Оқуға түсушілерге 2017
KZ
RU
EN

Шетел филологиясы

БIЛIКТIЛIГІ

  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - гуманитарлық ғылымдар магистрі
  • Бейіндік бағыт - гуманитарлық білім магистрі

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Білім беру бағдарламасының құрылымдық сипаттамасы
«6M021000-Шетел филологиясы»

Халықаралық аккредиттация: AQUIN
Бағдарлама: «6M021000-Шетел филологиясы»
Оқу деңгейі: магистратура
Емтихандар: ағылшын тілі, мамандық бойынша емтихан
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
- жоғары мектепте оқытушы;
- екі шет тілінен білімі бар мамандарды қажет ететін ғылыми-зерттеу институттарында, әкімшілік қызметтерде жұмыс істеу;
-білім берудің кәсіптік менеджері ретінде қызмет істеу
Бейінді пәндер:
Академиялық мақсаттарға арналған негізгі шет тілі
Шығыс елдеріндегі әлеуметтік лингвистиканың теориясы мен практикасы
Лингвистикалық оқулардың заманауи методологиясы
Білім артықшылықтары:
-магистранттар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ұлттық кітапханасында, тілдік зертханаларда, компьютерлік бөлмелерде, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған электронды оқу залдарында дербес жұмыс істей алады.
-магистранттар шетелде өз саласы жағынан тәжірибеден өте алады, сондай-ақ тіл білімі мен әдебиет мәселелері бойынша онлайн-семинарлар мен форумдарға қатыса алады.
Халықаралық қатынастар:
Магистранттар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдегі серіктес университеттерінде оқи алады және халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатыса алады (Египет, Кувейт, Иордания, Иран, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Түркия, ҚХР).
Практика өтетін орындар және жұмысқа орналасу мекемелері:
Магистранттар тәжірибеден Қазақстандағы білім беру орталықтарында, тілдік мектептерде, жоғары оқу орындарында, колледждерде, министрліктер мен ведомстволардың білім беру мекемелерінде, жоғары атқарушы және заң шығарушы билік мекемелерінде, әр түрлі қоғамдық ұйымдарда өте алады.Әр түрлі дәрежеде шет тілін меңгерген магистранттар мектеп мұғалімдері, редакторлар, журналистер, рецензент және шығармашылық жұмыс саласында, білім беру және мәдени ұйымдардың өкілдері талдамалық және филология қолдауды жүзеге асыратын кеңесшілер ретінде жұмыс істей алады.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Шетел филологиясы
Мамандық шифры
6M021000
Факультеті
Шығыстану
Оқу деңгейлері
Оқу түрлері
Өту балы
ҚАЗ
166
ОРЫС
166

пәндер

Академиялық мақсаттағы негізгі шетел тілі
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Академиялық мақсатқа арналған негізгі шет тілі

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ғылыми білім өндіруге бағытталған ерекше қызметтің заңдылықтары мен даму тенденциясын зерттеу. Ол тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. «Ғылымның тарихы және философиясы» пәнін оқу нәтижесінде магистрант мына құзыреттерге ие болады: - Білу ғылымның табиғатын, құрылымын, ұйымдастыру және қызмет ету принциптерін; ғылымның генезисі мен тарихын оның үлгілерінің, бейнелерінің және ойлау түрлерінің қалыптасуы тұрғысынан; - жасай білу ғылыми ізденіс қызметінде туындайтын және терең кәсіби білімдерді қажет ететін міндеттерді тұжырымдауды және шешуді; - жасай білу зерттеудің қажетті әдіс-методтарын таңдауды, бұрынғыларын жетілдіруді және нақты ізденістің міндеттерінен туындайтын жаңа әдіс-методтарды жасауды; - ғылымның тарихы мен философиясының, жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық білімдер методологиясының негізінде қазіргі заманғы теория мен практиканың шындығын сараптауды және түсінуді; - әдістемелік және әдістік білімдерді ғылыми ізденісте, педагогикалық және тәрбие жұмыстарында қолдануды.

Зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Педагогика
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты: студенттердің бойында педагогикалық білімнің қалыптасуы, олардың педагогиканың теориялық негіздерімен, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың қазіргі кездегі технологияларымен, мектептің білім беру үдерісінде оқытушы мен оқушылардың субъект-субъект өзараәрекетінің технологияларымен танысуы. Мазмұны: Педагогиканы оқыту үдерісінде студент педагогиканың негізгі категориялары мен түсініктерін, педагогиканың әдіснамалық негіздерін, тәрбиенің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары, заңдылықтары және ұстанымдарын, тәрбиенің мәні, мазмұны, формалары мен әдістерін, тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларын меңгеруі тиіс. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білу керек: Педагогика ғылымының өзекті мәселелерін; Педагогикалық қызметтің мәнін. Пайдалана білуі керек: Педагогика бойынша алынған білімді тәжірибеде қолдануды; Мектепте педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыруды: Оқушылар тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауды. Дағдылану керек: Меткепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға.

Психология
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаттары мен міндеттері: Студенттер психикалық процесстердің, психикалық күйдің және психикалық қасиеттердің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы заңдылықтары туралы түсінік алады. Мазмұны: Психология пәні мен маңызы. Психолгогия әдістері. Психикалық білімінің даму тарихы мен психологияның негізгі даму этаптары. Танымдық процесстердің психологиясы. Ойлау ең жоғары психикалық процесс ретінде. Тұлға типологиясы. Мінездің түрі мен тұлғасы. Топты басқару мен лидер болу. Педагогикалық процестегі тәрбие. Жанұя. Модульді игеру нәтижесінде алынатын құзырлық: Студент білуі керек: Теориялық негіздер, мазмұны және өмір сүру әдістері. Пайдалана білуі керек: денсаулық психиологиясының түсіністік-категориальдық аппаратын қолдану, денсаулық психиологиясы маңайындағы негізгі заманауи зерттеулердің методологиясын талдау және осы аталған зерттеулерді практика жүзінде қолдана білу. Дағдылану керек: өмір сүру салтының психиологиялық құрылымдарын құрастыру.

Тарих және философия ғылымы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Шет тілі (кәсіптік)

Шығыс елдеріндегі әлеуметтік лингвистиканың теориясы мен практикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – Шығыс елдеріндегі әлеуметтік лингвистиканың пәні, оның ұғымдық аппараты және лингвистикалық пәндер арасында алатын орны ашып көрсету және анализ жасау. әлеуметтік лингвистикасындағы негізгі бағыттарымен таныстыру. Курс аясында Шығыс елдеріндегі әлеуметтік тіл білімінің ұғымдық аппаратын меңгере отырып, тілдің қоғамдағы қызметтік ауқымы, тілдің қалыптасу формалары, стандарт мен норма, аймақтық диалект, кодталмаған диалектілік сөйлесім түрлерімен таныстырылады. пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: тілдік қарым-қатынасқа түсу кезінде оқиғаға (ситуацияға) байланысты айтылатын негізгі сөз орамдарын игереді; Нақты мәтіндерді өңдеудің әдістері, сауалнама жүргізу әдістерін игерту арқылы материалдарды талдай алады; Оқыталатын шығыс тілінде әртүрлі жанрларда сөйлеудің әдептілігі мен өзіндік мәдениетін, дағыдысын, әдіс-тәсілдерін меңгереді; • адамның танымдық қорына енетін үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар, адам әрекетінің когнитивті аясы жөнінде талдау жасауға машықтандыды; • кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында, алдымен, Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан, өз елінің патриоты болуы тиіс;

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Академиялық мақсаттағы негізгі шетел тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Анатолы түрік тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Араб тілінің өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – магистранттарда шетелдік тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша теориялық білімді қалыптастыру, сонымен қатар магистранттарды лингвистикалық ғылымның мәселелерімен таныстырып, тілдің пайда болуы және оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша негізгі білімге сүйене отырып, лингвистикалық пәндер кешеніне теориялық негіз беру және оқитын елдің тілдік мәселелерін қарастыру. Бұл пән шеңберінде магистранттар тiлдiң қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелiгiн ашады, оның негiзгi функцияларын қарастырады. 2-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • оқылатын шет тілі және ана тiлi мысалдары негізінде тiлдiң жүйесi және оның қызметін сипаттайтын құбылыстарды бiлуiн көрсете алу; • адамның әр түрлi жұмыс салаларындағы тiлдiң қолдануының ерекшелiгiн бiлу, • лексикографияның негiзiн, анықтамалық сөздiктердiң түрлерін білу, оны кәсiби пайдалана алу, • әлемнiң лингвистикалық картасында тiлдердiң арасалмағын білу, жер шарындағы тiлдердiң әр түрлiлiгi мен олардың ерекшелiктерi ара қатынасын белгiлеу; • тiл айғақтарын бақылау, лингвистикалық талдаудың түрлi әдістері көмегiмен оларды талдап жалпылау.

Араб елдеріндегі тіл саясаты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – араб елдерінің асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен, араб жазуының тарихи даму жолын ашып көрсететін еңбектермен таныстыру, жазба ескерткіштердің қоғамның дамуына әсерін айқындау. Курс аясында араб әдебиетінің жазба ескерткіштерін үйрене отырып, оқитын елдің дәстүрі, этнографиясы, каллиграфиясы, тарихы мен мәдениетін білу; ежелгі араб әдебиетінің танымал жазушылары мен ақындарымен танысу, жазба ескерткіштер тілін игеру. Шығыстың жазба ескерткіштерімен, яғни шығыс елдерінің асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен таныстыру, олардың мәтініне және мазмұнына сараптама жасау дағдыларын қалыптастыру. Бұл қолжазба мәтіндерін дұрыс оқып-түсінуге ғана қажетті емес, сонымен қатар мәтіндердің шығу жері мен уақытын, авторлары мен шығу тарихын анықтауға және түрлі жасанды құжаттарды айырып қарастыруға қажетті. Ежелгі классикалық мәтіндерді талдау арқылы шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті салаларынан білімді арттыру. Сонымен қатар ежелгі жазба ескерткіштерге шол жасау барысында ежелгі тіл таңбаларын қарастыру. Әр түрлі кезеңнің қолжазба мәтіндерін жақсы білу оларды тарихи дереккөздер ретінде пайдалануға жақсы негіз бола алады. 3-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • шетел филологиясы бойынша іргелі дайындық болуы тиіс; • қоғамдағы ғылымның рөлі туралы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым дамуының негізгі кезеңдерін, ғылыми зерттеу әдістері туралы білуі тиіс; • кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында, алдымен, Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан, өз елінің патриоты болуы тиіс; • коммуникативтік және басқа да қоғамдық іс әрекетті жүзеге асыру барысында өзге елдің мәдениетіне сыйластықпен қарайтын ұлтаралық принциптерге негізделуі тиіс; • үздіксіз интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасу.

