- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚазҰУ-дың 80 жылдығы қарсаңында 2014 жыл 30 қыркүйекте жалпыуниверситеттік «Тілдер фестивалі» апталығы аясында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы мен мемлекеттік тіл кафедраларының ұйымдастыруымен «Бірлік іргетасы - тіл» атты мерекелік кеш өтті.

2014 жылдың 24 қыркүйек күні Тілдер мерекесі аясында аударма ісі және әдіснамасы кафедрасындағы «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы «Ана тілдің мерейі» атты мерекелік әдеби-сазды кеш өткізді.

Механика-математика факультетінің «Математика» мамандығының 1 курс студенттері тілдер мерекесі аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайға саяхат жасады.
30.09.2014 Апталық дайджест 22-27 қыркүйек 2014 жыл
- «Фундаментальные проблемы преобразования энергии в литиевых электрохимических системах» атты конференция өтті
- Жаңа жатақхана берілді
- АҚШ-тан келген студенттер ҚазҰУ-да білім алады
- Имидждік жарияланымдар
- Сағымбай Қозыбаев – 70 жаста
- ҚазҰУ ғалымдары жайлы
- Студенттер жайлы
- ҚазҰУ магистранттар мен докторанттарының мақалалары
- Оқытушы-профессорлар жарияланымдары
- ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз
26 қыркүйекте халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ақпараттық департаменті өкілеттігінің, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілеттігінің және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі (АӨЫСШ) Кеңес Хатшылығы бөлімінің қолдауымен «Полигон 29-тамыз» атты Халықаралық қайырымдылық қоғам қорымен бірге Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою күніне және Семей полигонының жабылуы туралы ҚР Президенті Қаулысының 23 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараға АҚШ, Ресей, Қытай, Венгрия, Оңтүстік Корея дипломатиялық миссиясы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ), ҚДП «Ақ жол», бұқаралық ақпарат, академиялық қауымдастық өкілдері мен Семей ядролық полигонының қатысушылары атсалысты.
Алматы әуежайында ҚазҰУ жаттықтырушылары, студенттер мен оқытушылар үлкен қуанышпен Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан XVII Азия ойындарының жеңімпаздарын Елдос Сметов, Мәриям Ордабаева, Дмитрий Баландинді қарсы алды. Жанкүйерлер өз батырларын құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, олардан қолтаңба алды.

2014 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10.00-де Философия, саясаттану және дінтану институтының конференц залында (ҚР БҒМ БК) Философия, саясаттану және дінтану институты және «Қазақстан Философиялық Конгрессі» (ҚФК) қоғамдық бірлестігі бірігіп «Қазақстан Философиялық Конгрессі бір жылдан кейін» тақырыбында дөңгелек үстел құрды. Бір жыл уақыт ішінде жасалған нәтижелерді талқылау мақсатында. Қорытынды баяндамалар оқылды. Қазақстан Республикасында БҒМ БК Философия, саясаттану және дінтану институты әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер аймағындағы ғылыми орталық ретінде «Қазақстан Философиялық Конгрессі» (ҚФК) қоғамдық бірлестігінің құрылуына мұрындық болып отыр.

Тілдің мерейін, мәртебесін асырып, қадір-қасиетін танытуда, тынысын кеңейтіп, қолданылу аясын, өрісін ұлғайтуда, шын мәнісіндегі мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне әр кезеңнің, әр буын өкілдерінің атқарар міндет-парызы жалғасын таба берері сөзсіз. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізген «Тілдер» апталығы аясында «Ана тілім – қазынам» атты эссе жазу сайысында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері де бақтарын сынап, толғауы тоқсан қызыл тілдің шынайы болмысын, қоғам, адам өміріндегі өлшеусіз орнын, ең құнды, ең қымбат қазына екенін қал-қадерінше танытып, ана тілінің мерейін асқақтатуға өз үлестерін қосты.
28.09.2014 Отдых на Кольсае

Қыркүйек айының 26 жұлдызында Философия және саясаттану факультетінің № 9 жатақханасында «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 3 курс студенттерінің қатысуымен «Туған тілім - тұғырым» атты ашық-тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты – студент жастарға мемлекеттік тілімізді қадірлеуге, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін көтеруге шақыруға үндеу болатын. 3 курс студенттерінің куратор-эдвайзері М.Д. Шағырбаева ашық сабақтың себепшісі болды.
Журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Қ Қозыбаевтың 70 жылдығына арналған «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
26.09.2014 "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі
АҚШ студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - АҚШ университеттерінде оқитын 26 студент білім алуға еліміздегі жетекші оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді.Олар бір жарым жылдан бері «Флагман» бағдарламасына қатысып, тіл білімінен емтихандар мен сынақтар тапсырған.
26.09.2014 "Дарабоз" журналы
ТІЛЕКҚАБЫЛ РАМАЗАНОВ: «Ғылым өндірісті дамытуы керек»
Ғылымы дамымаған елдің өндірісі дамымайды, өндірісі дамымаған ел өркендемейді. Қазақстан ғылымында болып жатқан соңғы кездегі өзгерістер мен өзекті мәселелер жайлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика- математика ғылымының докторы, профессор Рамазанов Тілекқабыл Сабитұлымен сұқбаттасқан едік:
– Тілекқабыл Сабитұлы, 2010 жылы диссертациялық кеңестер жабылып қалды. Бұрынғы аспирантура алынып тасталды да «магистр», «Доктор PhD» ғылыми деңгейі енгізілді. Осы «Доктор PhD» ғылыми деңгейі туралы айтып берсеңіз?
Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрышева Г.Ж. 2014 жылдың 25-26 қыркүйегінде Түркияның Эрзинджар университетінде өткен «Түркітілді елдердегі көркем білім беру» Халықаралық сипозиумына қатысты. Оның «Қазақтың рухани мәдениетінің вербалды-дискурстік және философиялық мазмұны» тақырыбына жасаған баяндамасы симпозиумға қатысушылардың жылы лебізіне ие болды және сертификатпен марапатталды.

2014 жылдың 25 қыркүйекте Жалпы және этникалық кафедрасы оқытушылары және психология мамандығының 2 курс студенттері «Тіл-ұлттық қазына» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға кафедра меңгерушісі Қалымбетова Э.К., кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Баймолдина Л.О. , Жолдасова М.К., аға куратор-эдвайзер Лиясова А.А., Садыкова Н.М. қатысты. Іс-шара барысында «Тілім - тірегім» атты баяндама оқылып, өлеңдер айтылып, ойындар ойнатылды.
2014жылдың 23қыркүйегінде арабтану және ирантану кафедрасында парсы тілінде «Мағынасыз сөз сүйексіз дәнмен тең» атты театрландырылған көрініс өтті.

25.09.2014 «Құмбел» шыңын бағындыруға қатыс!
2014 жылдың 5 қазан күні рекреациялық география және туризм кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған дәстүрлі тауға шығу ұйымдастырады.

АҚШ-тың бірнеше американдық университеттерінің студенттері бір жарым жылдан бері, «Флагман» бағдарламасына қатысып, орыс тілінен емтихандар мен сынақтар тапсырған, эссе жазған, сұхбаттар берген – оның бәрі өздерінің әрі қарай Қазақстанда білім алуға деген құзіреттіліктерін дәлелдеу. Міне, енді қыркүйекте 26 жеңімпаз білім алуға еліміздегі жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға, Алматыға келді.


2014 жылдың 25 қыркүйегінде дәстүрлі тілдер мерекесі аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының куратор-эдвайзерлері ұйымдастырған «Шешендік өнер – тіл байлығы» атты жас шешендер арасында сайыс өтті.
25.09.2014 Делегация из Синь-Цзянского университета
24.09.2014 Тілдер мекені қайда? Филфакта!

24 қыркүйек күні Философия және саясаттану факультетінің акт залында "Дінтану" және "Мәдениеттану" мамандығының 1 курс студенттері және эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен тіл мерекесіне арналған "Сүйемін туған тілді - ана тілін" атты шығармашылық кеш өтті. Аталған жиынға оқытушылар, факультет студенттері белсене атсалысты. Мерекелік шараны ф.ғ.д., профессор Ж. Молдабеков ашып, өзінің игі лебізін білдірді. Сондай-ақ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор А.Д. Құрманалиева сөз сөйлеп, қазақ тілінің мән-маңызына, "Мәңгілік ел" болу жолында басты орынға ие екеніне тоқталды. Кешті студенттер жүрекжарды құттықтауларымен, ән-билерімен, өздері шығарған жыр шумақтарымен жандыра түсті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев, Ланчжоу университетінің ректоры Ваң Чың, ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдың орынбасары Дың Сиан Лиң, ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдығының мәдениет және оқу-ағарту ісі бойынша вице-консулы Гао Чэн кездесті.
Халықаралық қатынастар факультетінде Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулдығының бірлесуімен, Ұлы Витаутас (Каунас қ.) атындағы университеттің өкілдері профессор Анджей Пукшто (Andzej Puksto) мен Константинас Курзеваспен (Konstantinas Kurzevas) кездесу өтті.

