Докторантура
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ACQUIN, Германия
Бағдарлама: 6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Оқу деңгейі: докторантура
Емтихандар: шет тілі (тест), мамандық бойынша оқуға түсу емтиханы (жазбаша)
Оқу формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Бағыт бойынша PhD доктор кәсіби әрекеттің келесідей түрлеріне даярланады:
 Білім беру саласындағы менеджер,
 Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагог,
 Әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану пәні оқытушысы,
 Білім берудің түрлі ұйымдарындағы ғылыми қызметкер,
 Әлеуметтік білім беру саласындағы эксперт.
Профильді пәндер:
• Бағалау мен зерттеудегі аралас әдістер
• Педагогикалық өлшеудегі тест
• Әлеуметтік педагогикалық экспертиза
• Басқару этикасы
• Сапалық және сандық анализ теориясы мен практикасы
• Өзін-өзі танудың білімдік және психологиялық өлшемі
• Жастардың әлеуметтенуі және қазіргі субмәдениет
• Сандық сауаттылық теориясы және зерттеу
• Бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын жобалау
• Қоғамды транформациялау контекстінде дамудағы оқушылардың білім беру қажеттіліктері
• Оқушылардың функционалды сауаттылығын бағалау мен дамыту
• Сыни ойлауды дамыту және оқыту стратегиясы
Білім берудің артықшылығы:
• Байырғы ғылыми мектептердің дәстүрлерінің сабақтастығы және жаhандану деңгейінде қазіргі ғылыми-педагогикалық зерттеуге сәйкес келуі;
• Қазақстандық жетекші ғалым-педагогтардың бірегей авторлық курстары;
• «Әлеуметтік-педагогикалық өлшемдер», «Әлеуметтік-педагогикалық білім беру: құзіреттілік тұғыр» атты жеке траектория бойынша білім алу мүмкіндігі;
• Оқытудың озық зерттеу технологиялары, оқытудың әр түрлі әдістері мен формалары;
• Университеттің ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде әзірленген, тереңдетілген элективті курстар;
• «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес.
Халықаралық байланыстар: докторанттардың University of Leicester (Ұлыбритания), Корея, Канада, Түркия секілді мемлекеттердің жетекші ЖОО-да 3 айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.
Тәжірибеден өту орны және жұмысқа орналасуы мүмкін мекемелер: БбЖРБКИ «Өрлеу» орталығы, білім беруді басқару департаменттері, Қазақстанның Педагогика Ғылымдар Академиясы, Білім беру орталықтары, Этнопедагогикалық музей.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Мамандық шифры
6D012300
Факультеті
Философия және саясаттану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
184
ОРЫС
184

пәндер

Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім салалары бойынша педагог мамандар дайындау бағытында педагогиканың философиясы мен әдіснамасын терең білетін, өз саласының жетістіктерін жаңа технологиялар арқылы байыта алатын маман тұлғасын қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - педагогикалық ғылымдардың философиясы мен әдіснамасын пәнаралық салаларда қарастыру; - педагогика саласындағы ғылыми еңбектерді жетік меңгеру; - жаңа педагогикалық тұжырымдар қалыптастыруға қабілетті болу; - білім беру саласындағы жаңа әдістер, стратегиялар, технологияларды пайдалану арқылы өзінің ғылыми зерттеулерін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру; - ғылым жаңалықтарын білім беру процесіне енгізудің дербес концепцияларын ұсына алу.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Білім алушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту және бағалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-докторанттардың критериалды бағалау жүйесін меңгеруіне ықпал ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасын түсінуді қалыптастыру; функционалдық сауаттылық параметрлерін жобалау ерекшеліктері; математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығы. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: оқушылардың функционалды сауаттылығын қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық базасын әлеуметтік-педагогикалық әрекеттену барысына кіріктіре алу; функционалды сауаттылық параметрлерін талдау және түсіндіре білу; оқу, математикалық және жаратылыстанулық сауаттылықтар ерекшеліктері мен мәнің түсіндіру; ағымдық, қалыптастырушы және қорытынды бағалауды пайдалану; психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық мамандықтар студенттерінің бойында танымдық әрекетті белсендету әдістер негізінде консалтинг, тиімді оқыту міндеттерін шешу алгоритмін жобалау. Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту бойынша әрекет етудің Ұлттық жоспарын жүзеге асыру жағдайында және оқушылардың халықаралық бағалау үрдісіне қатысуы контексінде докторанттарға аталған салада білім қажеттілік етеді. Курсты оқу барысында функционалды сауаттылықтың өмір сапасының көрсеткіші ретіндегі, нәтижеге бағытталған стандарт, мақсат ретіндегі мәні ашып көрсетіледі; функционалды сауаттылық өлшемдері талданады: оқу-танымдық, іс-әрекеттік, тілдік, компьютерлік, ақпараттық, құқықтық, азаматтық, қаржылық, экологиялық, кәсіби және фукнционалдық сауаттылықтың әлеуметтік аспектілері (менеджмент, бизнес-жоспарлау, жаңа технологиялар). Докторанттар функционалды сауаттылық мақсатына жетудің негізгі бағыттарына мониторинг жасаумен танысады