Араб елдерінің жазба ескерткіштері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Шығыстың жазба ескерткіштерімен, яғни шығыс елдерінің асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен таныстыру, олардың мәтініне және мазмұнына сараптама жасау дағдыларын қалыптастыру. Бұл қолжазба мәтіндерін дұрыс оқып-түсінуге ғана қажет емес, сонымен қатар мәтіндердің шығу жері мен уақытын, авторлары мен шығу тарихын анықтауға және түрлі жасанды құжаттарды айырып қарастыруға қажетті. Ежелгі классикалық мәтіндерді талдау арқылы шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті салаларынан білімді арттыру. Сонымен қатар ежелгі жазба ескерткіштерге шолу жасау барысында ежелгі тіл таңбаларын қарастыру. Әр түрлі кезеңнің қолжазба мәтіндерін жақсы білу оларды тарихи дереккөздер ретінде пайдалануға жақсы негіз бола алады. Пән мақсаты – араб елдерінің асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен, араб жазуының тарихи даму жолын ашып көрсететін еңбектермен таныстыру, танымалы шығармаларды оқу және анализ жасау, жазба ескерткіштердің қоғамның дамуына әсерін айқындау. Курс аясында араб әдебиетінің жазба ескерткіштерін үйрене отырып, оқитын елдің дәстүрі, этнографиясы, тарихы мен мәдениетін білу; ежелгі парсы әдебиетінің танымал жазушылары мен ақындарымен танысу, жазба ескерткіштер тілін игеру. 1-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • шетел филологиясы бойынша іргелі дайындық болуы тиіс; • қоғамдағы ғылымның рөлі туралы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым дамуының негізгі кезеңдерін, ғылыми зерттеу әдістері туралы білуі тиіс; • кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында, алдымен, Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан, өз елінің патриоты болуы тиіс; • коммуникативтік және басқа да қоғамдық іс әрекетті жүзеге асыру барысында өзге елдің мәдениетіне сыйластықпен қарайтын ұлтаралық принциптерге негізделуі тиіс; • үздіксіз интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасу; • араб тілінің әлемдік мәдениеті мен әдеби үдерісі туралы хабары болуы тиіс;

Араб лексикографикалық дәстүрі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Лексикографическая дәстүрі араб халқының ажырамас бөлігі болып табылады классикалық араб тіл білімінің маңыздылығы зерттеудің әдістемелік және тәжірибелік, оның негіздерін шүбәсіз, өйткені жеткен бүгінгі күнге дейін ортағасырлық түсіндірме сөздіктер құрамында баға жетпес материал ғана емес, тарих үшін араб тілі, салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу семит тілдерінің диахронии, тарих, этнография, материалдық мәдениет, араб елдері мен көршілес халықтар. Мақсаты осы пәнді меңгеру: талдау классикалық лексикографических еңбектер, әртүрлі типтегі және ұстау, жан-жақты шолу олардағы материалды қадағалау, заңдылықтарын және даму тенденцияларын бірыңғай және үздіксіз филология дәстүр лексикографической. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант келесі құзіреттіліктерді игеруі қажет: • білуге бастауы мен себептері пайда болуы лексикографической дәстүр араб тіл біліміндегі; • білу жіктеуге классикалық түсіндірме сөздіктер араб тілінің мазмұны, жанры мен құрылымы; • білуге принциптері, сөздік, топтастыру және аранжировки сөздердің сөздікте; • жұмыс істей классикалық сөздіктермен үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Араб тіліндегі мәтіннің дискурсивті анализі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – қарым-қатынасты бірлескен жұмыс барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу, нақты міндеттерді шешу немесе белгілі қойылған мақсатты жүзеге асыруды көздейтін, іскерлік ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасу арқылы жүретін үдеріс ретінде қарастыру. Бұл пәннің айырмашылығы регламент болып табылады, яғни ұллтық және мәдени дәстүрлермен анықталған осы саладағы қабылданған шартты дәстүрлерге және осы тұлғалардың кәсіби ортасында қабылданған кәсіби этикалық ұстанымдарға бағыну. Бұл пән шеңберінде студенттер сонымен қатар іскерлік қатынастың жазбаша түрлерін де меңгереді. 2-пәнді оқып, үйрену барысында магистранттар төмендегідей компетенцияларды игеруі тиіс: • ресми құжаттарды оқып түсіне алу; • ауызша және жазбаша сөзді логикалық тұрғыдан дұрыс, дәлелдемелі және түсінікті құрай алу; • пән шеңберінде алынған білімді жаңа таныс емес жағдайларда зерттеушілік міндеттерді шешу мақсатында қолдану; • келiссөздер барысында, iскерлiк кездесулерде оқитын елдің сөйлеу этикетiнiң тiл ерекшелiктерi мен сөйлеу мiнез-құлығының ұлттық ерекшелiктерi туралы бiлiмдi пайдалану; • білімнің үздіксіз жаңаруы, кәсіби дағдыларды ұлғайту әдістерінде құзыретті болу.

Араб тілінің салалық терминдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – термин мен терминологияның көпаспектілі зерттелуімен таныстыру, салалық терминдердің әдістерін, себептерін, мағынасын және маңыздылығын нақтылау және терминологияны толықтыру; арнайы терминологияны қолдану арқылы оқитын тілде коммуникативті қабілетті дамыту. Бұл курста терминология мәселесі, салалық терминология сауалдары, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шет тіліндегі терминдер жүйесінің қалыптасуындағы негізгі міндеттер қарастырылады. Оқитын тілдегі терминологиялық сөздіктердің типологиясы мен классификациясы, салалық терминологияның қалыптасуының жалпы және негізгі принциптері қарастырылып, терминдердің формальды-құрылымдық классификациясы таныстырылады. 1-пәнді оқып, үйрену барысында магистранттар төмендегідей құзыреттерді игеруі тиіс: • курс бойы оқылған лексикалық материалды білу; • салалық ғылымның шет тіліндегі жарық көрген сөздіктер мен еңбектерді білу; • сараптаудың компоненттік тәсілін, лексика-семантикалық талдауды, салыстырмалы және жүйелік әдістерді меңгеру; • шет тіліндегі салалық терминдердің лексикалық құрылымын түсіну; • өзінің аудармашылық қызметінде алынған білімді қолдана алу.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жапон тілін оқыту әдісінің қазіргі заманғы үрдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – жапон тілін оқытудың терминологиялық лексиканы игерудің инновациялық тәсілдерін, грамматикалық конструкцияларды дұрыс қолдануды, оқылатын тілде өз ойыңды еркін жеткізе білу сынды тәсілдерін қамтитын жаңа әдістемелерін игеру. Аталмыш курс жаопн тілінің Жапониядағы жағдайын оқуды, шет тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдануды қарастырады. Шет тілін халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде қарастыра отырып оқытудың отандық және шетелдік әдістемеде қолданылатын түрлі жолдарын салыстыру. Тілдік және әлеуметтік-мәдени білім мен біліктіліктерді бақылау түрлері мәселелерін қарастыру, сабақты жоспарлау, жүргізу, анализ жасаудың талаптарымен танысу. Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар мынандай біліктілікке ие болады: • Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, білім беру, ғылыми-зерттеу мақсатында және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында кәсіби және практикалық тіл білімдерін қолдана алады. • Тілдік білімдерін пайдалана отырып, басқа елдердің мәдениеті мен салт-дәстүріні түсініп, халықаралық контекстте жұмыс істей алады. • Үнемі өзгеріп отыратын әлемде мобильді болуға, қиын жағдайда жаңа жағдайларға тез бейімделуге қабілетті бола алады. Инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру, лингвистикалық және аударма мәселелерін шешудің шығармашылық жолдарын табу, негізгі мәселелерді анықтай алады.

Жапон тіліндегі ғылыми жұмыстарды жазудың методологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән жапон тіліндегі ғылыми зерттеу жұмысының қазіргі теориясын, әдіснамасын және әдістерін қарастырады. Пәннің мақсаты ғылыми таным, логикалық заңдылықтарды қолдана отырып ғылыми зерттеу жүргізу қабылетін дамыту. Сонымен бірге, ғылыми еңбек жазу принциптері мен әдістерін үйрету, магистрлік жұмыс жазуға дайындау. Тілдің пайда болу мәселесі мен оның ішкі құрылысы жайындағы базалық білімге сүйене отырып пән тілдік мәселелерді қарастырады. Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін ашады және негізгі функцияларын қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант төмендегідей қабылеттерге ие болады: • алған білімін тәжірибе жүзінде кеңейту және қолдану; алған білімін ғылыми ізденістерде қолдана білу; • ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасын меңгеру; • оқитын шет тілі мен туған тілін мысалға келтіре отырып, тіл жүйесі мен оның қызметін сипаттайтын құбылыстарды баяндау; • адам қызметінің әртүрлі салаларында тілді қолдану ерекшеліктерін сипаттау; • лексикография негізін, сөздіктер түрін білу және оларды кәсіби мақсатта қолдану; • әлем тілдерінің лингвистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, сәйкестендіре білу; лингвистикалық талдаудың әртүрлі әдістері арқылы тілдік фактілерді бақылау және талдау.

