6B03203 Бакалавриат

Қоғаммен байланыс

Факультет:Журналистика
Код:6B03203
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)90
ФакультетЖурналистика
ID6987

Бағдарлама туралы

Білім алушыларды білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін қоғаммен байланыс маманы ретінде жұмыс істеу, қоғаммен байланыс (PR) және коммуникацияның озық жетістіктерін, классикалық және цифрлық PR құралдарын қолдана білу, Қазақстан мен шетелдерде PR жобаларын жүзеге асыру дағдыларын түсіну негізінде кәсіби функцияларды орындайтын құзіреттілікті қалыптастыру.

Түлек моделі

1. Мемлекеттік органдармен, кәсіби қауымдастықтармен, БАҚ-мен, блогерлермен, жеке іскерлік байланыс қағидаттарымен байланыс орнатады.
2. Іс-шараларды ұйымдастыра және өткізе алады, дәстүрлі жүйелі байланыс арқылы да, сандық технологияларды, жасанды интеллект қолдану арқылы да қатысушылардың санын көбейтеді.
3. Жарнаманың әр түрлі түрлерін модельдеуге қабілетті, клиенттерге жарнамалық ұсыныстар жасай алады және байланыс қызметтерін монетизациялай алады.
4. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Ұлттық ассоциямен және PR-шы клубымен жаңартылған қазақстандық PR тәжірибесін қолдана отырып, әлемдегі және Қазақстандағы қоғаммен байланыстың негізгі субъект және объектілерін, түрлерін, функциялары мен тетіктерін ажырата білу, қазақ тіліндегі, орыс, ағылшын және басқа да тілдердегі қазіргі қоғаммен байланыстардың мәселелерін түсіндіре алады.
5. Компанияның тиісті беделі мен іскерлік капиталын, тауарлар, қызметтер және елдер брендін нығайтуға, адамның беделін, психикасы мен рухани құндылықтарын қолдауға қабілетті.
6. Саясат, экономика, қоғам, мәдениет, спорт, экология, мәдениетаралық коммуникация, ең экстремалды формаларда: интерактивті, конвенция, синергия сияқты қоғамдық қатынастардың әдістері мен тәсілдерін қолданады.
7. Анықтамалық материалдарды, хаттарды, органдарға үндеулерді дайындауға және сұрауларға жауап беруге, мүдделі тараптар мен мақсатты аудиторияға арналған жазбаша, ауызша, онлайн және аралас құралдардың көмегімен «әлеуметтік маңызды ақпарат» пен «жаңалықтар» құруға қабілетті.
8. Әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдардың баспасөз қызметі, баспасөз хатшысы және PR қызметі жұмысын қолдайды.
9. Заңнамалық, саяси шешімдер мен тенденцияларға мониторинг және талдау жүргізу, қоғамдық пікірді, байланыс саласына қатысты заңдарды бағалау, этикалық қағидаларды ұстанады.
10. Ғаламдық маңызы бар әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді тәжірибеде қолдана алады.
11. Байланыс саласындағы стратегиялық жоспарлауды, дағдарыс кезіндегі бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасын таңдауға негізделген PR іс-шараларын жүзеге асыруды және олардың нақты сектор мен әлеуметтік желілерде тиімділігін анықтайды.
12. Кәсіби мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын қорғауға, қорытынды шығаруға, ғылыми және зерттеу мәтіндерін жазу дағдыларын қолдана алады, мамандандырылған және сабақтас салалар бойынша логикалық негізделген ұсыныстар, қорытындылар жасай алады.

Байланыс

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы
nazgul.shyngysova@kaznu.kz | nazgul.shyngyssova@gmail.com

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)