6B03109 Бакалавриат

Халықаралық экономика

Факультет:Халықаралық қатынастар
Код:6B03109
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетХалықаралық қатынастар
ID2646

Бағдарлама туралы

Бағдарламаның мақсаты – сыртқы экономикалық қызмет, жаһандық қаржы үдерістері мен халықаралық сауда салаларында терең теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие, жүйелі ойлайтын, халықаралық экономиканың жаңа буын жоғары білікті мамандарын даярлау. Бағдарлама аналитикалық және коммуникативтік құзыреттерді, мәдениетаралық түсіністікті және жаһандық бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталған.

Түлек моделі

ON1 Әлеуметтік-мәдени нормалар, құндылықтар мен дәстүрлер туралы білімді көрсету, құралдық дағдыларды қолдану және кәсіби халықаралық ортада тиімді өзін-өзі іске асыру үшін физикалық және психоэмоционалды денсаулықты сақтау
ON2 Экономика, АКТ, тілдер, тұрақты даму, инклюзия, құқық салаларындағы білімді Абай мен Әл-Фарабидің идеяларына сүйене отырып интерпретациялау, кәсіби коммуникация үшін физикалық және психоэмоционалдық денсаулықты сақтау
ON3 Халықаралық экономикалық ортада үдерістерді талдау үшін бірнеше шетел тілдерінде кәсіби терминологияны қолдана отырып, микро- және макроэкономика, статистика, бухгалтерлік есеп және кәсіпорын экономикасының принциптері мен әдістерін дәлелдеу
ON4 Халықаралық бизнес-ортада міндеттерді шешу үшін бірнеше шетел тілдерінде кәсіби терминдерді қолдана отырып, цифрлық экономика, логистика, жобаларды басқару және әлемдік нарықтар туралы білімді көрсету
ON5 Жаһандық іскерлік ортада жобаларды басқару, логистика және цифрлық нарықтар саласындағы білімді қолданып, әлемдік экономика, халықаралық бизнес және сыртқы экономикалық қызметтің теориялық негіздерін негіздеу
ON6 Сауда саясаты мен экономикалық дипломатияны ескере отырып, трансұлттық қызметтегі міндеттерді шешу үшін халықаралық қаржы, инвестициялар, жаһандық нарықтар және корпоративтік басқару салаларындағы пәнаралық білімді талқылау және біріктіру
ON7 Халықаралық экономикалық және іскерлік ортада негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін статистика, бухгалтерлік есеп және кәсіпорындарды талдау әдістерін әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді ескере отырып қолдану
ON8 Бизнес-процестерді, логистикалық сызбалар мен жобалық шешімдерді модельдеу әдістерін қолдану, халықаралық компаниялардың қызметін талдау және оңтайландыру үшін АКТ мен кәсіби терминологияны пайдалану
ON9 Экономикалық дипломатия тетіктерін ескере отырып, әлемдік экономика, цифрлық нарықтар, сыртқы экономикалық қызмет және сауда саясаты салаларындағы тәуекелдерге байланысты мәселелерді талдау және дәлелдеу
ON10 Халықаралық қаржы нарықтары, инвестициялар және корпоративтік басқару бойынша деректерді интерпретациялау және сараптамалық материалдарды қолдану, халықаралық басқарушылық қызметте негізделген болжамдар мен шешімдер әзірлеу
ON11 Халықаралық нарықтар, қаржы және инвестициялар дамуын болжау, халықаралық корпоративтік және сыртқы экономикалық қызметте инновациялық шешімдер қабылдау үшін статистикалық әдістерді, цифрлық құралдарды және басқарушылық тәсілдерді қолдану
ON12 Халықаралық сауда, корпоративтік қаржы және макроэкономика мәселелері бойынша ғылыми ұстанымдарды қамтитын жеке пікірлерді шетел тілдерінде бухгалтерлік және экономикалық терминологияны қолдана отырып тұжырымдау