Жапон тіліндегі мәтіннің дискурсивті анализі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жапон тіліндегі іскери қатынас ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жапон тілінің қазіргі прозасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Жапон тілінің салалық терминдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – термин мен терминологияның көпаспектілі зерттелуімен таныстыру, салалық терминдердің әдістерін, себептерін, мағынасын және маңыздылығын нақтылау және терминологияны толықтыру; арнайы терминологияны қолдану арқылы оқитын тілде коммуникативті қабілетті дамыту. Бұл курста терминология мәселесі, салалық терминология сауалдары, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шет тіліндегі терминдер жүйесінің қалыптасуындағы негізгі міндеттер қарастырылады. Оқитын тілдегі терминологиялық сөздіктердің типологиясы мен классификациясы, салалық терминологияның қалыптасуының жалпы және негізгі принциптері қарастырылып, терминдердің формальді-құрылымдық классификациясы таныстырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • курс бойы оқылған лексикалық материалды білу; • салалық ғылымның шет тіліндегі жарық көрген сөздіктер мен еңбектерді білу; • сараптаудың компоненттік тәсілін, лекика-семантикалық талдауды, салыстырмалы және жүйелік әдістерді меңгеру; • шет тіліндегі салалық терминдердің лексикалық құрылымын түсіну; • өзінің аудармашылық қызметінде алынған білімді қолдана алу.

Жапон филологиясының өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Берілген пән жапон филологиясын гуманитарлы ғылым саласы екенін көосетеді. Берілген курс мақсаты-негізгі жапон филологиясының дүниетанымын жасап шығару, жапон филологиясы бойынша толық мағлұматқа ие болу-оның ерекшелігі, тарихы, объектісі, методологиясы; базалық принциптерді игеру, жапон филологиясы бойынша ғылыми зерттеудің логикасы мен әдістерін білу, алған білімдерді филология саласы бойынша теориялық және практикалық қызмет процесінде қолдану, негізгі конспект жасау, реферат жазу секілді текстпен жұмыс жасау әдістерін игеру. Магистрант негізгі мынандай құзырлықтарды игеріп шығады: • әртүрлі типтегі текстерді құру және жасау. • публицистикалық стильде текстер жазуды игеру • әр жол бойынша көркем өңдеулерді игеру • анализ жасаудың компетентті әдістерін игеру, және же лексикалы-семантикалы талдау жасау • алған білімдерді жеке аударма қызметіне пайдалану • көркем шығарманы толықтай анализден өткізу.

Жапонияның тіл саясаты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – жапон тілі дамуының негiзгi кезеңдерін және қазiргi жағдайын таныстыру. Пәннің мазмұны келесіні қамтиді: тiл құбылыстарының өзгерiс динамикасын бақылау, тiлдiң тарихын және тiл ахуалын зерттеудің әдiстемесін оқыту, тiлдiң тарихы ғана емес, сонымен қатар басқа да теориялық пәндер бойынша алған бiлiмдердiң негiзiнде дербес қорытындылар iстей бiлу, алған бiлiмдерiн жалпылау дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • қарастырылатын замануи тiлдердiң ерекшеліктерін тарих саласынан түсіндіру; • қарастырылатын тiлдердiң лексикасында, грамматикасында және фонетикасындағы өзгерiстерін тарихи сөздiктер және жазбаларының көмегiмен анықтау; • оқылатын шет тiлдердiң фактілерін ана тілінің және тағы басқа тiлдердiң фактілерімен салыстыру; • оқылатын тiлдiң сөздiк құрамының тарихи даму барысында пайда болатын сөз мағынасындағы (мағынасының тарылуы немесе кеңейтуi) семантикалық өзгерiстерiн түсіндіру; • алған бiлiмдерiн мәтiндер мен жазбаларды талдау және интерпретациялау барысында қолдану; • оқылатын тiлдiң лексика, грамматика және тарихи фонетика саласында лингвистикалық зерттеулердi өткiзу.

Заманауи жапон прозасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Жапон жаңа әдебиетінің әр дәуірінің қалыптасу, даму кезеңдерін анық ұғыну талап етіледі. Әр дәуірдегі көрнекті ақын, жазушылармен үздік қалам- қайраткерлерін толық білу. Әр қоғамдық дәуірдің әдебиетке жасаған ықпалын толық ұғыну Оқитын елдің әдебиетін білу арқылы өз еліңнің әдебиет тарихына көз жүгірту. Әр дәуірдегі әдебиеттің қоғамға жасаған ықпалын түсіну. 1. Студент білуі тиіс: - Оқитын елдің жаңа заман әдебиетін білу - Әр дәуірмен сол кездегі тарихи жағыдайдларды білу - Студент осы кездің ақын-жаушыларын толық білу - Әр дәуірдегі шығармаларды ұғыну. Студент игеруі және меңгеруі тиіс дағдылар: - Студент әдебиет кезеңдерін толық меңгеру тиіс. - Әдебиеттің қоғамға ықпалын білу керек. - Ауыз екі тіл мен жазба тілдің айырмашылығын білу.

Заманауи қытай әдебиетінің негізгі тенденциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты –оқылатын ел әдебиетіндегі XX-XXI ғасыр тоғысындағы заманауи тенденцияларды анықтау; ірі авторлар шығармашылығын және олардың маңызды еңбектерін тарихи контекстіде таныстыру; олардағы тарихи (саяси, әлеуметтік, діни, философиялық, әдеби және т.б.) факторлардың әсерін анықтау. Пәнді оқу оқытылатын ел әдебиетіне деген тарихи көзқарастың қалыптасуына, тарихи-әдеби ойлау дағдысының қалыптасуына және тарихи-әдеби мәтіндерді түсінуге септігін тигізеді. 1-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • заманауи әдеби үрдістің дамуының түрлі тенденцияларын білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиетін сынау саласындағы негізгі концепциялар мен жағдайды білу; • оқытылатын жазушылардың шығармашылық ерекшеліктерін білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиеті тарихы мен әдебиеттану тарихы мен теориясы саласындағы алынған білімді ғылыми-зерттеушілік қызметте қолдана алу; • жүйелік бағыт пен оған негізделген көркем мәтінді тарихи-әдеби талдаудың әдістерін, әдебиеттанушылық дәстүрдің сабақтастығын және оның негізіндегі жаңашылдықты игеру.

Заманауи қытай тілінің лексика-семантикалық ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Ауызекі тіл этикеті кез келген тілдің маңызды бөлігі. Тілде, тілдің ауызекі тіл үрдісінде, ауызекі сөйлеу үрдіснің тұрақты формаларында әр халықтың ұлттық мәдени тәжірибесі, өзге халықтарға ұқсамайтын айрықша салт дәсүрлер мен тұрмыс ерекшеліктері жинақталған. Сөйлеу этикетінде түрлі халықтың өміріндегі маңызды қарым қатынас құралы болып табылатын ауызекі тілдегі сыпайылық формалары бейнеленеді.Бұл курстың көздеген мақсаты - тіларалық және мәдениетаралық қарым қатынас барысында осы қарым қатынастың негізгі құралдарының бірі болып есептелетін сөйлеу этикет ормаларын салғастыра және салыстыра отырып игеру-сөйлеу стратегияларын дұрыс таңдауға үйретеді, ал коммуникативтік стратегияларды дұрыс таңдау және оларды қарым-қатынас барысында дұрыс қолдану-қкоммуникацияға түсіп отырған түрлі тілдер мен мәдениет өкілдерінің бір бірін дұрыс түсінуіне көмектеседі. «Қытай және қазақ тілдері этикет формаларының лексика-семантикалық ерекшеліктері және оларды аудару мәселелері” элективті курсы қытай және қазақ тілдеріндегі ауызекі тіл этикет формаларын арнайы қарастырып «аударуға болмады» деп есептелетін бірліктерді қазақ тіліне және қазақ тілінен аудару мәселелерін де арнайы қарастырады Пәнді оқу нәтижесінде магистрант төмендегідей құзіреттілікке қол жеткізіп, аталған дағдыларға машықтанады: • магистранттар «Шетел филологиясы” пәні бойынша жалпы дайындықтан өтеді; • коммуникативтік және өзге де қоғамдық іс-әрекеттерді іске асыру барысында өзге ұлттардың мәдениетін сыйлауға негізделген белгілі ұлтаралық принциптерді қалыптастыру; • өз ана тіліндегі тілдік құбылыстар мен шетел тіліндегі тілдік құбылыстарды талдау, салыстыру және салғастыру; • қытай және қазақ тілдері сөздік қорының тарихи дамуы барысындағы сөз (мағынаның тарылуы немесе кеңеюі) мағынасындағы семантикалық өзгерістерді анықтау және түсіндіру; • өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасқа түсу барысында және өзге де қоғамдық іс әрекеттерді жүзеге асыру барысында іргелі мәдениетаралық принциптерге сүйене отырып өзге ұлттардың мәдениетін түсіну және сыйлау; • тіл-тілдегі мәдени маңызы бар мәтіндермен жұмыс істеу әдістерін игеру; сөздің мәдени амазмұнының қалыптасу механизмінен хабардар болу; мәдени мазмұны терең тіл бірліктерін ауызекі тілдегі сөздік қордан ажырата алу және олардың мағынасын дұрыс түсіну; • этнос өмірінің басты бөлігі – оның мәдениеті туралы ұғым қалыптастыру, ұлттың мәдениеті туралы ақпарат көзі болып саналатын ұлттық салт-дәстүрлер, ауызекі тілдің этикет формалары туралы ақпараттарды игеру; ана тілі мен шетел тіліндегі этикет формаларын салыстыру.

