6B05315 Бакалавриат

Ядролық физика

Факультет:Физика-техникалық
Код:6B05315
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетФизика-техникалық
ID2654

Бағдарлама туралы

Ядролық технологиялармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге қабілетті, ғылыми және технологиялық міндеттерді шешу үшін қажетті дағдыларға ие радиациялық қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дозиметриялық және радиометриялық бақылау әдістерін меңгерген атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.

Түлек моделі

ON1 Кәсіби мәселелерді шешу үшін жалпы, теориялық және ядролық физиканың іргелі бөлімдері бойынша негізгі теориялық білімді пайдалану, соның ішінде радиоактивтіліктің физикалық негіздерін, ядролық реакцияларды және сәулеленудің затпен әрекеттесуін түсіндіру.
ON2 Радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес дозиметрлік аппаратураны таңдау мен пайдалануды қоса алғанда, иондаушы сәулеленуді өлшеу әдістерін қолдану.
ON3 Спектрометриялық, дозиметриялық және радиохимиялық әдістерді, сондай-ақ иондаушы сәулеленуді өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу мен метрологиялық бақылауды пайдалана отырып, ядролық-техникалық объектілердегі радиациялық жағдайды талдау.
ON4 Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдарда радиациялық бақылау және мониторинг бағдарламасын әзірлеуге қатысу.
ON5 Кәсіби қызметте радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау саласындағы заңнамалық, санитарлық және экологиялық нормаларды қолдану.
ON6 Иондаушы сәулеленуден қорғау әдістерін негіздеу, олардың ішіне қорғау материалдардың тиімді қалындығын есептеу, сәулелердің экрандау мен бақыланатын аумақтардың ұйымдастыруы кіреді.
ON7 Физика-техникалық процестердің эксперименттік және теориялық зерттеулерінің нәтижелерін есептеу, өңдеу және талдау үшін математикалық және химиялық заңдарды қолдану.
ON8 Өзекті әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешу үшін философия, құқық, экология, инклюзия, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеулер және қаржылық сауаттылық саласындағы пәнаралық білімді қолдану.
ON9 Тиісті бақылау-өлшеу жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, реактор жұмысының параметрлерін бақылау, өлшеу және тіркеу әдістерін қолдану.
ON10 Пәнаралық команда құрамында радиациялық мониторинг, радиациямен ластанған аумақтарды оңалту мен дезактивациялау, иондаушы сәулелену көздері бар жабдықтарға технологиялық қызмет көрсету жұмыстарын орындау.
ON11 Деректерді жинау, сақтау, өңдеу және модельдеу үшін компьютерлік жүйелерді қолдана отырып, физикалық есептерді талдау және сандық шешу үшін кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сандық әдістерді, жасанды интеллект құралдарын және мамандандырылған бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етуді қолдану.