26 қыркүйекте заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» атты Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған іс-шара өткізеді.

24 қыркүйек күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасында «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тілдер мерекесіне арналған әдеби кеш өтеді.

23.09.2014 ж. сағат 10.00 де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кітапханасында жалпы және этникалық психология кафедрасының доценті М.П. Кабакованың жалпы редакциясымен шыққан «Практикалық психология. Кейстер жинағы» атты кітаптың презентациясы болды. Презентацияда ұйымдастырушылар сөз сөйледі: «Қазақ университеті» баспа үйі, Ғылыми кітапхана, жаппай жұмыс секторы.
23.09.2014 «Тіл - ұлттың жаны» атты мерекелік кездесу өтеді
23 қыркүйекте журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен тіл мерекесіне арналған «Тіл - ұлттың жаны» атты мерекелік кездесу өтеді.
География және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы 2014 жылдың 26 қыркүйегінде өтетін Дүниежүзілік Туризм Күніне арналған дәстүрлі кешке шақырады.

23.09.2014 ж. сағ.11.15 Философия және саясаттану факультетінде 4 курс «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттері жалпы және этникалық педагогика кафедрасының куратор-эдвайзері Г.А.Мамырбекованың басшылығымен "Семья залог счастья" атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Группа белсенділері жанұя туралы өлеңдер, әндер орындады. Жанұя жылулығын сипаттайтын шырақ жағылды және өлеңдер таратылымы жасалды.

Механика-математика факультетінің 413 аудиторияда тіл мерекесіне орай «День языков народов Казахстана» дөңгелек үстел өтті.

Механика-математика факультетінің 406 аудиторияда тіл мерекесіне орай «Тіл мерекесі ортақ мереке» атты ашық тәрбие сағатты өтті.
22.09.2014 Апталық дайджест 15-20 қыркүйек 2014 жыл
- Жыр мүшәйрасының жеңімпазы ҚазҰУ студенті
- 22-қыркүйек – Тілдер мерекесі
- ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО орталығы Ұлы Отан соғысы жеңісіне 70 жыл толуына орай мектеп оқушыларының шығармаларына байқау жариялайды
- ҚазҰУ география факультетінің студенттері Алматы Орталық мешітіне саяхат жасады
- ҚазҰУ мен ҒЗИ арасында келісім негізінде магистратура мен докторантура бойынша мамандар даярланады
- Имидждік жарияланымдар
- Біздің сарапшылар
- Оқытушы-профессорлар жарияланымдары
- Студенттер мақалалары
- ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз
22.09.2014 «Тілдер фестивалі» апталығы өткізіледі
2014 жылғы 22 қыркүйек «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-26 қыркүйек аралығында жалпыуниверситеттік «Тілдер фестивалі» апталығы өткізіледі.
22.09.2014 Қазақстан халықтарының тілдер күні

- Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2013-2014 оқу жылындағы ең негізгі жаңалығы – «Исламтану» мамандығының ашылуы. Кафедра осы мамандықты ашып, оқыту үшін мемлекеттік лицензия алды. Бұған дейін бұл мамандық тек Нур Мубарак Ислам университетінде ғана оқытылатын. 2014-2015 оқу жылынан бастап, кафедра осы бағытта жаңа маман дайындауға дайын. Абитуриенттерге есігіміз ашық!

23қыркүйек күні Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбаевпен, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қалалық филиалының төрағасы Құсман Шалабаевпен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы Нұрлан Асқаровпен кездесу өтеді.
ҚазҰУ-да жаңа оқу жылы ерекше мерекемен – болашақ журналистерге арналған жаңа Студенттер үйінің ашылуымен басталды. Олар 260 орыннан тұратын тоғыз қабатты ғимараттың алғашқы студенттері атанды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ www.data.gov.kz порталында орналасқан ашық мәліметті пайдаланып, мобильдік қосымша жасау жұмысына байқау жариялайды.

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы, Шығыс мұражайы және факультеттің «ҚазҰУ түлектері қауымдастығы» өкілдігі ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен факульет түлегі, белгілі дипломат, қытайтанушы Серік Нарысов «Ұлы Жібек жолы ізімен» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Хаджеттепе университетінің профессоры, фольклортанушы Метин Өзарсланмен (Түркия, Анкара қаласы) «Түркі мифологиясының Түркияда зерттелуі» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.