Иран елінің жазба ескерткіштері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Шығыстың жазба ескерткіштерімен, яғни шығыс елдерінің асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен таныстыру, олардың мәтініне және мазмұнына сараптама жасау дағдыларын қалыптастыру. Бұл қолжазба мәтіндерін дұрыс оқып-түсінуге ғана қажетті емес, сонымен қатар мәтіндердің шығу жері мен уақытын, авторлары мен шығу тарихын анықтауға және түрлі жасанды құжаттарды айырып қарастыруға қажетті. Ежелгі классикалық мәтіндерді талдау арқылы шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті салаларынан білімді арттыру. Сонымен қатар ежелгі жазба ескерткіштерге шол жасау барысында ежелгі тіл таңбаларын қарастыру. Әр түрлі кезеңнің қолжазба мәтіндерін жақсы білу оларды тарихи дереккөздер ретінде пайдалануға жақсы негіз бола алады. Пән мақсаты – Иранның асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен, парсы жазуының тарихи даму жолын ашып көрсететін еңбектермен таныстыру, танымалы шығармаларды оқу және анализ жасау, жазба ескерткіштердің қоғамның дамуына әсерін айқындау. Курс аясында парсы әдебиетінің жазба ескерткіштерін үйрене отырып, оқитын елдің дәстүрі, этнографиясы, тарихы мен мәдениетін білу; ежелгі парсы әдебиетінің танымал жазушылары мен ақындарымен танысу, жазба ескерткіштер тілін игеру. 1-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • шетел филологиясы бойынша іргелі дайындық болуы тиіс; • қоғамдағы ғылымның рөлі туралы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым дамуының негізгі кезеңдерін, ғылыми зерттеу әдістері туралы білуі тиіс; • кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында, алдымен, Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан, өз елінің патриоты болуы тиіс; • коммуникативтік және басқа да қоғамдық іс әрекетті жүзеге асыру барысында өзге елдің мәдениетіне сыйластықпен қарайтын ұлтаралық принциптерге негізделуі тиіс; • үздіксіз интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасу; • парсы тілінің әлемдік мәдениеті мен әдеби үдеріс туралы хабары болуы тиіс.

Компаративистика және көркем аударма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – әдебиетті оқудағы негізгі сұрақтарды терең қарастыру. Анализ жасау материалы болып әдебиеттік компаративистиканың классикалық және жаңа жұмыстары болып табылады. Берілген курстың бағдарламасы жаңа танымдық-терминологиялық аппараты игеру, көркем мәтіндерді анализдеу, әлемдік әдебиетті ұлттық феномен жағынан қарастыру. Сонымен қатар, осы курста көркем мәтіндерді аудару заңдылықтары мен әдістері қарастырылады. Әдеби шығармалардың көркем аудармасы интеллектуалды кәсіп болып табылады, ол жанрлық ерекшеліктерді, шығарма түрлері мен ұлттық бейнені қарастырады. Пәнді оқу кезінде магистрант келесі құзырлықтарды игеру керек: • көркем аударма зақдылықтарының жүйесін білу • көркем аударма әдістерін пайдалану; • көркем аударма бейнелілігін сақтауды үйрену; • аударылатын материалдың жанрлық типінің ерекшелігін айқындау. • жаңа белгісіз жағдайларда пән аумағы бойынша зерттеу жұмыстарын интеграциялау

Компаративистика және көркем аударма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – әдебиеттерді салыстыра зерттеумен байланысты мәселелерді тереңінен қарастыру. Сараптау материалы ретінде әдеби компаративистика бойынша классикалық және заманауи жұмыстар алып қарастырылады. Бұл курс бағдарламасы бойынша қазіргі заманғы түсініктер мен терминдер аппаратын меңгеру, әлемдік әдебиет феноменін ұлттық әдебиеттердің өзара ықпалдасуы ретінде қарастыру, көремдік мәтіндерді контексттік сараптамадан өткізу қарастырылған. Сонымен қатар бұл курста зерттеуiнің маңыздылығын анықтайтын көркем мәтiндердiң аудармасының заңдылығы мен әдiстерiн қарастырылады, себебі әдеби шығармалардың көркем аудармасы шығармалардың жанрлық ерекшелiктерін, түрiн және олардың ұлттық түске сәйкестілігін есепке алып отыратын зияткерлiк қызмет болып табылады.. 2-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • көркем аударманың заңдылықтар жүйесiн бiлу; • көркем аударманың әдiстері мен тәсілдерін пайдалану; • көркем аударманың бейнелiгiн сақтау; • аударылатын материалдың жанрлық түрлеріне байланысты аударманың түрлерін айыра білу; • пән шеңберінде алынған білімді таныс емес жағдайларда зерттеушілік міндеттерді шешеу үшін қолдана алу.

Компаративистика және көркем аударма
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – әдебиеттерді салыстыра зерттеумен байланысты мәселелерді тереңінен қарастыру. Сараптау материалы ретінде әдеби компаративистика бойынша классикалық және заманауи жұмыстар алып қарастырылады. Бұл курс бағдарламасы бойынша қазіргі заманғы түсініктер мен терминдер аппаратын меңгеру, әлемдік әдебиет феноменін ұлттық әдебиеттердің өзара ықпалдасуы ретінде қарастыру, көремдік мәтіндерді контексттік сараптамадан өткізу қарастырылған. Сонымен қатар бұл курста зерттеуiнің маңыздылығын анықтайтын көркем мәтiндердiң аудармасының заңдылығы мен әдiстерiн қарастырылады, себебі әдеби шығармалардың көркем аудармасы шығармалардың жанрлық ерекшелiктерін, түрiн және олардың ұлттық түске сәйкестілігін есепке алып отыратын зияткерлiк қызмет болып табылады. 1-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • заманауи әдеби үрдістің дамуының түрлі тенденцияларын білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиетін сынау саласындағы негізгі концепциялар мен жағдайды білу; • оқытылатын жазушылардың шығармашылық ререкшеліктерін білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиеті тарихы мен әдебиеттану тарихы мен теориясы саласындағы алынған білімді ғылыми-зерттеушілік қызметте қолдана алу; • жүйелік бағыт пен оған негізделген көркем мәтінді тарихи-әдеби талдаудың әдістерін, әдебеиттанушылық дәстүрдің сабақтастығын және оның негізіндегі жаңашылдықты игеру.

Корей тілін оқыту әдісінің қазіргі заманғы үрдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – корей тілін оқытудың заманауи әдістерін меңгеру, инновациялық әдістерді қамтитын терминологиялық лексиканы меңгеру, грамматика құрылымын дұрыс пайдалану, оқитын тіл елінде өз ойларын еркін жеткізе білу және т.б.Бұл курс Кореядағы корей тілінің жағдайын оқытуды, шет тілдерін оқыту үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды қамтамасыз етеді. Халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін оқытудың қабылданғанотандық және шетелдік әдіс, тәсілдердің түрлерін салыстыру. Тілдік, сөйлеу, әлеуметтік-мәдени дағды мен ерекшеліктерін бақылаумен байланысты сұрақтарды зерттеу, жоспарлау талаптары, талдау және өзіне талдау жүргізумен танысу болып табылады. Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар мынандай біліктілікке ие болады: • Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, білім беру, ғылыми-зерттеу мақсатында және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында кәсіби және практикалық тіл білімдерін қолдана алады. • Тілдік білімдерін пайдалана отырып, басқа елдердің мәдениеті мен салт-дәстүріні түсініп, халықаралық контекстте жұмыс істей алады. • Үнемі өзгеріп отыратын әлемде мобильді болуға, қиын жағдайда жаңа жағдайларға тез бейімделуге қабілетті бола алады. Инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру, лингвистикалық және аударма мәселелерін шешудің шығармашылық жолдарын табу, негізгі мәселелерді анықтай алады.

Корей тіліндегі ғылыми жұмыстарды жазудың методологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән корей тілінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазіргі заманғы теориясын, әдістемесін және тәсілдерін қарастырады. Бұл пәнің мақсаты-логикалық және белгілі заңдар мен ережелерді қолдана отырып, ғылыми танымның әдістерін пайдаланып ғылыми зерттеулердің дағдыларын дамыту болып табылады. Сондай-ақ ғылыми жұмысты жазу принциптері мен әдістерін үйрету, магистрлік диссертация жазуға дайындау. Тілдің және оның ішкі құрылымдарының пайда болу мәселелері бойынша негізгі білімдерге сүйене отырып, пән тілдік мәселелерді қарастырады. Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі айрықшылықтарын аша отырып, оның негізгі қызметін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: • қол жеткізілген білімді тәжірибе жүзінде кеңейту және қолдану; қол жеткізілген білімді ізденістік-зерттеу және және кәсіби қызметте қолдану. • ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен тәсілдерін игеру. • оқитын шет тілі мен ана тілі мысалдары арқылы тіл жүйесі мен оның қызметін сипаттайтын құбылыстарды білуді көрсету. • тілді қолданудың адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ерекшеліктерін білу. • лексикография негіздерін, сөздіктер мен анықтамалықтардың түрлерін, оларды кәсіби қолдануды білу. • әлемнің лингвистикалық картасындағы тілдердің арасалмағын түйсіну, жер шары тілдерінің саналуандығын олардың ерекшеліктерімен салғастыру. тілдік фактыларды бағамдау, оларды лингвистік сараптаудың әралуан тәсілдері арқылы сараптау және біріктіру.

Корей тіліндегі мәтіннің дискурсивті анализі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Корей тіліндегі іскери қатынас ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Корей тілінің салалық терминдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – терминдердің көпқырлы зерттеулерімен және жалпы терминологиямен танысу, әдіс-тәсілдерін, мәнін, сонымен қатар салалық терминдердің маңызын айқындау және терминологияны толықтыру; арнайы термиологияны қолдану арқылы оқылатын тілдегі коммуникативтік қабілетті дамыту; Бұл курста жалпы терминология, салалық терминология мәселелері, шет тілдеріндегі ғылым мен техниканың түрлі саласындағы терминдер жүйесінің қалыптасуының негізгі міндеттері қарастырылады. Сонымен қатар оқылатын тілдің терминологиялық сөздіктерінің типологиясы мен классификациясы, салалық терминдердің қалыптасуының жалпы және негізгі принциптері қарастырылады, терминдердің формалдық-құрылымдық классификациясымен танысады. Пәнді оқу барысында магистрант төмендегі компетенцияларды білуі қажет: • курс барысында оқылған лексикалық материалды білу; • шет тілдеріндегі салалық ғылым бойынша баспадан шыққан еңбектер мен сөздіктерді білу; • анализ және лексикалық-семантикалық талдаудың компоненттік тәсілдерін, салыстырмалы және жүйеленген әдістерін игеру; • шет тілдеріндегі салалық терминдердің лексикалық құрамын түсіну; • алған білімін өзінің аудармашылық қызметінде қолдану.

Корей филологиясының өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Бұл пән корей филологиясының гуманитарлық ғылымдардың саласы ретіндегі біртұтас түсінігін қалыптастыруға арналған. Курстың мақсаты-корейлік филологиялық дүниетанымның негіздерін жасау; қазіргі заманғы корей филологиясы- оның ерекшеліктері, тарихы, нысандары, әдістемесі туралы жалпы ақпараттарды алу; корей филологиясы бойынша ғылыми зерттеулердің негізгі принциптерін, логикасы мен әдістерін игеру; қол жеткізілген білімдер мен дағдыларды филология саласы бойынша теориялық және тәжірибелік қызмет үдерісінде пайдалану; қысқаша түсінік берудің, ықшамдаудың негізгі дағдыларын және мәтінмен жұмыс жасаудың басқа тәсілдерін игеру. 1-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • мәтіндердің әралуан түрлерін құрастыру және сараптау; • публицистік мәнерде мәтіндер жазу әдістерін игеру; • сөзбе-сөз аударманы көркемдік өңдеудің дағдыларын меңгеру; • сараптаудың құрамдық әдісі мен лексикалық-семантикалық талдауды, салғастырмалық және жүйелілік тәсілдерін игеру; • қол жеткізілген білімдерді дербес аудармашылық қызметте қолдану; • көркем шығарманың толыққанды сараптамасын жасау қабілеті.

Кореяның тіл саясаты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – корей тілінің дамуының негізгі кезеңдері мен қазіргі жағдайын айқындау. Пәннің мазмұны тілдік құбылыстардың өзгеру динамикасын қадағалауды, тіл тарихы мен тілдік жағдайларды зерттеудің әдістемесін үйретуді, алған білімді қорытындылай білу қабілетін қалыптастыруды, алынған білім негізінде тек тіл білімі саласында ғана емес, сонымен қатар басқа да теориялық пәндер бойынша жеке қорытынды жасай білу қабілетін қарастырады. Пәнді оқу барысында магистрант төмендегі компетенцияларды білуі қажет: • қазіргі қарастырылатын тілдердің спецификалық ерекшеліктерін олардың тарихы тұрғысынан қарастыру; • тарихи сөздіктер мен жазба ескерткіштердің көмегімен қарастырылатын тілдің лексикасындағы, грамматикасындағы және фонетикасындағы өзгерістерін анықтау; • корей тіліне қатысты мәліметерді ана тілі және өзге де шет тілдеріне қатысты мәліметтермен салыстыру, анализ жасау; • корей тілінің сөздік құрамының тарихи дамуы барысында туындаған сөз мәнінің семантикалық өзгерісін түсіндіру; • алған білімін мәтінмен, жазба ескерткіштермен жұмыс жасауда қолдана білу; • корей тілінің тарихи фонетикасы, лексикасы және грамматикасы салаларында лингвистикалық зерттеулер жүргізу.

Қазақ-парсы әдеби байланыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – Қазақ және Шығыс әдебиеттерінің арасындағы әдеби байланыстардың қайнар бастауларын, аударманың негізгі теориялық мәселелерін, қазақ-парсы әдеби байланысындағы аударманың рөлін, арабтық сюжеттердің берілу жүйесін, қазақ әдебиетіндегі арабтық сарындарды анықтап, кешенді түрде саралау. Осы мақсаттардың үдесінен шығу үшін мынадай міндеттер қойылады: - қазақ-шығыс әдеби байланыстарының даму тарихын, шығу төркінін көрсету; - қазақ-шығыс әдеби байланыстарының негізгі әлеуметтік, мәдени, рухани болмысын саралау; - қазақ әдебиетінің көркем шығармаларындағы «шығыстық» деп танылып жүрген сарындардың ішінен таза парсылық мотивтерді ерекшелеп, олардың әсерін көрсету; - қазақ мысалдарының арабтық-парсылық түпнегізін, олардың көркемдік ұқсастығы мен айырмашылығын және қазақ қаламгерлерінің өзіндік қолтаңбасын анықтап, нәзирашылдық дәстүрдің белгілерін зерделеу; - «Шахнаманың» орысша, парсыша, қазақша аудармаларын салыстыра отырып, қазақ тіліндегі аударманың көркемдік ерекшеліктерін айқындап, текстологиялық талдаулар жасау; - салыстырылатын көркем шығармалардағы белгілі бір сюжет пен көркемдік құралдарды пайдаланудағы үндестік пен сабақтастықты саралау. 3-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей құзіреттерге ие болады: • Қазақ-Шығыс әдеби байланыстарын оқу нәтижесінде кез-келген елдің жеке, оқшау өмір сүрмейтінін, олардың бір-бірімен мәдени-әдеби тығыз байланыста ғана өркендейтінін білу; • Дәстүр үндестігі сюжет төркіндестігінен көрінеді, әдеби байланыстағы қалыптасқан дәстүрдің мәнін айқындауға мүмкіндік беретінін меңгеру; • Қазақ-Шығыс әдеби байланыстарының негізі әлеуметтік, мәдени, рухани болмыс арқылы көрінетін көркемдік шешім және көркем шығармалардағы “шығыстық” деп танылып жүрген сарындардың ішінен таза парсы әдебиеттеріне қатысты мотивтерді ерекше бөліп көрсету; • «Шахнаманың» орысша, парсыша, қазақша аудармаларын салыстырғанда, қазақ тіліндегі аударманың көркемдік ерекшеліктері айқындау, текстологиялық талдаулар қазақша тәржімалардағы аудармашылардың өзіндік қолтаңбаларын саралау; • Қазақ қаламгерлерінің шығармаларын парсы шығармаларымен салыстыра зерттеу, олардың сюжеттік, құрылымдық, мазмұндық жағынан бір-бірімен үйлесіп жатқаны зерделеу.

Қазіргі корей прозасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – магистранттармен заманауи әдеби үрдістерді көркемдік әдіс пен әдеби бағыттар жағынан ғана емес, сонымен қатар оқитын елдің жазушыларының шығармашылық ерекшеліктерін жағынан да қарастыру. Басқа әдебиеттен алынған, бiрақ оқитын елдің өз әдебиетi контексттерiнде ұлттық өзiндiк ерекшелiгіне ие болған жанрлардың көркем ерекшелiктерiн ашып көрсету. Берілген курс әлем әдебиетi жүйесiндегi оқитын елдің ұлттық әдебиетінiң орны мен рөлiн қарастырады. пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады: • қазіргі заманғы корей классиктері шығармашылығындағы поэзиялық және мәселелік көркемдік ерекшеліктерін білу; • ХХ ғасыр–ХХI ғасыр басындағы әдеби стилдер мен жанрларды білу; • түрге бөлудің романтикалық және реалистік тәсілдерге тән принциптерін білу; • қазіргі заманғы ғылымның жаңа тәсілдері мен бағыттарын ескере отырып тарих пен мәдениетті ұштастыра әдеби шығармаларды сараптай білу; көркем сана эволюциясы мен шығармашылық үдерістің айрықшылығын ескере отырып қазіргі заманғы әдеби шығармаларды өздігінше талдай алады.

Қазіргі үнді тілдерін оқыту әдістемесіндегі заманауи үрдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Үнді тілдерін оқытудың, терминологиялық лексиканы игерудің инновациялық тәсілдерін, грамматикалық конструкцияларды дұрыс қолдануды, оқылатын тілде өз ойыңды еркін жеткізе білу сынды тәсілдерін қамтитын жаңа әдістемелерін игеру. Аталмыш курс үнді тілдерінің Үндістанда оқыту жағдайын меңгеруді, шет тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдануды қарастырады. Шет тілін халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде қарастыра отырып оқытудың отандық және шетелдік әдістемеде қолданылатын түрлі жолдарын салыстыру. Тілдік және әлеуметтік-мәдени білім мен біліктіліктерді бақылау түрлері мәселелерін қарастыру, сабақты жоспарлау, жүргізу, анализ жасаудың талаптарымен танысу. Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар мынандай біліктілікке ие болады: • Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, білім беру, ғылыми-зерттеу мақсатында және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында кәсіби және практикалық тіл білімдерін қолдана алады. • Тілдік білімдерін пайдалана отырып, басқа елдердің мәдениеті мен салт-дәстүріні түсініп, халықаралық контекстте жұмыс істей алады. • Үнемі өзгеріп отыратын әлемде мобильді болуға, қиын жағдайда жаңа жағдайларға тез бейімделуге қабілетті бола алады. Инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру, лингвистикалық және аударма мәселелерін шешудің шығармашылық жолдарын табу, негізгі мәселелерді анықтай алады.

Қытай және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы лингвомәдениеттану мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - «Қытай және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы лингвомәдениеттану мәселелері» «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша оқитын магистранттарды дайындау барысындағы маңызды элективтік курс болып саналады. Өйткені, лингвомәдениеттану пәні қазіргі замандағы өзекті әрі өзінің бойына тілтану және мәдениеттану ғылымдары саласындағы барлық жаңалықтарды қамтыған тіл ғылымының маңызды саласы болып есептеледі. Курс материалдарын дайындау барысында лингвомәдениеттану саласындағы негізгі мағлұматтар мен ұғымдар ескеріледі. Олар: тіл мен мәдениеттің арақатынасы және өзара байланысы, мәдени мазмұн, концепт мәселелері, лингвомәдени парадигма, ұлт дүниетанымы, лингвокультурема және мәдени универсалиялар т.б. Бұл курста сонымен бірге тілтанудың өзге де мәселелері де қарастырылады. Олар: паремиялар, фразеологизмдер, метафоралар, символ, стереотиптер мен эталон мәселелері. Курстың басты мақсаты-қытай және қазақ тілдеріндегі сөз, еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері, мақал – мәтелдер, одан басқа, ауызекі тіл мәселелері, тілдегі гендерлік мазмұн және т.б. мәселелерді салыстырмалы және салғастырмалы түрде қарастыру арқылы жоғары сапалы ұлттық кадрларды дайындау ісіне үлес қосу болып табылады. Пәнді оқыту барысында магистранттарда төмендегідей құзірет қалыптастырылады: • магистранттар «Шетел филологиясы” пәні бойынша жалпы дайындықтан өтеді; • коммуникативтік және өзге де қоғамдық іс-әрекеттерді іске асыру барысында өзге ұлттардың мәдениетін сыйлауға негізделген белгілі ұлтаралық принциптерді қалыптастыру; • зияткерлік дамуды үздіксіз жүргізу және жан-жақты даму үрдістерін қалыптастыру¬; • қытай және қазақ халықтарының ұлттық мәдени үрдістерімен хабардар болу; • лингвомәдениеттану ғылымындағы негізгі ұғымдар мен терминдерді игеру және осы саладағы өзекті мәселер мен оларды талдау және шешу жолдарын игеру; • қытай және қазақ тілдеріндегі лингвомәдени мазмұндағы мәтіндермен жұмыс істей алу және лингвомәдени бірліктердің пайда болу, қалыптасу жолдары туралы негізгі ұғымдар қалыптастыру, осы бірліктерді мәтіннен тауып алуға машықтану; • этнос өмірінің басты бөлігі – оның мәдениеті туралы ұғым қалыптастыру, ұлттың мәдениеті туралы ақпарат көзі болып саналатын ұлттық салт-дәстүрлер туралы ақпараттарды игеру; • ана тілі мен шетел тіліндегі лингвомәдени бірліктерді салыстыру, салғастыру барысында алдымен өз ұлт мүддесін ойлау, өз елінің патриоты болуға ұмтылу.

Қытай тілін оқыту әдісіндегі заманауи тенденциялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – студенттерге қазіргі заманғы әдістерімен оқыту, қытай тілін қамтитын инновациялық әдістерін меңгеру, терминологиялық лексиканы, грамматикалық құрылымдарды дұрыс пайдалану, еркін мазмұндау, өз ойларын оқытылатын тілде және т. б. Осы курс қарастырады жағдайын зерделеу, қытай тілі Қытай, компьютерлік бағдарламаларды қолдану кезінде шетел тілін оқытуда. Салыстыру әр түрлі қабылданған отандық және шетелдік әдістемесі, тәсілдер мен әдістерді шет тілін оқытудың құралы ретінде халықаралық қарым-қатынас. Мәселелерін зерттеу қалыптастырумен байланысты және қолданыстағы бақылау нысандары тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени дағдылары, таныстыру талаптарына жоспарлау, жүргізу, талдау және өзі талдау сабақ Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар меңгерсе мынадай құзыреттерге ие: • қолдануға кәсіби-практикалық білім тілдері білім беру, ғылыми-зерттеу мақсатында және басқа да қоғамдық өмірдің салаларында, пайдалана отырып, қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар. • халықаралық контексте пайдалана отырып, тілдік білім, түсіну, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін басқа да елдердің. • мобильді жағдайында үнемі өзгермелі әлем; қабілетті бейімделу жаңа жағдайларға күрделі жағдайларда. • анықтау негізгі мәселелердің шығармашылық шешімінің жолдарын іздеу білім беру, лингвистикалық және аудармашылық мәселелерді пайдалана отырып, инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

Қытай тіліндегі мәтіннің дискурсивті анализі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қытай тіліндегі іскери қатынас ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қытай тілінің салалық терминдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты –терминдерді көпсалалы зерттеу жолдарымен таныстыру, әдістерді, себептер мен маңызын нақтылау, сондай-ақ, салалық терминдер мен оларды толықтырудың маңыздылығын түсіндіру, арнайы терминдерді қолдана отырып қытай тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіншілігін арттыру. Бұл пән бойынша терминология мәселесі, салалық терминдер мәселесі, шет тілдерінде әртүрлі ғылым мен техника саласындағы терминдер жүйесін құрудағы негізгі міндеттерді қарастырылады. Қытай тіліндегі терминологиялық сөздіктердің типологиясы мен классификациясы, салалық терминдер құрылымының жалпы және негізгі принциптері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • оқылатын шет тілі және ана тiлi мысалдары негізінде тiлдiң жүйесi және оның қызметін сипаттайтын құбылыстарды бiлуiн көрсете алу; • адамның әр түрлi жұмыс салаларындағы тiлдiң қолдануының ерекшелiгiн бiлу, • лексикографияның негiзiн, анықтамалық сөздiктердiң түрлерін білу, оны кәсiби пайдалана алу, • әлемнiң лингвистикалық картасында тiлдердiң арасалмағын білу, жер шарындағы тiлдердiң әр түрлiлiгi мен олардың ерекшелiктерi ара қатынасын белгiлеу; • тiл айғақтарын бақылау, лингвистикалық талдаудың түрлi әдістері көмегiмен оларды талдап жалпылау.

Лингвистикалық оқулардың заманауи методологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Оңтүстік Азиядағы тілдік және этникааралық қақтығыстар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – Оңтүстік Азиядағы тілдік және этникааралық қақтығыстарды, олардың пайда болуының қайнар көзін, қақтығыстардың даму қарқыны мен оларды реттеудің болашағын қарастыру. Бұл курстың ерекшелігі бүгінгі таңда орын алған қақтығыстардың тууы мен даму үдерісін зерттеп қана қоймай, сондай-ақ болашақта олардың пайда болуына болжам жасау. Берілген курс шеңберінде магистранттар Оңтүстік Азиядағы тілдік және этникааралық қақтығыстардың ерекшеліктерін, мемлекеттік органдар мен халықаралық қауымдастықтың қолданатын шараларын оқитын болады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар төмендегідей құзіреттерге ие болады: Жалпы мәдени: • ойлау мәдениетіне ие болады, жинақтау пен талдау жасау, ақпаратты қабылдау, мақсат қоя білу және оған жету жолдарын таңдай білу; • өз қызметінде құқықтық құжаттарды пайдалана білу; • алға қойылған міндеттерді шешуге қажетті мәліметтерді жинай білу, талдау және өңдей білу; • алға қойылған міндеттерге сәйкес, ақпаратқа талдау жасай отырып, оны жеткізе білу; Кәсіби: • қақтығыстардың табиғатын білу; • тілдік және этникааралық қақтығыстардың тарихын білу; • мемлекетаралық қақтығыстардың шығу көздерін, себептерін және ерекшеліктерін және олардың тууының алғышарттарын білу; • қақтығыстардың қызметін, құрылымын және қарқынын білу; • тілдік және этникааралық қақтығыстар пайда болуының, дамуының және реттеудің заңдылықтарын білу; • қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгеру.

Парсы қолжазбаларын зерттеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – Иранның асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен, парсы жазуының тарихи даму жолын ашып көрсететін еңбектермен таныстыру, жазба ескерткіштердің қоғамның дамуына әсерін айқындау. Курс аясында парсы әдебиетінің жазба ескерткіштерін үйрене отырып, оқитын елдің дәстүрі, этнографиясы, каллиграфиясы, тарихы мен мәдениетін білу; ежелгі парсы әдебиетінің танымал жазушылары мен ақындарымен танысу, жазба ескерткіштер тілін игеру. Шығыстың жазба ескерткіштерімен, яғни шығыс елдерінің асыл мәдени мұрасына айналған ежелгі жазба ескерткіштерімен таныстыру, олардың мәтініне және мазмұнына сараптама жасау дағдыларын қалыптастыру. Бұл қолжазба мәтіндерін дұрыс оқып-түсінуге ғана қажетті емес, сонымен қатар мәтіндердің шығу жері мен уақытын, авторлары мен шығу тарихын анықтауға және түрлі жасанды құжаттарды айырып қарастыруға қажетті. Ежелгі классикалық мәтіндерді талдау арқылы шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті салаларынан білімді арттыру. Сонымен қатар ежелгі жазба ескерткіштерге шол жасау барысында ежелгі тіл таңбаларын қарастыру. Әр түрлі кезеңнің қолжазба мәтіндерін жақсы білу оларды тарихи дереккөздер ретінде пайдалануға жақсы негіз бола алады. 3-пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • шетел филологиясы бойынша іргелі дайындық болуы тиіс; • қоғамдағы ғылымның рөлі туралы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым дамуының негізгі кезеңдерін, ғылыми зерттеу әдістері туралы білуі тиіс; • кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында, алдымен, Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан, өз елінің патриоты болуы тиіс; • коммуникативтік және басқа да қоғамдық іс әрекетті жүзеге асыру барысында өзге елдің мәдениетіне сыйластықпен қарайтын ұлтаралық принциптерге негізделуі тиіс; • үздіксіз интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасу.

Парсы лексикографикалық дәстүрі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Иран халқының лексикографиялық дәстүрі классикалық парсы тіл білімінің ажырамас бөлігі болып табылады және оның методикалық және практикалық негіздерін оқып-зерттеу өте маңызды болып табылады, себебі, біздің заманымызға жеткен ортағасырлық түсіндірме сөздіктер парсы тілінің тарихы үшін ғана емес, сондай-ақ иран тілдерін диахронды салыстырмалы-салғастырмалы оқып-зерттеуге, Иран және көршілес халықтардың материалдық мәдениеті, этнографиясы және тарихы бойынша өте құнды материалды қамтиды. Бұл пәнді оқудағы мақсат: түрлі мазмұн мен құрылымды классикалық лексикографиялық еңбектерге талдау жасау, олардың мазмұнындағы материалға жан-жақты шолу жүргізу, лексикография саласындағы біртұтас және қалыптасқан филологиялық дәстүрдің заңдылықтары мен үрдістерін зерделеу. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант төмендегідей біліктіліктерді меңгеру қажет: • иран тіл біліміндегі лексикографиялық дәстүрдің туу жолдары мен себептерін білу; • парсы тілінің классикалық түсіндірме сөздіктерін мазмұнына, жанрына және құрылысына қарай топтастыра білу; • сөздік мазмұнындағы лексиканы топтастыру, орналастыру принциптерін, құрылысының ерекшеліктерін білуі; • ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін классикалық сөздіктерді қолдана білу.

Парсы тіліндегі іскери қатынас ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Парсы тілінің өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – магистранттарда шетелдік тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша теориялық білімді қалыптастыру, сонымен қатар магистранттарды лингвистикалық ғылымның мәселелерімен таныстырып, тілдің пайда болуы және оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша негізгі білімге сүйене отырып, лингвистикалық пәндер кешеніне теориялық негіз беру және оқитын елдің тілдік мәселелерін қарастыру. Бұл пән шеңберінде магистранттар тiлдiң қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелiгiн ашады, оның негiзгi функцияларын қарастырады. 2 пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • оқылатын шет тілі және ана тiлi мысалдары негізінде тiлдiң жүйесi және оның қызметін сипаттайтын құбылыстарды бiлуiн көрсете алу; • адамның әр түрлi жұмыс салаларындағы тiлдiң қолдануының ерекшелiгiн бiлу, • лексикографияның негiзiн, анықтамалық сөздiктердiң түрлерін білу, оны кәсiби пайдалана алу, • әлемнiң лингвистикалық картасында тiлдердiң арасалмағын білу, жер шарындағы тiлдердiң әр түрлiлiгi мен олардың ерекшелiктерi ара қатынасын белгiлеу; • тiл айғақтарын бақылау, лингвистикалық талдаудың түрлi әдістері көмегiмен оларды талдап жалпылау.

Парсы тілінің салалық терминдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – термин мен терминологияның көпаспектілі зерттелуімен таныстыру, салалық терминдердің әдістерін, себептерін, мағынасын және маңыздылығын нақтылау және терминологияны толықтыру; арнайы терминологияны қолдану арқылы оқитын тілде коммуникативті қабілетті дамыту. Бұл курста терминология мәселесі, салалық терминология сауалдары, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шет тіліндегі терминдер жүйесінің қалыптасуындағы негізгі міндеттер қарастырылады. Оқитын тілдегі терминологиялық сөздіктердің типологиясы мен классификациясы, салалық терминологияның қалыптасуының жалпы және негізгі принциптері қарастырылып, терминдердің формальді-құрылымдық классификациясы таныстырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • курс бойы оқылған лексикалық материалды білу; • салалық ғылымның шет тіліндегі жарық көрген сөздіктер мен еңбектерді білу; • сараптаудың компоненттік тәсілін, лекика-семантикалық талдауды, салыстырмалы және жүйелік әдістерді меңгеру; • шет тіліндегі салалық терминдердің лексикалық құрылымын түсіну; • өзінің аудармашылық қызметінде алынған білімді қолдана алу.

Парсы тілінің тілдік және мәдени қатынастары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Тілдік және мәдени байланыстар әдетте белгілі бір жағрафиялық ареалдарда этникалық, тарихи және әлеуметтік факторлар негізінде орнайды. Халықтар байланыстары нәтижесінде туындаған тілдік, мәдени өзара әрекеттестік пен ықпалдастықтың өзінің тарихы және даму ерекшеліктері болады. Сондықтан да бұл пәннің мақсаты Иран пен Еуразия арасындағы тілдік және мәдени байланыстардың тарихын және жүру барысын зерттеу болып табылады. • тарихи факторларға талдау жасап, Иран пен Еуразия халықтарының тілдік және мәдени ықпалдастықтарының даму бағытын анықтай алады; • тілдер және мәдениеттер ықпалдастығы саласына қатысты отандық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін, арнайы және басқа ғылыми-техникалық ақпаратты қолдана алады; • ғылыми мәліметтерді жинақтау үшін ақпараттық технологияларды меңгереді, жалпы білім контексінде жаңа ғылыми деректерді анықтайды; әртүрлі қиындықтағы ерекше міндеттерді орындау үшін шектес ғылымдардың концептуалды және методологиялық аппараттын қолдануға дағдыланады; • өткен тарихқа құрметпен қарауға байланысты мәселелерде өз ұстанымын дәйектеу және жеткізе біледі.

Түрік тіліндегі мәтіннің дискурсивті анализі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Түрік тіліндегі іскери қатынас ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Түрік тілінің салалық терминдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – барлық терминология мен терминдердің зерттеулерімен танысу; тәсілдер, себептер мен мағыналарын анықтау, сонымен қатар маңызды салалық терминдер мен терминологияны толықтыруы, оқытылып отырған тілде арнайы терминологияны қолданып қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл курста терминологияның мәселелері, салалық терминологияны сұрақтары шет тілдерде түрлі ғылым мен техника салаларында терминдердің негізгі қалыптасу мәселелерін қарастырады. Оқып жатқан тілдегі терминологиялық сөздіктердің тұрпаттамасы мен жіктеуін қарастырады, салалық терминологияның жалпы және негізгі қалыптасу қағидаттары, терминдердің ресми- құрылымдық жіктелуімен танысады. Пәнді оқу барысында магистранттар келесі құзыреттерді меңгереді: • курс барысында оқылған лексикалық мәліметті білу; • салалық ғылымның шет тілдерінде жарық көрген еңбектері мен сөздіктерін білу; • құрамдық талдау тәсілі мен лексико- семантикалық талдау, салыстырмалы жіне жүйеленген тәсілдерді игеру; • оқу барысында алынған білімді өзіндік аударма қызметінде қолдану.

Тілдің когнитивті және коммуникативті аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - vost

Ұлттық тарих және араб пен қазақ әдебиетіндегі бірегейлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Үнді мемлекетінің тіл саясаты
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән жаһандану үдерісі әлем елдері, соның ішінде Шығыс елдері тілдерінің сөйлеу практикасының өзгеруіне өз ықпал-әсерін тигізеді. Бұл әсер әртүрлі формада және әртүрлі саланы қамтиды: ғылыми, академиялық, ауызекі, кәсіби, жастардың және сөйле-ністің басқа түрлері. Осы трансформация үдерісі арнайы зерт-теуді талап етеді. Пәнді оқудың нәтижесінде магистрант келесідей біліктілікті иемденеді: - ұйымдастыру, басқару, кеңес беру және аналитикалық қызметтерді жүзеге асыра алады; - тілдік білімдерді п

Үнді тілдерінің тарихи байланыстары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – тілдер қарым-қатынасының мәселелерін терең зерттеу. Тілдік қарым-қатынастар бойынша классикалық және заманауи еңбектер талдау материалдары болып табылады. Курстың бағдарламасы тілдік қарым-қатынастар барысындағы нәтижелерді - кірме құбылысы, калька, тілдің фонологиялық, морфологиялық және семантикалық құрылымындағы өзгерістер, креол құбылыстарын меңгеруге негізделген. Курста контактологияның заңдылықтары мен аспектілері, тілдердің тарихи байланыстары, тарихи-мәдени факторлар, үнді тілдеріндегі шетел және кірме сөздердің салғастырмалы-типологиялық талдау мәселелері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант келесі құзіреттіліктерді меңгеру керек: • шығыс тілдері мен хинди тілінің қарым-қатынас түрін анықтау; • үнді тілдерінің лексикалық қорындағы шетел және кірме сөздердің орны мен рөлін білу; • хинди тіліндегі араб, парсы, түркі және ағылшын сөздердің енуінің тарихи себептерін білу; • хинди тіліндегі кірме сөздердің деректерін анықтау; • шетел және кірме элементтерге лексико-грамматикалық талдау жасай алу; • араб, парсы, түркі және ағылшын сөздерінің фонетикалық бейімделуін анықтау; • араб, парсы, түркі және ағылшын сөздерінің семантикалық игерілуін анықтау; • хинди тіліндегі араб, парсы, түркі және ағылшын сөздерінің грамматикалық игерілу деңгейін айқындау.

Үнді тіліндегі мәтіннің дискурсивті анализі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - 5092016

Үнді тілінің салалық терминдері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – барлық терминология мен терминдердің зерттеулерімен танысу; тәсілдер, себептер мен мағыналарын анықтау, сонымен қатар маңызды салалық терминдер мен терминологияны толықтыруы, оқытылып отырған тілде арнайы терминологияны қолданып қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл курста терминологияның мәселелері, салалық терминологияны сұрақтары шет тілдерде түрлі ғылым мен техника салаларында терминдердің негізгі қалыптасу мәселелерін қарастырады. Оқып жатқан тілдегі терминологиялық сөздіктердің тұрпаттамасы мен жіктеуін қарастырады, салалық терминологияның жалпы және негізгі қалыптасу қағидаттары, терминдердің ресми- құрылымдық жіктелуімен танысады. Пәнді оқу барысында магистранттар келесі құзыреттерді меңгереді: • Курс барысында оқылған лексикалық мәліметті білу; • Салалық ғылымның шет тілдерінде жарық көрген еңбектері мен сөздіктерін білу; • Құрамдық талдау тәсілі мен лексико- семантикалық талдау, салыстырмалы жіне жүйеленген тәсілдерді игеру; • Оқу барысында алынған білімді өзіндік аударма қызметінде қолдану.

Үндістан әдебиетінің заманауи тенденциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты –оқылатын ел әдебиетіндегі XX-XXI ғасыр тоғысындағы заманауи тенденцияларды анықтау; ірі авторлар шығармашылығын және олардың маңызды еңбектерін тарихи контекстіде таныстыру; олардағы тарихи (саяси, әлеуметтік, діни, философиялық, әдеби және т.б.) факторлардың әсерін анықтау. Пәнді оқу оқытылатын ел әдебиетіне деген тарихи көзқарастың қалыптасуына, тарихи-әдеби ойлау дағдысының қалыптасуына және тарихи-әдеби мәтіндерді түсінуге септігін тигізеді. пәнді оқып, үйрену барысында магистранттар төмендегідей компетенцияларды игеруі тиіс: • заманауи әдеби үрдістің дамуының түрлі тенденцияларын білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиетін сынау саласындағы негізгі концепциялар мен жағдайды білу; • оқытылатын жазушылардың шығармашылық ререкшеліктерін білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиеті тарихы мен әдебиеттану тарихы мен теориясы саласындағы алынған білімді ғылыми-зерттеушілік қызметте қолдана алу; жүйелік бағыт пен оған негізделген көркем мәтінді тарихи-әдеби талдаудың әдістерін, әдебеиттанушылық дәстүрдің сабақтастығын және оның негізіндегі жаңашылдықты игеруі тиіс

Хинди тіліндегі іскери қатынас ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

ХХ-ХХI ғасыр тоғысындағы араб әдебиетінің заманауи тенденциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты –оқылатын ел әдебиетіндегі XX-XXI ғасыр тоғысындағы заманауи тенденцияларды анықтау; ірі авторлар шығармашылығын және олардың маңызды еңбектерін тарихи контекстіде таныстыру; олардағы тарихи (саяси, әлеуметтік, діни, философиялық, әдеби және т.б.) факторлардың әсерін анықтау. Пәнді оқу оқытылатын ел әдебиетіне деген тарихи көзқарастың қалыптасуына, тарихи-әдеби ойлау дағдысының қалыптасуына және тарихи-әдеби мәтіндерді түсінуге септігін тигізеді. 1-пәнді оқып, үйрену барысында магистранттар төмендегідей компетенцияларды игеруі тиіс: • заманауи әдеби үрдістің дамуының түрлі тенденцияларын білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиетін сынау саласындағы негізгі концепциялар мен жағдайды білу; • оқытылатын жазушылардың шығармашылық ререкшеліктерін білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиеті тарихы мен әдебиеттану тарихы мен теориясы саласындағы алынған білімді ғылыми-зерттеушілік қызметте қолдана алу; • жүйелік бағыт пен оған негізделген көркем мәтінді тарихи-әдеби талдаудың әдістерін, әдебеиттанушылық дәстүрдің сабақтастығын және оның негізіндегі жаңашылдықты игеру.

ХХ-ХХI ғасыр тоғысындағы иран әдебиетінің заманауи тенденциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты –оқылатын ел әдебиетіндегі XX-XXI ғасыр тоғысындағы заманауи тенденцияларды анықтау; ірі авторлар шығармашылығын және олардың маңызды еңбектерін тарихи контекстіде таныстыру; олардағы тарихи (саяси, әлеуметтік, діни, философиялық, әдеби және т.б.) факторлардың әсерін анықтау. Пәнді оқу оқытылатын ел әдебиетіне деген тарихи көзқарастың қалыптасуына, тарихи-әдеби ойлау дағдысының қалыптасуына және тарихи-әдеби мәтіндерді түсінуге септігін тигізеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • заманауи әдеби үрдістің дамуының түрлі тенденцияларын білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиетін сынау саласындағы негізгі концепциялар мен жағдайды білу; • оқытылатын жазушылардың шығармашылық ререкшеліктерін білу; • оқылатын елдің заманауи әдебиеті тарихы мен әдебиеттану тарихы мен теориясы саласындағы алынған білімді ғылыми-зерттеушілік қызметте қолдана алу; • жүйелік бағыт пен оған негізделген көркем мәтінді тарихи-әдеби талдаудың әдістерін, әдебеиттанушылық дәстүрдің сабақтастығын және оның негізіндегі жаңашылдықты игеру.

ХХ-ХХI ғғ. тоғысындағы жапон тіліндегі белсенді үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттарда жапон тіліндегі белсенді үдерістер туралы теориялық білім жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар магистарнтты лингвистикалық проблематикамен таныстыру, лингвистикалық пәндер жүесінің теориялық негізі мен таныстыру, тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы бойынша базалық білімге сүйене отырып, Жапонияның тіл мәселесін қарастыру. Бұл курс тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшеліктерін ашады, оның негізгі функцияларын қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар төмендегідей қабілеттерге ие болады: • оқитын шет тілі мен туған тілде мысалдар келтіре отырып тіл жүйесі мен оның қызметін сипаттайтын құбылыстарды баяндау; • адам қызметінің әртүрлі салаларында тілдің қолданылу ерекшеліктерін білу; • лексикография негізін, сөздіктер түрін білу және оларды кәсіби мақсатта қолдану; • әлем тілдерінің лингвистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, сәйкестендіре білу; лингвистикалық талдаудың әртүрлі әдістері арқылы тілдік фактілерді бақылау және талдау;

ХХ-ХХI ғғ. тоғысындағы корей тіліндегі белсенді үдерістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – магистранттарда шетелдік тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша теориялық білімді қалыптастыру, сонымен қатар магистранттарды лингвистикалық ғылымның мәселелерімен таныстырып, тілдің пайда болуы және оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша негізгі білімге сүйене отырып, лингвистикалық пәндер кешеніне теориялық негіз беру және корей тіліндегі белсенді үдерістермен таныстыру. Бұл пән шеңберінде магистранттар тiлдiң қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелiгiн ашады, оның негiзгi функцияларын қарастырады. пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • -оқылатын шет тілі және ана тiлi мысалдары негізінде тiлдiң жүйесi және оның қызметін сипаттайтын құбылыстарды бiлуiн көрсете алу; • адамның әр түрлi жұмыс салаларындағы тiлдiң қолдануының ерекшелiгiн бiлу, • лексикографияның негiзiн, анықтамалық сөздiктердiң түрлерін білу, оны кәсiби пайдалана алу, • әлемнiң лингвистикалық картасында тiлдердiң арасалмағын білу, жер шарындағы тiлдердiң әр түрлiлiгi мен олардың ерекшелiктерi ара қатынасын белгiлеу; тiл айғақтарын бақылау, лингвистикалық талдаудың түрлi әдістері көмегiмен оларды талдап жалпылау.

Шығыс елдеріндегі әлеуметтік лингвистиканың теориясы мен практикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Шығыс тілінде іскерлік сөйлесудің ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – қарым-қатынасты бірлескен жұмыс барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу, нақты міндеттерді шешу немесе белгілі қойылған мақсатты жүзеге асыруды көздейтін, іскерлік ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасу арқылы жүретін үдеріс ретінде қарастыру. Бұл пәннің айырмашылығы регламент болып табылады, яғни ұллтық және мәдени дәстүрлермен анықталған осы саладағы қабылданған шартты дәстүрлерге және осы тұлғалардың кәсіби ортасында қабылданған кәсіби этикалық ұстанымдарға бағыну. Бұл пән шеңберінде студенттер сонымен қатар іскерлік қатынастың жазбаша түрлерін де меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • ресми құжаттарды оқып түсіне алу; • ауызша және жазбаша сөзді логикалық тұрғыдан дұрыс, дәлелдемелі және түсінікті құрай алу; • пән шеңберінде алынған білімді жаңа таныс емес жағдайларда зерттеушілік міндеттерді шешу мақсатында қодану; • келiссөздер барысында, iскерлiк кездесулерде оқитын елдің сөйлеу этикетiнiң тiл ерекшелiктерi мен сөйлеу мiнез-құлығының ұлттық ерекшелiктерi туралы бiлiмдi пайдалану; • білімнің үздіксіз жаңаруы, кәсіби дағдыларды ұлғайту әдістерінде құзыретті болу.

Экономикалық терминдер ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – экономика саласындағы терминдерді тереңдете оқыту, аталған саладағы терминологияны жан-жақты игеру, экономикалық мәтіндерді қытай тілінене қазақ, орыс тілдеріне және қазақ, орыс тілдерінен қытай тіліне аудару барысындағы тілдік ерекшеліктері айқындау. Бұл пән шеңберінде магистранттар сонымен қатар іскери қатынастың жазбаша түрлерін де меңгереді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегідей дағдыларға ие болады: • экономикалық терминдерді игеру; • ауызша және жазбаша сөзді логикалық тұрғыдан дұрыс, дәлелдемелі және түсінікті құрай алу; • пән шеңберінде алынған білімді жаңа таныс емес жағдайларда зерттеушілік міндеттерді шешу мақсатында қодану; • келiссөздер барысында, iскерлiк кездесулерде оқитын елдің сөйлеу этикетiнiң тiл ерекшелiктерi мен сөйлеу мiнез-құлығының ұлттық ерекшелiктерi туралы бiлiмдi пайдалану; • білімнің үздіксіз жаңаруы, кәсіби дағдыларды ұлғайту әдістерінде құзыретті болу.

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ( Ғылыми семинар II)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ( Ғылыми семинар III)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар I)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - 8nowember

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы(Ғылыми семинар IІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Педагогикалық тәжірибе
  • Бақылау түрі -
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

2014-2017 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

Обратная связь

* Имя
* E-mail
Ваше сообщение