- Негізгі бет
- Постдокторантура
Постдокторантура
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің постдок конкурсына өтініш қабылдау басталды.
Конкурсқа қатысуға философия докторы (PhD) дәрежесі бар немесе оған теңестірілген және постдокторантураға түскен кезде соңғы 6 (алты) жыл ішінде диссертация қорғаған, рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдары бар және Web of Science және Scopus деректер қорында Хирша (h-index) индексі 2-ден кем емес үміткерлер шақырылады.
Университет ұсынатын шарттар:
- ай сайынғы шәкіртақы;
- жас ғалымдар үйінде жеңілдікпен тұру;
- шетелдік ғылыми конференцияларға қатысуға қолдау көрсету.
Байқауға қатысу үшін 2020 жылдың 1 тамызына дейін онлайн-өтінішті толтыру қажет. Өтініш қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылуы тиіс. Онлайн-өтінішті толтыру үшін Google аккаунт қажет.
Байқау нәтижелерін жариялау күні қосымша хабарланады.
«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің постдокторантурасы туралы Ережемен» сілтеме бойынша таныса аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз Renata.Kudaibergenova@kaznu.kz электрондық мекенжайына жаза аласыз.