25 қыркүйек күні заң факультетінде (сағ.: 10.00-де 410 ауд.) «Қазіргі мемлекет пен құқықтың даму тенденциялары: теория және тәжірибе мәселелері» атты II халықаралық конференциясы өтеді. Мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы магистранттар мен докторанттарды конферецияға қатысуға шақырады.
18.09.2014 Бас жүлдені Айбол Исламғалиев иеленді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанды. Қыздар университетінің 70 жылдығына байланысты арнайы ұйымдастырылған «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы» атты жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылды.

22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай «Өнер алды – қызыл тіл» пікірталас, поэзиялық кеші өтеді.
Философия және саясаттану факультетінде жалпы және этникалық психология кафедрасының оқытушылары психология ғылымдарының кандидаты, доцент Кабакова М.П. және психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Құдайбергенова С.К. 17.09.2014 ж. «Midterm Exam форматындағы аралық бақылаудың мүмкін болатын түрлері және оны өткізуді ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді
ҚазҰУ-да Алматы қаласы Туризм басқармасының қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылы өткізілетін 28-ші Қысқы студенттік ойындарға ұштастырылған арнайы кәсіби экскурсия жетекшілерін даярлау курстары жүргізіледі.

2014 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 10:00-де «Полигон 29-тамыз» атты Халықаралық қоғамдық қайырылымдылық қоры, БҰҰ Экономикалық және Қоғамдық кеңесінде тіркелген консультациялық мәртебесі бар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің көмегімен, Қазақстан Республикасының БҰҰ қоғамдық ақпарат өкілеттігі Департаментінің қолдауымен, Алматы қ. ҚР СІМ өкілеттігі, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨЫСШ) бөліміндегі Хатшылығы, 2012ж. 29-тамызда Астана қаласында қабылданған «Атом» бағдарламасының шегінде «Ядросыз әлемге Қазақстанның жолы» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырады.
15.09.2014 Апталық дайджест 8-13 қыркүйек 2014 жыл
- ҚазҰУ мен ҒЗИ арасында келісім негізінде магистратура мен докторантура бойынша мамандар даярланады
- Имидждік жарияланымдар
- Оқытушы-профссорлар жарияланымдары
- Еске алу
- Біздің сарапшылар
- Магистранттар мен докторанттар жарияланымдары
- Студенттік жарияланымдар
- ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

14 – қыркүйек күні Философия және Саясаттану факультетінің № 9 жатақханасында Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының доценті Б.А. Аринова мен әлеуметтік педагогика және өзін-өзітану мамандығының 2 курс магистранттарының (Нысанова Камшат, Изтурганова Айжан, Ибрагимова Лаззат, Кенжебай Ельмира) ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған «Жаңа ортаға бейімделу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
14.09.2014 Жаңа ортаға бейімделу
14 – қыркүйек күні Философия және Саясаттану факультетінің № 9 жатақханасында Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының доценті Б.А. Аринова мен әлеуметтік педагогика және өзін-өзітану мамандығының 2 курс магистранттарының (Нысанова Камшат, Изтурганова Айжан, Ибрагимова Лаззат, Кенжебай Ельмира) ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған «Жаңа ортаға бейімделу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
2014 жылдың 13-қыркүйегінде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің, акт залында жалпы және этникалық психология кафедрасының профессоры психология ғылымдарының докторы Света Қыдырбекқызы Бердібаеваның туғанына 55 жыл толуына және 30 жылдық ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Қазақстандағы эксперименттік этнопсихологияның дамуы» атты халықаралық деңгейде (онлайн режимінде) дөңгелек үстел өтті.
11.09.2014 № 1 мәжіліс хаты
Кафедрада Студенттер үйірмесі ұйымдастырылды. Студенттер үйірмесінің жетекшісі Кулбаева М.С., мүшелері және жылдық жоспары бекітілді.
«Биофизика және биомед» Студенттер
Клубының жетекшісі, б.ғ.к. Құлбаева М.С.
«Биофизик және биомед»
Студенттер клубының төрайымы Артыккызы Т.
09.09.2014 Зерттеушілер және ізденушілер назарына!
Қазақстандағы Британдық Кеңес және «Ғылым қоры» ақционерлік қоғамы бірлесіп «Ньютон - әл-Фараби» серіктес бағдарламасы аясында қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтуге тапсырыс қабылдау басталғанын хабарлайды. Бұл бағдарлама Қазақстан және Ұлыбритания үкіметтерімен 2014 жылы ғылым және инновация саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған.
09.09.2014 Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері мен студенттері!
Университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2014 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 15:00-де журналистика факультетінің №230 дәрісханасында дүниежүзілік Chevening стипендиалық бағдарламасының таныстырылымы (презентациясы) өтетіндігі туралы хабарлайды. Бұл бағдарлама студенттерге Ұлыбританияның ең үздік оқу орындарында магистерлік бағдарламалар бойынша оқу мүмкіндігін береді. Қызығушылық танытушыларға бағдарлама бойынша пайдалы мағлұмат алу мүмкіндігі ұсынылады.

Қыркүйек айының 15 мен 27-і аралығында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті 322 дәрісханада Отто фон Герике атындағы Магдебург университетінің (Германия, Магдебург) профессоры Р. Беленчиков дәріс оқиды, тақырыбы: "Современный язык и проблемы лексикографии"
Дәріс уақыты: 10.20 - 13.00 Келем деушілерге есік ашық!
ҚазҰУ-да Бақылау кеңесінің отырысы жаңа төраға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің басшылығымен өтті.

2014 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 9:00 бүкіләлемдік танымал Intel компаниясының қатысуымен ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің (ауд. №213) KazNU-INTEL жоғары өнімді есептеулер орталығында ғылыми семинар-тренинг өтеді.

8-9 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың корейтану және жапонтану кафедрасында “Global e-School” жобасының аясында Ханъянг университетінің (Корея республикасы) профессорлары – Хан Хон Юль (Han Hong Yul), Ли Хи Вон ( Lee Hee Wjn), Им Ён Сун (Yim Yong Soon) арнайы дәріс оқиды.
05.09.2014 «Ғылым ордасында» магистратура және PhD докторантураның салтанатты ашылуы өтеді
2014 жылдың 8 қыркүйегінде сағ 10.00-де «Ғылым ордасы» ғимаратында (Құрманғазы көшесі, 29, 2-қабат) ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ҒЗИ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ғылыми кадрларды бірлесіп дайындау жобасы аясында магистратура және PhD докторантураның салтанатты ашылуы өтеді.
ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Италияда болып қайтты. Профессор Қ.Жұмағұлов бұл елге Мемлекеттік бағдарлама аясында ерте және орта ғасырлық Қазақстан тарихына қатысы бар түркі тарихы бойынша сирек кездесетін деректер мен материалдарды анықтау мақсатында жіберілді.

2014 жылы 26 қыркүйек күні сағ. 10.00-де Ғылыми кітапханасының мәжіліс залы (4-қабат) Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан Журналистика Академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Қозыбаевтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Қытайдың Тайпей аралында өткен волейболдан Азия біріншілігі сынына қатысуға жолдама алып, ел намысын қорғау сынында Сәбина Алтынбекова – Қытай мен Тайпей, Азия құрлығының миллиондаған табынушысын өзінің сұлулығымен тәнті еткен болатын. Арада күн өтпей жатып, Сәбинаның сұлулығын әлем таныды. Әлемді сұлулығымен баураған ол мектеп бітіріп, студент атанды. Өз таңдауын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ұштастырды.

2014 жылдың 3 қыркұйекте филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері, қазақ әдебиетінің теориясы және тарихы кафедрасының оқытушылары мен М.Базарбаев атындағы № 138 гимназия оқушылары М. Мақатаев шығармышылығына арналған «Айтатын саған сырым бұл...» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

2 қыркүйек 2014 ж. Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы журналистер одағы сыйлығының, Нұр-Сұңқар Республикалық сыйлығының иегері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбектің «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» тақырыбында 2014 жылғы студент қатарына қабылданушыларға арналған лидерлік дәрісі өтті.
02.09.2014 Кафедрада тәрбие жұмыстарына жауапты оқытушыны тағайындау
Куратор-эдвайзерлердің тағайындалуы
2014 жылдың 2 қыркүйегінде Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған Алматы қаласы, Дін істері басқармасының басшысы Нұржан Бейсенбайұлы Жапарқұлдың «Діни ахуал» тақырыбында лидерлік лекциясы өтті. Лекцияға философия және саясаттану факультетінің «Дінтану», «Философия», «Мәдениеттану», «Саясаттану» мамандықтарының студенттері қатысты.

2015жылғы 19 ақпанда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы кітапхананың 4-қабатындағы конференц-залда «"Нұрлы жол": Қазақстан университеттері әлемдік білім беру кеңісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолында» атты Алматы қаласының жоғары оқу орындарының аймақтық жиналысына кафедра оқытушылары қатысты.
01.09.2014 Іш-шаралар күнтізбегі
2014 жылдың 1 қыркүйегінде педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев психология мамандығының 1 курс студенттеріне арнап «Қазақстандағы психологияның дамуы» атты көшбасшылық дәріс оқыды.
01.09.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазНУда бүгін жаңа оқу жылы басталды!
Білім күні!