6B02088(1) Бакалавриат

Аударма ісі: заң саласындағы қытай тілі

Факультет:Шығыстану
Код:6B02088(1)
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетШығыстану
ID2650

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - аударма ісі және құқық салаларында терең білімге ие, қытай және қазақ (немесе орыс) тілдерінде еркін кәсіби коммуникация жүргізе алатын, заңдық мәтіндерді дәл және мазмұндық жағынан дұрыс аудара алатын, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пен халықаралық құқықтық қатынастарда білікті мамандарды даярлау.

Түлек моделі

1.Қазақстанның тарихи, философиялық және мәдени даму кезеңдерін, құқық, кәсіпкерлік, қаржы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларындағы негізгі ұғымдар мен нормативтік-құқықтық актілерді тұрақты даму мен қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып интерпретациялайды.
2.Қоғамдық үдерістерді (саясат, мәдениет, қоғам, психология) философиялық тұжырымдамаларды, Абай мен Әл-Фарабидің мәдени мұрасын, экологиялық мәселелер мен адамның қауіпсіздігі принциптерін ескере отырып, тұрақты даму жобаларын әзірлеу барысында талдайды.
3.Қолданбалы міндеттерді шешу, деректерді талдау, ғылыми зерттеулер жүргізу және кәсіпкерлік шешімдерді негіздеу үшін бағдарламалық-техникалық кешендерді, цифрлық құралдарды, қаржылық жоспарлау үлгілерін және заманауи платформаларды қолданады.
4.Мамандыққа байланысты және күнделікті қатынаста сөйлеу әдебі мен коммуникативтік мәдениет нормаларын ескере отырып, ауызша және жазбаша пікір білдіру үшін арнайы бағдарламаларды, әдістерді, лексикалық және грамматикалық құрылымдарды, сондай-ақ тілдік және мәдени ерекшеліктерге қатысты білімді пайдаланады.
5.Мемлекет пен құқықтың шығу тегі, мәні және функциялары туралы теориялық тұжырымдарды, сондай-ақ конституциялық, азаматтық және азаматтық іс жүргізу, әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу, қаржы және кеден құқығының нормаларын кәсіби қызметте құқықтық ұстанымдарды қалыптастыру, заңи қорытындылар дайындау және шешімдерді негіздеу үшін біріктіреді (синтездейді).
6.Мәтіннің коммуникативтік бағытын анықтау мақсатында оған аударма алдындағы талдау жүргізеді.
7.Қытай тіліндегі дипломатиялық және халықаралық дискурс мәтіндерін іскери қатынастың мәдениетаралық ерекшеліктерін ескере отырып, стиль, құрылым және терминология талаптарына сай аударады.
8.Қытай тілінен құқықтық құжаттарды аудару барысында пәнаралық тәсілді және кәсіби терминологияны қолдана отырып, заң тұрғысынан дұрыс әрі стильдік жағынан дәл аударманы қамтамасыз етеді.
9.Қытай тілінен ресми, іскери және медиамәтіндерді олардың жанрлық-стильдік ерекшеліктері мен іскери және құқықтық коммуникация талаптарын ескере отырып аударады.
10.Қытайдағы тарихи үдерістерді, әдеби шығармаларды дереккөздер мен ғылыми материалдар негізінде талдайды, мәдени контекстті ескере отырып негізделген интерпретациялар мен болжамдар қалыптастырады.
11.ҚХР-дың саяси және экономикалық жүйесінің дамуын бағалайды және саяси үдерістерді талдау мен негізделген болжамдар жасау барысында мемлекеттік басқару жөніндегі білімді қолданады.
12. Халықаралық және қылмыстық құқық нормаларын, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау принциптері мен мәдениетаралық дәлдікті сақтай отырып, заңи мәтіндерді талдайды.