Евразиядағы интегративті үдерістер: әлеуметтік-педагогикалық аспект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Евразиядағы білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары негізінде қазіргі әлеуметтік-мәдени және білім беру шынайылығын сыни талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Пәнді игеру нәтижесінде докторант келесідей қабілетке ие болады: - әлем және Еуразиялық білім кеңістігі тұжырымдамаларын жүйелеу; ТМД елдерінің білім беру жүйесінің ерекшеліктері; жаһанданудың негізгі мәселелерінің теориясы мен тәжірибесін жіктеу; - интеграциялық үрдістердің әлеуметтік маңыздылығын, тиімді стратегиялар мен теорияларды, білім беру жүйелерін біріктіруге арналған тұжырымдамаларды сипаттайтын инновациялық және мемлекеттік саясат тұрғысынан әлеуметтік және білім беру жағдайын талдау, салыстыру және жалпылау бойынша жұмысты жүргізу; - студенттерге әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың жаңа бағыттарын түсіндіру, балалар, жасөспірімдер мен жастар туралы жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, Жастар арасындағы мәселені анықтап, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, бос уақытты ұйымдастыру саласындағы ұйымдастыру шешімдерін жастар мен жастардың мүдделерін білдіретін қауымдастықтар мен ұйымдармен өзара әрекеттесуін іске асыруға талдау жасау; -әлеуметтік қызметтер мен ұйымдар жүйесінде жастарға әлеуметтік психологиялық-педагогикалық қолдаудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу. Курсты зерделеу барысында интеграция тұжырымдамасының мәні, шыққан тарихы, еуразияшылдықтың феномені, оның шығу тегі, тұжырымдары мен шындықтары анықталады; әлемнің жастар саясатының үрдістері мен Қазақстан Республикасы жастар саясатының ерекшеліктері.Докторанттар еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер және еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық перспективаларды, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді дамыту контекстінде ғылыми-техникалық және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығының әлеуетін талдайды; курс ҚР жастар саясатын дамытуға және жастарға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған.

