Докторантура
Мұнайхимия

Мұнайхимия

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредатация: ASIIN, Германия
Бағдарлама: 6D073900- «МҰНАЙХИМИЯ»
Оқыту деңгейі: докторантура
Емтихан: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша)
Оқыту түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
-ғылыми-зерттеу институтарында, жобалау ұйымдарында, өндірістік корпорацияда,мұнайхимиясы мен мұнай өңдеумен байланысты бизнес құрылымдарда жұмыс;
-химиялық, мұнайхимиялық, мұнай өңдеу бағытындағы өндірістерде және ғылыми-зерттеу институттарында, ЖОО ғылыми жетекші, эксперт, ғылыми кеңесші, оқытушы ретінде жұмыс;
-мекеменің басқарма құрылымдарында және химиялық, мұнайхимиялық профилдегі министрлікте жетекші.
Профилді пәндер:
Мұнай, газ және көмірді өңдеу өнімдерінің негізіндегі органикалық синтездер
Мұнай, газ және көмірді терең өңдеудің қазіргі технологиясы
Мұнай өңдеудегі өндірістік катализ
Катализаторларды зерттеудің қазіргі әдістері
Майлағыш майлар және арнайы өнімдер үшін присадканың нәзік өндірісінің химиясы және технологиясы
Білім беру артықшылығы:
-мұнайхимия және мұнай өңдеу сферасында жұмыс істеу үшін жоғары кәсиби мамандарды практикалық бағытта дайындау;
-өндірістің аталмыш саласына маманның құзыреттілігін максималды түрде қалыптастыратын профилді және арнаулы курстар оқытылады;
-мұнайхимиясы мен мұнай өңдеу аймағында зерттеу мәселелері мен методологиясының кең спектрі қамтылған;
-қазіргі мұнайхимиялық өндірістегі мұнай, мұнай өнімдерін өңдеудің және катализатордың заманауи технологиясын терең оқытады.
Халықаралық байланыстар: докторанттың алыс және жақын шетелде стажировкадан өтуге толық мүмкіндігі бар: Башқұрт мемлекеттік мұнай техникалық университеті, РҒА Сібір бөлімшесіндегі Г.Боресков атындағы катализ институты, Мичиган технологиялық университеті (АҚШ), Сайтама университеті (Жапония).
Практикадан өту орыны және жұмысқа орналасу мүмкіндігі: АҚ «Конденсат», ЖШС «Рауан Налко», АҚ Павлодар мұнайхимиялық зауыты, ЖШС «ПетроКазахстан Ойл Продактс»..

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Мұнайхимия
Мамандық шифры
6D073900
Факультеті
Химия және химиялық технология
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
153
ОРЫС
153

пәндер

Көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеудің қазіргі технологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға келесі қабілетті қалыптастыруы керек: -мұнайхимиялық синтездің қазіргі күйі мен теориялық қағидасын талдауды; - мұнайхимиясы мен мұнай өңдеуде қолданылатын катализатордың активті орталығының әсер ету механизмін бағалауды; -мұнайхимиясы мен мұнай өңдеу процесіне катализдік реакциясының кинетикасының негізгі қағидаларын қолдануды; -катализаторды дайындаудың әдісін және оны заманауи физикалық талдау әдістерін таңдай алуды; -зерттеу және қолданбалы міндеттерді шешуде білімін қолдануды. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: -гидрогендеу процесінің негізгі катализаторлары және технологиялық параметрлері; -көмірді плазмахимиялық газификациялау арқылы сұйық отынды синтездеудің негізгі техникалық көрсеткіштері және С4-С6алкандардың изомеризациясы; -көміртек оксиді негізіндегі өндіріс; -альдегид, кетон, спирт, карбон қышқылдарының және басқа химиялық қосылыстардың ірітонажды өндірісі; -қоңыр көмірден гуминді қосылыстарды синтездеу технологиясы.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Жанғыш-майлы өнімдермен материалдардың технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға келесі қабілетті қалыптастыруы керек: -жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдардың химиясы мен технологиясының негізгі қағидаларын түсінуді; - жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдардың заманауи өндірісі туралы теориялық және практикалық білімді қолдануды; - жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдардың селективті синтездеудің жалпы заңдылықтарынанықтауды; -процеске қолданылатын технологиялық параметрлерге тәуелді мақсатты өнімдердің шығымын бағалауды -жанғыш-майлағыш өнімдер өндірісінің қазіргі күйін талдауды. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдардың селективті синтезінің теориялық негізі; - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдарды алу процесін басқарудың негізі және технологиясы; - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдардың қасиеті мен селективтілігіне технологиялық параметрлердің әсері; - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдарды алу технологиясындағы экологиялық мәселелер. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдардың селективті синтезінің теориялық негізі; - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдарды алу процесін басқарудың негізі және технологиясы; - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдардың қасиеті мен селективтілігіне технологиялық параметрлердің әсері; - берілген қасиеті бар жанғыш-майлағыш өнімдер мен материалдарды алу технологиясындағы экологиялық мәселелер.

