиімділігіне әртүрлі факторлардың әсер етуін бағалау әдістемесін білу. - туризм сферасында жобаның экономикалық тиімділігінің кешендік көрсеткішін есептеу әдістемесін білу. - туризм сферасы

Туризмдегі жүйелік сараптау мен модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туризмдегі маркетингтік қарым-қатынастар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туризмдегі сандық зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты туризмдегі нысандар, құбылыстар мен процестерді сандық анықталуын зерттеу әдістері болып табылады. Курстың міндеттері – туризмдегі сандық талдаулар мен бағалаулардың қазіргі ғылыми әдістерін (математикалық география, статистика, ықтималдық теориясы, картографиялық моделдеу, ресурстық баланс, нормалау және т.б.) және оларды тәжірибелік қолдану бойынша шеберлікті дамытуды зерттеу. Модуль туризмде және контентте ғылыми зерттеулердің сандық әдісімен таныстырады, олар жақсы нәтижелер

Туризмдегі тұрақты даму мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: докторанттарға негізгі теория мен методолгия бойынша білім беріп және оларды әртүрлі иерархиялық деңгейлердің туристік-рекреациялық жүйесінде тұрақты дамуын пайдалану бойынша оларда іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Курстың міндеті туризмнің тұрақты дамуының стратегиясын және құрал-жабдықтарын, ғылыми негізін, мәселелерін, факторларын зерттеу болып табылады. Курста туризмнің тұрақты дамуының концепциясын жүзеге асыруды теориялық-әдістемелік және қолданбалы қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар, тұрақты (рациональды) туристік-рекреациялық табиғатты пайдалануды ұйымдастырудың мәселелері мен жолдары қарастырылады. Пәнді оқу барысы келесі құзырларды құрайды: – тұрақты туризм дамуы мен рекреация үшін әс-ірекеттің құрылымы мен әдістемесі, даму тенденциясы, қазіргі жағдайы туралы түсінік болу керек; – мақсатты бағытты, туризмнің тұрақты даму концепциясының міндеттері мен терминологиялық аппарат, тұрақтылық принципінде туризмді дамытуды басқару әдістері мен тәсілдері, нормативті техникалық және құқықтық базасы, қолданыстағы технологиялардың артықшылығы және олардың функциональдық мүмкіндіктерін түсіндіреді; – туризмнің тұрақты даму жобаларын дәлелдеу және білікті өңдеу, жоспарлауды жүзеге асыру және әртүрлі жүзеге асыру кезеңдерінде туризмнің тұрақты даму сферасындағы жұмыстарды басқару мен жоспарлауды жүзеге асыру; – туризмнің тұрақты даму сферасында басқару мен жұмыстарды ұйымдастыру дағдыларына ие болу, туризмнің тұрақты дамуының қазіргі әдістері мен тәсілдерін қолданумен жаңа туристік өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру; – туризмнің тұрақты дамуы үшін қолданылатын, технологиялар мен бағдарламалық өнімдер, қазіргі ғылыми негіз сферасында құзырлы болу керек.

Туризмді аймақтық дамуының жоспарлау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты туризмнің территориялық дамуын жоспарлаудың қазіргі ғылыми негізін зерттеу болып табылады. Курстың міндеттері – туризмнің территориялық дамуын жоспарлаудың жаңаша теорияларын, әдістемесін және технологиясын зерттеу және тәжірибелік іс-әрекетте оларды пайдалану бойынша іскерлікті қалыптастыру. Пәннің мазмұны: туризмнің территориялық даму жоспарының теориясы мен әдістемесі; жоспарлау алды зерттеулері мен ҚОӘБ; туризм дамуында территорияның жоспарлық концепциясын қалыптастыру тәсіл

Туризмді территориялық аудандастыруда ГИС-технологияларды қолдану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туристік білім беру сапасындағы ғылыми зерттеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туристік білім саласындағы заманауи дидактикалық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: құзырлықты қалыптастыруға бағытталған, жаңа типтегі білім бағдарламаларын жүзеге асыру технологияларын жоғарғы мектеп оқытушыларының меңгеруіне, өзіндік әдістемелік жүйені құрастыруда ЖОО оқытушыларына көмектесу. Міндеттері: Қазақстанда және шетелде жоғарғы білімді модернизациялау процесстері туралы кәсіби білімді меңгеру; жоғарғы білімнің қазіргі бағдарламаларын өңдеу үшін қажетті аналетикалық шеберлік пен ізденісті меңгеру; сабақ беру процесінде қолданатын, жобалау шеберлігін меңгеру; өзінің кәсіби іс-әрекетінде және оның жекелеген элементтері – белгілі бір білім стандартындағы әрекетте жүзеге асыру дайындығында алған білімі мен іскерлігін өзінің жеке тәжірибесінде өзгерту процесімен бағалау; докторантқа жоғарғы білімнің дүниежүзілік кеңістігінде болатын, процестер туралы ауқымды және үнемі өзгеріп отыратын ақпараттарды өз бетінше талдауға және әрі қарай өзінің оқытушылық әрекетінде ұйымдастру және нәтижесін жоғарылату үшін пайдалануға үйрету; білімнің мазмұнын қалыптастыруда, бағдарламаларды және бағалау құралдарын өңдеу, білім берудің әдістері мен технологияларын таңдау және білім бағдарламасын жүзеге асырудың басқада жағдайларын қамтамасыз ету кезінде жұмыс тәсілдерін меңгеру; жоғарғы білімнің білім бағдарламаларын жүзеге асыруды жобалау мен қамтамасыз ету, оқытушылық процесін оңтайландыру, әртүрлі тәсілдерді қолдану. болашақ оқытушыны ойлануға және вариативті әрекет етуге үйрету. Қысқаша мазмұны: Курстiң мазмұны туристік жоғарғы білім алу жүйесінің негiзгi бағыттары, құрал-жабдықтары және педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатына бағытталған. Курс жаңа инновациялық технологияны қолданған үздік ұстаздардың педагогикалық шеберлікті оқыту мысалында негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттың келесі құзырлары болуы керек: Қазақстан мен шетелдегі жоғарғы білімді модерницазиялау процесі туралы кәсіби білімге ие болу; жоғарғы білімнің қазіргі бағдарламаларын өңдеу үшін қажетті аналетикалық шеберлік пен ізденісті, сабақ беру процесінде қолданатын, жобалау шеберлігін меңгеру; өзінің кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруға дайындығында алған білімі мен іскерлігін өзінің жеке тәжірибесінде өзгерту процесімен бағалау мүмкін; жоғарғы білімнің дүниежүзілік кеңістігінде болатын, процестер туралы ауқымды және үнемі өзгеріп отыратын ақпараттарды өз бетінше талдауға және әрі қарай өзінің оқытушылық әрекетінде ұйымдастыру және нәтижесін жоғарылату үшін пайдалануға үйрету; білімнің бағдарламаларын жүзеге асырудың басқада жағдайларымен қамтамасыз ету мен білім берудің технологиясы мен әдісін таңдау, бағдарламалар мен бағалау құралдарын өңдеу, білімнің мазмұнын қалыптастыру кезінде жұмыстың әдістерін меңгеру; жоғарғы білімнің білім бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мен жобалау мүмкін, оқытушылық процесін оңтайландыру, әртүрлі тәсілдерді қолдану; ойлау және вариативті әрекет етуі мүмкін.

Туристік қызмет бойынша сақтандыру жүйесін қалыптастыру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Туристік территориялар брендингі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың негізгі мақсаты - туристік аймақтарда брендингдті оқу, үйрету болып табылады. Курстың міндеті – негізгі түсініктерді қарастыру және туристік аймақта брендтің мәні, аймақтағы брендтің түрлерінің өзіндік ерекшеліктері, брендті құрастыру, отандық сәтті брендтер, PEST- талдау және SWOT анализ жүргізу, аймақтың бәсекеге қабілетті факторларын анықтау, туристерге қысқаша дайджест жасау. Қысқаша мазмұны: осы курста қарастырылатын аймақтардық басқа салыстырмалы аймақтардың бәсекелестік жаңдайы жоғарлаты және қалыптастыру мәселелерді; аймақтың беделің жақсартуға бағытталған шараларды қарастырады; туристік ағымда және танымдығын жоғарлатуға бағытталған шараларды ұйымдастыру жолдарды қарастыру. Туристік аймақтағы бренд түсінігін білу, отандық сәтті брендтер жоспарымен танысу, және құрастыру жоспарын талдау. Нарықтың стратегиялық талдауына мінездеме бере білу, брендті нарыққа шығарудағы бағаны қалыптастыру, негізгі сатып алушылар тобын анықтау.

Экологиялық туризмдегі қолданбалы зерттеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Экологиялық туризмді дамытуда экология саласында экологиялық жүйелерді кешенді пайдалану жағдайларында өзгерістерді жобалау. Міндеттер: "экология-туризм" симбиоз терминді ашу; қолданбалы экологиялық зерттеулерді талдау және қарастыру (ғылыми-техникалық, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және т.б.); экология саласындағы теориялық және басқа білімдерді тәжірибеде пайдалану; және де экологиялық жобаны басқару мәселелерді қарастыру. Қысқаша мазмұны: Экотуризмнің табысты және тұрақты да

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Thomson Reuters/Scopus базасына енетін мерзімді басылымдағы ғылыми жарияланым
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Зерттеу
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық тәжірибе
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение