Докторантура
Гидрология

Гидрология

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

Халықаралық аккредитация: ASIIN v.e.
Бағдарлама: «6D0061000 – Гидрология».
Оқу деңгейі: Докторантура.
Емтихандар: Шет тілі (тест), Мамандығы бойынша түсу емтиханы (жазбаша).
Оқыту түрі: Күндізгі.
Оқу мерзімі: 3 жыл.
Докторант дайындау бағыты бойынша «Гидрология» кәсіби қызметтің келесі түрлеріне дайындайды:
• гидрология, су ресурстары, гидроэкология саласындағы кәсіби қызметке;
• РМК «Қазгидромет», жоғару оқу орындарында, гидрометеорологиялық кәсіби бағыттағы оқу орталықтарында, мемлекеттік жобалық және ғылыми-зерттеу институттарында, сонымен қатар мекемелерде және ұйымдарда, гидрологиялық және экологиялық қызметтермен айналысатын жергілікті атқарушы органдарда жұмыс және кәсіби қызмет атқаруға.

Бейінді пәндер:
• Су ресурстары
• Гидрохимия
• Гидроэкология
• Су қауіпсіздігі
• Пайда болу жағдайы және максималды ағындының сипаттамасын бағалау
• Су тасқынының және басқада қауіпті гидрологиялық құбылыстардың қаупін бағалау
• Өзендердің қатты ағындысы
• Өзекті гидроэкологиялық мәселелер
• Өзен ағындысына шаруашылық әрекетінің әсерін бағалау

Білім беру артықшылықтары:
• Барлық дәрежедегі гидролог-маммандарды дайындау (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура). Маманданған оқытушылық-профессорлық құрамның болуы. Мамандарды дайындау дәстүрі (дайындау 45-дан жылдан аса жүргізіледі) және оқу-әдістемелік пен материалдық базаның болуы. Дайыдық 3 тілде жүргізіледі (қазақ, орыс және ағылшын).

Халықаралық байланыстары:
Ресейлік Гидрометеорологиялық Университет (Санкт-Петербург қ-сы, Ресей). Аберистуит Университетімен (Уэльс, Аберистуит қ-сы, (Ұлыбритания) және Марбург Университетімен (Германия), Францияның Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы және Париж-1 Университетімен, Иорданияның ғылым және технология Университетімен байланыста.


Іс - тәжірибеден өту орны және жұмысқа қабылдану мүмкіндігі:
РМҚ «Казгидромет», ҚР БжҒМ география институты, МБ «Қазселезащита», Еншілес Мемлекеттік Мекеме (ЕММ) Экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ)

Оқу бағасы мен оқу жылдардың санын калькуляторы:

Оқу түрі - күндізгі

Оқу деңгейі - Ғылыми - педагогикалық бағыт

Сіз


  

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Гидрология
Мамандық шифры
6D061000
Факультеті
География және табиғатты пайдалану
Оқу деңгейлері
Ғылыми - педагогикалық бағыт
Оқу түрлері
күндізгі
Өту балы
ҚАЗ
168
ОРЫС
168

пәндер

Су ресурстарының табиғи өзгерістері және антропогендік трансформациясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Климаттың өзгеруі мен шаруашылық әрекеттің су ресурстары трансформациясының қазіргі заманғы концепциясын түсіндіру, Қазақстанның негізгі алаптарындағы қазіргі заманғы шарттарды, климаттың тұрақсыздығы мен беттік алаптардағы антропогендік өзгерістерге байланысты қазіргі уақыттағы гидрологиялық мәселелерді талдау, болашақ гидроклиматтық өзгерістерді бағалау әдістерді талдау. Аталған пәнді сәтті бітіргеннен кейін докторанттар қабілетті болу керек: 1) Жер шары су ресурстарының ұзақ мерзімді өзгерістерін талдай алуы; 2) су ресурстарының заманауи өзгерістері мен олардың аймақтық көрініс табуын талқылай алу; 3) жалпы және негізгі өзен алаптарында жаһандық ылғал алмасудың өзгеруін, тендециясын болжау; 4) өзен арналары мен су жинау алаптарында шаруашылық қызметтің ықпалы нәтижесінде су ресурстарына түсетін антропогендік жүктеменің сипаты мен бағытын анықтау алу; 5) Әлемде және Қазақстанда қауіпті гидрологиялық құбылыстарды бағалау және динамикасын болжау. Климат пен ылғал алмасудың өзгеруі. Су нысандарының гидрологиялық режимі мен су ресурстарының антропогендік трансформациясы. Әлемдік су ресурстары. Әртүрлі аумақтардың сумен қамтамасыздығы. Су дағдарысы. Су ресурсы мен Қазақстанның сумен қамтамасыз етілуі. Шаруашылық қызмет түрлерінің жиынтық су ресурстарына ықпалы. Су нысандарының гидрологиялық режимі сипаттамаларына антропогендік ықпалдары.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Гидрологияда кездейсоқ үдерістер теориясын қолданылуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Докторанттарға жылдық ағынды ауытқуының заңдылықтарын зерттеу үшін кездейсоқ шамаларды талдау әдістер мен тәсілдерді және оларды гидрологиялық зерттеулерде пайдалануымен танысу. Пәннің міндеттері – кездейсоқ функциялар теориясының негізін үйрету, гидрологиялық қатарларды тегістеу әдістері қарастыру. Кездейсоқ үдерістердің сипаттамаларын анықтау әдістері сипааттау, жылдық ағынды қатарларын болжау әдістерін зерттеу. Пәннің қысқаша мазмұны: кездейсоқ шамалардың теориясы туралы негізгі түсініктер, кездейсоқ шамалардың түрлері, тұрақты және тұрақсыз кездейсоқ шамалар, қатарларды кездейсоқтыққа тексеру. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі біліктіліктерге ие болады: - гидрологиялық қатарды тегістеудің негізгі әдістерін түсіну; - сперктралді функциясының маңызын бағала әдістерін талдау; - гидрологиялық қатардың тұрақты және тұрақты еместігі шарттарын білу; - циклдардың ұзақтығы мен қайталанғыштығын анықтау; - гидрологиялық қатарда трендінің бар не жоқтығын есептеу; - бақылау мәліметтер бойынша ағындыны болжау.

Гидрологиядағы көпсатылы статистикалық әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – факторлық талдау мен басты компонент әдісінің мәнімен таныстыру. Жасырын факторлар мен басты компоненттерді анықтау тәсілдері қарастырылады. Пәннің міндеті – Жасырын факторлар мен басты компоненттерді пайдалану мысалдары мен гидрологиялық зерттеулерді қолдану. Пәннің қысқаша мазмұны: факторлық талдау үлгісі, факторлық жүктемелер үлгілсі, кездейсоқ шамалардың көп сатылы үлестірімі, факторларды шекті топтаудың әдістері. Пәнді оқу нәтижесінде докторант келесі біліктіліктерге ие болады: • факторлық жүктемелер мен өзіндік веткордың корреляциялық матрицаны анықтау әдістерін білу, • алған білімдерін қолдану мен оларды енгізе алу; • факторлар саны мен басты компонент мақсатында қажетті білімді қолдану.

Гидрологиядағы стохастикалық әдістер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Гидрологиялық үдерістердің ықтималдық үлгілерімен таныстыру және оларды гидрологиялық есептеулер мен болжамдарда пайдалану мүмкіндіктері, су мол және суы аз жылдардың ауысуы кезінде ағындыны көпжылдық реттеуге тиімді ең ұқсас үлгіні пайдалануды үйрету. Аталған пәнді сәтті бітіргеннен кейін докторанттар қабілетті болу керек: 1) гидрологиялық үдерістердің ықтималдық үлгілері туралы бағдарлы болу; 2) гидрологиялық қатарлар мен ағынды гидрографтарын статистикалық үлгілеудің әдістерін таңдай білу; 3) су теңдестігі элементтерінің үлгілеу әдістерін қолдана білу; 4) сулылығы мол және қауаңшылық жылдар заңдылықтарын алдын-ала болжай алу; 5) мақсаттық бағыты бойынша әртүрлі деңгейлерде өзендер, көлдер, су қоймаларда су деңгейі мен су өтімінің қысқамерзімді және ұзақмерзімді болжаулар жасау және жобалауды бағалау. Жылдық ағындының ауытқуының стохастикалық үлгісі, өзара байланысқан гидрологиялық қатарларды үлгілеу әдістері, гидрологиялық қатарларды статистикалық үлгілеу, ішкі теңіздер мен көлдердің гидрологиялық режимін алдын-ала болжаудың негізгі ережелері, Марковтың қарапайым желісі үлгісі бойынша жылдық ағынды қатарын статистикалық үлгілеу, ағынды гидрографын статистикалық үлгілеу.

Көктемгі су тасқынды есептеу мен болжау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Қазақстанның жазықтық өзендерінің көктемгі су ағындысының қалыптасу ерекшеліктері, есептеу мен болжауды, көктемгі ағындыны анықтау әдістері сипаттау, жеке су алаптарының ерекшеліктерін ескеру арқылы өзен ағындысының қалыптасуының физикалық заңдылықтарын оқу, ағындының есептік параметрлері мен сипаттамаларын анықтаудың негізгі әдістерін меңгеру. Әртүрлі, шаруашылық, құрылыстық жобалау үшін гидрометриялық бақылау мәліметтері бар немесе жоқ болғанда ағынды сипаттамалары мен параметрлерін есептеу әдістерін зерттеу. Аталған пәнді сәтті бітіргеннен кейін докторанттар қабілетті болу керек: 1) көктемгі су тасу ағындысының заңдылықтары мен факторларын талдай алу; 2) көктемгі су тасудың элементтерін анықтау мен болжаудың замануи әдістерін пайдалана білу; 3) көктемгі су тасудың ағындысын заманауи ГАЖ технологиялар, компьютерлік технологиялар, гидравликалық моделдерді пайдалаланып моделдеу; 4) әртүрлі әдістемелердің көмегімен су-мұз режимнің элементтерін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасай алу. Жазықтық өзендерінің көктемгі ағындысының заңдылықтары мен режимі. Су сіңіру мен ағындының интегралды теңдеулері. Өзен алаптарының су қашырту қабілетінің қосалқы сипаттамалары. Топырақтың қату тереңдігін анықтау. Көктемгі ағындының параметрлерін анықтау. Ағындының үлестірім қисығы типін таңдау. Көктемгі тасқын ағындыны ұзақ уақытты болжаудың әдістемелік негіздері. Су тасудың басталу уақыты мен ең жоғары су өтімдерінің келу уақытын болжау әдістері. Көктемгі су тасудың гидрографын болжау. Ең жоғары су өтімдерін болжау.

Қазақстанның негізгі өзендерінің гидрологиялық мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Қазақстанның негізгі трансшекаралық өзендерінің ластану мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Гидрохимиялық сипаттамаларды есептеуді дербес жүзеге асыра алатын гидрологтарды даярлау гидрохимиялық құрамы анықталған жаңа әдістерді әзірлей алады, су объектілерінің гидрохимиялық және экологиялық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Орталық Қазақстанның құрлық ішілік ағынсыз су тоғандары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы -

Су ресурстарын басқару және олардың табиғаттағы салдары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Cу ресурстарды басқару мәселелері және оның табиғатты салдарын зерттеу (су ресурстарының уақыт және кеңістік бойынша қайта үлестірілуі, су ресурстарының сапасының өзгеруі). Cу қоймалар, су көтеруші, гидротехникалық имараттардың көмегімен су ресурстарын басқару, су ресурстарын ағындыны каналдар, су құбырлары және антропогендік өзгерістер арқылы басқаруды, және су алаптарында басқару құрылымы, ерекшеліктерін талдау. Аталан пәнді сәтті бітіргеннен кейін докторанттар қабілетті болу керек: 1) аймақтар мен жалпы ел ішінде беттік су ресурстарының жағдайы мен сапасын бағалау мен болжаудың әдістемесін дайындау; 2) су шаруашылық мәселелерді шешу үшін су ресурстарын ағындыны каналдар, су құбырлары бойынша қайта үлестірілуін бағалау; 3) су ресурстарының жағдайын бағалау мен болжау үшін қажетті бастапқы ақпараттарды жинау және өңдеу; 4) су нысандарының жағдайын мониторинг ұйымдастыру мен жүргізу, су ресурстарына антропогендік жүктменінің деңгейін бағалау. Қазақстанның су ресурстары. Су ресурстарын басқару. Су алаптарында басқарудың құрылымы мен ерекшеліктері. Су ресурстарын басқарудың халықаралық әдістері.

Тасындылар ағындысын есептеу және су эрозиясын бағалаудың заманауи әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Өзен алаптарында табиғатты қорғау мен су эрозиясына қарсы іс-шараларды негіздеу үшін су эрозиясы мен тасындылар ағындысын сандық бағалаудың замануи әдістері турады терең білімді беру, өзендердің қатты ағындысының аумақтық таралуы, олардың қалыптасу мен режимінің ерекшеліктерін зерттеу, су нысандарының экологиялық жағдайына тасындылар ағындысының тигізетін әсері, антропогендік факторлардың өзен тасындылар ағындысына ықпалын зерттеу. Аталан пәнді сәтті бітіргеннен кейін докторанттар қабілетті болу керек: 1) қатты ағындыны өлшеу мен есептеу әдістерін талдау және ұысыныстар жасау; 2) қатты ағындыға ықпал жасайтын табиғи және антпропогендік факторларды айқындау; 3) қатты ағындынының аумақтық таралуы, қалыптасу ерекшеліктерін анықтау бойынша тәжірибелер жүргізу; 4) су эрозиясын болжау, қатты тасындыларды есептеудің гидрологияның аймақтық және жаһандық мәселелерін шешуде рөлін түсіндіру білу. Қатты ағындының қалыптасуы мен режим ерекшеліктеріне, эрозиялық-аккумуляциялық әрекеттегі қатты ағындының әсері және Қазақстанның су нысандарының экологиялық жағдайына байланысты түсініктер мен құбылыстардың белгілі тобы туралы білімдерді игеруге арналған. Су жинау алаптары мен өзен арналарындағы эрозиялық әрекетті сандық бағалаудың заманауи әдістерін оқыту, Қазақстан өзендерінің тасындылар ағындысы режимінің ерекшеліктері, гранулометриялық құрамының уақыт және ұзындығы бойынша өзгеруі.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Thomson Reuters, Scopus базасына енетін немесе ККСОН ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Ғылыми тағылымдама
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттарда шетел университеті негізінде заманауи зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабілеттілігін қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздерін, ғылыми тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыруды, ғылыми деректерді өңдеуді негіздеу; 2. ғылыми және практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық бағыттарды шешу әдістерін талқылау; 3. зерттеу және практикалық міндеттерге балама шешімдерді талдау және осы нұсқаларды іске асырудың әлеуетті артықшылықтарын бағалау; 4. заманауи компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру әдістері туралы теориялық білімдерді қолдану; 5. тыңдаушылардың әртүрлі контингенттері үшін ақпарат беру әдістері мен әдістерін таңдау. Ғылыми тағылымдаманы оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесінің негіздері, ғылыми тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру, шетел университеті негізінде ғылыми деректерді өңдеу. Ағымдағы ғылыми проблема бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізу. Зерттеу нәтижелерін дайындау және таныстыру: конференцияларға, семинарларға қатысу, баяндамалар, тақырып бойынша жарияланымдар. Ғылыми тағылымдамадан өту және оны қорғау нәтижелері туралы есеп дайындау.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІI)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар IIІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар V)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар VІ)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар І)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (Ғылыми семинар ІV)
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы -

Докторлық диссертацияны орындау
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Докторлық диссертацияны орындау мақсаты: «8D075 -Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындық. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында пайда болатын және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін мәселелерді шешудің прогрессін көрсету; 2. міндеттер шеңберінде теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер жүргізуді, оның ішінде математикалық (имитациялық) эксперимент жүргізуді талап ету; 3. зерттеудің қажетті әдістерін таңдай алады, қолданыстағы әдістерді өзгертуге және белгілі бір зерттеудің міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлеуге болады; 4. нормативтік көздер мен ғылыми әдебиеттер бойынша өзіндік жұмыс үшін шет тілдерін пайдалану; 5. диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын анықтайды; зерттеу жұмыстарының құрылымдық әдіснамалық схемасын әзірлеу. Докторлық диссертацияны орындауды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Диссертацияның презентациясы және алдын ала сараптамасы. Өтініш берушінің ісін Университеттің Ғылыми кеңесінде тіркеу. Тезистерді қорғау туралы хабарландыру. Авторефератты жариялау және жіберу. Диссертацияны қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Зерттеу тәжірибесі

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Педагогикалық

Педагогикалық практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдардың мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну, кері байланыс алу және кәсіптік қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы докторанттар қалыптастыру. Курсты оқу барысында докторант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. ғылыми зерттеулердегі қазіргі үрдістерді көрсету; 2. ғылыми журналдарда, халықаралық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдардағы зерттеулердің аннотирленген нәтижелерін айқындау; 3. теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа, ғылыми негізделген, теориялық немесе тәжірибелік нәтижелерді қолдануға болады; 4. таңдалған кәсіби қызмет саласындағы ғылыми нәтижелерді, әріптестер мен қарсыластардың деректерін талдау; 5. қызметтің кәсіби саласын ғылыми зерттеуде ұсынылған әзірлемелерді пайдалану идеяларын қалыптастыру. Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдарды оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Ғылыми және халықаралық конференциялардың рейтингін талдау. Қатысу түрлері бойынша ғылыми конференциялар. Халықаралық және жергілікті конференциялар. Редакциялық кеңестің талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жариялау.

2016-2019 жылдардағы мәліметтер көрсетілген