Катализаторларды зерттеудің қазіргі әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға келесі қабілетті қалыптастыруы керек: -қатты катализатордың фазалық құрамын, атомдық құрылымын, микроқұрылымын және бетін зерттеудің заманау әдістері негізінде физикалық процестің негізін түсіндіруді; - қатты фаза бетімен ерітіндідегі катализдік өзгерістің механизмін болжауды; -гетерогенді және гомогенді катализаторларды физикалық-химиялық кешенді зерттеудің бағдарламасын таңдау; - гетерогенді және гомогенді катализаторлардың құрылымы мен қасиетін физикалық әдістермен зерттеуді бағалауды; - катализаторды зерттеудің әртүрлі физикалық әдістерін комбинирлеп талдауды. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: -гетерогенді және гомогенді катализдің ерекше құбылысын зерттеу үшін РФА, ЯМР-, ИКС, ПМР-, ЭМ, ТПД заманауи зерттеу әдістерін қолдану; -катализатор сипаттамасын зерттеуде заманауи физикалық-химиялық әдістерді игеру; -гомогенді және гетерогенді катализатордың құрылысын , олардың қатысында жүретін процестің механизмін зерттеу аймағында жоспарлау.

Катализдік процестермен катализаторды зерттеудің физика-химиялық негізі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға келесі қабілетті қалыптастыруы керек: -катализатор мен катализдік процестерді физикалық-химиялық зерттеуге қолданылатын әлемдік ғылымдағы әдістемелер туралы қазіргі түсінікті және теориялық негізді түсінуді; -қатты катализатор бетінің қасиетін және фазалық құрамын,атомдық құрылымын, микроқұрылымын зерттеуге қазіргі зерттеу әдістерін қолдануды; - гомогенді катализатор қатысында ерітіндіде жүретін өзгеру механизмін бағалауды; -қатты фаза бетінде және ерітіндіде жүретін катализдік өзгерістердің химизмін талдауды; -алған білімдерін ғылыми диссертацияны дайындауда қолдануды. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: -катализдік процестерде катализатордың физикалық-химиялық зерттеу негіздері; -рентгенді дифракция, оптикалық спектроскопия, магнитті-резонансты әдістерді гетерогенді және гомогенді катализде қолдану; -катализатор, адсорбент, тасымалдағыш өндірісінің технологиясы; -өндірістік катализатордың қасиетін зерттеу әдістері, көмірсутекті шикізатты өңдеу процестері үшін гетерогенді катализатордың технологиясын таңдау.

Майлағыш материалдар отыны және арнайы өнімдер үшін присадканың нәзік өндірісінің химиясы және технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Мұнай және мұнай шикізатын қалдықсыз өңдеу технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға келесі қабілетті қалыптастыруы керек: -мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясын жетілдіру, даму келешегі мен бағытын, күйін бағалауды; - мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясының өзектілігін түсіну; - мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясының теориялық және технологиялық негізін талдауды; -мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясының маңызды даму вариантын, бағытын және саланы жаңа деңгейге көтеруде ролін бағалауды; -мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясының оптималды сызбасын салыстыруды. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: - мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясының физикалық-химиялық негізі мен негізгі теориялық заңдылықтарын; - мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясымен органикалық заттарды синтездеудің келешегін жетілдіру жолдары; - мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясы үшін жетілдірілген, заманауи келешегі бар аппараттармен қондырғыларды қолдану; - мұнай, газ, көмірді қалдықсыз өңдеу технологиясын қолданудың өзектілігі.

Мұнай өңдеудегі өнеркәсіптік катализ
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға келесі қабілетті қалыптастыруы керек: -катализдің теориялық негізін және катализаторды дайындаудың, зерттеу мен таңдаудың заманауи әдісін түсінуді; -катализатор түйірінің көлемінде, бетінде жүретін физикалық және химиялық процестердің мүмкіндігі туралы түсінікті сараптауды; -кинетикалық экспериментті жүргізудің әдісін, өндіріске масштабты ауысудың негізін бағалауды; -катализдік процестің тиімділігін критикалық талдауды; - заманауи катализдік өндірісті және оның даму тенденциясын таңдауды. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: -химиялық реакцияның, катализ теориясының, гомогенді, гетерогенді катализдің физикалық-химиялық негізі; -катализдік реакцияның механизмі, катализдік процестің сатысы, катализатор қасиеті, катализ типтері; -катализатор, адсорбент, тасымалдағыш өндірісінің технологиясы; -өндірістік катализатордың қасиетін зерттеу әдістері, көмірсутекті шикізатты өңдеу процестері үшін гетерогенді катализатордың технологиясын таңдау.

Мұнай өңдеудің инновациялық технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Мұнай, газ және көмірді терең өңдеудің қазіргі технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты докторанттарға келесі қабілетті қалыптастыруы керек: -мұнай өңдеуде технологиялық процестерді жетілдіру және саланың даму келешегі мен бағытын, күйін бағалау; -мұнай, газ және көмірді терең өңдеудің қажеттілігін түсіну; -мұнай, газ және көмірді өңдеудің маңызды процестерін дамыту келешегі мен бағытының вариантын, саланы жаңа жоғары даму деңгейіне көтерудегі ролін түсіндіру; - көмірсутекті шикізатты өңдеудің сызбасының және берілген эксплутационды қасиеті бар мұнай өнімдерін алудың оптималды жағдайын таңдау; -мұнай өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру. Курсты оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: -мұнай, газ және көмірді, полимерді,эластомерді, композиционды материалды өңдеу процесінің физикалық-химиялық негізі мен негізгі теориялық заңдылықтарын; -мұнай, газ және көмірді өңдеу мен өндірісі үшін жетілдірілген, заманауи келешегі бар аппаратармен қондырғыларды қолдану; -мұнай, газ және көмірді терең өңдеудің экологиялық, экономикалық, тиімді процестерін қолдану.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдардың мақсаты: докторанттардың CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда зерттеу және жариялау нәтижелерін ұсынудағы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. мақаланың негізгі талаптарына журналдың редакциясында жариялауға және CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда импакт-фактор индексінің анықтамасын негіздеуге қабілетті; 2. автордың мақаласын CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдарда жариялау; 3. мақаланы жариялау үшін техникалық шет тілін қолдануға; 4. таңдалған тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың әзірленген және эксперименттік деректерін талдау; 5. зерттелетін аймақтың эксперименттік деректерін пайдалана отырып, қойылған мәселелерді шешудің нәтижелері мен берілген әдістемесін бағалауға қабілетті. Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдар импакт-факторын мұқият талдау жүргізіңіз. Ағымдағы тақырыпты таңдау және ғылыми жаңалықты көрсету. Олардың нәтижелерін әлеммен салыстырмалы талдау жүргізу. Мақаланың әдеби аудармасы. Мақаланы жазу және жіберу. Мақаланы қарау.

Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдардың мақсаты: докторанттардың CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда зерттеу және жариялау нәтижелерін ұсынудағы дағдыларын қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. мақаланың негізгі талаптарына журналдың редакциясында жариялауға және CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus деректер қорларына енгізілген мерзімді басылымдарда импакт-фактор индексінің анықтамасын негіздеуге қабілетті; 2. автордың мақаласын CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдарда жариялау; 3. мақаланы жариялау үшін техникалық шет тілін қолдануға; 4. таңдалған тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың әзірленген және эксперименттік деректерін талдау; 5. зерттелетін аймақтың эксперименттік деректерін пайдалана отырып, қойылған мәселелерді шешудің нәтижелері мен берілген әдістемесін бағалауға қабілетті. Web of Science, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: CCSON ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus дерекқорларына енгізілген мерзімді басылымдар импакт-факторын мұқият талдау жүргізіңіз. Ағымдағы тақырыпты таңдау және ғылыми жаңалықты көрсету. Олардың нәтижелерін әлеммен салыстырмалы талдау жүргізу. Мақаланың әдеби аудармасы. Мақаланы жазу және жіберу. Мақаланы қарау.

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген