Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.08.2011 «Қазақстан жастар конгресінің» кубогы үшін пікір-сайыс турнирі өтеді

20 тамыз күні «ҚазҰУ қалашығында» әл-Фараби ескерткіші маңында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан жастар конгресінің» кубогы үшін пікір-сайыс турнирі өтеді.

Турнирдің ұйымдастырушысы «Қазақстан жастар конгресі», шараны қолдаушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жастар ұйымының комитеті.


17.08.2011 Бірінші курс студенттердің назарына! Бағдар беру аптасы басталады!

Құрметті бірінші курс студентттері!

Cіздерді Қазақстанның ең үздік жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсуіңізбен құттықтаймыз! Сiз дұрыс таңдау жасадыңыз! Біз сіздерді КӨШБАСШЫЛЫҚ және UNIVERSITY LIFE атты арнайы бағдар беру бағдарлама бойынша ҚазҰУ-мен жақын таныстырғымыз келеді. Осы бағдарлама академиялық мәселелер жөніндегі Департаменты дүниежүзілік оқу орындарының жақсы тәжірибесі бойынша жасалған. Бағдарлама сiзге ҚазҰУ жаңа өмірге жылдам және оңай бейiмделуге көмектеседі.


16.08.2011 ҚазҰУ Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында оқу гранты көлемімен ерекшеленді

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекеттік тапсырыс бойынша 4 мың грантты иеленді, оның 2925 – бакалавриатта білім беріп даярлауға арналса, 933 – магистратура, 143 – PhD докторантураға берілген. Университетке Білім және ғылым министрлігі өткен жылмен салыстырғанда биыл оқу гранттарын магистратура мен PhD докторантураға екі есесге көбейтіп отыр.

Қабылдау комиссиясына 2010 жылы барлығы – 7,5 мың талапкер тапсырса, 2011 жылы - 7,9 мың талапкер өтініш тапсырған.


16.08.2011 ҚазҰУ-дың мердігер-компаниясы университеттің екі студентінің оқу ақысын төледі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізетін «Еділ-Жайық» инвестициялық-құрылыс мердігер- компаниясы,университеттегі екі студенттің оқу төлемін өз мойнына алды.

Ғылыми кеңестің өтініші бойынша компания Экономика және бизнес жоғары мектебінің төртінші курс студенті мен халықаралық қатынастар факультеті бірінші курсының жетім әрі ІІІ топтағы мүгедек студентінің оқу ақысын төледі.


11.08.2011 «Көмек» коррекциялық мектептердегі жеткіншектерге қолдау танытуды көздейді

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде коррекциялық мектептерде тәрбиеленетін балалардың жағдайын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға мектеп – интернаттардың өкілдері, Алматы қаласының жастар ұйымдары, «Бота» өкілдері, әлеуметтанушылар қатысты.

Бас қосуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Көмек» студенттік волонтерлық ұйымының жұмысы таныстырылып, коррекциялық мектептерде оқитын балалардың жағдайы айтылды.


10.08.2011 ҚазҰУ Қазақстанда бірінші рет жаңа ереже бойынша PhD ғылыми дәрежесін алуға диссертациялық қорғау өткізді

8 шілдеде ҚазҰУ Қазақстанда бірінші рет жаңа ереже бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алуға диссертациялық қорғау өтті.

Ағымдағы жылдың наурыз айында қабылданған ҚР «Ғылым туралы» заңына сай ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР Напомним, что в соответствии с принятым в марте текущего года Законом РК «О науке», МОН РК утвердило новые PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алудың жаңа ережесін бекітті. Мұнда диссертацияны қорғау үшін ғылыми ізденістердің нәтижесі міндетті түрде шетелдік басылымдарды жариялануы керектігі айтылды.

Ж.Қожамқұлованың шетелдік тәжірибесі Миссиссипи университетіндегі (АҚШ) фармация мектебіндегі зертханада химия және фармакогнозия профессоры, ғылыми жетекшісі Самира Россанның жетекшілігімен өтті.

Ал Д.Рахимбаеваның тәжірибесі Империал колледінде (Лондон) өтті. Зарубежная стажировка Д.Рахимбаевой проходила в Империал колледж (Лондон). Ол «Химиялық инженерия» зертханасында профессор Пола Лакхэманың жетекшілігімен өтті. Рейтингтік үлгерімі бойынша Империал колледж әлемде 5 орында.


08.08.2011 Ықшам ақпар

11 тамыз сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы акт залында коррекциялық мектептерде тәрбиеленетін балалардың жағдайын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.

Жиында «Көмек» студенттік волонтерлық ұйымының коррекциялық мектептерде оқитын балалардың жағдайын қадағалау жөніндегі жоспары талқыланады.

«Бота» грантының көмегімен «Көмек» студенттік волонтерлық ұйымы 4 коррекциялық мектеп – интернаттарына зерттеу жүргізді.


02.08.2011 Талапкер 2011!

Құрметтi талапкерлер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнде бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасының мемлекеттiк бiлiм беру гранттарына байқауға қатысу үшiн құжаттарды қабылдау аяқталды.

Бакалавриат және магистратураның мемлекеттiк бiлiм беру гранттарына өте алмаған жағдайда Сіздерге ақылы негiзде білім алудың мүмкiндiктері туралы еске саламыз.


02.08.2011 Жаңа 2011-2012 оқу жылы!

Құрметті 2-4 курс студенттері!

2011-2012 оқу жылы 1 қыркүйектен басталатынын, сонымен қатар университетте 1-15 қыркүйек аралығында таңдау пәндеріне қайта тіркеу ұйымдастырылатынын ескертеміз.


02.08.2011 22-30 тамыз аралығында жаңа оқу жылының бағдар беру аптасы өтеді

Құрметті студенттер және магистранттар!

22-30 тамыз аралығында 1-шi курс студенттері және магистранттары үшiн жаңа оқу жылының «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық саясаты» курсының өткізілу шеңберінде жоспарланған бағдар беру аптасы ұйымдастырылады.