Докторантура
Duolingo English Test

Duolingo English Test

Карантин жағдайында шет тілінен тест тапсыру

 

COVID-19 пандемиясы жағдайында шет тілдері бойынша халықаралық емтихандарды тапсырудағы туындаған қиындықтарға байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасында магистратура мен докторантураға қабылдау үшін тілдік сертификаттардың тізімі кеңейтілді. Енді, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауда, стандартты (IELTS, TOEFL, CEFR, т.б.) сертификаттардан бөлек үміткерлердің Ielts Indicator (АЙЛТС Индикатор) және Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) сертификаттарын ұсынуға мүмкіндігі бар. Толық ақпарат

(https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/obpazovanie/id-V1800017650/)

 

Шет тілін білетіндігі туралы сертификат тек докторантураға түсу үшін міндетті екендігі ескеру керек. Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін халықаралық сертификат, соның ішінде Duolingo English Test, IELTS INDICATOR, немесе кешенді тестілеу кезінде шет тілінен емтихан тапсыруға болады.

 

Осы бұйрықты орындау аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлерге көмек ретінде Duolingo English Test-пен серіктестік бағдарламасы іске қосылды.

 

Duolingo English Test

 

  • ·         Онлайн форматта (интернет, компьютер, веб-камера, микрофон,
    динамик, жеке куәлік қажет)
  • •         Ұзақтығы - 60 минут
  • •         Құны 49 $ (сайттағы онлайн төлем)
  • ·         Нәтиже 2-5 күн ішінде

 

Тестілеу прокторингтік әдіспен жүзеге асырылады (яғни, бейне бақылау процедурасы арқылы, онда администратор емтиханды бақылайды. Ол веб-камераның көмегімен емтихан тапсырушының әрекеттерін бақылайды және компьютердің мониторында не болып жатқанын көреді).

 

Duolingo English Test ағылшын тілін білу деңгейін анықтайды және 5 балдық бағамен 160 балдық шкала бойынша бағаланады.

 

Duolingo English Test бойынша қабылдаудың минималды шегі

Магистратура - 95 баллдан кем емес

Докторантура - 85 баллдан кем емес

 

Бағалау жүйесі

Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

 

Тестілеу кезеңдері және өту талаптары

Кезең

Ұзықтығы

Сипаттамасы

Жылдам дайындық

5 минут

Кіріспе бөлім барысында сізге тесттен өту ережелері мен талаптары түсіндіріледі

Адаптивті тест

45 минут

Оқу, сөйлеу, жазу және тыңдау дағдыларын бағалаудың стандартты бөлігі

Бейне сұхбат

10 минут

Ашық сұрақтарға сіздің жауабыңыз жазылатын бөлігі

 

  • •         Жеке басын куәландыратын құжат
  • •         Тыныш, жақсы жарық бөлме
  • •         60 минут бос уақыт
  • •         Интернетке тұрақты қосылу
  • •         Компьютер
  • •         Компьютерде браузер болуы керек (браузердің сәйкестігін тексеріңіз)
  • •         Алдыңғы камера
  • •         Микрофон
  • •         Динамиктер (құлаққаптарға тыйым салынған)

 

Тест тапсыру тәртібі (видео)

 

Тест тапсырыңыз (Duolingo English Test)

 

Толық ақпарат:

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/v-svyazi-s-pandemiey-mon-razreshilo-priem-sertifikatov-onlayn-testov-duolingo-i-ielts-indicator-dlya-postupleniya-v-magistraturu-i-doktoranturu?lang=ru

 

https://englishtest.duolingo.com/

 

https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/obpazovanie/id-V1800017650/