ҚР жастар саясаты: әлеуметтік-педагогикалық контекст
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - балаларды қорғау және жастар үшін әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік ортаны дамыту бойынша Қазақстанның заңнамалық базасын талдау қабілетін қалыптастыру; шетелдердегі жастармен жұмыстың оңтайлы тәжірибелерін жалпылау мен зерттеу; жаңа әлеуметтік-педагогикалық шынайылық контексінде қазақстандық жоғары мектеп модернизациясы мәселесін қарастыру. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: - Қазақстандағы жастар саясатын жүзеге асыру ерекшеліктерін талдау; - оқушылар және студент жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың жаңа бағыттатары түсіндіру және балалар, жасөспірімдер мен жастар мәселелері бойынша жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және енгізуді талдау; - жастарды жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, тұрмыс пен бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін анықтап, оларды шешу бойынша ұйымдастырушылық шешімдерді қалыптастырып, жастардың мүдделерін білдіретін ұйымдармен өзара бірлескен әрекет жасау; - әлеуметтік қызметтер мен ұйымдар жүйесінде жастардыәлеуметтік психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кешенді бағдарламаларды әзірлеу; - технологияларының тиімділігін мониторингілеу; - әлеуметтік-педагогикалық ортада түрлі жастар топтарын әлеуметтік көмек және қолдау, өзара іс-қимыл. Курс Қазақстан Республикасы жастар саясатының даму векторы мен маңызы жайлы білімдермен, білім беру жүйесінің тиімді дамуына әлеуметті-саяси шешімдер ықпалы механизмдерімен қаруландыруға; әлеуметтік-педагогикалық білім беру нәтижесі мен үрдісінде ҚР әлеуметтік саясатының біркелкі өзгермелі әлеуетін трансформациялау біліктерін қалыптастыруға; әлеуметтік нақтылықтың жаңа реалияларымен сәйкестікте өзінің кәсіби қызметі сипаты мен түрлерін өзгертуге даярлауға бағытталған.

Өмірлік дағдыларды дамыту және әлеуметтік құзыреттіліктер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - өмірлік дағдылар мен әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі туралы тұтас түсініктерді дамыту, күшті-әлсіз жақтарын, ұжымдық істерге қатысу тәуекелдерін талдау; білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамыту туралы теориялық ережелерді, әлеуметтік құзыреттілігін негізге ала отырып, білім беру ұйымдары мен отбасының практикалық тәжірибесіне зерттеу жүргізу. Курс өмірлік дағдыларды дамыту мен әлеуметтік құзыреттілікке практикалық талдау және зерттеу тәжірибесін алуға бағытталған. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: • білім алушылардың бойында өмірлік дағдылары мен әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдарының әлеуетін талдау; • білім алушылардың өмірлік дағдылары мен әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру процесін сабақтастығын түсіндіретін тұжырымдамалық негіздерді түсіндіру; • білім алушылардың өмірлік дағдылары мен әлеуметтік құзыреттілігін зерттеу жүргізу және бағалау; • студенттер өмірлік дағдылары мен әлеуметтік құзыреттілігін қалыптасу критерийлері мен көрсеткіштерін жүйелеу; • білім алушылардың бойында өмірлік дағдыларын және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу және әлеуметтік-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру. Курс докторанттарды «дағды» және «құзыреттілік» түсініктерін ғылыми категория ретінде саралауға бағыттайды, әлеуметтік құзыреттіліктер мен өмірлік дағдылардың, білім беру ортасы мен социумдағы, сонымен қатар отбасы жағдайында оқушыларда әлеуметтік құзыреттіліктері мен өмірлік дағдылары қалыптасуы үрдісін зерттеудің әдіснамалық бағдарының құрылымы мен мәнін түсінуді қалыптастырады. Докторанттар курсты оқу барысында оқушылардағы әлеуметтік құзыреттіліктер мен өмірлік дағдылардың қалыптасқандығын зерттеу әдістерін меңгереді.

Педагогикалық өлшемдердегі тестілеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – білім беру нәтижелерін бағалаудың халықаралық тәжірибесін, педагогикалық өлшем нәтижелерін латентті-құрылымдық талдау негіздерін талдау және түсіндіру, педагогикалық өлшеуіштерді қолдану мәселелері бойынша кеңес беру қабілетін қалыптастыру. Курс білім берудегі тестілеудің генезисін, тестілеу ұғымдары мен функцияларын зерделеуге; білім берудегі тестілеудің рөлін анықтауға; тестілеуді ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін зерделеуге; квалиметриялық құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: • білім беру нәтижелерін бағалаудың халықаралық тәжірибесін, педагогикалық өлшемдердің нәтижелерін латентті-құрылымдық талдау негіздерін талдау және түсіндіру; • білім берудегі педагогикалық өлшемдерді ұйымдастыру, өлшеуіштік-бақылау материалдарын құрастыру; • педагогикалық өлшеуіштерді жасау, олардың сапасын бағалау және пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру; • педагогикалық өлшемдердің нәтижелерін шәкілдеу әдістерін, педагогикалық өлшемдердің нәтижелерін статистикалық өңдеу және педагогикалыық тұрғыдан түсіндіру әдістерін қолдану. Курс білім берудегі тестілеу генезисін, тестілеу қызметтері мен түсініктерін зерттеуге; білім берудегі тестілеудің рөлін анықтауға; тестілеуді өткізу мен ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге; квалиметриялық құзыреттерді дамытуға бағытталған. ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін зерттеу, мектеп бітірушілердің білімін тексері және бақылау форматының өзгеруі; квалиметриялық құзыреттерді дамыту.

Рухани-адамгершілік білім беру және өзін-өзін тану: тарихтан қазіргі кезенде
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік білім беру және өзін-өзі тану идеяларының даму тарихымен, өзін-өзі тану бойынша қазіргі заманғы концепциялардың мазмұнымен, білім берудегі өзін-өзі тану бойынша әртүрлі технологияларды әзірлеу және қолдану тәжірибесімен таныстыру; өз дамуының әртүрлі сатыларында адамның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен технологиялардың негізгі сипаттамаларын ашу. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: • рухани-адамгершілік тәрбиенің тарихи дамуын талдау және «Өзін-өзі тану» пәнін дамыту; • білім беру проблемаларын шешуде адамгершілік педагогиканы практикада жүргізу; • өзін-өзі тануды академиялық пәндерге интеграциялау кезінде тәжірибеде қолдану; • өздігінен білімнің құндылықтарын академиялық пәндерге интеграциялау; • гуманитарлық педагогиканың әдіснамасын ескере отырып, дизайн сабақтарын жобалау. Курста әлемде және Қазақстанда рухани-адамгершілік тәрбиенің даму тарихы зерттеледі; адамгершілік педагогиканың принциптері; өзін-өзі танудың құндылықтарын академиялық пәндерге интеграциялау принципі; ғылымның дамуынан кейінгі классикалық емес кезеңі және оның рухани-адамгершілік тәрбиедегі көрінісі. Докторанттар рухани-адамгершілік тәрбие әдістерінің тарихымен танысады.

Сандық және сапалық талдау теориясы мен практикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты-сапалық және сандық деректерді талдау, түсіндіру дағдыларын қалыптастыру; деректермен жұмыс істеудің қазіргі құралдарын пайдалана отырып сандық және сапалық зерттеулердің деректерін өңдеу, түсіндіру; статистикалық талдау, деректерді математикалық өңдеу дағдылары. Курс білім берудегі сандық және сапалық зерттеулердің жалпы сипаттамасын ашуға бағытталған. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: • зерттеу міндеттеріне сәйкес қойылған релевантты сапалық немесе сандық әдістерді таңдауға негізделіп зерттеуді жоспарлау; сапалық және сандық зерттеулердің рәсімдік ерекшеліктерінде бағдарлану; • сандық және сапалық зерттеулер нәтежиелерін қазіргі заманғы деректермен жұмыс жасау амалдарын пайдалана отырып, өңдеу; • зерттеу валидтілік және сенімділік арттыру әдістерін меңгеру; сапалық және сандық зерттеу тиімділігін бағалау; • құрылымдық үлгілеу, параметрлік емес деректермен, факторлық талдаумен, дисперсиялық талдау және көпдеңгейлі статистикалық әдістерін меңгеру және ақпаратты іздеу процесін басқару; • диссертациялық зерттеу саласындағы қазіргі ғылыми - зерттеу және тәжірибелік қызмет технологияларын өзгерту және бейімдеу. Курс білім берудегі сандық және сапалық зерттеулердің жалпы сипаттамасын, сапалы әдіснаманың теориялық-әдіснамалық негіздерін ашып көрсетуге бағытталған. Докторанттар бақылау, сұхбаттасу, фокус-группа, жобалық және эксперименталды әдістер, сандық әдістер, анкеталық сауалнама, стандартталған сұхбат, тесттер кіріктірілген сапалық зерттеу әдістерін игереді.

Сыни ойлауды оқыту мен дамыту стратегиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаңа білім беру парадигмасында оқытудың эволюциясын, ерекшеліктерін, түрлері мен стратегияларын анықтау, оқыту стратегияларының табыстылығын зерттеу дағдысын қалыптастыру; сыни ойлауды дамыт әдістемелерін қолдану. Курс "оқыту стратегиясы" ұғымын, сұрақ тарихын және қазіргі дискурстарды ұғынуға бағытталған.Докторанттарды сыни ойлау теориясына бағытталған. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: • заманауи стратегиялары білім берудің теориялық және эмпириялық құрылымдарын талдау, сондай-ақ сыни тұрғысынан ойлауды дамытудың әр-түрлі әдістерін салыстыру; • оқыту стратегиясын таңдау бойынша бірқатар идеялар мен ақпаратты таңдау және пішімдеу, сыни ойлауды дамыту бойынша мүмкін болатын пәнаралық теорияларды біріктіру; • көшбасшылық қасиеттерді дамыту, ажырата алу біліктілігін және эмоцияларды бақылау, құзіреттілігін қалыптастыру үшін оқыту стратегияларының тиімділігін бағалау мен таңдау; • командада тиімді өзара іс-қимыл жасау, тиісті жағдайларда ақпараттар мен идеяларды және түрлендіргіш қосынды жауаптар беру; • ажырата білу дағдыларын, сыни тұрғысынан ойлау, көшбасшылық қасиеттерін, сана-сезімін, кәсіби мүдделерін дамыту мен оқыту стратегияларын таңдау бойынша өз бетімен тренинг өткізу және шеберхана өткізу. Курс «оқыту стратегиясы» түсінігін, мәселе және заманауи дискурстар тарихын ұғынуға бағытталған. Докторанттарды сыни ойлау теориясына оқытудағы ойлау әрекеті тұғыр стратегиясы ретінде бағыттайды, сыни ойлау дамуының үш сатысының қызметіне сипаттама береді; сыни ойлау дамуының әдістерін жүйелейді: тренинг, шеберлік, сase Study, Smart learning, Social learning .

Цифрлық салауаттылық теориясы мен зерттеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - білім алушылардың сандық сауаттылығын талдау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру; олардың сандық сауаттылығының дамуын жобалау және болжау қабілеттерін дамыту. Пәнді игеру нәтежиесінде докторант келесіге қабілетті болады: • цифрлық тұтыну, сандық қауіпсіздік, сандық құзыреттілік ерекшелігін түсіну; • өз докторлық диссертациясын даярлау және өмір сүру үшін сандық сауаттылық дағдыларын игеру; • сандық сауаттылық құрылымын модельдеу және цифрлық азаматтық принциптерін жобалау, сандық қоғам, сандық оқытудың дамуын болжау; • сандық коммерция, оқыту және коммуникация міндеттерін шешу алгоритмін жобалау; • оқушыны, төменгі курс студенттерінің тобын зерделеу үшін сандық технологияларды қолдану. Курс "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын дамыту жағдайында маңызды және сандық буын және сандық азаматтық ерекшеліктерін, АКТ саласындағы қазақстандық ғылыми мектептерді зерттеуге, оқушылардың сандық сауаттылығына шағын-зерттеу жүргізуге және докторанттардың диссертациясын жазуға бағытталған. Докторанттар әлемдегі цифрлық құзыреттілік пен сандық сауаттылық бағытын, Интернетті (Интернеттің үш киті) қолданудың техникалық аспектілерін талдай алады, Интернеттегі сенімді ақпараттарды алуға үйренеді. Сонымен қатар жасөспірімдер, тұтынушылық тәуекел ету мен интернет-шопинг тәуекелі үшін сандық қолданыс ерекшеліктерінің заманауи зерттеулері қарастырылады.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Педагогикалық практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген