Докторантура
Әдебиеттану

Әдебиеттану

БIЛIКТIЛIГІ

  • Ғылыми - педагогикалық бағыт - Әдебиеттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация – бар
Бағдарлама: 6D021400 – Әдебиеттану
Оқу деңгейі: PhD докторантура
Емтихандар: шет тілі язык (тест), мамандығы бойынша бастапқы қабылдау емтиханы (жазбаша)
Оқу нысаны: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
PhD докторант «Әдебиеттану» дайындық бағыты бойынша мынадай кәсіптік қызмет түрлеріне дайындалады:
– оқу-педагогикалық,
– мәдени-ұйымдастыру,
– ұйымдастыру-басқару,
– әкімшілік-басқару,
– жобалық-инновациялық,
– редакциялық-баспа.

Филология, әдебиеттану, фольклористика, білім менеджменті саласындағы маман-зерттеуші; жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім жүйесіндегі гуманитарлық бейінді оқу мекемелерінің оқытушысы; ғылыми-зерттеу секторындағы (жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу бөлімшелері, ғылыми-зерттеу институттары мен академиялар) оқытушы-зерттеуші; референт, консультант, ұйымдастырушы-басқарушы, редактор, әлеуметтік қызметкер (Үкіметтің және басқару органдарының департаменттері, бөлімдері және тілдер мен мәдениетті дамыту жөніндегі орталықтар, мемлекеттік және жеке кәсіпорындар, мекемелер, әдеби-көркем музейлер мен қорар, редакциялар мен баспа мекемелері); шығармашылық қызмет (ақын, жазушы); аудармашы.
Салалық (бейінді) пәндер:
● Халықаралық әдеби байланыстар мен қатынастар
● Шетелдік және отандық әдебиеттанудағы жаңа бағыттар
● Әдебиеттанушылық зерттеулердегі салыстырмалы-типологиялық әдіснама
● Классикалық ғылыми және әдеби мұра рецепциясы мәселесі
● Ұлттық әдебиет концептері
● Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдіснамасы
Білімнің артықшылықтары:
● Әдебиеттану саласындағы зерттеулер проблематикасы мен әдіснамасының
заманауи спекторы;
● Әлемдік әдебиеттанушылық мектептер мен қоғамдастықтар дәстүрлерінің
сабақтастығы.

Халықаралық өзара байланыстар: докторанттардың Ресейдің, Испанияның, Венгрияның әріптес-жоғары оқу орындарында тағлымдамадан және оқу бағдарламаарынан өту мүмкіндіктері бар.
Тәжірибеден өту орны мен еңбекпен қамтылу мүмкіндігі: ғылыми-зерттеу алаңшалары, жоғары оқу орындары, БАҚ, редакциялар, музейлер, архивтер, басқару және мәдени органдар.

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Әдебиеттану
Мамандық шифры
6D021400
Факультеті
Филология және әлем тілдері
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
150
ОРЫС
150

пәндер

Әдебиеттанудағы мектептер мен бағытттар
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әдебиеттанудың негізгі бағыттары, ғылыми мектептері, даму тенденциялары контекстінде көркем шығармаларды зерттеу процесінде әдебиеттану әдіснамасы саласында теориялық білімді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның тарихи дамуы контекстінде әдебиеттанудың теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелі түсінуді көрсету; - отандық және шетелдік әдебиеттанудың академиялық мектептерінің көркем шығармашылықты зерделеудегі негізгі ұстанымдары мен тәсілдерін қолдану; - әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және әдіснамалық мәселелерін бойынша дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру; - әдебиеттану тақырыбы бойынша мәртебесі жағынан тең мамандармен, кең ғылыми қоғамдастықпен және жалпы қоғаммен тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру; - әдебиет және фольклор шығармаларын зерттеудің әдістемесі мен принциптеріне қатысты жаңа идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Әдебиеттанудың даму тарихы. Әдебиеттанудың академиялық мектептері. Мәдени-тарихи мектеп. Психологиялық мектеп. Әлеуметтік мектеп. Текстологиялық мектеп. Әдебиеттанудағы гуманистік бағыт. Структурализм және постструктурализм. Әдебиеттанудағы деконструктивизм. Постмодерндік әдебиеттану. Әдебиеттанудың әдіснамалық принциптері.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

1917 жылға дейінгі кітап басылымдарындағы қазақ әдебиеті мен фольклор
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - / /

Ауыз әдебиетінің жанрлық жүйесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әдеби үдерістерінің динамикасында мифология және дін
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты – мифология мен дінді әдеби үдерістер динамикасында түйсіндіру; әдебиеттанушылық зерттеулердің философиялық базасы; ұлттық әдебиеттің концептосферасы; қазақ әжен әлем әдебиеті шығармаларындағы діни мазмұндағы идеялар мен мотивтер. 2 пәнді игеру нәтижесінде докторант мынадай құзіреттіліктірге ие болады: - әдеби динамикада діни және мифологиялық концептілерді түсіне алады және біледі; - әдебиеттанушылық контекстіде негізгі философиялық парадигмаларды түсіне алады және біледі; - қазіргі қазақ әдебиетінің проблематикасын түсінеді және біледі; - ұлттық әдебиет концептілерін, негізгі архиетиптер мен мифологемаларды түсіне алады және біледі.

Әдебиеттанудағы пәнаралық зерттеулер (ҒЗИ)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттардың пәнаралық зерттеулер аясында көркем шығармашылықты зерттеу қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қазіргі әдебиеттанудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын, әдіснамалық аппаратын, оның іргелі және қолданбалы мәселелерін жүйелі түрде түсінуін көрсету; - мәдениет және әдебиет құбылыстарын зерттеудегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдаодың негізгі принциптері мен тәсілдерін түсіндіру; - қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін ескере отырып, көркем шығармашылықты зерделеудің пәнаралық тәсілін қолдану; - ғылыми-техникалық прогрестің әдебиет шығармаларын талдау техникасына әсерін, жазушылардың шығармашылығын зерттеу әдістемесіне қатысты жаңа идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу,; - ғылым интеграциясы, жаһандану жағдайында филологияның дамуы, ғылыми пікірталастарда, конференцияларда сандық технологияларды енгізу туралы өз көзқарастарын дәлелді және дәйекті түрде гипотезалар ұсыну. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Қазіргі әдебиеттанудың даму тенденциялары. Әдебиеттанудың басқа ғылымдармен интеграциясы мәселесі. Көркем шығармашылықты зерттеуге жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тәсілдерін қолдану принциптері мен ерекшеліктері. Кешенді және пәнаралық тәсілдер.

Әдебиеттанудың зерттеулер салыстырмалы-типологиялық әдістемесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әдебиеттанудың концептологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әдебиеттегі әлеуметтану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдіснамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Бейзаттық мәдени мұраның фольклорлық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Фольклорные основы нематериального культурного наследия / Бейзаттық мәдени мұраның фольклорлық негіздері/ Folklore bases of intangible cultural heritage

Жоғары мектепте әдебиетті оқыту ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Когнитивтік әдебиеттану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Гуманитарлық ғылымдар және когнитивтік парадигма. Әдебиеттанудағы концептуалды когниция мәселелері. Когнитивтік әдебиеттанудың генезисі. Автор бейнесі көркем мәтіндегі концептуалды кеңістіктің форматы ретінде. Мән-мағына когнициясы және автор бейнесі. Когнитивтік стратегиялар жәнге идиостиль. Көркем әдебиет әлемнің тілдік картинасының эстетикалық құрамдас бөлігі ретінде. Когнитивтік-дискурсивтік үдеріс сапасындағы мәтін интерпретациясы. Посмодернистік әдебиеттегі дискурсивтік-семантикалық құбылулар. Гиперинтерпретация мәселелері. Мәдениетаралық коммуникацияның метапоэтикалық аспектілері. Көркемдік әлемнің концептосферасы. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс: - әдеби шығарманы интерпретациялаудың когнитивтік-концептуалды ыңғайларын білу; - көркем ойлаудың когнитивтік ерекшеліктерін пайымдай білу және әдеби туындыларды осы ыңғайда теориялық талдай білу; - әдебиеттанудың жаңа бағыттары, соның ішінде когнитивтәік әдебиеттану бойынша білім қорын игеру.

Қазақ әдебиеті: ХХ-ХХІ ғғ. Тарихи поэтика және заманауи шығармашылық тәжірибе
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ фольклорының типологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақ эпостарының текстологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі әдеби сын
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазіргі қазақ философиялық прозасының мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Постмодернизм поэтикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Ұлттық әдебиеттің концептілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: концептология тұрғысынан әдеби шығарманың көркемдік әлемін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - қазіргі әлемнің көпмәдениеттілігі контекстінде көркем әдебиеттің ұлттық ерекшеліктерін жүйелі түсінуді көрсету; - концептінің табиғатын әлеуметтік-мәдени феномен және әдебиет категориялары ретінде танудың негізгі тәсілдерін түсіндіру; - концептологияның жаңа теорияларын жүйелеу және интерпретациялау; әдебиет және фольклор туындыларының концептосферасын зерттеуде өз көзқарасын жасау; - көркем шығармашылықты зерттеуде когнитивті көзқарасты қолдану; қазақ жазушыларының концептосферасын зерттеу стратегиясын әзірлеу; -көркем шығармашылықтың ұлттық ерекшелігіне, жазушылардың философиялық-эстетикалық көзқарастарының жүйесіне, олардың концептосферасына мәдениеттің әсеріне қатысты жаңа идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдағы концептінің мәселелерін зерттеудің негізгі тәсілдері. Ұлттық концептосфера құндылықтар мен басымдықтар жүйесі ретінде. Әдебиеттанулық концептология. Ұлттық әдебиеттің концептосферасы түсінігі мен құрылымы. Әдеби-көркем тәжірибелер призмасында руханият, менталитет пен ұлт мәдениетін синтездеу.

Феминистік әдебиет
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Феминистік теорияның даму тарихы. Феминистік сын гендерлік зерттеулердегі дербес сала ретінде. Феминистік сөз өнері. Феминизм посмодернизмнің бір бағыты ретінде. Гендерлің поэтика. Феминизмнің негізгі тұжырымдамалары. Феминистік идеологияның классикалық әйелдер әдебиетінде тууы. Гендерлік сана-сезім және әйелге тән барабарлық. Әлем картинасы әйел көзқарасымен. Феминистік мотивтер. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс: - әдебиеттанушылық зерттеудің гендерлік аспектілері мен феминизмнің негізгі тұжырымдамаларын білу; -алынған білімді жинақтап қорыта білу және оларды қазіргі әдебиеттанудың дамуы мәселелеріне шолу барысында пайдалана білу; - филологиялық білімнің аталған саласындағы қолданысқа ие әдістемелер негізінде зерттеулер жүргізу дағдыларын игеру.

Фольклор және әдеби конвергенциялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әдебиет пен фольклордың онтологиялық өзара қарым-қатынас заңдылықтарын, қазіргі кезеңдегі әдебиет пен фольклордың даму тенденцияларын сипаттау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - көркем дәстүрлердің сабақтастығы, фольклор мен әдебиеттің бірлігі мәселелерін жүйелі түсінуді көрсету; - әдебиет және фольклор шығармаларының сабақтастық мәселелерін зерттеуге өз көзқарасын қалыптастыру; - әдебиет және фольклор шығармаларының ұлттық ерекшелігін, жазушылардың стилін, әдісінің ерекшеліктерін талдау; -фольклорлық-әдеби өзара байланысты, мифологиялық және поэтикалық ойлау ерекшелігін зерттеуге кешенді тәсіл қолдану; - әдебиет пен фольклордың даму заңдылықтары мен перспективаларына, халық ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік әлемге әсер етуіне, жазушылардың ойлау ерекшеліктеріне қатысты жаңа идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Фольклор мен әдебиеттің конвергенциясы процестерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізі. Фольклорлық-әдеби өзара байланыс мәселелері. Әдеби құбылыстардың тарихи-функционалдық және салыстырмалы-тарихи талдауы және әдебиет пен фольклордың контактты-типологиялық қатынастары. Әдеби шығармалардың фольклоризм мәселесі. Әдеби поэтиканың халық ауыз әдебиеті шығармаларына әсері.

Фольклор теориясының негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: фольклор текстологиясы мәселелерін, негізгі теориялық фольклорлық ұғымдарды зерделеу. Пән міндеттері: мәдениет жүйесіндегі фольклорды қарастыру, докторанттарды әлемдік фольклордың жетекші бағыттарымен және даму үрдістерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны. Курс барысында фольклордық шығармалардың табиғатымен байланысты теориялық мәселелер қарастырылады: фольклорлық дәстүрлердің вербалды, бейвербалды құрамдас бөліктері, сюжеттік баяндаудың мекеншағы, нарративтік мәтіннің сюжеті мен композициясы, баяндаудың формулалық механизмдері, сюжетсіз фольклорлық мәтіннің мекеншағы, фольклорлық мәтіннің варианттылығы, фольклорлық дәстүрдегі гипермәтіндік байланыстар, фольклор жанрын анықтау, фольклорлық жанрлардың фунционалды жүйесі, фольклорлық көркемдік жүйесі. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс: - әлемдік және қазақстандық фольклористиканың ғылыми мектептерінің табыстарын, теориялық және практикалық әзірлемелерін білу; - қазіргі фольклористиканың теориялық интрументарийін, қазақ фольклорының барлық жанрларын талдаудың ұстанымдар мен әдістемелерін игеру; - фольклордың генезисі, қалыптасуы мен дамуының ұсынылған тұжырымдамаларын қазақ этносының тарихымен, өмірлік болмысымен сабақтастықта меңгеру.

Фольклордың прозалық жанрларының текстологиясы (ҒЗИ)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: фольклордың прозалық жанрларының текстологиясын зерттеу әдістерінің жүйелі түсінігін көрсету қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: - фольклордың прозалық жанрларын талдауда текстологиялық тәсілдің ерекшеліктерін жүйелі түсінуді көрсету; халық ауыз әдебиеті шығармаларының прозалық жанрларын жіктеу принциптерін анықтау; - фольклорлық шығармалардың жанрлық құрамын оқытудың жаңа технологияларын қолдану; - фольклордың прозалық шығармаларының текстологиясын зерттеу әдістемесі мен түсінігін қалыптастыру; - кешенді, салыстырмалы-типологиялық және текстологиялық көзқарастар тұрғысынан фольклордың прозалық жанрларына өзіндік ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру; - қазіргі тарихи-мәдени үдерістегі фольклордың орны мен рөлін, фольклордың прозалық жанрларының даму болашағы мен өзгеру ерекшеліктерін сыни талдау, бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Фольклор шығармаларының ерекшелігі. Поэтикалық және прозалық жанрлар. Қазақ және әлемдік фольклордың прозалық жанрларын жіктеу принциптері. Ертегілер, аңыздар текстологиясы. Тарихи және топонимикалық аңыздар мен ауызша әңгімелердің текстологиясы және сюжеттік ерекшеліктері.

Фольклортану тарихнамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Шетелдік және отандық әдебиеттану жаңа бағыттары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген